ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. ҚР .ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Нарықты экономиканың мәні, қызметi және маңызы ... ... ..6
1.2. Нарықтың анықтамаларымен теориялары ... ... ... ... ...17
ІІ ҚР шаруашылық жүргiзу жүйесінің нарықтық қатынастарға көшуі
2.1. Нарық инфрақұрылымы кешендi жүйе ретiнде қарастыру ... ... ... ... ... .23
2.2. Инфрақұрылым кешенiнiң құрамы ... ... ... ... ... 25
2.3. Инфрақұрылым кешенiнiң қалыптасуын реттеу ... ... ..27
III. Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары нарығымен оның құрылымы.
3.1. Еңбек ресурстары және нарық жағдайындағы жұмысбастылық ... ... ...30
3.2. Жұмыс күшi нарығының инфрақұрылымы және оның даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Пайдаланылған әдебиеттер
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады:
• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу, ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу.
• Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту.
• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру.
• Баға құрылымы саясаты.
Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей:
• Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi;
• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi;
• Дербес баға белгiлеу саясаты;
• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;
Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс.
1. Көшенова Б. «Ақша несие банк» Алматы 2000ж.
2. Сейтқасымов Ғ. «Ақша несие банк» Алматы 1999ж.
3. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»
4. Искакова З.Г. «Банк ісі» Қарағанды 2001ж
5. Лаврушина О.И «Денги кредит банк» Москва 2003г
6. Қаржы қаражат журналы № 10
7. Жукова Е.Ф. « Денги кредит банк»
8. С.Қасымов «Ақша, несие, банк» Алматы 1998ж
9. Мырзақова «Банктегі бухгалтерлік есеп»
10.С.Райымқұлұлы «Экономика теория негіздері» Шымкент 2005ж.
11.Шеденов «Экономика теория» Ақтөбе 2001ж
12.А.Ә.Әубәкіров «Экономикалық теория» оқулық Алматы 1998ж
13.Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе 2005ж
14.А.Ә.Әубәкіров «Экономика».Алматы 1995ж
15.Меденов «Экономика негіздері. Алматы 1999ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері

1.1. Нарықты экономиканың мәні, қызметi және маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Нарықтың анықтамаларымен
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...17
ІІ ҚР шаруашылық жүргiзу жүйесінің нарықтық қатынастарға көшуі
1. Нарық инфрақұрылымы кешендi жүйе ретiнде
қарастыру ... ... ... ... ... .23
2. Инфрақұрылым кешенiнiң
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..25
3. Инфрақұрылым кешенiнiң қалыптасуын
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .27
III. Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары нарығымен оның
құрылымы.
3.1. Еңбек ресурстары және нарық жағдайындағы
жұмысбастылық ... ... ...30
3.2. Жұмыс күшi нарығының инфрақұрылымы және оның даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...39

Кiрiспе
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң
тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық
егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық
бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi
бағыттардан құралады:
• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу, ол мемлекеттiк меншiктiң
монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай
туғызу.
• Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды
қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк
құрылымдарды дамыту.
• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру.
• Баға құрылымы саясаты.
Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi
қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей:
• Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi;
• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi;
• Дербес баға белгiлеу саясаты;
• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;
Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер
ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп
соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы
қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған
экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа
өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде , екiншi жағынан нақтылы
елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi
қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар
кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей:

• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк экономикалық
және интелектуалды тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi;
• Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары
өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен
бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi;
• Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып,
кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық
дербестiгiн шектеу орын алды;
• Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге
жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды;
• Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең
етек алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi
мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын
қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады.
• Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрi қарай жетiлдiру экономика
мен шаруашылық тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты.
Басқару құрылымы әрi қарай жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып
мыналар табылады:
• Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негiзгi заңдылықтарына, дәл
кезiндегi мақсаттарға сәйкес болуы керек;
• Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық
тетiгiнiң өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек;
• Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру нысанындағы, қағидаларды
және әдiстердi жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпiндiкпен сипатталатын және
обьектiнiң жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелерi
өтпелi кезеңнiң әр сатысында зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынандай
топтарға жинақталады:

• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын
оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның
функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк қызметтерiн анықтап айыру.
Сонымен қатар негiзгi топтағы кәсiпорындар, фирмалардың шаруашылық
дербестiгiн елеулi көтеру;
• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы мiндеттердi
шешуде басқару органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi;
• Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешiм қабылдаудың әдiстерiн
және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының
жұмысын тиiмдi етiп көру.
Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты құруды жан -жақты қамтиды. Осының
өзi ұйымдастырушылық жүйелердiң талдау обьектiсi болып табылады.

ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері

1.1. Нарықты экономиканың мәні, қызметi және маңызы
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне
қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті,
әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық, технологиялық,
инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис
түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін
қалыптастыруды талап етеді.
Курстык жұмыстың мақсаты нарықтың барлық түрлеріне қызмет көрсететін
және олардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасайтын кәсіпорындардың,
ұйымдардың жүйесін, тауарлар мен қызметтерді тарату каналдарын
ұйымдастыруды, тауар өндірушілердің тұтынушылармен байланыстарын,
биржаларды ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеу, қалыптасқан шаруашылық
жағдайларды ескеріп кәсіпорындарға кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Нарық қалыптасуының негізгі бағыттары берілген, нарықтың жекелеген
объектілерінің: еңбек, тауарлар және қаржылық нарықтарының қызмет етуінің
теориялық негіздері баяндалады. Инфрақұрылым кешенінің нақты объектілері
жөнінде жалпы түсініктер берілген.
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық
экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер
нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің
шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,-
деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық
жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық қызметке ықпал етеді. Жақсы
жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда
инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар
сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа
бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар.
Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен сапасы,
оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды.
Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап,
реформаларды ҚР тәуелсіздігі туралы Конституция Заңын 1991 жылы 16
желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады.
Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі
түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да
өндірістің қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық
шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен
ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы
байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған нарықтық
институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп
жатқан жағдайларға бейімделмеген еді.
Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша эмиссиясы өсті, ақшалай
табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының
көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды.
Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар,
біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық
қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін
қарастырған. Екіншіден, олар экономиканың макро және микро деңгейлерін,
үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін
қамтамасыз етті.
Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары:
- институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар
реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау
жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің
кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын бақылау) реформасы;
- макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты,
мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу;
- баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды,
өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда
либерализациясын;
- кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік
құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын,
кәсіпорындардың қайта құрылуын қарастырады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты
болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту
бойынша мемлекет өзегі болып табылады.
Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен
ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған,
қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық
қалыптасты.
Кейбір нарықтардың ресми ережелері бар және нақты белгіленген орындарда
әрекет етеді, мысалы тауарлар, қор немесе валюта биржалары. Ал басқа,
мысалы жылжымайтын мүліктерді сату, қызмет көрсету іс жүзінде асырылатын
ауызша ақпараттық жүйелер сияқты нарықтар бейресми және
орталықсыздандырылған. Қазіргі заман нарықтарының ұйымдастырушылық
спектрлері өте кең: тауарлардың көтерме және бөлшек нарықтары, ішкі нарық,
ұлттық нарық, әлемдік нарық және т.б.
Нысандарының көптүрлілігіне, мөлшерлеріне қарамастан барлық нарықтарда
тағы бір жалпы қасиеті бар: олар ақпартты адамдарға шешім қабылдау үшін
қажетті бағалар және стимулдар түрінде ұсынады.
Экономикалық оқулықтарда нарықтың мәнін ашатын көптеген анықтамалар
бар. ХІХ ғасырдағы ағылшын экономисті У.Джевонс нарықты іскерлік қатынасқа
түсетін және қандайда болмасын тауар бойынша ірі келісім шарттар орнататын
адамдардың тобы ретінде қарастырады. Қазіргі заманның американдық экономист
Ф.Котлер нарықты тауарлардың әрекет етіп отырған және потенциалды сатып
алушыларының жиынтығы ретінде сипаттайды.
Нарықтың зерттеушілері болып, сонымен қатар американдық ғалым-
экономисттер: С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи есептеледі. Олар келесі
анықтаманы ұсынған: нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір
тауарды сату – сатып алу бойынша қандай да болмасын келісімдерінің
жиынтығы.
