1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

1920-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ РЕВОЛЮЦИЯ

Мәдени революцияның мақсаты. Мәдени революцияның жүзеге асырылуы социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бір тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеуге әсер етуге тиісті болды. Алайда мәдени революцияның даму үрдісі әр аймақтағы халықтың мәдени деңгейіне қарай әр түрлі өтті. Мәдени революцияның белгіленген міндеттері кеңес мемлекетінің әр аймағында әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізілді. Барлық аймақ үшін мәдени революцияның түпкі мақсаты - бірыңғай дүниетаным қалыптастыру және мәдени-ағарту, білім беру, ғылыми мекемелердің бірыңғай жүйесін құру ғана ортақ болды. Сонымен қатар, республикалардың тарихи дамуының өзіндік сипатына және қуат-қарымына қарай мәдени революциялардың өзіндік ерекшеліктері болды.

Большевиктер билік басына келген кезде олар әлі қазақ өлкесінде толық жеңіске жеткен жоқ еді. Саяси жағдайдың қажеттілігінен басқа, жаңа социалистік қоғам құруға қажетті идеологиялық алғышарттар жасау керек болды. Қазақстан тұрғындарының санасына жаңа саяси көзқарас енгізу міндеті тұрды. Адамдарды жаңа өмір құруға өз еркімен, ынтасымен қатыстыру қажет болды. Ол ынтаны социализм және коммунизм идеялары тудыруға тиісті еді. Осындай күрделі міндетті шешу үшін мәдени революцияны жүзеге асыру идеясы туды. Мәдени революция коммунистік партияның талабына сай білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгертуге деген сөз еді. Мәдени революция қоғамның мәдени өмірін түбірімен өзгертуге бағытталды. Мәдени революцияның міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін қажетті саяси жағдай бар болатын. Азамат соғысы аяқталып, өлкеде Кеңес өкіметі орнаған. Қазақстанда басқарушы мемлекеттік және партиялық аппарат орнап, қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, комсомол, “Қосшы”, “Жарлы” және т. б. ) қызу жұмыс жүргізіп жатты. ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында белең алған саяси жүйе Қазақстандағы мәдени дамудың бағытын, көлемін және қарқынын өзгертуге мүдделі болды. Алайда мәдени революцияны тез әрі табысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер де болды. Ең алдымен, бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Өткеннен мұра болып қалған ағарту жүйесі әр текті: діни және ақсүйектік, орысша және орысша-қазақша аралас болатын. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де болмады.

Қазақстандағы мәдени революцияны жүзеге асыру екі басты міндетті шешуге байланысты болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою; екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Партияға мығым сенім іргетасы қажет болғандықтан, мәдени революцияны жүзеге асыру үшін күрес жүргізді. Партия ұйымдарының идеологиялық жұмыстары мәдени сипаттағы бұрыннан бар және жаңадан қалыптасқан барлық органдар қызметін өзіне бағындыруға тырысты. Партияның бұл салаға басшылық ету міндеті Қазақстандағы жас партия ұйымдары мен еңбекші бұқараға идеялық әсер етудің барлық түрлері мен әдістерін, барлық бағыттарын өз уысынан шығармау болды.

Идеологиялық мекемелер қызметіне басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. Партия ОК-нің үгіт-насихат жұмысына бағыт беріп, бақылау жүргізген бірінші бөлімдері әйелдер арасында жұмыс жүргізуге арналған (1918 ж. ) және ауылда жұмыс жүргізу (1919 ж. ) бөлімдері болды. 1919 ж. мамырда Ағарту халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық коллегиясы құрылды. Жергілікті жерлерде, РК(б) П комитеті жанынан әр түрлі бөлімдер ашылды. Парткомитеттің өздері де біртекті болмады, өйткені партия кадрларын даярлау деңгейі мен олардың саны әр түрлі болды. Бұл орталықтан басқару және бақылауды қиындатты, келісімсіз әрекеттерді туындатты. Бұл кемшіліктер әсіресе “әскери коммунизм” және ЖЭС саясатының өтпелі кезеңдерінде анық сезілді. Мұндай жағдайда бұқара арасындағы беделін түсіріп алмас үшін еңбекшілермен саяси-тәрбиелік жұмысқа партиялық және мемлекеттік басшылықты күшейту қажет болды.

Елдегі идеологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін партиялық және мемлекеттік аппарат құру қажеттігі байқалды. 1920 ж. тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. 1920 ж. 6 қарашада РСФСР Ағарту халкомы қасында Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік органдар мәдени революция үрдісіне күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Бұл басшылықтың икемді техникалық жүйесінен Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.

Мәдени революцияның міндеттері. Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:

- жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру қажет;

- Қазақстандағы оқу және ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;

- рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;

- кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін - театр, кино, бейнелеу өнерін, т. б. қалыптастыру;

- Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;

- жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;

- социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;

- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.

Осылайша, 1920-1930 жж. партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ, рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз түпкі мақсаты КСРО-да социалистік қоғам құруға бағытталған партияның біртұтас саясатының белгілі бір аспектісі болып табылады. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия бір жағынан - шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан - халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көпұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

§ 33. САЯСИ АҒАРТУ МЕН МЕКТЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Сауатсыздықты жою. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Орталық басқару органдарынан 1917-1920 жж. аралығында РСФСР-дегі ұлттар ісімен айналысатын Халкомат және оған бағынышты Қырғыз (қазақ) революциялық комитет әрекет етті. Қазревком маңында пайда болған алғашқы құрылымдық бөлімшелердің бірі - халық ағарту бөлімі болды. Құрылған жергілікті бөлімдер екі бірдей: Қазревкомға және РСФСР Ағарту халкомына бағыныштылықта болды. Бұл жағдай жергілікті ағарту органдарының жұмысында екіұдайылық тудырды, ал оларға бірқатар шараларды: өлкедегі сауатсыздықты жою, оқу орындарын көптеп ашу, жаңа басылымдар ашу, халық арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізу, т. б. жүзеге асыру міндеті тұрды.

ҚазКСР құрылғаннан кейін республикадағы бұрынғы бөлімдердің орнына халық ағарту комиссариаты құрылды. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 ж. 26 желтоқсанда РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды. “РСФСР халықтары арасында сауаттылықты жою туралы” декрет бұл мәселе бойынша мемлекеттік саясатты айқындады.

1919-1923 жж. Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын өткізуде байқалған негізгі проблемалар ішінен мыналарды атап айтуға болады:

- халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;

- жаңа оқулықтар жоқтығы және жазу құралдарының жетімсіздігі;

- қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды. “Сауаташқыш” газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып отырды, сауатсыздықты жоюшы - мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 ж. 11 ақпанда Қаз ОАК “Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы” қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың бірыңғай жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған бірыңғай қаржы қоры құрылды. 1931 ж. республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. 1930 ж. 14 тамызда КСРО үкіметінің жалпыға бірдей білім беру декреті сауатсыздықпен күресте маңызды рөл атқарды, Қазақстанда мұндай декрет 1930 ж. 27 тамызда жарық көрді. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің І съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы ақырғы ұйымдастыру кезеңіне аяқ басты. КАКСР Ағарту халкомы қасынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 ж. Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76, 3%-ға жетті.

Алфавитті өзгерту. Сауатсыздықты жою міндеті қазақ тілінің орфографиясы және алфавиті туралы мәселені шешуді талап етті. Республика алдынан көлденең шыққан қиыншылықтардың бірі - қазақ алфавиті болды. 1920 жылдары қазақ алфавитін араб графикасымен белгілейтін еді.

Араб графикасы қалың еңбекші бұқарасы үшін қысқа мерзімде игеруге ауыр деп есептеліп, бірқатар ғалымдар оның орнына латын жазуын пайдалануды ұсынды. РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 ж. араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады.

Бұл комиссия үш проблема бойынша жұмыс жасады:

1) Жазуы жоқ халық үшін жазу жасау;

2) Өз жазуы бар халық үшін латын қарпіне көшу;

3) Түркі жазуын реформалау.

1926 ж. наурыз айында І Бүкілодақтық түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латынға көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне КАКСР халық ағарту халкомы А. Байтұрсынов қарсы болды. Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.

Араб алфавитін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдану - ұлттық мәдениетті күйретеді деп мәлімдеді. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа алфавитке көшуге әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді.

Алайда мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес елі басшылығының мүддесі республика өкілдерінің пікірімен есептеспеді. Жаңа алфавит жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 ж. күзінде латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды. Латын графикасы, еуропалық жазу жүйесі сияқты елдегі түркі тілдес халықтардың ұлттық сезіміне бейтараптық әкелді. Өйткені ол кезде орыс алфавитін тану отаршылдықтың бір көрінісі ретінде қабылдануы мүмкін еді. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады. Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Сөйтіп, латын араб алфавитін ығыстырып шығарды.

Алайда 1940 ж. латын қарпі орысшамен ауыстырылды. Республика бір мезгілде екі алфавитті: қазақ тілі үшін - латын, орыс тілі үшін - орыс алфавитін қолданатын болды.

XX ғ. 30-жылдарының аяғына қарай КСРО орталықтанған мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 ж. кириллица негізіндегі жаңа қазақ алфавитінің жобасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмысты өз кезінде Ы. Алтынсарин бастаған болатын. Жоғарғы кеңестің 1940 ж. 10 қарашадағы V сессиясында “Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке көшіру туралы” заң қабылданды.

Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою үрдісі коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. 1918 ж. қаңтар айынан бастап Ағарту халкомында (РСФСР) барлық ересек халықты ағарту ісімен байланыстыратын мектептен тыс бөлімдер құрылды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әңгімелесу, пікірталастар, әрқилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920-30-жылдардағы Қазақстандағы саяси ағарту ұйымдарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды.

Қазақстан коммунистері үшін саяси ағарту актуалды маңызға ие болды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы нашар еді. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды.

Бұл мектептерде оқуға нағыз партиялық, кеңестік, кәсіподақ жұмыстарын атқаруға тиісті белсенділер тартылды.

Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан - партия құрылысы, революция және партия тарихы, кәсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т. б. тұрды) жүзеге асырылды. 30-жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылықтың саяси курсы бағытына бейімделе түсті.

Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орныға бастады. Орта Азия және Қазақстандағы коммунистік партиялармен және басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады.

Мектептік білім. Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 ж. 21 қаңтарында РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 ж. 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беру жөніндегі бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.

20-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:

- мектеп үйлерінің жоқтығы;

- арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;

- 2-3 ауысыммен оқыту;

- ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;

- көшпелі қазақ ауылдарында мектеп ашу ерекше проблема болды.

Осы проблемаларды шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:

- қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;

- жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;

- КАКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;

- педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқушы кадрларын даярлау қолға алынды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1925-1940)
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz