Тұмау (грипп)


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Тұмау
  2. Емі
  3. Павлодарда тұмау өшіріп тұр

Тұмау (грипп) - өте жұқпалы ауру.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т. б. ) әсерінен тез қырылады.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі - дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т. б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т. б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс

Балалар арасында тұмау ауруының өрши түсуіне байланысты Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзартылып отыр. Мамандардың айтуынша, желтоқсан айында тұмаумен ауырған бір-екі адам ғана тіркелсе, қаңтар айының басынан бері күрт көбейіп кеткен. Олардың басым көпшілігі мектеп оқушылары.

Шымкент қалалық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметіне қарағанда, соңғы аптаның ішінде тұмауға шалдыққандар саны күрт көбейген. Басқарма басшысы Гауһар Әлиеваның айтуынша, тіпті күніне 500-ден астам адам көмек сұрап, жедел жәрдемге телефон шалады. «Сондықтан облыстық денсаулықсақтау департаменті осы аурудың алдын алу үшін қосымша 5 жедел жәрдем автокөлігін бөліп отыр. Тіркелгендердің 80 пайызы оқушылар болғандықтан қысқы демалыс уақытын ұзартуға тура келіді. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап тыныс органдарының вирусты инфекциясы 2 жағдайда тіркелген. Ал қазір 20 есеге артып отыр. Бұлай болмаған жағдайда біз дабыл қақпас едік. Бүгінде санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді.

Ал Астана қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті-нің директоры Жандарбек Мұхтарұлының айтуынша, Астанада аса қатты қауіп жоқ. «Дегенмен де, басқа аймақтарда ауру көрсеткіші өсетін болса, біздің карантиндік шараларды енгізуімізге тура келеді. Оқушылар дүйсенбіден бастап қана сабаққа кірісті, әзірге ондай ауруға шалдыққандар көп емес», - дейді.

Ал республиканың жекелеген аймақтарында тұмаумен ауырғандар әзірге 2003 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Жамбыл облыстық санитарлық эпидемиология басқармасының маманы Нұргүл Серғазықызы «Тұмау қаңтар айының орта тұсында өрши түседі деген болжам жасап отырмыз, сондықтан алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді.

Ал Астана қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті-нің директоры Жандарбек Мұхтарұлы тұмаудан сақтану үшін егіліп тұру қажет дегенді айтады. «Егу жұмыстарын әлі де жалғастаруға болады. Өйткені, тұмау наурыз айына дейін созылуы ықтимал. Ал басқа жедел респираторлық аурулардан сақтану үшін біріншіден, суық тигізіп алмау қажет. Екіншіден, С витаминіне бай шөптердің қайнатылған тұнбасын жиі ішіп тұрған жөн. Шикі сарымсақ та адам денсаулығына пайдалы. Және үйде ауру адам болатын болса, оның басқалардан бөлек жерде емделгені дұрыс», - дейді.

Денсаулық сақтау мекемелері тұмау дертінің шарықтау кезеңі қаңтардың екінші жартысынан басталатынын ескертіп отыр. Биыл тұмау және жедел вирусты респираторлық аурумен ауыратындар саны өткен жылмен 2003 жылы Азиядан шығып, Еуропаға, одан Таяу Шығысқа, Африкаға қарай тарап кеткен құс тұмауы ауруы бүгінде әлемнің 18-ден астам елінде бар. Оның кең тарағаны-Н5N1 вирусы. Ауа арқылы өте тез жұғатын бұл вирус тіршілік иесін 48 сағат ішінде өлтіре алады. Бірақ оның молекулалары әзір адам вирусына айнала қоймағаны көңілге демеу.
Жақында «Шағала» емдеу-сауықтыру кешенінде Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция мен ЮНИСЕФ балалар қорының ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті. Оған қатысқан дәрігерлер мен мұғалімдер, ветеринарлық қызмет мамандары алдында дәріс оқыған Респубикалық СЭС бөлім бастығы, ЮНИСЕФ балалар қорының ұлттық консультанты С. Казаков, қордың коммуникациялық ассистенті Ә. Меңдіғали құс тұмауы жайында жан-жақты әңгімелеп, кеңес берді.


Семинардың алғашқы күні мамандар журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау облыстық департаменті эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Марал Қадыр биылғы 4-ақпанда облысымызда грипп ауруының маусымы басталғанын хабарлады. «Бүгінде жедел респираторлы-вирустық инфекциялар көрсеткіші біздің бақылау нүктемізден асып кетті және Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы аумағында 4 зертханалық жолмен дәлелденген грипп В ауруы тіркелді», деді ол. Марал Жұмабекқызының айтуынша, барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде, балабақшалар мен мектептерде және басқа қоғамдық орындарда шектеу шараларын жүргізу жөнінде тапсырмалар беріліп, жүзеге асырылуда. Ал гриптің алдын алу шараларына талдау жасалғанда, күні бүгінге дейін 27 мыңнан астам адамның ауруға қарсы егілгені белгілі болды. Демек, алдағы маусымның жеңіл өтетіндігіне сенім бар. Әйтсе де эпидемиологтар ауру белгісі байқалған науқастардың өз бетінше емделмей, дәрігерге көрініп, жұмысқа немесе мектепке, қоғамдық орындарға бармауын ескертеді.
МСЭҚ департаменті аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды қадағалау бөлімінің бастығы Нина Синельникова соңғы 2 жылдан бері облыста құс тұмауы тіркелмегенін айтты. Алайда қамсыз отыруға болмайды, СЭС қызметкерлері алдын алу шараларын тынбай жүргізуде. Ол шаралардың бірі ретінде емдеу жүйелерімен бірге жедел респираторлы вирусты аурулардың ауыр түрімен, пневмониямен, кәдімгі гриппен ауыратындар бақылауға алынған. Тоғыз жолдың торабы саналатын облысымызға теңіз арқылы Азербайжан елімен де жақсы қарым-қатынас орнағаны белгілі. Сондықтан әуе және теңіз портының өткізу пункт-терінде жолаушылар мен көлік экипаждары мүшелері, олардың жүктері, әсіресе құс өнімдері қатаң бақылаудан өтеді. Бақылауды СЭС қызметкерлері бастап, күмәнді болған жолаушыны бірден оқшаулап, мамандар жан-жақты тексеруден өткізеді.
Ортомиксоверида вирусына жататын құс тұмауының 9 түрлі вирусы болатынын айтқан Ақтау қаласының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Самат Нәбиев бұл вирустардың адам тұмауы вирустарымен бірігіп кететіндігімен қауіпті екендігін қаперге береді. «Біздің құс тұмауына қарсы күрес шараларын дәрігерлермен бірге жүргізетініміз сондықтан», деді ол. Үй құстары ауруды негізінен жабайы құстардан жұқтыратындығын ескеріп, үй құстарын дала құстарымен араласпайтындай етіп ұсату керек. Ол үшін құстар сырттан бөтен құс кіре алмайтындай жабық жайларда болғаны және гигиеналық тазалық ережесі қатаң сақталғаны жөн. Ал үй құсынан ауру белгісі байқалса немесе құс өліп қалса, уақыт өткізбей, ауылдық инспекторға немесе аудандық не қалалық ветеринар дәрігеріне хабарлау қажет. Егер құс тұмауы анықталса, бірден карантин жарияланады, жұқпалы ауру ошағындағы, яғни ауру шыққан жерден 8 километрлік аумақтағы жердегі құстардың барлығы түгел жойылады, қора-қопсылар зарарсыздандырылады, ең соңғы құс құртылған соң 21 күннен кейін ғана карантин ашылады. Ондай жағдай бізде болмағанымен, өзге облыстарда кездескен еді. Бірақ 2006 жылы Маңғыстауда 2 аққудан құс тұмауы табылып, тіркелді. Сол жылы құстардың шығыны көп болып, біздің қызметкерлеріміз әр өлген құсты жинаумен айналысты. Сапалы жұмыс нәтижесін беріп, ауру үй құстарына жұққан жоқ. Облыста үй құстары онша көп те емес, небәрі 30 мыңдай тіркелген үй құсы бар. Олардың барлығы дер кезінде егілген болатын. Құстарды егу жұмысы жылда жалғасып тұрады. Қауіпті аймақтардағы құстар 50% егілді, енді тағы вакцина күтіп отырмыз. Самат Мазломұлы облыс көлемінде құс тұмауының алдын алуға бағытталған көптеген шаралар, аудан-қалалардың ветеринар дәрігерлері қатысатын семинарлар жиі өткізілетінін айтып, соның арқасында облыстың барлық ветеринарлары құс тұмауының алдын алу және оны уақытында анықтау мәселесін өте жақсы білетіндігіне сендірді.
ЮНИСЕФ балалар қорының ұлттық консультанты Әйгерім Меңдіғали құс тұмауынан алдымен балаларды қорғауды мақсат тұтқанын айтады. Қор балаларды құс тұмауынан сақтандыру шараларын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұмаудың алдын алу
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Жедел респираторлы аурулар
Жылқы тұмауы
Тұмау
Тұмау вирусының морфологиясы
Жылқы тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Вирустық респирациялы жедел инфекциялар
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz