Алғашқы ұшқындар



В.И.Ленин пролетарлық революцияның жеңуі жолындағы алғашқы кезеңдерде – ақ жастар мәселесіне зейін көңіл аударып, оларға зор маңыз берді. «Біз келешектің партиясымыз, - деп жазды Владимир Ильич, - ал, келешек жастардікі. Біз жаңашылдар партиясымыз, ал жастар әрдайым жаңашылдарға құлшына береді. Біз ескі ірік – шірікке қарсы жан қиярлықпен көресетін партиямыз, ал жанқиярлық күреске әрдайым да ең алдымен жастар кіреді.»
Ұлы Ленинннің осы бір тамаша сөздерінде еңбекші жастардың революциялық күшіне деген бұлжымас, әрі нық сенім айқын білдірілген. 1903 жылы РСДЖП 2 съезінде Лениннің инициативасы бойынша «Оқушы жастарға көзқарасы туралы» арнаулы қарар қабылданда. Съезд бұл қарарында оқушы жастар арасындағы революциялық істің жанданып келе жатқанын атап көрсетіп, партия ұйымдарына жастардың ұйымдасқан революциялық жұмысын онан әрі кеңінен өрістету жөніндегі талаптарын жүзеге асыру үшін барынша көмек көрсету тапсырылды.
Партя съезінің осы қарарын орындай отырып, РСДЖП – ның көптеген комиттеттері сол кезеңнің өзінде – ақ студенттармен, оқушылармен байланыс жасап, олардың өз ұйымдарын, үйірмелерін, топтарын құруға ұдайы көмектесті және жастар арасында марксистік насихат жүргізуге, астыртын әдебиеттерді, листовкаларды, прокломацияларды таратуына көмек көрсетті.
1905 жылғы революция басқа кеткен жоқ, ол көп миллиондаған еңбекшілер бұқарасын қанағаттандырып, оларды самодержавиеге қарсы күреске шыңдады. Сол революцияның баррикадаларында 1917 жылғы октябрьде тарихи жеңіске жеткен жауынгерлер өсіп шықты.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Алғашқы ұшқындар
В.И.Ленин пролетарлық революцияның жеңуі жолындағы алғашқы кезеңдерде
– ақ жастар мәселесіне зейін көңіл аударып, оларға зор маңыз берді. Біз
келешектің партиясымыз, - деп жазды Владимир Ильич, - ал, келешек
жастардікі. Біз жаңашылдар партиясымыз, ал жастар әрдайым жаңашылдарға
құлшына береді. Біз ескі ірік – шірікке қарсы жан қиярлықпен көресетін
партиямыз, ал жанқиярлық күреске әрдайым да ең алдымен жастар кіреді.
Ұлы Ленинннің осы бір тамаша сөздерінде еңбекші жастардың революциялық
күшіне деген бұлжымас, әрі нық сенім айқын білдірілген. 1903 жылы РСДЖП 2
съезінде Лениннің инициативасы бойынша Оқушы жастарға көзқарасы туралы
арнаулы қарар қабылданда. Съезд бұл қарарында оқушы жастар арасындағы
революциялық істің жанданып келе жатқанын атап көрсетіп, партия ұйымдарына
жастардың ұйымдасқан революциялық жұмысын онан әрі кеңінен өрістету
жөніндегі талаптарын жүзеге асыру үшін барынша көмек көрсету тапсырылды.
Партя съезінің осы қарарын орындай отырып, РСДЖП – ның көптеген
комиттеттері сол кезеңнің өзінде – ақ студенттармен, оқушылармен байланыс
жасап, олардың өз ұйымдарын, үйірмелерін, топтарын құруға ұдайы көмектесті
және жастар арасында марксистік насихат жүргізуге, астыртын әдебиеттерді,
листовкаларды, прокломацияларды таратуына көмек көрсетті.
1905 жылғы революция басқа кеткен жоқ, ол көп миллиондаған еңбекшілер
бұқарасын қанағаттандырып, оларды самодержавиеге қарсы күреске шыңдады. Сол
революцияның баррикадаларында 1917 жылғы октябрьде тарихи жеңіске жеткен
жауынгерлер өсіп шықты.
1903 жылдан бастап, Қазақстанда шыға бастаған алғашқы социал –
демократиялық топтар өздерінің насихатшылық жұмыстарымен қазақ жастарының
саяси өмір мен күреске қатысуына ұйтқы болып, оларды орыстың революциялық
пролетариатының төңірегіне топтастырды, барлық еңбекшілердің болашақ,
жарқын өмірі жолындағы күреске жұмылдырды. Бұл жылдарда Қазақстанда
кейіннен Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің тамаша қайраткерлері
болған В.В.Куйбышев пен М.В.Фрунзе өздерінің революциялық жұмыстарын
бастады.
1903 – 1904 жылдарда В.В. Куйбышев Омскіден Петропавловскіге және
Көкшетауға большевиктік листовкалар, прокломациялар жеткізіп, оларды жастар
арасына таратуда зор жұмыс жүргізді. Ол Көкшетауда астыртын баспаханаға
ұйымдастырып, онда революциялық листовкалар басып шығарды және жастардың
ішінен революциялық үйірме ұйымдастырды. Міне, осындай жұмыстардың
нәтижесінде 1905 жылдың алғашқы жартысында Өскемен, Ақмола, Павлодар
уездерінің жастары жұмысшылар ереуілдері мен демонстрацияларына қатысты, ал
семей мен Орал жастары оқу орындарында жүріп-ақ бой көтерді.
1916 жылдың жазынан бастап Қазақстанда революциялық қозғалыс
бұқаралық сипат алды. Бұл жаппай қозғалысқа бірден-бір түрткі болған нәрсе:
қазақ, қырғыз, өзбек және басқа ұсақ ұлт жастарын тылдағы жұмысқа алу
жөніндеегі патшаның жарлығы еді. Бұл толқу көптеген аулдардың, қыстақтардың
еңбекшілерін әсіресе жастарды мол қамтыды. Көптеген жерлерде соқтығысулар,
жастардың жиналыстары өткізілді. Жастар отрядтар құрып, таулар мен
далаларға кетіп жатты. Олар сол жерлерде қару-жарақтар әзірлеп, жазалаушы
отрядтарға қарсы бас көтерді. Ауыл жастарының осындай бір өреуілі Өскемен
уезіндегі Тайыпты-тарғын болысында болып өтті.
Бұл болыстың жастары патша жарлығына бағынудан үзілді –кесілді
бастартты, сөйтіп, барлығы ұйымдасқан түрде тауға аттанды. Сол жерде отряд
ұйымдастырып, болыс басқарушыларының кеңселеріне шабуыл жасап, ондағы
жиналған қазақ жастарының тізімдерін тартып алып, жойып жіберді. Бірақ,
күш қаруы кем жастардың бұл бас көтеруі ақыры аяусыз жазаланды.
Жеңіліске ұшырағанына қарамастан, бұл көтерілістің ауыл жастарының
ішінде танып жатқан зор күштің барлығын және оны жастардың өз праволары мен
мүдделерін қорғау үшін пайдалануға болатындығын көрсетті. Осындай ереуілдер
Орал, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу және Қазақстанның басқа да бірсыпыра
облыстарында болды. Мәселен, бір ғана Жетісуда болған көтеріліскен 50 мыңға
дейін адам қатысты, олардың басым көпшілігі жастар болды.
Жетісу ацмағындағы көтерілісті басқарушылардың бірі жігерлі жас
большевик Тоқаш Бокин еді. Ол патша үкіметіне қарсы күресуші Жетісу
жастарының батыл жетекшілерінің бірі болды.
Ең бір шиеленіскен күрестің болған жері – Торғай облысы. Мұнда
Аманкелді Иманов басқарған отрядтар ерекше көзге түсті. Аманкелді отрядына
басқа облыстың көптеген жастары келіп қосылды. Қарсақпай, Бершігүр және
басқа өнеркәсіпті пунктерден де жастар лек – легімен ағылды. Қазақ
жастарының осындай революциялық көтерілістерін ұйымдастыруда большевик
Әлиби Жангельдин аса зор роль атқарды. Ол тіпті 1916 жылдың август айының
өзінде бүкіл Торғай, Ырғыз уездерінің ауыл – аймағын түгел аралып шығып,
жастарды самодержавиеге, байларға, манаптар мен молдаларға қарсы күреске
шығуға шақырды.
1916 жылғы көтеріліс царизмнің күштерін әлсіретіп, қазақ халқының
бірқыдыру бөлігінің революциялық саналарын оятты. Мұның өзі қазақ
еңбекшілерінің 1917 жылы царизм мен импереалистік буржуазияға қарсы орыс
пролетариатымен тізе қосып күресуіне алғышарт болып табылды.
Россияда болған 1917 жылғы февраль буржуазиялық – демократиялық
революциясынана кейін оның шет аймақтарында жастардың бұқаралық ұйымдарының
тууы үшін қолайлы жағдай жасады. Алғашқы революциялық жастар ұйымдары
Петроградта, Москвада, Киевте және басқа қалаларда құрылды. Бұл ұйымдар
1917 жылдың жазында большевиктердің басшылығымен аудандық, одақтық
ұйымдарға айнала бастады.
Коммунистік партия сол бір күндерде капитализмге қарсы шешуші күреске
дайындалып жатыр. Ол үшін өзінің бүкіл резервтерін жұмылдырды. Әрине, бұл
кезеңде жастарға, осы бір орасан зор күшке назар аудармауға болмайтын еді.
Сондықтан да партияның 6 съезі Жастар одақтары туралы қарар қабылданды.
Онда барлық партия ұйымдарының еңбекші жастар арасындағы жұмысқа мейлінше
назар аудару қажеттігі атап көрсетілді. Сонымен бірге, партияның 6 съезі
революциялық жастарды Коммунистік партияның төңірегіне топтастыруға
шақырды, жастар одақтарының саяси міндеттері мен сипаты көрсетілді, мұның
өзі біздің елімізде бір тұтас Коммунистік Жастар Одағын құру үшін ұйымдық
және идеялық негіз болды. 6 съезден кейін пролетарлық жастардың
революциялық қозғалысы бүкіл елде жаппай өріс алды. 1917 жылдың октябріне
дейін социалистік жастар одақтары Россияның көптеген өнеркәсіпті
қалаларында құрылып болды.
Россия жастарының артынан іле – шала революциялық күрес жолына
Қазақстан жастары да ден қойып түсті. Оралда, Ақтөбеде, Петропавловскіде,
Түркістанда революциялық жастарының үйірмелері пайда бола бастады. Бұлар
кейін комсомол ұйымдары болып құрылды. 1917 жылдың август айында майданна
қайтқан большевиктер Петропавл станциясында партия бюросын құрып, жастардың
революциялық үйірмесін ұйымдастырды. Сол жылдың 22 октябрінде Верный
қаласында Верный оқушыларының одағы ұйымдасты. Мұнда негізінен жастардың
әртүрлі тап өкілдері болды. Бұл одақтың жұмысы мәдени – ағарту сипатта
жүрді. Сол жылдың декабрь айында Ордада қазақ жастарының революциялық
комитеті құрылды.
Жастар Одақтары Октябрьдің отты күндерінде алғашқы жауынгерлік
сындардан өтті. Олар өздерінің таңдаулы күштерін Қызыл гвардия отрядтарына
жіберді. Жұмысшы бұқаралар арасында коммунистік брошюралар, газеттер тарату
жөнінде аса зор жұмыс жүргізді. Қызыл гвардия отрядтары үшін қару – жарақ
жеткізді.
Қазақстан большевиктері де жастарды осындай бүкіл дүниежүзілік –
тарихи міндеттерді шешуге әзірледі. Олар жастарды жауынгерлік дружиналарға
біріктіріп, оларды Қызыл гвардия отрядтарына жіберді.
1917 жылдың октябрінде Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңіп
шықты. Бұл тарихи жеңіс туралы хабар бүкіл Россияға жайдың оғындай тез
тарады. Барлық езілген халықтар батыл күреске шықты. Революциялық қазақ
еңбекші жастары Совет өкіметінің жағына шығып, өздеріне азаттық әперген,
бостандық және бақытты тұрмыстың кен даңғыл жолын ашқан өкіметін сүйсіне
қарсы алды.
Совет өкіметінің жеңісі революцияның алғашқы күнінен бастап бірқатар
жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл кезде барлық еңбекші жұртты жаңа
мемлекеттің құрылысына тарту қажет болды. Сондықтан да большевиктік партия
асқан табандылықпен осы істі қолға алды. Еңбекші жастар, большевиктердің
шақыруына қызуүн қоса отырып, Совет өкіметінің барлық бастамаларына белсене
қатынасты. Олар ескі мемлекеттік аппаратты құру ісіне ат салысты, жұмысшы
бақылауы органдарында жұмыс істеп, саудагерлерге, кулактар мен байлардың
бас бұзарлық істеріне қарсы аянбай күресті. Сөйтіп қазақ жастары дабүкіл
елдің өмірін социалистік жолға салу жолында партияға белсенді көмек
көрсетті.
Жастар қозғалысының қаулап, даму процесі және Қазақстанда Коммунистік
Жсатар Одақтарының құрылуы азамат соғысы мен шетел интервенциясының қызып
жатқан кезінде басталды. 1918 жылдың ноябрінде Ордада қазақ жастарының
коммунистік одағы ұйымдасты. Содан бастап, басқа да қалаларда комсомол
ұялары құрылды.
Комсомол ұйымдарын құру жөнінде бірінші Бүкілресейлік съезд (1918 жыл,
октябрь) үлкен роль атқарды. Бұл жайында Коммунистік Жастар Одағын құру
туралы РК(б)П Орталық Комитетінің белгілі хаты маңызды болды. Ол хатта
былай делінген: Жасөспірімдер – қазіргі біздің сенімді көмекшіміз және
біздің алдағы үмітіміз. Сондықтан партия ұйымдары жергілікті жерде
жастардың өзіндік принципін бұзбастан Россия Коммунистік Жастар Одағының
жергілікті ұйымдарын қалай да қолдауға тиіс, ал лоар жоқ жерде, мұндай
ұйымдардың құрылуына жағдай жасауға, жастарға лекторлық және үгітшілік
күштермен көмектесуге, олардың жұмысындағы техникалық кедергілерді жоюға,
жергілікті халық – ағарту бөлімдері арқылы Жастар Одақтарының сметаларын
көмектесуге тиіс.
Партия комитеттері жасөспірімдер ұйымдарының жұмыстарымен әруақытта
жақсы таныс болып отыру керек. Жас сәйкестігінің нормаларына қарап Россия
Коммунистік Жастар Одағына алынған партияларының барлық мүшелеріне, оның
қатарына ену және оның жұмысына белсене қатысу ұсынылады. Россия
Коммунистік Жастар Одағы жаңа, саналы коммунистер даярланатын мектеп болып
табылады. Партия ұйымдары Жастар Одақтарының өз қызметін кең көлемде және
ойдағыдай жүргізуі үшін барлық күшін жұмсауға тиіс.
Бұл хат РКСМ қатарын нығайтуда аса зор роль атқарды. Себебі,
комсомолға кірген коммунистер одақтың маркстік – ленииндік орталығының
негізін қалады. Оларды партияның төңірегіне топтастырды, жастарды еселі
еңбекпен ерлік істерге бастады.
Сол бір қызулы күрес жылдарында комсомол еңбекші жастарды Отан
қорғауға, Октябрь революциясының жеңістерін қорғауға жұмылдырды. Жүздеген
мың жігіттер партияның шақыруымен қолдарына қару алып Қызыл армияның
қатарына лек – легімен қосылды. Олар колчактың, Дутовтың, Анненковтың ақ
бандаларына қарсы болған ұрыстарда асқан ерлікпен шайқасты. Оренбургті
Ақтөбені, Орданы, Оралды және басқа қалаларды олардың қанды шеңгелінен аман
сақтап қалды. Сондағы кейбір полктер негізінен ауыл мен село лардан келген
жастар есебінен жасақталды. Азамат соғысы жылдарында Торғай, Орал облыстары
мен Бөкей ордасында қазақ әскери бөлімшелері : төрт атты әскер полкі, 11
жеке атты әскер отряды, үш атқыштар полкі, үш рота, үш батарея жасақталды.
Бұл бөлімшелер мен эскадрондарды жасақтау ісінде тағы да Әліби Жанкелдин
Елеулі үлес қосты. Тек қана Торғай облысында Ә.Жанкелдиннің тікелей
басшылығымен ерікті үш атты әскер эскадроны жасақталды.
Азамат соғысының тарихына Бөкей облысында құрылған тұңғыш қазақ атты
әскер полкы даңқты беттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Сахнадағы өртті сөндіру
Титан қожын хлорлау
Тұтану катушкаларының ұшқын тұтану қозғалтқышында жұмыс істеуі
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы
Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткішін анықтау
Өрттен қорғануды ұйымдастыру. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері
Шымкент қорғасын зауытында сульфитті қорғасын қоспаларын агломерациялау үрдісінің әуе-газ режимін автоматтандыру жүйесін жасау
Жиһаз өнеркәсібі
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Пәндер