15-16 ғ. жыраулар мен ақындар поэзиясындағы әлеуметтік ойлар



1. Кіріспе
1.1 XV.XVI ғ. тарихи жағдайға сипаттама.

2. Негізгі бөлім
2.2 XV.XVI ғ. ақындар мен жыраулар шығармаларындағы әлеуметтік ойларға талдау жасау.

3. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
XV-XVII ғасырлардағы көркем әдебиеттің жайын халық әдебиетінің жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар туды. Осы жырлар негізінде, әдеби тіліміз де дами түсті. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік өмірге араласуы, қоғам мүддесін көтеруі күшейді.
XIII-XIV ғасырлар – моңғол шапқыншыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық әдебиет тоқырап, тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алды.
Қазақ хандығының дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды.Ілкі шығармаларда жоқтау сияқты салт жыры,ертегі-аңыздар басымдау болса, кейін жеке адамды дәріптеген туындылар көбейіп, әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял-ғажайып аңыздар туды, онда адам баласының әр түрлі ғаламат күштерге қарсы күресі бейнеленді, кейіннен шетел шапқыншыларына қарсы тұрып, ерлік көрсеткен батырлар аңыз етіледі. Бұл жағдай тарихи сюжеттерді өмірге әкеледі. Ертедегі хандық мемлекеттердің жойқын шабуылдары батырлық сюжеттердің тууына жағдай жасады. Қолбасы батырлар не хандар дәріптеліп, олардың қаһармандық бейнелері жасалады. Эпостық жырлар пайда болады. Халықтық туындылардың ол бастағы шығарушылары шешендер мен жыраулар еді.

2.2.
Асан – аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. Халық аңыздарында Асанның үрім бұтағы, өмір деректері айтып берілген.
Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда Асанның әкесі – Саятшы Сәбит, шешесі – Салиха, ал оның әйелінің аты – Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір баласы жетім Жаңалы атаныпты. Ол Әз Жәнібекпен бірге қалмақ ханында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға өкіл бала болып кеткен аға, інілерінің баласы болса керек. 1946 жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында, Сәбит алыс сапарға шығып, бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен. Асан аш-құрсақ жетім, шерменде болып өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың келешегі де қасіретсіз болмапты. Жасында жетімдік тауқыметін тартса, өскеннен кейін де ол – жұртының мұң-мұңқтажын армандап, болашағын ойлау, болжап толғанумен болып, шерменде бола беріпті. Осыдан халық оны Асанқайғы атапты-мыс. Осы қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның аты Хасан екен дейді.
Халық өлеңдерінің бірінде Асанның арғы атасы , шыққан тегі көрсетіледі:

Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық – қанық емес едім,
Естігенім, тақсыр – ау,солай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ - түбіміз бір,
Орманбет хан ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып айтыпты жыр.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
15-16 ғ. ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР
ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
ОЙЛАР

Орындаған: Джетенова Д.А.

Тексерген: Халитова І.Р.

Алматы 2008

Жоспар:

1. Кіріспе
1.1 XV-XVI ғ. тарихи жағдайға сипаттама.

2. Негізгі бөлім
2.2 XV-XVI ғ. ақындар мен жыраулар шығармаларындағы әлеуметтік ойларға
талдау жасау.

3. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1.1
XV-XVII ғасырлардағы көркем әдебиеттің жайын халық әдебиетінің
жетістіктерінен де жете аңғарамыз. Бұл кезде ауыз әдебиетінде көркемдік
дәрежесі жоғары көптеген эпостық жырлар туды. Осы жырлар негізінде, әдеби
тіліміз де дами түсті. Жыраулық әдебиеттің әлеуметтік өмірге араласуы,
қоғам мүддесін көтеруі күшейді.
XIII-XIV ғасырлар – моңғол шапқыншыларының зардапты дәуірі. Бұл кезде
әдебиеттің дамуына қолайлы жағдай болмады. Әлеуметтік сипаттағы халықтық
әдебиет тоқырап, тіршілік қызығынан түңілген сопылық поэзия өріс алды.
Қазақ хандығының дербес өмір сүруіне байланысты бұл тұста оның
әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды.Ілкі шығармаларда жоқтау сияқты
салт жыры,ертегі-аңыздар басымдау болса, кейін жеке адамды дәріптеген
туындылар көбейіп, әдебиеттің мақсаттары айқындала бастады. Әуелі қиял-
ғажайып аңыздар туды, онда адам баласының әр түрлі ғаламат күштерге қарсы
күресі бейнеленді, кейіннен шетел шапқыншыларына қарсы тұрып, ерлік
көрсеткен батырлар аңыз етіледі. Бұл жағдай тарихи сюжеттерді өмірге
әкеледі. Ертедегі хандық мемлекеттердің жойқын шабуылдары батырлық
сюжеттердің тууына жағдай жасады. Қолбасы батырлар не хандар дәріптеліп,
олардың қаһармандық бейнелері жасалады. Эпостық жырлар пайда болады.
Халықтық туындылардың ол бастағы шығарушылары шешендер мен жыраулар еді.

2.2.
Асан – аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам
қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. Халық аңыздарында Асанның
үрім бұтағы, өмір деректері айтып берілген.
Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды
салыстырғанда Асанның әкесі – Саятшы Сәбит, шешесі – Салиха, ал оның
әйелінің аты – Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның
енді бір баласы жетім Жаңалы атаныпты. Ол Әз Жәнібекпен бірге қалмақ
ханында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы, асылы, ол Асанға
өкіл бала болып кеткен аға, інілерінің баласы болса керек.
1946 жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында, Сәбит алыс сапарға шығып,
бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен. Асан аш-құрсақ жетім, шерменде
болып өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың келешегі де
қасіретсіз болмапты. Жасында жетімдік тауқыметін тартса, өскеннен кейін де
ол – жұртының мұң-мұңқтажын армандап, болашағын ойлау, болжап толғанумен
болып, шерменде бола беріпті. Осыдан халық оны Асанқайғы атапты-мыс. Осы
қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның аты Хасан екен дейді.
Халық өлеңдерінің бірінде Асанның арғы атасы , шыққан тегі
көрсетіледі:

Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық – қанық емес едім,
Естігенім, тақсыр – ау,солай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ - түбіміз бір,
Орманбет хан ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып айтыпты жыр.

Бұл өлеңнің мазмұны да жоғарыда келтірілген пікірлерге қарсы емес,
қайта соны нығайта түседі. Бұл жырда да Асан – қазақтың ноғайлы тайпасынан
шыққан, ол Жәнібектен бұрын болған хандардың бірі Орманбетті де көріп, оған
жыр ақыл айтып өткен қария. Олай болса, Асан жасаған кез – ғасырдың іші.
Асанның кейінгі ұрпақтары ғасырға дейін қазіргі Қостанай облысы, Ор
өзенінің бойын мекендеген. Асанқайғының атымен байланысты жер аттары бұл
төңіректе, Торғайда, Ырғыз бойында өте көп. Тегінде, Асан қазақ даласының
көп жерін аралап, оның кең өлкесін түгел біліп, сын айтқан кісі
болғандықтан оның аты барлық қазақ жеріне тегіс тараған. Қазіргі Ақтөбе
облысының жерінде Асан Ата есімінде ескі бейіт бар. Оны халық
Асанқайғының моласы деп қатты құрмет етеді. Бірақ ол мола анық осы Асан
қайғынікі ме, әлде басқа біреудкі ме – мұның өзі әлі анықталмаған мәселе.
Сол жерде Асанның баласы Абат батырдың да моласы бар. Ол анық. Абаттың
моласы қазіргі Ақтөбе облысы Қобда бойында. Халық Абат өлімін Еділ Жайықтан
Қаратауға қарай бет алып көшіп келе жатқан сапарында, қарақұрт шағып, кенет
қайтыс болған, - деп аңыздайды. Ал кейбір аңыздарда, Асан қазақ қауымының
сол кезде астана орны болған Ұлытауда қайтыс болады.
Біздіңше, Асан – заманының ойшыл, шешен биі, Жәнібек тұсында өмір
сүріп, сарай маңындағы ақылшы – ақсақал жыраулардың бірі болған. Ерте
заманның Жиренше шешен сияқты ақыл иесі биі. Шамасы, ол 1330 жылы туып,
1450 жылы өлген. Бұлардың тағдырлары мен халық арасындағы беделдері де
біріне – бірі ұқсас. Сондықтан Асан, Жиренше туралы халық аңыздары да
сарындас келеді.

Көңіл сыры деген өлеңінде –өзінің жүрегіндегі сырын, дұшпанымның табасына
қалдырма, егерде бір шырмауға түссең одан құтыла алмайсың деген түйінді
пікір айтады.

Мен болып қыран бүркіт ілер едім,
Түлкі боп шықсаң таудың даласына.
Өзіңнің мәртебеңе хат жазамын,
Қалдырма дұшпанымның табасына.
Ежелден қыз – бозбала болғаннан соң
Біреудің біреу қалар жазасына.
Адасқан жалғыз қаздай үнің шықпас,
Ілінсең жайған тордың шарасына.

Адамның біліміне ақыл серік деген өлеңінде ақылдың адам өмірінде
қаншалықты маңызды орын алатындығын, оның жоғалып кетпейтіндігін, яғни
ойыңдағы нәрсе тіл арқылы шығатынын, сондықтан абайлап сөйлеу керек
екендігін ескертеді.
Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзінде ерік.
Денеге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі дағы тұрады құлаққа еніп.

Айтамын замандасқа біраз кеңес деген өлеңінде
Үшінші жігіт
Ушінші бір жігіт бар толық торы,
Ойлайды кез келмесе деп дұшпан оры.
Ауызбен нағыз асыл жігітпін деп
Кеудесін көтеретін таудай зоры.
Құлашын жас кезінде сермей алмас,
Жетсе де неше апатқа созған қолы.
Аударып бірін – бірі әкете алмас,
Тең тұрар таразыда оң мен солы.
Қырандай бау аспаған көлбелеңдеп ,
Көмескі із түспеген жүрген жолы.
Білімін бір жігіттің білсе – дағы,
Не керек зайығы кеткен білген молы.

Бесінші жігіт деген өлеңінен біз бұл адамның ешкімнің сырын
сақтамайтын , өзінің сырын ешкімге айтпайтын, оның қулығы мен сұмдығы
басынан асып тұрғандығы сипатталады.
Бесінші бір жігіт бар терең ойлы,
Сыр айтып еш адамға бермес бойды.
Өнерін жақсы – жаман іште сақтап,
Шығарып майда тілмен паруат қойды.
Адамға жүйрік ақыл бере тастап,
Талайдың қабыл – ғапыл сырын жойды.
Түсіріп ақ көңілді қайласына
Ішінен білдірместен бітеу сойды.
Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакер-ді,
Із тастап бірдей жортты қырмен ойды.

Он бірінші жігіт деген өлең жолдарынан бұл адамның шынайы өсекшіл
екендігі, екі адамды бір – бірімен шағыстырып содан қуанатындығын,
екіжүзділігін көреміз.
Бір жігіт он бірінші өсек айтар,
Ауызбен ол адамды ол байытар.
Кішкене торсығына сөз құйп ап,
Апарып әр ауылға барып шайқар.
Жамандап бірді- бірге құйылыстырып,
Қуанып ат алғандай үйге қайтар.
Дұрыс сөз ақылынан шықпаса да,
Қынадан жаман сөздің түбін байқар.

Он екінші жігіт деген өлең жолдарынан бұл жігіттің кербез, ешкімді
назарына да ілмей, адамның халін сұрауға да мұршасы келмейді, өркөкірек
екндігі жақсы сипатталған.
Бір жігіт он екінші кербез сал-ды,
Бойына адамдықты жыйып алды.
Өзіңе өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,
Семірген мәстек аттай майлы жалды.
Сіресіп сықырлаған тәкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халді.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,
Ойға алмай санамастан дүние малды.

Заманға қарап деген өлеңінде:

Болғанда мұндай күйде заманымыз,
Жәй жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз ,- бұл жолдардан байлардың қаннен қаперсіз
өмір сүріп жүргендігі, кедейлер тура жолды қайтіп таба алатындығы жайлы
айтылған.

Үйренген халықпыз ғой шегіншекке,
Кәсіпсіз сахарада еріншекке.
Байлар жүр малша күйсеп, малын айдап,
Ұйқымен өмірі өтіп тектен - текке.

Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы.
Өзді - өзін талап жеген әлі жетсе,
Хайуан сахарада аңның қамы.деген өлеңнің соңғы жолдарынан байлар өмірін
тыныш ұйқымен өткізіп жатса, кедейлер еңбексіз бос жатқандығы айтылады.

Жиырма бестен артық жас бар ма?
Ұйқыдан жаман қас бар ма?
Еріншектен жаман нас бар ма? Бұл жолдардан ұйқы мен еріншектің қас жау
екендігін көреміз.

Бір дұшпан көре алмаған жамандаса,
Жете алса,жақсы жолдас сөзін ақтар.
Жалпы Асан Қайғының шығармашылығынан адамның мінез-құлқы, жақсы мен
жаманды , ішкі жан дүниені, психологияны көбірек айтқандығын көреміз.
Қорыта келгенде, бұл тек Асан Қайғының ғана мәселесі емес, бұл мәселе
әлеуметтік педагогиканың да қарастыратын ауқымды мәселесі.

Қазтуған Сүйіншіұлы аты әйгілі XV ғасырдың әрі батыр, әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Пәндер