Активтермен басқарудағы алғашқы қадамда



Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Үкіметтің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың инвестициялық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар мақалаларды жарыққа шығармақ. Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде мамандарымыз оқырмандарға қор биржасының не екендігін, пайлық инвестициялық қорды дұрыс таңдау жолдарын, Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар мен жеке инвесторларды қорғайтын заң туралы, тәуекел түрлері мен оларды азайту жолдарын баяндайды. Пайлық инвестициялық қор мен жаңа құралдардың үнемі жаңарып тұруына байланысты түрлі сұрақтардың пайда болуы мүмкін. Сондықтан бағалы қағаздарға инвестиция салу үшін кәсіби мамандармен кездесу барысында толық ақпарат алып, мәселелерді нақты шешіп алған жөн. Аталған мақалада біз бағалы қағаздар нарығында қалай жұмыс жасау керектігі жайлы әңгімелейтін боламыз. Біріншіден, нарықта қалыптасқан айқын динамиканың болмауы себебінен, бағалы қағаздар нарығында үлкен жетістіктерге жету оңай деп айту қиын. Жалпы динамика белгілі бір уақыт аралығында байқалады. Яғни тренд тек ұзақ және қысқа бір мерзім ішінде өсіп, төмендеуі мүмкін. Халықтың көпшілігі қандайда болмасын валюта түріне инвестиция салу үшін, ең алдымен ұзақ уақыт бойы оның бағытын айқындайды. Мәселен, "Еуро ның құны көтеріліп бара жатыр екен, сондықтан еуроны сатып алу қажет" деген шешімдерді жиі естиміз. Яғни, кез-келген валютаның бағытын үнемі бақылап отыру, оны сату не сатып алу жайында дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіби брокерлер немесе инвесторлар бірінші кезекте, құралдардың өсу себебін анықтайды. Содан кейін оның құнының қаншалықты көтерілгендігін сараптай отырып, одан әрі өсу мүмкіндігін белгілейді. Көпшілік жағдайда валюта құны жеткілікті дәрежеде өсіп, одан әрі көтерілместен, керісінше көп ұзамай төмен құлдырауы мүмкін. Жалпы инвестиция жөнінде шешім қабылдау барысында кәсіби инвестор валюта бағытына тікелей не жанамалы түрде әсер ететін жалпы ішкі өнім, инфляция, жұмыссыздық секілді өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерді сараптайды. Тек аталған сараптамалардан кейін барып, брокер өзінің клиенттеріне осы не басқа құрал түрлерін ұсына алады. Брокердің міндеті қаржы нарығында мәміле жасасу барысында қызмет көрсету. Бұл жағдайда брокердің репутациясы аса маңызды, яғни брокерлер үшін клиенттердің барлығы тең болуы тиіс. Алайда тек өз пайдасын көздейтін брокерлер де жиі кездесіп жатады. Сондықтан көп ойланбастан тәжірибесі мол және клиенттерін құрметтейтін брокерлерлік компаниялардың қызметіне жүгінген жөн. Кез-келген сенімді брокердің тарапынан көрсетілген қызмет төленуі тиіс. Өйткені, ол сіздің капиталыңыздың көбеюі мен сақталуына мүмкіндік береді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Активтермен басқарудағы алғашқы қадамда

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін
реттеу Агенттігі Үкіметтің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың
инвестициялық сауаттылығы мен  инвестициялық мәдениетін арттыру мақсатында 
бірқатар  мақалаларды жарыққа шығармақ. Орталық және аймақтық БАҚ
беттерінде мамандарымыз оқырмандарға қор биржасының не екендігін, пайлық
инвестициялық қорды дұрыс таңдау жолдарын, Қазақстан нарығындағы бағалы
қағаздар мен жеке инвесторларды қорғайтын заң туралы, тәуекел түрлері мен
оларды азайту жолдарын баяндайды. Пайлық инвестициялық қор мен жаңа
құралдардың  үнемі жаңарып тұруына байланысты түрлі сұрақтардың пайда болуы
мүмкін. Сондықтан  бағалы қағаздарға инвестиция салу үшін кәсіби
мамандармен кездесу барысында толық ақпарат алып, мәселелерді нақты шешіп
алған жөн. Аталған мақалада біз бағалы қағаздар нарығында қалай жұмыс жасау
керектігі жайлы әңгімелейтін боламыз. Біріншіден, нарықта қалыптасқан айқын
динамиканың болмауы себебінен, бағалы қағаздар нарығында үлкен
жетістіктерге жету оңай деп айту қиын. Жалпы динамика белгілі бір уақыт
аралығында байқалады. Яғни тренд тек ұзақ және қысқа бір мерзім ішінде
өсіп, төмендеуі мүмкін. Халықтың көпшілігі қандайда болмасын валюта түріне
инвестиция салу үшін, ең алдымен ұзақ уақыт бойы оның бағытын айқындайды.
Мәселен, "Еуро ның құны көтеріліп бара жатыр екен, сондықтан еуроны сатып
алу қажет" деген шешімдерді жиі  естиміз. Яғни, кез-келген валютаның
бағытын үнемі бақылап отыру, оны сату не сатып алу жайында дұрыс шешім
қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіби брокерлер немесе инвесторлар бірінші
кезекте, құралдардың өсу себебін анықтайды. Содан кейін оның құнының
қаншалықты көтерілгендігін сараптай отырып, одан әрі өсу мүмкіндігін
белгілейді. Көпшілік жағдайда валюта құны жеткілікті дәрежеде өсіп, одан
әрі көтерілместен, керісінше көп ұзамай төмен құлдырауы мүмкін. Жалпы
инвестиция жөнінде шешім қабылдау барысында кәсіби инвестор валюта бағытына
тікелей не жанамалы түрде әсер ететін жалпы ішкі өнім, инфляция,
жұмыссыздық секілді өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерді сараптайды.
Тек аталған сараптамалардан кейін барып, брокер өзінің клиенттеріне осы не
басқа құрал түрлерін ұсына алады. Брокердің міндеті қаржы нарығында мәміле
жасасу барысында қызмет көрсету. Бұл жағдайда брокердің репутациясы аса
маңызды, яғни брокерлер үшін клиенттердің барлығы тең болуы тиіс. Алайда
тек өз пайдасын көздейтін  брокерлер де жиі кездесіп жатады. Сондықтан көп
ойланбастан тәжірибесі мол және клиенттерін құрметтейтін брокерлерлік
компаниялардың қызметіне жүгінген жөн. Кез-келген сенімді брокердің
тарапынан көрсетілген қызмет төленуі тиіс. Өйткені, ол сіздің
капиталыңыздың көбеюі мен сақталуына мүмкіндік береді.
 
Сіз өз қаражатыңызды банктік депозитке салу арқылы банкті тікелей
қорландырып жатқан кезде, брокерлер аталған ресурстарды нарыққа қатысушылар
арасына салып делдалдық қызмет атқарады. Бұл жағдайда брокер тек делдалдық
сыйақы алады.  Бұл комиссия негізінен брокерлердің ақпаратты алу және
сараптау, байланыс, амортизация, бағдарламалық қамсыздандыру барысында
кездесетін шығын түрлерін өтейді. Қызмет көрсеткендіктері үшін брокерлерге
төменгі комиссия мөлшері беріледі. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында кез-
келген сомамен операция жасауға болады деп ойлау қате. Мәселен, егер
қалтаңыздағы 150 000 тенгені бағалы қағаздарға салсаңыз, 10 пайыздық кіріс
немесе 15 000 тенге аласыз. Ал, брокер комиссиясы сіздің кірісіңізден
жоғары соманы құрайды. Өйткені, комиссияның төменгі мөлшері бар. Мәселен,
ол жасалған бір мәміле үшін 7500 теңгені құраса, екі мәміле үшін оның
көлемі 15 000 теңгеге жетеді. Жалпы 10 пайыздық осы мысал гипотикалық мысал
болып саналады. Негізінде бағалы қағаздар нарығындағы инвестордың табатын
кіріс мөлшері көп жағдайда оның тәуекелдің қай түріне баратынына қатысты. 
Егер сіз тәуекелден бас тартсаңыз, онда брокерлер консервативтік стратегия,
яғни ірі банктер, ұлттық компаниялар мен қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы
қағаздардан тұратын кіріс мөлшері төмен портфель түрін ұсынады. 
Агрессиялық стратегия  немесе өсу стратегиясы сіздің инвестицияңыздың құрып
кетуінің ең үлкен тәуекеліне бару арқылы тәуекел компенсациясы кірісінің
өте жоғары болатындығын білдіреді. Осылайша, егер сіз қор нарығында
инвестиция салу жөнінде шешім қабылдасаңыз, ең бірінші кезекте тәуекелдің
не екендігін білгеніңіз жөн. Тәуекел- активтерді жоғалтып алу дегенмен тепе
тең. Тәуекел мөлшері өте жоғары болған жағдайда активтер түгелдей дерлік
құрып кетуі  мүмкін. Сондықтан, активтеріңіздің сақталып, сақталмауы
тікелей тәуекелге байланысты. Сонымен қатар, сіздің инвестициялық кірісіңіз
де тәуекелге қатысты: кіріс неғұрлым өскен сайын, тәуекел мөлшері де арта
түспек. Тәуекел әртүрлі болғанымен, оның  негізгі екі түрі бар: несиелік
және нарықтық. Несиелік тәуекел қарыз алушының өз қарызын өтей білу
мүмкіндігін анықтайды. Негізінен төменгі несиелік тәуекел түрі мемлекетте.
Алайда бүгінгі таңда Аргентина тәрізді кейбір елдерде тәуекел мөлшері өте
жоғары болғандықтан, өз қарыздарын өтей алмауда. Кеңес Үкіметі кезінде
мемлекеттік жинақтаушы қарыздар бойынша төлеуден бас тартып немесе
мемлкеттік жинақтаушы банктердегі дипозиттерге салынған азаматтардың
ақшаларын ұзақ мерзімге жұмсамаған жағдайлар да көптеп кездесті. Несиелік
тәуекелді бағалаудағы классикалық бағдар несиелік рейтингтің болуына қызмет
етеді. Әлемдік тәжірибеде мұқият сараптау негізінде қарыз алушының
сенімділігі мен қарызын өтей алу мүмкіндігін анықтайтын әкімшілік
субъектілер мен қатар мемлекеттерге сәйкес рейтингтер тағайындайтын
рейтингтік агенттіктер жұмыс жасайды. Мұндай агенттіктер қатарына: "Moody`s
Investor Service", "Standard & Poor`s", "Fitch" жатады. Олар ең жоғарғы ААА
арнайы рейтингтер тізіміне кіреді. Рейтинг төмен болған сайын, тәуекел
мөлшері жоғары.
 
Жалпы рейтинг үлкен қаражатты талап етеді. Сол себепті, эмитенттер мен
кішігірім компаниялардың көпшілігінде рейтинг болмайды. Мұнымен қоса
рейтингтер уақытылы жаңарып тұрмайды. Мәселен, Enron энергетикалық
компаниясы айтарлықтай рейтингке жеткенімен, банкротқа ұшырады. Ал,
рейтингтік агенттіктер өздерінің рейтингтерінің төмендеуіне байланысты бұл
жағдайды назардан тыс шығарып алды. Сол себепті брокерлер мен инвесторлар
тек рейтингтік агенттіктердің шешіміне жүгініп қана қоймастан, өздігінше
эмитенттердің қызметі жайлы ағымдағы ақпаратты сараптап оқулары тиіс.
Нарықтық тәуекел дегеніміз айналым кезіндегі актив құнының нарықтық өзгеру
тәуекелі. Басқаша айтсақ, сәтсіз нарықтық жағдайлар нәтижесінде алған
активтеріңіздің құнының төмендеп кетуі. Бұл жағдайда инвестор шығынға түсуі
мүмкін. Ал, осы актив эмитентінің несиеге қабілеттілігі айтарлықтай жоғары.
Жалпы, тәуекелді басқару тақырыбы ерекше көңіл аударуды қажет ете отырып,
инвесторлар үшін салмақты тәуекелділік деңгейінде жоғары табысқа жетуіне
жол ашады. Сонымен, егер бағалы қағаздар нарығына алғашқы қадам жасауға бел
бусаңыз, ең алдымен өзіңізге тәуекелді басқаруды жетік білетін кәсіби
брокер іздестіргеніңіз жөн.  Ол осы не өзге де бағалы қағаз түрлерін
сатусатып алу жөніндегі сіздің кеңестеріңізді орындап қана қоймай, нарық
жағдайы мен қарыз алушы сараптамасы негізінде білікті ұсыныстар жасайды.

Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын
ұйымдарды пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік)
Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының Бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық
нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005 жылғы 27
тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2006 жылғы 17 маусымдағы №
132 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде №4299 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер
енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет
түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді
есептеу ережесінде:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы Жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор),
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның (бұдан
әрі – Ұйым) деген сөздер алып тасталсын;
6), 14), 16) тармақшалардағы Қорға, Ұйымға деген сөздер алып
тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
16-1) Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда
алаңында листинг рәсімінен өткен негізгі борыш сомасын және есептелген
сыйақы сомаларын ескере отырып, ықтимал шығын резервтерін қоспағанда
борыштық бағалы қағаздар;;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
19) Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша
аффилиирленген тұлға болып табылмайтын (ықтимал шығын резервін шегере
отырып), қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін
шегергендегі ұйымның дебиторлық берешегі, оның ішінде:
Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша
аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, баланс бойынша активтер сомасының
жиырма процентінен аспайтын мөлшердегі шарт талаптары бойынша дебиторлық
берешекті шегергендегі жасалған шарт талаптарын қызметкерлердің және басқа
тұлғалардың үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірген дебиторлық берешек
(ықтимал шығын резервін шегере отырып);
Брокерге және (немесе) дилерге және Басқарушыға қатысы бойынша
аффилиирленген тұлға болып табылмайтын, Брокердің және (немесе) дилердің
және Басқарушының балансы бойынша жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
EXCEL - ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Менеджменттің мектептері. Ғылыми менеджмент
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Сыбайлас жемқорлық және қоғам
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Қорларды басқарудағы модельдер
Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау модельдері
Пәндер