Менингиттер



1 Менингококктық менингит
2 Екіншілік іріңді менингитгер
3 Ми іріңдіктері
Менингит — ми мен жұлын қабықтарының қабынуы. Менингит ауруларына бактериалдық және вирустық инфекция себеп болуы мүмкін. Сирек жағдайда олар өсімдіктер микроорганизмдерінен де пайда болады. Нағыз қабыну процесі болмайтын әр алуан уыттанулардан (сынаппен, көміртегі тотығымен кенеттен улану, уремия, т.б.) ми қабығының тітіркенуін менингизм дейді.
Менингиттер қабыну сипатына қарай іріңді, сероздық және геморрагиялық, ағымына қарай шұғыл, созылыңқы, созылмалы және қайталама (рецидивтік), олардың пайда болуына әсер ететін себептеріне байланысты негізгі (біріншілік) және екіншілік (қосымша) болып бөлінеді. Біріншіліктерге менингококктық іріңді менингит пен шұғыл сероздық вирустық менингитті жатқызуға болады, екіншіліктері әдетте жалпы инфекциялық аурулар (туберкулез, сифилис, токсоплазмоз, сепсис, т.б.) әсерінен пайда болады.
Менингитті анықтау, этиологиялық себептерді ескергенде, классикалық үштікке негізделген. Олар:
1) жалпы милық симптомдардан (бас ауыруы, құсу, тері мен сезім мүшелеріндегі гиперестезия, "көрпе" симптомы, омыртқа бойы мен Керер нүктелерінің ауырсынуы) құралған менингеалдық симптомдар жиынтығы және менингеалдық симптомдар (жүйде бұлшық еттерінің құрысуы, "тазы ит" кейпі, Керниг, жоғарғы, ортаңғы жөне төменгі Брудзинский симптомдары, балаларда Лессаж симптомы мен еңбектің кернеуі);
2) менингеалды ликворлық синдром (сұйық қысымының жоғарылауы, плеоцитоз, белоктың көбеюі, түсінің өзгеруі);
3) дене қызуының көтерілуі.
Жұлын сұйығының физикалық қасиеттері мен құрамы өзгереді. Сұйық қысымы менингит кезінде жоғарылайды. Іріңді менингитте оның түсі айқын өзгереді (бұлдыр, жасылды-сары, тұтқыр). Сероздық менингиттерде ми-жұлын сұйығы әдетте түссіз және мөлдір, сирек жағдайда сұйық сүт тәрізді болады.
Ми-жұлын сұйығының құрамы әр уақытта өзгереді. Іріңді менингиттерде клеткалардың саны өте жоғары деңгейде көбейеді (1мм3-де бірнеше мыңнан ондаған мыңға дейін), нейтрофильдік сипаттағы плеоцитоз болады. Сероздық менингиттерде лимфоциттері басым плеоцитоз 1 мм3 -де бірнеше ондаған клеткадан бірнеше жүзге дейін көбейеді. Геморрагиялық менингитке байланысты ми-жұлын сұйығы қанмен араласады. Менингиттер кезінде клеткалар саны белоктың көбеюінен жоғары болады (клеткалы-белоктық диссоциация синдромы). Менингиттің шұғыл кезеңінде психикалық функциялардың бұзылыстары (есеңгіреу, сомноленттік кома немесе психомоторлық қозу, сандырақ, галлюіданациялар) байқалады. Балаларда эпилепсиялық талмалар жиі кездеседі. Бұл патологиялық үрдісті ми қабықтарына тығыз жанасатын қыртыстың тітіркенуімен түсіндіруге болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Менингиттер

Менингит — ми мен жұлын қабықтарының қабынуы. Менингит ауруларына
бактериалдық және вирустық инфекция себеп болуы мүмкін. Сирек жағдайда олар
өсімдіктер микроорганизмдерінен де пайда болады. Нағыз қабыну процесі
болмайтын әр алуан уыттанулардан (сынаппен, көміртегі тотығымен кенеттен
улану, уремия, т.б.) ми қабығының тітіркенуін менингизм дейді.
Менингиттер қабыну сипатына қарай іріңді, сероздық және геморрагиялық,
ағымына қарай шұғыл, созылыңқы, созылмалы және қайталама (рецидивтік),
олардың пайда болуына әсер ететін себептеріне байланысты негізгі
(біріншілік) және екіншілік (қосымша) болып бөлінеді. Біріншіліктерге
менингококктық іріңді менингит пен шұғыл сероздық вирустық менингитті
жатқызуға болады, екіншіліктері әдетте жалпы инфекциялық аурулар
(туберкулез, сифилис, токсоплазмоз, сепсис, т.б.) әсерінен пайда болады.
Менингитті анықтау, этиологиялық себептерді ескергенде, классикалық
үштікке негізделген. Олар:
жалпы милық симптомдардан (бас ауыруы, құсу, тері мен сезім мүшелеріндегі
гиперестезия, "көрпе" симптомы, омыртқа бойы мен Керер нүктелерінің
ауырсынуы) құралған менингеалдық симптомдар жиынтығы және менингеалдық
симптомдар (жүйде бұлшық еттерінің құрысуы, "тазы ит" кейпі, Керниг,
жоғарғы, ортаңғы жөне төменгі Брудзинский симптомдары, балаларда Лессаж
симптомы мен еңбектің кернеуі);
2) менингеалды ликворлық синдром (сұйық қысымының жоғарылауы, плеоцитоз,
белоктың көбеюі, түсінің өзгеруі);
3) дене қызуының көтерілуі.
Жұлын сұйығының физикалық қасиеттері мен құрамы өзгереді. Сұйық қысымы
менингит кезінде жоғарылайды. Іріңді менингитте оның түсі айқын өзгереді
(бұлдыр, жасылды-сары, тұтқыр). Сероздық менингиттерде ми-жұлын сұйығы
әдетте түссіз және мөлдір, сирек жағдайда сұйық сүт тәрізді болады.
Ми-жұлын сұйығының құрамы әр уақытта өзгереді. Іріңді менингиттерде
клеткалардың саны өте жоғары деңгейде көбейеді (1мм3-де бірнеше мыңнан
ондаған мыңға дейін), нейтрофильдік сипаттағы плеоцитоз болады. Сероздық
менингиттерде лимфоциттері басым плеоцитоз 1 мм3 -де бірнеше ондаған
клеткадан бірнеше жүзге дейін көбейеді. Геморрагиялық менингитке байланысты
ми-жұлын сұйығы қанмен араласады. Менингиттер кезінде клеткалар саны
белоктың көбеюінен жоғары болады (клеткалы-белоктық диссоциация синдромы).
Менингиттің шұғыл кезеңінде психикалық функциялардың бұзылыстары
(есеңгіреу, сомноленттік кома немесе психомоторлық қозу, сандырақ,
галлюіданациялар) байқалады. Балаларда эпилепсиялық талмалар жиі кездеседі.
Бұл патологиялық үрдісті ми қабықтарына тығыз жанасатын қыртыстың
тітіркенуімен түсіндіруге болады.

Менингиттің ақыры. Қазіргі кезде мезгілінде анықталып, дұрыс емдеген
менингиттер әдетте сырқатгың сауығып кетуімен аяқталады. Егерде оларды
анықтау бірнеше сағат-тәулікке кешеуілдесе, адамның өміріне қауіп төнуі
немесе тұрақты патологиялық зардаптар (арахноидит, бас сүйек-ми нервтерінің
немесе мидың, әсіресе аралық мидың зақымдануы) пайда болуы ықтимал.
Арахноидит — ми қабықтарындағы жабысқақ созылмалы үрдіс. Ол
ликвородинамиканы бұзып, гидроцефалия пайда болуына әсер етеді де, мидағы
патологиялық тітіркеністердің себебі ретінде соңынан симптоматикалық
эпилепсия дамуына ықпал жасайды.
Бас сұйек-ми нервтерінің зақымдануынан сырқаттың құлағы естімей, көзі
көрмей және қитарланып (қылиланып) қалуы мүмкін. Гипоталамус аймағы
зақымданса, тұрақты эндокриндік зат алмасу және вегетативтік бұзылымдар
(Кушинг синдромы, адипозды-гениталдық дистрофия, шыжың, т.б.) пайда болады.
Күнделікті тәжірибеде менингиттің мына түрлері жиі кездеседі:
менингококктық менингит, екіншілік (қосымша) іріңді менингит, туберкулездік
және шұғыл сероздық менингит.
Менингококктық менингит

Менингококктық менингит ескі жіктеме бойынша эпидемиялы ми-жұлындық
менингит болып саналады. Оның қоздырғышы -Вексельбаумның грамсыз
менингоккоккі. Инфекция сырқаттар мен бацилла сақтаушылардан ауа арқылы
тарайды. Бұл аурудың өршуі жылдың суық маусымында (қыс-жазғы тұрым
кезеңінде) байқалады. Онымен көбінесе балалар сырқаттанады.
Жоғары тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінен (қабығынан) инфекция қан
арқылы ми қабықтарына жетеді. Патологоанатомиялық зерттеу кезінде ми
қабықтарында, оның сырты мен астыңғы жағында фиброзды-іріндік экссудат
білінеді. Патологиялық үрдіске ми мен бас сұйек-ми нервтері де қатысуы
ықтимал.
Инқубациялық кезең қысқа (3—4 күн). Аурудың бастапқы кезеңінде
назофарингит пен жалпы дімкәстық хал байқалады. Ауру күрт басталады.
Бірнеше сағат ішінде жоғарыда келтірілген симптомдарға сәйкес менингиттің
айқын көрінісі дамиды. Сырқаттар қалтырап, дене қызуы 39—40°-қа көтеріліп,
есінен тез айырылады. Олардың терісінде бертулер (уртикалық немесе
петехиалдық) байқалып, еріндері мен желбезегінде герпестік бөртпелер
қаптайды.
Аурудың алғашқы тәуліктерінде ми-жұлын сұйығы іріңді (бұлдыр, жасыл-сары)
болады, нейтрофильді клеткалардың саны көбейгені сонша, тіпті оларды санау
мүмкін болмай қалады, белок мөлшері 3—6 %-дан артады. Ми-жұлын сұйығының
түнбасынан алынған жұғындыларда клетка ішіңде байқалатын грамсыз диплококк
табылады. Қаңда нейтрофильдік лейкоцитоз бен ЭТЖ-дың едәуір үдегендігі
анықталады.
Менингитпен ауырған науқастарды дереу инфекциялық ауруханаға жеткізген
жөн. Инфекциялық ошақ дезинфекцияланады, сырқатпен қарым-қатынас жасағандар
есепке алынып, олардың дене қызуларын өлшеп түру керек.
Менингококктық менингитті емдеу оған алдын ала диагноз қою кезеңінен
басталады. Ол үшін тәулігіне, бұлшық етке сырқаттың 1 кг салмағына шаққанда
200—300 мың бірлік мөлшерінде, орта есеппен 12—15 млн бірлік пенициллин
жіберіледі. Егер сырқат аса ауыр коматоздық жағдайда болса, пеницилиннің
мөлшері тәулігіне 30—48 млн бірлікке дейін көбейтіледі де, оның біріншісі
венаға жіберіледі.
Пенициллинмен емдеу 5—7 күнге созылады. Сонымен қатар белсенді түрде
дезинтоксикация шаралары (венаға — тамшы түрінде 1,5— 2,0 сұйық — Рингер
ерітіндісі, ас тұзының физиологиялық ерітіндісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менингит
ШПИ қоздырғыштарын бөліп алу және сипаттамасы
Стреске анықтама, этиологиясы,кезеңдері,жіктелуі. Домбығу. Домбығу этиологиясы
Пастереллез ауруы туралы
Жүйке жүйесі қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы және патогенезі
Кеудені қарап тексеру
Нейрохирургиядағы зерттеу тәсілдері
Стресс этиологиясы жіктелуі даму механизмі патогенезі. Қабыну
Энтеровирусты инфекция
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Пәндер