Негізгі құралдардың талдауы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА.ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы ... ... ... ... ... ..4.8
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 9.11
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.20
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.36
2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.42
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43.50
ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... .51.64
3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік
көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65.70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .71.72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73.75

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – негізгі құралдар түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі объектісі ЖШС «Капланбек» ұйымы болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімінде – негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын талдау
есебі, оған түгендеу жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары
қарастырылады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007-жылдың 28-ші ақпанындағы №234-ІП Қазақстан Республикасының Заңы,
2. «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1998-жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен толықтырулармен № 139-1),
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бектікен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі 12.06.2001 жыл №209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен),
5. Бухгалтерлік есеп шоттарының иптік жоспары 18.09.2002 ж. №438 (№372 21.10.2003 ж. өзгертулермен),
6. «Аудит», под редакцией доктора экономических наук, профессора М. Юнити, В.И.Подольского 2000г-560с,
7. Андреев В.Д. Практически аудит, М.Экономика 1994г-500с.
8. З.Н.Ажибаев, Аудит. Учебник, Алматы, Экономика,2005.
9. Әбдіқалықов Т.Ә, Сәтмурзаев А.А Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, А., ҚазМБА. 1996.
10. З.Н.Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық, А. 2006.
11. Байдәулетов М, Байдаулетова С.М. Аудит, А., Қазақ университеті. 2004-226 бет.
12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2005,
13. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами, А., Экономика. 2000ж-320 бет.
14. Дюсембаев К.Ш, Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ финансовой Отчетности, А, Қаржы – қаражат. 1998ж.
15. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 2001 ж-378 бет.
16. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001 ж-400 бет.
17. Ержанов М.С., Аудит-1. (Бозовый учебник). Алматы, Бастау. 2005г.
18. Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с.
19. Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 1999г-520
20. Кондраков Н.П, Кпаснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета, ФБК-Пресс. 1997г-450с.
21. Кутер М.П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета, М., Финансы и статистика. 2000г-543с.
22. Назаров В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы.Экономика 2005ж.
23. Родостовец В.К, Ғабдулин Т.Ғ, Родостовец В.В, Шмидт О.И, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан – орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы А., 2003ж-410 б.
24. Родостовец В.К, Шмидт О.Н, Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета А., Центр аудит Казахстан. 2000г – 310с.
25. Сатмурзаев А.А, Укашев Б.Е, Аудиттің теориясы, А., Ұлағатуниверситеті. 1998ж.
26. Төлегенов Ә.Т, бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика. 2001ж-200 б.
27. Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О.Ж, Байболтаева Н.Ә, Родостовец В.К, Қаржы есебі, А., Дәуір 1998ж-390 б.
28. Укашев Б.Е, Әжібаев З.Ы, Бухгалтерлік есеп теориясы А., Ұлағат университеті 1999ж-220 б.
29. Хорнгрен Ч.Т, Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: Пер. С англ. Под. Ред. Я.В.Соколова, М.,Финансы и статистика. 2000г-416с.
30. Бюллетень бухгалтера. №18(196), 2006 ж.
31. Библиотека бухгалтера и предпринимаетеля №14 (139), январь 2006г.
32. Бухгалтер бюллетені, №10,12,15, қаңтар, 2006 ж. БИКО.
33. Экономика и жизнь №12,14,15-2006г.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы
... ... ... ... ... ..4-8
1.2 Кәсіпорынның жалпы экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 9-11
1.3 Кәсіпорынның есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2-20
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-36
2.2 Негізгі құралдардың түсу
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7-42
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 43-50
ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... .51-
64
3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік
көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .65-70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .71-72
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3-75
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік
есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және
басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты
және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және
субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің
негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне
есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі
экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық,
сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға),
оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны
сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық
құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және
тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен
мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму
заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде
пайдаланылады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы
білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – негізгі құралдар түсінігі,
кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
жолдарын зерттеу.
Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі объектісі ЖШС Капланбек ұйымы
болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және
қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған
кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты
сипатталады; екінші бөлімінде – негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері
көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын талдау
есебі, оған түгендеу жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары
қарастырылады.
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның
маңыздылығы
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандарттарына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру,
тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға
беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен
артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана
актив ретінде танылуға тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау
мүмкін болса.
Негізгі құралджар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды
жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономикалық барлық
салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі
құралдарды айтады. Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен

ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік
емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа
салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық
үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.
Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық
негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы,
тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-
өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік
сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және ағы да басқа
салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты
негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа
салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы
бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін
экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
- Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;
- Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;
- Көлік құралдары;
- Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құрлдар
жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа
бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істейтін негізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі
себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар
жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын
негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар

стандарттарына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар
объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның
ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар,
сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін
жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын
анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындржатады:
• алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау
шығындары;
• тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
• орнатуға байланысты шығындар;
• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны.
Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді
сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура
сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін
өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең
болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі табыс ондай негізгі құралдардың құнын
есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының
бөлімшелерінде, яғни мына активты шоттарда жүргізіледі:
2411-шот – жер;
2412-шот – үйлер мен ғимараттар;
2413-шот – машиналар мен жабдықтар;
2414-шот – көліктер құралдары;
2415-шот – компьютерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді
өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот – кеңсе жиһазы;
2417-шот - өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни
көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы
көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық
бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық
объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект деп өзінің құрамына
кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып
алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке
құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі
құрылымы бойынша біріктірлген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі
бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың
тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға
инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға
берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен
шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске
алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвертарлық номер негізгі
құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады.
Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады.
Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек
сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі
құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсетілетіндей етіп
тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық
номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын
ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен
қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы
техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және
істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен
байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс
саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
2. АВК Капланбек ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы
Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін
мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994
жылдан бастап завод жекешелендіріліп Капланбек Агровинкомбинат
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.
Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына
жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-
өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.
- Заводтың болашақ жоспарында жүзімдіктерді көбейтіп, ескірген
жүзімдіктерді жаңартып және жаңа жүзім сорттарын өсіру арқылы
шараптың жаңа түрлерін шығару қаралған.
- Шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отырып және жергілікті
тұрғындармен жеке жүзім өндірушілермен келісім-шарт арқылы жүзім
шикізатын көбейтеді.
- Капланбек АВК ЖШС-нің шығарған өнімдерін Қазақстанның қалалары
аудандары және алыс жақын шет елдерге жіберіледі.
- Сатып өткізу негізінен келісілген көтерме сауда арқылы және
дүкендер арқылы жүргізіледі.
Өндірістік өнім өндіру көлемі шамамен жылына 6,7 млн теңгеге
жетеді.заводтың негізгі бәсекелестері болып:
1) Бахус Ашық Акционерлік Қоғамы;
2) Конысбаев - шарап заводы және Абай аудандағы Назико
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі;
3) Өзбекстандағы шарап заводтары есептеледі.
Капланбек АВК ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірден-бір ірі
шығаратын кәсіпорын болып есептеледі.
Заводтың барлық инфраструктура мен жарақталған шарап өнімдерін шығару
үшін технологиясы барлық стандартқа сай құрылған.
Өндірістің негізіне жүзімді өңдеу арқылы маркалы шараптың 8 түрі
өндіріледі.
Олар: Херес, Капланбек, Мускат, Ақ-бұлақ, Ислам, Жоламан,
Ерке-Тумаш, Қызыл-Таң және де орденді шараптың үш түрі бар,олар:
Ахдам, Талас, Рубин.Бұл шараптар 12 халықаралық сайыстардың жеңімпазы
аталған.1995 жылы завод бөлім-бөлімімен қайта жаңартудан өтіп бірнеше
ғимараттар мен үлкен жертөле салынды.Заводтың шарап шығару қуаты жылына
20000 долл.1997 жылы шарап өндіру цехы тоқтаусыз және көпжақты ашыту
бойынша қайта жарақталып,1200 гкалсағ мұздатқышы, 4-16 тсағ қазандығы
қойылды.
Заводта:
- сөткесіне 850 тонна жүзімді өңдейтін 8 желі бар;
- сөткесіне 75 тонна жеміс өңдейтін 2 желі бар;
- сағатына 1500 шөлмек құятын 2 желі бар;
- сағатына 5000 шөлмек құятын 1 желі бар;
- сөткесіне 500 долл беретін спирт колоннасы құрастырылып жатыр;
- сөткесіне 280 дол беретін коньяк колоннасы жұмыс істеп тұр.
Басқарма ғимараты 2 қабаттан тұрады.Осы ғимаратта керекті құралдармен
жабдықталған зертхана орналасқан.Зертханада шараптардың және шарап
өнімдерінің сомасына талдау жүргізіледі.
Есеп шоты – 009467183 Халық Банкі
Шымкент қаласы МФО – 195801604
СТН – 581200001712
Қаржылық шаруашылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштер
Кесте-1
Көрсеткіштер Өлшем 2005 г 2006г 2007г
бірлігі
1.Өндіріс көлемі Мың долл 228,94 114,56 19201,5
2.Өндіріс көлемі Мың долл 91396,0 93406,2 97506,8
3.Өндіру көлемі Мың долл 16,69 67,83 35,95
4.Сатудан түскен пайда Мың теңге 12633,7 25131,6 24397,5
5.Өндірілген өнімнің өзіндік Мың теңге 48028,3 126,25 5208,2
құны
6.Сатудан түскен өнімнің Мың теңге 11747,7 19252,5 19728,3
өзіндік құны
7.Сатудан түскен өнімнің Мың теңге
қаржылық нәтижесі +886,0 +15145,0 +5403,3
8.Амортизациялық шегерім Мың теңге 2136,8 2620,7 3494,3
9.Салықтар же басқа да Мың теңге 125,2 13953,2 2615,0
шығындар
10.Қаржылық нәтиженің барлығыМың теңге
(+,-) -1250,8 -1428,9 -706,0
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты
Есепке алуды және қайта есептеуді жүргізеді: мемлекеттік және
жергілікті бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, филиалдың қызметтеріне
жалақыны, сондай-ақ басқа да қажетті төлемдерді, алғашқы құжаттардың және
бухгалтерлік жазба мәліметтері негізінде бухгалтерлік есепті дер кезінде
жасауды, оны белгіленген тәртіпте қоғамға және тиісті органдарға ұсынуды
қамтамасыз етеді. Ақшаны және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз
жұмсауды болдырмау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу жөніндегі
шараларды қабылдайды. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, жоғалтулар мен
өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру
мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын
жүргізуге қатысады. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы операциялар
бойынша құжаттардың орындалуын және рәсімделуін болдырмау жөніндегі
шараларды қабылдауды жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайларында кәсіпорындарындағы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен
есеп берудің халықаралық стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.
Есепті халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудыңсапасы мен
тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің
неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктерін, спецификасын,
өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техника мен технологиясын
көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дербестік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 12 қарашадағы №3
қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне
қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына көшті.
Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын
әзірлеуді қажет етті.
Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын нұсқалар рұқсат еткен есеп
объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және
кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен
ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Яғни, зерттеліп отырған кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама
қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық
экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен мәнін арттыруда аса
маңызды болмақ.
Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін
негізгі құрлдар құрайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және оның
тартымдылығын бағалаған кезде негізгі құралдардың құрылымы мен көлемі
туралы ақпараттың аса маңызы бар. 2400 негізгі құралдар кіші бөлімі
негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын
қамтиды:
2410 – Негізгі құралдар,
2420 – Негізгі құралдардың амортизациясы.
Негізгі құралдар дегеніміз – материалдық активтер, оларды ұйым
өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру
үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап
тұрады және бір кезңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі
дегеніміз- сипаты және ұйымның қызыметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас
активтердің бірлестігі. Мыналар:
• жер;
• үй және ғимараттар;
• машиналық құралдар; кемелер;
• ұшақтар;
• автокөліктік құралдар,
• жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымылы мүлік;
• кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады.
Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық
шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық
жинақталған шығындарды қоспай, оның өзіндік құны бойынша немесе барлық
жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі
жинақталған шығындарды қоспай қайта бағлау күніне дұрыс құны болып
табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.Халықаралық
қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) – кәсіпорынның қаржылық жай-күйі
және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз
ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін
білдіреді. Мәселен, ЖШС Арман компаниясының басшылығы пайдаланушылырға
қаржылық есептерді сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында
ХҚЕС-на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс-шаралар
жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік термині оның ХҚЕС-на айқын
және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық
талаптарын қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсіндірме бар
алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
Осындай мәлімдеме жасау үшін ЖШС Капланбек компаниясының кең көлемде
алдын ала жұмыс жүргізу қажет болады.
ЖШС Капланбек компаниясы жұмысының кезеңдерін негізгі құралдарды
есепке алу мысалымен қарастырайық, өйткені негізгі құралдарды есепке алу
бухглтерлік есептің аса күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады.
ЖШС Капланбек компаниясының мамандары мынадай алдын ала жұмыс
жүргізеді:
- негізгі құралдарды есепке алуға қатысты компания қолданатын есепке
алу принциптеріне тлдау және бағалау жүргізіледі және олардың ХҚЕС-
ндағы принциптерге сәйкестігі тестен өткізілді;
- жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде ЖШС Капланбек
компаниясының Есеп саясатын халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарының ережелеріне сәйкес келтіру үшін белгілі бір
оқиғаларға, операцияларға және мәмілелерге қатысты кәсіби
пайымдаулар қалыптастырылды;
- қалыптастырылған кәсіби пайымдаулар ескеріле отырып, компанияның
ХҚЕС-дағы тиісті принциптерге сай келетін Есеп саясатының ережелері
әзірленеді.
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттың кәсіби
пайымдауды пайдалануды болжайтынын айта кеткіміз келеді.
Бухгалтерлік есептің әдіскерлері шаруашылық жағдайын сипаттау үшін
және шын мәнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін ол жөнінде кәсіби
бухгалтердің әділ айтқан пайдалы пікірін кәсіби пайымдау деп түсінген
жөн.
ЖШС Капланбек мамандары негізгі құралдарды есепке алуға қатысты
қолданылатын есепке алу принциптеріне талдау жүргізді және оларды ХБЕС-дағы
принциптерге сәйкестеген өткізді.
Бүгінгі күні Республикада ХҚЕС-ның ресми бекітілген мәтінінің жоқ
екендігін ескере отырып, біз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі
әзірленген және ұсынған халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану
жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз.Жоғарыда аталған
ХБЕС-ын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде
көмек көрсету үшін әзірленгенін бірден айта кетеміз, олар шын мәнінде ХҚЕС-
ның дәл өзі болып табылмайды және нормативтік-құқықтық актілер болып
танылмайды.
Әдістемелік ұсынылымдардың мәтінін сіз 2006 жылғы Справочник
бухгалтера анықтамалығының 1-нөмірінен таба аласыз. Негізгі құралдар
объектілерін ХБЕС-на сәйкес есепке алудың және ҚБЕС-мен салыстырғандығы
айырмашылықтарының негізгі болып саналатын аспектілеріне тоқтала кетуге
тырысамын.
Негізгі құралдар ЖШС Капланбек барлық активтерінің едәуір бөлігін
құрайды, сондықтан негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы
болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы сенімді
ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді. ХБЕС-да негізгі құралдарға
мынадай анықтама беріледі: Негізгі құралдар – бұл:
• компания тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызмет көсету
үшін, басқа компанияларға жалға беру немесе әкімшілік
мақсаттар үшін пайдаланатын;
• және бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын
материалдық активтер.
16 ХҚЕС-на сәйкес, негізгі құралдардың объектісі, компанияның активке
байланысты болашақ экономикалық пайдалар алуы ықтималдықтың көп үлесімен
расталған жағдайда, актив ретінде танылуы тиіс.
Болашақ экономикалық пайдалар алу компанияның:
- активке байланысты байлық алуына;
- өзіне тиісті тәуекелдер алатынына қатысты айқындаманы білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған
шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.
16 ХҚЕС-да активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайдалар алуға
көңіл аударады, сондықтан да 16 Негізгі құралдарды есепке алу ҚБЕС
бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптерінен басты
айырмашылығының болуымен сипатталады.
Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау, яғни
активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады.
Осыған қоса айтатыным, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді
бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар таратылуы мүмкін, өйткені үшінші тараптың
пікірі жұмсалған шығынның сенімді дәлелі болып табылады.
Жоғарыда аталған объектілерді жіктеу кезінде компанияның бухгалтерлік
қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды
пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін
бағалау едәуір қиындық туғызады.
Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу негізгі құралдар
объектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылуы:
• ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек,
сол сияқты басқа активтермен үйлестіріліп пайдаланылуы;
• сатылуы немесе басқа активке ауыстырылуы;
• міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;
• ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Менің пікірімше, біріншіден, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алу
бойынша операциялар компания үшін, атап айтқанда, активтердің туындауына
немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау
қажет.
Мұнда алдыңғы жоспарда біз басында айтып кеткен кәсіби пайымдау
тұрады. Бухгалтердің активтерге енгізілген болашақ экономикалық пайданың
компанияға келіп түсу ықтималдығының бар екенін айқындаған жөн.
ЖШС Капланбек компаниясының қаржы директоры емдік сулар, ауыз суымен
бірге , шараптық сулар фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын
жасау үшін ғана сатып алынғанын және алдағы уақытта компания басшыларында
оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап
айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет
көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те
пайдалануды жоспарламайды, сондай-ақ оларды сату немесе басқа активке
айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына беру, ұйымның меншік
иелері арасында бөлу ниеті жоқ.
Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі
құралдарды, әдетте пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу
үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда
әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелмейтін болса, онда оларды
кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ.
Осылайша, ЖШС Капланбек ыңғайлы еңбек жағдайын жасау үшін активтер
сатып алуда тек қана шығын шекті.
Сондықтан қарастырылып отырған жағдайда ХҚЕС-ның мына ережесін
қолданған жөн: егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оған жұмсалған

Алайда бұл жерде бухгалтерлерде мынадай сауал туындайды: Осындай
объектілерді кәсіпорын ұзақ уақыт пайдалануды болжайтын болса, олардың
талдау есебін жүргізуді және сақталуын бақылауды қалай ұйымдастырған жөн.
Дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары
үшін компаниялардың:
- осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізу;
- оларды материалды жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;
- ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы
түгендеу жүргізу қажет.
16 ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен
жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық құндылықтар ретінде
есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны
айқындалған.
Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір
кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның
басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені
жөн.
Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне
түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту
жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек
амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.
Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып
алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп
көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.
ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға
жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.
Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауда жұмсалған шығындар,
жеткізу және түсіруге жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып
табылады.
Осылайша негізгі құралдардың нақты құнына ол пайдалануға дайын болған
кезде активті қалпына келтіруге дейін пайда болған барлық болмай қалмайтын
шығындар кіреді.
Компания шығарған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу
принциптері сияқты негізде айқындалады. Жоғарыда, барлық айтылғандарды
ескере келсе, 2400 Негізгі құралдарды есепке алу ХҚЕС бойынша активті
тану шартын негізгі өлшемдері бойынша ХБЕС-ның ережелеріне қайшы келмейді
деп айқындауға болады.
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1. Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы материалдық қорларды жабдықтау және қызмет
атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылады;
б) Әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі
1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген №6 Негізгі құралдар есебі
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.

атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен
қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық
құралдары, көлік тсымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық
құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар,
шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын
меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып
табылады. Инвентарлық объекткүрделі әрі жай болып келеді. Негізгі
құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып
табылады.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қорқайтарымы болып табылады, ол
негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар:
- тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;
- қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында
қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
- жалға берілген немесе алынған- басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар
1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп
тұрғындар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған
немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар,
өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және
жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал
жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар,
шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар,
жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметтік құбылыс объектілері. Әр бір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат
мүліктік объект болып табылады.
Қондырғылар – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу
қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік
объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар,
жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан
тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигательмашиналары.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар.
Есептеу техникасы – процесстерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар.
Басқадай машиналармен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа
құрал жабдық.
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен
заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған
немесемеханикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б.
өндеу үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығздайтын еңбек
құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік
объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік
объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа
жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал;
асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар,
еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір
ересек малмүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас
өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық
мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын
жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін,кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуінжәне бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация
сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін;
негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және
олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың
басқаша шығу нәтижелерін есепке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын,
өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге,
орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп есептелген
амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни
материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі
құралдардың есебі №6 Негізгі қорлар есебі - деп аталатын бухгалтерлік
есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқалары жатады. Тозу
дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде
негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету
әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі
бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1-
графасынан 30%-кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51 ден 64%-іне дейінгі
тозу дәрежесі 3 графадан, 65 тен 79% ке дейінгі тозу дәрежесі -4 графадан,
80-нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.
Мысалы: Үй бастапқы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320
теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта
есептейік:
- Ағымдағы құн 5300800 теңге * 1,054 =5587043
- Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2234817 тенге.
- Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы
2410 Үйлер шоты дебеті
541 Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал
шот кредиті
5300800 тенге – 5587043 тенге = 286243 тенге
Тозуды қайта бағалау:

шот дебеті.
2234817 тенге – 2120320 тенге = 114497 тенге.
№6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активті
пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу тәсілінде
қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа
ауыстырылады.
Құнды ұлғайту сомасы (актив құнының өсуі):
(300800 тенге – 5587043 тенге) – (2234817 тенге – 2120320 тенге) = 171746
тенге.
Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтің себебіне қарамастан істен
шыққан сәтінде ғана бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба
түседі:

шот дебеті
561 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) шот кредиті –
171746 тенге.
Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық
субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен
машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін
жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар
мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында
қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген
ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де
жатпайды.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салдарына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда
бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған
негізгі құралдарды баланс сыртындағы
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш
топқа бөлініп есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы-материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып
табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі
құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары
тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай
өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді
жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық
құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды
бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандарттарында
негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 8 кестеде көрсетілген.
2 кесте
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
№ Атауы Мазмұны
1. Өзіндік (бастапқы) құн Төленген ақша қаражаттарының немесе
ақша қаражаттарының эквиваленттері не
болмаса активті сатып алу немесе салу
сәтінде оны алуға берілген басқадай
төлемдердің әділетті құны.
2. Амортизацияланушы (тозушы) Жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі
құн активтің өзіндік құны немесе өзіндік
құнның орнына қаржылық қорытынды есепте
көрсетілетін басқа сома.
3. Жойылу құны Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету
мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан
шығаруға байланысты жұмсалатын
шығындарды алып тастағаннан кейінгі
алынады деп күтілетін таза сома.
4. Әділетті (сатып-өткізу) құн Бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз
жақтардың арасында операцияны жүзеге
асыру кезінде активті айырбастауға
болатын сома.
5. Баланстық құн Жинақталған тозу мен құнды төмендетуден
шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі
актив (негізгі құралдар (баланста
есепке алынатын сома.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу
сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар
жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
- Шотта көрсетілген сату бағасы;
- Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
- Сатып алу-сату кркаттарын рәсімдеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz