Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы


Кіріспе
Мал шаруашылығы ежелден қазақтарға тән шаруашылық түрі болып табылады. Қазақстанда, әсіресе қой-ешкі, жылқы, мүйізді ірі қара шаруашылықтары айтарлықтай дамып, халықтың күнкөріс көзі болып табылған. Мал және оның өнімдері Ресей, Қытай т. б. көрші елдерге өнеркәсіп бұйымдарына алмастырып отырды.
Қазақтар ертеден әрбір мал түрінің ерекшеліктерін жете біліп, әсіресе мал жайылымдарының жылдың қай мезгілінде малды қалай бағу керектігінің білгірі болды.
Кеңес дәуірінде Қазақстан Одақтың шығысындағы оның басты мал шаруашылықты зонасы болып табылып, малдың өнімдерінен еліміз көлемінде жетекші орынды алып, басқа да аудандарды қамтамасыз етіп отырды.
Кеңестік дәуірдегі жүргізілген коллективтендіру жұмыстары және Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуінің қиындықтары салдарынан еліміздің мал саны өте азайып кетті. Қазір экономикалық жағдайдың жақсаруынан еліміздің мал саны артып келеді.
Сондықтанда біздің дипломдық жұмысымыз Қазақстандағы мал түлерінің өсірілу жайы, оның даму ерекшелігін, таралу аудандарын сипаттауға арналған. Мал -Қазақстанның жетекші шаруашылық саласы болып қала береді. Мал шаруашылығын дамытуға Қазақстанда жағдай бар.
I бөлім. Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасу тарихы.
1. 1. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы мал шаруашылығының даму жағдайы.
Қазақ жерінің аумағы батысында Еділ өзені алабынан, шығысында Алтай тау шыңдарына дейін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осындай кең аумақты алып жатқан өлкенің жер бедерінде, ауа райында және табиғатында өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан. Жер аумағының 10 пайызы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік - батыс, солтүстік және орталық аймақтарда негізінен теңіз деңгейінен 200-300 метр ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000-6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, Қазақстанның жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық, тек Ертіс, Тобыл, Есіл өзендері ғана Солтүстік мұзды мұхитына құяды. Ал, қалған үлкенді-кішілі өзендер көлдерге құюмен бірге құмдарға сіңеді.
Қазақ жерінің шығысында Алтай тау жүйесі орналасса, ал, оңтүстік- шығыс бөлігінде ірі тау жүйелерінің бірі-Жетісу ( Жоңғар ) Алатауына ұласады, олардың батысын Балқаш, Алакөл, Арал, Каспий ойпаттары алып жатыр. Бұл белдеудің солтүстігінде Сауыр, Тарбағатай таулурынан басталып, ұсақ шоқылы Сарарқа қыраттары Батыс Қазақстандағы Мұғалжар тауы, Орал тау жүйесімен жалғасады. Елдің солтүстік, оңтүстік және батыс шектерінде өте кең жазық далалар мен үстірттер орналасқан.
Қазақстан аумағында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына табиғи ортаның өзі мүмкіндік туғызды. Бұл ең алдымен қазақ жерінің кеңдігі мен қолайлы географиялық ортасы. Қазақстан территориясы Еуразия материгінің нақ ортасында орналасқан дықтан мұнда ауа райы континентальды, өңірдің ауа райы негізінен төрт микроклиматқа бөлінеді: орманды дала, шөлді, биік таулы. Орманды өлкенің қоңыржай климаты Қазақстанның оңтүстігі құлазыған сусыз жазық даласын; ал таулы өлке климаты Оңтүстік Алтайдан бастап Тянь-Шаньның солтүстік деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Қазақ жерінің оның географиялық және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан.
Өлкенің климатындағы жыл мезгілдеріне сай ауа райының географиялық зонасы бойынша, Қазақстанның қысы оның солтүстігі мен оңтүстігінде әр түрлі жағдайда өтеді. Ауа райының ауыспалы зонасы деп есептелетін 48-50 градустан солтүстікке қарай қыс 5 айға (қараша-наурыз) созылады да, жер бетін ылғи қар басып жатады. Қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда-
45 градустан - 50 градусқа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа температурасы 35 градустан 45 градусқа дейін қызуы мүмкін. Көктемнің соңғы үсігі шілдеде, ал күздің ерте үсігі тамыздың аяғында түсуі мүмкін.
Ал, ауыспалы зонадан оңтүстікке ойысқан сайын ауа райы жылына береді де, ең суық күндері 30-35 градустан аспайды. Қыс мезгілі де 2 айға дейін қысқарады. Қар ұзақ жатпайды. Өте жылы, тіпті, жаңбырлы күндер де жиі қайталанып отырады. Жел көбінесе солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады. Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғарғы деңгейі 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері - 30-35 градустан, - 40 градустан төмен аяз да байқалады. Елдің қиыр оңтүстігінде көктемгі суық үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектін екінші жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінің тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ.
Жазғытұрым Қазақстанның барлық жерінде қар жылдам еріп, ауа райы тез жылына бастайды. Тек қыс созылған жылдары ғана сәуір, мамыр айларында әжептәуір салқын болады.
Қазақстанның жазы ( мамыр-қыркүйек ) өте жылы, ыстықтық кейде 46 градусқа жететін күндері болады. Жауын-шашын аз болады да, аңызақ жел жиі соғады. Мұндай жағдай ең алдымен, шөлді далаларда кездеседі. Жаз айларында желдің бағыты да өзгереді.
Күзде ауа райы тез салқындайды. Солтүстікте суық ерте түседі, бірақ ауа райы кілт өзгеріп, жылынып та кетіп отырады. Жел бағыты да біртіндеп өзгере қысқы бағытына түседі де, жауын-шашын азаяды. Қазан айының соңында бұлтты күндер көбейіп, Қазақстанның барлық жерлерінде қар жауып та үлгереді.
Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл аймақтарына ажыратылады. Орманды далалық аймақ-жер аумағының 2, 04 пайызын алып жатыр. Далалық аймақ-жер аумағының 28 пайызын құрайды. Аумағы 110, 2 млн. га. Шөлді аймақ-жалпы аумағы 124, 6 млн. га. Шөлдер Қазақстанның 11, 1 пайызын алып жатыр.
Қазіргі күнде Қазақстан жерінде өсімдіктердің 1500-дей түрі бар. Бұл, әрине, Қазақстан сияқты кең өлкеге көп те емес. Қазақ даласының 60 пайыз жер көлемін алып жатқан жазықтықты дала және құмдық аумақта әртүрлі шөптер кездеседі. Қазақстан жерінің Еуразия континентінің орталығында орналасуы оның климатына ғана емес, осымен бірге өсімдігі мен жануарлар дүниесіне де әсерін тигізеді.
Дала жазығында: бетеге, бидайық, еркек шөп, изен, сіралжін, жусан, қияқ; шөлді аудандарда: қара сұр және ақ жусандар, ермен, ажырақ, ақмамық, ащы шөптер, түйе қарын, көкпек, бұйырғын, майқара, раң, теріскен, жүзген, т. б. ; таулы жайылымдарда: көк майса, өлең, шалғын, көкбас және сарыбас жоңышқалар, оюжүн, күйіксары, теңге жапырақ, ебелек, түрлі жусандар, т. б. Өседі.
Маусымдық жайылымдардың орналасуында да жер-жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты заңдылықтар бар. Қазақ жерінің ылғалы мол солтүстік аудандардағы, шығысы мен оңтүстік шығысындағы биік тауларда және орталық Қазақстан қыраттарындағы алуан түрлі шөп өсетін шүйгін жайлымдар жазғы жайлау есебінде пайдаланылады. Мұның жалпы көлемі 40 млн. га. Жусан мен ащы шөптер жиі өсетін Орталық және Батыс Қазақстанның кең даласы қысқы жайылымға (33 млн. га. ) қолайлы. Бұлардың арасында эфемерлік өсімдіктер мол күздік жайылымдар ( 57 млн. Га. ) бар. Ал, 35 млн. га-дан артық жер жыл мезгілінің әр уақытында, кейде тіпті, бүкіл жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады. Кең байтақ Қазақстан жерін ежелден бері мекендейдін қазақ бұл араның табиғи-географиялық жағдайына сай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Х. Арғынбаев өз еңбегінде Қазақстан жерін оның табиғи ерекшеліктеріне сай төрт зонаға бөліп көрсетеді.
1. Батыс Қазақстан, яғни Каспий, Арал бассейндері мен Маңғыстау түбегінің табиғаты негізінен құмды, шөлейт болуының нәтижесінде, мұнда төрт түліктің өзге түріне қарағанда қой мен түйені көбірек өсіруге қолайлы.
2. Суы мол, шөбі шүйгін-Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан әсіресе, жылқы, қала берді қой мен ірі қара мал түрлерін өсіруге қолайлы.
3. Оңтүстік Қазақстан табиғи жағдайы қой мен түйе түліктерін өсіруге ыңғайлы.
4. Жетісу төңірегіндегі ежелден қойлы өлке, солай бола тұрса да жылқы мен ірі қараны молырақ өсіруге керекті жағдайдың бәрі де Алатау қойнауында баршылық. Сөйтіп Батыс және Оңтүстік зоналарда байлық түйе, қой санына қарай, Сарыарқада түйе, жылқы санына, Жетісуда қой санына байланысты айырылатын. Мысалы: сол кездегі Жетісу өлкесіндегі төрт түліктің өсу дәрежесі.
1869
1889
1912
1915
415650
647663
1014224
1011361
52444
357231
741066
891982
3384553
4300063
7102005
7131583
09
93105
74133
93276
Бұл деректерден ерекше көзге түсетін жағдай жоғарыда көрсетілген жылдар ішінде мал санының артып отырғандығы.
Мұндай жағдайды Қазақстанның барлық уездерінен байқауға болады.
1879
1898
430625
118862
116325
120191
506687
265487
22128
8342
1879
1898
172820
82202
32512
117783
447390
195686
12420
75590
1879
1898
156142
100877
38973
52796
786770
378876
75590
41219
1879
1898
108709
91674
38318
31622
575925
198041
78192
46325
1900
1911
89647
165211
32072
97023
392773
597144
2056
2910
1900
1911
105386
169120
53179
117177
704812
1324035
11420
17415
Қазақстан жерінде ерте заманнан бері қой көп өсірілген. Ол кезде қой санының дәл есебі болмады және болуы да мүмкін емес еді. Мысалы, ( Мейер, 1865 жыл ) Қазақстанда қой мен түйе санын өздері сипаттап отырған мезгілдегіден анағұрлым көп болғанын дәлелдеді. Бұдан бұрынғы деректер де осыны қуаттайды. Қазақ халқы оның мекендеген жері туралы жазған алғашқы орыс авторларының бірі А. Левшин былай деп атап көрсетті: «Мұнда қой отарларының көптігіне көзің сүрінеді. Өрбіген қойы одан да көп ел, сірә, әлемде бола қоймас». Ұлы жүз қазақтары Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында қыстай, жаз жайлауға Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау баурайларына шыққан. Шу бойын қоныстағандар Бетпақдала арқылы жазда Сарыарқаға дейін баратын, қыстау мен жайлаудың арасы жүздеген шақырымды қамтитын.
Орта жүз қазақтары Сарысу, Шу және Сырдарияның орта ағысын қыстап, жайлауға Ертіс, Есіл, Тобыл бойына тіпті Тюменге дейін жеткен көш жолы бірнеше шақырымға дейін созылатын.
Кіші жүз қазақтарының қыстаулары Каспий теңізінің жағалауында, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында орналасатын, жайлауға солтүстік далалық аймақтарға шыққан. Адай мен табын рулары Маңғыстау, Бозащы түбектерін, Ембі, Сағыз өзендерінің төменгі ағыстарын, Қара-Бұғаз-гол жағалауын қыстап, жайлауға Ембі, Сағыз, Ойыл, Темір өзендерін өрлей Ақтөбе далаларына дейін барған.
Әр рудың өз көші-қон жолдары болатын, көшіп бара жатқан ел түстенген, қонған жерлерінде, өз руларының таңбаларын сызып, қалдырған. XIX ғасыр аяғында көші-қон жолдары қысқара бастады. Қой қысы - жазы далада бағылатындықтан үнемі климат жағдайларына тәуелді болды.
XX ғасырдың бас кезінде Я. Я. Полферовтың мәлімдеуінше 1910 жылы 7 облыста 18420 мың қой мен ешкі болғанын мәлімдеді.
Сырдария
Жетісу
Семей
Орал
Ақмола
Торғай
Бөкей ордасы
Барлығы
5700
4000
2500
2200
1600
1400
1020
18 420
290
340
310
300
130
220
322
268
1913 жылы Қазақстанда 19597 мың қой мен ешкі болды, оның ішінде: Ақмола облысында 2176, 2, Семейде 2536, 5, Жетісуда 5132, 5, Сырдарияда 6078, 6, Торғайда 1568, 1, Оралда 2110, 6 мың қой, ешкі бар еді. Елдің көптеген аудандарының қой өсіру үшін өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ұшы-қиыры жоқ шөл далалар мен құмды аймақтар қой мен түйе, жылқы малы үшін ең жақсы қысқы жайылым есебінде саналса, өзен бойы көл жағасындағы шалғын, құрақ ірі қараға қолайлы келеді. Республиканың солтүстік жартысындағы сулы жазық дала көптеген өзен бойлары, көл жағалары төрт түлікке жайлау болса, Сарыарқаның жоны жылқыбағуға қолайлы болды. Қазақстанның оңтүстігінде қысқы жайылымның көлемі көп болса, солтүстікте жазғы жайылым кеңірек болды. Себебі, оңтүстікте жазды күні көптеген сусыз жайылымдар пайдаланылмай, қысты күні қар түскеннен кейін қысқы жайылым есебінде пайдаланылады. Ал солтүстікте, керісінше, толып жатқан жайылым қар астында қалатындықтан, жазды күні солтүстіктің қай жері болса да жайлау есебінде пайдалануға өте қолайлы келеді. Қойдың көптігі жағынан Сырдария және Жетісу облыстары ерекше орын алды, өйткені олардың жайылымдық жері қыста қой бағуға неғұрлым қолайлы еді. « Бұл жерлерде революциядан бұрын жеке шаруа үстемдік құрған кезде 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен». Бұл осы өңірдегі табиғи ортаның қой малын өсіруге қолайлылығына тікелей байланысты еді.
1. 2. Кеңес дәуіріндегі мал шаруашылығының даму жағдайы.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. XX ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік экономикалық өзгерістер болды. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149, 1 млн. га. жер бар. Оның 25, 7 млн. га. егістік, 3, 6 млн. га. шабындық, 103, 5 млн. га. жайылым. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонмен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды.
Бұрын Қазақстан ауыл шаруашылығының жетекші саласы болып келген мал шаруашылығы нарықтық экономикаға көшу жылдарында елеулі қиындықты басынан кешуде. Соңғы 10 жылда республикадағы мүйізді ірі қара саны 2 еседен артық азайса, жылқы және түйе-1, 5 есе, қой-3, 5 есе, шошқа мен құс-3 есе азайды. Орталық Азияның бес мемлекеттерінің ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мал шаруашылығы ауыр жағдайға ұшырады.
Өзбекстан мен Түркменстан ауыл шаруашылық саласындағы ойластырылған дұрыс саясат нәтижесінде мал санын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны арттырды да. Нарыққа өту барысында сүт сауу 5, 6-дан 3, 7 млн. тоннаға, жүн-107, 6-дан 22, 3 мың тоннаға түсті. Ет өнімі 2, 4 рет төмендеді. Отандық ет-колбаса өнімін шығарушылар шикізаттың жетіспеушілігі салдарынан оны ТМД елдері, Монғолия және Қытайдан импорттауға душар болды. Бірақ көптеген малмен айналысушылардың малдың өсуін азайту және жаңа туған өсімін бұрынғы деңгейінде сақтап қалуы қуантарлық жағдай.
Ауыл шаруашылық мамандары мен селекционерлерін Қазақстандағы асыл тұқымды мал санының азаюы алаңдатуда. Осыдан 15 жыл бұрын бүкіл мал санының 15-18 пайызын алатын асыл тұқымды малдың үлесі нарыққа өту жылдарында 1, 5-3, 4 пайызға түскен. Бірақ товарлы малдың өнімділігін жақсарту әлеуеті Қазақстанда өте мол. Кей жағдайда асыл тұқымды малды да союға жібереді. Ал шаруалар болса асыл тұқымды мал және оған қажетті сапалы жемді сатып ала алмайды.
Елді мекендер маңындағы жайылым бүлінген, отарлы мал жайылымы пайдаланылмайды. Соның салдарынан топырақ бұзылуға ұшырап, арамшөптермен қауланған.
Ауылдық тауар өндірушілер өзінің шығынын жабу үшін өнімнің бағасын үнемі арттыруда. Бұл өнімдердің құны - ТМД-ғы ең жоғарғысы. Ғалым-ауыл шаруашылық мамандардың пікірінше, Қазақстанның мал шаруашылық держава статусын қайта қалпына келтіруінің барлық жағдайы бар. Ғалымдардың пайымдауынша, мал шаруашылығы сферасын бүкіл дүние жүзінде стратегиялық, дотациялық (мемлекеттік жәрдемде болу) болып табылады.
Ауыл шаруашылық өнімін шығарушылар үшін несие берудің пайызын төмендетіп және салық салудың жеңілдетілген жүйесін енгіу қажет. Мал шаруашылығы Қазақстан экономикасының болашағы зор саласы, бірақ оған мемлекеттің қолдауы қажетті.
II бөлім. Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстан мал шаруашылығы.
2. 1. Мал шаруашылығының қазіргі даму жағдайы.
Республикамыздың мал басы мен одан алынатын өнімнің саны мен сапасы жылдан-жылға артып келеді. Республика бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде көш бастап келе жатқанымыз рас. Оның дәлелі еліміз бойынша өндірілген еттің 16, 4 пайызы, сүттің 12, 5 пайызы, жүннің 23, 4 пайызы және жұмыртқаның 23, 5 пайызы біздің облыста өндіріліп жатқандығы.
Жыл басынан бері төрт түліктің өсуі байқалады. Ауыл шаруашылығы басқармасынан алынған соңғы мәліметке сүйенсек, 8 айда облыстағы ірі қара саны 6, 6 пайызға, қой мен ешкі 3, 1 пайызға, жылқы 6, 8 пйызға, шошқа 5, 1, құс саны 7, 4 пайызға өскен. Осы мерзім ішінде 135, 1 мың тонна ет, 458, 0 мың тонна сүт, 504, 5 млн. дана жұмыртқа және 7, 5 мың тонна жүн өндірілген. Мал шаруашылығындағы ауыз толтырып айтар жаңалықтың қатарына өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ет өндірудің 0, 2 пайызға, сүттің 2, 8 пайызға, жұмыртқаның 32, 3, жүн өндірісінің 1, 2 пайызға артқандығын жатқызуға болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге, мал шаруашылығы өнімдерін экспортты әлеуетке ие етуге және қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіруге жүйелі қолдау көрсетуді тапсырғандығы барша жұртқа аян. Осы орайда асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға өткен жылы республикалық бюджеттен 241, 4млн. теңге, сондай- ақ, облыстық бюджеттен 38, 6млн. теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ американдық селекциядан алынған бұқалардың ұрығы сатып алынған және асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуға қажетті мал азықтары және олардың ұрығын алып сақтауға қажетті сұйық азот, әртүрлі медикаметтер мен округтердегі жұмыс істеп тұрған ұрық пункттерін жабдықтауға дъюар құбырлар мен микроскоптар сатып алынды. Биылғы жылы да мал тұқымын асылдандыруға республикалық бюджеттен 226, 4 млн. теңге, сондай-ақ, облыстық бюджеттен 78, 4млн. теңге қаржының бөлініпотырғандығы ауылдың бірі-екі болса деген ниеттен жасалған қамқорлығы екені даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz