Құс өсірудің желілік жобасы



1 Жобаның мақсаты
2 Мақсаты, міндеттері
3 Сауда нүктелері: өнімді қалалық жерлерде айналымға салу.
4 Құс өсірудің түйінді мәселелері мен қиындықтары
5 ӘКК оңтайлы аспектілері мен қауіпі
Жаңа құс фабрикаларын ашу және құрылысын салу үшін бастаушыларды іздеу. Құс үйлерін, цехтарды, инкубаторларды салу. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтандыру, құс өсіретін мамандарды даярлау. Құс фабрикасының жұмысы 2 бағытта жүргізілетін болады: ет және жұмыртқа өндірісі. Құс фабрикасының инфрақұрылымына толық өндірістік циклді қамтамасыз ете алатын нысандар енгізіледі, сонымен қатар құс фабрикасының ішінде құрама жем зауытын салу – жалпы алғанда жобаның жұмысына қажетті нысандарды салу.
Осы жобада құс фабрикасы құрама жем зауытымен бірге салынады – негізгі және ірі өндірістер.
Сервистік дайындау орталығының жобасында қарастырылғандар - ұсақ-сауда өндірістері. Олар негізгі өндірістің АӨК субъектілерімен тікелей байланыс орнатады. СДО жұмысы жасалған келісімдерге негізделеді. Келісімдер бойынша есептесудің үлкен көлемі табиғи түрде жүргізу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруда негізгі салмақ басты өндірістерге түседі: құс фабрикасы мен құрама жем зауытына.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құс өсірудің желілік жобасы

Жобаның мақсаты:
Қазіргі заманғы инфрақұрылымдары және технолгиялық жабдықтары бар жаңа құс фабрикасын салу. АӨК (аграрлық өндіріс кешендері) субъектілерімен бірге жұмыс істеу үшін сервистік дайындау орталықтары (СДО) желісін құруда мынадай шаруларды қамтиды: азықпен қамтамасыз ету, АӨК субъектілерін жас бройлерлермен қамтамасыз ету, халықтан жұмыртқа өнімдерін сатып алу.
Аннотация:
Құс өсіру ауылшаруашылығындағы ең жылдам өсіп жетілетін салалардың бірі, ол елдің азық-түлік ресурстарын тиімді әрі тез толтырып отыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Реформалау жылдарында құс өндірісінің дамуына кедергі келтірген көптеген кертартпа жағдайлар орын алған болатын. Жекелеген құс фабрикаларында құс басының күрт төмендеп кетті, құстардың өнім бергіштігі төмендеп, көптеген құс фабрикалары мен мемлекеттік құс өсіру зауыттары өз жұмыстарын тоқтатуына мәжбүр болды. Құс фабрикаларын қайта қалпына келтіру және жетілдіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек. Сервистік дайындау орталықтары желісін құру қажет, өткені құс етін өндірудегі нарықтың 80 пайызға жуығы жеке сектордың үлесіне тиесілі болып табылады.

Мақсаты, міндеттері
1. Мал шаруашылығындағы өнім шығаруды арттыру;
2. Әлемдік стандарттарға сай бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару;
3. Облыстағы құс өсіру жұмысын барынша белсендіру;
4. Жақын болашақта өнімді экспорттауды қамтамасыз ету;
5. Облыстағы құс өсіру өндірісі саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін механизмдерді анықтап, іске қосу, мәселелерді шешу, жағдайға баға беру;
6. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Жобаның көрінісі:
Жаңа құс фабрикаларын ашу және құрылысын салу үшін бастаушыларды іздеу. Құс үйлерін, цехтарды, инкубаторларды салу. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтандыру, құс өсіретін мамандарды даярлау. Құс фабрикасының жұмысы 2 бағытта жүргізілетін болады: ет және жұмыртқа өндірісі. Құс фабрикасының инфрақұрылымына толық өндірістік циклді қамтамасыз ете алатын нысандар енгізіледі, сонымен қатар құс фабрикасының ішінде құрама жем зауытын салу - жалпы алғанда жобаның жұмысына қажетті нысандарды салу.
Осы жобада құс фабрикасы құрама жем зауытымен бірге салынады - негізгі және ірі өндірістер.
Сервистік дайындау орталығының жобасында қарастырылғандар - ұсақ-сауда өндірістері. Олар негізгі өндірістің АӨК субъектілерімен тікелей байланыс орнатады. СДО жұмысы жасалған келісімдерге негізделеді. Келісімдер бойынша есептесудің үлкен көлемі табиғи түрде жүргізу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруда негізгі салмақ басты өндірістерге түседі: құс фабрикасы мен құрама жем зауытына.
Жоба жұмысының сызбасы:
Құс фабрикасы: сауда нүктелері арқылы нарыққа ет және жұмыртқа өнімдерін өндіріп шығарады.
СДО - дан өнімдерді алу және бөлшектеп жеткізу.
Құрама жем зауыты: құрама жем өнімдерін шығару.
Негізгі және ұсақ сауда өндірушілері арасында тарату.
СДО: құс фабрикасынан жем өнімдерін алу; келісімдер негізінде АӨК субъектілерін жеммен қамтамасыз ету; табыс түсіру; құс фабрикасын қамтамасыз ету.
Сауда нүктелері: өнімді қалалық жерлерде айналымға салу.
Маркетинг:
Бұрындары ең күшті құс өсіру саласы қалыптасқан Қазақстандағы осы шаруа бағыты бүгінгі күні тым құлдырап кеткен. Соның ішінде біздің облысымызда да құс өсіру құлдыраған күйінде. Жағдайдан шығудың жолы бар ма? Жұмыртқа өндірісінде бизнес ашу тиімсіз, яғни жергілікті жұмыртқалар өзіндік құнынан төмен бағада сатылуда. Өз нарығымызда отандық жұмыртқалар нарықта тек 30-35 пайыз орын алып айналымға салынып отырғанын мойындауымыз керек. Бұл мәселе соңғы айлар ішінде түйінді болып шыға келді, өйткені Ресейден жұмыртқаның үлкен көлемде жеткізілуі осыған ықпал етті. Ресейде құс өсіру саласын дамыту осы жылы Мемлекеттің ұлттық жобалары қатарына еніп, нәтижесінде бұрын тұралап қалған 12 бірдей ірі құс фабрикалары іске қосылды. Олардың кейбірі Қазақстанға жақын аймақтарда - Челябі, Свердловск және Новосибирск облыстарында орналасқан. Бұрындары бұл өңір жұмыртқаны Сібір және Алыс Шығыс елдерінен тасымалдап жеткізуші еді, ал қазіргі уақытта өз өнімдерін біздің елге ұсынып отыр. Салыстырып қарағанда, бір ғана Челябі облысында құс басы Қазақстандағы барлық құс басынан асып жығылады. Құс өсірушілер Одағының деректері бойынша Қазақстанда жан басына шаққанды жылына 150 жұмыртқа өндіріледі. Ал Челябі облысында бұл көрсеткіш - 370-380 данадан тиеді. 2000-2002 жылдары барлық ресейлік құс өсіру кәсіпорындары қайта жарақтандырылған болатын. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстан Ресей жұмыртқасына ешқандай да бәсекелес бола алмайды. Ресей жұмыртқасы біздікіне қарағанда анағұрлым арзан. Бұдан өз жұмыртқаларымызды нарықта өткізе алу үшін олардың бағасын өзіндік құннан да төмен бағада сатуға тиіспіз. Алайда бұл мүмкін емес. Қазіргі уақытта қоймада 6 млн дана жұмыртқа бар, құны, шамамен, 27 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, біз жұмысшылар алдында еңбек ақы қарыздарын беру үшін және тасымалдау шығындарын жабу үшін банктен несие алуға мәжбүрміз. Ресейде тауық жұмыртқасын шығаратын барлық құс фабрикалары федералдық және облыстық қолдаулар көрсетулерді пайдаланады. Біздің елде ешқандай көмек көрсетілмейді. Соңғы жылдары ЖЖМ шығындары мен жем-шөптік дәнге кеткен шығындар 3 жыл ішінде 70 пайызға қымбаттады. Олармен бірге егу дәрілері мен минералды қоспалар да қымбаттады. Мамандар жетіспеушілігі өткір мәселеге айналды. Осындай келеңсіздіктердің орын алуына, шындап келгенде, өзіміз кінәліміз және бүгінгі күні өзіміздің әрекетсіздігімізден опық жеп отырмыз.
Дей тұрғанмен, жергілікті атқарушы органдар біздің институттың қандай да бір базасының негізінде құс өсіру тобын құруға ықпал етуін қалаймыз. Бірнеше мамандарды даярлауға. Олардың оқу ақысын төлеуге институт күш салар еді. Ресей құс өсіру кәсіпорындары ,бұл орайда, өз материалдарымен және оқу әдебиеттерімен бөлісуге дайын.
Бройлер етін өндіруде кедергі болатын негізгі себептердің бірі - оның бәсекеге қабілетті емес бағасы болып табылады. Жоғары баға отандық өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуынан туындайды. Одан өзге шеттен импортталатын тауар бағасының арзан болуы, окорочка түрінде келетін өнімдерді баса алмауы да себеп. Бұл құс өсіру өндірісін дамытуға ғана кедергі келтіріп қоймай, бүкіл мал өсіру саласына қауіп төндіреді. Өйткені, импортталатын окорочка біздің өнімдерімізге қарағанда 4 есе арзан (кеден декларациясының құны 70 теңгеден, килограммына 270-280 теңгеден тиеді). Жұмыртқаны алып қарайтын болсақ, ол Ресейден ондығына 100 теңгеден жеткізіледі. Бұл салыстырмалы түрде, отандық өнімдеріміздің өзіндік құнынан 30 пайызға төмен. Осындай жағдайда құс еті мен жұмыртқасының басым бөлігі (70%) республикамыздан тыс елдерден импортталып жатқанда, отандық тауар өндірушілердің мүдделері қорғалмайды, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді, өйткені азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі бар болғаны 25 пайыздан аса алмай отыр.
Көптеген құс фабрикалары және құс өсіру шаруашылықтары техникалық жарақтандырылған. Дегенмен олардың біраз бөлігі тозығы жеткен жабдықтармен жұмыс істеуде. Көптеген құс фабрикалары (Алматы Құс, Ардагер, Ақнар қф, Оңтүстік Құс және т.б.) тіпті ең қиын кезеңдерде де қаржы мүмкіндіктерін қарастырып, қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтап, бәсекеге қабілетті құс өнімдерін шығарудан қалыспай келеді. Барлық жабдықтар мен қосымша агрегаттар түрлендірудің жоғары деңгейіне ие және олар шетелдік зауыттарда Германия, Голландия, Ресей, Украина сияқты елдерде шығарылады. Кешенді технология және түрлендірілген машиналар жұмысшылар еңбегінің өнімділігін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Құс өсірудің түйінді мәселелері мен қиындықтары:
Қазақстан өңірлері бойынша ең негізгі фактор болып тауық тұқымындағы асыл тұқымдыларды көбейтумен бірге оларды азықпен қамтамасыз ету де қоса қарастырылуға тиіс. Осы факторды алға тарқанда, шаруаның жағдайы жай ғана нашар емес, өте нашар деп танылады. Себебі, Қостанай облысындағы аграрлық сала бұрын құс өсіретін кәсіпорындарға құрама жемнің негізгі бөлімі ретінде арпа, жем жеткізіп отырған. Қазіргі уақытта облыстағы егіс далаларында аталмыш дақылдың мөлшері жоқтың қасы, барлық шаруалар бидай өсірумен айналысуда. Ол түсінікті де, бидай бағасы қазіргі уақытта шарықтап тұр, ал арпа, сұлы дақылдары тиімсіз өнім ретінде көлеңкеде қалды. Ол сауда-саттықта да, егістікте де тиімсіз болып қалды. Осы себепті Қостанайлық құс өсірушілер көрші Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен арпа жеткізу үшін келісімдерге отырады. Солтүстік Қазақстан облысы бұл дақылдарды өздерінің егіс даласынан тысқары қалдырған жоқ. Ол жақтан дақылды жеткізу темір жол арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүкті түсіріп алушы үшін біршама қымбатқа түсетін тасымалдау жолы. Оның салдары, әрине, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына ықпал етеді.
Әлемдік тәжірибелерге қарайтын болсақ, құс өсіру жұмысының біздің елімізге ыңғайлы түрі - құс фабрикаларын салуда түрік моделі болып табылады. Осы модель пайда болған Түркияда құс фабрикасын диірмен кешендерінің жанына немесе сол аумаққа іргелес салады. Бұл амал азық өнімдерін тасымалдауда және оны сатып алуда артық шығындар жұмсамауға мүмкіндік береді. .

Өнім:
Құс өсірудің негізгі өнімдері - ет және жұмыртқа. Ішкі ағзалары мен қауырсын, ұлпалары да қолданысқа жаратылады.
Жұмыртқа - толық құндылықтағы диеталық өнім. Құс жұмыртқаларында 35 түрлі химиялық элементтер болады. Құс жұмыртқаларының ағуызында аминді қышқыл, минералды заттар жиыны бар. Тағамдық қолданысқа тауық, перепелок және цесарок жұмыртқалары ұсынылады. Үндік жұмыртқалары аса нәрлі және жақсы дәмдік қасиеттерге ие. Ал олардың тығыз қабыршағы жұмыртқалардың ұзақ уақытқа сақталуына мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыртқалар үйрек және қаз жұмыртқалары секілді жас төл алуға, одан ет өнімдерін алуға өте тиімді болып табылады.
Құс еті өте нәрлі және биологиялық құндылығы жоғары, керемет диеталық және ас мәзірін жасауда жоғары сапалы болуына қарай ерекшеленеді. Тауық еті - мерекелік, сонымен қатар төмен калориялық диеталық өнім болып табылады, ол адам ағзасына жеңіл сіңеді. Тауық еті толық құндылықтағы ағуыздарға, дәрумендерге бай, майы аз, құрамында көмірсутектер мүлде жоқ деуге болады.
Құс етінің майы, жұмыртқа майы сияқты өте жоғары деңгейдегі толыққұнды өнім санатына кіреді. Үйрек майы фармацевтикалық өндірісте қолданылады. Ал арнайы азықтандыру арқылы алынған ірі бауыры жеңсік ас деп танылады. Ет сапасы құстың түріне, тұқымына, жасына және жынысына қарай және азықтануына, күтіп-баптауына қарай әртүрлі болады. Жақсы жемделген құс еті біршама жұмсақ, сулы және мерекелік дастарханға лайық бола алады. Көбінесе жас бройлерлер еті сапасы жағынан бірден көзге түседі.
Қауырсыны мен ұлпасы құстың тірі салмағының 8 пайызын ғана құрайды. Қауырсын мен ұлпа жастықтар, көрпешелер, көрпе және бас киімдер, сәндік бұйымдарын және т.б. жасау үшін қолданылады.
Құс қиы (саңырақ, төсем) - жылдам әсер ететін құнды тыңайтқыш, әсіресе, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өсіруде қолдануға тиімді. Осылайша, тек негізгі өнімді алып қана қоймай, адам үшін үлкен құндылықтар бере алатын өнімдерді алуға болады.
Ауылшаруашылығындағы құс жылдам жетілуімен, жоғары өнімділігімен, талғамсыз қоректенуімен сипатталады.
Жылдам жетілуі - құсты өсіруге жұмсалған шығынды өнімділігімен қайтару кезі басталған құс жасы. Өзге тез жетілгіш ағзаларға қарағанда құс өнімі ең жылдам жетілетін өнім. Перепелок құсы өзінің алғашқы жұмыртқаларын 1,5 айға толған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал сою конвейері
Балапандарды өсіру
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Орман шаруашылығы
Құс шаруашылығы туралы
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Күркетауықтарды бағып күту
Түйеқұс өнімділігі және оларды өсіру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Пәндер