Нарыққа ұсынылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс, яғни басқа
бәсекелестердің ұқсас өнімдерінен ұтымды ерекшелене алатын тұтынушылық
қасиеттері болуы қажет. Қазіргі заман нарығы жаңалық нарығына айналуда,
себебі жаңалық – тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілетті қылатын
негізгі
қасиет болып саналады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы
басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан
экономикасы меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi. Мемлекет заң алдында
меншiктiң барлық субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, жеке
меншiкке қол сұғуға болмайды. Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк
қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды
қамтамасыз етедi. Төртiншiден, монополистiк қызмет пен бәсекелестiң кез
елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден, әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi
дербес болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазiргi жүйесiнiң
негiзiн құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтiк
бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл
қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджменттiң ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей қатысты.
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң
тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық
егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық
бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi
бағыттардан құралады:
• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң
монополиясын жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай
туғызу.
• Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды
• Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк
құрылымдарды дамыту.
• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру.
• Баға құрылымы саясаты.
Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi
қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей:
• Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi;
• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi;
• Дербес баға белгiлеу саясаты;
• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;
Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер
ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп
соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы
қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған
экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа
өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы
елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi
қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар
кемшiлiктерi болған. Олардың қатары төмендегiдей:

• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық
және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi;
• Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары
өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен
бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi;
• Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметi басым болып,
кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық
дербестiгiн шектеу орын алды;
• Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге
жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды;
• Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең
етек алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi
мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын
қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады.
Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi
1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi
шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат
мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4
наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар
жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы
болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк органдар құрылымы
келесiдей:
• Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi;
• ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi;
• ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi;
• ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;
• ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi;
• ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлiгi;
• ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi;
• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын
бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк;
• Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа да комитеттер мен
комиссиялар.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрi қарай жетiлдiру экономика мен
шаруашылық тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару
құрылымы әрi қарай жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып мыналар табылады:
• Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негiзгi заңдылықтарына, дәл
кезiндегi мақсаттарға сәйкес болуы керек;
• Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық
тетiгiнiң өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек;
• Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру нысанындағы, қағидаларды
және әдiстердi жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпiндiкпен сипатталатын және
обьектiнiң жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелерi
өтпелi кезеңнiң әр сатысында зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынадай
топтарға жинақталады:
• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын
оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның
функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк қызметтерiн анықтап айыру.
Сонымен қатар негiзгi топтағы кәсiпорындар, фирмалардың шаруашылық
дербестiгiн елеулi көтеру;
• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы мiндеттердi
шешуде басқару органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi;
• Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешiм қабылдаудың әдiстерiн
және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының
жұмысын тиiмдi етiп көру.
Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты құруды жан -жақты қамтиды. Осының
өзi ұйымдастырушылық жүйелердiң талдау обьектiсi болып табылады.
Нарықтардың пайда болуының және дамуының тарихи жағдайлары болып:
еңбектің экономикалық бөлінісі, өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі,
кәсіпкерліктің еркіндігі табылады.
Нарық - кешенді түсінік және тауар айырбасы қатынастарының дамыған
жүйесі ретінде жекелеген өзара байланысты нарықтардың жүйесін немесе нарық
құрлымын білдіреді.
Көрсетілген нарықтардың әрбір түрі әртүрлі белгілері бойынша бөлінеді.
Нарықтың үш түрінің класификациясына мысал келтірейік. Еңбек нарығы, тұтыну
нарығы және өндіріс құралдарының нарығы.
Еңбек ( жұмыс күші ) нарығы нарықтық экономикасы дамыған елдерде
бірнеше бәсекелес емес нарықтарға – квалификациялы және квалификациялы емес
жұмыс орындары нарықтарына, экономиканың дәстүрлі салалары мен қажеттенетін
нарықтарына сегменттелген.
Тауарлар нарығының да экономикалық маңызы бар. Айырбас операцияларының,
өндірістің және бүкіл экономиканың жағдайы тауарлар нарығының дамуына
байланысты. Тауарлар нарығы біріншіден, берілген тауар өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы, екіншіден, өнідрушілер мен тұтынушылардың ішіндегі
экономикалық байланыстар жүйесін білдіреді. Бірінші типінің байланысының
негізгі формасы болып сату – сатып алу, ал екіншісінің бәсеке табылады.
Соңғы пайдаланудың сипатына байланысты тауарлар нарығын тұтыну тауарларының
нарығы мен өндіріс құралдары нарығына бөледі.
Көп деңгейлі тауардың бөлшектенуін ескеріп, тұтыну нарығын азық – түлік
нарықтарына сүт және (сүт өнімдері, қант, ұн, ет және т.б.) және тұтыну
заттары нарығына ( киім, аяқ киім, тұрмыстық техника) класификациялайды.
Өндіріс құралдарының нарығын әдетте салалық аспектіде қарастырады. Оны:

- отын және минералдық шикізат;
- ауылшаруашылық шикізаттары мен орман тауарларының ;
- металл;
- химиялық өнімдер;
- құрлыс материалдары;
- машиналар мен құрал - жабдықтар нарықтары түрінде келтіруімізге
болады. Суретте келтірілген әрбір нарық түрлерінің өзінің өзіндік
маңызы бар, бірақ тек олардың арасында тығыз өзара әрекет ету болғанда
ғана бүкіл нарықтық шаруашылықтың тиімді, жемісті қызмет етуіне әкеп
соғады.
Нарықты зерттеушілер шаруашылық өмірдің барлық жақтарына ықпал
ететін функцияларын бөліп көрсетеді.

Нарықтың дамуы мен қызмет етуі үшін, яғни өзара тиімді сауданы
ұйымдастыруды қамтамасыз ету міндетін нәтижелі орындауға сәйкес
инфрақұрылым қажет.
Бүгінгі таңда оқулықтарда нарық инфрақұрылымының мәні мен құрамын ашуға
арналған мақалалардың саны шектеулі. Мысалы, осы терминнің мәнін экономика
ғылымының кандидаты В.Усов келесідей түсіндіреді: “Нарық инфрақұрылымы-
тауарлы, интелектуалдық, ақпараттық ресурстардың еркін алмасуын қамтамасыз
ететін жүйе”. Берілген анықтаманы түрлендіріп келесі түрде ұсынуымызға
болады: “Нарық инфрақұрылымы- нарықта тауарлардың, қызметтердің, идеялардың
еркін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың (сауда
үйлерінің, биржаларының, банктердің, сақтандыру компанияларының,
маркетингтік фирмаларының)” жиынтығы.
Нарық инфрақұрылымының атқаратын қызметтері:
1. Тауар қозғалысын қамтамасыз ету. Бұл қызметті делдал
ұйымдар: сауда қамсыздандыру, өткізу, транспорттық,
байланыс ұйымдары атқарады;
2. Ақша құралдары мен құнды қағаздар айналысын
қамтамасыз ету. Меншік иесінен қарыз алушыларға және
керісінше, ақша құралдарының ағымы қаржы-несие
институттарымен бағытталады. Қаржы нарығында орта
және ұзақ мерзімді құнды қағаздар айналысқа түседі.
Оларды несие мекемелері, үкімет, қор биржалары және
т.б. ұйымдар шығарады және жүзеге асырады;
3. Құралдар айналымын жеделдету. өзіндік және тартылған
құралдардың қозғалысы брокерлік және маклерлік
қызметтер, арнайы байланыс құралдарын қолдану,
нарықтық әр түрлі субъектілерінің төлемдерін
қабылдау, аудару және төлеу бойынша банк
тармақтарының үздіксіз жұмыс істеуі есебінен
жеделдетіледі;
4. Кәсіпорынды дамыту. Кәсіпорын қызметінің кеңеюі
аренда, лизинг, құнды қағаздар эмиссиясы,
жұмысшыларды кәсіптік дайындау мен қайта дайындау,
менеджмент саласындағы көмек есебінен жүзеге
асырылады;
5. Тәуекелді төмендету. Кәсіпкерлік тәуекелділік
сақтандырудың әртүрлі түрлеріне аудиторлық
компанияларға, консалтингтік қызметтерге байланысты
төмендейді;
6. Маркетингке ықпал ету. Тұтынушыға тауарлар мен
қызметтерді жеткізу үшін жарнама, стандарттау бойынша
мамандардың қызметтері, тұтынушылардың тауарларға
сұранысын, нарықтық қанығуын зерттеу қажет.
7. Іскерлік қатынастарды реттеу. Жаңа заң актілерін
түсіндіру бойынша, салық салу жүйесін реформалау
жөнінде, сауда келісімдерін құжаттау бойынша кеңестер
беру және көптеген аудиторлық және заңдық қызметтерді
мамандандырылған дәрежеде жүзеге асырады.
8. Кәсіпорындарға профессионалды көмек беру. Бұл
тәуелсіз кеңес беру кәсіпорындары мен аудиторлық
фирмалар арқылы көрсетілетін экономикалық және
басқару қызметтерінің кешені. Менеджмент-консалтинг
дамудың жалпы бағдарламасын жасауды, басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруді, кадрларды
таңдау, олардың еңбегіне ақы төлеу бойынша ұсыныстар
беруді көздейді.
9. Нарықтық қатынастарға қатысушыларға ақпараттық-
коммерциялық қызмет көрсету. Ақпарат-келісім жүргізу
барысында негізгі құрал болып табылады, сондықтан
ақпараттық нарық пен оның субъектілерінің
мүмкіндіктері шексіз.
Нарық инфрақұрылымы нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып
табылады. Нарық инфрақұрылымының мәнін үш бағыт арқылы қарастыруымызға
болады.
Нарық инфрақұрылымының саяси бағыты мемлекеттік мекемелер тарапынан
басқару ықпалдарына сезімтал болып келетін тұрақты қызмет ететін шаруашылық
кешенді құру болып табылады.
Нарық инфрақұрылымының экономикалық бағыты нарықтың оқшауланған
субъектілерінің тиімді қызмет етуі үшін қажетті нарық сигналымен ұлттық
шаруашылықты қамтамасыз етуден тұрады.
Нарық инфрақұрылымының әлеуметтік бағыты халықтың жұмыспен қамтылу
мүмкіндіктерінің кеңеюінен және әрбір қоғам мүшесінің, қоғамдық еңбек
бөлінісі жүйесінде оған лайықты орынды еркін таңдаудан тұрады. Бұдан басқа
нарық субъектілерінің қызметінің әлеуметтік бағыты кадрларға білім беру
және қайта дайындау, қоғам мүшелерін сауықтыру, оларды емдеу және демалдыру
функциясын орындауда көрініс табады.

1.2. Нарықтың анықтамалары мен теориялары
Экономикалық теорияны келесідей белгімен анықтауымызға болады:
экономикалық теория шаруашылықты оңтайлы жүргізу және әр түрлі деңгейде
және әр түрлі тарихи замандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің
әрекетінің заңдарын оқып біледі. Сонымен экономикалық теория біріншіден,
экономикалық завдарды карасіырады.
Экономикалық заң дегеніміз не?
Экономикалық зерттеулерде ғылымдарға тек оқшауланған шындықпен ғана
емес, сонымен қатар олардың үлкен ауқымымен де іс жүргізуге тура келеді.
Индукцияның көмегімен жетістікке жететін фактілерді сыныптастыру
(классификациялау) және қорытындылау қажет. Индукция дегеніміз жаңа оқиға,
құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидаларды шығару. Қорытывдылау дедукция
деп аталатын әдістің көмегімен тексеріледі. Дедуқция дегеніміз керісінше
жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір
жеке ерекшеліктерімен сипатталады. Көп дүркінді тексерілген және қуатты
экономикалық процестердің қорытывдысын заң деп атау қабылданған. Олар
экономикалық көрініспен процесс арасындағы күнделікті, түрақты, қажетті
т5уелділікті көрсетеді және белсенді болып табылады.
Бірлік пен қорытындылаған экономикалық фактілерге адамдардың
экономикалық қызметтері мен бұл қызмет процессінде адамдардың қатынастары
жатады. Яғни экономикалық заң - бұл экономикалық қатынастардың түлғаланған
формасы. Олар адамдардың қорытындылаған әрекетінің заңы болып табылады.
Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдьщ завдарға жатады және бүл
арқылы табиғаттың заңынан ерекшеленеді. Екінші ерекшелігі - табиғи заңдар
өмір бойы, ал экономикалық заңдар тарихи, шектелген мінезге тән.
Экономикалық заңдар әрекетінің ұзақтығынан тәуелді спецификалық және жалпы
болып бөлінеді.
Спецификалық экономикалык заңдар - әрбір бөлек алынған формация үшін
сипатталады. Мысалы, құлдық пен феодализм негізінде материалдық игіліктерді
бөлу заңдарын айтамыз. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалык
формацияларда іс-әрекет етеді. Мысалы, өндірістік еңбектің өсу заңы,
уақытты үнемдеу заңы және т.б. Экономикалық теорияның іс-әрекетін анықтауда
әр түрлі шаруашылық жағдайдағы экономикалық зандарды оқып біледі.
Микроэкономикада жеке фирмалар, бірлестіктер және т.б. аз шаруашылық
бірліктері орын алады.
Мезоэкономикада ұлттық экономика немесе шаруашылық жүйесімен (ауыл
шаруашылық кешені, әскери өнеркәсіптік кешені, аймақтық экономика және
т.б.) анықталынған әрекет пен завдарды оқып біледі.
Макроэкономикада толығымен елдегі экономикалық жағдай зерттелінеді.
Қоғамның байлығы мен табысы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны
макроэкономиканың объектісі болып табылады. Макроанализ ұлттық шаруашылық
мәселелерін шешуге бағытталған, яғни инфляция, жұмыссыздық, іскерлік
белсенділікті ынталандыру сияқты мәселелер.
Мегоэкономика әлемдік экономикалық заңдар мен әрекеттерді толығымен
оқып біледі.
Экономикалық теория кез-келген ғылым сияқты, өзінде шаруашылық өмірді
оқып білетін әдісі бар методологияны туралайтын әр түрлі тарту формасы мен
тәсілін қолданады.
Жалпы ғылыми әдіс - бұл ежелгі грек философтарының негізі мен кейінгі
дамыған ғылымдардың үрпағындағы диалектика материалдық принцип. Осы әдіске
байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді оқып білуде тарихи жсне логикалық әдіс қолданылады.
Тарихи әдіс пайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған
дәйектілік көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.
Логикалъщ әдіс осы көріністі зерттеуде оның тарихи жолындағы айнадай
бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, танып білген көрініске және абстрактіге
енуді болжамдайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми
абстракция. Ғылыми абапракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ,
қысқа мерзімді, дара қүбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның
түрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде
экономикалық қүбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми үсыныстар
пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар
қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.
Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл - бұл формальды логика.
Формальды логика - бүл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі.
Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды
белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтез және
анализ құралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукция және дедукция,
салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме, заңдар мен категориялар жүйесінің
конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер
және т.б. жатады.
Анализ - бүтінді қүрамдас бөліктерге бөліп қарастырудан түратын
танымның тәсілі, синтез - жекелеген бөліктерді бүтінге біріктіруден түратын
тәсіл. Алайда, анализ де, синтез де заттың ішкі қайшылығын ашпайды, демек
зерттелетін объектінің қозғалысын көрсетпейді. Индукцпя - жеке оқиға,
қүбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукия
- керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық
объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттайды.
Индукцияның әлсіздігі жиынтықтың бөліктерін қарастырғандықтан жалпыны
негіздей алмайды. Ал, дедукцияның кемшілігі - жалпы алғы шарттарды негіздей
алмауында. Формальды логикада маңызды рольді - салыстыру, яғни құбылыстар
мен процестердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайтын тәсіл алады. Ол
түсініктерді жүйелеу мен жіктеуде кең қолданылады. Салыстыру зерттеудің
небәрі алғашқы қадамдарын көрсеткенімен, ұқсатуды (аналогия) жүргізу үшін
алғы шарттар дайындайды. Үцсату (аналогия) - бұл белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметтің мәні
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын факторлық талдау
Қазақстан республикасындағы нарық инфрақұрылымының заманауи жағдайы
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
КСРО сыртқы экономикалық банкісі
Бизнес инкубаторларды басқару
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымын дамыту
Пәндер