Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ
32. 001(574)
ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ ГҮЛЖАН
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе.
6N0502 - саясаттану
Саясаттану магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін жазылған диссертациясы
Ғылыми жетекшісі:
философия ғылымдарының
докторы, профессор
Әбсаттаров Р. Б.
Қорғауға жіберілді
Кафедра ғылыми семинарының №__ хаттамасы «__» 2010ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Әбсаттаров Р. Б.
Ғылыми семинар төрағасы, профессор Шалтықов Ә. И.
Алматы, 2010ж.
ЖОСПАРЫ:
I. КІРІСПЕ . . . 3-6 б.
II. Негізгі бөлім:
1. ЛИДЕР ИМИДЖІНЕ САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 7-38 б.
1. 1 Саяси технологиялардың мәні мен ерекшеліктері . . . 7-16 б.
1. 2 Саяси лидер ұғымы, оның мәні мен типтері . . . 17-28 б.
1. 3 Лидер имиджінің қалыптасуына саяси технологияның өзара ықпалы . . . 29-38 б.
2. САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - ЛИДЕР ИМИДЖІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ФАКТОРЫ . . . 39-73 б.
2. 1 Қазақстан Республикасының демократиялануы жағдайында лидер имиджі қалыптасуына саяси технологияларының ықпалы . . . 39-50 б.
2. 2 Қазақстандағы үміткер имиджін қалыптастыру мен дамытуда сайлау технологияларын қолдану ерекшеліктері . . . 51-63 б.
2. 3 Елімізде лидер имиджін негіздеуге ақпараттық технологиялардың әсері . . . 64-73 б.
III. Қорытынды . . . 74-76 б.
(Пайдаланылған әдебиеттер тізімі) . . . 77-80 б.
I. КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Отандық саясаттану ғылымы мен практикасының дамуы мәселесінде өзекті болып, дамыған өркениетті демократиялық теориялар мен әдістер де маңызды болып саналатын саяси технологияларды жан-жақты қолдану, Қазақстан жағдайына бейімдеп қалыптастыру, зерттеу маңызды болып отыр. Осы орайда саяси лидер жағымды имиджін қалыптастыруда тұтас биліктің қабылдануы мен қоғаммен жағымды байланыс орнатуға әсер ететінін айтқан жөн. Қазіргі Қазақстандағы саяси процестің дамуы үшін басқару субъектісі мен объектісі бір-біріне тәуелді, сәйкесінше компромиске келіп ынтымақтаса жұмыс жасауы өзекті проблема болып табылады. Бұл ретте имидж көмегімен билік субъектілері қоғамда тепе-теңдікті сақтауға, халықпен байланыс орнатуға, қоғамдық пікірге мақсатты түрде әсер етуге қол жеткізеді. Мұның негізінде біз бәсекеге қабілетті, білімді де білгір субъектілерді тәрбиелеп кемелденген, толыққанды азаматтық қоғам орнатамыз. Ол үшін лидер имиджін қалыптастырудың технологияларын терең ғылыми тұрғыда жүйелеп, зерттегеніміз мәселені шешу жолы болуы мүмкін.
Зерттелу деңгейі. Саяси лидер имиджін қалыптастыру мен оны адамзат тұрмысымен, байланысын, қоғамға әсерінің зерттелуі көптеген философтардың, тарихшылардың, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, маркетологтардың, саяси технологтардың, пиар, саяси коммуникация мамандарының теориялық еңбектерінде маңызды орын алды.
Алайда бүгінгі таңда саяси лидер имиджін қалыптастырудың саясаттанулық концепциясын толықтай зерттелді деп айту қиын. «Саяси лидер имиджі» термині мен оған байланысты ұғымдар терминологиялық мағынасын әлі де нақтылауды қажет етеді. Саяси лидер имиджін қалыптастыру мен дамуы және оған саяси технологиялардың ықпалы саясаттану ғылымының ең аз зерттелген де жабық аспектісі болып отыр. Ғылыми зерттеулерде саяси институттар қызметі; саяси лидер имиджін қалыптастырудың технологиялары; саяси лидер имиджін қалыптастыру мен дамытуда философиялық, психологиялық, саясаттанулық ғылымдардың теориясы мен құрылу методтары арасында белгілі арақашықтық байқалады.
Саяси лидер жағымды келбетін сан түрлі саяси технологиялармен қалыптастыру феномені көпқырлы да эмпирикалық мазмұн иелене отырып, тарихи, саяси, философиялық сынды түрлі дәуір ойларын қамтиды.
Тарихи тұрғыда алғашқы болып билеуші образы туралы көзқарасын білдірген қытай ойшылы Конфуций болды [1] . Лидерге тән қасиеттер мен қоғамды басқаруға маңызды із қалдырған Платон, Аристотель және Әл -Фараби болды [2] . Қайта өрлеу дәуірінде билік етудің механизмдерін қайта қарап, имидж қалыптастыру технологиялары мен коммуникацияларын халықпен байланыстыру үшін маңызды деп іске асырған Н. Макиавелли болды [3] .
Қоғам мен биліктің өзара әсерлесу механизмін, көпшіліктің азшылыққа бағыну тәсілдері Г. Моска мен В. Парето еңбектерінде көрсетілді [4] . Парето бойынша басқаруды екі тәсілмен күш пен қулықпен іске асыруға болады. Макиавелли көзқарасын дамытқан Парето элитаны күшке сүйенсе «арыстандар», ал қулыққа сүйенсе «түлкі» бейнесінде суреттеп жазды. Мұнда «арыстандар» - тік, қатал, авторитарлық тәсілмен басқарады, ал «түлкі» - саяси комбинация, манипуляция, үгіт - насихаттың шеберлері деп жазады [5] .
Лидер образы мен харизма феноменінің дамуына үлес қосқан М. Вебер [6] мен саяси лидер имиджін саяси - психологиялық әдіс шеңберінде зерттеуге ұмтылған Г. Ласуэлл болды [7] .
Саяси жағдайларды, нақты оқиғаларды (case-studies), шұғыл шешім қабылдау, сайлау технологияларының таңдаулыларын қолдану, «саяси лидер имиджін қалыптастыру» процесі сынды элементтер батыстың С. Голдмэн, Т. Уайт, Ж. М. Денкэн сынды авторларының еңбектеріне тиесілі [8] . Ресейлік сайлау технологиялары орталығы зерттеушілері саяси маркетинг, саяси манипуляция және т. б. сынды саяси технологиялардың түрлерін терең зерттейді. Ең алғашқы ірі саяси лидер имиджіне арналған еңбек «Николло М» орталығы мамандарымен «Имидж политического лидера» деген атпен Е. Егоровой Гантман редакторлығымен басылды [9] .
Сайлау технологиялары, электораттардың мінез-құлық, саяси лидер имиджін қалыптастыру, билік маркетингі, билікті қабылдау образы сынды тақырыптар ресейлік А. Н. Чумиков, Ф. Н. Ильясов, Е. П. Ильин, Е. Б. Шестопал, Е. А. Вылегжаниннің еңбектерінде кең қарастырылды [10] .
Адамның қасиеттерін өзгерілетін саяси әдістердің жиынтығы ретінде В. Г. Зазыкин саяси технологияны түсіндірді [11] .
Саяси лидер мәселесін психикалық, саясаттың зерттеуде Е. В. Егоровой Гантман, Г. Г. Почепцов, В. М. Шепель еңбектерінде атап өткен жөн [12] .
Қазақстандық зерттеушілер де саяси лидер имиджін қалыптастыру мәселесіндегі саяси технологиялардың ерекше ықпалы жөнінде маңызды ғылыми тұжырымдар жасады. Осы ретте профессор Р. Б. Әбсаттаровтың «Саясаттану және оның проблемалары» атты еңбегін ерекше атап өткен жөн [13] . Себебі саяси технологиялар, саяси консалтинг, саяси маркетинг, саяси имидж түсініктеріне жете тоқталып, мазмұны ғылыми тұрғыда ашылған. Сонымен қатар Л. Ф. Адилованың, Г. Р. Нұрымбетованың, Т. Қ. Әуелғазинаның, А. Ж. Ибраевтың, М. Ө. Насимовтың, А. Байтұрбаеваның, С. О. Бокаевтың осы мәселе бойынша еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерде саяси технологиялар түрлері аталып, саяси жарнама түсінігінің мән, мағынасын толық ашып көрсеткен [14] .
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты болып қазіргі Қазақстанда саяси лидер имиджінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі саяси технологиялар кешені болып табылады. Зерттеу міндеттеріне:
- «саяси лидер» ұғымы мен оның ғылыми таным эволюциясын зерттеу;
- Демократиялық қоғамдағы лидер образын қалыптастыру механизмін зерттеу;
- Саяси ғылымдағы маңызды аспект болып табылатын саяси технологиялар мән мазмұнын тұжырымдап түсіндіру;
- Саяси лидер имиджі мен саяси технологиялар ұғымдарының өзара ықпалын талдап көрсету,
- Қазақстан Респуликасындағы саяси лидер имиджі қалыптасуын жетілдіру әдісі мен жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі болып саяси лидер имиджін қалыптастырудың технологиясы мен модельдері, концепциялар, теориялар жиынтығы табылады.
Зерттеу пәніне саяси лидер имиджін қалыптастыруға әсер етуші саяси технологиялар жатады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығына автормен қарастырылған нақты методологиялық және кешенді әдістермен ерекшеленген. Нақты нәтижелер мен ғылыми жаңалығы келесідей:
- «саяси лидер» ұғымы мен оның ғылыми таным эволюциясы қарастырылды;
- Саяси ғылымдағы маңызды аспект болып табылатын саяси технологиялар мән мазмұны ашылды;
- Демократиялық қоғамдағы лидер образын қалыптастыру механизмі зерттелді;
- Саяси лидер имиджі мен саяси технологиялар ұғымдарының өзара ықпалы анықталды;
- Қазақстан Респуликасындағы саяси лидер имиджі қалыптасуын жетілдіру әдісі мен жолдары анықталды.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Ғылыми жұмыста Қазақстандағы саяси лидер имиджінің қалыптасуына саяси технологиялардың ролі зерттеледі. Бұл тақырып саяси лидердің имиджінің саяси технологиялардың көмегімен қалыптасуын зерттейтіндіктен, ғылыми ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік құндылығы да аса жағары. Жұмыста зерттелген теориялық қорытындылар бойынша болашақта саяси лидер имиджі мен саяси технологияларды зерттеуде дәрістер, оқу құралдары мен арнайы курстар жазуда пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыстың апробациясы. Мәселенің арнайы аспектілері автор қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми басылымдарда жарық көрді:
- Саяси лидер имиджін қалыптастыру мен дамытуда сайлау технологияларын қолдану ерекшеліктері// ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай «Білім беру және ғылым: даму көкжиегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы. - 26 наурыз. -2010ж. -75-77б.
- Саясаткер имиджін қалыптастырудың стратегиясы мен тактикасы//Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Магистратура және PHD докторантура институтының еңбектері. - 2 шығуы. - «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар» сериясы. - Алматы. -2010ж. - 45-47б.
- Саяси технологиялардың мәні мен ерекшеліктері// Труды института магистратуры и PHD докторантуры им. Абая. Материалы научного семинара кафедры «политологии и социально-экономических дисциплин». - Выпуск 6. - Алматы. - 2010. - С. 32-39.
- Саясаткер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялар мәні// ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай «Жолдаудың басымдықтары мен негізгі бағыттарын жүзеге асыру» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы. - 29 наурыз. -2010ж. -690-697б.
- Формирование имиджа политического лидера// Материалы XII Всероссийской научно-практической конференции студентов, аспирантов, молодых ученых «Роль государства и общественных организаций в развитий российской культуры XIX-XXIвеков». - Москва. - 16-17апреля. - 2010г. - С. 390-394.
- Имидж ұғымы мен негізгі белгілері// Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. Саяси және әлеуметтік ғылымдар сериясы. №1. 2010ж.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден және екі бөлімнен тұрады. Екі бөлім үш параграфтан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. ЛИДЕР ИМИДЖІНЕ САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шынайы саяси процесстер кез-келген күрделі құрылымды қоғам мен мемлекетте алуан түрлі жүріп жатады. Бір жағынан оларға өзіндік даму механизмдері мен институттары ішкі, сыртқы мүдделермен байланысқан әлеуметтік шекараны иемденіп, ерекшеленген әлеуметтік сфера ретінде қарауымызға болады. Екінші жағынан, биліктік байланыстар мемлекет немесе саяси акторлар тарапынан шешімін табатын нақты мәселелер жиынтығы болуы мүмкін. Осы проблемалық жағдайдағы билік сферасындағы топаралық қатынастар нақты институттарға бағыныштылық, көзқарастар келісімі механизмімен, жеке тұлғалардың сезімдері мен эмоцияларынан көрініс табады. Билік сферасындағы топаралық бақталастық басқарудың тәжірибелік әдіс-тәсіліне, шешім қабылдау, жанжалды реттеу, коммуникация және өзге де процесстерді құру сынды саяси бағыныштылық пен байланыстың ерекше деңгейінде қарастырылады.
Саяси процесстер шынайы әрекеттегі, яғни психологиялық, материалдық, қаржылық, құқықтық және өзге де қүрделі құрылымды иемденеді.
Осылайша, нақты проблеманы шешудің мәні тек мақсат пен құралдарды айқындап алу ғана емес, сонымен қатар тәжірибеде қолданылып іске асыратын нақты әдістерді игеру мен міндеттердің шешімі үшін анықталған технологияларды қолдану болып отыр. Сондықтан да мәселенің технологиялық өлшемі оның мәні мен негізгі параметрлерін ұғынуға тырысып қана қою емес, сонымен бірге алға қойылған міндеттерге жету үшін құралдар мен әдістерді қолдана білуге де байланысты. Сәйкесінше, технологиялар көмегімен саяси құбылыстардың жаңа мәнге ие болатынын ұмытпағанымыз дұрыс. Технологиялар түрлі саяси процесстерді бақылап, бағдарлау үшін мәселені жаңаша қарастыруға итермелейді. Қандай да бір міндетті шешуде қолданылатын әдістер технологиялық саяси құбылыстар мәнін өзгертіп жіберуі мүмкін.
Саяси технологиялар туралы ғылыми білім тәжірибедегі қолданыстағы процестен біршама артта қалған. Кейінгі кездері саяси технологиялардың базалық, яғни саяси коммуникация, сайлау технологиялары, ақпараттық технологиялар сынды бөлімдерінің түрлі аспектілеріне арналған ғылыми жұмыстар жазылғанымен, толыққанды зерттеу жұмыстары аз десек те болады.
Саяси технологияларды жаңа заманда ойлап табылған деуімізге болмайды. Біз ерте заманнан жеткен әдебиеттерден адамның сана-сезімі арқылы жүрегін жаулап алу сынды әрекеттер саяси өмірдің пайда болуымен тұспа-тұс жүргізілгенін білеміз. Ең алдымен тиімді мемлекеттік басқаруды іске асыру мақсатында саяси кеңес беру даналықты байыту әдісі ретінде түсіндірілді. Мұны ежелгі үнді трактаты «Артхашастра, немесе Саясат ғылымы», б. э. д. X-V ғасырдағы қытай әдебиетінің ежелгі ескерткіші «Ши цзин» дәлелдеп береді [15] .
Ежелгі грек ойшылы Демократ «мемлекетті басқару өнері - өнер атаулының төресі» дегеніндей, саяси басқару технологиясы күрделі процесстерден, бағыттардан, теориялар жиынтығынан құралады. Қайта өрлеу дәуірінде билік етудің механизмдерін қайта қарап, имидж қалыптастыру технологиялары мен коммуникацияларын халықпен байланыстыру үшін маңызды деп іске асырған Н. Макиавелли болды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі Н. Макиавелли саяси өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштердің, сан түрлі мүдделердің қарама-қайшылығы есебінде зерттейді. Тұңғыш саясат теоретигі болып саналатын Макиавелли өзінің «Патша» еңбегінде «билеуші үшін оның жанына кеңесшілерін таңдауы да маңызды, ал олардың жақсы немесе жаман болуы билеушінің даналығына байланысты» деп жазған [16] . Билеуші кеңесшілері ретінде саясат пен психология, тарих сынды ілімдер мамандары түсіндіріледі. Ал бүгінгі күндері оларды саяси технологтар деуімізге болады.
Қоғам мен биліктің өзара әсерлесу механизмін, көпшіліктің азшылыққа бағыну тәсілдері Г. Моска мен В. Парето еңбектерінде көрсетілді. Парето бойынша басқаруды екі тәсілмен күш пен қулықпен іске асыруға болады. Макиавелли көзқарасын дамытқан Парето элитаны күшке сүйенсе «арыстандар», ал қулыққа сүйенсе «түлкі» бейнесінде суреттеп жазды. Мұнда «арыстандар» - тік, қатал, авторитарлық тәсілмен басқарады, ал «түлкі» - саяси комбинация, манипуляция, үгіт насихаттың шеберлері деп жазады [17] . Лидер образы мен харизма феноменінің дамуына үлес қосқан М. Вебер болды [18] .
XX ғасырдың 40-жылдары саяси коммуникация, қоғамдық және саяси өмірдің ақпараттық-саяси саласының табиғаты мен мәнін игеруді зерттеудің түбегейлі, қоғамдық қатынастардың даму тенденциясы мен механизмін, оған тән формаларды зерттеу мен саяси лидер имиджін саяси - психологиялық әдіс шеңберінде зерттеуге ұмтылған Г. Лассуэлдің шығармаларында көрініс тапты [19] .
Сайлау технологияларының даму кезеңдерін шартты түрде 3 этапқа бөлуге болады: біріншісі, - ең алғашқы саяси кеңесшілердің саяси кеңес беруінің ерте заманда пайда болуы, екіншісі, - кәсіби саяси құрылымға саяси кеңес берудің жүйеленуі мен енуі, үшінші - саяси консалтингтің батыс қоғамының саяси ғылымындағы ең маңызды бағыты болып қалыптасуы болып есептеледі.
Сайлау технологияларды зерттеудің теориялық негізін 3 бөлімге бөлуімізге болады. Алғашқысы коммуникациялық процестер түрлі аспектілерімен, жаппай коммуникация тәжірибесі мен теориясынан тұрады. Екіншісі - ақпараттық технология, имиджелогия, паблик рилейшнз, жарнама мәселелері сайлау кампанияларын ұйымдастыру мен саяси имиджді қалыптастыру көрініс тапқан саяси технологиялар мамандарының еңбектерінен тұрады. Ал соңғысы - саясаттану, әлеуметтану, психология сынды ғылымдар бойынша жазылған еңбектер болып табылады. Әрине оларға классиктердің - Аристотель, Платон, Т. Гоббс, Г. Лебон, Н. Макиавелли еңбектерін жатқызамыз.
Ендігі кезекте қазіргі саяси ғылым әдебиеттерінде берілетін «саяси технология» терминіне тоқталсақ, мысалы, саяси сөздік-анықтамалықта саяси техногияларға төмендегідей түсінік беріледі: «саяси технология - саяси жүйенің, биліктің немесе саяси қызмет субъектісінің саясат саласында өзіне қажетті нәтижелерге жету және саяси процестің тиімділігін одан әрі арттыру бағытында мақсатты түрде жүргізілетін тәсілдердің, әдістердің, тәртібінің жиынтығы» [20] . Ал саяси энциклопедияда «саяси технология - саяси проблема мен саяси шешімдердің іске асырылуы мен жүргізілуі» делінген [21] . Саясаттағы технологиялар электоралдық мақсатта: дауыс жинақтау, рейтингті көтеру, қарсыласқа соққы беру, жалпы айтқанда сайлауда жеңіске жету түгелімен сайлау технологияларына қатысты болып табылады.
Жоғарыдағы аталған әдебиетте саяси технологиялар саяси кампания жүргізу мен ұйымдастыру, дайындық әдістері жиынтығы ретінде түсіндірілген. Әйтсе де бұл ұғымның аса күрделілігі «саяси технологиялар» ұғымын екіге бөліп қарастыруымызға жетелейді. Біріншісі, ақпараттық-психологиялық бағыт болса, ал екіншісі қойылған нәтижеге жетуге бағытталған ұйымдастырушылық - басқару болып табылады.
Саяси технологиялар - бұл, бірінші кезекте түрлі деңгейдегі, яғни, мемлекет лидерлері мен мемлекеттермен, халықаралық ұйымдар лидермен және т. б. ; жергілікті билік мекеме басшылықтың қоғаммен, БАҚ мен жоғары дәрежелі басқарушылармен арасындағы билікті іске асыру құралы болып табылады. Осылайша, саясатта саяси технологияны қолдануы аясы өте кең. Бұл өз кезегінде саяси билікті иемдену мен ұстап тұруға, адамның жүрегі мен санасын билеуге, қоғамдық пікір мен көзқарастарын билеп тұруға бағытталып, саяси технологияның алуан түрлілігін туындатады.
Саяси коммуникациядан тыс жүріп жатқан саяси технологияны елестету мүмкін емес.
Саяси технологиялардың сан-алуан түрі бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, пиар-технологиялар, ақпараттық технологиялар, саяси консалтинг.
Саяси технологияның бір бағыты - саяси маркетинг болып табылады. Саяси маркетинг ( ағылшынның market - базар, нарық деген сөзінен) дегеніміз - саясат субъектілеріне, әлеуметтік, таптық, этникалық, кәсіби, аймақтық қауымдастыққа ықпал ету құралдары мен тәсілдерінің жүйесі; азаматтардың (сайлаушылардың) саяси мұқтаждықтарына, саяси нарық талаптары мен ұстанымдарына бағытталған саяси қызметті басқару және ұйымдастыру механизмі [22] . Саяси қайраткерлер, билік сатыларына сайлануға үміткерлер, харизматикалық жетекшілер өздерінің бағдарламаларымен, ұстанымдары арқылы жеке, топтық және қоғамдық саяси мүдделерді жүзеге асыру үрдісін ықшамдайды. Бұл жағдайда маркетинг мақсаты - қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтарға саяси қайраткердің жағымды бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Саяси институттар (партиялар, кәсіподақтар, т. б. ) маркетингі де қолданылады, оның мақсаты азаматтардың сеніміне кіру, олардың сүйіспеншілігін оятуға жоспарлы түрде ықпал ету. Яғни, саяси идеяларды, бағдарламаларда оларға «қажетті затқа» айналдыру. Саяси маркетинг жүргізу тұжырымы, стратегиясы мен тактикасы жалпы және аймақтық жағдайға, азаматтардың талабына, олардың қандай әлеуметтік және қоғамдық топ өкілі екендігі негізінде қаланады. Маркетингтік зерттеулер негізінде сайлаушылар психологиясына, олардың белсенділігіне ықпал ететін ұйымдық-саяси қызмет бағдарламасы, жарнама дайындалады. Саяси маркетинг бағдарламасын жүзеге асыруда сан-алуан саяси механизмдер, бұқаралық ақпарат құралдары т. б. қолданылады. Саяси маркетинг қымбат, бірақ саясат субъектілерінің белсенділігін арттыратын тиімді құрал.
Ол келесідей элементтерден құралады:
- саяси жағдайды зерттеу;
- саяси конъюктура туралы ақпарат жинау;
- субъектілердің шынайы мүмкіндіктерін есепке ала отырып саяси акцияларды ұйымдастыру [23] .
Саяси технологияның келесі түрі - саяси жарнама болады. Саяси жарнама - саяси имиджді қалыптастырудың маңызды тәсілі мен жеке бағыты болып отыр. Саяси жарнама сайлау науқанында тікелей әсер ететін, ал күнделікті әлеуметтік-саяси өмірде қоғам құндылықтарын мәліметтің түрлі әдістері негізінде жарнама ықпал ететін ақпарат[24] . Саяси жарнама мақсаты адамға саяси партия тұғырнамасын, үміткер бейнесін немесе басқа саясат субъектісінің мәнін қысқа және эмоциялық тұрғыдан ашу, оны жеткізу және оған позитивті қатынасты қалыптастырумен қатар, оны қолдауға бағытталған шынайы іс-әрекеттерге итермелеу. Сондықтан да жарнама технологиялары сан - алуан. Оларды жіктесек: жарнаманың аудио, видео тәсілдері; - жарнамалық ақпараттың баспалық түрі; - жарнамалық ескерткіштерді тарату; - сыртта жарнама ілу; - жарнамалық хабарлар беру.
Жарнама ақпараттық нарыққа белгілі бір тауарларды шығара отырып, адамдардың саяси көзқарасын еркін де саналы таңдауын ынталандырады, қоғамдағы саясатқа деген іштей дұрыс көзқарасты білдіретін ахуалды қолдап, қуаттайды. Жарнамалық технологиялар адам мен билік арасындағы ресми байланыстардан тұрады. Ол азаматтың мемлекетпен формалдық-мәртебелік қатынаста болмауына ұмтылады және азаматтардың өз түсінігіне нұқсан келтірмей, олардың саяси белсенділігін оятады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz