Мемлекеттік дума


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы : МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 1 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ . . . 9

1. 1 Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және

казақ зиялылары . . . 9

1. 2 Ресейдің отаршылдық саясаты және қазақ халқы өміріндегі рухани

өзгерістер . . . 20

2 МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ

ҚЫЗМЕТІ . . . 30

2. 1 Мемлекеттік Дума: мәні жөне мазмұны . . . 30

2. 2 Дала және Түркістан өлкелерінен Мемлекегтік Думаға

депутаттыққа сайланған кайраткерлердің тағдыры . . . 50

2. 3 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және жер-су мәселесі . . . 68

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Казақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал одан бір жыл бұрын 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің терең құқықтық сипаты бар Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы зор кұжат - Декларация кабылданды. Сөйтіп, біздің мемлекетіміз осыған дейін кей ретте аумақ көлемі, тұрғындарының саны, санаткерлік қуаты жағынан өзінен әлдеқайда төмен болса да саяси салиқалықық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды.

Тәуелсіздікті жариялаумен бірге Декларация шалғай және таяу көршілермен қатынастың жаңа үлгілерін орнатып, ұлтгық мемлекеттілікті қорғау, сақтау және нығайту жөніндегі жан-жакты сипатгағы шараларды белгіледі, билікті бөлу қағидаларын, меншіктің көп нысандарын, саяси және идеологиялық плюраллизм, азаматтардың құқыктары мен еркіндігінің кепілдіктері жайлы тұжырымдар жариялады. Біздің мемлекетіміз алғашқы кадамдарынан бастап, бүкіл әлемде танылған саяси-құқықтық принциптерге сүйеніп өмір сүре бастады.

Осы жылдар кезінде саяси сахнаға бірнеше Жоғарғы Кеңес, Парламент келді. Жаңа Конституция қабылданды. Казақстан тарихындағы тұңғыш кәсіби заң шығарушы орган - XIII сайланған Жоғарғы Кеңес пен оның орнына келген қос палаталы Парламенттің депутаттарын ойландырған мәселелер аз болған жоқ. Соның бір сауалы - Казақстандағы заң шығару қызметінің бастау көзі кайда? Ол неден басталады? Заң шығару қызметіне қатысқан алғашқы заңгерлер кімдер еді? Олар туралы не білеміз? - деген сауалдарға жауап беру ойға алынды.

Өлкенің қателіктерінен сабақ алу. Ресей империясының ұлан-ғайыр жер аумағындағы өзіндік ерекшелігі мол сайлау жүйесінің тетігін қадағалаудың, Мемлекеттік Дума депутаттарының заң шығару қызметін, монархиялық құрылыс жағдайындағы өкілді және атқару органдарының өзара катысы мен бір-біріне ықпалын зерттеудің бүгінгі кәсіби парламентін қалыптастырып отырған Казақстан үшін маңызы аса зор. Сонымен қатар, Ресейдегі парламентгің өмірге келуіне пәрменді ықпал еткен 1905-1907 жылдардағы демократиялық революцияның дүмпуі нәтижесінде күллі жұртшылықтың сайлауы арқылы кұрылатын Заң Кеңесін шақыру жөніндегі 1906 жылғы бастама империяны мекендеген халықтар мен шет аймақтағы қазақгар үшін де тарихи аса маңызды оқиға болды.

Дала және Түркістан өлкелері тұрғындарының булыгиндік, виттелік сондай-ақ үшінші маусымдық заңдарды қамтитын Думаларға катысуының елдегі демократиялық өзгерістерді іске асырудағы маңызы айрыкща болатыны анық еді. Бірақ, бұл халықтар сайлауға катысуға тең кұқық ала алмады. Олардан сайланатын адамдардың саны мейілінше шектеулі болды. Соның өзінде елде демократиялық өзгерістерге бетбұрыстың басталғаны оған шет аймақтағы халықтардың қатысу мүмкіндігі бар екені сезіле бастады. Метрополиядағы, яғни Ресейдегі орыс халқының озық ойлы зиялылары да, отар болып бодандық қамытын киіп отырған шет аймақтағы халықтардың өкілдері - қазақ зиялылары да жеке-дара ел билеудің келмеске кетіп бара жатқанын түсінді.

Егемен Қазақстанды құру жағдайында ұлтгық сананың қалыптасуы, қазақ этносының тарихи өткенін зерделеудің мейлінше қажеттілігін танытады. Соңғы кезге дейін казақ этносының тарихы жекелеген индивидиумдар мен тарихи үрдістер субъектілері түрғысынан қаралған жоқ.

Осы түрғыдан қарағанда, ақтаңдақтарды анықтап, өткеніміз бен кеткенімізге, кешегіміз бен бүгінгімізге талдау жасаған кезде Ресейдің І-ші және П-ші Мемлекеттік Думаларына депутат болған казақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын талдап, зерттеудің маңызы зор. Думадағы әрбір қазақ депутаттарының қоғамдық-саяси қызметі ұлттық тарихымыздың құрамдас бөлігі болып табылады.

- көп жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйе зерттеуші-ғалымдарымызға шет елдерді айтпағанда, өз еліміздегі қажетті кұжаттармен танысу мүмкіндігіне шектеу жасап, тыйым салынды;

- І-ші және П-ші Ресей Мемлекеттік Думасын, оған қатынасқан қазақ депутаттарының қызметтерін, көзқарастары мен ұстанған бағыттарын талдап, олардың кейінгі күрделі де қайшылықты тағдырларын зерттеу қажеттілігі, елімізде жүріп жатқан бүгінгі саяси-әлеуметтік мәдени-рухани ахуалға, қоғамдағы жаңғыру, жаңаруға тікелей байланысты және үндес. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі елеулі оқиға:

- Мемлекеттік Думаның мәнін және мазмұнын ашу, ондағы қазақ депутаттарының сөз сөйлеу мәселесінің ішкі жүйесін көрсету;

- жер-су мәселесіндегі Дума депутаттарының көзқарастарын арнайы талдау.

Алға койылған міндеттерді жан-жақты шешу - қазақ қоғамының ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік даму эволюциясының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл мүмкіндік бүгінгі мемлекеттік биліктің белгілері мен кызметі жайлы тұжырымдар жасауға, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін және қоғамды демократияландырудың қиыншылықтарын өткендегі тәжірибе негізінде шешуге жол ашады деген ойдамыз.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбсрі. ХХ- ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думадағы саяси қызметтерінің кезеңдері қамтылады.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазакстан тарихындағы "ақтаңдақтардың" бірі болып келген бұл мәселеге еңбекте бұрынғыдай таптық немесе үлттық көзкарас тұрғысынан емес, жаңаша жалпы адамзаттық түрғыдан баға беріледі;

- Бітіру жүмысында Думадағы қазақ депутаттарының саяси қызметтерін бүгінгі уақыт талабына сай тарихи-ғылыми жағдайда жан-жақты ашып көрсетуге әрекет жасалды. Осыған байланысты бұл енбектің тоталитарлық жүйе жылдарында жазылған зерттеулерден өзіндік ерекшелігі бар еңбектер мүмкіндігінше қарастырылады.

Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елде демократия орнап, бұрынғы бір жақты, әміршіл идеологиядан арылып, халқымыздың төл тарихын жаңаша көзқараспен жазу қолға алына бастаған шакта оның "ақтаңдақ" беттерін жан-жақты ашып көрсету, біздің ойымызша, тарихилық, ғылыми объективтілік және жүйелілік тәрізді принциптерге, сыншыл талдауға сүйенеді.

Тарихи салыстырма әдістерін пайдалана отырып, такырыбымызға байланысты көтерілген мәселелерді талқылау барысында еліміздің тарихындағы айқындалған ойларды бағытқа алуға ұмтылдық.

Бітіру жұмысының деректемелік көздері. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ұлттық тарихымыздың "ақтаңдақ" болып келген беттерін, оның қатарында Ресей Мемлекеттік Думаларындағы қазақ депутаттарының саяси қызметтері мен оның деректемелік негіздерін қайтадан жан-жақты қарастыруға мүмкіндіктер туды. Зерттеу жұмысымызда төмендегідей деректемелік негіздерге сүйендік:

- Патша үкіметінің ресми ұйымдарының Дума сайлауы қарсаңындағы

қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;

- жеке адамдар жасаған кұжаттар, еңбектер, естеліктер, шығармалар, туындылар;

Бітіру жұмысының тарихнамасы. 1905-1906 жылдардағы Ресейдегі Дума саясатына қатысты зерттеулерді талдау, жүйелеу жүмыстарына және оған баға беруге бүған дейін жазылған тарихнамалық еңбектер 1 айтарлықтай көмек береді.

Ғасыр басындағы Ресейдін, Мемлекеттік Дума саясатының Қазақстан сияқты шет аймақтағы отар елдің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және империяға қараған халықтардың экономикалық даму үрдісі кезінде Думаның өз тарапынан реакциялық, монархиялық, либералдық деп бағаланғаны туралы жазылған зерттеулерден белгілі. Жеке-дара басқарушы өкімет билігін сақтауды жақтайтын көзқарастағы еңбектер де жоқ емес.

Оңшылдардың жетекшілерінің бірі А. А. Башмаков "Сайлау жүйесінде партиялық үгіттің пәрменді ықпалы, әрі шет аймақтағы орыс емес халықтарға тигізетін кері әсері" [16] деген еңбегін жазды.

Либералдық тарихнаманың көлемі де едәуір баршылық. Осы бағыттағы саясаткерлер Дума Ресей халықтарының тағдырын шешеді, немесе осы мақсатқа барар жолдағы басқару әдісі деген уәждерін айтты. Сөйтіп, Думаның орыс емес халықтар өміріндегі рөлі мен маңызын барынша көтермелеп, бағалауға тырысты. Ресейді мекеңдеген күллі орыс емес бөгде ұлттар мен ұлыстарға тек «Халықгар бостандығы» партиясы тарапынан ғана сүйеніш пен қолдау табатындығы түсінікті болуы қажет - деп жазды .

І-ІІ-ші Мемлекеттік Думаның жұмысына және оның қызметінің сан алуан қырына орыс тарихнамасы түрліше баға береді.

Мәселен, А. Русов "Народно-социалистическое начало в государственном строе и при выборах депутатов в представительное учреждение" [16] атты монографиясында патшалық сайлау заңдарының мазмұнын бірден өткір сынауға алады. Бірақ автор ұлы державалық бағыт ұстанған. Зерттеуші федеративтік бастамаға негізделген балама сайлау жүйесін ұсынады және сайлау осы тәртіппен өткізілгенде Дума депутаттарының саны аймақтың халықтар есебінен екі есеге жуық өсетін еді - дейді. Қоғам танушы ғалымдар П. Семенюта, Б. Авиловтар да осы тақырыпқа өздерінің еңбектерін арнаған. Шаруашылық мәселесі адам баласының жеке басы бостандығымен тікелей байланыстылығын ескеріп, Б. Авилов кадеттердің мұндай ұсыныстарына қарсы: " . . . Мемлекеттік Дума . . . бостандық жолында тек қана кедергі болуы мүмкін" [32, 56 б. ] - деген пікірді айтады.

С. М. Сидельниковтың "Образование и деятельность первой Государственной Думы" деп аталатын еңбегінде булыгиндік-виттелік зан шығаруға, І-ші Мемлекеттік Дума сайлауындағы таптар мен партиялардың және сол кездегі үкіметтің алғашқы саяси ұйымдар өкілдерімен күресінің тарихына баса назар аударылған. Ол Дума жұмысының аграрлық мәселе бойынша жобаларына талдау жасайды. Еңбекте Мемлекеттік Думадағы шет аймақтардың, оның ішінде Қазақстанның да осыған қатысты мәселелері қамтылған.

Айта кеткен жөн, тар өрісті таптық көзқарас тұрғысынан қоғамдық өмірдегі ұлтаралық қатынастар мәселесіне кеңес тарихшылары көп қалам тартты. Солардың ішінде Т. Ю. Бурмистрованың [15] еңбектерін бөле-жара айтуға болады. Автор 1905-1907 жылдардағы Ресейдің ұлт саясатына шолу жасап, ондағы саяси партиялар бағдарламаларының ұлттық аспектілеріне талдау жүргізген. Ол өзінің келесі В. С. Гусаковамен бірігіп жазған жұмысында "ұлттық және аграрлық мәселеде Ресейдің өкіметтік ұйымы Мемлекеттік Думада еліміздің таптары мен партиялары бір-бірімен қақтығысып, жан аямай күресті" - деп жазады. Е. Д. Черменский өзінің "Буржуазия и царизм в первой русской революции" атты енбегінде патшалық Ресейдің Мемлекеттік Думаны төңкерісті жаншу құралына айналдырмак болғанын архивтік жаңа құжаттар негізінде дәлелдеуге тырысқан.

Біздің зерттеп отырған тақырыбымыздың жекелеген меселелерін А. П. Кияница, Р. Ф. Смирнова, И. И. Малярдің еңбектерінен кездестіруге де болады. Бүл зерттеулерде Қазақстанның жекелеген аудандарындағы жағдайлар мысалға алынып, оларға большевиктік идеяның жағымды ықпалы барынша көтермелене көрсетілген.

Кейінгі жылдары Әлихан Бөкейханның [12, 13] ертеректе жарық көрген кейбір мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады.

Сондай-ақ, бүл мәселе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының Санкт-Петербургтегі штаб-пәтерінде 1996 жылы 29-30 сәуірінде "ТМД елдерінің мемлекеттік парламентаризм тарихы" деген атпен Рссей Мемлекеттік Думасының 90-жылдығына орай шақырылған конференциясында кеңінен қарастырылынды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ

1. 1 Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және казақ зиялылары

XX - ғасырдың алғашқы жартысында әлем елдерінде, атап айтқанда Еуропа, Азия мен Латын Америкасы құрлықтарында демократиялық революциялық дүмпулер болып, ұлт-азаттық қозғалысы өріс алды. Олардың арасында 1905-1907 жылдары Ресейде болған революцияның орны ерекше болды. Өйткені, бұл біріншіден, жаңа өндірістік қатынастардың еніп жатқан дәуіріндегі алғашкы революция еді. Екіншіден, бұл өзгеріс әлем елдерінің өз азаттығы үшін күресін бір саты жоғары көтеруге тікелей әсерін тигізді. Сонымен бірге, ол Ресейге қараған ұлттар мен ұлыстардьң бұқаралық барлық әлеуметтік топтары араласқан, мазмұны жағынан демократиялық-халықтық революция болды [52, 56 б. ] .

Бұл дәуірде Ресейде жаңа өндірістік қатынастар енді ғана өркен жайып, елдің дамуына тұсау болып келген ескі феодалдық-патриархалдық қоғамның қалдықтары әлі де жойылып біткен жоқ болатын. Елдің өркениетті жолмен өркендеуі үшін жаңа нарықтық қатынастардың дамуы, елде демократиялық тәртіптің орнауы жолында саяси сипаттағы күштердің күресін өрістетуге төңкеріс кең жол ашты. Соңғы кездерге шейін бұл төңкеріс тұсындағы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының ғана тәжірибесін оқып үйреніп келдік. Сондықтан да, елдегі саяси ахуалды объективті шындық түрғысынан пайымдаудан біраз артта қалып, кенжеледік. 1905 жылдың 9-қаңтарында басталған бұл төңкеріс "Қанды жексенбі" деген атпен Ресей тарихнамасына еніп, мектеп қабырғасынан санаға сіңіп келгенмен, бүгінгі күн талабы осы мәселеге қайта оралып, байыпты зерттеп, пайымдауды қажет етіп отыр. Ендеше соған тоқталайық. Халықтың наразылығы өсуіне орай, елде саяси жағдай күннен - күнге шиеленісе түсті. Халықтың наразылығын басу үшін 18-ші қаңтарда 1905 жылы патша Ішкі істер министрі Булыгиннің атына жергілікті адамдардан сайлау арқылы заң шығару қызметіне тарту мақсатында қол қойылады. Осы уақыттан бастап булыгиндік думаның сайлауына мемлекет тарапынан дайындық басталды [52, 75 б. ] .

Жер иеліктері сайлау съездері жөнінде, Қазақстанда помещиктік жер иелігі болмағандықтан; үкімет "образование их едва ли возможны" (олардың құрылу мүмкіндігі шек келтіреді) - деп есептеді. Сонымен бірге "Сіздердің облыстардың атынан алдын ала есеп бойынша Мемлекеттік Думаға бір адам шақырылатыны" айрықша айтылды" [52, 75 б. ] .

Осылайша булыгиндік дума сайлауына дайындықтың бастапқы кезеңінде-ақ жергілікті жердегі қарапайым өкілдерін заңмен таныстыру қызметіне амалсыздан бас тартуға тура келді. Бірақ ол кездегі қүжаттар куә болып отырғандай олардың басым көпшілігі өлкенің орыстар тұратын бөлігін қалалық және шаруалар курияларын ғана қамтыған.

Енді жергілікті халыктарға келетін болсақ, алғашқы дайындық кезеңінде жергілікті билік өкілдеріне мемлекет тарапынан былай деп көрсетті: "не допускать к участию в этих выборах кочевых и бродящих инородцев, составляющих преобладаюший разряд населения в управляемой Вами области".

Патша үкіметінің қазақтарға сайлау кұқын бергісі келмеуі, әрине халық арасында наразылық туғызбай қоюы мүмкін емес еді. Мысалы, Верный қаласының тұрғылықты адамдары 1905 жылы 31 наурыздағы болған жиналыстарында Жетісудан Думаға депутаттыққа 4 адамды жіберуді өтінді [53, 12 б. ] .

1905 жылғы 6 тамыздағы Манифесте Думаның заңдары жөнінде хабарлады. Сайлау заңдары бойынша Ресей империясына енетін бодан елдердің халықтары, соның ішінде Орта Азия мен Казақстан да сайлауға жіберілмеді. Бүл мемлекеттік акт Ресейді мекендеген күллі халықтардың наразылығын туғызды. Казақстан халқының сайлау қүқығы жоқ болғанмен, белсеңді наразылық кең канат жая бастады. Осы белсенді наразылықгың көш басында әрине, қазақ халқынан шыққан, сол кездегі ат төбеліндей ғана зиялылар болғанын тарих теріске шығармайды. Олар патшалық Дума сайлауға шақыруымен келіспей көпшіліктің революциялық белсенділігін көтеруге ықпал жасады.

1905 жылдың қазан айынан шыға бастаған саяси бағыттағы үгіт-насихат листовкаларының негізгі мазмұны патша "сыйға тартқан" бостандықты әшкерелеуге арналған-ды.

Революция күн санап өріс ала бастағанынан қатты сезіктенген әрі қорыққан үкімет қалың бүқараны күшпен басуға талпыныс жасады. Дала генерал-губернаторы 1905 жьілы 14-қазанда Ішкі істер министрі мен әскери министріне жеделхат жолдады. Онда Дала өлкесіне әскери төтенше жағдай енгізуді өтінді. Жедел хатта былай деп көрсетті: «бұл революциялық қозғалыс пен азаттық күресінің өркендеуі, "бұқараны таңдатарлық "әсер етіп, дүрбелең тудырып, тыныш жатқан басым билігін оятады»-деді [40, 57 б. ] .

XX-ғасырдың басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына толық жауап беруге атсалысқан ұлт интеллигенциясы 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 жылғы орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Бұл жөнінде профессор К. Нұрпейісов "Алаш һәм Алашорда" атты монографиясында қызықты да құнды дерек келтіреді.

Алаш қозғалысының белгілі жетекшілерінің бірі Халел Досмұхамедұлы 1903-1909 жылдары Санкт-Петербургте императорлық әскери Медициналық Академияда оқыған. Оның саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясатқа белсене араласып, көріне бастауы осы мезгілге дөп келеді. Оған дәлел болатын құжат: Халел Досмұхамедұлының 1931 жылы 14 қыркүйекте Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының (ОГПУ) тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі: «Мен Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әр түрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым. Мені және басқа казақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Солшыл-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын. Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса, орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың (кадеттердің жетекшісі-авт. ) айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол: патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен канап отыр» [40, 83 б. ] деп еді.

XIX-ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері Б. Қаратай, Б. Құлман, Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбанұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы сияқты қазақ жастары бітірген.

Бұл дерек сондай-ақ, қазақ зиялыларының алғашқы легі Халел Досмұхамедұлы, Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратай, Бақыткерей Құлман, Мүхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы сияқты ірі өкілдерінің көпшілігі Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс кезіндегі орын алған саяси хал-ахуалға сергектігін әрі сын көзбен қарағандығын һәм қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді [52, 75 б. ] .

Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы төңкеріс Қазақстан үшін де тарихи кезең болды. "Бүкіл дала саяси додаға тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттары
І және ІІ Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі. 1907ж. 3 маусым заңы
Қазақстанның Мемлекеттік Думасы
Мемлекеттік дума туралы
I МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА: МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Қоныс аудару саясаты
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz