Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қызметі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын орны ... ... ... ... 4
1.2. Қаржылық бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру ... ... ... ...6
ІІ. Қаржылық бақылау сыныптамасы
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Аудиторлық бақылау ... ... ... ... ..20
ІІІ. Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру
3.1. Шетел мемлекеттерінің қаржылық бақылау қызметінің ерекшеліктері..24
3.2. Қаржылық бақылау ұжымдарын жетілдіру негізінде Қазақстан Республикасындағы индустриализациялау ... ... ... ... ... ... ..28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .31

Қаржылық есеп беру-бұл кәсіпорынның есептік кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі процессінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік жіне қаржылық қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни, негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдырының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкінідік береді.

1. “Қаржы ” Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы.1998.
2. “Финансы “ 3 том. Р.Р. Сапин.
3. “Финансы и его функции ” В.П. Воронин, Москва. 2005.
4. “ Қаржы есеп ” Г.Б. Бахаев. Алматы. 1998.
5. “ Денги и прогрес “ А.С. Марш. Москва. 2004.
6. “ Қаржы негiзi “ Ы.Ә. Әмiров. 1994.
7. “Қаржы” Қ.Iлясов. Алматы. 2003.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын
орны ... ... ... ... 4
1.2. Қаржылық бақылаудың әдістері және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ. Қаржылық бақылау сыныптамасы
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Аудиторлық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20
ІІІ. Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру
3.1. Шетел мемлекеттерінің қаржылық бақылау қызметінің ерекшеліктері..24
3.2. Қаржылық бақылау ұжымдарын жетілдіру негізінде Қазақстан
Республикасындағы
индустриализациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...31
Кіріспе
Қаржылық есеп беру-бұл кәсіпорынның есептік кезеңдегі қаржы шаруашылық
қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер
жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12
қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен
қызмет түріне қарамастан бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына
көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,
мекеменің қаржылық есеп беруі процессінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік жіне
қаржылық қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-ресурстардың қолда барын, орналастырылуын
және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін
көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру
кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни, негізгі
және өзге де айналымнан тыс) құнын ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық
айналым құралдырының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз
қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкінідік береді.
І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын орны.
- Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол
басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптас-тырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезіңде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығыңда
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы
(бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың
еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды
тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да
кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен то-лымдылығын тексеру;
3) есеп жене есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды
жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, болудің және
пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро-немесе макродеңгейде
жүргізіледі,
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін ыңғайлы түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттаңдыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізіңде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары
бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық ныса-нындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын
қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.
1.2. Қаржылық бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен,
оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану
қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының
ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда
болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пай-даланылады:
тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру),
инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру),
қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру
(құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу,
қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы
есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары
және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай
жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте
құжаттарды ыңгайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық
құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау
мақсатында са-лыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің
әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар
бойынша жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген
мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері,
тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты,
атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит
органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық,
пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға
аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып
табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақтамалы сипаты болады, сондықтан олардың
орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің,
кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық
қызметінің барлық жақтарын, сон-дай-ақ қаржы-кредиттің өзара
байланыстарының механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (бас-па-бас айырбас
мәмілелері, т.б) жасалынатын іс-жүзіндегі барық операциялар қаржылық
бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен
шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер,
анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша
немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық
немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру — бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-
қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру — бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық -
қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау — бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға
беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде
экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге
бақылаудың сыртқы органдары — банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша
немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу
жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер
негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі — тексеріс - кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.
Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары
бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар — жоғарғы, тергеу органдарының
нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі
ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы
және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес,
сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем
тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны,
материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің
әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы
шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда,
мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-
шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен
бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-
жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны
талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
мүмкіңдік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу,
кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы,
нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа
тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың
сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті зандарды, қаулыларды,
жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің
материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады;
ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің
ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағ-дарламасы,
оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден
тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты
қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін
объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық
қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру;
тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе
анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған
актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс акіпісі анықтамасы — бұл қаржы-
шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл
тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы
дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған
бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі
адамдарға шара қолданылады.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен,
бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп
анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс
ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың
мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының
Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары,
жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің
атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық
бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі.
Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы
Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі — парламенттік
депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:
мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды
бекіткен кездегі;
бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін
тексеру кезіндегі;
бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:
бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық
органның да үнемді пайдалануына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп
тастауға;
мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс
тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және
жекешелендіруте;
арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына;
әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының
көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.
Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси,
экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы
тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға
кіріктірілген цифралардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып
жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық
бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін
тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл
орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Парламентінде екі Палатада — Сенат пен Мәжілісте
арнаулы жұмыс органдары — экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер
бар. Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты
мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы-бюджет қызметінің
сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді.
Қаржы-бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды
шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға — министрліктерге,
ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.
Ел басының жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын
бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың
атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында
жұмыс істейтін ұйымдық-бақылау бөлімі бар. Жалпы Президент аппараты
министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті өкімшіліктердің және
мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге
асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою
жөнінде қабылданған ша-ралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін
тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту
жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарылмауына немесе
тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды,
себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке,
әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп
отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Ақпаратқа тексерілетін
органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат-тарды алуға
тиісті өкілеттік берілген.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп
комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:
республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа
нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;
республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша
мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау;
мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық бюджеттің
түсімдері мен оның шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептемесі мен
тиімділігін бақылау;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуына және мемлекеттің
қажеттіліктерін қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражатының
пайдаланылу тиімділігін бақылау;
бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға республикалық бюджеттің
орындалуы туралы есепті тапсыру және т.б.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең
өкілеттіктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын,
экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму
бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау
процесінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды
орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымы,
мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қар-жыландырудың толымдылығына
ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы
мен атқары-луын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі
атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы
туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге
асырады.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік
сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық
сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің
сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер
кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа
сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын
бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен
және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық операцияларды валюталық
бақылау болып табылады.
Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңды тұлға құқығындағы
Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі
міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру,
жүзеге асыру және бақылау болып табылады.
Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары
есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің,
өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде
түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.
Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға
Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес
жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген
өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және
анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында
адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық
және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға,
жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар
болып табылады:
1) екілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,
кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары
мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) салықтарды телеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика
мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын
алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес
ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) Агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған
мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Агенттіктің (қаржы полициясының) аумақтық және маман-дандырылған
органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның
функцияларын жүзеге асырады.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және
қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен кұқық бұзушылықтардың алдын алу,
оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшьшықты, соңдай-ақ
заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы
атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып таблады.
Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары (маслихаттар, депу-таттардың
жиналыстары) қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы
есепті қарау және бекіту поцесінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі
нысанда-алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау
бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың
негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объектісі ақша
қаражаттарының жергілікті қорлары болады.
Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады
және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады.
Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру.
Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық
бригадалар құрамында тартылады.
Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері,
ведомстволары, жергілікті органдардың басқармалары мен бөлімдері
ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді.
Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау
нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының
жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау
объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.
Ішкішаруашылықтық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экономикалық службалары - бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с.
жүргізеді. Бұл орайда бас (аға) бухғалтер маңызды рөл атқарады. Мұнда
субъектінің өзінің, соңдай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және
қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады. Әр шаруашылық
органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бакылауды
жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау - тексеріс бөлімдері,
топтары құрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық
нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен
тексерістер болып табылады. Коммерциялық құрылымдарда (акционерлік
қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктерде
және т.б.) ішкішаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі,
сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.
Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар,
жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына
шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің
қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады. Бұл
оргаңдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды.
Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық
одақтардың, ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек
ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз
күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады.
Бақылаудың объектісі — табысты алу көздерін және жарғылық міңдеттерге
сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.
Нарыққа ену жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса
ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау
айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында
мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау
жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық
қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары
(Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында
болды.
Басқарудың әкімшілік нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі
қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды,
ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан
болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды.
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен
ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мұндай
көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың
өсуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату
түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары.
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргізуші
субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен
дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік
тәжірибиесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде
қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық
жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық
жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып
отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы
тиіс:
мемлекеттік бақылауды нығайту;
тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
бақылаудың барлық органдарының қызметін ұйлестіру және
басқалары.
ІІ. Қаржылық бақылау сыныптамасы
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері
Қаржылық бақыллаудың сыныптамасы субъектілердегі айырма-шылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жузеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).
1. сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекеттВедомстволық Қоғамдық ұйымдардың: косіподақтар-дың,
ік партиялардың, жастардың, бұқа-ралық
қозғалыстардың, ғылыми-тех-никалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылық, ардагерлердің, түрлі
қорлардың бақылауы
Ішкі-шаруашыл
-ықтық
Парламенттік(депутаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) — мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу,
олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар
мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын
ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері — Қазақстан Рес-публикасының
Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға
және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және
заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі
қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін
бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын,
негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін,
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны
үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен
бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асы-рылады:
1) кешенді бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру
және бағалау;
3) үстеме бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты
ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты құжаттарды
салыстырып қарауды біддіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық
бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз
ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық,
құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік
қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері
негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің қаулысы — Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп
комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау
нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды
адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және
оның регламентімен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы — белгіленген тәртіппен
қабылданған және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz