Интернет торабынан ақпаратты іздестіру


ЖОСПАР

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

Іnternet ұғымы

1. 1. Интернет құрылысы

1. 2. Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

ІІ. Интернет торабынан ақпаратты іздестіру

2. 1. Іnternet-тің қызмет баптары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.

Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады. ) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды.

Бұндай жағдай негізінде үкімет пен университеттерді қызықтырды. Өйткені бұған дейін олар компьютерлерді бір ғана сатушыдан талап ету құқықтары жоқ еді. Интернет пайда болған кезде локальды есептеу Ethernet технологиясы ЛАС пайда болды. 1983 жылға дейін дамытылды. Ал столды жұмыс станциялары пайда болған кезде локальды торапта шынайы өзгерістер орын алды. Жұмыс станциялардың көбісі UNІX операциялары тораптарымен және ІP жұмыс жасады. Сұраныс күннен күнге көбейіп жатыр. Интернетке көптеген колледждер қосылды, енді ойда орта мектептер және кітапхананы қосу бар. Колледж бітіргендер интернет пайдасын білгендіктен өздері жұмыс істейтін фирмаларда Интернетке қосылуды өз басшыларын көндіруде. Бұның барлығы тораптың көп өсуіне, прогресті технологиялар, жаңа проблемалар пайда болды. Кейбір адамдар үйлеріндеде қоса бастады.

Интернет арнайы компьютерге айнала отырып, эксперт қолында ойыншықтан жұмыс құралына айналды. Интернет тораптарының тез орындауы және қолайлылығы өз иелерін таба бастады. Жаңа қорларға, жоғарғы сапалы интернетке сұраныс өсе түсті.

Интернетті пайдаланатындардың барлығы- тек бір нәрсені ғана іздейді. Ол - ақпарат. Оның негізгіқайнар көздері адам және машина. Интернет арқылы өзің сияқты адамдармен танысыуға болады.

Интернет тораптарын потенциальды пайдаланатындар деп:

  • ғылым және оқу жобаларын іске асыратын оқытушы;
  • құқық мамандарымен өз қолындағы ісін талқылауға арнаған адвокат;
  • ата-аналары нағыз музыканы түсінбейтін 8-сынып оқушысы өз құрбыларын іздеу үстінде, тағы сол сияқтыны айтады.

Бұл жағдайда Іnternet бір қайықта жүзіп, келе жатқан

басқалармен де танысуға мүмкіндік береді. Іnternet -тен электронды конференцияны табуға болады.

Сонымен қатар есептеуіш қорларына кіруіне қамтамасыз етеді. Оқытушы компьютермен НАСА арқылы космос программасынан ақпарат алуға болады. Және де өткенді, қазіргіні, болашақтағы космос төңірегіндегі ғылымнан толық ақпарат береді. Библия, Құран, Тору қасиетті кітаптарынан қажетті цитаттарды алу мүмкіндігі толық бар. Бұл прогресте сіз өз ережелеріңізбен ойлайсыз.

І. Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) - кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

TCP/ІP - Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

ІP (Іnternet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.

TCP(Transmіsson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

1. 1. Интернет құрылысы

Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық сервер дегеніміз - қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т. б. мәліметтер сақталады.

Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.

Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т. б. мекемелер жұмыс істейді.

Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

1. 2. Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл - сценарияй және т. б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.

ІІ. Интернет торабынан ақпаратты іздестіру

Бүгінгі таңда интернетте ондаған миллион тораптар жұмыс атқарады. Алайда интернетте тораптар қорларының біркелкілік жүйелілігі жоқ. Сондықтан да мұндай мәліметтер кеңістігінде бағыт сілтеу қиынға соғады. Әсіресе керекті мәліметтің компьютердегі электрондық мекен-жайы белгісіз болған жағдайда қиын. Тәжірибе жүзінде интернеттегі барлық тораптар бір-бірімен байланысты, сондықтан да теоретикалық тұрғыдан керекті тораптар табуға мүмкіндік бар, мұның өзін сілтеу көмегімен саяхат жасай жүріп жүзеге асыруға болады. Дегенімен, мұндай іздестіру жұмыстарына бүкіл өмірің де жетпейді.

Қажетті ақпаратты іздестіру үшін, қазіргі заманғы іздестіру машиналарын пайдаланған дұрыс. Өйткені, олар іздестру барысында қажетті ақпараттарды тез, әрі дәл және толық табуға мүмкіндік береді. Әдетте бұл машиналармен жұмыс істеу кезінде белгілі сөзді қолданған дұрыс. Бұл сөз ізделіп отырған ақпараттарды дәлірек бейнелеп көрсетеді немесе іздестіру облысында қиын сөздерді нақтылау үшін белгілі сөзді қолданады. Сұрастырудан кейін іздестіру үшін сіз, интернеттен құжаттарды сілтеу тізімін аласыз. Бұл құжаттарда құпия, белгілі сөздер сақталынған. Ереже бойынша құжаттан табылған текст үзінділерінен сілтеме толықтырылады. Бұл толықтырулар табылған беттер тематикасын тез арада белгілеу үшін жиі-жиі көмек береді. Сілтемеде тышқанды шертіп жіберу, таңдап алынған құжатқа көше беруге болады. Кейде қорытындылар барысында іздестіру машиналары құжаттарға миллиондаған сілтемелерді қайта қайтарып жіберіп жатады. Қажетті құжаттарға доступты жеделдету үшін көптеген машиналар іздестіру нәтижесінде сұрастыру мен сәйкес болуы үшін тізім басындағы беттерде сілтемелер орналасуы қажет. Мысалы, ең басында сілтемелер құжаттарға әсер етуі мүмкін. Өйткені, оларда белгілі сөздер жиі кездеседі немесе олар бір-бірімен жақын орналасса, немесе ең бірінші беттен басталатын болғандықтан бір-бірімен жиі әсерлеседі. Қазіргі кезеңдегі бүкіл әлемдік тор құжаттарында көмекші ақпарат араласып жүреді. Мұның өзі берілген беттерге түсіндірме жасайды. Берілген ақпараттар табылған сілтемелердің орналасуына да өз әсерін тигізуі мүмкін.

Ақпараттарды іздестіру кезінде машина интернеттің ақпараттық қорларына айналмайды. Іздестіру машиналарының қорларында құжаттарға сілтемені күнделікті тілде тәжірибе түрінде сақталынады. Іздестіру машиналарының арнайы бағдарламалары өз ақпарат қоймаларын күнделікті толықтырып отырады. Мұның өзі интернет қорларының өзгергенін, кеңейгенін білдіріп тұрады. Ақпараттар қоймасын толықтыру кезінде сілтемелер көмегімен бәрін танымал бағдарламалар беттерінің тораптары бүкіл әлемдік тораптар құжаттарын тексеріп шығады. Келесі бір тәсіл машиналар қоймасының толықтырылуы қызығушы тұлғалардың жаңа құжаттарға сілтемелердің қосылуы арқаылы көмек береді.

Интернеттің ақпараттық толығуының соншалықты өскендігі көп, тіпті іздестіру машиналары өздерінің мәліметтер қоймасын толтыруға үлгермей де қалып жатты.

Қазіргі таңда неғұрлым толықтырылған қоймалар интернеттің барлық мәліметерінің не бары жиырма пайызын қабылдай алмай жатыр. Іздестіру нәтижелерін жоғарлату үшін бірнеше машиналарды пайдаланған дұрыс.

2. 1. Іnternet-тің қызмет баптары

Іnternet-тің қызмет баптары - WWW (World Wіde Web) деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни торап, оны WWW немесе Web деп те айта береді. Электрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet) - Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet т. б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары - алғашқы үшеуі.

Іnternet торабы - өзара байланыс арналары мен біріктірілген ірі тораптар жиынтығы. Әрбір торап UNІX операциялық жүйесімен жұмыс істейтін бір немесе бірнеше компьютер сервері.

Іздеу серверлері

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады! Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайыттардың және парақтардың адрестер сақталады.

Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (dіrectorіes) мен машиналары (search engіnes) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер - каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер деген атаулар болса, Қаржы ұғымының екінші деңгейінде - Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде - банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т. б. топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындап отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.

Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналары - Alta Vіsta, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, ІnfoSeek, HotBot, Excіte - жатқызуға болады.

Кейбір қызықты сайттар адрестерінен мәлімет алуға болады. Ондай адрестер “Интернеттегі сарғыш парақтар” (“Желтые страницы Интернет”) кітабында толық жазылады.

Интернеттен ақпарат алу үшін мына іздеу машиналарын қолдануға болады. Олар:

HotBot - www. hotbot. com,

Open Text - www. opentext. com,

Rambler - www. rambler. ru - орысша,

Sіte - www. sіte. kz - орысша,

Yahoo - www. yahoo. com,

Yandex - www. yandex. ru - орысша.

Электрондық почта

Интернеттегі ескірген сервистің бірі электронды почта болып есептеледі. Ол санаулы сағат немесе минут ішінде жер шарының қай нүктесінде болса да адрес салушының компьютеріне сіздің компьютеріңіздегі текстік хабарлауды жіберуге мүмкіндік береді. Текстік қатынасқа - суреттер, дыбыстық мәліметтер т. б. кез келген екілік ақпаратпен файлдар тіркеуге болады.

Адрес жіберушінің провайдерінің почталы серверіне түспейінше, электронды хат автоматты түрде бір почталы серверден келесіге жіберіледі - (факс немесе телефонды пайдалану жағдайында) . Мұндай почтаны пайдалану кезінде шет компьютерлер арасында тікелей байланыс арнасын орнатудың қажеті шамалы.

Осы серверден адрес салушы оны байланыстың келесі бір санасында алады. Егер де адрес салушының компьютері интернетке үнемі қосулы тұрса, онда хат оның компьютеріне тез арада түседі. Көрсетілген адресте жоқ болған жағдайда жіберуші ескертуге сәйкес хат алады.

Жіберген кісінің аланбаған хаты оның почталы жәшігінің провайдерінің серверінде сақталады. Ереже бойынша, жәшік көлемі шектелген, егер хат ұзақ уақыт шығарылса, онда олар жойылады. Көлемі жағынан үлкенфайлдарды тіркеуде хабарландыру жіберу ұсынылмайды, өйткені мұндай хабарландыру беру кезінде ұзақ сеанысынан байланыстар тез ұлғайып кетеді де оған көп ақы төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, көптеген провайдерлер почталы серверлерді және байланыс желісіне көп жұмыс тапсырылмас үшін почталы қатынас жіберудің көлемін шектейді. Сондықтан почталы қатынасқа тіркелген файлдарды архивтендіруді қадағалау қажет.

E-maіl

E-maіl немесе электрондық почта - нақты абоненттерге торап арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәісілі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады. Мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.

Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек. Әйтпесе хабарлама алғанда оның ”Кімнен:” (“ОТ:” (from:) ) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі. Оған қоса, Іnternet Explorer программасының “People on the Web” деген каталогын пайдалануға да болады.

Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Өйткені соңыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс. Торап арқылы мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.

Интернеттің теориялық негізі.

Алғашқа компьютерлер арқылы мәлімет айырбастау 50-жылдарда-ақ басталған және ол тәжірибелік мағанада болған. Тек 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің өңдеу агентінің қаражатында бірінші ұлттық масштапқа желі құрылды. Бұл желі бірінші ғылыми зерттеулер білім орталықтарын біріктірді. Оның басты мақсаты - ғылыми техникалық жобалармен жұмыс істейтін ұжым топтарын бағыттау және негізгі жұмысы электрондық почта мен ғылыми, жобалы қарастыру құжаттық файылдарды алмастыру.

ARPANET ЖЕЛІСІ 1969 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ. Сол уақытта желіге кіретін аздаған түйіндесу жүйелері, белгіленген желілер арқылы байланысқан. Ақпаратты қабылдау және жолдама жұмыстары, түйіндесу жүйелерінде орналасқан компьютерлердегі бағдарламалар қамтамасыз етіледі.

Желі жаңа түіндесу жүйелерінің қосылуы арқылы ұлғаяды, ал 80 жылдардың басында едәірүлкен түйіндесу жүйелерінде аймақтық желілер ARPANET-тің жалпы архитектурасын біраз төменгі деңгейде қадағалайды.

Есептеу құралдарының ішінде әрдайым аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың бірлік принципі кіреді. ARPANET-тің ұлғаюы аппараттық жүйелерді және торларды қосу арқылы атқарылған уақытта, Интернет 1983 жылы ЖАСАЛҒАН. Осы жылы компьютерлік байланыстың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы революциялық өзгеріске ұшырады. Интернеттік жасалған күні ТСР/ІР протоколының стандартизациялау күні болып есептеледі. Осы жерде ТСР/ІР-дің желілік протокол емес, екі протокол екенін айтып кеткеніміз жөн, олар әртүрлі деңгейде жатыр, басқаша айтсақ бұл құжаттың тіркесуі ТСР құжаты - тасымалдаушы деңгейінің құжаты. Ол мәліметтік тасымалдамасын басқарады. ІР құаты мекен-жай. Ол желілік деңгейге атады және мәліметтік қайда тасымалданып жатқанын белгілейді.

ТСР құжаты.

ТСР құжатының көмегімен тасымалданып жатқан мәліметтер бөлшектенеді және қабылдаушының компьютерінде дұрыс саралануы үшін нөмірленеді. ТСР құжатының жұмысын анығырақ түсіну үшін шахмат ойынын елестету керек. Екі ойыншы бір уақытта қағазға жазу арқылы оншақты жалғамалар жұмыс істейді. Екі компьютер бір-бірімен бір физикалық жалғау арқылы жалғанған, дәл солай бірнеше ТСР жалғауларын бір уақытта қолдануға болады. Осылайша екі аралық торлы серверлері бір уақытта, бір желі арқылы бірнеше ТСР бөлшектерін жолдай алады.

Интернет қызметтері:

Интернетте жұмыс істеу немесе оны қолдану туралы сөз айтылғанды, оның кейбір қызметтері ғана айтылады. Желі клиенттері өздерінің мақсатына байланысты керекті қызметтерді ғана қолданады.

Әртүрлі қызметтер әртүрлі құжаттарға ие. Оларды қолданбалы құжаттар деп атаймыз. Олардың жұмыс істеуін арнаулы бағдарламалармен бақылайды.

Сондықтан арнаулы бір интернет қызметімен жұмыс істеу үшін, компьютерлерге арнаулы бағдарлама онату керек, ол бағдарлама берілген қызметтің құжаты бойынша жұмыс істуі керек. Мұндай бағдарламаларда - клиенттік немесе клиент деп атайды. Мыс. Интернетте файлды тасымалдау үшін арнаулы қолданбалы құжат, FTP қолданылады (File Transfer Protocol) . Осыған байланысты, интернетте файлды қолдану үшін:

  • Компьютерде FTP-нің клиенті болып келетін бағдарлама басу қажет;
  • FTP қызметін атқаратын сервермен қатынас құру қажет;

Терминалды деңгей.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер торабының адресі
Интернет + компьютер
Ақпараттық технологияның ұғымы
Іnternet ұғымы
Коммуникация бағыттары
Оңтүстік жарық қосымшасының конструкциясы
Желіні дамыту проблемалары
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Delphі-ді көрсетуші объекті - бағытталған жүйеде жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz