Қазақстан – Менің Отаным



Кіріспе
1 Менің Отаным . Қазақстан
2 Қазақстанның халқы
3 Экономиканы білу . пайда
4 Болашақ қаласы.Астана
5 Қазақстан мен Ресей сыртқы саясатындағы қарым.қатынас
6 Қазақстан мен Қытай арасындағы саясат
7 Мәдениеті
Географиялық картада 16 жыл бұрын пайда болған Қазақстан Республикасы Еуразияның қақ ортасында орналасқан. Қазақ атауы Түрік тілінен аударғанда «еркін адам» деген мағынаны, яғни тарихи таралған еркіндікті сүйетін көшпенділер дегенді білдіреді.
Мыңдаған жылдар бойы көшпенділер мал отарларымен бірге таулардың баурайлары мен өзендер жағалауындағы шұрайлы жерлерде көшіп жүрген. Бағалы терілер тасымалданатын тарихи Жібек жолы және Бұлғын жол Азия және Еуропа арасында маңызды сауда, экономикалық, мәдени өткелі болған Қазақстан аумағы арқылы өткен. Әлемдегі жер үлкендігі бойынша тоғызыншы орындағы мемлекет болғанымен, Қазақстан туралы көптеген адамдар білмейді. Көп сапар шеккен адамның өзі Қазақстанда таңқаларлық орындардың жеткіліктігіне көз жеткізеді: қар жамылған тау шыңдары, үлкен таулы жазықтар, терең өзендер, шөлдер, шегі көрінбейтін гүлді далалар, адам аяғы баспаған орман қорықтары. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 756 000 (екі миллион жеті жүз елу алты мың) шаршы километр. Дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9 орын алады.
Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікке Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік- шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар. Республиканың оңтүстік- батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстүрт шөлді қыраты бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты бар, бұл қырат оңтүстікке Тұран ойпатына ұласады. Тұран ойпатына Қызылқұм кіреді.
Арал теңізінен солтүстікке қарай үлкен және кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау т.б. массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балхаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Географиялық картада 16 жыл бұрын пайда болған Қазақстан Республикасы
Еуразияның қақ ортасында орналасқан. Қазақ атауы Түрік тілінен аударғанда
еркін адам деген мағынаны, яғни тарихи таралған еркіндікті сүйетін
көшпенділер дегенді білдіреді.
Мыңдаған жылдар бойы көшпенділер мал отарларымен бірге таулардың баурайлары
мен өзендер жағалауындағы шұрайлы жерлерде көшіп жүрген. Бағалы терілер
тасымалданатын тарихи Жібек жолы және Бұлғын жол Азия және Еуропа арасында
маңызды сауда, экономикалық, мәдени өткелі болған Қазақстан аумағы арқылы
өткен. Әлемдегі жер үлкендігі бойынша тоғызыншы орындағы мемлекет
болғанымен, Қазақстан туралы көптеген адамдар білмейді. Көп сапар шеккен
адамның өзі Қазақстанда таңқаларлық орындардың жеткіліктігіне көз
жеткізеді: қар жамылған тау шыңдары, үлкен таулы жазықтар, терең өзендер,
шөлдер, шегі көрінбейтін гүлді далалар, адам аяғы баспаған орман қорықтары.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 756 000 (екі миллион жеті жүз елу
алты мың) шаршы километр. Дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9 орын
алады.
Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан,
шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір
жазығынан оңтүстікке Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады.
Қазақстанның оңтүстік- шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау
массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында
орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да,
биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Республиканың оңтүстік- батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың
шығысында Үстүрт шөлді қыраты бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-
шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар таулары бар. Ал
Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты бар, бұл қырат оңтүстікке
Тұран ойпатына ұласады. Тұран ойпатына Қызылқұм кіреді.
Арал теңізінен солтүстікке қарай үлкен және кіші Борсыққұм массивтері
және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың
жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау т.б. массивтері бар.
Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл бетпақдалаға ұласады.
Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар.
Ол аймақ Балхаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.
Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының
сілемдері, Тарбағатай және Жоңғар Алатауының жоталары орналасқан. Сонымен
бірге Тянь-Шаньның жоталары: Кетпек, Қырғыз жотасы және Қаратау орналасқан.
Қазақстан табиғатының әдемілігі керемет. Қазақстанның оңтүстік,
оңтүстік-шығыс және батыс бөлігінде орналасқан Тян-Шан, Тарбағатай және
Алтай тауларының шыңдарында қысы жазы қар жатады. Әлемнің ең үлкен теңіздер
қатарына жатқызылатын батыстағы Каспий теңізі және бір бөлігі ащы, бір
бөлігі тұщы судан құралатын Балқаш көлі орналасқан көздің жауын алатын
Сарыарқа жазығы. Солтүстік Қазақстан жүздеген айнадай көркем көлдерді
қоршаған қарағай ағаштарымен еске түсетін Көкшетауымен белгілі.
Қазақстанның әсемдігін суреттеу үшін бірнеше бет аздық етеді. Баян ауыл
ұлттық паркіндегі жартастық бейнелер мен ескерткіштері және Қорғалжын
табиғи қорығы 300 түрлі өсімдіктер мен әлемнің солтүстік бөлігіндегі
фламинго құсының колониясымен ұмытылмас әсер қалдырады.
Елдің көптеген табиғи қорларын, ұлттық парктерін, бірегей
ландшафтыларын, фауна мен флорасын сақталғаны ерекше назарға ие болады.
Қазақстан - тамаша экологиялық мекен. Бүлінбеген, алуан түрлі және әдемі.
Демалыс үшін табиғаттың әсем орнын іздеушілер өзінің дауалы жерлерімен,
курортымен, батпақты ванналарымен, минералды суларымен атақты Көкшетау
жеріне бара алады.

Менің Отаным – Қазақстан

“Біздің бұл дүниеде бір ғана
Отанымыз бар,

ол да болса
тәуелсіз – Қазақстан.”

Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан ортақ тарихи жетістіктерімен біріктірілген түрлі ұлттар мен
ағымдардың отаны. Қазақстан Республикасындағы әлкелкі салт-дәстүрлер мен
тілдердің сиысуын жапон мақалымен дәл жеткізуге болады: Сіз өз
туыстарыңызсыз өмір сүре алғанмен, көршісіз өмір сүре алмайсыз.
Қазақстандықтар өздерінің түрлілігін мақтан тұтады. Ғасырдан ғасырға,
ұрпақтан ұрпаққа Қазақстанда әрқашан адамдар арасындағы достастық пен
шыдамдылықты сақтау берілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130 ұлт бар. Шамамен 54% қазақтар, 30%
орыстар, қалған 16%-ын украиндықтар, өзбектер, немістер және татарлар
құрайды. Көп таралған діндер ислам және христиан діндері.
Қазақстандықтар көбіне қазақ тілінде сөйлейді, бірақ жас ұрпақтың кей
бөлігі үш тілдес. Қазақ және орыс тілдері негізгі және мемлекеттік тіл
ретінде қолданылады. Қазақ тілі ата-бабалар тілі ретінде саналады, Орыс
тілі күнделікті қолданылады, ал ағылшын тілі шетелден келген қонақтармен
сөйлесуге жас ұрпақпен қолданылады.

Қазақстан климаты
Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен
торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.
Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл
жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрорлогиялық
ерекшелігі - деңгейінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары
болуы. Шағын көлдер қуаң жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты
көл айдындары – Балхаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде
орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары
таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл
оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс
және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл
өңірлердегі тау массивтері жер асты суы қорына бастау беретін ылғалдың
қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3-інде
орман. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы
басым өседі.

Қазақстанның халқы
XIX ғасырдың аяғында қазақстан территориясында халықтың этностық
құрамы біркелкі болды. Олар: негізінен қазақтар болатын. 1897 жылы
Бүкілроссиялық бірінші халық санағы бойынша қазақстан халқының 45-і
(төрттен бесі) қазақтар болды. Бұл халықтың 80% (пайызы %) еді. Осы кезде
россияда капитализмнің дамуына байланысты, қазақ ауылдарында бірте-бірте
феодалдық қатынастар ыдырай бастады. Россияның орталығындағы жері аз
губерниялардан, Волга бойынан, Украинадан, Орал мен Батыс Сібірден қоныс
аударушылар қазақстанға келе бастады. Қоныс аударушылар орыстар, украиндар,
татар, мордва, чуваш, неміс, т.б. халықтар еді.
Сөйтіп, Қазақстанда басқа ұлт өкілдері көбейе бастады. ..
1897 жылы санақ бойынша басқа ұлттар халықтың 12%-ы болды. Осылайша,
республика халқы табиғи өсім және басқа жерден көшіп келген адамдар
есебінен өсті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 1-қаңтарда 16 млн. 854
мың адам болды.
Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда халық тығыз орналасқан.
Ал қазақстанның батыс, орталық және оңтүстігіндегі шөл және шөлейт
жерлерде, керісінше, халық сирек қоныстанған. Бұл жерлерде халықтың орташа
тығыздығы 1 шаршы км-ге 2 адамнан келеді. Соңғы жылдары көші-қон өсуде.
Көші-қон республика ішінде де, алыс және жақын шет елдерде де жүріп жатыр.

Экономиканы білу – пайда
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика заңдары табиғат
заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат
байлығын игере алмаймыз. Экономикада солай. Егер экономиканы жақсы білсек,
ол бізге байлық, пайда, тыныштық, бақыт әкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне
грек сөзі. Өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз -
өзіміздің тұрмысымыз.
Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, бәрін есептеу –
экономика. Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға
көбірек керек деп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер
ме – мұны білу де экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей
береді.
Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа
бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда
болады. Ал кішкентай мемлекетіміздің шаруашылығын басқару үлкен өнер.
Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет
елдерде жастар үйленген кезде некелік контракт жасайды. Кәдімгі екі
мемлекет сияқты. Ол контрактіде көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала
десек, сол некелік контрактіде баланың болашағына дейін ойластырылған. Яғни
ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да –
экономика.
Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика.
Себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тік тұрғызу үшін, көп нәрсені
есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз.
Сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика.

Алматы

Алматы Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Онда 1.5 миллион
халық тұрады. Алматы Орталық Азияның қаржылық, экономикалық және мәдени
орталығы болып саналады. Мұнда көптеген бизнес орталықтар, театрлар,
мұражайлар, көркемдік галлереялары, көрме залдары, осы заманға сай ойын-
сауық кешендері (кинотеартлар, казинолар, түнгі клубтар, парктер,
мейрамхана, кафелер, т.б.) бар.
Алматы Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан бұрынғы астанасы, ол
1854 жылы Ресей шекаралық қамал ретінде құрылып, бүгінгі таңда шамамен
2,000,000 халық тұратын Орталық Азияның дүкендерге, қонақ үйлерге,
казиноларға және мейрамханаларға бай космополиттік қаласы. Алма бақтарына
толы Алма-Ата ретінде белгілі қала Іле Алатауы мен жазықтық арасында
орналасқан. Қала 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері батыс нарығына қарай
бет бұрды. Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы мемлекеттің бизнес, қаржы
және мәдени орталығы болып қала береді.
Алматы - Орталық Азиядағы өз мейрамханаларымен, қонақ үйлерімен және
мұражайларымен әйгілі космополиттік қала. Алматыда негізгі қолданыстағы
тілдер - қазақ және орыс тілдері, кейбір адамдар ағылшын тілін де сөйлейді.
Бұл қала Батыс Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасқан.
Отыз жыл бұрын Қазақстан Кеңес Республикаларының бірі болғанда Алматы
әдемі қалалардың бірі ретінде саналған. Ол суық желдерден қорған болатын
биіктігі 7,000 метрге жететін жан-жағынан алып таулармен қоршалған. Осыдан
Алматының ауа-райы көршілес аймақтарға қарағанда жайлырақ. Қыста Алматыдан
50 км қашықтықта температура -50°C дейін төмендесе, Алматының өзінде 0°C
шамасындағы температура сақталады. Жаз кезінде кешкілік салқын жел
жергілікті гүлдердің иісімен араласып қала көшелерін аралай соғып, ыстық
ауа Іле жақтан соққан жұмсақ суық желмен араласып қалада Орталық Еуразия
үшін айрықша ауа-райын тудырады.
Алматы мәдениеті түрлі адамдардың басы біріккен қала. Шығыстық және
Еуропалық дәстүрлер шиеленіскен қала тұрғындары қонақжай. Қаланың
инфрақұрылымы, өмір деңгейі жақсы дамыған, экономикасы мықты және
халықаралық деңгейдегі ойын-сауық орындары бар.

Болашақ қаласы-Астана

Қазақстаннның астанасы Астана қаласының негізі 1830 жылы бекініс
ретінде қаланған. Мемлекеттің астанасы ретінде тек 1997 жылы бекітілген жас
қала Астана бүгінгі таңда тез өсіп келе жатқан жарқын даңғылдары бар,
мүмкіншіліктерге мол және таңқаларлық ойларға толы қазіргі заманға сай қала
болып табылады.
1999 жылы Боливия астанасы Ла-Паста Астанаға UNESCO Бейбітшілік
қаласы деген атақ берді. Астана, сонымен қатар, “әлеуметтік игілік қала
үлгісі” болып ары қарай даму үстінде.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана жаңа жобаларды
жүзеге асыратын қала екеніне сенімі мол. Қазақстан астанасы өзінің
таңқаларлық орындарымен қызықтырады:
• Океанариум, кейбіреулердің айтуынша жазық даладағы теңіздің тамшысы
• Әлемдегі ең жас опера театры. Дмитрий Хворостовскийді қоса алғанда,
көптеген халықаралық атақтылар өз өнерін паш еткен орын.
• Бетон мен шыныдан салынған, Астана қаласына кіре берісте–ақ көзге
түсетін Бәйтерек ескерткіші.
Астана болашақтың қаласы ретінде тек бірегей архитектуралық стилімен
ғана емес қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Астанада БҰҰ-ның бас хатшысы мен
II Джон Пол Папасы қонақ болған. Қазақстан астанасының есігі туристер,
әртістер, бизнесмендер және спортсмендер үшін ашық.
Астананың сәулетшілері мен құрылысшылары тез даму деңгейіне сай болу
үшін күні-түні жұмыс істеуде.
Биіктігі 105м Бәйтерек шыңы 97 м биіктіктен қаланы толықтай көруге
мүмкіндік беретін көрме алаңы бар қаланың нышаны. 97 саны астананың Алматы
қаласынан ауысу жылын білдіреді. Бәйтерек шыңы көрме, үлкен аквариум және
мейрамханаларға толы.
Қалада опера және балет театрлары, драма театры және түрлі мұражайлар
баршылық. Бұл ескерткіштер Астананың өткен тарихын еске түсіреді.
Қалада Қазақстан Республикасының Президентінің идеясымен құрылған
жанұямен дем алуға мүмкіндік беретін орталық Думан ойын-сауық орталығы
бар. Көптеген адамдар океанариумды мұзда сақталған корал бөлшегі тәріздес
солтүстік Қазақстанның белгісі ретінде санайды. Думан ойын-сауық
орталығындағы бірегей океанариум оңтүстік көлдерден үш мың километр
қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз және тек Қазақстанда ғана бар
океанариум болып табылады. Ойын-сауық орталығы бірнеше тематикалық
телімдерге бөлінген: Океанариум, 3D-Кинотеатр, кафелер желісі және сауда
залдары, орталық аумағы демалу мен серуендеуге арналған, "Jungle"
атракционы, боулинг, казино, әмбебап залдар және қонақ үй кешені.
Көңіл көтеретін орындардың бірі - Қазақстанның болашақ және тарихи
қалаларының картасы көрсетілген ашық аспан астында 1,7 гектар ауданды алып
жатқан Атамекен Этно Паркі. Бұл жобаға білгір сәулетшілер мен дизайнерлер
шақырылып, "Kazdesign" жүзеге асырылды. Жобаның авторлары – Т. Сүлейменов,
А.Ордабаев, С.Байров, А.Қажнарбаев, Н.Анарқұлов және А.Кенжетаев. Мемлекет
Басшылар Аллеясы оны жанында орналасқан Саяси репрессия құрбандарына
арналған монументпен жалғастырады. Картада 14 аймақ пен республикалық
маңызы бар екі қала (Астана және Алматы) орналасқан. Мұнда әртүрлі табиғи
климаттық аймақтар және ландшафтар, ғимараттар мен қалалар құрылысы
жиынтықталып көрсетілген. Бірақ, бұл - ең бастысы тарихи және мәдени
ескерткіштер. Этно мемориалдық кешен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
қолдауымен Қазақстанның астанасында 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды. Осы
жылы парк өзінің бес жылдық мерейтойын тойлайды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде
халықаралық байланыс жасауға, өзінің сыртқы саясатына айырықша көңіл
бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі,
жеке саясат жүргізу құқы болмағанды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында,
әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа
елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық
мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен
халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық
байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар •олармен мәдени-экономикалық
байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына
қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік
соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта
1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптеген игі шараларды іске асыруда.
Бүл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам
мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дан астам елмен
дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бірі болып
Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан
шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал
Алматыда және Астанада 60-тан астам шетелдік елшілік пен миссия,
халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан мен Ресей сыртқы саясатындағы
қарым-қатынас

Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін
өздерінің сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптері негізінде бір-
бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-тәтті көршілік және өзара
тиімді ынтымактастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Оған
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық
және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж.
20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңей-ту және
тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойғап
шарттарды одан ары бұлжытпай орындап отыратындығы жөнінде мәлімдеді.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші
сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті
Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен
Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде
жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық
реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі
атап көрсетілді. Мемлекеттің басшылары бұдан былай да екі ел арасындағы
егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бір-бірінің
ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін
қуаттады.
Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақтастыктың одан ары тереңдеп
дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға
бағдарланған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи
маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі
мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр
космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н. Назарбаев пен Ресей
Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан
ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.
Ал 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан
достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды.
Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі
тағыда сөз болды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті
проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі,
ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік, ШЫ¥ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-
қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі
болып табылатыны атап көрсетілді.
Қазақстан меи Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары
дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен
әсерін тигізді. 2003'жылы Ресей орталығы мен облыстарыида 150-ден астам
түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени шаралар мен отандық өнімдер
көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарга қол қойылды.
Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-
ден астам келісімдер мен шарттардан тұрады. Солардың ішінде екі ел, әсіресе
Евразия кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайтуға, үлттық, аймақтық және
халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.
Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің тұрактылығы мен
қауіпсіздігіне де аса зор мән береді. Екі мсмлскетте Каспийді бейбітшілік,
достық және ынтымақтастық аймағы деп таниды және бұл аймақта соғыс
жанжалына, ланкестік көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа орын жоқ деп
санайды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау
жөніндегі бірлескен жұмыстарда негізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы
7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы
бедерленіп, бейнелеу жұмыстары аяқталған.
Қазақстан мен Қытай арасындағы саясат
Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші -Қытайсыз әлдебір үлкен
саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік
тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа
айналған бағдарлама - Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарды
айқындау. Міне, осы бағытта Қазақстап бірқатар шараларды іске асырып,
Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. Алғашқы
кездегі басты міндет - жан-жақты экономикалық байланыстарды дамытып,
шекарадагы шиеленістерді тоқтату еді. Оның үстіне, Қазақстанның стратегия
лық мақсаты - Қытай арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Мен қазақстандықпын
Менің Отаным – Қазақстан. Отан
Балалардың дауыстарын қорғау
Біз рәміздерді құрметтейміз
Тәуелсіздік таңына шүкір дейік
Тәуелсіз Қазақстан шежіресі: 1991 жыл
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Пәндер