«Алматы-Гүлшад» автомобиль жол бөлігінің құрылысын жобалау


Дипломдық жобаның мазмұны
1. Технико экономикалық негіздеу . . .
2. Табиғи климаттық жағдайлар . . .
2. 1 Климат . . .
2. 2 Рельеф . . .
2. 3 Геология . . .
2. 4 Гидрология . . .
3. Жер төсемесін жобалау . . .
3. 1 Трассаның планы . . .
3. 2 Ұзына бойлық қима . . .
3. 3 Көлденең қима . . .
3. 4 Жер жұмыстарының ведомосы . . .
4. Жасанды құрылыстарды жобалау . . .
4. 1 Жауын-шашынның түсуі мен су жиналатын бассейннің ауданын анықтау.
4. 2 Жауын-шашынның әсерінен болатын су шығынын анықтау . . .
4. 3 Еріген судың әсерінен болатын су шығынын анықтау . . .
4. 4 Графоаналитикалық әдістің аккумуляция есебімен құбырдағы су шығынын есептеу . . .
4. 5 Құбырдың саңылауын тағайындау . . .
4. 6 Құбырдың алдындағы бекітуді тағайындау . . .
5. Жол төсемесін жобалау . . .
5. 1 Жол төсемелерін шектік серпімді иілу бойынша есептеу . . .
5. 2 Жол төсемелерін жер төсемесінің топырағындағы ығысу бойынша есептеу . . .
5. 3 Біртұтас қабаттарды иілудегі созылуға есептеу . . .
6. Жолдағы қиылысулар мен тоғысулар . . .
7. Қозғалысты ұйымдастыру мен қозғалыс қауіпсіздігі . . .
8. Жолды жабдықтау . . .
9. Қоршаған ортаны қорғау . . .
10. Еңбек қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік . . .
11. Жоба деталі . . .
12. Сметалы қаржылық есеп . . .
13. Құрылысты ұйымдастыру . . .
Қорытынды . . .
Қосымша . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Автомобиль жолдары-заман талабына сай күрделі құрылыс болып табылады. Олар жоғарғы жылдамдықты автомобиль жиынының қозғалыс мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Жол төсемесі бірнеше жылдар бойы автомобиль қозғалыстары кезінде берілетін динамикалық күштерге қарсы тұра алатын берік, түзу және тайғақ емес болуы керек. Жол төсемесі, жер төсемесі мен кіші жасанды құрылыстардың қызмет ету мерзімі мен сенімділігін арттыру-автомобиль жол құрылысына бөлінетін күрделі қаржы тиімділігіне тәуелді болып келеді.
Автомобиль жолдары елдер мен мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыс жүйелерінің негізгі бір тарамы болып есептелінеді. Жүк тасымалдау және жолды тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Автомобиль жолдарындағы автомобиль қозғалысы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау жол бөліктерінің жобалық жұмыстарын жүргізу кезінде қарастырылады.
Жол төсемесіне табиғаттың сан-алуан факторлары (күн сәулесінің қыздыруы, тоңазуы-еру, қар басып қалу, жауын-шашынмен шайылуы, т. б) өз әсерін тигізбей қоймайды. Сол үшін жол жобалау кезінде салынатын жолды беріктікке, аязға төзімділігін есептейміз. Жол төсемесіне, жер төсемесіне, кіші жасанды құрылыстарға, көпірлер, қиылыстардың әрқайсысына жеке-жеке баға бере отырып, жолдың тиімділігін көтеріп, қауіпсіздігін арттырамыз.
Бұл динамикалық жоба «Алматы-Гүлшад» автомобиль жол бөлігінің құрылысын жобалайды. Автомобиль жол бөлігін жолдың барлық элементтерін
ескере отырып жобалау, оны тұрғызуда әр түрлі әдістерді пайдалану құрылысының тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, ескеретін жағдай қоршаған ортаға автомобиль жол бөлігінің құрылыс кезіндегі экологиялық, геологиялық, гидрологиялық зиянды әсерлерін азайту. Дұрыс жобалық есептеулер жүргізу үшін нормативті құжаттар-ҚНжЕ қолданамыз.
« Автомобиль жолдары », « Көпірлер мен құбырлар » (ҚНжЕ 2. 05. 03. -84), жобалау нормалары, т. с. с.
Жол жобасы-технологиялық және ұйымдық шаралар, жол эксплуатациялық қызмет көрсету жүйелері, жолды көгалдандыру жұмыстары, жыл бойы жолдағы автомобильдер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамассыз ету, жылдық қолайсыз мерзімінде қозғалыстың үздіксіз жалғасуы, т. б. кешенді шешімдерден тұрады.
Автомобиль жолы жылдар бойы күтімді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Автомобиль жолы өте күрделі жұмыстардан тұратын байланыстың негізін атқарушы кешенді торап болып табылады.
- Автомобиль жолының құрылысын технико-экономикалық негіздеу.
Қозғалыс қарқындылығын есептеген соң жүк көтерімділікті
есепке аламыз.
Nес=QK/Дqорт βγ (1. 1)
Мұндағы:
Nес-қозғалыс қарқындылығы (есептелген жылға қатысты)
Q-жүк көтерімділік, ткм/км.
К-қозғалыс құрамындағы жүкті және жолаушыларды тасымалдайтын ауыр және жеңіл автомобильдерді ескеретін коэффициент К=1, 15.
Д-жылдық күндер саны (365) .
qорт-жүк автомобильдерінің орташа жүк көтерімділігі немесе автобустар мен жеңіл автомобильдердің орташа сиымдылығы qорт=6. 2т
β-жүріп өтуде пайдалану коэффициенті β=0. 62.
γ-жүк көтерімділіктің пайдалану коэффициенті γ=0. 90
3928=Q·1, 15/365·6, 2·0, 62·0, 9
Q 1 =3928·1262, 754/1, 15=436 т
5106=Q15·1, 15/365·6. 2·0. 62·0. 9
Q 15 =5106·1262. 754/1, 15=5606610 т
5500=Q20·1, 15/365·6, 2·0, 62·0, 9
Q 20 =5500·1262. 754/1, 15=6039239 т
Жалпы мағлұматтар
Нарықтық қатынас жағдайында автомобиль жолының ролі инфраструктура элементі ретінде одан әрі күшейеді. Автомобиль жолының торабы мемлекеттің әр түрлі аймағындағы және алыс немесе жақын жердегі шетелдік жердегі кәсіпорындар менұйымдардың арасындағы көліктік экономикалық қатынастарды реттейтін ең басты сала. Пайдаланудағы жол торабының техникалық жағдайы жолды жаңадан немесе қайта салуды қажет ететін көліктің барлық талаптарына толық жауап бермейді.
« Қарағаш-Үштөбе » жолын салуды мақсаттылығын негіздеу құрылысқа керекті қор капиталы мен күнделікті шығынға қатысты жүргізіледі.
Тиімділікті есептеу үшін берілген аймақта күнделікті және жобалау жағдайына қатысты күнделікті және жобалау жағдайына қатысты күнделікті шығындар есептеледі. Автомобиль қозғалысының қарқындылығы бірлік уақыт ішінде жол бойымен жүріп өтетін автомобиль санын сипаттайтын көрсеткіш. Салынатын жол категориясы үшін қозғалыс қарқындылығы негізгі есептік көрсеткіш болып табылады. Алматы-Гүлшад жолын салуда қозғалыс қарқындылығын есептеуіміз керек.
Nес=Nо(1+Bt) (1. 2)
Мұндағы:
No-автомобильдердің орташа жылдық тәуліктік қозғалыс қарқындылығы;
B-жыл сайын қозғалыстың өсуін ескеретін коэффициент;
t-есептік айналымдағы жылдық саны;
N 1 =4062. авт/тәу
N 15 =4062. (1+0. 03*12) =5524 авт/тәу
N 20 =4062. (1+0, 03*20) =6500 авт/тәу
Алматы облысының экономикалық жағдайы
Облыстың қазіргі экономикалық әлуеті Алматы облысындағы кен қорларының сан алуандылығымен сипатталады. Мұнда қорғасын, мырыш, мыс, қалайы, молибден, алтын, күмес кендерінің мол қоры игерілуде және келешекте де игерілетін орындар баршылық. Бұған қосымша Шанқанай цеолит, Қаратаудың төменгі сағасындағы тұс, Тереңөзектегі гранит, Екпінідегі ақ мәрмәр қазба байлықтарын игеруден түсетін кіріс мөлшері де қомақты.
Облыстағы әр түрлі меншік нысанындағы құрылыс ұйымдарының базасы құрылыс-монтаж жұмыстарының бүкіл кешенін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, құрылыс материалдарын өндіру бағытында бұрынғы өндіріс кәсіпорындары мен цехтары қайта жандандырылып, олар жаңа, жоғары өнімді технологиялармен жабдықталуда. Текелі, Талғар, Түрген, Ұзынағаш, Ұйғыр ауданындағы кірпіш зауыттары мөлшері, сапасы жағынан облыстың осы өнімге мұқтаждығын толық қанағаттандырып отыр.
Экономикалық қайта өрлеуді қамтамасыз етуге оңтүстікте - Ташкенттен, солтүстікте - Новосибирскіге дейін жылына он миллион тонна жүк тасмалдауға мүмкіндік беретін асфальтталған жолдар, облысты басып өтетін Түркісіб магистралі, осыдан тартылған Көксу - Текелі - Талдықорған темір жолдары пайдалануды.
Соңғы жылдары, әсіресе, бұрынғы Алматы және Талдықорған облыстары қосылғаннан кейін өлкенің экономикалық әлеуметтік дамуы жаңаша бағыт алды. Мәселен, 2002 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 102, 6 млрд. теңгені, физикалық көлем индексі 2001 жылға қарағанда 113, 2% құраған. Тау - кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 1, 7млрд. теңгені (136, 5%) , өңдеу саласы - 81, 0 млрд. теңгені (116, 0%), электр қуаты, газ және су өндіру, тарату - 19, 9 млрд. теңгені (102, 6%), құрады. Сондай-ақ, желілер мен кабельдер 2001 жылғы көрсеткіштен - 29, 8%, электр аккумуляторлы - 22, 5%, шарап - 2, 3 есе, бидай мен өсімдіктер ұны - 7, 5%, өңделген сүт және қаймақ - 9, 3% жоғары деңгейде өндірілген. 2002 жылдың басынан 17 кәсіпорын қызметтерін жаңғыртып, 1094 жаңа жұмыс орын ашылған. Олардың ішінегі ең ірілері: Іле ауданындағы «Машзавод Арсенал» ЖШС, Талғар киім фабрикасы, «Қазаккумулятор» АҚ, т. б.
2002жылдың ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 73, 5 млрд. теңгеге өндірілген, бұл 2001 жылғы деңгейден 12, 1% жоғары. Ауыл шаруашылығының дақылдарының егістік жерлері 815, 1 мың га, сонымен қатар бидай дақылдары егілген алқап 475, 3 мвң га құраған. Облыс бойынша 2002 жылы 181, 2 мың тонна ет өндірілген (тірі салмақта), бұл 2001 жылғы деңгейден 5, 9% жоғары. Мал басының барлық түрінің өсуіне қол жеткізіліп, ірі қара мал саны - 549, 4 мың, қой мен ешкі - 2279, 7, жылқы - 164, 2, шошқа -129, 4, құс - 5797, 8 мың бас құраған. Ауыл тауар өндірушілерін қодауға республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 1431, 4 млн. теңге инвестиция жұмсалған.
2002жылы автомобиль көлігімен 38, 5 млн тонна жүк (2001жылмен салыстырғанда 130, 8%) тасымалданған. Көліктің барлық түрімен тасымалданған жолаушылар - 226 млн. адам (127, 2%) . Жалпы соммасы 524, 6 млн. теңгеге 2515 км жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Қазір облыста 2003-2006 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасы бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қаржы экономикасы
Еліміздің экономикасы тұрақтанып, қалыпқа түсуі кезінде банк жүйесі жедел қарқынмен дами бастады. Экономиканың өсуі, кәсіпорындардың қаржы ахуалының жақсаруы, инфляция мен девальвация біршама төмен деңгейде болуы банк секторының көрсеткіштерін едәуір арттыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарламада қарастырылғандай екінші деңгейдегі банктредің халықаралық стандартқа (ең кемінде бір миллиард капитал болуы қажет) өту мерзімі аяқталды.
Алматыда ірі қаржы институттары - Дүниежүзілік банк, Европалық қайта құру және дамыту банкілері, Ислам дамыту банкі, Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдіктері бар.
Екінші деңгейдегі банктер саны да көбейіп келеді. Олардың қатарында Bank Kazakhstan, KZI Bank, Абидбанк ААҚ-ы, Алаш банкі, Алмыт коммерция банкі, Индустрия банкі, Қазақ өндіріс банкі, Көмір банк, Димир Қазақстан банкі, НұрБанк, Мұнай банкі, Бизнесс банкі, Орталық Азия ынтымақтастық және дамыту банкілері бар.
Оңтүстік астанада сақтандыру жүйесі қарқын алып отыр. Алматыда сақтандыру операцияларының негізгі үш түрі: сақтандыру, қайта сақтандыру, делдалдық сақтандыру қызметі жұмыс істейді.
Алматы қаласы мен облысындағы салық төлеуші ірі мекемелер ретінде «ФудМастер» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы, «Талғарспирт», «Қайнар», «Алматы қанты», «Алтын бидай», «Есік шарап зауыты», «Галлархер Қазастан» ЖШС-і, «Филип Моррис Қазақстан», «Бахус», «Рахат», «Алматы әуе жайы», «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Алматы мақта-мата комбинаты», «Алматы интергаз», «Кока-кола» бірлескен кәсңпорны, т. б. атауға болады.
Кез келген мегаполис тәрізді Алматы әлемнің әр түкпірінен келіп түскен қыруар қаржы соммасына иелік ете отырып, оны республиканың басқа аймақтары мен одан тыс жерлерге бөліп таратады. Бұл қаржы қалалық шаруашылықты жүргізуге, алматылықтардың тұрмыс деңгейін көтеріп, оңтүстік астананың өсіп өркендеуіне қызмет етеді. Алматы әлемдік экономикалық қауымдастық арасында болып жатқан барлық өзгерістерге сергектікпен қарап, қабылдайтын Қазақстанның қаржы орталығы болып қала бермек.
Өнеркәсіп
Алматыда мұнай және газ өндіру мен металлургиядан басқа негізінен Қазақстанның барлық өнеркәсіп салалары бар. Оңтустік астананың айрықша белгісі өндіріс тауларының, яғни дайын өніммен бұйымдар шығарудың жоғары деңгейі болып табылады. Олардың үлесіне алматылық өндірістің 80%- нан астамы тиеді. Оның қалған бөлегі электроэнергетика және газ, су мен басқа бастапқы ресурстар үйлестіру. Импорттың орнын басу саясатын жүргізу өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді. Салық саясатын жұмсарту, импорттың орнын басу бағдарламасын іске асыру, денпинкгке қарсы іс -шаралар өткізу, банкроттық рәсімдер арқылы өндірісті қайта жаңғырту, өнім сапасын жақсарту мен меншіктік және қарыздық ресурстарды ақылға сиымды тұрде пайдалану тұрақты түрде үлгерілеуге септігін тигізеді.
Алматы өнеркәсібінде сауда, сервис және құрылыстан өзге ірі және орта кәсіпорындар басым келеді. Олар барлық онімнің 85%- ын, соның ішінде қызметкерлерінің саны 150 адамнан асатын ірі кәсіпорындар - 70%- дан астам береді. Жергілікті өндірістің 12%-і шағын өнеркәсіптік бизнестің үлесіне тиеді.
Қаланың тамақ онеркәсібі соңғы жылдары неғұрлым дамыған. Бүгінгі күннің өзінде-ақ бұл саладағы кәсіпорындар ішкі нарықта толығынан басымдық алуғы таяу тұр. Алматының көптеген азық-түлік онімдерімен сусындары тек қалада ғана емес, сонымен бірге елдің басқа аймақтарында да жоғары сұранысқа ие.
Алматы Республикада өндірілетін тауарлардың жекелеген түрлері бойынша монополист болып табылады. Мысалы, қазақстандық маркалы коньяктар мен шампандардың сорттарын алматылық «Бахус» акционерлік қоғамы өндіреді.
Қазақстан Республикасында аса ірі нан өнімдерін өндіруші - «Аматынан» бірлестігінің кәсіпорындары алматылықтарды елу жылдам астам уақыт нанмен қамтамасыз етіп келеді. «Ақсай нан» нан - тоқаш комбинаты қалалықтарға үнемі жоғары сапа және оңтайлы баға бойынша сан алуан өнім тұрлерін ұсынады. «Корона Трейд» ЖШС -нің өнімі алматылықтардың орынды ықласына бөленген. «Корона » нан пісіру маркалы ұн және макарон өнімдері өзінің жоғары сапасы үшін Foodexpo Kazakhstan 2000 және Agroprodexpo 2000 халықаралық көрмелерінде алтын медальдарға ие болды.
«Алматы макарон фабрикасы» ААҚ -ы - Қазақстандағы ірі макарон өндірушілердің бірі. Өнімін сатуды «Батыр» сауда үйі арқылы жүзеге асырады, 600-700 дүкендермен Алматы қаласының барлық базарларына қызмет көрсетеді. «Батыр» макароны - бұл қандайда болмасын қоспалармен жақсартқыштарсыз шығарылған экологиялық жағынан таза өнім.
«Рахат» ААҚ-ы Алматыда да, Қазақстандада тәтті өндіру жағынан жетекші орында. Оның өнімі белгілі кофет өндіріушілермен бәсекелесе алады.
«Масло-Дел» компаниясы май, тоңмай өнімдері шығаруға мамандалған. Барлық өнімдері толық технологиялық циклдан өтіп, табиғи құрамы бөліктері мен жоғары сапалы шикізаттан дайындалады.
Сондай-ақ маргарин зауытыда Қазақстандағы аса ірі май, тоңмай өнімдерін өндіруші болып табылады.
Тоқтап қалған кәсіпорындарды қайта құрумен қалпына келтіру жөніндегі жұмыс оң нәтижесін беруде. 2000 жылы он үш өнеркәіп кәсіп -орнында жұмыс қайта басталып тоқсан төрі жаңадан құрылды және отызының өндірістік көлемі кеңейтілді. 2000 жылда жалп өнеркәсіп бойынша сегіз маңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Алматылық кәсіпорындардың көпшілігі ондірісті көпсалалы шаруашылық қызметінің түрлері мен сабақтастырумен ерекшеленеді. Бұл, әсіресе «Имболатқұрылма», «Комжабдықтауқұрылыс», «БеНТ» акционерлік қоғамдарына, «Цесна», «Прогресс» корпорацияларына, «Латон» фирмасына тағы басқаларға тән.
“Сеймар” ашық аксионерлік қоғамы - 1991 жылы құрылған өңдірістік -
инвестициялық корпорация. “Сеймар” ААҚ-ы астық, күріш дайындау, сақтау және өңдеу; жұмыртқа және құс етін өндіру; қағаз бен қатырма қағаз өңдіру саласына мамандаған, жұмыс тәжірибесі мол техникалық және басқару қызыметкерлері бар агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын қалпына келтіруде оңтайлы тәжірибеге ие; Қазақстан Республикасындағы түрлі өңдірістік жобаларды инвестициялау саласында белсенді жұмыс істейді. Бүгінде “Сеймар” ААҚ-да 6000 мыңнан астам адам еңбек етеді.
“Имболатқұрылыс” - Қазақстан өнеркәсібінің тарихынан ажыратуға болмайтың бірегей кәсіпорын, жаңа нарық жағдайларында әлемдік деңгейде қайтадан табысқа жетіп, танымал бола білген, жарты ғасырға жуық тәжірибесі бар үлкен кешен.
“БеНТ” кәсіпорыны өз бизнесінің аясын ұдайы кеңейтіп отырады, ол темірбетон құбырларын өндірудегі бірегей технологияға ие, олардың бір түрі халықаралық сапа тізімдемесіне кірген.
“Цесна” корпорациясының қызметінің сан алуандысында ірі инвести-
циялық жобаларды жүзеге асыруға дем берушілік әрі ұйымдастырушылық. Бұл сонымен бірге “Латон-полис” сақтандыру компаниясы және “Asia-Clean”
- Қазақстан мен ТМД республикалары бойынша мұнай терминалдарын, резервуарларды, тұрмыстық жабдықтарды тазалайтын және белсенділігін жоятын кәсіпорын. Сол сияқты “Жөңдеуқұрылыстехника” да - үлкен диаметрлі темірбетон құбырлары мен ірі мөлшерлі құрылмалар өңдірудегі жетекші кәсіпорын болса, “Латон-геосервис” - бұрғылау, іздестіру, геологилық барлау жұмыстарымен айналысады.
Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніңдегі ҚР Ұлттық орталығы минералдық және техногендік шикізатты өндіру мен өңдеудің жаңа техноло-
гияларын енгізеді, сирекметалл өнімдерің, ферроқоспалар, полимерлік бұйымдар өңдіреді.
“Алтың алмас” аксионерлік қоғамы жыл сайын 3 тонна алтын өндіреді,
“Ақбақай”, “Светинское”, “Думан-шуақ” алтынрудалы кен орындары бойынша жер қайнауын пайдалануға өзара шарттары бар.
Алматыда машина жасау мен жеңіл өнеркәсіп те біршама дамыған. Бүгін де аксионерлік қоғамдарға айналған Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААЖЗ) және Киров атындағы машина жасау зауыты Ұлы Отан Соғысы жылдарында іске қосылып, қазірге дейін жұмыс істеуде.
“Машина жасау зауыты” АҚ-ы әскери-теңіз флоты үшін арнайы техника өндіру бойынша, ӘТФ кемелері мен сүнгуір қайықтары үшін гидравлика тетіктерін, механизасиялау мен автоматтандыру құралдарын, қару-жарақ жасауда маманданған жетекші кәсіпор ын.
“Іскер” ААҚ-ы отандық автомобиль жасауды дамыту концепциясы шенберінде ГАЗ және КамАЗ автомобильдерін жасап шығару бойынша өндірістік кешен құрды.
АҚ болған АММК - Алматы мақта-мата комбинаты жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ішіндегі аса ірісі болып табылады. Бұл комбинаттың маталары тек республикада ғана емес, сонымен бірге өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылатын шетелднрде де белгілі.
Оңтүстік астана - республиканың темекі өндірісі шоғырланған екі қаланың бірі. 2000 жылғы 1 ақпаннан бастап Алматы Тмекі Компаниясы өзінің атауын “Филип Морис Қазақстан” деп өзгертті. ФМҚ ААҚ-ында екі мыңға жуық қызметкерлері бар. Қазақстанның алты қаласы Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Орал және Астанада өкілдіктерін иемденеді.
Сондай-ақ темекі өнімдерін шығарумен Алматыда GALLAHER Kazakhstan LLC, JTI Central Asia компаниялары да шұғылданады.
Алматы электроэнергетикасы шетелдік инвестициялар есебінең қызметін атқарып және дамып келеді. “СПРЭС” ЖШС-ігі фирмасы қаланың электр тораптарында жұмыс істеуге маманданған және кез келген салынып жатқан объект үшін электржабдықтау мәселелерін шешеді.
“Суарна” МКӨ - Алматы мен областың тұрғын халқын ауыз сумен қамтамассыз ететін үлкен өңдірістік кешен. Тау өзендері мен артезиан ұңғымаларының суы су құбырларының тарамдалған жүйесі арқылы қала тұрғындары мен кәсіпорындарға беріледі. Судың сапасының жоғарылығың БДҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдар атап айтты.
Алматыдағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны екі мыңнан асады. Алматы XXI ғасырға жоғары технологиялы, ғылыми келешегін байланыстыра отырып аяқ басты.
Жалпы республикалық тауар өндірісіндегі облыс өнеркәсібінің үлесі
Сауда
Алматының сауда жүйесі - жекешелендіру нәтижесінде ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізген берден-бір сала. Сауданың бір пайыздай бөлігі ғана мемлекет меншіігінде қалып, қалғаны түгелдей жеке капиталдың қолына көшті. Жеке меншік сауда кәсіпорындары үш негізгі топ бойынша қайта құрылып, қазіргі кезде ойдағыдай дамып келеді.
Қалада барлығы 8 мыңнан астам сауда ксіпорындары жұмыс істейді, олардың 700-дейіі шет елдікі. Егер олардың рқайсысының қарамағында орта есеппен үш-төрт дүкен, салон немесе басқа да сауда объектілері бар екенін ескерсек, онда жалпы дүкендердің саны біірнеше мыңға жетеді.
Соңғы жылдары қаланың жылдық ішкі бөлшек сауда аналымы, базарларды қоспағанда, қырық жеті миллиард теңгеге өсті. Ал жергілікті сауданың жалпы айналымы жүз елу бес миллиард теңгеге жетіп, бес еседен астам көбейді. Мұның ішінде бөлшек сауда базарлардың үлесіне тиеді.
Қаланың ішкі сауда айналымы 1, 5 миллиард долларға дейін өсті. Алматы жыл сайын бүкіл еліміз бойынша ішкі тауар аналымның 15%-ын қамтамасыз етеді. Оңтүстік астананың экспорт-импорт сауда көлемінің 80%-ы алматылықтарды жақсы білетін алыс шет елдермен сауда қарым-қатынасының үлесіінде. Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, БАЭ, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Жапония, Үндістан, Швейцария компаниялары Алматы саудагерлерінің негізгі серіктестері болып табылады.
Көлік, коммуникация және ақпараттық технологиялар
Алматы - Қазақстанның ірі көлік-коммуникациялық орталығы, мұнда қатынас пен байланыстыңқазіргі заманға сай барлық түрлері жұмыс істейді.
Қала ішінде қатынайтын көлік қоғамдық жне ведомстволық көлік түрлері болып бөлінеді. Мұның алғашқысына жолаушылар таситын маргрутты автобустар, троллейбустар, трамвайлар және таксилер жатады. Ал кәсіпорын иелігіндегі, жүктерді және өз қызметкерлерін тасымалдауға арналған жеңл және аралас автокөлік ведомстволық көлік болып табылады. 180 мыңға жуық азаматтың, яғни әрбір жетінші алматылықытың жеке меншік жеңіл автомобилі бар. Бүгінде қалада алты мемлекеттік және алпыс екі жеке меншік көлік кәсіпорындары жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Алматы тұрғындарының көпшілігі автобус қызметіне пайдалынады. Жеке меншік, сондай-ақ муниципалдық кәсіпорындар мен фирмалар айналысатын жолаушы тасымалының 70%-ы осы көліктің үлесіне тиеді. Соңғы жылы қаланың автобус паркі 200 көлікпен толықтырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz