Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді тіркеу


Жоспар
Кіріспе
«Ақпарат» термині «мәлімет, түсіндіру, баяндау, білу» мағынасын білдіретін латынның «informatio» сөзінен шыққан.
Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы.
Адамдар ерте заманнан бастап ақпарат алмаса бастады. Алғашқыда қимыл - әрекет, мимика арқылы, ал кейіннен тіл көмегімен бір - бірімен мәлімет алмасты. Жазу шыққаннан кейін адамдар ақпаратты бір - біріне жазба түрінде, мысалы, кітаптар, газет - журналдар арқылы жеткізіп отырды. Қоғам дамыған сайын ақпаратты тасымалдау құралдары да дами бастады, мысалы, олар: радио, телефон, телеграф, теледидар және тағы басқа.
Ақпараттар әр түрлі түрде берілуі мүмкін:
- мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер түрінде;
- жарық және дыбыс сигналдары түрінде;
- радиотолқындар түрінде;
- электрлік және жүйке импульстері түрінде;
- магниттік жазбалар түрінде;
- қимыл және мимика түрінде;
- дәм және иіс сезіну түрінде;
- ағзаның ұрпаққа берілетін белгілері мен қасиеттері арқылы берілетін белгілері мен қасиеттері арқылы берілетін хромосомдар түрінде.
Ақпараттық жүйе - ақпарат көзінен, байланыс каналынан, ақпаратты қабылдау құрылысынан тұрады. Ақпараттық жүйеге төмендегілер мысал болады: кітап және оқырман; бағдаршам және жүргізуші; радиостанция және радиоқабылдағыш; радиоқабылдағыш және тыңдаушы.
Ақпарат қасиеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады: пайдалану мүмкіндігі; дұрыстығы; толықтығы; жеделдігі; түсініктілігі.
Телефонмен сөйлеу барысында алынатын ақпарат тыңдаушыға және пайдалы болуы мүмкін;
Дұрыстығылығы - бұл қасиет ақпараттың ақиқат және жалған екендігіне байланысты;
Толықтылығы - ақпараттың толықтылығы ақпаратқа барлық уақытта қосымша ақпарат қосуға және нақтылау мүмкіндігімен байланысты.
Белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Бағдарлама алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Кез келген бағдарламаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін бағдарламаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім бағдарламадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ бағдарламаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Бағдарламаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол BEGIN түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң END түйінді сөзімен аяқталады.
Программа құрылымы
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап оны басқару үшін бағыт - бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысты жоспарлап ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп жиі оны өңдеп отырады;
- Ұйымның қаржылық ақпарат мәліметін өңдейтін, сондай - ақ оны керек уақытқа дейін сақтайды;
- Қаржылық ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады.
Кәсіпорындармен ұйымдардағы болып отырған барлық жұмыстарды алдымен бақылап орындалған жұмыстар атқарылған қасиеттер өндірілген өнімдер және олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттар қаржы қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады.
Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуіміз керек. Шаруашылық есептің алғы шарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Кәсіпорын қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады.
Бұл пәннің негізгі мақсаты осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып сондай-ақ іс - тәжірибелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорын есеп жұмысының сапасын арттыруға есептеу жұмысының барысында қолданылуға және ондағы көрсеткіштің пайдаланушыға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Кез келген ғылымның соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық латын тілінен аударғанда принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізгі деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартында бухгалтерлік есептің 12 принципі бар: Есептеу; Үздіксіз; Түсініктілік; Мәнділік; Маңыздылық; Сенімділік; Әділетті әрі тура көрсету; Бейтараптылық; Сақтық; Толықтылық; Салыстырмалық; Дәйектілік;
Бухгалтерлік есептің әдістері келесі түрде:
- Құжаттау;
- Түгендеу;
- Шоттар;
- Екі жақты жазу;
- Калькуляциялау;
- Бағалау;
- Бухгалтерлік баланс;
- Қорытындылау.
2. 1 Интернет - технологияда компьютердің желілер.
Интернет - бүгінгі таңда әлемде бар желілердің ішінде ең ірі дүниежүзілік компьютерлік желі. Ол әлемнің барлық дамыған елдеріндегі бірнеше миллион компьютерлерді біріктіреді. Internet атауы бұл желі жалпы бір интержеліге біріктірілетін көптеген әр текті желілер екенін білдіреді. Интернетте компьютерлердің адрестері төрт байттан тұрады, олар әдетте нүктелермен бөлінген төрт ондық сандар түрінде жазылады. Мысалы, 129. 144. 50. 56.
Бірақ мұндай адрестер адамдар үшін қолайсыз, сондықтан символдық адрестің параллель жүйесі бар. Мұндай адрестер құру ережесін мысал бойынша талдайық
mech. math. msu. ru
ru - Ресей (ағылшынша Russia),
msu. ru - ММУ Ресейде (ағылшынша Moscow State University),
mech. math. msu. ru - Ресейдегі ММУ-дегі математика факультетіндегі mech компьюетрі.
Бір компьютерде Интернетте ондаған, жүздеген пайдаланушылар тіркелуі мүмкін. Мұндай пайдаланушының аты мен компьютердің адресінен тұрады. Мысалы, егер пайдаланушы Изатовтың компьютерлік аты isatov болса, онда оның адресі былай болады:
isatov@ mech. math. msu. ru
«@» таңбашасы ағылшынша «at» деп оқылады.
Изатовтың Интернеттегі адресін біле отырып, Интернеттегі кез келген компьютерден Изатовқа электрондық хат жолдауға болады. Мұндай хат Интернет бойынша бір компьютерден басқасына, Ресейге түскенше, онда ММУ-ге келгенше, содан математика факультетіне, mech компьютеріне, isatov пайдаланушыға жеткенше саяхаттайды. Қысқа хатты жеткізу бір секундтан бірнеше секундтқа дейін уақыт алады, ал маршрутқа бірнеше ондаған компьютер кіруі мүмкін.
Желілерді олардың мөлшеріне қарай жіктеуге болады. Бір ғимараттың ішінде орналасқан, жүзге дейін компьютер біріктіретін шағын желілерді жергілікті желілер деп атайды.
Қала шетіндегі бір немесе бірнеше мекемелердің әр түрлі (әр жердегі) ғимараттарда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді біріктіретін желіні қалалық деп атайды.
Аймақтық және ұлттық желілер бар. Сондай-ақ дүниежүзінің барлық елдеріндегі жүздеген мың компьютерді біріктіретін дүниежүзілік желілер. Ең әйгілі дүниежүзілік желі интернет деп аталады.
Клиент - бұл желінің серверлерінің қызметін пайдаланатын программа. Мысалы, Netscape Navigator программасы WWW-клиент: ол Интернет желісінң WWW-серверлері ұсынатын WWW-гипермәтіндерді қарап шығуға арналған. Ереже бойынша, клиентке желіден қатынау жоқ: ол ештеңе бермейді, тек ала алады.
Интернетке қосу және оны баптау жұмысын Интернетке қосу жеңілдетеді. Шебер жұмыс үстеліндегі Интернетке қосылу шарт белгісінде маусты екі рет шерту арқылы қосылады.
Егер шебері Internet Explorer баптағаннан кейін қоссаңдар, шолушы терезесінде Сервис Шолушы қасиеттері командасын орындап, Қосылу ішкі бетінде Орнату батырмасын басыңдар.
Егер компьютердің модем орнатылған болса, шебердің келесі терезесінде Интернетпен байланысудың нұсқаларын таңдау терезесі ашылады:
- Жаңа есепке алу жазбасын алу . . . ;
- Қолданыстағы есепке алу жазбасын алу . . . ;
- Интернетпен байланысты өздігімен немесе жергілікті желі арқылы орнату . . . ;
WINDOWS 2000 PROFESSIONAL операциялық жүйесінде Интернет ресурстарымен жұмыс істеу үшін Internet Explorer 5 шолушысы қолданылады. Ол мәтіндік және мультимедиялық құжаттармен, көпкадрлі, JPEG форматындағы графикалық бейнелер, кіріктірілген бейнелерді көрсетеді, пайдаланушыға құжат жариялауға, дыбыстық сүйемелдеуді тыңдауға т. б. мүмкіндік береді.
Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін, қызметті жеткізушімен келесідей қызмет түрі көрсетілген келісім шартты толтыру қажет:
- Интернетке қосуды жүзеге асыратын телефон нөмірі;
- Тіркеу аты (пайдаланушы аты)
- Құпия сөз (пароль)
- Домендік атауын сандық түрлендірудің қамтамасыз ететін DNS (Domain Name Server) серверлерінің адресі.
- Байланыс жүзеге асыратын хаттама (РРР немесе SLIP) . Мүмкіндік болса РРР хаттамасын қолданған дұрыс.
- ІР адресі, яғни Интернет желісіндегі сіздің жеке сандық адресіңіз, бұл келісімшарт бойынша көрсетілуі қажет.
- Пошталық жәшік аты.
- Баптаудың міндетті емес параметрлері, мысалы, Интернет қауіпсздігінің хаттамасын баптау
Интернетпен жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Модемді қосу және телефон торабы арқылы интернет байланысын баптау
- Интернетпен жұмыс істеуді асыратын ТСР/ІР хаттамасын орнату, операциялық жүйені интернетпен жұмыс істеуге баптау.
2. 2 Объекті - бағытталған бағдарламалау. Қосымшаны жылдам өңдеу құралдары.
Рекурсия деп - процедура немесе функция операторларының орындалуы барысында оның өзін-өзі, яғни осы қосалқы программаның өзін өзінің ішінде пайдалану тәсілін айтады.
Бұған мысал, ретінде санның факториалын есептеу программасын келтіруге болады (натурал n санының факториалды деп сол санға дейінгі бүтін сандардың көбейтіндісін 1*1* . . . *n айтады) .
Бір ғана функция мәнін есептейтін көмекші программаның Паскальда функция деп атайды. Функция тақырыбының процедура тақырыбынан айырмашылықтары:
- тізім соңындағы жабу жақшасынан соң қос нүкте қойылып, одан әрі функция типі жазылады; формальды параметрлер - нақты параметрлер меңшіктелетінпараметр-мәңдер.
Мұнда анықталушы функция өрнекмәнін есептеу операторының жазылуында да өзгешелік бар: өрнек меншіктелетін айнымалының атауы - function тақырыбындағы атаумен бірдей болуы тиіс. Негізгі программаға енгізілетін функцияны шақыру командасы да жеке оператор түрінде емес, sin, cos, т. б. стандартты функциялар сияқты, өрнекке еңгізіліп жазылады.
Мектептегі объектілерді суреттеумен, рекурсия, жүзу және жанама рекурсия түрлерімен таныстым. Айнымалылар және динамикалық құрылымдармен таныстым.
2. 3 Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді тіркеу.
Негізгі құралдар - материалдық емес активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әpбіp кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, кутілетін кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Heгiзгi құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бip жылдан астам) материалды өндіріc саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде ic-әрекет ететін материалдың активтер ұлттык комиссиясы.
Негізгі құралдар eceбi Қазақстан технологиялардың жасайтын ықпалы Басқару шешімдеріне компьютерлік беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектті ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ; шаруашылық қызметті талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық кызметті жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметтің нәтижесі анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бip-бipiмeн қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пән жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсәпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап бередi. Қаржылық есеп берудің негізгі қаңидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының, негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезден бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз кызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс .
Маңыздылық. Қаржылык есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиic; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділк. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер eтyi мумкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердан көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылык есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиic.
Бейтараптылық- Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни ceнімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп беруден ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бip есептік кезеңі екінші бip eceптік кезеңмен салыстыруы тиіс.
Жуйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртурлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгepicтерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге койьлатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табьлады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түciнiктi болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп бepyi бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін бepiлгенінe қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әpi сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндені барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және баска eceптepiн толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары баланқка дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу пpoцeci төрт кезеннен тұрады:
Бipiнiші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерік мәміле жасалады) .
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап) .
Yшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, акша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т. б. )
Tөpmiнші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық кызметі талданады.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп шотының 1-бөлімінде қарастырылған:
2. 4 Тауарды - материалды қойманы және жеткізуші мен есеп айырысуды тіркеу
Тауарлы материалдық қорлардың ұғымына түсінік беру, бағалау, жіктеу, түгендеу және бухгалтерлік есебін көрсету, қоймадағы есебін талдап көрсету.
Тауарлы -материалдық босалқылар дегеніміз - бұл :
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді атқаруға арналған шикізат қоры, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқада материалдық активтерді;
аяқталмаған өндіріс ;
арналған дайын өнім және тауарлар түріндегі активтерді айтамыз.
Тауарлы материалдық қорлардың кәсіпорын экономикасында алатын орнын анықтау, кез келген дайын өнімді өндіру үшін қанша материал қажет екенін анықтау қажет
Тауарлар дегеніміз - басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алынып, қосымша өңдеусіз қайта сатуға арналған субьектілердің материалдық - өндірістік босалқыларының бір бөлігі .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz