Халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі - Табиғи экологиялық факторлардың мәні, табиғаттағы бір байлық қорының өзгеріске ұшырауы, қоршаған ортаның басқа объектілеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді, сондықтан табиғатты корғауды мемлекетаралық ынтымақтастыққа жағдай жасауының маңызы осында.

Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмкін емес.

Жер бетіндегі халықтық елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми-техниканың дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығаюына әсер етіп отыр.

Диплом жұмысының зерттеу мақсаты мен міндеттері болып -халықаралық экологиялық құқықтың негіздерін қарастыру мен негіздеу, қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері және қоршаған ортаны халықаралық қорғауда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен қатынастары және олардың маңыздылығы болып табылады. Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашақта пайдалана алмауына нақты қауіп немесе адам қоғамының дамуының өзі, адамның өмір сүруіне елеулі қауіп туғызып отыр.

Міне, осы себептен де жеке құқық кұрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру кұқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда Қазақстан Республика Конституциясының 31 -ші бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды /1[9 ст. 24, 31] . Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралық қүқықсыз шешу мүмкін емес.

Конституция РКот 30. 08. 1995 г. См. Ст. Ст. 24, 31.

Сондықтан, адамды қоршаған ортаны корғауға және жақсартуға қазіргі және келешек ұрпақ үшін анықталған мақсаты болып, сондай-ақ ол халықаралық экономикалық және әлеуметтік дамумен, әлемдік негізгі анықталған мақсатқа жетуінде» 1 .

Бұл мақсатқа жету үшін кеңейтілген түрде мемлекетаралық ынтымақтастык және жалпы мақсаттағы халықаралық ұйымдардың қабылдаған шешімі, не негізгі мәселелердің өсуіне байланысты қоршаған орта аймақтық немесе халықаралық сипатқа және жалпы халықаралық аймаққа әсерін тигізуі қажет.

Осындай ынтымақтастықтың негізінде халықаралык құқыктық объектив, жаратылыстық ғылым жэне экономикалық факторлар жатыр.

Диплом жұмысының зерттеу обьтектісі болып - қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық және ұлттық құқықпен реттелетін қатынастар болып табылады. Ал осы қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралык және ұлттық құқықпен реттелетін қатынастарға қатысатын тараптардың құқықтары осы диплом жұмысының пәні болып табылады.

Табиғи экологиялық факторлардың мәні, табиғаттағы бір байлық қорының өзгеріске ұшырауы, коршаған ортаның баска объектілеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді, сондықтан табиғатты корғауды мемлекетаралық ынтымақтастыққа жағдай жасауының маңызы осында. Диплом жұмысын орындау барысында эмпирикалық, теоретикалық зерттеу әдістері қолданылды, соның ішінде тарихи талдау және синтез зерттеу әдістері көрініс тапты.

Қорғауға келесі ережелер шығарылады :

1. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастығының рөлінің жоғарылығын адамзаттың жалпы түсінігі бойынша, оның өркениетті өмір суруінің басты екі негізгі шартын айта кеткен жөн: биосферадаға ресурстар және кеңістікте шектелгендігі; осы шектелген жүйе шеңберінде жеке тұлға мен мемлекеттің келісіп жасаған әрекеті. Бұл жерде тиімді қоғамдық реттеу, сонымен қатар мемлекетаралық қатынас құқықтық механизімінің қажеттілігін айта кету орынды.

2. Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттердің қатынасын халықаралық құқықтық реттеу қиын әрі өзгермелі процесс болып табылады. Осы ереже қоршаған ортаны қорғау аясындағы көптеген ғылыми - техникалық ынтымақтастык келісімдер бірлесіп зерттеуді және дайындауды, ақпаратпен алмасуды, табиғат байлықтарын пайдаланудағы ұтымды тәжірибені қарастыру мәселесін ұсынады.

Аталған келісімдер бірлестіру шеңберінде ғылыми және техникалық мүмкіндік әр түрлі елдердің ғылыми зерттеулеріндегі көзқарастарын топтастыруға, олардың нәтижесін едәуір көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік құбылыстардың жағымдылығының ішіндегісі, ең алдымен қоршаған ортаның адам құқығына қолайлылығы көптеген елдерде тұжырымдалғанын бөліп айтуға болады.

3. Халықаралық құқықтық нормаларының тиімділігі теріс құбылыстарға және қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің келісілген әрекеттерімен барабар жағдай қалыптастыру.

Әсіресе саяси фактор қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауда елеулі себепші әсерін тигізеді. Халықаралық қысым элемді берік орнықтыруға жэне қауіпсіздікті қарулы қактығысқа тиым салуы және мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастығы, мекендеуге қолайлы ортаны сақтауға косымша материалдық ресурстарды бөлуді қажет етеді, қоршаған ортаны корғаудың саяси жағдайда туындауы мүмкін. мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық кұкық нормаларына және қағидаларына сәйкес реттейді. Жанама пайдалы әрекеттер жекелеген мемлекеттердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықта өзінің халықаралық беделін сақтап қалу, бекітуге ұмтылыс жасауы мүмкін .

Осыдан қоршаған ортаны қорғауға жэне жақсартуға байланысты халықаралық мәселелерді, барлық кіші және ірі мемлекеттердің теңдігі негізінде ынтымақтастық арқылы шешуге болады.

Экологиялык ғылымның кеңеюі, қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауды реттеуді кеңейтудің объективтік сілтемесі болып отыр.

Қазіргі халықаралық бірлестікке халықаралық құқықтық және табиғатты қорғау нормаларын құрастыру және қолдану - әсер етуші факторлар жиынтығына қарай, сол үрдістің себепшісі мен тежеушісі. Бұл құбылыстар бір -біріне ұқсас тәртіпте (саяси, экономикалык, әлеуметтік) себепші ғана болмай, сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық құқықтық корғаудағы реттеуінің тежеушісі болып отыр. Сондықтан да осы өрістің халықаралық табиғатты корғаудағы әрекеттерінің дамуының көпжақты қозғаушы күші халықаралық құқық ғылымының бір міндеті.

Көп жақты және екі жақты келісімдер немесе осындай басқа негіздегі ынтымақтастық, бақылауды тоқтатуды барлық аяларда өткізілген әрекеттерімен байланысты коршаған ортаның кері әсерін шеттетуі өте маңызды және бұл ынтымақтастық барлық мемлекеттердің егемендігін ескере отырып, ұйымдастырылу керек 2 .

Соңғы жылдары отандық әдебиеттерде, сондай-ақ жақын жэне алыс шетел әдебиеттерінде ғалымдар қоршаған ортаны қорғауға арналған мәселелердің зерттелуіне едәуір мән беріп отыр. 1 .

Жоғарыда айтылғандардан шығар қорытынды, менің дипломдық жұмысымның мақсаты - адамзаттың маңызды проблемаларының бірі ретіндегі, қоршаған ортаны қорғауды оқып біліп, талдау болып табылады.

Бірінші бөлім халықаралық экологиялық құкықтың саласының дамуына арналған. Мұнда халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, объектісі, негізгі қағидалары және қайнар көздері жеке қарастырылады.

Екінші бөлімде қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы және осы мәселелерді шешудегі халықаралық конференциялар сауалдары қамтылады.

Үшінші бөлімде халықаралық ынтымақтастыққа және Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға мәселесіне арналған.

Байсалов С. Б. Понятие и характер природоохранного права. Известия АН КазССР. 1977г.

с. 78; Байгельдинов Д. Л. Экологическое законодательство РК. Алматы. 1995г.

Қорытынды бөлім барлық жұмыстың негізгі мәселелерін қамтиды, онда қоршаған орта аясын халықаралық құқықтық қорғау бүгінгі күннің маңызды тақырыптарының бірі болып отыр, оны дұрыс және уақытында шешумен бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірімен байланысты болып отыр.

Қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеудің күралы ретіндегі халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні

1. 1. Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні

Қоршаган орта - әлем, экономика, коғам демократия категорияларымен бір қатарда тұрған қазіргі ғылымның жэне тәжірибенің берік санаттарының бірі.

Қазіргі ұлттық және халықаралық кұқықтың сатысына сәйкес, табиғатқа байланысты коғамдық қатынасты құқықтық реттейтін интегралдық объект табиғат емес, қоршаған ортаның өзі.

Қоршаған орта (umweit) түсінігін 19ғ. екінші жартысында неміс биологы Якоб Иксюль «Экология» ғылымына енгізді. Оның айтуынша бұл - "ішкі әлемді белгілеп, қоршаған ортадағы тірі ағзалар, жануарлардың ішкі сезім мүшелерімен жэне олардың белгілі-бір жүріс-тұрысқа талаптануын көрсету үшін жасалған 3 .

Қоршаған орта түсінігі адамның өмір сүру шарттарымен байланысты элементтердің кең түрін қамтиды. Олар 3 түрлі объектіге бөлінеді: жаратылыс (тірі) орта объектісі (флора, фауна) ; өлі (не живой) орта объектісі (теңіздік жэне тұщы су бассейндері - гидросфера) ; жердегі ғарыш кеңістігі; адамның табиғатпен өзара қатынасы үрдісінде пайда болған «жасанды» орта объектісі.

Осылардың жиынтығынан барлық қоршаған ортаның жүйесін күрып, территориялық аумағына байланысты, глобалды (бүкіл жер шарын қамтитын), аймақтық және үлттық болып бөлінуі мүмкін.

Осыдан коршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғаумен барабар емес. 50 жылдардың басында табиғатты қорғау және оның ресурстарының әлсіреуін қорғау емес, экономикалық мақсат еді, ал 70 жылдарда бұл міндеттің объективтік факторы адамдарды қоршаған ортаны қорғауға ауыстырылды, дәлірек айтқанда сол мезетте қалыптасқан глобалды мәселелерді қамтып көрсетті 4 . Қазіргі адамды қоршаған орта 1972ж. БҰҰ Стокгольмде өткен конференциясының тақырыбы болды.

Профессор Петров В. В. «адамды қоршаған орта деп, адамдардың антропогендік әрекетінде калыптасқан, экологиялык жүйенің органикалык бірлігіндегі, жаратылыстық, аусымдылық, модификациялык жаратылыстык ортаның бір бөлігі», - деп түсіндіреді 5 . Қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің ынтымақтастығының қажетті негізі - оны халықаралық құқықтың зертеуі болып отыр. Атап айтқанда, қоршаған ортаны халықаралық кұқықтық қорғауды реттеудің өзара келісімдегі орнықтырылған толық жүйесі, ішкі кұрылысын, сонымен қатар нормативті негізін және қайнар көзін қамтиды.

Отандық құқықтық ғылымда, оның өзіндік институтының бар екендігі туралы пікір қалыптаскан. «Қоршаған ортаның халықаралык құқығы» термині қалыптасуға шақ тұр, сондықтан қазіргі уақытта «халықаралық экологиялық құқық» түсінігі жиі қолданылып жүр 6 . Бірақ қоршаған орта халықаралық құқығының құрылымдық қалыптасуы әлі аяқталмаған. Бұған куә - халықаралық қүқықтың басқа саласындағы, әсіресе теңізде, уәде қоршаған ортаны корғауға қатысты кейбір жайсыз кағидалар мен норманың сақталуы. Сөз болып отырған мәселе, қоршаған ортадағы халықаралық қүқықтың қалыптаса бастау шегі мен халықаралық құқық институтының жэне ресурсты пайдалану саласының тығыз байланыстылығында.

Международное право: учебник под ред. Колосова Ю. М., Кузнецова В. И., І996г. с. 57б. " Петров В. В. Экологическое право России. Учебник М., І995г. с. 98.

5 Международное право: учебник под ред. Колосова Ю. М., Кузнецова В. И. . 1996г. с. 576. " Петров В. В.
Экологическое право России. Учебник

6 Сарсенбаев М. А. Международное право: учебное пособие Алматы 1996 г. с. 359; Ерофеев Б. В. Экологическое

право России: учебник М. 1996 г. с. 546; Петров В. В. Указ работа с. 490.

Бұдан басқа қоршаған ортаны қорғауда калыптасқан арнайы қағидалар мен нормалар накты жеткіліксіз мазмұнының жоқтығынан жапа шегуде.

Қоршаған ортаның халықаралық құқығы, халықаралық кұқықтың өзіндік бір саласы ретінде біржолата бітуі үшін, елеулі түрде оның кодификациялау дәрежесі мүмкіндік туғызатын еді. Бүл сауал бірнеше рет қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ-ның бағдарламасының шеңберіне ұсынылған. Жан-жақты кодификациялық акт ұқсастығы бойынша халықаралық құқықтағы басқа салаларымен сол салада қалыптасқан қағида мен норманы жүйелендіруге, сол сияқты, тең құқықтың негізіне және экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің өзара қолайлы ынтымақтастығына мүмкіндік беретін еді.

Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық құқық актілерінің саны біртіндеп көбеюі қорғау, пайдалану, қоршаған табиғи ортаны жақсарту жайында құқықты косатын барлық құжаттарды топтастырып, халықаралық заңдылықтың бір саласы - экологиялық заңдылықты оқытуға алып келеді.

Халықаралық экологиялық құқық казіргі дәрежеде халықаралық қолданыстағы экологиялық заңдылықтардың жинақталған, қазіргі даму үстіндегі халықаралық құқық және оның ғылыми болып табылатындағында.

Қоршаған ортаны қорғауда және жер ресурстарын пайдалануда халықаралық экологиялык құқықтың теңіз, атомдық, ғарыштық құкық салаларымен байланысты. Халықаралық және ішкі экологиялық құқықтық байланысы едәуір қиын жүйе болып отыр. Бұл жердегі қиындық ең алдымен, егер ішкі экологиялық құқықтық мемлекеттердің тиісті бірлігінің еркіндігі болса, халықаралық екі немесе бірнеше мемлекеттердің, не халықаралық ұйымдардың келісіміндегі еркіндігінде. Сол мезетте осындай экологиялық құқық нормаларының шектеу еркіндігіндегі басымдылық халықаралық құқықтың нормаларында.

Осы халықаралық құқыктың саласы екі түрлі мағына береді: бір жағынан халықаралық, экологиялық, құқықтық халықаралық ынтымақтастығының барлық нысанын реттейтін халықаралық жариялық құқықтың қүрамдас бөлігі. Бүл құқықтық реттеудің қағидалары мен әдістеріне сипаттама беруге ықпал жасайды. Ал екінші жағынан, ол халықаралық құқықтық реттеудің мазмұнына сүйене отырып, ішкі экологиялық құқықтың жалғасы болып табылады. Бірақ, бұдан халықаралық құқықтың адамның, ұйымдардың, мемлекеттердің байланысын қамтитын өзінше құқық жүйесі болуын тоқтату емес, жекелеген мемлекеттердің экологиялық құқығының пәнінің және әдісінің кайнар көзі. Сонымен бірге, осы қатынастағы субъектілердің құқықтық реттелуі едәуір дәрежеде бөлінеді.

Қүқык теориясында құқықтық реттеу пәні деп-негізгі аныкталған құкық саласындағы қүқықтық нормаларының бөлінуі саналады 7

Пән құқық саласының жүйесін құрастырушы фактор болып табылады. Құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынастағы нақты анықталған, басқа құқық пэнін құрастырушы деп түсіндіріледі.

Біз қарастыратын аймақта құқықтық реттеудің объектісі табиғи орта жэне оның бөлек элементтері - жер, оның қойнауы, әлемдік мұхит, өсімдіктер және жануарлар әлемі және осылармен байланысты адамның ықыласы, осыдан табиғатқа байланысты немесе қоршаған ортаға байланысты қоғамдық қатынас пәні болып табылады.

Осыдан халықаралық экологиялық құқықтың пәні адамның қоршаған ортаны қорғау және жақсарту мақсатындағы өзара әрекетінің аясында жинақталған қарым-қатынасы қазіргі және келешек ұрпақтың ықыласы, халықаралық экологиялық қатынас болып танылады.

Сонымен, халықаралық экологиялык құқықтың пәні деп нені түсінеміз? Жоғарыда айтылғандар негізінде халыкаралық экологиялык құқык - өзіндік құқықтың бір саласы ретінде құрылған, өзінде халықаралық құқықтық нормаларының жиынтығын, оның қорғауындағы субъектілерін, халықаралық экологиялык ресурстарының рационалды пайдаланылуын және қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қазіргі және келешек ұрпақтардың ықыласымен қорғауды реттейтін қатынас болып табылады.

общая теория права и государства: учебник - под ред. Лазарева В. В. М. 1994 г. с. 136.

1. 2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері

Материалдық мағынада халықаралық экологиялық құқықтық қатынастың қайнар көзі деп табиғи қоршаған ортаны рационалды пайдалануға және қорғауға бағытталған әлемдік бірлестік мүшелерінің еркіндігін түсінуге болады. Ал, формальды мағынада халықаралық кұққықтың экологиялық нормаларының қайнар көзі деп халықаралық қүқық нормаларына сәйкес жасалған құқықтық нысан - шарт, келісім, конвенция, халықаралық ұйымның және конференцияның қарары (резолюция) және тағы басқаларды түсінуге болады.

Кейбір жеке жағдайларда халықаралық экологиялық құқық нормаларының қайнар көзі болып ішкі заңдылықтағы нормативтік акт қолданылады.

Халықаралық экологиялық қүқықтың қайнар көзінің ортасындағы орталық орынды БҰҰ бас Ассамблеясының қарары жэне табиғатты қорғаудағы бүкіл әлемдік хартия алады. Олар халықаралық экологиялық құқық ынтымактастықтың қағидаларын және ережелерін жүзеге асыруда анықталған мағынасы болып отыр.

БҰҰ бас Ассамблеясының қарары: БҰҰ бас Ассамблеясының қарары қоршаған ортаны қорғауға және дүниежүзілік табиғат ресурстарын рационалды пайдалануға арналған.

18 желтоқсан 1962 жыл БҰҰ бас Ассамблеясы «экономикалык даму және табиғатты қорғау» туралы қарар қабылдады, онда ЮНЕСКО ұсынған тілек және ұсыныс мақұлданды. Қабылданған қарар көңіл аударарлық үш кезеңдерге бөлінеді:

1) қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, флора мен фаунаның жиынтығын тұтас қарастыру;

2) табиғатты қорғау терминінің интеграциясы кеңейтілген «қоршаған ортаны қорғау» термині.

3) табиғатты корғау және экономикалық дамудың маңыздылығының органикалық мазмұны өзінің дамуын 1972 жылы қоршаған орта туралы БҰҰ- ның Стокгольмдегі конференциясынан алған.

3 желтоқсан 1968 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы карар қабылдады, онда адам құқықтарының негізін сақтау үшін экономикалық және әлеуметтік дамуға тиісті қоршаған ортаға қолайлы көңіл аударарлық рөлі байқалады. Осы мақсатпен, БҰҰ бас Ассамблеясы БҰҰ қоршаған орта туралы конференциясын 1972 жылы Стокгольмге шақыруға шешім қабылдады.

1980 жылы қыркүйек айында БҰҰ бас Ассамблеясы «мемлекеттердің қазіргі және келешек ұрпағы үшін жер табиғатын қорғауға айрықша жауапкершілігі» туралы қарар кабылдады. Қарар барлық мемлекеттер мен халықтарды қоршаған ортаны қорғауға жэне қақтығысты қысқартуға нақты шара қолдануға шақырды.

1982 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы дүниежүзілік табиғатты қорғау хартиясын бекітті.

Табиғатты қорғауда дүниежүзілік хартия 28 қазан 1982 жылы БҰҰ бас Ассамблеясының 37 сессиясының қарарында мақүлданды және бекітілді.

Ол негізгі 24 кағидадан тұрады. Қарар экологиялық білімді жалпы білімнің құрамдас бөлігі деп қарастырады. Біздің табиғат турасындағы білімімізге зерттеу жүргізу және әр түрлі типтегі ақпараттық жүйелерімен қажетті түрде кеңейту керек .

Осы хартия қағидалары әр мемлекеттің күқықтық тәжірибесінде халықаралық ынтымақтастық деңгейінде көрініс табуы қажет. Өзінің заңдық күшіне байланысты хартия ұсынуға болатын мағынадағы халықаралық құжат болып табылады. Бұл дегеніміз оның нормалары мен қағидалары мемлекеттер және халықаралық ұйымдар үшін заңды түрде болуы міндетті емес, бірақ қоршаған табиғи ортаның жалпыға бірдей міндеттерін дүниежүзілік бірлестікке мүшелер өздерінің практикалык эрекеттерінде осы актінің ережелерін сақтау керек.

Шарт. Халықаралык кұқықтық қорғаудың қайнар көзі ретінде шарт орталық орынды алып отыр. Осы топтағы қайнар көздердің ішінен, дүниежүзілік сауалдармен бекітілген қауіпсіздік жэне қақтығысты қысқарту, қоршаған ортаны қорғау проблемаларына байланысты саяси мазмұндағы шартты бөліп айтуға болады.

Осы топтың ішінде басты орынды АҚШ және Канада, барлық еуропалық мемлекеттермен қол қойылған. Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық турасындағы жиналыстағы қорытынды акт. Осы топқа Конвенция, шарт, өндіріске тыйым салу туралы бітімгершілік байқау, жаппай жоюдың амалдарын колдану қатары жалғасады.

Бұған ауада, ғарыш кеңістігінде жэне су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарт (1963 жыл) ; ядролық қаруды таратпау туралы шарт (1968 жыл) ; жаппай жою қаруын теңіз жэне мұхит үстінде орналастыруға тыйым салу туралы шарт (1971 жыл) ; бактериялогиялық (биологиялық) өндірістегі қаруды, улағыштарды артық жинауға тыйым салу жэне оларды жою туралы Конвенция (1972 жыл) кіреді.

Қысқарту, шектеу, қарулардың стратегиялық бастамасын жою туралы шарттар қатары КСРО мен АҚШ арасында бекітілуі себебінен ол екі жақты сипатта болады.

Халықаралық экологиялык құқықтың қайнар көзі ретінде, басқа да шарттардың тобын экологиялық мазмүндағы халықаралық шарттар құрайды.

Экологиялық мазмұндағы халықаралық құқықтық актінің кешенді белгісі болып, әскери немесе эр түрлі жауласудағы табиғи ортаға эсер ететін құралдарды пайдалануға тыйым салу туралы Конвенция (1977 жыл) ; трансшекаралық ауаны кең қашықтықта ластау туралы Конвенция (1979 жыл) ;

ай және басқа аспан денелерін коса ғарыштык кеңістікті зерттеуге және пайдалануға мемлекеттердің әрекеттерінің қағидалары туралы Ковенция (1967 жыл) ; Антарктида туралы 1959 жылғы шартта берілген.

Халықаралық құқықтық актілердің өзіндік тобын Конвенция, келісім және дүниежүзілік теңіздерді ластанудан жэне жүдеуден қорғауға; Жерорта теңізін ластанудан қорғау туралы Конвенция (Барселон 1976 жыл) ; Балтық теңіз аймағындағы теңіз ортасын қорғау туралы Конвенция (Хельсинки, 1992 жыл) ; Қара теңізді ластанудан қорғау туралы Конвенция (Бухарест, 1992 жыл) ; Атлант мұхитының Солтүстік Шығыс теңіз аумағын қорғау Конвенциясы (Париж 1992 жыл) .

Солтүстік теңізді мұнай және басқа да зиянды заттармен ластануымен күресу туралы 1983 жылғы ынтымақтастық туралы келісім. Флора мен Фаунаны қорғау жэне сақтау, жабайы Фауна мен Флораларды қорғау және олардың табиғи ортада тіршілік етуі туралы Конвенция ( Еуропа 1979 жыл) ; табиғатты жэне табиғи ресурстарды қорғау туралы АСЕАН елдерінің 1985 жылғы келісімі; Жойылып кету қаупі бар жабайы Фауналар мен Флоралардың түрлері, халықаралық саудалау (Вашингтон 1973 жыл) т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
Әлеуметтік функция
Теңіз аумағын халықаралық – құқықтық қорғау
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Шетелдік түлғалар мен азаматтардың табиғат пайдалану құқығы
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Мемлекет функциясының белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz