Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы АҚПАРАТ



1 Өнеркәсіп.
2 Ауыл шаруашылығы
3 Дипломмен ауылға бағдарламасы
4 Ветеринария
5 Негізгі капиталға инвестиция салу.
6 Көлік және байланыс
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 512900,8 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,6 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 496995,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,7 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 96,9 пайызы. Есепті мерзімде 5449,6 мың тонна мұнай өндіріліп, салыстырмалы кезеңмен 100,2 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 751,4 млн.куб метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 95,9 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 8068,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 7,9 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,6 пайызы. Есепті мерзімде сусын өндіру - 2,7 есеге , сүт өнімдерін өндіру 28,8 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 72,7 пайызға артты, тоқыма бұйымдарын өндіру 86,2 пайызды құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 6776,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 95,4 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,3 пайызы. Есепті мерзімде 382759,3 мың квт сағ. электр энергиясы, 415,2 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді.
Сумен жабдықтау саласында 7585,2 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 437 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100 пайызды құрады.
Мал шаруашылығында 2011 жылдың 1 шілдесіне меншіктің барлық нысандары бойынша 12362 бас ірі қара мал, оның ішінде 5869 бас сиыр, 52458 бас қой мен ешкі, 1556 бас жылқы, 674 бас түйе, 1067 бас шошқа, 19259 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 100,1 пайыз, сиыр 102,7 пайыз, қой 101,3 пайыз, ешкі 100,8 пайыз, жылқы 102,9 пайыз, түйе 140,1 пайыз, шошқа 100,0 пайыз, құс 116,7 пайызды құрады.
Есепті мерзімде 762,1 (тірілей салмақпен) тонна ет, 1895,3 тонна сүт, 213,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 102,6 пайыз, сүт өндіру 92,1 пайыз, жұмыртқа – 153,8 пайызды құрады.
Интернет көзі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы
АҚПАРАТ

Тексерген: аға оқытушы Абулғазиев Андрей
Орындаған: Еримбетова Ляззат
ГОЭК 4 курс

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы
АҚПАРАТ

Өнеркәсіп. Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 512900,8 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,6 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 496995,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,7 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 96,9 пайызы. Есепті мерзімде 5449,6 мың тонна мұнай өндіріліп, салыстырмалы кезеңмен 100,2 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 751,4 млн.куб метрді құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 95,9 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 8068,0 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 7,9 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,6 пайызы. Есепті мерзімде сусын өндіру - 2,7 есеге , сүт өнімдерін өндіру 28,8 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру - 72,7 пайызға артты, тоқыма бұйымдарын өндіру 86,2 пайызды құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 6776,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 95,4 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,3 пайызы. Есепті мерзімде 382759,3 мың квт сағ. электр энергиясы, 415,2 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді.
Сумен жабдықтау саласында 7585,2 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 437 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100 пайызды құрады.
Мал шаруашылығында 2011 жылдың 1 шілдесіне меншіктің барлық нысандары бойынша 12362 бас ірі қара мал, оның ішінде 5869 бас сиыр, 52458 бас қой мен ешкі, 1556 бас жылқы, 674 бас түйе, 1067 бас шошқа, 19259 құс өсірілуде, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ірі қара мал 100,1 пайыз, сиыр 102,7 пайыз, қой 101,3 пайыз, ешкі 100,8 пайыз, жылқы 102,9 пайыз, түйе 140,1 пайыз, шошқа 100,0 пайыз, құс 116,7 пайызды құрады.
Есепті мерзімде 762,1 (тірілей салмақпен) тонна ет, 1895,3 тонна сүт, 213,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 102,6 пайыз, сүт өндіру 92,1 пайыз, жұмыртқа - 153,8 пайызды құрады.
Қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық нысандарында үстіміздегі жылы барлығы 6562 гектар, оның ішінде 3233 га күріш, 233 га жаңа жоңышқа, 1000 га картоп, 931 га көкөніс және 580 га бақша дақылдары егіліп, 585 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемдері 433 гектарға артық егіліп, оның ішінде күріш дақылы 333 гектарға артық егілді.
Сонымен қатар биылғы жылы кент және ауылдық округтердегі әр бір жанұя және әлеуметтік сала қызметкерлерінің өзін-өзі азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 190 гектар бақшалық жер ашылып, егін егуге берілді.
Көктемгі дала жұмыстарын атқаруға қала бойынша барлығы 54 дана тракторлар, 20 дана трактор тіркемелері, 25 дана соқалар, 16 дана дән сепкіштер, 6 дана тыңайтқыш шашқыштар қатысты.
Каналдар мен су тоспаларын биылғы жылғы су алу науқанына дайындау жұмыстарынан оның ішінде, ішкі шаруашылық аралық су жолдарынан 30 мың текше метр және шаруашылық аралық каналдардан 15 мың текше метр жер жұмыстары атқарылып, олардың бойларында орналасқан барлығы 33 дана су тоспалары күрделі және ағымдағы жөндеулерден өткізілді. Сонымен қатар 19 дана су өлшейтін постылар жөнделсе су тартатын 2 дана қондырғылар толығымен жөнделген.
Қазақстан Республикасының Су пайдаланушылар кооперативін құру туралы Заңын жүзеге асыру мақсатында Ақсуат, Ақжарма, Қарауылтөбе ауылдық округтерінен 2 су пайдаланушылар кооперативі ұйымдастырылды.
Биылғы жылы егілетін дақылдарға 165,9 млн текше метр су алу лимитіне рұқсат алынды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылын суғаруға 132,3 млн текше метр пайдаланылса, 33,6 млн текше метр экологиялық жағдайды жақсартуға жұмсалады.
Қолда бар 585 га ескі жоңышқа дақылы 1 рет орылып, барлығы 590 тонна жоңышқа шөбі дайындалды. Меншіктің барлық нысандары бойынша биылғы жылы барлығы 37240 тонна шөп дайындау тапсырмасынан бүгінгі күнге дейін 3455 тоннасы дайындалды.
Сонымен қатар 2011 жылдың жаз мезгілінде күріш дақылын күтіп-баптау жұмыстарын атқаруда егілген күріш егісінің 2778 гектарына үстеп қоректендіру жұмыстары атқарылып, күріш егістігінің 3018 гектарына, оның ішінде 2685 гектары Гуливер және 333 гектары 2м х 4х гербецидтерімен күріш арам шөптеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533-II Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру Заңын орындау мақсатында міндетті сақтандыруға жататын биылғы жылы егілген күріштің 3233 га гектар көлемдері КФ Халық-Казахинстрах АҚ-мы арқылы міндетті сақтандыру жұмыстары жүргізілді.
2011 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мен шығымдылығын арттыру мақсатында үкімет тарапынан бөлінген субсидияларды алатын қаланың ауылшаруашылығы құрылымдарының тізімдерін анықтау мақсатында қала әкімінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі №130 шешімімен қалалық ведомствоаралық комиссиясы құрылды. Қалаға қарасты 8 ауылшаруашылығы құрылымдарының басымдыққа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдеріне тапсырған тиісті құжаттарын қалалық ведомствоаралық комиссиясы 2011 жылғы 5 шілдедегі отырысында қарап және 2011 жылдың 26 сәуір және 15 маусымдағы отырыстарында тыңайтқыш жеткізушіден сатып алынған минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға берілетін субсидияны алуға тапсырған өтінімдері мен құжаттарының заңдылықтарын тексеріп, жиналыс хаттамасының қаулысымен Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесіне субсидиялау мақсатында айқындалған тізімдері мен тиісті құжаттары ұсынылды.
Қала халқын маусым аралық кезеңдерде көкөніс өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыруды жүзеге асыру бағытында қалада жылыжай шаруашылығын дамыту қолға алынып, бүгінгі күні қала бойынша барлығы 15370 шаршы метрді құрайтын 34 жылыжай бар.
Сондай-ақ биылғы жылы Дорстройсервис ЖШС-гі қаражаты есебінен көлемдері 1 гектар аумақты құрайтын 20 жылыжай құрылысын салу жұмыстарын аяқталды.
Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы салынатын 50 дана жылыжай кешенін салу үшін 5 гектар жер телімі табысталды.
Қаладан Қызылорда ОНТИ ЖШС-гі 2,5 гектарға кешенді жылыжай салу жөніндегі жобаларға Қазагро қаржы АҚ-на ұсынуға дайындалуда.
Сонымен қатар Оңтүстік ӘКК ҰҚ АҚ-ның Алтын қамба агроөнеркәсіп комбинаты ЖШС-гін басқару үлгісі Қызылорда ӘКК АК-на сенімді басқаруға беріліп, қазіргі таңда Алтын қамба элеваторының базасында сиымдылығы 3250 тн құрайтын көкөніс сақтау қоймасы бар логистикалық орталық құру жолдары анықталуда.
Биылғы жылдың сәуір айында қала орталығында Сабыр и К ЖШС-гі жалпы құны 44,0 млн теңгені құрайтын жылына 1000 тонна өсімдік майын шығаратын цехты пайдалануға берді.
Қалаға қарасты ауыл шаруашылығы субъектілеріне берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі саяқ шегірткенің таралуына Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі №37-ө өкімімен құрылған комиссия қала аумағына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлығы 8245 гектар жерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеу барысында залалданған 327 гектар алқаптағы саяқ шегірткелердің орналасу тығыздығы экономикалық зияндылық шегінен жоғары болмағандығы анықталып зерттеу актісі жасалынды.
Қызылорда қаласында азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Атап айтқанда қала орталығындағы азық-түлік өнімдерін сататын базарлар мен сауда орталықтарындағы азық-түлік өнімдерінің бағаларына апта сайын мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен Қызылордаагросервис МКК арқылы бөлінген 46,8 млн. теңгеге республиканың оңтүстік өңірлерінен тікелей тасымалдау ұйымдастырылды.
Сол сияқты қала халқы көп шоғырланған 18 жерлерде Қызылорда ӘКК АҚ-мен Мирас сауда орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын орындар ашып, қазіргі таңда осы жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдері сатылуда.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері бүгінгі күнге дейін барлығы 5142,3 тонна өнімдер 850,8 млн. теңгеге әкелініп, қаладағы Мирас сауда орталығында нарық бағасынан 20 пайыз төмен бағада сатылуда. Оның ішінде картоп 1576 тонна, жуа 538 тонна, қырыққабат 348 тонна, сәбіз 498 тонна, қызылша 175 тонна тұрып 111 тонна, алма 488,7 тонна, цитрус жемістері 461,1 тонна, қызанақ 484 тонна, қияр 515,2 тонна және ет 130,5 тонна және басқа жеміс түрлері әкелінді.
Қала тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында облыста бекітілген кестеге сәйкес апта сайын ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесі ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге дейін барлығы 26 рет өткізіліп, 62,0 млн. теңгенің өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды. Оның ішінде Қызылорда қаласының жәрменкесі 8 рет өткізіліп, 35,0 млн. теңгенің өнімдері сатылды.
Ет өнімдерінің бағаларын ретсіз өсірмеу мақсатында қаладағы 2 базарлар мен 8 сауда үйлері, ет өнімдерін дайындайтын Әлиакбар-Агро ЖК мен және қала әкімі арасында меморандумға отырып, бүгінгі күнге дейін бірлесіп жұмыстар жасап келеді.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында 5 сауда үйлерінде әлеуметтік қатарлар және қала әкімдігінің қаулысымен қала орталығындағы халық жиі шоғырланған 5 жерден автокөлік үстінде азық-түлік өнімдерін сату ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қалада мал шаруашылығын дамыту мақсатында Сыбаға бағдарламасы аясында Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы қаланың аумағында орналасқан мал шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалықтарына барлығы 33,9 млн теңге несие беріліп, асыл тұқымды малдарын сатып алуда.
Сол сияқты Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы қаланың ауылдық елді мекендеріндегі 10 тұрғынға төрт түлік мал басын көбейту үшін барлығы 8,4 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.
Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша қалаға қарасты ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға барған жас мамандарды қолдау мақсатында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жыл басында бөлінген 52958,0 мың теңге бюджеттік кредиттен 6 айда 3650,7 мың теңгесі 4 маманға берілсе, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бөлінген 4122,0 мың теңгеден 6 айда 9 маманға 530,8 мың теңге көтерме жәрдем ақы берілді. Қалған қаражаттар жыл аяғына дейін толық игерілетін болады
Ветеринария. 2011 жылы эпизоотиялық іс-шараларға 18430,0 мың теңге қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Бұл қаржыға мүйізді ірі қара аусыл, сібір жарасы, пастелеллез, қарасан; уақ малдың аусыл, сібір жарасы, күл, эктима; түйенің оба ауруларына профилактикалық егу және барлық малдарды бруцеллез, туберкулез ауруларына диагностикалық тексеру жүргізіледі.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу және олардың емдеу жөнінде Қызылорда қаласына 301,660 мың доза биопрепараттар бөлінді. Бөлінген биопрепараттарды сақтауға Бір көзден сатып алу тәсілі бойынша ағымдағы жылдың 28 ақпанында жеке кәсіпкер А. Сүйіндіковпен 169,9 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға ашық конкурс жарияланып, конкурс комиссиясының қорытынды отырысы 14-ші наурызда өтіп, 10 лот бойынша 2 заңды тұлға, 6 жеке кәсіпкер атқарылатын жұмыстарды ұтып алды.
Эпизоотоияға қарсы іс-шаралар бағдарламасы бойынша 10 306,0 мың теңге қаржы игерілді.
2011 жылы қала бюджетінен сарыппен ауырған МІҚ малдарын ветеринариялық-санитарлық жолмен союға 700,0 мың теңге, уақ малдарды қансыз әдіспен жойып, иелеріне өтем ақы қайтаруға 687,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстарды Қызылорда қалалық ветстанция МКК атқаруда. Қазіргі уақытта диагностикалық тексерулер нәтижесінде бурцеллез ауруына оң нәтижес берген 17 бас МІҚ, 3 бас уақ мал ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жойылды.
Қаладағы иесіз иттерді аулауға қала бюджетінен 6940,0 мың теңге қаржы бөлініп, ашық конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесінде жеке кәсіпкер Нұррахман жеңімпаз болып танылды. Бұл жұмыстарға 2 бригада жасақталып, құрамында 6 адам жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге 7229 қаңғыбас иттер ауланып жойылды.
Қазіргі уақытта қалада 3 мал сою пункті (Бастау и К, Нұржан, Ақ-Барыс), Белкөл кентінде 1 мал сою алаңы, Қараөзек ауылында 1 мал сою және ет өңдеу (шұжық) цехы тұрақты жұмыс істеп тұр.
2011 жылғы қала бойынша мүйізді ірі қара малын бірдейлендіру және компьютерлік дерек қорына енгізудің іс-жоспары бектілді. Бекітілген іс-жоспар жұмыстары осы жылдың 1 ақпанынан басталып, 1 мамыр аралығында аяқталды. Бүгінгі күнге дейін 10456 бас мүйізді ірі қара бірдейлендірілді. Бірдейлендіру жұмыстарын жүргізумен 10 маман, 12 әкімдіктер бөлген көмекші жұмысшылар айналысуда.
Қызылорда қаласы және қалаға қарасты елді мекендерді Қырым-Конго қанды безгегін тасымалдаушы кенелерден залалсыздандыру мақсатында, облыс бюджетінен Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апатарды алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасына 2011 жылы 1832,0 мың теңге қаржы бөлінді. Конкурс нәтижесінде жұмыстарды атқаруды ОҚО-ның Төрт түлік белгілері ЖШС-і ұтып алды. Атқарылға іс-шаралар Иіркөл, Айнакөл, Махамбетов, Қарауылтөбе, Қараөзек, Қосшыңырау, Ақжарма, Тасбөгет елді мекендерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
2011 жылы қала бюджетінен кенелерді дезинсекциялауға 1555,0 мың теңге бөлініп, КБИ, Шанхай, Коммунизм, Гагарин, Тасбөгет, Қызылжарма елді мекендерін залалсыздандыру жұмыстары бойынша 3103 бас мүйізді ірі қара, 5312 бас уақ мал және барлығы 119843 м² аумақ залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.
Жыл басынан бастап ветеринариялық анықтама беру жұмыстары бойынша жеке тұлғаларға 75 анықтама берілді, 297 тұрғындарды ит тістеу оқиғасы тіркеліп, 12 сынама облыстық ветеринариялық зертханаға құтыру ауруына тексеруге жіберіліп, нәтижесінде 285 ит ветеринариялық бақылаудан сау екендігі анықталды.
Негізгі капиталға инвестиция салу. 2011 жылдың қаңтар - маусым айларында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 61466,4 млн.теңгенің күрделі қаржысын салып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 73,8 пайызды құрады.
Қаржының 5087,5 млн.теңгесі (8,3%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 122,8 млн. теңгесі (0,2%) жергілікті бюджет, 51980,9 млн. теңгесі (84,6%) кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен, 4275,1 млн.теңгесі (6,9%) өзге қаржы көздері есебінен игерілді.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2011 жылдың 1 шілдеге жалпы ауданы 47487 шаршы метр, кәсіпорындар мен халық қаржысы есебінен 47487 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 113,9 пайызды құрады.
Республикалық бюджет қаржысы есебінен ипотекалық және арендалық тұрғын үй құрылысы жалғасуда.
Арендалық тұрғын үй құрылысына 586,0 млн. теңге қаржы бөлінді, арендалық тұрғын үй жоспары 8,37 мың.шаршы метр. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 396,0 млн. теңге немесе жоспар 100 пайызға орындалды.
Бөлінген қаржы көлеміне төмендегідей жұмыстар көлемі орындалады:
- Жібек жолы мөлтек ауданында екі 40 пәтерлі тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
- Жібек жолы мөлтек ауданында екі 30 пәтерлі тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2011 жылы екі 30 пәтерлі және екі 40 пәтерлі үйлер, яғни 140 пәтер пайдалануға тапсырылады.
24 пәтерлі және 18 пәтерлі тұрғын үйлерге жоба құжаттары дайындалуда.
Ипотекалық тұрғын үй құрылысына 512 млн. теңге қаржы бөлінді, ипотекалық тұрғын үй жоспары - 5,68 мың.шаршы метр. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 340,0 млн. теңге немесе жоспар 100 пайызға орындалды.
Бөлінген қаржы көлеміне төмендегідей жұмыстар көлемі орындалады:
- Жібек жолы мөлтек ауданында үш 50 пәтерлі тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.
- Ағымдағы жылы екі 50 пәтерлі №3 және №7 тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылады.
Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 791,9 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 390,0 млн. теңге. Бөлінген қаржы көлеміне қаладағы жаңадан ашылған мөлтек аудандардың және көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің жұмыстары атқарылады:
- Ауыз су жүйесі - 19,84 шақырым;
- Тас жол салу - 9,29 шақырым;
- Электр желісі - 1 дана ТП, 0,4 кВ желісі -0,68 шақырым;
- Жеті көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелері;
- Жылу жүйесі- 0,6 шақырым;
- Телефон желісі - 2,1 шақырым;
- Инженерлік тегістеу -5300 м2;
- Газ жүйесі -2,1 шақырым;
2012 жылдың құрылыс жұмыстарының нысандары бойынша жоба құжаттары дайындалуда.
Сонымен қатар, Сырдария ауданындағы қуаттылығы 13 ГКалсағ болатын бу қазандығын кеңейту мақсатында қуаттылығы 15 Гкасағ. болатын бу қазандығының сметалық-жоба құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Қаланың су құбырлары және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту -2015 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша - 2 515,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 1459,0 млн. теңге немесе жоспар 100 пайызға орындалды.
Бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылады;
- Ауыз су жүйесі- 38,54 шақырым;
- кәріз су жүйесі- 26,65 шақырым;
- КНС ғимараттарын жөндеу - 4 дана;
- Тасбөгет қыстағындағы бас су жинау қоймасының құрылыс жұмыстары ақталады сүзгі станциясының жұмыстары - 1 кезек;
- Тасбөгет қыстағындағы модульдық биологиялық тазарту станциясының құрылыс жұмыстары;
- КНС-52 құрылыс жұмыстары жалғастыруда.
Белкөл қыстағының ауыз және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту нысаны бойынша республикалық бюджеттен 301,396 млн. теңге және қосымша қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 21,24 млн. теңге қаржы көлемі бөлінді. Барлығы 322,636 млн. теңге құрайды. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 210,4 млн. теңге.
Бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылады:
- Ауыз су жүйесі - 17,35 шақырым;
- су жинау қоймасы қайта жаңғырту;
- 2-ші көтермелі насос станциясы;
- 2 дана ұңғыманы қайта құрылымдау;
- КНС - ті қайта жаңғырту;
- кәріз су жүйесі - 2,45 шақырым;
- дизелді электр станциясының құрылысы - 4 дана;
- ұңғыма бұрғылау жұмыстары- 1 дана;
Ауыз су жүйесі бойынша тұрғын үйлерге есептеу құралдарын орнату қамтылған.
Мемлекеттік сатып алу конкурсы облыстық энергетика басқармасы арқылы 7 наурызда өткізілген.
Сонымен қатар облыстық бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік қызметшілерге 30 пәтерлі қызметтік тұрғын үй құрылысына және жобалау жұмыстарына 169,1 млн. теңге және медицина қызметкерлеріне арналған 50 пәтерлі тұрғын үй ОМЦ - құрылысына және жобалау жұмыстарына 365,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Сыр Ана монументінің құрылысына және жобалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 300,0 млн. теңге және Жас өспірімдер үйінің құрылысына және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Досан ауылында 100 орындық мектеп құрылыс жұмыстарына сметалық жоба құжаттарын дайындауға жергілікті бюджеттен 8,0 млн. теңге бөлінді.
Жас өспірімдер үйінің құрылысына және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы аясында 60 пәтерлік арендалық тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылымы құрылысына 252,0 млн. тенге және 72,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Сметалық жоба құжаттамаларын дайындауға 13 мамырда ашық конкурс өткізілді.
Тасбөгет кентінің ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту нысаны бойынша республикалық бюджеттен 218,14 млн. теңге және облыстық бюджеттен 24,33 бөлінді. Жоспар бойынша 1 шілдеге игерілген қаржы көлемі - 73,39 млн. теңге немесе жоспар 93 пайызға орындалды.
Көлік және байланыс. Қала бойынша 2011 жылдың 1 шілдесіне автокөліктермен 15693 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 118,2 пайызды құрады. Жүк айналымы 2046,6 млн.тонна-шақырым болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 25,9 пайызға артты. Жолаушы тасымалдау көлемі есепті мерзімде 60476,6 мың жолаушыны құрап, өткен жылғыдан 48,9 пайызға өсті. Жолаушылар айналымы 1074,6 млн.жолаушы-шақырымды немесе салыстырмалы кезеңмен 29,2 пайызға артты.
2011 жылғы 1 шілдеге 823,2 млн.теңгенің телекоммуникация қызметі көрсетілді. Қызмет көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 8,5 пайызға артты. Жыл басынан бері 2064 дана телефон, оның ішінде 1652 данасы жеке тұрғындарға орнатылды.
Қаржы саясаты. Қала бюджетінің 2011 жылдың 1 шілдеге кірістер болжамы (трансферттер мен займды қоса есептегенде) 10150.0 млн.теңгені құрап, 10514.3 млн.теңгеге немесе 103.6 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 3154.0 млн.теңгенің орнына 3518.9 млн.теңге немесе 111,6 пайызға орындалды.
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 11083.0 млн. теңге болса, ол 10948.2 млн. теңгеге немесе 98,8 пайызға орындалды.
Шағын кәсіпкерлік. 2011 жылдың 1 шілдесіне қала бойынша тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 20640 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны - 14623 бірлік.
Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлік саласында 697 жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде 319 - сауда, білім және денсаулық сақтау саласында -10 басқа да қызмет түрлері бойынша -368 жұмыс орындары ашылды.
Қызылорда қаласында 12 шағын несие ұйымдарымен қала кәсіпкерлеріне несие берілуде. 2011 жылдың 1 шілдесіне қаладағы кәсіпкерлердің 1221 жобасына 317 млн. 192 мың теңге көлемінде несие берілді.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2011 жылға қалалық бюджеттен 555 мың теңге қаражат бөлініп, оған 1 дөңгелек стөл, 3 семинар өткізу және кәсіпкерлерге арнап кітапшалар дайындау жоспарланды.
Үстіміздегі жылдың 30 наурызында қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Кәсіпкерлердің әлеуеттілігін арттыру-бизнесті қолдаудағы мемлекеттің жаңа жүйесі тақырыбында семинар өткізілді.
Мамыр айында Қызылөзек ауылдық округінде Мемлекеттің одан әрі даму әлеуеті - ауылдық өңірлерді қайта өркендету, жұмыс орындарын құру және агроөнеркәсіп кешенін арттыру тақырыбында семинар өткізілді. Бұл семинарға қалаға қарсты ауылдық округтерден 40-қа жуық кәсіпкерлер мен мемлекеттік емес ұйымдардың дербес бөлім басшылары қатысты.
2011 жылдың 2-ші жартыжылдығында қосымша 2 семинар және қала кәсіпкерлеріне арнап кітапшалар шығарылатын болады.
Үстіміздегі жылы Қаладағы сауда рыноктарын тиісті санатқа ауыстыру туралы жұмыс тобының отырысы өтті, мұнда Базарларды паспорттау бағытында атқарылған жұмыс нәтижесі туралы мәселе қаралды. Жиналысқа жұмыс тобының мүшелерімен бірге қаланың 15 базар басшылары қатысып, жұмыс тобы мүшелерінің базарларды аралау барысында анықталған кемшіліктерін жою туралы нақты шаралар қабылдау тапсырылды. Базарларды Паспорттау жұмыстары осы жылдың қараша айына аяқталады.
Халыққа делдалсыз арзан бағамен азық-түлік өнімдерін сату мақсатында қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен қалалық ауылшаруашылық бөлімдерінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері Арзан базар алаңында 4 рет және Қорқыт Ата ескерткішінің алаңында 1 рет азық-түлік және тұрмыстық заттар жәрмеңкесі өткізіліп, барлығы 20 млн.теңгенің өнімі шығарылды. Бұл жәрмеңкелерге қаланың көтерме бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлері қатыстырылып отырды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Қ. Оразбердинмен отырған меморандумға сәйкес, қаланың орталық базарларының маңында арзан көкөніс өнімдерін сатуға арналған сауда нүктелері белгіленіп, қала тұрғындарына базар бағасынан төмен ауылшаруашылық өнімдері сатылуда.
Меморандумға сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімі қаланың Төбе, Айтбек, Мирас және Аль-Асад сауда үйлерінен арзан көкөністер мен жеміс-жидектер сатылатын әлеуметтік қатарларды орналастыруды ұйымдастырды.
Индустрияландыру картасына енгізу үшін 2011 жылы қала әкімдігі тарпынан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына қосымша 25 ірі және шағын инвестициялық жобалардың тізімі ұсынылды. Бұл жобалардың жалпы құны 7 млрд. 658 млн теңгені құрайды. Жобалардың 12-сі өндіріс саласын, 4-і жылыжай құрылысы және 9 жоба қызмет көрсету саласын қамтиды. Жаңадан 818 жұмыс орны ашылады.
2011 жылдың 25 мамырында қала әкімі М. Жайымбетовтың төрағалығымен Қызылорда қаласын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі басқару орталығының кезекті отырысы өткізіліді. Отырысқа жоба жеткешілері және қаржы институттары мен қалалық бөлім бастықтары қатыстырылды.
2011 жылдың 19 мамырында Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің отырысында қалада жүзеге асырылатын жалпы құны 1 518 млн. теңгені құрайтын екі жоба мақұлданды.
Бүгінгі күнге, қала бойынша 3 инвестициялық жоба іске қосылып, жұмыс жасауда.
Олар:
1. ЖК Тансықбаевтың 20 жылыжыйының құрылысы жобасы 2011 жылдың 2 сәуірінде іске қосылып жұмыс жасауда. Жобаның құны 75 млн. теңгені құрайды. Жаңадан 15 жұмыс орны ашылды.
2. Сабыр и К ЖШС-нің Өсімдік майын шығаратын цехының құрылысы жобасы 2011 жылдың 11 мамырында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түрде ашылып өз өнімін шығара бастады. Бұл жобаның құны 40 млн. теңгені құрайды. Жаңадан 12 жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда, шығарылған өнімдерді қала дүкендеріне өткізу жұмыстары жүргізілуде. 1 литр шемішке майы 220 теңгеден сатылуда.
3. ЖК Дүйсекееваның Шағын кондитерлік цехының құрылысы жобасы.
Цех наурыз айында іске қосылды. Жоба құны 12 млн. теңге, жаңадан 6 жұмыс орны ашылды.
2011 жылы қызмет көрсету саласы бойынша 4 жоба іске қосылды. Жобаның жалпы құны 623 млн. теңгені құрайды.
1. Сыбаға ЖШС-нің Сұлтан сауда үйінің құрылысы. Жоба құны 191 млн. теңге, жанадан 10 жұмыс орны ашылды.
2. Дәнекер ЖШС-нің Бизнес орталықтың құрылысы жобасы. Жоба құны 122 млн. теңге, жаңадан 15 жұмыс орны ашылды.
3. ЖК Тоқбердиевтің Мейрамхана кешенінің құрылысы жобасы.
4. ЖК Нұржанованың Мейрамхана кешенінің құрылысы жобасы. Жоба құны 250 млн. теңге, жаңадан 30 орны ашылды.
Сонымен қатар, 29 наурыз күні Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында Фирма Темірхан ЖШС-нің Фитнес орталығымен жабық бассейн құрылысы жобасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Жоба құны 127,8 млн. теңгені құрап, Альянс банк АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 12,5 пайызбен несие алынып, 7,0 пайызы мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен субсидияланды. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде 35 жана жұмыс орны ашылды.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан көмек алған СымбатОйл ЖШС-нің Балабақша ұйымдастыру үшін ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы 2011 жылдың тамыз айында іске қосылатын болды. Жоба құны 300 млн. теңге құрап, 100 млн. теңгесі Альянс АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 12,5 пайызбен несие алынды. Жаңадан 60 жұмыс орны ашылады. Балабақша 300 орынға арналған.
Коммуналдық шаруашылық. Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 493,2 млн. теңге бөлініп, қала аумағы нақты 20 секторға бөлініп, 12 мердігер мекеме анықталып, келісім шарт негізінде жұмыстар жасалуда.
Мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 10 техникалар алынды, Тұрғын үй қызметі МКК-на 4 техника, Көркейту МКК-на 6 техника берілді және Сырдария, Сәулет, Шұғыла мөлтек аудандары мен қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына жаңа қолданыстағы 30 жер асты контейнерлерді орнатуға жергілікті бюджеттен 29,3 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік конкурсының жеңімпазы Ыбрайхан ЛТД ЖШС тиісті жұмыстарды атқаруда. Қазіргі таңда 30 жер асты контейнерлері орнатылып, пайдалануға берілді. Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына және тұрғындар шоғырланатын жерлерге темір жәшіктерін орналастыру мақсатында 1000 дана үлкен және кіші қоқыс жәшіктерін (урна) орнатуға жергілікті бюджеттен 40502,0 мың теңге қаржы бөлініп, үлкен қоқыс жәшіктен 500 дана, кіші қоқыс жәшіктен 200 данасы әзірленді.
Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 8 сенбілік өткізіліп, сенбілікке 21630 адам қатысып, нәтижесінде 480 м 3 күл-қоқыс шығарылды, 20340 м арық жүйелері тазаланды және 19370 ағаш әктелді.
Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 1 904.8 млн теңге бөлініп, қаланың халық көп шоғырланатын орындары мен скверлерінде жалпы аумағы 37200 шаршы метр болатын гүлзарлар отырғызу, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жоспарланды.
Қаланың 14 ауданының 95 аулаішілік жаяу жүргінші жолдарды және автотұрақтарды жөндеуге облыстық бюджеттен 785 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік ашық конкурсы өткізіліп, нәтижесінде анықталған 4 мердігер мекеме, атап айтқанда ТехСервис Қызылорда, Асанас-Дар, СК Консалтинг сервис, НұрлыТау ЛТД ЖШС-гімен келісім шарт жасалды және 40 спорттық ойын алаңдарының ішіндегі 27 спорт ойын алаңының қоршау жұмыстарының қадалары орнатылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Қызылөзек елді мекендерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында каналдарды тазалауға 4800,0 мың теңге бөлінді.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына байланысты Жібек жолы көшесі, Абай даңғылы, Желтоқсан көшелерінің келбетіне архитектуралық сән беру және жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында темір қоршаулар орнатуға облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осыған орай, бұл бағыттағы жұмыстар 23 сәуір күні өткізілген Жасыл жапырақ-Зеленый лист атты бір реттік акциядан басталып, аяқ су баратын аумақтарға 10 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды. Жалпы бүгінгі күнге дейін қала аумағындағы Астана, Абай даңғылдары мен Жібек жолы, Бейбарыс, Шоқай, Бөкейхан, Жеңіс, Яссауи т.б көшелерге және Сырдария, Шұғыла мөлтек аудандарына, елді мекендердегі аяқ су баратын жерлерге 20 000 түп ағаш отырғызылды.
Жарықтандыру бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 200,0 млн. теңгеге қала және кент округі бойынша 20 көшеге, қалалық бюджеттен бөлінген 7,0 млн. теңгеге ауылдық округтердің көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы тозығы жеткен 30 көшеге ұзындығы 28,2 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік конкурс нәтижесінде анықталған 3 мердігер мекеме Сыр жолдары, Жалағаш жолдары, Қыран ЖШС-рі өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 30 көшенің 9 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Қызылорда - Қорқыт ата әуежайы трассасының бойынан ұзындығы 1,0 шақырым құрайтын автокөлік жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12,6 млн. теңге қаражат қаралды.
Қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 24,5 млн. теңге қаражат қаралды. Оның ішінде, 29 бағдаршамды күтіп ұстауға 10,1 млн. теңге, жол белгілерін орнату мен күтіп ұстауға 5,1 млн. теңге, жасанды жол үсті кедергілерін жөндеуге 2,5 млн. теңге, жол үсті сызықтарын сызуға 6,8 млн. теңге қаражат қаралып, Қонаев, Желтоқсан, Ақмешіт ма, Қыдыров, Торайғыров, Әйтеке би, Шевченко көшелерінде ағымдағы жол жөндеу жұмыстары және Төле би, Жеңіс, Әбілхайыр, Толыбеков, Байтұрсынов, Жібек Жолы, Желтоқсан, Жұмабаев, Әйтеке би, Бұхарбай батыр көшелерінде жаяу жүргінші жолдары мен жол үсті сызықтары жүргізіліп, жұмыстар жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы №1176 Қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ бағдарламасын іске асыру мақсатында бөлім тарапынан Ақсуат және Қараөзек елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қаралған 17564,0 мың теңге қаражатқа жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
Киняев көшесіне дейін магистралды жылу құбырларын қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 439,3 млн. теңге және облыстық бюджеттен 48,8 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурс жұмыстары жүргізілуде.
ҚР 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бағдарламасына сәйкес, үстіміздегі жылы Қызылорда қаласында 49 көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиум нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізу межеленуде. Бүгінгі таңға 105 үйге үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 52 үйдің тұрғындарынан жазбаша түрде келісім алынып, ЖСҚ дайындалуда.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту. Халықтың аз қамтамасыз етілген әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2011 жылдың 1 шілдесіне:
- 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына жергілікті бюджеттен 237 317,0 мың теңге қаралды. 2011 жылдың 1-ші шілдесіне 6408 отбасынан өтініш қабылданып, оның 6027 отбасына (15238 баласына) 113394,9 мың теңгеге жәрдемақы тағайындалып, 112025,0 мың теңге төленді.
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар негізінен жұмыссыздар, бала күтуімен отырғандар, мүгедектер. 2011 жылғы жоспары бойынша 37994,0 мың теңге қаржы қаралған. 2011 жылдың 1-ші шілдесіне 366 отбасынан өтініш қабылданып, оның 349 отбасына 16118,2 мың теңге тағайындалып, 343 отбасына (1495 адамға) учаскелік комиссияның шешімімен 15803,66 мың теңге төленді.
- Аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында ағымдағы жылға тұрғын үй көмегіне бюджеттен 207370,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 5665 отбасына 97571,2 мың теңге тағайындалып төленді.
Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 8,3 мың адам (1,2 топ-4782, 3 топ-2640), 933-і бала жасынан мүгедек. Бөлім тарапынан ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдедегі № 754 қаулысына сәйкес жыл басынан қала және қалаға қарасты ауыл округтерде тұратын мүгедектер гигиеналық және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, бөлім арқылы бюджет есебінен:
- Құрмет атағы бар 34 азаматқа - 537,1 мың теңге төленді;
- Қала бойынша облысқа ерекше еңбегін сіңірген 75 адамға - 639,5 мың теңге төленді;
- 80 жастан асқан, жалғыз басты зейнеткерлерге 50 адамға - 449,0 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіндегі өндірістік тәжірибе есебі
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Қалада азаматтық бастаманы дамыту
Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары
Ресей Федерациясының экономикалық қоры
Қазақстан туризмі
Пәндер