Жұмыс және демалыс уақыты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жұмыс және демалыс уақыты

Жұмыс уақыты дегеніміз - қызметкер немесе жұмысшы жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес міндеттерін орындайтын уақыты.

Жұмыс уақытын Еңбек туралы Заңның І-Ү тарауына сәйкес негізгі үш түрге бөліп қарастыруға болады.

  1. Қалыпты жұмыс уақыты. Еңебек туралы Заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
  2. Қысқартылыған жұмыс уақыты. Қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы: 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, 16-дан 18-ге дейінгі жұмысшыларға - аптасына 36 сағаттан аспайтын; ауыр дене жұмыстарында (бұл жұмыстардың тізімін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді) және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарды істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. (Еңбек туралы Заңның 46-бабы)
  3. Мерзімінен тыс жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының ұзақтылығынан тыс жұмыстар мерзімінен тыс жұмыстар деп есептелінеді. Мерзімінен тыс жұмыстарға тартуға қызметкерлердің келісімімен ғана жол беріледі; 18 жасқа толмаған қызметкерлер ондай жұмыстарға жіберілмейді. (Еңбек туралы Заңның 49-бабы)

Әрбір қызметкер үшін мерзімінен тыс жұмыстарға бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауы тиіс.

Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімінен тыс жұмыстарға тартуға тиым салынады (Еңбек туралы Заңның 50-бапбы) .

Демалыс уақытының ұғымы және

оның түрлері.

Демалыс уақыты - қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындаудан босатылған және өз еркіне сай пайдалана алатын уақыты.

Зан мен демалыс уақытының мынандай түрлері бекітілген:

  • Жұмыс күнінің ішінде берілетін демалыс уақыты (Еңбек туралы Заңның 53-бабы) . Бұл демалыс уақытының ұзақытығы 1 сағаттан кем болмауы тиіс. Бұл үзілістер жұмыс уақытына енгізілмейді.
  • Күн сайынғы демалыс уақыты (Еңбек туралы заңның 55-бабы), яғни жұмыстың бітуімен келесі жұмыс күнінің басталуы арасындағы демалыс уақыты, бұл уақыт 12 кем болмауы тиіс.
  • Апта сайынғы демалыс уақыты (Еңбек туралы Заңның 56-бабы) . 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал 6 күндік жұмыс аптасына 1 демалыс күні беріледі. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға өз келісімдерімен ғана жол беріледі.
  • Мерекелік күндер.
  • Ақы төленетін жыл сайынғы демалыс уақыты ( Еңбек туралы Заңның 60-64баптары) . Жұмыс беруші қызметкерлерге ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беруге міндетті. Қызметкерлердің қалауы бойынша бұл демалыс уақыты бөлініп берілуі мүмкін.
  • Жүктілігімен босануы бойынша және бала асырап алған әйелдерге (Еркектерге) берілетін демалыс уақыты (Еңбек туралы Заңның 66-бабы) . Әйелдерге жүктілігімен босануы бойынша босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі немесе одан ба көп бала туған жағдайда жетпіс) күн тізбелік күнге демалыс беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (Еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының біріне демалыс беріліп, осы кезеңге жәрдемақы төленеді.

Жүктілігімен босануы бойынша берілетін демалстан басқа әйелге оның өтініші бойынша баласын бір жарым жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. (Еңбек туралы Заңның 67-бабы) .

  • Оқу демалысы (Еңбек туралы Заңның 69-бабы) .

Білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс уақыты берілуі мүмкін.

Еңбекке ақы төлеу.

Жалақы - жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкердің жасаған еңбегі үшін, еңбектің ауырлығына, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы.

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Еңбек ақыны орталықтан реттеу дегеніміз - қызметкерлердің барлық санатына мемлекеттің біріңғай тарифтік жүйені пайдаланудың негізгі ережелерін тағайындайды. Еңбек ақыны орталықтан реттеу мемлекеттік бюджет есебінен қамсыздандырылатын мекеме, кәсіпорын, ұйымдарға таратылады.

Еңбекке ақы төлеуді жергілікті әдіспен реттеу дегеніміз - ақы төлеу жүйесінде кең құқықтарды кәсіпорындардың өзіне беру.

Дегенмен де, қандай жағдайда болмасын барлық кәсіпорын, мекеме ұйымдар үшін Қазақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы Заңға сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері және түнгі, мерзімнен тыс жұмыстар үшін тарифтік мөлшерді мемлекет өзі белгілейді.

Жалақы төлеу жүйееі

Еңбекке ақы төлеу жүйесі дегеніміз - жасалған еңбек пен сол үшін есептелген еңбек ақы арасындағы қатынасты белгілеу жүйесі. ҚР-да еңбекке ақы төлеудің ең негізгі екі жүйесі қолданылады-мерзімді ақы төлеу жүйесі және кесімді ақы төлеу жүйесі.

Еңбекке мерзімді ақы төлеу дегсніміз-еңбек ақысын жұмыс істелген уақыттың мөлшеріне қарай есептеу, яғни еңбекақы жұмыс істелген уақыт пен тарифтік айлық ақысына байланысты болады. Тарифтік ставкалар (өлшемдер) сағаттық, күндік, айлық бірліктермен өлшенуі мүмкін, ал неғұрлым жоғары разряд белгіленсе соғұрлым тарифтік ставкалар разрядтың өсуіне қарай ұлғая түседі.

Қазақстак Республикасының Үкімстінің 1997 ж. 6-ақпандағы-ғ170 қаулысына сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын экономика саласының қызметкерлері үзшін 21 разрядтан тұратын бірыңғай кесте бекітілген.

Еңбекке ақы төлеудің мерзімдік жүйесі әдетте қызметкерлердің жеке еңбек өнімін анықтау қиынға түсетін саналарда қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
Жұмыс уақытының режимі
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Жеке еңбек шартының ұғымы
Демалыс уақыты
Жұмыс уақытының нормасы
Жұмыс уақытының түрлері
Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz