Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Бөлім 1. Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі.

1. 1. Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық мәселелері . . . 10

1. 2. Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері . . 14

1. 3. Отбасындағы конфликтілі жағдай және оның шығу жолдары . . . 28

Бөлім 2. Отбасындағы конфликтілі жағдайды іс-жүзінде шешудің жолдары.

2. 1 Отбасындағы конфликтілі жағдайдың алдын-алу жолдары . . . 48

2. 2. Отбасындағы конфликтілі жағдайды психологиялық тұрғыда ымыраға келтіру . . . 51

2. 3. Отбасындағы конфликтілі жағдайды шешудің психологиялық әдістемелері . . . 58

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымшалар . . . 71

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біз үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттап, қарқынды өзгеріп тұратын қоғамда өмір сүріп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер жаңа қоғамға, яғни ақпаратты қоғамға кіруде. Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың стратегиялық негізгі даму бағытын анықтау, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін приоритет жүйесін құру өте маңызды.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, " - деп атап көрсетті. [50]

Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Білім жүйесінің қоғамдық өмірдің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да тигізетін ықпалы мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік қарым-қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалыға, студенттердің отбасы өмірінің құндылықтары ішінде отбасының психологиялық және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді. Бұдан басқа білім жүйесі жалпы білім беретін мектеп деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып, отбасы және некенің бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мэн беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған "Баланың құқығы туралы Конвенция" бола алады. Онда "Бала толық және үйлесімді дамуы ушін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мүқтаж" деп көрсетілген. Бұл қүжатта әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту, адам құқығын құрметтеу, өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құлдылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу, еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау, қоршаған ортаға жанашырлықты тәрбиелеу керектігін ұсынып, заман талабы бойынша бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары парасаттылық жүктеледі. Оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалы фиттософиялық. әлеуметтанушылық. психологиялық, педагогикалық зерттеулерде ерекіпе көңіл бөліп, отбасыньщ жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлес косқандар: А. Құнанбаев, А. Байтүрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский.

Бізге зерттеу мәселесіне байланысты маңызды қызығушылық көрсетксн ғалымдар: Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Үзақбаева, Ж. Наурызбаев, К. Қожахметова, Қ. Бөлеев, І. Халитова, А. Табылдиев, С. Ғаббасов, С. Смайлов, Е. Омар, Қ. Ералин және т. б. еңбектері отбасының жан-жақты мәселелерін зерттеген, отбасының педагогика, психология, өнер және социология ғылымдарымен байланысының нығаюына үлкен еңбек сіңірген.

Отбасылық өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынастардың сырлары туралы білімдер мен көзқарастар Г. Исаева, Б. Қожабекова, А. Жүнісов, Ж. Байжанова, И. Қарақұлов, Г. Мейірханова еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген.

Отбасына байланысты ресейлік және шет елдік ғылымда қойылған негізгі проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар. Отбасы мен неке мәселелері М. С. Мацковский, А. Г. Харчев, В. А. Сысенко және басқа да ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Шет елдік мамандардың ішінде Т. Парсонс, Ф. Мередит, К. Витек және т. б. зерттеулерінде ашылып көрсетілген. Жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, мекетептегң оқу-тәрбие жқмыстары негізінде, жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың бағыт-бағдардың беру психологиялық, педагогикалық, философиялық, әлеуметтік қағидалары алынды. Отандық және шет елдік педагогтарң әлеуметтанушылар, философтар, педагогтар, демографтар, сондай-ақ, психологиямен тығыз байланысқан басқа да мамандықтардың еңбектерімен анықталады.

Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың міндетін орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бұл түрғыда педагогика және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар жасалынды. Болашақ отбасы иесін даярлау проблемасының психологиялық аспектілері И. В. Гребенников, Л. М. Панкова, А. Я. Студенте, В. Я. Титаренко, И. В. Бестужев-Лада және басқалардың еңбектерінде берілген. Жас ұрпаққа білім беру мне тәрбие беру, отбасылық өмірге дайындауға бағытталған Қазақстан Республикасының конститутциясы, Білім беру туралы Заңы, тәрбие жқмыстары жөніндегі тұғырнамалар, зерттеу прблемаларына байланысты жас ұрпақты тәрбиелеудегі озық тәжірибелер, психолог ғалымдардың ғылыми еңбектері.

Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауда халықтық салт-дәстүрді пайдаланудың маңыздылығы Ж. Сакенов еңбегінде ерекше көрсетілген. Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жүтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші жанұяда болатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де түтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Білім жүйесінің қоғамдық өмірдің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да тигізетін ықпалы мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік карым-қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалыға, студенттердің отбасы өмірінің құндылықтары ішінде отбасының психологиялық және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді. Бұдан басқа білім жүйесі жалпы білім беретін мектеп деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып, отбасы және некенің бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.

Отбасылық өмірге бозбалалар мен қыздарды дайындау жолдарын В. Е. Зарайченко, А. Г. Хрипкова еңбектерінде қарастырды. Жастардың некеге дайындығының кемшіліктеріне талдау жасау негізінде зерттеушілер отбасылық өмірге жігіттер мен қыздарды дайындауда тәрбие жұмысын жетілдірудін кейбір жолдарын анықтады.

Р. А. Иремашв. или, В. А. Кишкурко, И. А. Эльшанская зерттеулерінде бозбалалар мен қыздарды отбасылық өмірге дайындау проблемаларынын біршама аспектілерін қарастырған. Қоғамның некеге тұрушы жастарға қоятын талаптары анықтаған, олардың отбасылық өмірге дайындығының деңгейін бағалау критерийлері айқындалған, осы маңызды бағыттар бойынша мектеп жұмысының кемшіліктеріне талдау жасалынған.

М. И. Мирошниченко, И. К. Парфенова, Э. М. Черепова зерттеулерінде АҚШ, КСРО, Германия, Англия мектептерінде оқушыларды отбасылық дайындау ерекшеліктері салыстырылған.

Зерттеу мақсаты: Отбасындағы конфликтілі жағдайды, теориялық проблемасын шешу және болдырмаудың негізгі жолдарын қарастыру және оны тәжірибелік эксперименттік сынақтан өткізу. «Отбасы -некелік өмірге дайындау» ұғымына түсінік беру арқылы жоғары сынып оқшыларын дайындаудың бағытын айқындау.

Зерттеу объектісі: мектептің жоғары сынып оқушылары. Зерттеу пәні: жоғары сынып оқушыларының отбасы туралы білімі. Зерттеу жұмысының мақсатымен болжамына сәйкес зерттеудің төмендегідей міндетері анықталды.

1) Зерттеу тақырыбына сэйкес әдебиетермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік түрғыдан шолу жасау.

2) Отбасы жәче отбасынын өмірлік циклының теориялық талдауын

4) Жоғары сынып оқушыларына отбасы-некелік өмір туралы факультативтік сабақ жоспарын құрастыру.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы- Отбасы некелік өмір ұғымына ғылыми-психологиялық тұрғыда анықтама берді. Отбасы-некелік өмірдің проблемасының ғылыми мазмұны анықталды. Жоғары сынып оқушыларының отбасы -некелік өмірінің психологиялық шарттары жасалып, мүмкіндіктері айқындалды.

Зерттеу әдістері- Зерттеу мәселеміз бойынша психологиялық философиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу.

Зерттеу жұмысынын құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан, суреттер мен кестелерден тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, зерттелгелі отырған мәселенің маңыздылығы сипатталады, зерттеу жұмысының объектісі, пәні, ғылыми болжамы, мақсаты, міндеттері, ғылыми жаңалығы мен қорғауға шығарылған негізгі қағидалар баяндалады.

" Отбасы және отбасыдағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі" атты бірінші тарауда жалпы отбасы дегеніміз не, оның түр-типтері, моделі, отбасының қызметі, құрылымы және оның бұзылуы, динамикасы сөз болады. Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері мен қарым-қатынас кезінде пайда болатын конфликтілі жағдай мәселелерін қарасытырамын.

"Отбасындағы конфликтілі жағдайды іс-тәжірибе жүзінде шешудін жолдары" атты екінші тарауда жалпы отбасындағы конфликтілі жағдайдың алдын-алу жолдары, психологиялық ымыраға келтіру және де жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудын тиімділігін арттырудағы педагогикалық-эксперименттік зерттеулер нәтижелері қорытындыланады.

І бөлім. Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі.

1. 1 Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық мәселелері

Отбасы-қоғамның көзі, жекелік тұрмысты ұйымдастырудың негізгі формасы. Отбасы жұбайлық одақ пен туыстық байланысқа негізделген жекелік тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы. Отбасы қоғамның қайнар көзі. Адамзат үшін отбасы өзінің өмірінің алғашқы төрттігін өткізетін және өмір соңына дейін құруға бар күш жігерін жұмсайтын ортаның негізгі және басты компоненті.

В. Н. Дружининнің пікірінше: «отбасының негізгі ерекшелігі болып оның «тәуелділігі», яғни, адамның белгіленген ережеге тәуелді болып өмір сүруі. Алайда, бұл тәуелділік отбасы мүшелерінің табиғи және мәдени кұндылықтарының қолайлы қанағаттандыруларын қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді». [25]

ХХғасыр жаңашыл отбасының түбегейлі өзгерістерін елемей оның жағдайы мен болашағын бағалау және түсіну мүмкін емес, (ата-анадан баласының жырақтауы, неке қалыптасуының жабықтан ашық жүйесіне өтуі, әйелдің әлеуметтік статусының өзгеруі) Отбасы институты бірдей мәселелерді ауыстыруға және құруға рұқсат береді. Бізге белгілі болғандай, жалпы жастардың некелесуге дейінгі жыныстық қатынаста болудың жапай тарауы, туылудың азайғандығы, аз балалық, саналы түрде баласыз болудың жаппай таралудың беталысын тіршілік жылжуының белгісі ретінде отбасы институтына қарастыруға мүмкіндік береді.

С . И. Голдтың пікірінше, қазіргі жағдайда отбасы құрудың 3 моделін көрсетуге болады.

1) Патрирхальды отбасы - әлде қайда көнерек. бауырластық қатынас; күйеуінің әйеліне, баланың ата-анаға, отбасылық рөлдің қатаң тағайындалуы. Неке іштей тұрақты. Отбасы бірнеше ұрпақтан тұрады:баба, ата-ана, бала. Көпбалалылықты қолдайды. Басшы еркек. Оның қарамағында отбасының барлық экономикалық ресурстары, негізгі шешімді қабылдау. Әйелі ерінің фамилиясын алады. Оған бағынышты және сыймен қарым қатынас жасайды. Жұбайының негізгі қызметі- бала туу, тәрбиелеу, үй шаруасын жүргізу. Бұндай отбасыға ата-аналық билік пен авторитарлы жүйе тән.

2) Детоцентрикалық отбасы - жекелік өмірдің рөлін жоғарылатады. Әйелі мен күйеуі арасындағы қатынас тең, сезімталдылық, некеде пысықтылық, алайда бала туу жайлы түсінікті сәйкестік жоқ. Жұбайлар бала санын өзара есеппен шешеді.

3) Жұбайлық отбасы .

Әлемде отбасынан маңызды құндылық жоқ. Ұзақ уақыт бойы біздің елімізде отбасы тікелей мемлекет қамқорлығына тәуелді болып келді. Оны нығайтудың жолы таза, сырттай қамқорлық жасаудан, басқаша айтқанда, жеңілдікпен, жәрдем ақшамен қамтамасыз етуден, гүлденген отбасын жасау үшін балалар мекемелерінің салынуынан көрінеді. [71]

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптай келе, отбасының мынадай типтері мен түрлері анықталды:

1. Құрамы бойынша: нуклеарлық (қарапайым, орта, толық нуклеарлық отбасы) ; күрделі отбасы; үлкен отбасы .

2. Балалар саны бойынша: баласыз отбасы; бір балалы отбасы; аз балалы отбасы; көп балалы отбасы.

3. Отбасының стажы бойынша мынадай отбасының типтері бар: жас жұбайлар; жас отбасы; баладан үміткер отбасы; балалары бар жас отбасы; орта жастағы жұбайлар отбасы; егде жұбайлар жұбы.

4. Географиялық белгісі бойынша: қалалық; ауылдық.

5. Отбасындағы басшылық типі бойынша: өктем отбасы; эгалитарлық отбасы.

6. Отбасындағы қарым-қатынас сапасы және жағдайы бойынша: сәтті отбасы; әлеуметтік сәтсіз отбасы; ұстаздығы әлсіз отбасы.

7. Отбасындағы тұрмыс және тәртіп бойынша: шаруашылық-тұрмыс ұясы үлгілі отбасы; бала орталық отбасы; жұбайлық отбасы; патриархалдық отбасы; пікірталас клубы немесе спорттық типтегі отбасы; отбасы -"жұбаныш".

8. Әлеуметтік құрамнын біркелкілігі бойынша: әлеуметтік гомогендік отбасы; әлеуметтік-гетерогендік отбасы.

9 Отбасы өмірінің ерекше жағдайы бойынша: дистанттық отбасы; студенттік отбасы.

Философиялық, тарихи, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық ғылыми-әдебиеттерді сарай келе “отбасы”, “неке”, “отбасы-некелік өмірге даярлау” ұғымдарына анықтама беруге ықпал етіледі.

Отбасы дегеніміз - әр түрлі жыныстағы адамдардың өзара өзқарастары мен іс-әрекеттері үйлескен, тығыз карым-қатынаста болатын әлеуметтік топ.

Отбасы - некелік өмірге даярлау дегеніміз - жастардың отбасы-некелік білімдерін жетілдіріп, олардың отбасы-некелік өмір туралы дұрыс көзқарастарын және жағымды іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудағы педагогикалық-психолгиялық шарт білім беру, көзқарастарын қалыптастыру, жағымды іс-әрекет үлгілеріне дағдыландыру болып табылады.

Отбасы-некелік өмір - философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, жыныстық мәселелерді қамтитын құбылыс. Сондықтан мәселенің ішкі және сыртқы қайшылықтарын педагогикалық-психологиялық проблемамен байланыстырын шешумен сипатталады.

Адам үшін отбасы не нәрсе, неліктен ол соншалықты қажет? Отбасы адамға өз болмысының жекеленушілік сезімін жеңуге жөне әлеммен келісу, бірлесу, ортақтық сезімін иемденуге кемектеседі. Бұған қол жеткізу адамда канағаттандырушылық сезім тудырады, оны бақытты етеді. Э. Фромм жазғандай, адамды жалғыздық азабынан құтқарады, үйлесімділікке апарады, өзін әлемде үйдегідей сезіндіреді, әлеммен бірлік сезіміне жетуге мүмкіндік береді.

Бізге отбасы бақытының табиғаты басқаша сияқты. Бақытты отбасының феномені адам табиғатының дуализміне негізделген: қатынасқа ұмтылу, әлеуметке көңіл бөлу, өзімен-өзі болу, жалғыздықтан құтылу деп қарайды. Өйткені бір жағынан, жеке адам әлеуметтік қоғам алдында жауапты болса, екінші жағынан, ол жеке дара, өзін-өзі іске асыруға ұмтылады, өзінің "менің отбасы осы кажеттіліктерді" қорғап қалу болып табылады. Бақытты канағаттандыра алатын орта болып табылады.

Отбасының қызметі. Отбасының маңызды сипатамасына оның функциясы, құрылымы, динамикасы кіреді. Отбасының функциясы отбасы мүшелері материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты өмірлік әрекеті.

Отбасы функциясының түрлері:

Тәрбиелеу функциясы-ер мен әйелдің әкелік және аналық қажеттіліктерін қанағатандырады және де ата-ана балаға өз билігін жүргізе алуға мүмкіндік береді. Осылайша баланы әлеуметтенуге дайындық жасайды.

Тұрмыстық шаруашылық функциясы- отбасы мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл олардық соматикалық денсаулығын сақауға, физикалық күш жігерін қалыптастыруға өз себептерін тигізеді.

Эмоционалды функция-отбасы мүшелерінің мейірін, сыйластығын, қабылдауын, эмоционалды қолдауын, психологиялық қорғауын қамтамасыз етеді.

Алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы-әлеуметтік нормаларды орындауға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл отбасы қызметін өз бетінше қоғамда қалыптасқан құлықтармен байланысты өмір сүре алмаған жағдайда өз әсерін тигізеді.

Өз функциясын іске асыра отырып, отбасы бір жағынан адамдарға маңызды биологиялық, табиғи қажеттіліктерін қанағатандырды, екінші жағынан жеке тұлғаға қатынас жасау мақсаты белгіленген жетістіктерге жетуге өз себептерін тигізеді. Сонымен қатар отбасылық даму барысында мақсаты заңды түрде өзгеріп отырады, біреулері жоғалтады, келесілері жаңа әлеуметтік шарттарға негізделіп пайда болады.

Отбасының негізгі маңызды ерекшеліктері функциясы болып оның туыстық бірлескен іс-әрекетке негізделген кешенділігі. Кез-келген қажеттілік отбасы қатыспай-ақ қанағаттануы мүмкін. Алайда, отбасындағы осы қажеттіліктер кешенді түрде қанағаттанады, яғни қолайлы. Басқаша жағдайда оларды (қажеттіліктерді) әр түрлі адамдар мен әлеуметтік институтарға байланысты реттеуге тура келеді.

Осы түсініктерге негізделе отырып отбасының негізгі қызметінің 2 типін: қалыпты қызметі және дисфункциональды (ауытқыған) деп көрсетеміз.

Отбасының қалыпты қызметі-бұл өзінің қызметін жауапты және толық орындайтын отбасылар. Нәтижесінде қажеттілік қанағатануы оптимальды болады.

Дисфункциональды отбасында бұл қызметтің орындалу барысында қателіктерге жол жіберген отбасы. Бұл даму жағдайында өзіндік дамуғада өзіндік септігін тигізеді.

Отбасы функциясының бұзылуына әсер ететін әртүрлі факторлар бар: жұбайлардың психологиялық сәйкессіздігі, қатынас жасаудың төмен мәдениеттілігі мен нышандардың болмауы. Мысалыға, тәрбие функциясының бұзылуына ата-ананың тәрбие жайлы білімі мен дағдылардың болмауы, нәтижесіндегі тәрбиелеудегі сенімсіздігі немесе екі жақтама тәрбие беруге жетекшілік ететін ата-ана арасындағы конфликт. Тәрбие басқа отбасы мүшелерінің араласуы да өз септігін тигізеді. Және де бір мысал, рухани қатынас функциясының бұзылуына жұбайлардың 2 түрлі әлеуметтік ортада жүруі, білімінің сай келмеуі, қызығушылығының бір-біріне сай келмеуі өз әсерін тигізеді.

Отбасы мынандай міндеттер атқаратыны баршамызға белгілі. Балаларға тәрбиелік ықпал әдістерін, салт-дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндеті;

-балалардың сабақтарын, еңбек іс-әрекетін және демалыс тәжрибелерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндетті;

-ата-аналар арасындағы, ата-аналар мен балалар, балалар арасындагы, жақын туысқандар арасындағы тағы сондай арақатынастар нормаларын құрастыратын коммуникативтік міндеті. [1]

Отбасының құрлымы және оның бұзылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманистикалық психология және жанұяға негізделген қарым-қатынас көзқарасымен ішкі отбасы жағдайының рөлі
Гуманистік отбасы
Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері
Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
Қиын балалардың психологиялық-педагогикалық жағдайлары және оларға көмек көрсету жолдары
Қиын бала кім
Девиантты мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік және биологиялық факторлар
Топ және конфликт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz