Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру



КІРІСПЕ ... .
І ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.11
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі ... ... ... ... ... ... ... ..11.20

ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің
негізгі формалары мен әдістері ... .21.22
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары ..22.25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ..26.27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... .28.29

ҚОСЫМШАЛАР
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған "социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру – келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт – бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып, тәжірибемен, жспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп жазды.
1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, Білім, 1997. 176-6.
2. "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы / Бас. ред. Ә.Нысанбаев. Алматы, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясы, 1999. 720-6.
3. С.Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу құралы). Алматы, Білім, 2003. 280-6.
4. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. - М.: Педагогика, 1990. - 286с.
5. Момышулы Б. Психология войны. - Алматы: Казахстан, 1996. - 176с.
6. Жұмақанов Ә. Патриоттық және интернационалдық тәрбие беру жолдары //Қазақстан мектебі. - 1971. - №3. - 206.
7. Сухомлинский В.А. О воспитании //Сост. С. Соловейчик 5-ое изд. - М., 1985.-870с.
8. Ушинский К.Д. О нравственном элементе в воспитании //Соч.: В 11 т. -М.-Л., 1948-1951.
9. Макаренко А.С. О воспитании. - М.3 1988. - 256с.
10. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм //Ақиқат, 2000. - №89.
11. Елікбаев Н. Ұлттық психология. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. -966.
12. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. -3526.
13. Сейдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): дис. ...канд. пед. наук. - Алматы, 2001. - 1496.
14. Борбасов С. Қазақстандық патриотизм туралы//Ақиқат. - 1991. - №9.
15. Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм қалай қалыптасады //Егемен қазақстан, 10 Қантар 1998.
16.Амонашвили Ш.А., Воспитательная образовательная оценка учения школьников. М. 1984г.
17.Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы 1992ж
18.Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитания школьников. Из опыта работы Москва 1977г.
19.Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы Рауан. 1994
20.Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие қайнары. Алматы Ғылым. 2002
21.Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз. Білім 2006 №10 26-30б.
22.Айталы А. Асықпағанның асығы алшысынан түсед. Алматы. Қазақстан – 2003-56б
22.Лихачев Б.Т. Методологические основы педагогики. Самара. 1998
23.Спиркин А.Г., Юдин Э.Г., Ярошевский М.Г. Философский энциклопедический словарь. М. 1983 364 б.
24.Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы Алматы: Мектеп
1984.- 255 б.
25.Құнантаева Қ.Қ. Оқушылардың оқудан тыс бірліктері. Алматы: Мектеп 1970. – 56б.
26.Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы //Бастауыш мектеп, 1986 №9 16-128б.
27.Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б.
28.Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. //Бастауыш мектеп, 1992 №2
29.Ғабдуллина А. Ұлттық тәрбиеге ұмтылыс //Қазақстан мектебі, 1991 №4 40б.
30.Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. //Бастауыш мектеп 1994, №1 – 12б.
31.Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлттық мұраты». Алматы 1996

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Патриоттық тәрбиенің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудегі халықтық
тәрбиенің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1-20

ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің
негізгі формалары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21-22
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беруді
ұйымдастырудың тиімді жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26- 27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-29

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына
Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: "...біздің балаларымыз
бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі
заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар
бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз
елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің
міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан
Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту
тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык,
ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген.
Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай
болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған
"социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал
оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе
жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің
тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.
Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің
халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның
айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп,
өнеге тұтуы тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру –
келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт – бағдар да баршылық.
Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны
таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі,
дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары.
Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып,
ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің
арқауы. Ә.Қалмырзаев: Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста)
оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып, тәжірибемен, жспен,
уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық
әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары,
бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен
қозғалыстар) әсерімен қалыптасады деп жазды.
Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің
сипатын ашып айқындаудың, Мектеп жасына дейінгі балаларда отаншылдық сана,
сезім, отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.
Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге
тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер
жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу,
танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп
оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру
бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік
аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю.К.Бабанский, Н.И.Болдырев,
В.А.Сухомлинский т.б. зерттеулерінде дәлелденген;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие
саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, С.Мусин,
А.Сембаев, Қ.Құнантаева, Б.Мұқанова, Г.М.Храпченков, Э.А.Урунбасарова т.б.
қарастырған:
- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды
музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері Қ.Жарық6аев,
С.Қалиев, М.Х.Балтабаев, И.Р.Халитова, Б.М.Бекмүхамедов т.б. еңбектерінен
орын алған;
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы
қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша
мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру
қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде
бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды
байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін
қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм – жеке тұлғаның өз тарихи
дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді.
Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру –
патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл
әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі,
халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға патриотизмге
тәрбиелеуді тероиялық негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
1.Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудегі халықтық
тәрбиенің ролі.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің негізгі
формалары мен әдістері
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін ұйымдастырудың
тиімді жолдары
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми
әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, ,бақылау ,
әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу.

І ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны

Азаматтық позиция-отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын
атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтың бірі ар-намыс. Бұл –
борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс
қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық
ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау
жүйесінің негізі болмақ.
Қазақстанның білім және ғылым қызмткерлерінің II сьезінде
еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін
тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы орындарына
дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды
Отанды, туған жерді, озінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса
маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отан-сүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", "отансүйгіштік",
"патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным-сенімінен туын-дайды.
Еліміз егемендік алған жылдар ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы -
Қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа
сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.
Елімізде жузден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан
олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп
танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға
еңбек етуі тиіс. Сол себепті Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті
емірде жиі қолданылып, кеңінен калыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық мәніне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. 6
Қазақстандық патриотизм - Отан - анаға пеген сүйіспеншілік пен азаматтық
ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел
игілігіне жұмсау, ' ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елініңөткенін,
тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақ-стандық
патриотизм құрамына кірсе керек. Туған халқымыздың өткен тарихына көз
жіберсек, патриотизмнің керемет үлгілерін кереміз. Бүгінгі күні егемен ел
болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі
жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар
шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт - азаттық кетерілісін алып қарасақ,
ондағы батырлардың ешқайсысы елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп
қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден сол кездегі патриоттық
сезімнің қалыптасуында отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамдардың езіне байланысты екені
белгілі. Бұл қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз.
Демек, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып дамуының басты
шарттарының бірі - оның азаматтарының патриотизмі
Ендігі басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік,
экономикалық жағдайын көтеру. Бәсекелестікке қабілетті әлемнің 50
мемлекетінің қатарына қосылуды мұрат етіп отырған ел үшін өсіп, келе жатқан
жас ұрпақ, ертеңгі мемлекет иелерінің бойында патриоттық сана-
сезім,патриоттық іс-әрекет қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі. 8
Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғым "Қазақстандық
пат риотизм" арқылы Отан, туған жер, ел, ата мекен, мемлекет, туған өлке,
туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта тұспек
"Қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беріп, олардың маз-мұнын
жәсау Отан сүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану, мемлекет
рәміздеріне құрмет қалыптастыру,т.б.тәлім тәрбиелік мүмкіндіктерді кеңейте
түседі.
Патриотизм туралы кең толғамды идеаяларды қазақ даласының ойшылдары
Асан Қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы, Бұхар
жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқауетті.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары - Ш.Уәлиханов,
ЬІ.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады.
Абай шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының
болашағына деген қамқорлық пен туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне
озық дәстүрлері мен ұлттық мінездерінің жақсы жақтарына деген
сүйіспеншілігінен керініс тапты.7
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйісіпеншілік негізінде Алаш орда
қайраткерлері інақтылы іс атқарып, тарихтың жарқын 'беттерін жаза білді.
Міржақып Дулатулы: "Оян, қазақ!" - деп ұлттық сананың жаңа бір белесіне
шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы "Қәзақ" газетін ашыл, букіл Алаш жүртын
тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт отаршылдық бұғаудан құтылатын күнді
аңсады, туған жұртының ұлттық, отаншылдық сезімін тәрбиеледі. Жаңа ғасырдың
бас кезінде бүкіл қазақ жүртының рухани және саяси жетекшісіне айналған
Әлихан Бөкейхан сияқты дара тұлға ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп
кірісті. Бұл кезде қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, қуаттыкүшке
айналды.
Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғаскан ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі
болып табылады. Бесік жырынан бастайатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі
халкына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл -
ерлік. Қазак деген ұғымының өзі ер, ердік деген мағынаны береді.
Аксиологиялык тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік
тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындагы негізгі құндылықар болып
табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттык құндылық, ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруга болады. Көне түркі
заманнан бастау алған патриоттық құндылық, Құлтегін жазбаларында былай деп
суреттеледі: "Елтеріс қағаның алгырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі
Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді"- Патриоттық құндылық ана сүтімен
даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсак, патриотизм ұғымы XV ғасырдың
басында фраицуз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі
үшін басқыншы-армен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтапқалуды көздеген
ұлы жеңістің нәтижесінд? пайда болды десек, артық айтпаған болар едік.
Басқа да елдердегі патриотизм де фраицуз еліндегідей сырттан келген жаулап
алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны
-Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген
мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған
жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Патриотизм -Отанға, туған
жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспетшілік
"Патриотизм - дегеніміз (грек. раtгіоіs - отандас, раtгіо- отан, туған жер)
Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі
мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін
құрмет тұту сяқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды",
- деп атап көрсетеді.
"Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның
амансаулығының қоғамдык-мемшлекеттік қауіпсіздікке тікелей
байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту
екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке
адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-
қатынасты білдіреді"
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір
әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтыгында керініс
беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және
адамгершілік принципі.10
Патриотизм - тұлғаның байындағы Отан үшін қызмет етуге лайық шын
берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм - өз Отанына және
отандастараына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм баска
халыктар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.
Патриотизм - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол
-әлеуметтік, тарихи қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға
қызмет етуден көрінеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-'1
экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан
жаңаруына сай жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің
жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарынан орын алып
отыр.
Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этника
ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген
батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер
мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелеріне негізделген
жан-жақты тәрбие беру жүйесін құру қажеттілігі қазақетандық
педагогмканың маңызды ироблемаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында білім беру
жүйесінің басым міндетерінің қатарында жеке тұлғаны
азаматтық пен жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Реснубликасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметгеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамда қарсы кез келген көріністерге
төзбеуге тәрбиелеу туралы айтылады. Мұндай мазмұн, мемлекеттік талап-
міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық
сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал, мұндайда күрделі тәрбие үрдісі
әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйесінде үздіксіз, кешенді жүргізуді
талап етеді.
Қазақстан Республикасының Прпизиденті Н.Ә.Назарбаев өзінің
мақалаларында және көпшілік алдындағы баяндамаларында тәуелсіз мемлекеттің
азаматтарының қалыптасуында тәрбиенің маңызды рөліне баса назар аударып
отырып,оны барлық білім беру жүйесі –деп атап көрсетті.Патриотық тәрбие
берудің жай –күйін зерттеу барысында оның әдіс-тәсілі ретінде формалрының
сан луан болғаны және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың
мүмкіндігі мол екендігіне көзіміз жетті.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, Отан сүйгіштіктің
(патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып,
қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі - ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ
ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқағанымыздай,жоңғар шапқыншылығы
кезі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы
батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі патриотизмге
тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын,
тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол
кездегі отбасы тәрбиесіндегі отаншылдық сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-
аймағының ықпалы күшті болғанын көреміз. Өсіп келе жатқан жас буындардың
бойында Отан сүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын
елемей қоюға болмайды. Бұл ретте қазақ халқының батыр ұлы Б.Момышұлының
"Бұл менің ошағым Отанның ошағы, Отан болмаса, ошағым да, уйім де болмас
еді, менің үйім де, ошағым да Отанымдікі" деген. 11
Ал интернационализмді әрбір адамның езін сол мемлекет халқының бір
бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ
Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазакстан Республикасының тэуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ
сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм
идеясының біртүтастыгы қажет. Оның темірқазығы -Қазақстанды осындағы барлық
ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандык патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының
ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік
сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын
борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл
адамзатты құрметтеу тұрғысынан қарау керек.
Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына
қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты
көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде
тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты
мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына
қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың,
қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз
Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда
түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп
жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады.
Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз
тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі
ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген
сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ
сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм
идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы
барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының
ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік
сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын
борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты
құрметтеу тұрғысынән қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды
патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек.
Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың
патриоттық, жоғары әзаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты
ұйымдастырылғән және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып
табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары
әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-
адамгершіліқ, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі
ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекет түрлері тәрбие процесінің нақты
мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс,
ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-әстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға
болады.
Тәуелсіз елдің ертеңі сенімді де серпінді дамуы үшін, әсіресе атадан балаға
мұра болып келген ерлік дәстүрі, патриоттық тәрбие өрісті жолда, қамқорлық
аясында болуы қажет.
Ұлттық жауынгерлік, ерлік интернационалдық және патриоттық тәрбиесінің
бастау көзі көне түркі халқының ерлігімен басталады. Патриоттық тәрбие
өрісі- халықтың қымбат қазынасы. 12
Патриоттық тәрбиенің қазіргі кезеңдегі педагогикалық, проблемалық мәні
оған жаңаша қарауды қажет етеді. Осы мақсатта кейбір бұрынғы жұмыс әдістері
мен формаларын өзгертіп, жетілдірген жөн. Патриоттық
тәрбие жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі және мектеп оқушыларының патриоттық,
жоғары қазақстандық сезімін қалптастыруға бағытталған, мақсатты,
ұйымдастырылған және психологиялық- педагогикалық процесс болып табылады.
Патриоттық тәрбиені дамытудың негізгі дара тұлғаның жоғарғы әлеуметтік
белсенділігін қалыптастыратын, адамгершілік, имандылық, ерлік, еңбек және
дене тәрбиесіндегі сапаларының бір-бірімен байланысын саралау болып
табылады.
Патриоттық тәрбиенің құрамдас бөлігіне енетін рух тазалығы,
еңбексүйгіштік, идеялық сенімділік. Дене шыңдалуының жетілуі психологиялық
дайындық мектептегі сабақтарда беріледі. Оқушылардың алған білімдері
біртіндеп сенімге айналады.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын
лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез
келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық
рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі
адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы
мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар
ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы
Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің
және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше екенін мысалға алуға
болады.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-
саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын
сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен,
яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты
білдіреді".
"Ерлік дегеніміз - табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысында және
азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу
сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін -азаматтық парызын орындау
үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым
өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп-қатерінде бөлісіп, жауды барынша
жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және
отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас
тігу".
"Батылдық - қимыл-әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық".

"Өжеттілік, қайсарлық - адамның тіпті мүмкін емес деген
жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті
құлшыныс.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық тәрбие берудегі халықтық
тәрбиенің ролі.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз
бірдеңе ғана болып қалады, - дей келе, біздің басты идеологиямыз ұлттар
арсындағы ынтымақтастық, достық қарым-қатынас" - деген ой тұжырымдары жас
өскіндерді отаншылдыққа тәрбиелеудің өзекті мәселесі береке бірлікке,
басқаларды жатырқамауға баулу екенін алға тартады.
Демек, көп ұлтты Қазақстан жағдайында оқушы жастарға патриоттық тәрбиені
ынтымақтастық, достық рухында тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Патриоттық тәрбие оның ішінде қазақстандық патриотизмді мектеп оқушысының
бойында қалыптастыру Қазан төңкерісіне дейін арнайы сала болып
зерттелмегенімен, қазақ даласының ұстаздары атанған ойшылдарымыз (Әл-
Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн) бен жыршы-жырауларымыздың (Шалкиіз,
Қазтуған, Тәтіқара, Ақтамберді) тағылымдарында, халық батырларының (Есет
батыр, Исатай батыр, Сырым батыр) ерліктерінде, ұлы ағартушыларымыздың
(Шоқан, Ыбырай, Абәй) шығармалары мен еңбектерінде Отанды сүю, елді қорғау,
елдік, ерлік ютері жайлы біршама тұжырымды пікірлер айтылады. Қазақ
халқының ерлік дәстүрлері, жауынгер ұлқыздарының батырлығы, қазақстандық
патриотизм идеялары бірқатар көркем шығармаларда кеңінен мазмұндалған (Б
Момышулы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов,Д.Әбілов, М Қозыбаев, Ғ
Мүсірепов, Т.Ах-танов). С Сейфуллин, I Жансүпров, С.Көбе-ев, Ө.Тұрманжанов,
А.Тоқмағамбетов халықтық шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып,
балаларға арнап, өлең-жырлар жазған. Олардың шығармалары бала тәрбиелеудегі
ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамытады,
еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейді.14
Ал, туған жер, көркем табиғат, елінің, жерінің байлығы мен көркемдіп,
ана тілінің асыл қасиеттерін таныстыратын мәтіндер арқылы оқушылар елге,
жерге, тілге, Отанға, атамекенге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиеленеді.
Оқушыларға патриоттық сезімді қалыптастырудағы ерекше мәтіндер - ертегілер.
Ертегілердің мазмұнында халықтың тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәс-
түрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен
мінез-құлықтары, адамдардың еңбек сүйпштіп, өз халқына, Отанға, туып-өскен
табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген Т.Барласұлы ертегінің адам
баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі -
рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріл, құлағымыз ести алмайтын, тек
ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық әлеммен бірге
шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген керінісі",
-деп анықтама береді.
Ал, классикалық батырлар ертепсінде батыр Отанын, елін, жерін қорғау үшін
күреседі. Ертегінің непзгі құрамында туғандарын, ағайын-жамағатқа көмек
көрсету, батырдың айнымас серігі тұлпардың бейнеленуі көрсетіледі. Сондай-
ақ батырлар бейнесі халықтың тілегіне сәйкес ерекше бейнеленеді. Мысалы:
"Қабанбай бағыр" ертегісінде біз оның бейнесінен бай-қайтынымыз: "Өзінде
алпыс ердің айбаты, алпыс ердің қайраты бар, дұшпанына кекшіл, бағынған
дұшпанына кешірімшіл", - десе, ал "Керқұла атты Кендебай" ертегісінде
Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: "Ай сайын емес, күн сайын
өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты,
алысқанда алып ұра беріпті, күрескенде жыға беріпті, шыңырау құдыққа
құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем
беріпті, құралайды көзін атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуд жеңеді,
азулы арыстанды жеңеді, мыстағ кемпірді өлтіреді, алтын құйрықты, құмк
жалды сегіз қүлынды алып келеді, қалмақ тарға қолға түскен Мергенбай
батырды босатып шығарады". Ал, "Ер Тестікте" Ер Төстік жұт болғанда жоғалып
кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқұлақ-пен жекпе-
жекке шығып, жыландар пат-шалығына барып, жолда айнымас достары Көлтауысар,
Таусоғар т.б, жер асты өнер-паздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды
жеңіп отырады. Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді,
Айдаһармен алысады, пері Шойынқүлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетініміз,
ертепде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалдығы, достыққа берік болуы,
мақсатына жетудегі қиыншылықтарға төзімділігі әсерлеп берілді.
Ерлік тәрбиені қалыптастырудағыөзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні
жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның
маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық
бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны
обьективті болмыстың көрінісі болып табылады. Негізінен ертегілер
оқушылардың ой - өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және
өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды.15
Орыс педагогы А. В. Сухомлинский: Ертегі – халық мәдениетінің рухани
байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі - деп
орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақ та, онда халықтың
отансүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын ойлаған
арман тілектеріне негізделген птриоттық сезімі жатыр.Сондай – ақ халық ауыз
әдебиетіндегідей жақсы айтылған ертегінің өзі де жас өспірімдер ғана емес,
ересектердің де ой - өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері
мол.
Отан –от басынан басталадыдейді халық даналығы.Демек,бала тәрбиесі
-Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір ғана отбасының ғана емес, күллі
қоғамнын келешегі, көктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан әсте
шықпағаны абзал.
Бір сәт Ел боламын десең, бесігінді түзе деген даналық сөздің мәніне
үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл бөлу міндеті тұрғанын
аңғару қиын емес. Дала Демосфендері деп аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің
Біз қазақ және Ж.Молдағалиевтің Мен қазақпын атты жырлары арқылы
күрмеуі көп қиыи заманда ел тағдырын жырлап өткен қос тұлғаның жыр
шумақтары бүтінгі ұрпақты өз жерін елін сүюге баулиды.
Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен,
халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:
Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соктықпай жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге барып
соқтықпағаны, Жаным - арымның садағасы -деп адамгершілік рухты биік
ұстағанын жырласа, ал, XX ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:
Мен қазақпын мың өліп, мын тірілгең
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, -
деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға
таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін
асқақтата дәріптейді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу
болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан
қарастырып, М.Дулатов Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті,
сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде
өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай
біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті
мағлұмат алып шығады,- деген болатын Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отаның
елін, жерін суюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға
тәрбиелеуде керкем шығарманың маңызы зор. Көркем тал, батырлық,
ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тэрізді
адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген.16
Жалпы, қазақ тарихы жан-жақгы тарих. Қазақ мәдениеті - жан-жақты
мәдениет. Даланың батырлары мен салсерілері халық мұңын жоқтайтын жырау да,
табиғат мұңын жоқтайтын сазгер де, сөз ұстаған шешен де, найза ұстаған
көсем де бола білген.
Махамбет - қазақ қоғамын дүр сілкіндірген, елді еркіндікке,
тәуелсіздікке талпынтқан ұлтазаттық қозғалысы басшыларының бірі. Махамбет
мұңы мен сыры үндескен философақын, жыршы. Махамбет елдік пен ерлік идеясын
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана қоймай, ұлттық рухтың қайыспайтын қара
нардай қайратын, мқалмайтын алдаспандай сенім мен жігерін мәңплікке сөзімен
де, ісімен де өрнектеп, қалдырып кеткен ақиық ақын. Махамбет өзінің
алғырлығын, тапқырлығын, тайсалмас өткірлігін, асқан батылдығын өз өлеңдері
арқылы анық аңғартты, өзінің қас батырға тән мінезін даралай отырып,
қазіргі жас ұрпақты қайсарлыққа, намысшылдыққа шақырып, патриотизмге
тәрбиелейді. Махамбеттей ұлы адамдардың рухы ұрпқтарды, жалпы ұлтты
тәрбиелейді Ата-баба рухымен ел елдігін сақтай алары хақ.Осы мақсатта
ұлылардың рухы әркез-де ұлт атын, ұрпақ мәртебесін асқақтатуы айқын.
Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, ез елін
қорғау үшін, керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен
керсететін, үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы
күрес жүргізуге шақырадын Махамбеттің қысқа жазылған мазмун 1 ды шағын
өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Балалар психологиясына тән нәрсе
олардың ерлікті дәріптейтін шығарманы кеп оқуы. Өйткені,олар мұндай
шығармаларды ете тез түсінеді, тез қабыл-дайды. Балалар әрқашан патриоттық
күш-қайрат беретін, өздерін жігерлендіре , түсетін шығармалардың ішіндегі
кейіпқерлерге үнемі еліктеп отырады.
Қазақ толғауында халықтың рухани азығы болған,алдағы жарық, биік
мұраттарға жетелеп,жігерлендірген,бойға азық,ойға қуат, батырлық пен
ерлікке,отансүйгіштікке тәрбиелеуде,ұлттық намысты қайрап жігерлендіруде
Махамбет жырлары-таптырмас тәрбие құралы.
Махамбеттің ереулі атқа ер салмай, Тарланым, Махамбеттің Байғамғанбет
Сұлтанға айтқан сөзі, Ерлердің ісі бітер ме?, Толарсақтан саз кешіп,
Айныман, Қызғыш құс деген өлеңдерді балалардың ойына қозғау
салатын,патриоттық рух беретін,оңы мен солын танытатын тәрбиелік күші басым
шығарма.Махамбет өлеңдері де жастарымызға патриоттық рух себеді.
Халыққа көп тараған, ескі заманнан келе жатқан асыл мұрамыздың әірі -
батырлар жырының патриоттық тәрбие берудегі орны ерекше екендігі белгілі.
Ал, жұмбақ-жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыларының тілін ширатады. Жұмбақ-
жаңылтпаштар белгілі бір затқа, құбылысқа құрыла отырып, сол туралы түсінік
береді, сол заттың немесе құбылыстың оның өміріне қатыстылығы түсіндіріліп,
құрметтеуге тэрбиеленеді. Жұмбақ-жаңылтпаштардың тақырыптарының әр
алуандығы оқушыларға туған жері туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ойын,
тілін дамытып, елін, жерін сүюге тәрбиелейді. 18
Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мтелдердің ерекше қасиеті көлемінің
шағындығы, мазмұнының кеңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы
адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше қонымды, ұтымды келеді.
Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!десе ата-бабамыз, қазіргі
солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер дейміз?
Қайта ұлтжандылығымыз оянып, төңірегімізге ой көзімізді тастап еркімізден
тыс толқып тұрғанымызды сезер едік. Осы мақалды өз тілінде оқыған қай жұрт
та жақтырмай, біздей тебіреніп тәлімді әсерге бөленері ақиқат.
Ер - бір өледі, ез мың өледі
Отаныңды, халқыңды қорғау, ұлттық немысыңды таптатпау - міндетің, азаматтық
парызың, қас қағымдық үрейге беріліп мың өлме демей ме? Енді бірде сол
асыл, қасиетті рухани мұрамыз:
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегіні алады.
деп халқымыздың бірлікке, татулыққы шақырады.
Мақал – мәтелдің түпкі мағынасы адамдарды отаншылдыққа тәрбиелеуге көп әсер
етеді. Әсіресе мектепте бастауыс сынып оқушыларына көптеп қолдану, әр бір
сабақта Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттылығын арттыру үшін мақал-
мәтелдерді жаттақызып, айтқызып жарыстыру керек. Мысалы:
Туған жерге туың тік.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар да бала бойында Отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастырады.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының
талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе ертегі жырлары
мен мақал-мәтелдерінің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды
екенін атап көрсеткен.Ұлттық ойындар ұлт ұлт болып қалыптасқалы халықпен
бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып
отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлеуге,мергендікке,
тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, төзімділікке
және т.б. тәрбиелеудң ұтымды құралы болған.Қазірде әртүрлі ұлттар
ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Патриоттық тәрбиенің мәні
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Пәндер