Адам және адамгершілік


Адам және адамгершілік
Адамгершілік адамзат қоғамның даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтармен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершіліктің мәнін австрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттлық, ар мен намыс, тағы басқалары. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары- үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды.
Әрбір қоғам өзінің даму процесінеде адамгершілік категорияларын, оның мазмұнына көптеген өзгерістеренгізіп отырды. Мысалы, көне грек дәуіріндегі адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, экономикалық процеске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші болды.
Құлдарды ешбір ойшыл, жазушы, тарихшы тағы басқалары адам деп есептемеді. Сөйтіп, ол қоғамда қалыптасқан дамгершілік категориялардың құлдарға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Одан кейінгі орта ғасырлық дәуірде де адамгершілік проблемалары дін жолымен шешіліп, құдай туралы идеологияның қолында болып, адамдарды бағындырудың құралына айналды. Ал капиталистік қоғам барлық қатынастарды заттық қатынастар арқылы шешпекші болғандықтан, адамның өзі мен күші сатылатын тауарға айналғандықтан, адамзат қалыптастырған адамгершілік категориялар қайшылыққа ұшырады, қанаушы таптың қолындағы рухани құралдарға айналды.
Қоғамдық қатынастар әр дәуірде әр түрлі болған. Дегенмен қоғамдық қатынастың қайсы кезеңінде де адамдардың қарым - қатынасының негізінде туған адамгершілік принциптері сақталды және ол қоғам өмірімен байланысты болды. Мейіл ол құл, шаруа, жұмысшы болсын, үстем тап тарапынан оларға қандай көзқарас қалыптаспасын, олардың арасында адамгершілік қасиеттері қалыптасты.
Мораль және адамгершлік өзара тікелей байланысты. Мораль- жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен үйлесімді қарым- қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль- адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, оладың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс-әрекеті. Сонымен қатар өзінің мәні жағынан жеке -дара лық пен рулық тектің, адам мен адамзаттың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы. Осы жиынтық (мораль) арқылы әр адам өзінің адамдық қасиеттерін қалыптастырып, дамыта алады.
Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен келіп шыққан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, срлармен сәйкес келеді. Ал мораль болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым - қатынаста пайда болады және субъективті түрдегі міндеттенушіліктен туындайды. Сондықтан да адамгершілікті қоғамдық мораль деп қарауға да болады. Өйткені ол қоғамдық ортаның (отбасы, мемлекет) негізінде туындайды. Мораль, керісінше адамгершіліктің жекелей көрінісі сияқты. Ол жеке адамның өзіндік бағасынан, идеясынан келіп шығады.
Адамгершілік қасиеттері отбасында, ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен қатысуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибемен байланыста қалыптасып, дамиды. Халықта: « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім- тәрбие болмаған жерде адамгершілік қалыптаспайды.
Адамгершілікті, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыратын қатынастар көп. Олар:көршілермен, дос- жарандармен, қызметтестермен қарым-қатынас, өзара сыйласу, қонақжайлық, жолдас- тық, достық, қыз бен жігіт арасындағы қатынас т. б.
Адамның адамгершілігі- оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі- өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. « Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейрімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам ардақты. Біздің өткен тарихымыз - біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
Біздің күнделікті өмірімзде осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзін қоршаған ортаға таратушы, осы сапалармен жас ұрпақты тәрбиелеуші азаматтар аз емес. Адамгершілігі мол адам - басқаларға үлгі- өнеге.
Батырлық, ерлік көрсету дегеніміз - адамның жан дүниесінің ерекше қасиеті. Ержүрек адамды бүкіл халық мақтаныш етеді. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т. б. біздің халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы біздің елемізге абырой әкелді.
Ерлік - адамның асыл қасиеті, соның нәтижесінде адамдар ауыр, қауіпті жағдайдың өзінде де тамаша істер істейді. Ерлік тек батырлық үшін ғана емес, өнімді іс - әрекеттер мен ой толғау үшін де қажетті қасиет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz