Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы мектеп пен университет сабақтастығы негізінде қалыптастыру жолдары

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:

  • жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;
  • білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
  • білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;
  • білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;
  • білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;
  • білімнің зиялылық сипаты;
  • оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;
  • білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;
  • білім жүйесін ақпараттандыру.

Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [144, Б. 43] .

Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқушылардың өзіндік дербес ерекшеліктерін дамытуға, танымдық қызығушылықтарын оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, білім басқышының сабақтастығы жөнінде яғни мектеп пен университет (жоғары оқу орындары) арқылы үздіксіз білім беру жөнінде де айтылған.

Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т. б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.

Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының қалыптасуына мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.

Сондықтан да, оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыруда мектеп пен университет арасындағы сабақтастық төмендегідей тапсырмаларды ойластырып ұсыну негізінде танымдық қызығушылығының оянуына түрткі беретінін бөліп қарастырар болсақ:

а) Сабақтан тыс оқыту іс - әрекеті:

  • өз-өзінің білімін жетілдіруге жетелейді (жан-жақты білуге, тануға ұғынуға қандайда-бір сұрақтарды терең талдауына қосымша ізденістерге бағыттайды) ;
  • оқушылардың ақыл-ой және рухани дамуына ерекше ықпал етуі (қосымша оқыту құралдары мен тәсілдерін ұсыну арқылы қажеттіліктерін жетілдіру) ;
  • эмоциональды жағынан таңымдық қызығушылығын тудыртуы(оқушылар сабақтан тыс жаңа білімдерді игеру кезінде қанағаттанушылықты сезінеді) ;
  • айқын ақыл-ойына бағытталуына жетелейді (оқушылардың өз бетінше таңымдық міндеттерді шешуге әр түрлі кез-келген уақытта шешуге тырысады) ;

б) Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру:

  • оқушылардың жан-жақты қызығушылығын тудыртуға өз бетінше жұмыс істеудің пішіні ұсынылады;
  • оқушылардың таңымдық қызығушылығын арттырудың ақыл-ой тәсілдеріне шығармашылық ізденістер береді;

Оқушылардың таңымдық іс-әрекетін сабақтан тыс уақытта табысты жетістікке жетуіне түрткі болатын мынандай тапсырмаларды орындауын ұсынуға болады.

Тапсырмаларды орындау процесінде:

  1. табыстарға (білімдерді жаңа тәсілдермен, оны меңгеру жетістіктеріне жетелейді) ;
  2. жетістікке қол жеткен нәтижелерін есепке алып тіркеу;
  3. танымдық міндеттерді шешу кезінде кездесетін қиыншылықтарды талдайды және оны жеңу тәсілдерінің мүмкіндіктері қарастырылады;

4) өзіндік дамуы, өзіндік күші айқындалатынын Н. В. Кухарев [140, Б. 15-16] өз еңбектерінде қарастырған.

Қоғамда болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық ұсыныстар толық білім жүйесіне күмәнсіз қатысты. Осы орайда ҚР-ның жоғары оқу орындарындағы білікті мамандар даярлаудағы кәсіби дайындық деңгейі мен қазіргі заманға лайықталынған жағдайда өздігімен ойлай және жұмыс істей алу үлкен маңызға ие.

Жалпы мамандарды даярлауда СӨЖ-ның орны ерекше. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы барлық ғылыми сабақ түрлері студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарының дағдылары мен түрлі өзіндік жұмыстарға ынталандыру үшін құрастырылынған.

Жоғары оқу орындарындағы білікті мамандар дайындау, оқу-тәрбие процесінде толық факторлар қатарын құрайды. Осы факторлар ішінде профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырып, бағыттап және қадағалап отыратын СӨЖ маңызды орынды алады. Аталмыш жұмыстың қалай ұйымдастырылуы, жас маманның күрделі сұрақтарды өзіндік шеше білуімен және білімінің тереңдігімен беріктігіне байланысты.

Өзіндік жұмыс астарынан, білімді іздеудегі ой қортындылауды, оны бекітуді, дағды мен іскерліктің дамуын және білімді жалпылау мен жүйелеуді, арнайы уақыт бөлінген дидактикалық мақсатты орындау барысындағы оқытушылар ұйымдастырған студенттердің белсенді әркетін түсінуге болады.

Өзіндік жұмыс дидактикалық құбылыс ретінде, бір жағынан, студенттің әрекет объектісімен оның міндетті түрде орындау қажет оқу тапсырмасын көрсетсе, екінші жағынан, сәйкестендірілген әрекеттің пайда болу формалары: студенттердің тапсырманы орындау барысындағы есі, ойлауы, шығармашылық қиялы оны жаңа жетілген білімді меңгеруге немесе меңгерген білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне алып келеді.

Студенттің өзіндік жұмысы бұл оқытудың құралы, ол төмендегі көрсетілгендерден тұрады:

  • әрбір нақты жағдайды қорыту, нақты мақсат пен тапсырмаға сәйкес;
  • белгілі бір танымдық тапсырмаларды шешудегі студент білімінің көлемі мен деңгейі, дағдысы мен іскерлігі әрбір белгіленген кезеңде қалыптасып отырады;
  • жаңа танымдық тапсырмалар шешуде студенттер өз білімінің жүйелік қорындағы психологиялық құрылымын және үлкен ағыстағы ғылыми әрі қоғамдық ақпараттарды бағдарлай біледі.

Оның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне келер болсақ:

  • негізгі мақсат - оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;
  • оқушылардың өздігімен білім алудағы қызығушылық пен қажеттілікке тәрбиелеу;
  • қабылдаудағы танымдық мүмкіндіктердің, шығармашылық ойлаудың дамуы;
  • өзіндік жұмыс кезінде белгілі бір мақсат пен тапсырмаларды шешімін таба білуге қалыптастыру;
  • тәсілдерді қолданудағы зерттеу дағыдыларын сіңіру және өзіндік жұмыстың тәсілдері мен ұйымдастыру формасы;
  • оқу материалдарын таңдау және талқылау қабілетін дамыту.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы белсенділігін, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік туады. Өзіндік жұмыстың түрлерін ажыратып, көрсетейік:

  • оқу әдебиеттерімен, оқу құралдарымен жұмыс;
  • қосымша әдебиеттермен жұмыс;
  • сөздіктер мен энциклопедияларды еркін бағдарлау;
  • библиографиялармен жұмыс істеу;
  • коллоквиум мен семинарларда өз көзқарасын білдіру;
  • конспектілеу, тезистер құрастыру, аннотациялар жасау, шығармалар, рефераттар, пікірлер жазу;
  • көрнекіліктер дайындау т. б.

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл жұмысты әрекетке айналдыру өз білімін жетілдіру үшін, ұйымдасқан педагогикалық бағытты студенттің интеллектуалды белсенділігіне айналдыру.

Білімге ұмтылу және өзіндік білімін жетілдіру, белгілі дәрежеде тұлғаның келешектегі мақсатты нұсқауы. Оқытудың жетістігі оқытушыға тәуелді, дегенмен, студенттердің қалай жұмыс жасауы да жетімсіз дәрежеде болмауы тиіс.

Сонымен қатар, оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасау үшін, берілген тапсырмаларды орындауда төмендегідей талаптар қойылады:

  • дәрісті белсенді тыңдау;
  • тақырыптағы маңызды мәселелердің астын сызып көрсету;
  • негізгі ережелерді конспектілеу;
  • қортынды жасау;
  • нәтижесін өңдеу және дамыту;
  • дәрістің мазмұнына, дәріске дайындалу барысында материалдарды өңдеу жұмысымен айналысу;
  • теориялық материалдарды меңгеру;
  • құбылыстың мәнін анықтауда, оның үлгісін құру;
  • өз іс-әрекетіне міндеттер қою;
  • оқытылған материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдыландыру;
  • іс-әрекетті жүргізу барысында, құбылыстың дамуын анықтау, оның себебін табу;
  • дағдыландыру және үйретудің аргументті дамуы, сонымен бірге қарастырылған ережелерді негіздеу;
  • зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіби іскерлікпен зерттеу;
  • қарастырылып отырған теорияның, пәндік мәнін анықтау;
  • математикалық тәжірибелерді сұрыптау және оны есептей білу дағдысын қалыптастыру;
  • өңдеу техникасы, әртүрлі техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Аудиториядан және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын әртүрлі өзіндік білім алатын ОӨЖ-ның түрлері бар:

  • дәріс материалдарын конспектілеу және оқулықтарды жүйелі талдау;
  • түп деректерді конспектілеу;
  • симинар сабақтарына дайындық жасау;
  • үй жұмыстарын орындау;
  • сынақ және емтиханға дайындық жасау;
  • баяндамалар мен хабарламаларға дайындық жасау;
  • реферат жазу;
  • олимпияда және әртүрлі сайыстарға қатынасу;
  • студенттік конференцияларына қатынасу;
  • өндірістік және басқа да тәжірибелер кезінде мекемелерде дәріс оқу;

Тәжірибеде конспектілеудің ережелері анықталып, студенттерге таныстырылды. Бұл:

  • конспектілеудің алдында шығарманың мазмұнын анық білу үшін кітапты, мақаланы немесе жұмыстың біткен бөлігін зейінмен оқу;
  • конспектіде тек оқыған адамның өз сөзі ғана емес анықтамалар, сандық материалдар, түрлі ескертпелер болуы мүмкін, конспекті қысқа және анық болуы керек;
  • конспектілеуде тек оның мазмұнына ғана мән бермей, жазылу формалары сақталып, конспекті қолдануға тиімді болуы қажет;
  • конспектіге өз ойыңды жазу үшін орын қалдыру қажет.

Өзіндік жұмыс оқытушының әдістемелік жетекшілігі арқылы, тікелей қатысуынсыз жоспарлы түрде берілген тапсырмаларын орындау.

Өзіндік жұмыс студенттердің білімдерінің сапасын дидактикалық материалдарды игеру, жетілдіру барысында іске асырылады.

Бұл мәселелерді кафедра ұжымы іске асыруда:

  1. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесі;
  2. Баяндамалар және рефераттар тақырыбы;
  3. Үй тапсырмаын, жаттығуларды, тәжірибелік жұмыстарды іске асырудың әдістемелік көрсеткіштері және құрылымдары;
  4. Курстық және диплом жұмыстарының тақырыптары;
  5. Арнайы және қосымша әдебиеттер тізімі.

Өзіндік жұмыс іс-әрекетік сипатта көрсетіледі. Сондықтан оның жүйесінде негізгі компоненттерді көрсетуге болады:

Нақты міндеттер қою, тапсырманы орындау түрін таңдап алу, орындау топтарын бақылау. Осыған байланысты өзіндік жұмысты орындаудың жетістіктерін қамсыздандыратын жағдайлар туындайды:

  1. Оқу тапсырмаларын нақтылау (не үшін, неге қажет) .
  2. Танымдық міндеттерді нақты қою.
  3. Студенттің білімі арқылы жұмысты орындау әдісі.
  4. Оқытушы студентке жұмысты орындаудың уақытын, көлемін нақты анықтауы;
  5. Кеңес беру түрлерін анвқтау (бағыттау кеңесі, тақырыптық кеңес, мәселелік кеңес) .
  6. Есептеу және бағалау өлшемдері.
  7. Бақылау түрлері және формалары (практикалық, бақылау жұмысы, тесттер, семинарлар және т. б. ) .

Өзіндік жұмыс студенттің шығармашылық қаблетін арттырады. Осыған байланысты студенттің өзіндік іс-әрекетінің үш көрсеткіші анықталады:

  1. Репродуктивтік (жаттықтыру) өлшемі;
  2. Реконструктивтік өлшем;
  3. Ізденушілік, шығармашылық өлшем;

Өзіндік жұмыс оқу үрдісінің негізгі формасы болғандықтан, студенттің көңілін мынадай квалификатциялық мінездемеге аудару қажет: әртүрлі жағдайларды болжай білуге, белсенді әсер етуге үйрету, өзін-өзі бағалай білу және т. б.

Студенттердің белгілі жетістікке жетулеріне оқушылардың шынайы қызығуы қалыптасуы тиіс. Оқытуда сапалылық бірінші орын алады [145, Б. 28] .

СӨЖ-ын орындауда, сапалық төмендегі мінездемелерді анықтайды:

  • өзіндік жұмысқа іріктелініп алынған материалдың әдіснамалық мағыналылығы;
  • баяу даму аймағына сай, білімнің қиындығы студенттердің ортықты іс-әрекетіне байланысты;
  • логикалық және психологиялық пәнді меңгеруде, материалдардың бір ізділігі;
  • студенттердің оқу мүмкіншіліктеріне сай өзіндік жұмысы, материалдардың көлемі;
  • өзіндік жұмысты іске асыру бағыты.

Педагогикалық әдебиеттерде студенттердің белсенділігін арттыруға байланысты көптеген әдістер мен қолданылып жүрген тәжірибелер көрсетілген. Оның ішіндегі ең тиімділері:

  1. Студенттерді өзіндік жұмысты атқару әдістеріне үйрету: студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлау барысында уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру. Өзіндік талдау және өзін-өзі бағалауға байланысты рефлексивті білімді хабарлау;
  2. Кіріспе дәрісте, әдістемелік көрсеткіштерінде және оқу құралдарында кәсіби іс-әрекетті оқу материалдары арқылы толықтыруды демонстратциялау;
  3. Ғылым мен техникада қолданылатын шынайы материал мазмұнын беру;
  4. Өмірде қалыптасқан заңдылықтарға сай теориям мен практиканың байланыстылығы;
  5. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану (нақты жағдайларға талдау жасау, пікір-талас құру, топтық және екі адамның жұмысы, қиын сұрақтарды ұжымда талдау, іскерлік ойындар ұйымдастыру) .
  6. Студенттерді пәннің жүйелі логикалық кестесі мен таныстыру;
  7. Төменгі курс студенттерін өзіндік жұмыс істеуде жағдай күрделігі, демек курстан курсқа өтуге бағыттауға байланысты әдістемелік көрсеткіштер жасау;
  8. Теориялық материалдарды қамтыған СӨЖ-на арналған оқу құралдарын, әдістемелік көрсеткіштер және шешуге арналған жаттығулар жасап шығару;
  9. Пәнаралық байланысты оқу құралын жасау;
  10. Лобараториялық және үй жұмыстарын тексеру, ал топтық жұмыста оны әр топ мүшесіне бөліп беру;
  11. Берілген жаттығуларды үнемі өңдеп, қиындату;
  12. Дәріс тобына бақылау сұрақтарын беру;
  13. Оқытушының алдын-ала даярлануына байланысты. Студенттердің дәріс оқуы (20-25 мин)
  14. Талапты, бейім студенттерге үнемі көмек көрсету студент кеңесші статусына көтеру;
  15. Ұжымдық оқыту әдісі, топтық, екі адамдық жұмыстарды енгізу және жасау;
  16. Студенттерді бағалауда аудиторияда сұрау әдісін қолдану және оның негізгі түрінің бірі де курстық жұмыс.

Өзіндік жұмыстың бұл түрі арқылы алған теориялық білімдерін, бекітуге, тереңдетуге және де білімді қорытуға, сонымен бірге тәжірибеге пайдалану септігін тигізеді. Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстар арқылы танымдық қызығушылықтарын, өзіндік ойын жазып алу арқылы, есте сақтауға мүмкіндік туады.

Материалды жазу барысында көру қабілеті жақсы қалыптасады, оқыған материалды қабылдауына және сақтауына әсер етеді. Сол себептен де нақты білім алу үшін, тек қана оқу аздық етеді. Оқулық пен, ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау барысында, оқу мен бірге оқығанды жазудың өзі іскерлік болып табылады. Білім алу барысында жазып алуға дағдыланудың өзіндік ерекшеліктері болады. Сонда да әркімге артықшылық келтірмейтін, тиімді жазып алу түрлері де болады: үзінді, жоспар, конспекті және тезис.

Үзінді - бұл мәтіннің ең басты қажетті тұстарын жазу. Үзіндіні жазу арқылы сұраққа керекті мәліметтерді көптеп жинап есте сақтауға және көптеген жеңілдік жасауға болады. Үзіндінің тағы бір тиімділігі, белгілі бір мәселеге қатысты деректерді жинастыруда және оларды цитата немесе қысқаша мазмұндама ретінде пайдалануға мүмкіндік туындайды. Үзіндіні карточкалық түрде жасауға болады, бірақ бұл ескірген технология. Ең тиімді түрі компьютерді қолдану, бірақ карточкалық түріде студет жұмысын жеңілдетеді. Карточка белгілі бір мәселе бойынша жинақтап, топтастыруға қолайлы, оған автордың аты-жөнін кітап (мақала) атын, шыққан жылын, басылымын, бетін және де қай сұраққа қатысты екенін жазып қою керек. Дұрыс жасалған үзінді студентке семинарға емтиханға, дипломдық жұмысқа, курстық жұмысқа дайындық барысында көптеген көмек көрсетеді.

Екінші бір түрі, жоспар яғни шығарманың жазбаша схемасы (бұл кітаптың мазмұнына сай) . Яғни, бұл жоспар арқылы кітапты оқымай ақ, мазмұны туралы біраз хабардар болуға болады. Оқырман өзі оқып, жоспар түзсе, онда оқулықтың мазмұнын толығырақ ашады.

Жоспардың негізгі сипаттары:

  • қысқа құруға көп уақыт кетпейді;
  • оқып отырып құруға болады;
  • деректің мазмұнының бірізділігін ерекшелейді;
  • өзіндік бақылауға ұйымдастыруды және материалды қайта қарастыруды тездетеді.

Жоспарды жақсы жасағаннан кейін, конспекті және тезистер керек емес. Деректің жоспарын құру механикалық емес шығармашылық жұмыс екенін ескеру керек.

Жоспардан кейінгі жазба түрі- тезис болып табылады. Тезис- бұл оқырманның өзінің құрастырған мақаланың, кітаптың, аудио және видео материалдардың қысқаша негізгі қағидалары. Егер жоспарда, деректе қарастырылатын сұрақтар ғана келтірілсе, тезистерге - қарастырылатын дерек мазмұнын қамтитын және ашатын маңызды қағидалары кіреді. Тезисті жазу барысында оқыған кітаптың, мақаланың негізгі қағидалары шығармада берілген тәртіп бойынша жазылады. Сондықтан әр тезис жеке, жаңа жолдан жазылады. Тезисті пайдалануды жеңілдету үшін номерлеп отыру керек. Тезистер өздерінің құрылымына байланысты қарапайым болуы мүмкін. Яғни, онда негізгі қағидалар тұжырымдалады. Күрделі тезисте тек қана негізгі қағидалар емес бірнеше дәлелдеу аргументтері болады.

Конспектінің тезистен айырмашылығы белгілі бір жазба, аудионемесе қысқаша мазмұны баяндалады. Конспектілеу барысында материал тереңірек қарастырылып қалыпты жүйеге келеді. Конспектіні жазуға жоспар, тезис және үзінділер қолданылады.

Қорыта келгенде жоғарғы білімі бар маманды дайындау барысында студенттің өзіндік жұмысы мен өзіндік тапсырмаларды орындауда тұлғаның қандай біліктері қалыптасатыны (1 кестеде) көрсетілген.

Шығармашылық көп уақытты және күшті қажет етеді. Шығармашылық жетістіктерге алдынала белгіленген кедергілер өз әсерін тигізеді.

Барлық адамдардың іс-әрекетінде кездесетін іс-қимылдар, шығармашылыққа кері әсерін тигізеді. Сондықтан да, қалыптасқан әдеттерді талқылап “Неге?” деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз.

Өзіміздің шығармашылық күшімізге байланысты көбіне сенімсіздік, қысылу қасиеттеріне кез келеміз. Адамдар белгілі бір қиыншылық кезеңдерінде көп нәрселерден алшақ тұруға тырысады, нәтижесінде оның күш қуаты толығымен іске асырылмайды.

Шығармашылық өзіңді басқа тұрғыдан қалыптастыруды көздейді. Жаңа талпыныс жасауға ішкі және сырқы сезімдер әсер етеді.

Кәсіби білім беру жүйесінің қайта құрылу бағытының бірі сияқты мамандарды кәсіби даярлаудағы жекелеу нәтижесі бола алады.

1 кесте - Өзіндік жұмыстарды орындау жолдары

Оқу тапсырмалары: Оқу тапсырмалары
Әрекет түрлері: Әрекет түрлері
Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы: Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы
Оқу тапсырмалары: Тақырып бойынша тапсырмаларды іріктеу
Әрекет түрлері:

1. Тақырып бойынша библиографиялық тізім құрастыру

2. Тақырыпқа байланысты материалды іріктеу

Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы:

Тақырыптар бойынша материалды іріктеу

  • Библиографиялық біліктер
  • Каталогтар түрін білу және онымен жұмыс істей білу біліктігі
  • Кәсіптік-ғылыми баспа әдебиетерін бағдарлай білу дағдысы
Оқу тапсырмалары: Материалдарды топтастыру
Әрекет түрлері:

1. Материалдың мазмұндылығына қарай топтастыру,

жүйелеу

2. Тақырыптың логикалық жоспарын құрастыру

Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы:

1. Материалдың тұтастылығын көру және жоспар құру білігі

2. Материалдарды жүйелеу біліктігі

3. Конспекті жазу білігі

Оқу тапсырмалары: Материалдың негізгісін және қосымшасын бөліп көрсету
Әрекет түрлері:

1. Негізгі ойды

түсінікті

бөліп көрсету

2. Ой-пікірді,

түсініктерді дәлелдейтін фактілерді іздеу

Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы:

1. Материалды жүйелеу білігі

2. Алынған деректер бойынша конспекті жазып алу білігі

Оқу тапсырмалары:
Әрекет түрлері:

1. Ұқсастығын көрсету

2. Ерекшелігін көрсету

3. Салыстыру нәтижелерін жинақтау

Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы:

1. Конспект жазу білігі

2. Тезис құрастыру білігі

3. Аннотация жазу білігі

Оқу тапсырмалары: Салыстыру және жалпылау
Әрекет түрлері:

1. Жалпы ұқсастығын көрсету

2. Ерекшеліктерін көрсету

3. Салыстыру нәтижелерін жинақтау

Зерттеу біліктіліктерінің қалыптасуы:

1. Педагогикалық құбылысты (фактіні) талдау білігі

2. Салыстыру және беттестіру білігі

Мектептегі жоғары сынып оқушылары мен университет студенттерінің танымдық қызығушылығын дамыту, таңдаған мамандығына ынта-жігерін, кәсіби шеберлігін қалыптастыруда тәрбие жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар мен студенттердің қызығушылықтарын анықтауда, олардың өзіндік ерекшеліктерін танымдық қызығушылықтарын білім деңгейлерінің қаншалықты тұрғыда екендігі сауалнама сұрақтары, текстік жұмыстар негізінде айқындалды [146, Б. 9] .

Студенттер арасында педагогикалық, аудиториядан тыс жұмыстар, ал оқушылар арасында сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жөніндегі педагогикалық ой-пікірлерден, мектеп пен университет арасындағы сабақтастығы бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері жөнінде зерттеулер жоқтың қасы. Осы орайда оқушылардың танымдық қызығушылықтарының деңгейін анықтауда сауалнамалар, тестік жұмыстар жүргізіліп алғашқы кезеңі анықталды. (2 кесте) .

2 кесте Алғашқы кезең, 1998-1999 оқу жылы (% есебімен)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Сызуды оқыту әдістерінің түрлері
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Математиканы оқытудың нақты әдістері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz