Үстеме шығындарды есепке алу мен оларды бөлудің әлемдік әдістемесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.1 Үстеме шығындардың жалпы сипаттамасы және құрамы ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Үстеме шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Үстеме шығындарды бөліп таратудың әлемдік әдістемесі ... ... ... ... ... . 8
1.4 Үстеме шығындарын басқару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді. Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады. Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.
Кәсіпорын үстеме шығындарының есебін жүргізуде келесідей мәселелерді шешеді:
• Негізгі үстеме шығындардың пайда болу көздерін анықтау;
• Шығындарды азайту себептерін анықтау;
• Үстеме шығындардың сметасы мен бюджетін жасау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтау;
• Үстеме шығындардың динамикасын бақылау[4, 56 б.].
Үстеме шығындарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі мәселелер туындайды:
1. Өндірістің табыстылық бағасы мен әрбір өнімді өткізу деңгейі;
2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;
3. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау.
Үстеме шығындарды басқару есебін бақылаудың бір нұсқасы АВС-талдау бойынша жүргізіледі.Бұл әдіс неғұрлым қарапайым, әрі жеңіл. АВС-талдау әдісі үстеме шығындарды таратуда келесі принципке сүйенеді: шығындардың пайда болу көздерінің аз ғана мөлшері салыстырмалы түрдегі шығындар құнының көптігін көрсетеді.Үстеме шығындармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:
• шығындарды тікелей және үстеме шығындарға бөлу – бұл әр кезде оңай бола бермейді, себебі шығындардың кейбір түрі тікелей және жанама шығындарға жатады.
• үстеме шығындар тұрақты болып келеді;
• шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.
Үстеме шығындарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру шығындары жатады [8, 62 б.].
1. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 07.12.2015 № 620 бұйрығы.
2. Друри К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 9, 2013.
3. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2012.
4. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова М: Финансы и статистика, 2012.
5. Аврова И.А. Управленческий учет. – М.: Бератор-Пресс, 2012.
6. Карпова Т.П. Управленческий учет. Учебник для вузов. 5-ое изд. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2013.
7. Кондратьева Н.С. Основы управленческого учета: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2013.
8. Управленческий учет: Учебное пособие/Под ред. А.Д. Шеремета-М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2013.
9. Кукукина И.Г. Управленческий учет: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2014.
10. Тайгашинова К. Басқарушылық есеп. – Алматы; Экономика, 2013.
11. Тасмағамбетов Т. Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2014.
12. В.Л.Назарова; М.С.Жапбарханова; Д.А.Фурсов; С.Д.Фурсова “Басқару есебі”. Оқулық. Алматы, Экономика 2012.
13. Абдрахманова Г. “Введение в управленческий учет”; Главбух – 2014.
14. Тасмагамбетов Т.А. “Басқарушылық есеп” 2012 ж
15. Мамыров “Шаруашылық жүргізу субъектісіндегі бухгалтерлік есеп” Алматы 2015
16. Сәтмырзаев А.А.“Басқару есеп жүйесіндегі калькуляциялау әдістерінің кейбір мәселелері”. Банки Казахстана 2015 .

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Басқару есебі -1

Тақырыбы: Үстеме шығындарды есепке алу мен оларды бөлудің әлемдік
әдістемесі
Мамандық 5В050800 Есеп және аудит

Орындаған:
студент УА-31к Балмуханбет Ш.М

Ғылыми жетекші:
э.ғ.к.,профессор Сагнаевна К.М.

Қарағанды 2016 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Үстеме шығындардың жалпы сипаттамасы және 4
құрамы ... ... ... ... ... ...
Үстеме шығындар 6
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
1.3 Үстеме шығындарды бөліп таратудың әлемдік 8
әдістемесі ... ... ... ... ... .
1.4 Үстеме шығындарын басқару 18
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазіргі басқару есебі шығындарды басқаруды қаржылық жауапкершілік
орталығын бюджеттендіру және басқару негізінде жүзеге асыруды көздейді.
Соған байланысты кәсіпорында әр қаржылық орталыққа жеке бюджет жасалады.
Қаржылық орталықтың бюджеттері кәсіпорын бюджетіне бірігеді.
Кәсіпорын үстеме шығындарының есебін жүргізуде келесідей мәселелерді
шешеді:
• Негізгі үстеме шығындардың пайда болу көздерін анықтау;
• Шығындарды азайту себептерін анықтау;
• Үстеме шығындардың сметасы мен бюджетін жасау үшін негізгі көрсеткіштерді
анықтау;
• Үстеме шығындардың динамикасын бақылау[4, 56 б.].
Үстеме шығындарды бөлуді басқару шешімдерін қабылдау тұрғысынан
қарастыратын болсақ, онда келесі негізгі мәселелер туындайды:
1. Өндірістің табыстылық бағасы мен әрбір өнімді өткізу деңгейі;
2. Компанияға қай өнім түрі көбірек пайда түсіреді;
3. Шығарылатын өнім ассортиментін өзгерту туралы шешім қабылдау.
Үстеме шығындарды басқару есебін бақылаудың бір нұсқасы АВС-талдау
бойынша жүргізіледі.Бұл әдіс неғұрлым қарапайым, әрі жеңіл. АВС-талдау
әдісі үстеме шығындарды таратуда келесі принципке сүйенеді: шығындардың
пайда болу көздерінің аз ғана мөлшері салыстырмалы түрдегі шығындар құнының
көптігін көрсетеді.Үстеме шығындармен байланысты негізгі мәселелерді
қарастыруға болады:
• шығындарды тікелей және үстеме шығындарға бөлу – бұл әр кезде
оңай бола бермейді, себебі шығындардың кейбір түрі тікелей және
жанама шығындарға жатады.
• үстеме шығындар тұрақты болып келеді;
• шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.
Үстеме шығындарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру
шығындары жатады [8, 62 б.].

1. Үстеме шығындардың жалпы сипаттамасы және құрамы

Үстеме шығындар – негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастыру
шығындары, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсетумен байланысты шығындар.
Үстеме шығындарды бөлудің негізгі бағыттары:
• ақырғы өнімнің нақты құнын анықтау;
• қолданылған ресурстарды бөлу;
• жұмыскерлердің шығындарын қысқарту;
• сыртқы пайдаланушылар үшін шығындар мен кірістерді салыстыру.
Үстеме шығындармен байланысты негізгі мәселелерді қарастыруға болады:
• шығындарды тікелей және үстеме шығындарға бөлу – бұл әр кезде оңай
бола бермейді, себебі шығындардың кейбір түрі тікелей және жанама
шығындарға жатады.
• үстеме шығындар тұрақты болып келеді;
• шығындарды ақырғы өнім арасында дұрыс бөліп тарату.
Үстеме шығындарға өндірісті басқару, қызмет көрсету және ұйымдастыру
шығындары жатады. Бірінші кезекте олар мыналармен байланысты:
✓ аналитикалық шоттардың шығындар түрімен (жал төлемі,қызмет көрсету,
еңбекақы);
✓ бақыланатын шығындар орталығымен (өндірістік цех).
Үстеме шығындар құрамына мыналар кіреді:
1. Жалпы өндірістік шығындар - өндірістік жабдықтарды пайдалану және
күтіп ұстау шығындары;
2. Өндірістік қажеттерге пайдаланылатын қосымша материалдардың барлық
түрлері;
3. Жұмысшылардың еңбекақысы. Цех персоналына, өндірістік құрал-
жыбдықтарға қызмет көрсететін жұмыскерлерге есептелген еңбекақы;
4. Еңбекақыдан аударымдар;
5. Негізгі құралдарды жөндеу. Бұл шығындар түріне жалпы өндірістік
мақсатқа арналған өндіріс құрал-жабдықтары мен негізгі құралдарды
жөндеу шығындары кіреді.
6. Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің
амортизациясы;
7. Коммуналдық қызметтер. Бұл шығындарға жалпы өндірістік мақсаттарға
арналған негізгі құралдар мен өндірістік құрал-жабдықтардың жұмыс
істеуі үшін тұтынылған электр қуатының, судың, жылудың,т.б.құны
кіреді.
8. Жалгерлік ақы - өндірісте қолданылатын негізгі құралдарды жалдау
бойынша төленетін жалгарлік ақы сомасы;
9. Өзге де шығындар [3, 78-79 бб.].
Өндірістік шығындардың синтетикалық есебі 8410 “Үстеме шығындар”
шотында жүргізіледі. Бұл активті жинақтаушы, таратушы шот болып саналады.
Бұл шоттың құрамында мынадай шоттар ашылады: 84101 - “Негізгі өндірістің
үстеме шығындары”, 84102 - “Көмекші өндірістің үстеме шығындары ”[1]
Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету,
ұйымдастыру шығындары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік
буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық
ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығындар кешенді
баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын
өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады.

1.2 Үстеме шығындардың есебі

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті басқару, қызмет көрсету,
ұйымдастыру шығындары. Олар бөлімше, цех, өндіріс сияқты өндірістік
буындарда пайда болады. Бұл шығындардың арналымы, сипаты және функционалдық
ролі өндіріспен байланысты. Жалпы өндірістік үстеме шығындар кешенді
баптардан тұрады және есепті мерзім соңында өнім түрлері бойынша, дайын
өнім мен аяқталмаған өндіріс бойынша бөліп таратылады. Жалпы өндірістік
үстеме шығындар 8410 “Үстеме шығындар” шотында есептеледі. Субсчет 84103 -
“Жалпы өндірістік шығындар” шоты. Сонымен қатар 8410 шотына бірнеше
транзиттік шоттар ашылады:
8411 - “Материалдар”
8412 - “Цех персоналының еңбекақысы”
8413 - “Еңбекақыдан аударымдар”
8414 - “Негізгі құралдарды жөндеу”
8415 - “Негізгі құралдардың тозуы”
8416 - “Коммуналдық қызметтер”
8417 - “Жалгерлік ақы”
8418 - “Өзгелер” [1].
№2 “Қорлар” ХҚЕС бойынша үстеме шығындар екі түрге бөлінеді.
1. Тұрақты өндірістік үстеме шығындар
2. Айнымалы өндірістік үстеме шығындар.
Тұрақты өндірістік үстеме шығындар өңдеу бойынша шығындарға бөлу және
өндірістік қуаттылықтың қалыпты өнімдеріне негізделеді және бұл шығындар
өнім көлеміне байланысты емес. Өндіріс көлемі өзгерсе де, тұрақты
өндірістік үстеме шығындар өзгерусіз болып қалады. Бұл шығындарға мыналар
жатады:
• Негізгі қорлардың амортизациясы,
• Ғимараттар мен жабдықтарға есептелген амортизация;
• Өндірістік басқару шығындары.
Айнымалы өндірістік үстеме шығындар өндіріс көлеміне тікелей
байланысты, тәуелді болатын өндірістік шығындар. Бұларға жалпы өндірістік
қажеттерге жұмсалатын материалдар және цех персоналының еңбекақысы жатады.
Жалпы өндірістік шығындарды бөліп тарату белгілі бөлу базасы негізінде
жүзеге асырылады. Отандық тәжірибеде мынадай бөлу базалары қолданылады:
1.Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы;
2.Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы мен өндірістік құрал
жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары;
3.Өнімнің, жұмыстың, қызметтің цехтық өзіндік құны.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс жабдықтарын ұстап тұру және
пайдалануүшін өндіріс шығындарының ерекше түрдегі есебі қажет. Бұл
шығындарды 8410 - “Үстеме шығындар” шоты құрамында “Өндіріс жабдықтарын
ұстап тұру және пайдалану бойынша шығындар” атты субшот ашылады. Өндірістік
құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап тұру шығындарына мыналар жатады:
1. Жанар-жағармайлардың құны;
2. Өндірістік құрал-жабдықтың тозуы;
3. Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
4. Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
5. Еңбекақыдан аударымдар;
6. Электр қуаты, бу мен судың құны;
7. Көмекші өндірістің қызметі;
8. Басқа да шығындар [1].

1.3 Үстеме шығындарды бөліп таратудың әлемдік әдістемесі

Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер, олар
оң және кері әсер етуі мүмкін. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер
етеді және олар үстеме шығындарды ақырғы өнім арасында бөлуге бағытталған.
Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:
1. Өндірілген өнім көлемі
2. Жұмыс – сағат
3. Машина – сағат
4. Бастапқы шығындар
5. Материалдық шығындар
6. Еңбек шығындары [2, 16 б.].
Тарату әдістерінің барлығы дерлік үстеме шығындардың пропорционалды
және прпорционалды емес тарату әдістеріне бөлінеді.
Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде
шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығындарды
тарату коэффициенттері анықталады. Бұл коэффициент таратуға негізделген
шығындардың жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған соммалық факторға
бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үстеме шығындарды пропорционалды
бөліп тарату үшін қолданылады [5, 97 б.].
Мысал А – Кеңсе заттары.
Компания кеңсе заттарына (қағазды қоса алғанда) айына 1 200 мың теңге
шығын жұмсайды. Компанияда екі бөлімше бар, олардың компания табысындағы
үлестері 30% және 70%.

Бөлімше Табыс (мың тг.) Табыстан алынатын Шығындарды бөліп
% тарату
Бөлімше 1 70 000 70 % 1200*0,7=840
Бөлімше 2 30 000 30 % 1200*0,3=360
Барлығы 100 000 100 % 1200

1 кесте. Кеңсе заттары шығындарын бөліп тарату

Мысал Б. - Жал төлемі.
Жал төлемі көлемге байланысты бөліп таратылады.
Жал бойынша шығындар (мың тг.) 6 000
1 м2 кеткен жалдау бойынша шығындар 24
Аудан (м2) 250.
Компанияның 1-ші бөлімшесі 200 м2 ауданды, ал 2-ші бөлімшесі 50 м2
ауданды алып жатыр. Жал бойынша шығындарды тарату төмендегідей болады.

Бөлімше Алып жатқан аудан Шығындарды бөліп тарату
Бөлімше 1 200 кв.м 200*24=4 800
Бөлімше 2 50 кв.м 50*24=1 200
Барлығы 250 кв.м 6 000

2 кесте. Жал бойынша шығындарды тарату
Бөліп таратудың әр түрлі коэффициенттерін қолдану мысалдары.
Мың.тг. Қосымша
берілгендер
Материалдар 100 000
Жұмыс-сағат 75 000
Еңбек 150 000
Машина-сағат 50 000
Алғашқы шығындар 250 000
Өндіріс көлемі50 000
Үстеме шығындар 150 000
Барлық шығындар 400 000

3 кесте. Дәрі шығаратын кәсіпорынның 31-ақпанға жасалған бухгалтерлік
жазулары

Үстеме шығындарды бөліп таратудың алты коэффициентін қарастырамыз.
Жалпы өндіріс көлемі 50 000 бірлік болғанда 3 000 бірлікке жұмсалатын
үстеме шығындарды бөліп тарату. Бұл партияға материалдық шығындар 5 000 мың
тг., еңбек шығындары 6 000 мың тг., (1 сағ.-2000 тг.), машина сағат – 500.

Өндірілген өнім Үстеме шығындаржалпы өнім 150 00050 000 3
көлемінің көлемі
коэффиценті
Жұмыс сағатының Үстеме шығындаржалпы жұмыс 150 00075 000 2
коэффиценті сағаты
Машина-сағат Үстеме шығындаржалпы 150 00050 000 3
коэффициенті машина-сағат саны
Бастапқы шығындар Үстеме шығындарбастапқы 150 000250 000* 60%
проценті шығындар сомасы*100% 100%
Материалдық Үстеме шығындарматериалдық 150 000100 000* 150%
шығындар проценті шығындар*100% 100%
Еңбекақы Үстеме шығындареңбек 150 000150 000* 100%
шығындарының шығындары*100% 100%
проценті

4 кесте. Үстеме шығындарды бөліп таратудың коэффициенттері
Коэффициенттер негізінде үстеме шығындарды бөлу
Шығару Жұмыс Машина Бастапқы МатериалдарЕңбек
көлемі сағат сағат шығындар
Материалдар 5 000 5 000 5 000 5 000 5 000 5 000
Еңбек 6 000 6 000 6 000 6 000 6 000 6 000
Бастапқы 11 000 11 000 11 000 11 000 11 000 11 000
шығындар
Үстеме 9 000 6 000 1 500 6 600 7 500 6 000
шығындар
Барлық 20 000 17 000 12 500 17 600 18 500 17 000
шығындар
Жұмыс -сағат 3 000 3 000 3 000 3 000 3 000 3 000
Машина- сағат 500 500 500 500 500
500
Өнім көлемі 3 000 3 000 3 000 3 000 3 000 3 000

5 кесте. Өндіріс көлемін 3 000 бірлікке келетін партия шығындарын
берілген коэффициенттер арқылы бөлу
5 кестеде көрсетілген шығындар берілген коэффициенттер арқылы бөлудің
коэффициентін кәсіпорын бір өнім түрін немесе бірнеше өнім тобын өндіргенде
қолданады.
Жұмыс-сағат пен машина-сағат коэффициенті үстеме шығындар мен уақыт
арасындағы байланыста көрсетіледі. Егер кәсіпорында адам еңбегі көп
қолданылатын болса, жұмыс-сағат коэффициентін, ал автоматтандырылған
технология қолданылатын болса, машина-сағат коэффициентін пайдалану ыңғайлы
болып табылады .
Шығындар пайызы – алғашқы, материалдық және еңбек шығындарының пайызы –
бұл шығындар үстеме шығындармен тәуелді болғанда қолданылады [15, 87-89
бб.].
Коэффициенттерді анықтаудың схемасы төмендегідей:

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын бөліп тарату 4 әдіс
арқылы жүргізіледі.
1. Тікелей әдіс;
2. Қадамдық әдіс;
3. Қайта бөлу әдісі;
4. Теңдіктер жүйесі әдісі[12, 47 б.].
Бөліп тарату әдісіне мысал: Компания 4 бөлімшеден тұрады. Оның екеуі
өндірістік – Х, У, екеуі қызмет көрсету – А және В бөлімшелері. Осы
бөлімшелер арасындағы қарым қатынас келесідей болады.
Бөліп тарату базасы А В Х У Барлығы
А бөлімшесі 0 % 20% 50% 30% 100%
В бөлімшесі 50% 0% 10% 40% 100%

А және В бөлімшелерінде 10 000 теңге үстеме шығындарын Х, У бөлімшелері
арасында әр түрлі әдістер арқылы бөліп таратуды қарастырамыз.
1.Тікелей бөлу әдісі – бұл әдіс өзара қызмет көрсетуші бөлімшелердің
шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында қолма қол бөліп таратумен
сипатталады.
Бөліп тарату А В Х У Барлығы
базасы
А бөлімшесі 0 0 50% 30% 80%
В бөлімшесі 0 0 10% 40% 50%
А В Х У Барлығы
Шығындар 10 000 10 000 0 0 20 000
А бөлімшесі -10 000 0 6 250 3 750 0
В бөлімшесі 0 -10 000 2 000 8 000 0
Бөліп тарату 0 0 8 250
нәтижесі

2.Қадамдық әдіс – бұл әдіс бойынша шығындар сомасы басым бөлімшенің
шығындарын алдымен бөлуден басталады. Аталған шығындар бөлімшелер арасында
көрсетілетін қызметке пропорционалды бөлінеді. Ал басқа қалған қызмет
көрсетуші бөлімшелердің шығындары тек өндірістік бөлімшелер арасында
бөлінеді.
Бірінші нұсқа.
Бөліп тарату А В Х У Барлығы
базасы
А бөлімшесі 0% 20% 50% 30% 100%
В бөлімшесі 0% 0% 20% 80% 100%
А В Х У Барлығы
Шығындар 10 000 10 000 0 0 20 000
Қадам 1
А бөлімшесі -10 000 2 000 5 000 3 000 0
0 12 000 5 000 3 000 20 000
Қадам 2
В бөлімшесі 0 -12 000 2 400 9 600 0
Бөліп тарату 0 0 7 400 12 600 20 000
нәтижесі

Екінші нұсқа.

Бөліп тарату А В Х У Барлығы
базасы
В бөлімшесі 50% 0% 10% 40% 100%
А бөлімшесі 0% 0% 62,5% 37,5% 100%
А В Х У Барлығы
Шығындар 10 000 10 000 0 0 20 000
Қадам 1
В бөлімшесі 5 000 -10 000 1 000 4 000 0
15 000 0 1 000 4 000 20 000
Қадам 2
А бөлімшесі -15 000 0 9 375 5 625 0
Бөліп тарату 0 0 10 375 9 625 20 000
нәтижесі

3.Қайта бөлу әдісі - әр қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме
шығындарын кезек бойынша өндірістік және қызмет көрсетуші бөлімшелер
арасында пайдаланудың бағалық деңгейі негізінде бөліп тарату. Бұл процесс
үстеме шығындардың сомасы ең аз мөлшерге жеткенге дейін қайталанады.

Бөліп тарату базасы А В Х У Барлығы
А бөлімшесі 0 % 20% 50% 30% 100%
В бөлімшесі 50% 0% 10% 40% 100%
А В Х У Барлығы
1-бөлу
Шығындар 10 000 10 000 0 0 20 000
А бөлімшесі -10 000 2 000 5 000 3 000 0
В бөлімшесі 5 000 -10 000 1 000 4 000 0
5 000 2 000 6 000 7 000 20 000
2-бөлу
Шығындар 5 000 2 000 6 000 7 000 20 000
А бөлімшесі -5 000 1 000 2 500 1 500 0
В бөлімшесі 1 000 -2 000 200 800 0
1000 1 000 8 700 9 300 20 000
3-бөлу
Шығындар 1 000 1 000 8 700 9 300 20 000
А бөлімшесі -1 000 200 500 300 0
В бөлімшесі 500 -1 000 100 400 0
500 200 9 300 10 000 20 000
4-бөлу
Шығындар 500 200 9 300 10 000 20 000
А бөлімшесі -500 100 250 150 0
В бөлімшесі 100 -200 20 80 0
100 100 9 570 10 230 20 000
5-бөлу
Шығындар 100 100 9 750 10 230 20 000
А бөлімшесі -100 20 50 30 0
В бөлімшесі 50 -100 10 40 0
50 20 9 630 10 300 20 000
6-бөлу
Шығындар 50 20 9 630 10 300 20 000
А бөлімшесі -50 10 25 15 0
В бөлімшесі 10 -20 2 8 0
10 10 9 657 10 323 20 000
7-бөлу
Шығындар 10 10 9 657 10 323 20 000
А бөлімшесі -10 2 5 3 0
В бөлімшесі 5 -10 1 4 0
5 2 9 663 10 330 20 000
8-бөлу
Шығындар 5 2 9 663 10 330 20 000
А бөлімшесі -5 1 2,5 1,5 0
В бөлімшесі 1 -2 0,2 0,8 0
1,00 1,00 9 666 10 332 20 000
9-бөлу
Шығындар 1 1 9 666 10 332 20 000
А бөлімшесі -1 0,2 0,5 0,3 0
В бөлімшесі 0,5 -1 0,1 0,4 0
0,50 0,20 9 666 10 333 20 000
10-бөлу
Шығындар 0,50 0,20 9 666 10 333 20 000
А бөлімшесі -0,5 0,1 0,25 0,15 0
В бөлімшесі 0,1 -0,2 0,02 0,08 0
Бөліп тарату нәтижесі0 0 9 667 10 333 20 000

4.Теңдіктер жүйесі әдісі-бұнда тұтыну бағамы математикалық теңдік
түрінде көрсетіледі.
Бөлу базасы А В Х У Барлығы
А бөлімшесі 0% 20% 50% 30% 100%
В бөлімшесі 50% 0% 10% 40% 100%

Бұған сәйкес теңдіктер жүйесі келесідей болады:
А=10 000+0,5В
В=10 000+0,2А
В= 10 000+0,2 (10 000+0,5В)=10 000+2 000+0,1В=12 000+0,1В
В=12 000(1-0,1)=12 0000,9=13 333
А=10 000+0,5*13 333=16 667.
А В Х У Барлығы
Бөлуге 16 667 13 333 30 000
Шығындар 10 000 10 000 0 0 20 000
А бөлімшесі -16 667 3 333,3 8 333,25 4 999,95 0
В бөлімшесі 6 666,5 -13,333 1 333,30 5 333,20 0
Бөліп тарату 0 0 9 667 10 333 20 000
нәтижесі

А В Х У Барлығы
Тікелей әдіс 0 0 8 250 11 750 20 000
Қадамдық әдіс
Бірінші нұсқа 0 0 7 400 12 600 20 000
Екінші нұсқа 0 0 10 375 9 625 20 000
Қайта бөлу әдісі 0 0 9 667 10 333 20 000
Теңдіктер жүйесі 0 0 9 667 10 333 20 000
әдісі

6 кесте. Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістерін салыстыру
Аталған әдістердің әрқайсысы әр түрлі нәтиже береді. Үстеме шығындарды
бөлу әдістерін дұрыс таңдау нәтиженің нақтылығына ғана емес, сондай-ақ
бөліп таратудың нақты схемасына, компанияның құрылымы мен өнімнің
ассортиментіне де байланысты.
Әдіс Әдістің мақсаты Артықшылықтары Кемшіліктері
Тікелей бөліп Қызмет көрсетуші Қарапайымдылығы Қызмет көрсетуші
тарату әдісі бөлімшелердің бөлімшелердің бір
шығындарын біріне жасаған
өндірістік қызметі есепке
бөлімшелерге тура алынбайды, нақты
бөліп тарату емес
Қадамдық бөліп Қызмет көрсетуші Тікелей әдіске Күрделі
тарату әдісі бөлімшелердің қарағанда неғұрлым
шығындарын қадам нақтырақ
бойынша тарату
Қайта бөлу Үстеме шығындардың Максималды нақты Есептеудің көп
әдісі мөлшерін минималды қайталануы
деңгейге жеткізу
Теңдіктер Сызықты теңдіктер Максималды нақты Математикалық
жүйесі әдісі жүйесі негізінде есептеуге күрделі
бөліп тарату әрі қиын
Өзара бөліп Теңдіктер жүйесі Максималды нақты Математикалық
тарату әдісі негізінде бөліп есептеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеме шығындар
Өнімнің өндірістік құнын калькуляциялау
Ұйымның шығыстарының есебі
Шығындар түсінігі, есебі және талдауы.
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Мұнай дайындау қондырғылары
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Тауарлы балықтарды өсіру
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Өндірістік шығындарды есепке алу әдістері
Пәндер