«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қоңыраубеков Рауан Кя 29-1

Тақырыбы «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ . . . 6

1. 1 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен ондағы сөзжасамдық тәсілдер туралы мағлұмат . . . 6

1. 2 Етістікті сөзжасамдық ұяның зерттелуі . . . 18

1. 3 Етіс тұлғасы туралы . . . 20

1. 4 Етістікті сөзжасамдық ұяның себепші негізі . . . 23

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ . . . 30

2. 1 Етістікті сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің уәжділігі . . . 31

2. 2 Етістік негізді туынды сөздердің танымдық сипаты . . . 36

2. 3 Қазіргі қазақ тіліндегі -у жұрнағының сөзжасамдық қызметі . . . 39

2. 4 -У тұлғалы қимыл есімінің субстантивтенуі . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақ тіл білімінде сөзжасам саласы соңғы жылдар көлемінде жақсы зерттелу үстінде. Сөзжасамның негізгі теориялық мәселелері анықталып, жеке сала ретінде қалыптасты. Жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытыла бастауы мен мектептегі қазақ тілі пәнінің бағдарламаларына еніп оқытылуының өзі қазақ тілі сөзжасамның толықтай жеке сала ретінде қалыптасқанын дәлелдесе керек. Дей тұрғанмен, сөзжасамның көптеген мәселелері тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде етістіктің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жаңа туынды мағына беретін жағдайы морфология саласында қарастырылғанымен, оның жаңа атау туғызу мүмкіндіктері сөзжасамдық ұя деңгейінде аз зерттелген. Оның үстіне етістік негізді туынды сөздер жасауға сөзжасамның синтетикалық тәсілі аса белсенді екенін тілдік деректер дәлелдеп жүр. Сөзжасамдық ұя туралы К. Құрманәлиев өзінің ғылыми зерттеуінде былай деп жазады: "Әр сөзжасамдық ұяның өз туынды сөздері болғандықтан, әр сөзжасамдық ұя өзінше бір күрделі құбылыс болып танылады" [1] . Осы тұрғыдан қарастырғанда, етістіктің сөзжасамдық ұяларын анықтау қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі екендігінде дау болмаса керек.

Етістікті сөзжасамдық ұя арқылы жасалған атаулардың саны да, сапасы да әр алуан болып келеді, Негізгі етістік арқылы етістіктер де, есім сөздер де жасала алады. Бір ғана етістік түбірі арқылы әртүрлі морфологиялық сападағы туынды сөздер жасала алатыны ғалымдардың зерттеу еңбектерінде айтылып та жүр. Біз дипломдық жұмысымызда етістік негізгі сөзжасамдық ұядағы барлық туынды сөздерді анықтап, талдаудан аулақпыз, дегенмен жиналған мысалдарға тплдау жасау, ғалымдардың зерттеулеріне сүйену арқылы олардың тек морфологиялық сипатын ғана емес, ең бастысы мағыналық құрылымы мен ондағы уәжділіктің деңгейін, дәрежесін айқындауға талаптанамыз.

Етістік негізді туынды сөздердің мағыналық құрылымын сөзжасамдық аспектіден зерделеудің де өзектілігі айқын. Өйткені туынды сөз ретіндегі етістіктің мағыналық құрылымын ономасиологиялық аспектіден саралау, олардың екіншілік мағыналарының қалыптасуындағы негізгі ерекшеліктерді айқындауға көмектеседі. Сондай-ақ, етістік негізді түбірлес сөздердің уәжделу сипатын айқындау да жұмыстың өзектілігін танытады. Сөзжасамдық ұядағы сөзжасамдық жұптар мен сөзжасамдық сатылардың, сөзжасамдық тізбектердің орналасу жүйесінің айқындығы мен тұрақтылығы, нақтылығы туынды сөздердің уәжділік деңгейін айқындаудың ең қолайлы жағдайы ретінде танылады.

Етістіктің формаларының біразы категориялық формалардан тыс тұрып, белгілі бір сөз табының функциясын атқарады және қимыл-процестің сипаты мен модальды мағына аңғартады да, функциялық етістік немесе етістіктің функциялық формасы деп аталады.

Мысалы, қазақ тілінің тілдік жүйесінде есімше қимыл-процестің нәтижесінде пайда болған белгіні білдіру арқылы сын есімге жақындайды, көсемше қимыл-процестің белгісін аңғартып, үстеу қызметіне өтеді. Ал аналитикалық формалар экспрессивті, эмоциялық, стильдік мағына жамайды.

Осы тұрғыдан келгенде - у жұрнағы арқылы жасалатын тұйық етістіктің шаққа және жаққа қатынасының жоқтығы бүкіл етістік түрлерінен өзгешелігін танытады. Ал септелуі, тәуелденуі, көптелуі зат есімге айналуына (субстантивтенуге) бейімдігін білдіреді. Мұның негізгі себебі неде? Тілші- ғалымдар қалай түсіндіреді? Аталған сұрақтарға жауап іздеп, бұл құбылысты арнайы сөз ете отырып, тек - у жұрнағының қызметін қарастыру зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының нысаны - етістіктің сөзжасамдық ұяға енетін туынды сөздер. Себепші негізі етістіктен болған сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің сипаты мен мағынасы әртүрлі болады. Бір сөзжасамдық ұяда қимылды білдіретін, заттық ұғымды атайтын туынды сөздер болуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Тілдік деректер Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен, Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен және әртүрлі көркем әдебиеттерден жиналып, іріктеліп алынды.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі етістік негізді туынды сөздердің жасалу жолдарын көрсету, ол үшін қазақ тіліндегі бір буынды етістікті сөзжасамдық ұяның ерекшелігін анықтап, оларды мағыналық және уәждемелік тұрғыдан зерттеу. Осы мақсат негізінде мынадай міндеттер қойылады:

- қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық тәсілдерге сипаттама жасау;

- етістікті сөзжасамдық ұяға енетін туынды сөздердің құрылымын айқындау;

- етістікті сөзжасамдық ұядағы тізбектерді анықтап, олардың уәжделу дәрежесін бағамдау;

- етістікті сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің семантикалық құрылымын айқындап, олардың морфологиялық ерекшеліктерін саралау;

- етістікті сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің танымдық сипатын ашып көрсету;

- у жұрнағынығ сөзжасамдық қызметін саралау.

Зерттеу жұмысының ғылымилығы . Етістікті сөзжасамдық ұяға енетін
сөзжасамдық тізбектердің мағыналық құрылымы мен морфологиялық сипаты айқындалды. Бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің уәжделу дәрежесі нақты тілдік деректер негізінде талданды. Етістікті сөзжасамдық ұяда неше сөзжасамдық тіркес пен туынды сөз болатыны нақты көрсетіліп, олардың мағыналық құрылымы талданды.

Етістікті сөзжасамдық ұяның ішіндегі туынды сөздердің сөзжасамдық жұбы мен сөзжасамдық сатыларының парадигматикалық және синтагматикалық сипаттары талданып, олардың араларындағы мағыналық уәжділіктің айқындылығы, мағыналық құрылымының түбір сөз мағынасына негізделетіні көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері сөзжасам теориясын. тереңірек талдауға жәрдемін тигізеді. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық уәждеме және туынды сөздің мағыналық сипаты туралы теорияларды толықтырады

Сонымен қатар зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындылары осы мәселенің одан әрі зерттелуіне, басқа да сөзжасамдық ұялардың ерекшеліктерін анықтауға септігін тигізеді.

Дипломдық жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындарында "Қазақ тілінің сөзжасамы" пәні бойынша арнайы курстар оқып, семинар сабақтарын жүргізуде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан. тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Тілдің сөзжасам жүйесіне тілде қалыптасқан сөзжасам тәсілдері мен морфемалар, олардың қолдану заңдылықтары, сөзжасамдық үлгілер жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі өте көне құбылысқа жатады, оның түп төркіні көне түркі тіліне барып тіреледі. Тіліміздің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері дамып, сұрыпталып, толығып, екшеле келе, қазіргі дәрежеге жеткен.

Көне ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы, сөздердің тіркесуі арқылы, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы, арқылы жасалған. Осыдан түркі тілінде сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдері болғанын анық көруге болады. Көптеген мысалдарды талдай келе, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанман, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылжымалылық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратыны анықталды.

1. 1 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен ондағы сөзжасамдық тәсілдер туралы мағлұмат

Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырған. Тілдің лексикасының үздіксіз дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Осы қажеттікті өтеу үшін, сөзжасам арқылы жаңа сөздер жасалады. Ол жаңа сөздер тілді байытады. Сондықтан тілдің сөздік құрамының баюына негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді. Бұл мәселе соңғы кездері кеңінен жазылып, жоғары оқу орындарында оқытылып келеді [2, 3, 4 ] .

Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деүге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол марфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де оқытылмады.

Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде бақа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстарғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады 1989 жылы щыққан «қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасам қазақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденеді [3] .

Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамнын т. б толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.

Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз, кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт өтті. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тілінде алғаш ұсынған академик В. В. Винаградов болып саналады. В. В. Винаградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынға болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелейді, дамыта келе 1970 жылы шыққан « Русская грамматика» кітабында оны жек сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті. 1980 жылы шыққан «Русская грамматикада» сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдеді. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы-ұзақ уақыт бой ғалымдардың зерттеулерінде де дәлелденді [5] .

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуына байланысты морфологиялық талдаудан сөзжасамдық талдауды бөліп қарау қажеттігі туды. Сондықтан қазір морфологиялық талдау деген термин тілдің морфология саласына байланысты қолданылады да, сөзжасамдық талдау сөзжасам мәселелерін қамтиды. Екеуінің мақсаты да, мазмұны да басқа-басқа, оларды ажырата білу керек.

Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қалай жасалғанын, туынды мағынаны жасаған сөзжасамдық бірліктерді анықтау мақсаты көзделеді. Өйткені әр туынды сөздің құрамы белгілі сөзжасамдық бірліктерден тұрады. Ол үшін сөзжасамдық бірліктерді білу қажет. Туынды сөздің құрамында туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын негізгі сөз болады. Ол негіз сөз біреу де, бірнешеу де болады.

Күрделі сөздер екі-үш негіз сөзден құралады, сондықтан күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы негіз сөздердің мағыналарынан құралады, туынды мағынаны жасауға негіз сөздерден басқа тілдік бірліктер қатыспайды.

Туынды сөзге келесі талдау негіз сөз анықталған соң, оның туынды сөзбен мағыналық байланысын анықтау керек. Туынды сөз атаулының мағыналары олардың негіз сөздерімен байланысты болуы - негізгі заңдылықтардың бірі. Сондықтан негіз сөздер анықталған туынды сөздердің мағыналарын негіз өздердің мағыналарымен салыстыру керек. Туынды сөзді талдауда негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысын іздеу қажеттігі анық.

Туынды сөздің жасалуына негіз сөзбен бірге сөзжасамдық жұрнақ та қатысқан туынды түбірлерді талдағанда, негіз сөз анықталған соң, оның құрамындағы сөзжасамдық жұрнақты табу керек. Мысалы, балалық, қалашық туынды түбірлердің негіз сөздер анықталады, содан соң -лық, -шық сөзжасамдық жұрнақтарының тілде барын тексеру керек. Ол үшін оларды осы жұрнақтармен келген басқа туынды сөздермен салыстыру керек. Мысалы, қалалық, көлшік, бұл туынды түбірлердегі жұрнақтар тілде бар жұрнақтар және сөз табына қатысы, мағыналары жақын екенін дәлелдейді. Екі қолданыста да -лық сын есім жасап, -шық/-шік зат есімнің кішірейту мәнін беріп тұр.

Туынды сөздің құрамындағы негіз сөз анықталған соң, оның құрамындағы негіз сөзден басқа сөзжасамдық бірліктерді ажырату керек. Ол үшін осы жұрнақтардың осындай мағынада басқа туындыларда қолданылатынын дәлелдеу керек. Сөзжасамдық талдауда негіз сөз бен туынды сөздің морфемдік құрамына көңіл бөлу керек. Қашанда негіз сөзден туынды түбірдің морфемдік құрамы күрделі болады. Ол сөзжасамдық талдауда сүйенерлік белгі бола алады. Анығырақ айтқанда, негіз сөзден туынды түбірден бір морфемасы артық болатынын да талдау керек. Алайда ол барлық туынды сөз атаулыға қатысты деуге болмайды. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туындыларды бұл белгімен дәлелдеуге болмайды. Одан туындылардың морфемдік құрамында өзгеріс болмайтынын естен шығаруға болмайды.

Сөзжасамдық мағына да түрлі болады, сөзжасамдық талдауда оны естен шығаруға болмайды. Талдауда әр туынды сөздің сөзжасамы қай тәсіл арқылы жасалғаны негізгі талдау нысанына жатады.

Туынды сөздерді талдағанда, әр туындының сөздіктегі бір лексикалық тұлға болып табылады. Оны дәлелдеу үшін туынды сөздің сөйлемнің бір мүшесі қызметінде қолданылуы, бір сұраққа жауап беруі дәлел бола алады.

Әр туынды сөздің қандай үлгі бойынша жасалған, қай сөзжасамдық типке жататыны, оның қандай түбірлес сөздер тобына жататыны да назарда болу керек.

Тілдің лексикасының үздіксіз дамып отыруы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Осы қажеттікті өтеу үшін, сөзжасам арқылы жаңа сөздер жасалады. Ол жаңа сөздер тілді байытады. Сондықтан тілдің сөздік құрамының баюына негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді.

Тілдің сөзжасам жүйесінде өте тұрақты қатаң сақталатын, тілдің даму тарихы бойында өзгеріссіз келе жатқан заңдылықтар да бар. Мысалға, жұрнақтың түбірге жалғануы - түбір сөздің бұрын, қосымшаның оған кейін жалғануы - тілде көне замандардан бері келе жатқан, әбден қалыптасқан заңдылық. Осы заңдылықты сөзжасам жүйесіндегі тұрақты құбылыс санауға әбден болады, өйткені жұрнақтың сөздегі бұл орнын өзгертуге болмайды, жұрнақ түбір сөздің алдынан қолданылмайды.

Басқа тілдерден енген, кейбір түбірден бұрын тұратын қосымшалар тілде қалыптасқан негізгі заңдылықты тоқтата алмады. Олар аз сөздердің аясында ғана қалды: би-саясат, бей-шара, на-марқұм, на-құрыс, бей-уақыт, бей-күнә, бей-қам, бей-маза, бей-таныс, бей-берекет, бей-мәлім т. б.

Жұрнақтың сөздің соңына жалғану заңдылығы тек сөзжасам жүйесіне ғана тән емес, сонымен ғана шектеліп қоймайды, оның аясы өте кең, тілдің грамматикалық жүйесіне толық тарайды. Бірақ бұл жағдаят оның сөзжасам жүйесінің де заңдылығына жататынын жоққа шығара алмайды.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі тәсілдері бір жағынан сақтала отырып, екінші жағынан дами күрделеніп отырады. Тілдің сөзжасам жүйесіне сөзжасам тұлғалары, яғни сөздер жұрнақтар да жатады. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы тілдік бірліктер бар. Сөз жасау әрекеті тілде бар бірліктің негізінде ғана атқарыла алады. Тілдік бірліктерге сүйенбей, жоқтан ешбір сөз жасалмайды.

Деректер келтіре отырып сөз таптарының сөзжасамға қатысу белсенділігі түрлі. Сөз таптарының сөзжасамға қатысы - бір сөз табындағы сөздің екінші сөз табына ауысып, көшіп отыратынына дәлел. Бір сөз табының сөз өз ішіндегі ғана емес, басқа сөз таптарының да жасалуына негіз жасалуға негіз болып, олар бірінен-біріне ауысып жатады. Түбір сөздер сөзжасамдық тәсілдердің барлық түріне де қатысады.

Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер - сөзжасам заңдылықтары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда ьолған жаңа заттар мен жаңа құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.

Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның қажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды өздер тілдегі ең көп сөзге жатады.

Қазақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олыр бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.

Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағысөздіктерде берілетін түрі. Түбір сөз деп - лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөдер аталады. түбір сөздер екі топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бен морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. мысалы, ат, ел, біл, көр т. б.

Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан құралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдық тәсілдер түрлі болғандықтан, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше.

Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, оқушы, қайраткер, білім, көлшік, бұрғы, сула, қойма т. б. туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. сонда туынды түбір сен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. туынды түбірлер құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ.

Туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:

1) туынды түбірлер екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;

2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады;

3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;

4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады.

Осы белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.

Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы екі я онан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, елтаңба, әуежай, қонақүй, ауыз ашар, бала-шаға, ғалым-хатшы, Қазақтелеком, ЖШ т. б.

Күрделі сөздер қанша сөзден құралса да, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады. Түркі тілдерінің ғалымдары, оның ішінде қазақ тілінің ғалымдары да, түркі тілдерінде күрделі сөздерге бай тілдер деп таниды. Күрделі сөздер тілде мынадай ішкі түрлерге жіктеледі, олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Сын есім сөзжасамы
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz