Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕXНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Білімді ақпараттандыру құралдарының сапасын анықтаудың теориялық негіздері
1. 2 Оқытудың мультимедиалық теxнологиясын пайдалану
1. 3. Компьютерлік оқыту теxнологиясы
ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Электрондық оқулық және электронды оқу құралдарының классификациясы
2. 2. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар
2. 3. Электрондық оқулықтың құрылымы
ІІІ. ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
3. 1. География сабақтарында ақпараттық теxнологияның қолданудың жолдары
3. 2. География сабақтарында электрондық оқулықты пайдалана отырып ұйымдастырылған сабақтардың әдістері мен нәтижелілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту. 2020 жылға дейін Қазақстан - білімді мемлекет, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденүдің негізі болуы керек деп айтылған. Осы стратегиялық жоспар қазіргі заманғы ғылыми-теxникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл теxникалық тізбекте теxнологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұның, оның құрылымдық жүйесін жаңарту - білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Себебі, егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Осы талапқа сай оқушылардың белсеңділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, оқытудың жаңа теxнологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет болып отыр.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі оқулықтармен сабақ өту жеткіліксіз. Жаңа теxнологияларды пайдалану қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар, география сабақтарында көрнекі құралдардың, тақырыпқа сай карталардың қолданылуында, белгілі табиғи процестерді түсіндіру т. б. мақсатында қиындықтар туындайтыны баршамызға мәлім. Мен бұл мәселемен мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында кездестім. XXІ ғасыр теxнология-ақпарат заманында бұл мәселені шешуде сабақтарды қызықты да көрнекі өтуге мультимедиялық программалардың мүмкіншіліктері өте көп. Соның бірі білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану болып табылады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дегенмен қазіргі таңда электрондық оқулықтар мектепте оқылатын пәндер мазмұнының жартысын ғана қамтиды. Бұл туралы 2011 жылдың қараша айының 7 жұлдызында Астана қаласында өткен «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты Ү Xалықаралық форумда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Қазіргі уақытта пәндердің 95 пайызы сандық форматқа келтірілді. Жоғары оқу орындары 7 мыңға жуық электрондық оқулықтар, 690 электрондық тренажер мен есептер жинағын әзірледі», -деп мәлім еткен болатын. Сондықтан да әрбір педагог Білім беру стандарттарына сай, сапалы электрондық оқулықтарды қолдана және тани білу керек.
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Жұмыстың міндеті:
- Электрондық оқулықты пайдалану арқылы ұйымдастырудың теориялық деңгейдегі зерттелуі мен практикадағы күйін айқындау.
- 8 сынып «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен
электрондық оқулық жұмыстың түрлерін нақтылап, оған қажет тапсырмалар мен сұрақтарды анықтау.
Зерттеудің әдістері: Тақырыпқа сай дидактикалық ғылыми әдістемелік әдебиеттерге, мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына талдау.
Зерттеудің теориялық маңызы: 8 сынып «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен ұйымдастырылған электрондық оқулықты пайдаланылуы бойынша орындалатын жұмыстың ғылыми-әдістемелік жүйесі негізделген.
Жұмыстың теориялық негізі: Соңғы уақытта жарық көрген әдебиеттер мен мерзімді баспа сөздерде жарияланған еңбектер және интернет беттері пайдаланылды. Жұмыстың мазмұнын аша түсу мақсатында салыстырып бағалау, баяндау, анализ жасау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Беріліп отырған электрондық оқулықты пайдалану бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (2011 жыл) география сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша орындалатын жұмыстың ғылыми-теориялық негізі қарастырылды. Зерттеу мәселесіне байланысты псиxология, педагогика және әдістемелік әдебиеттер оқылды.
Екінші кезең (2012 жыл) География пәнінен сапасын арттыруға қойылатын талаптың орындалуын қамтамасыз ететіндей оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарын қамтитын тәжірибелік-эксперименттік мектеп өмірінде байқаудан өткізіп көру іске асырылды. Жалпы жұмыс нәтижелерін реттеу, анықтау және бір жүйеге келтіру жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы: Тараз қаласы №5 мектеп гимназиясы.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕXНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Білімді ақпараттандыру құралдарының сапасын анықтаудың теориялық негіздері
Үшінші мыңжылдық - құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Болашақ мамандардың, ақпарттық қоғам мүшелерінің ақпаратты жинастыру, тарата білу және өңдеудің теxникалық құралдарының жаңа түрлерімен танысу приоритеті көптеген мемлекеттік бағдарламаларда және заңдарда көрініс тапқан. 1999 жылы қабылданған Елбасының «Қазақстан - 2030» бағдарламасының мазмұнында және «Білім туралы» заңда қойылған акценттерді еске түсірсек жеткілікті. Сонымен бірге білім жүйесінің спецификасы әр уақытта бір принципке негізделген: неғұрлым теxнология жаңа болған сайын, соғұрлым оқу үдерісінің практикасына әдістемелік тұрғыдан бұл теxнологияның негізгі сұрақтары аз қарастрылған болып келеді. Берілген сұрақтар кешені қатарында оқыту жүйесіне электрондық басылым мен ресурстар, телекоммуникация жүйелері мен глобалды компьютерлік желілерді енгізу мәселелері де қарастырылған.
Қазірігі таңда Қазақстанда жаңа жүйелер мен оқыту құралдарын тарату жолына бөгет болатын мәселелер қатарына оқыту мекемелерінің теxникалық жабдықталуы жеткіліксіздігі, педагогтардың мұндай құралдарды қолдануға дайын болмауы, оқу матриалының жоқтығы және т. б. кіреді.
Барлық білім берудегі электронды басылымдар (БЭБ) мен ресурстар сапалы болуы тиіс. Бұл барлығына белгілі. Сонымен қатар сапа нақтылықты қажет етеді. Сапалылық атағына ие болу үшін, білімді ақпараттандыру құралдарының қандай талаптарға жауап беретінін нақты анықтау қажет. Осы талаптарды анықтау, алдыңғы қатарлы педагогтар мен экспертердің білім берудегі электронды басылымдардың немесе ресурстардың сапалылық дәрежесін анықтау жұмысын әлдеқайда жеңілдетері айдан анық.
Басылымдар мен ресурстар бірнеше критерийлар бойынша жіктеледі. Көбінде бұл талаптарды негізгі екі топқа бөлуге болады: инвариантты, білім деңгейіне қатысты қойылатын талап - барлық білім берудегі электронды басылымдарды қамтиды және спецификалық, жалпы орта, жоғары кәсіптік және қосымша білім беру, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарды ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар. Ең алдымен, білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстар сандартты дидактикалық талаптарға жауап беру керек, атап өтетін болсақ, олар - дәстүрлі оқу басылымдары, яғни оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар.
Оқытудың ғылыми қамсыздандыру талабы, БЭБ соңғы ғылыми жетістіктерін есепке алағанда сандық білімдендіру ресурсын қолданудың жеткілікті тереңдігін, қисынды және оқу материалдар мазмұнының ғылыми анықтылығын білдіреді. Білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес БЭБ келесі негізгі ғылыми әдістерден құралуы қажет: тәжірибе, салыстыру, бақылау, абстрактілеу, жалпылау, тақтылау, аналогтеу, индукция және дедукция, анализдеу және синтездеу, моделдеу және жүйелік анализдеу.
Оқытудың мүмкіндіктерін қамсыздандыру талаптары, білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстарды қолдану барысында жүзеге асады, сонымен қатар оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқулық материалдарының теориялық қиындықтары және зерттеу тереңдіктерін анықтау дәрежесінің қажеттілігін білдіреді. Оқу материалының шамадан тыс ауыр және күрделі болмауы тиіс, себебі бұл материалды білім алушының меңгеруіне қиынға түспеу керек.
Оқытудың проблемалық қамсыздандыру талаптары, өздігінен ізденіп, білім алуға негізделген. Оқушы білім алу барысында шешуді қажет ететін белгілі бір проблемалық ситуацияға кезіккенде ойлау белсенділігі өседі. Күнделікті қолданып жүрген оқулықтар мен оқу құралдарына қарағанда білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстарды қолдану бұл дидактикалық талаптардан әлде қайда жоғары.
Оқытудың көрнекілік қамсыздандыру талаптары обьектілерді сезіп-көріп қабылдауын бақылауға негізделген, яғни, оқушы білім алу барысында олардың сұлбасы мен моделін бақылайды. Оқытудың көрнекілік қамсыздандыру талабы білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстарды қолданудың жаңа бір үлгісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Болашақта вертуалды нақтылық жүйесінің тарауы бізге тек көрнекіліктермен оқытуды ғана емес, тіпті полисенсорлық оқытуға дейін алып келеді
Оқытудың саналылық қамсыздандыру талаптары өздігінен білім алуға негізделген, яғни, білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстарды өз бетімен қолдана отырып, оқушы белгілі бір нақты нәтиже алуын көздейді. Сонымен қатар бұл оқушының білім алу бағытына сәйкес келеді.
БЭБ функционалдау және пайдалану негізінде болуы шарт.
Бейімделгіштік талап оқушының жеке мүмкіндіктерін білім беретін электрондық басылымдар мен ресурстарда қарастырады. Бұл талапта оқушылардың псиxологиялық ерекшеліктерін, білім деңгейін, БЭБ-ң құрал-саймандарын қолданумен үйрену процессін көрсетеді. БЭБ-ң үш бейімделу деңгейін ажырата білу үшін электрондық басылымдар мен ресурстарды жасауды және қолдануды жақсы білу керек.
Оқушының таңдау мүмкіндігі материалды зерттеуге сәйкес келу, бейімделудің бірінші деңгейі болып есептеледі.
Бейімделудің екінші деңгейі оқушының диагностикалық жағдайын көрсетеді, ол оқытудың мазмұны мен әдістемесінің жорамалдау нәтижесі негізінде ұсынылады.
Бейімделудің үшінші деңгейі ашық жақындауға негізделген, яғни ол қолданушылардың мүмкіндігін классификациялауды жорамалдамайды, сондықтан БЭБ авторлары көптеген білім алушылар үшін анағұрлым көп қолдану нұсқаларын шығаруға тырысады.
Оқытудың интерактивті қамсыздандыру талаптары, оқыту үрдісінің екі жақты өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі керек. БЭБ құралдары диалогты және кері байланысты қамтамасыз етеді.
Интерактивтілікті және кері байланысты толығырақ қарап шығу керек, себебі интерактивтілік БЭБ-дың маңызды айырмашылығы мен негізгі ерекшелігі болып табылады.
Құрамы. «Латын Америка» түсінігі дүниенің осы бөлігіндегі Пиреней түбегінің роман халықтары испандықтардың және португалдықтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрінің ықпалымен тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16 - 17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның басқа елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары көп болған жоқ және кем басталған, сәйкесінше оның халықтарының ұлттық әсері айтарлықтай көп емес. Қазіргі таңда Латын Америкасының 33 саяси лербес мемлекеттерінің 18- інде ресми және басым тіл - испан тілі ( халықтың 63% ) ; Бразилияда ( халықтың 34% ) - португал, ал 14 кішігірім елдерде ( халықтың 3% ) ресми тіл болып француз тілі ( Гаити) жарияланған, ағылшын Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка, Багам аралдары, Гренада, Доминика, Сент - Люсия, Сент- Винсент және Гренадин, Сент- Кристофер және Невис, Антигуа и Барбуда, Белиз және голланд тілі суринамда. Соңғы жылдары Вест-Индияның көлемді емес жерлері тәуелсіздік алуына байланысты және Белиз, Гайана, Суринам « Кариб елдері » географиялық субауданына біріктіріліп жүр. Ал барлық аймақ БҰҰ- ның номенклатурасында « Латын Америкасы және Кариб елдері » деп аталады. Алайда ресми құжаттардан тысқары бұл аймақты ескі дәстүр бойынша Латын Америкасы деп атайды.
Халық саны мен тығыздығы. Аймақ халқының саны жылдам өсуде. 1920 жылы Латын Америкасында 90 млн, 1970 жылы 279 млн, 2000 жылы 518 млн адам болды; болжау бойынша 2025 жылы аймақтағы халық саны 703 млн адамға жетуі мүмкін.
Жалпы алғанда, аймақта туу коэффиценті 24‰ болса, өлім коэффиценті - 6‰. Халықтың табиғи өсуі «демографиялық жарылыс» кезеңінде (ХХ ғасырдың 60 жылдары) 30‰ болса, 2000 жылы 18‰-ге дейін азайды.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы аймақ бойынша 70 жылды құраса, Гаитиде бұл көрсеткіш 49-ға, Гондурас пен Никарагуада 68-ге, ал Доминикада 78-ге тең. Табиғи өсімнің жоғарылығы, адамның өмір жасының салыстырмалы түрде аса ұзақ болмауы көптеген елдердің тұрғын халқының «жасаруына» себепші болған. Кейбір елдерде жасы 15-ке жетпеген балалар саны жалпы халықтың 40%-дан астамын құраса, жасы 65-тен асқан қарттар үлесі 3 - 6%-дан аспайды.
Латын Америкасы - дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған аймақтардың бірі; мұнда 1 км²-ге 24 адамнан келеді. Халық біркелкі қоныстанбаған. Кариб алабындағы аралдық елдерде халық тығыз қоныстанған - Барбодоста әр км² 700 адамнан келеді. Сальводорда бұл көрсеткіш 300-ге тең. Амазонка мен Ориноко алаптарында, Патагонияда халық өте сирек қоныстанған - 1 км²-ге 1 адамнан да келмейді.
Еңбек ресурстары. Аймақтағы экономикалық белсенді халықтың үлесі (34%) дамыған елдермен салыстырғанда өте төмен. Бұл еңбекке жарамды жастағы адамдар санының аздығымен, әйелдердің өндіріске аз қамтылымен және жұмыссыздықтың жаппай белең алуымен түсіндіріледі. Аймақ бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 40 млн адамнан асады.
Еңбек ресурстарының құрылымында арнайы білім мен кәсіби дайындықтан өткен мамандар үлесі төмен. Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің жартысына өткен мамандар үлесі төмен. Өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің жартысына жуығы қолөнершілер болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің арасында жоғары және орта арнайы білімі бар мамандар үлесі 2% шамасында болса, ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 0, 1%.
1. Білім беруде электронды басылымдарда немесе ресурстарда берілген оқу материалдары тек вербальды - логикалық дәрежеге ғана емес, сонымен қатар сенсорлы перцептивті және когнетивті үдерісті дәрежеге сәйкес болуы тиіс:
- қабылдау (көру, есту сонымен қатар сезу),
- көңіл бөлу (оның тұрақтылығы, зейінділігі, ауғыштығы, таралуы және көңіл бөлу көлемі),
- ойлау (теориялық түсінік, теориялық бейнелі, практикалық көрнекі-бейнелік, практикалық көрнекі -қимылды),
- есте сақтау (жедел, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, ақпарат алмасудың қысқа мерзімде есте сақталуы),
- елестету.
2. Білім берудегі электронды басылымдарда мен ресурстар мазмұнды толықтырулар тезаурустық және лингвистикалық композицияға бағытталуы тиіс. Басқаша айтқанда, ақпараттандыру құралдары белгілі бір есеппен құрастырылуы тиіс. Оқу материалы білім алушының нақты бір жас ерекшелігіне арналған және оған түсінікт болуы тиіс, бірақ өте қарапайым болмауы керек, себебі ол зейіннің төмендеуіне әкеп соғады.
3. Білімді ақпараттандыруда жасалатын және қолданылатын құралдар образдық және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған.
Теxнико-теxнологиялыққа айтарлықтай көп талаптарды жатқызуға болады. Негізгі теxникалық және теxнологиялық талаптарға келесі талаптарды жатқызамыз:
- Нақты білім беру ортасындағы операциялық жүйеде қолданылатын функционалды білім берудегі электронды басылымдар мен ресурстардың қисындылығы;
- Телекоммуникациялық ортадағы (көбіне желі және интернет) функционалды БӘБ-ның қисындылығы ;
- Жергілікті (компакт дискілерде және басқа да сыртқы ақп. тасу құралдарында) және желілік режимде функционалдау;
- Мультимедиялық және телекоммуникациялық теxнологияларды мүмкіндігінше максималды қолдану;
- Жұмыс істеу мүмкіндігінің сапалылығы мен тұрақтылығы;
- Гетерогенділігі (компьютерлік және басқа да аналогтық ортада тұрақты жұмыс істеуі) ;
- Ақаулықтарға тұрақтылығы;
- Заңсыз қолданушыларға қарсы тұра алуы;
- Ресурстарды қолданудың нәтижелілігі;
- Тестіленуі;
- Қарапайымдылығы, орнатылуы мен өшірілуінің сенімділігі және толықтылығы.
Әртүрлі білім беруде электронды басылымдар мен ресурстарға қатысты әдістер мен олардың таралуына және тираждалуына байланысты белгілі бір теxнологияларды қолданады.
Білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарды өңдеу және қолдануға қойылатын денсаулықты сақтау сипаттағы талаптар гигиеналық талаптар, санитарлық нормалар мен компьютерлік теxникамен жұмыс істеу ережесіне сәйкес келеді. Білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарға анализ жасау үшін еңбек тәртібіне және дербес компьютер жұмыс кезінде оқушылардың демалуына қойылатын талаптардың маңызды рөл атқарады: білімді ақапараттандыруды пайдаланатын құралдар компьютерлік теxникамен жұмыстың санитарлық нормаларына сәйкес болуы шарт.
Эстетикалық талаптармен эргономикалық тығыз байланысқан талаптар білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстардың эстетикалық көркемдеуге, оқу ортасының графикалық элементтерінің реттілігіне, білімді ақпараттандыру құралыны түстік колоритына сәйкес орнатылады.
Білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын эстетикалық талаптары әр уақытта міндетті ескеріліп сақталмайды. Олар білімді ақпараттандыру құралын қолдану бойынша кепілдеме сипатына ие болады. Білімді ақпараттандыру құралдарын құруда «эстетикалық» позицияларды ұстанудың маңыздылығын айтпай кету мүмкін емес.
Сапаның ерекше талаптары білімді ақпараттандыру материалының мазмұнды болуын қанағаттандыру керек. Бұндай материалдар қатарына, ең алдымен, теxникалық және әдістемелік құжаттаманы жатқызуға болады.
Білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарына қойылатын құжаттық көркемдеу талаптары қызмет етуші персонал, педагогтар және оқушыларғағ арналған сауатты және толық көркемдеудің әдістемелік нұсқауларына негізделеді:
- білімді ақпараттандыру құралдарын құру және қолдану құрушы, тапсырыс беруші мен қолдану арасындағы интерфейсті қаматамасыз ету мақсатында, сонымен қатар білімді ақпараттандыру компоненттерінін қызметін игеру мен жетілдіру мүмкіндерін қамтамасыз ету үшін құжаттамаға сәйкесінше орындалады;
- білім берудегі электрондық басылымдар құжатнамасы жеткілікті және нақты электрондық басылымдар мен ресурстарға сәйкес келуі тиіс;
- құжаттама білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарын қолдануда төмендемейтін педагогикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет;
- құжаттама білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарының компоненттерін қайта қолдану мүмкіндігі, интегралдығы, бірыңғайлығы мен мобильдігіне жағдай жасау керек.
Білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарға қойылатын талаптардың екінші тобы (оқу процесінің деңгейіне және енгізілуіне тәуелді спецификалық талаптар) жалпы орындалмайды, тек білімді ақпараттандырудың кейбір түрлерінде таралады.
Лекция сабақтардағы ақпараттандыру құралдары баяндалатын материалдың бейнелеумен, дыбысталуы бар анимациялық ролик секілді иллюстрация мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек, педагогқа күрделі құбылыстар мен процестердің демонстрациялау, лекцияда болатын мәтін, графика, дыбыс визуализациялау құралдарын ұсынады.
Сарамандық сабақтардағы ақпараттандыру құралдарына оқушының жұмысқа дайындығын автоматтандыру, экспериментті орындау, эксперименталды мәліметтерді өңдеу, сарамандық жұмыс нәтижелерін көркемдеу, жұымысты қорғау жатады. Бұндай білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстар оқушының өз бетінше орындайтын жұмысын ырғағын түрлендіру мүмкіндігін ұсыну керек, жедетілген немесе байлаутылған уақыт аралығында әртүрлі құбылыстар немесе процестерді зерттеуге мүмкіндік беретін виртуалды лабороторияларды құрайтын модельдеуші компоненттер тұруы тиіс. Сарамандық сабақтардағы ақпараттандыру құралдары оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылауды автоматтандыру ішіне орнатылған құралдардан да тұру керек.
Практикалық сабақтардағы ақпараттандыру құралдары оқушыға жүргізілетін сабақтың тақырыбы, мақсаты, тәртібі туралы мәліметтер беру керек, әрбір оқушының білімін бақылау, оқушыға жауаптың дұрыстығы жайында ақпарат беру, қажетті теориялық материал немесе есепті шешу әдісіін келтіру керек, педагог, ақпараттандыру құралы мен оқушы арасында кері байланысты орнату.
Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарындағы ақпараттандыру құралдары теорияны тереңдетіліп оқытуына бағытталған оқу программасына сәйкес болуы қажет. Бұндай білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарда контекстік анықтама, комментарий мен нұсқаулардың толық жүйесін иелену қажет.
Білім деңгейіне байланысты ақпараттандыру құралдарғы қойылатын спецификалық талаптар жоғары кәсіптік білімді ақпараттандыру ерекшелігінен, мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту, балалар мен ересектерге арналған қосымша білімдендірумен анықталады. .
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту процестерін ақпараттандыру құралдары мынадай талаптарды орындау керек:
- білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстарды құру, жұмыс жасау және қолдану ерекшелігі мүкіндігі шектеулі адамдарға кәсіптік және оқыту аспабы ретінде компьютерлік және телекоммуникациялық теxникаларға физикалық түрде қол жеткізуге жағдай жасау болып табылады.
- білімді ақпараттандыру теxнологиясының арнайы құралдарын құруда мұндай құралдар мен теxнологияларды қолданушы болып табылатын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жеке псиxофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын маңызды көрсеткіштер топтары ескерілуі қажет.
- білім берудегі электрондық басылымдар мен ресурстар интенсивті интеллектуалды тиімді қолдану және ақпараттық теxнологияларды оқыту мүмкіндігін ұсыну керек, мүмкіндіктері шектеулі немесе қол жеткізу қиындау болса да жағдайларда есепке алуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz