Биоритмология



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а)Биологиялықырғаққа жалпы сипаттама
б) Биологиялық ырғақтың жіктелуі
в) Биологиялық ырғақтың тетіктері.
г)Сыртқы ырғаққа бейімделіс.
д) Ырғақ генезінің физиологиялық механизмі.

III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Дүниенің барлығында мерзімдік және ырғақты тербелістер байқалады. Қалыпты жағдайда бұл тербелістер әрдайым анық бір мөлшерде нақтылы деңгейдің айналасында өзгеріп, белгілі уақытта оған қайта оралады.Сонымен физиологиялық құбылыстар тербелісінің ырғақты(мерзімдік )қасметі болады. Біздің қоршаған әлемніңырғағы Жердің өз-өзін және Күнді айналып өтетінуақытына , тәуліктің жарық пен қаранғы мезгілдерінің алмасуына (фотопериодизм),жыл маусымдарының кезектесуіне байланысты.Қазіргі кезде биоритмологияның экологиялық салалары да кеңінен дамуда.
Ол әуелі тіршіліктің төтенше жағдайларына икемделу мен акклиматизациядан тұрады.Мұны организмніңішкі ырғақтарымен сыртқы ырғақтарының лайықтаушы ықпалдарының өзара әрекеттесу салдары деп есептеуге болады.Көптеген зерттеулер бойынша, тәуліктік кезеңініңөзгерістерінебейімделіс орталық жүйке жүйесі , талдағыштар, ішкі бездер сөлінісі ырғағына байланысты қалыптасатындығы дәлелденді.Олар организмде жылу өндіру, зат пен энергия алмасу қарқынын,жүйелер, ағзалар мен тіндер ісәрекетінің белсенділігін сәкестіріп өзгертеді.Сөйтіп адам санасында бірнеше ойларды қамтып, қалыптастыратын уақыт бөліктерін түйсіну талдаудыңкөп денгейлі жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
1. «Қозғыш ұлпалар Физиологиясы» Қанқожа М.Қ.-Алматы 2004ж бет 128-131бет

2.Покровский В.М «Физиология человека» М.Медицина 2003ж 626-638 бет

3 Ткаченко Б.И «Основы физиологии человека », Санкт-Петербург,1994ж 253-262бет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін
оралымды құбылыстар біртұтас организмнің бірлестірілген әрекеті
ретінде байқалады.
Негізгі табиғи құбылыстардың ішінде организмде маңызды жүзеге асырылады.
Молекулярлық деңгей қатарына биохимиялық әсерлестің тербелістері ,
зат пен энергия алмасуыжатады.Жасуша деңгейінде оралымды әрекет оның
бөліну немесе сөлініс ырғақтары түрінде болады.Ағзалық мен жүйелік
деңгейде орындаушы мен меңгеруші ықпалдық үйлестірілген ырғақтары
байқалады.Организмдік деңгей гоместаз бен гомеокинезді меңгерумен
сипатталады.Оның маңызды бір оралымды үрдісіне әрекеттің тәуліктік
ырғағыжатады.Организмнен жоғары деңгейортаныңырғақты маусымдық пен күндік
оралымның өзгерістерін және популяцияқұбылыстарының(иммунитет
,індет,әлеуметтік) тербелістерін қамтиды.
Қазіргі кезде биологиялық тербелістерді тексеретін ғылым саласының
хронобиология немесе биоритмология деп атайды. Оның мақсатты
–физиологиялық әрекеттердің ырғақты өзгерістердің олардың реттелу
ерекшеліктерін , организмнің бейімделу әсерленісіне маңызын, ауытқулы
үрдістерге қатынасын зерттеу . Сонымен қатар ол тәуліктік , айлық және
жылдық биологиялық оралымдарға сәйкес организмнің уытты заттарға ,
дәрі-дәрмекке сезімталдығының өзгеруін анықтайды.
Хронобиологияның бірнеше:хронофизиология,хронофармак ология, хрономедицина
т.б салаларын жіктейді. Олар биологиялық ырғақтарға байланысты арнамалы
өзгерістерді тексереді.

Биоырғақтың жалпы жіктелуі. Биоырғақтың жіктелуіне қарай ,еркін ағымды
ырғақтар ,тәуліктік ырғақтар,ұзақ мерзімді ырғақтар,әлеуметтік ырғақтар,
маусымдық ырғақтар деп бөлінеді. Біз оны жеке жеке қарастырамыз.
Организм мен ортаның өзара қатынасына байланысты екі түрлі тербелісті
қозғалысты бөледі. Біріншісі,сыртқы ортаның болатын өзгерістеріне
организмді икемдейтін, тербеліс кезеңдері геофизикалық орлымдарға жуық,
бейімдейтін ырғақтар немесе биоритмдер.Екінщісі физиологиялық немесе
жұмыскер ырғақтар яғни олар организмнің тіршілік
жүйелерініңісәрекетінкөрсететін тербелістер.
Ырғақты сипаттау үшін бірнеше қатар көрсеткіштерді: деңгей (мезор),кезең
(период), шайқалым (амилитуда) және кез(фаза) қолданады.
Деңгей деп бір биологиялық оралымның зерттеліп отырған мерзімі ішінде
тіркелетін әрекеттің орташамасын айтады
Кезең ырғақтытербелістіңбелгілі уақыттағы толық бір оралымының ұзақтығы
арқылы табылады.
Шайқалым әрекеттің бір биологиялық оралымыішінде максималдым және
минималды көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде есептеп шығарылады.

Кез – уақыттың әрбір сәтіндегі тербелуші жүйенің жағдайын
сипаттайды.мұнда әрекеттің ең жоғары көтерілу кезі- акрофаза болып
саналады.
Биологиялық ырғақтар 5 топқа жіктеледі: 1- жоғары жиілігі бар
ырғақтар ,тербеліс кезеңі 30 минутқа дейін созылады (малекулалық
деңгейдегі тербелістер ,электроэнцефалограмма ырғақтары, жүректің
жиырылуы, ЭКГ, тынысалу,ішектің қозғалысы)
2- орталық жиіліктегі ырғақтар , ол 30 минут пен 28 сағаттың арасы,оның
ішінде ультрадиандық -20 сағатқа дейінгі (қан, несіп құрамындағы
тербелістері , сөлініс әрекеті , мезгілдік тамақ ішу ,ұйқының жылдам
сатысы т.б )және циркадалық(20-28 сағат) тәуліктік ырғақтар (ұйқы-
сергектік оралымы, температура, қан қысымы, жасушаның бөліну жиілігі);
3-мезоритмдер (инфрарадиандық 28 сағат -6 күн);циркасепталдық апталық (7
күнге жуық) аралық ырғақтар организмнің барлық әрекетінің өзгерістері;
4- макроритмдер, кезеңдері -20 күннен 1 жылға дейін зор ырғақтар
(эндокриндік сөлініс және зат алмасу әсерленістері);
5-мегаритмдер әсіребаяу ырғақтар, кезеңдері ондаған немесе бірнеше
ондаған жылдарға созылады.
Сонымен қатар ырғақтар биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу
деңгейіне сәйкес жасушалық,ағзалық, организмдік , популясиялық болып
тағы бөлінеді.
Қазіргі кезде хронобиология мен хрономедициналық зерттеулерде
көптеген оралымды үрдістердің ішінде ерекше көңіл аударатыны
тәуліктік және маусымдық ырғақтар. Бұлар биологиялық құрылымдар мен
жүйелердің бәріне тән.Өйткені олар оргпанизмде қоршаған ортаның
оралымдық өзгерістеріне икемдейді, биологиялық жүйелерді қажетті
уақыттық негізде бірлестіреді, Сондықтан организмнің біртұтас
әсерлесінің ырғақты динамикасы байқалады (тамақтану, ұйқы, сергектік
режимі,жыныс оралымы, қозғалыс белсенділігі және т.б).
Сыртқы жағдайлардың дәрежесіне байланысты ішкі және сыртқы
ырғақтарды ажыратады. Егер тыныштық пен белсенділік зат алмасуының
жеделдеуі немесе баяулауы және т.б әрекеттер сыртқы орта
жағдайлардың (температурасы,ылғалдығы,жарығы) өзгерістеріне сәйкес
болатын болса,олардың сыртқы ырғаққа жатқызады.Ал сыртқы тұрақты
жағдайларда тіркелетін ырғақтар ішкі деп есептеледі. Қазіргі саладва
хронобиологияның экологиялық салаларыкеңінен дамыды.Мұны организмнің
ішкі ырғақтарымен сыртқы ортаның ырғақты лайықтаушы ықпалдарыныңөзара
әрекеттесу салдары деп есептеуге болады.
Егер ырғақтардың кезеңдері тең болса , оларды лайықталған деп
санайды. Қалыпты жағдайда көрнекті ырғақ кезеңінің ұзақтығы 24
сағаттан көп өзгермейді сондықтан тіршіліктің барлық көрнісіне ол
бірдей болады. Ал бұл тіршілікті әрекеттерде бірдей болмаса , онда
лайықталмаған жағдай байқалады. Десинхроноз ішкі және сыртқы болып
бөлінеді. Ішкісі организмнің өз ырғақтарының ұйқастылығы бұзылғанда
пайда болады. Мәселен тамақтану режимі ұйқы сергектіктің ырғақтарына
сәйкес келмесе , адам тез шаршайды, ашуланшақ келеді , көңіл күйі ,
тәбеті,ұйқысы бұзылады. Сыртқы десинхроноз адамның биоырғақтары қоршаған
ортаның кездері алмасуына лайықталмаса туады. Сонымен бірге
десинхронозды жіті мен созылмалы , айқын және жасырын , біркелкі
немесе алажаулы деп те жіктейді,
Еркін ағымды ырғақтар. Жануарларда лайықтағыштардың үстемдігі
экологияға тығыз байланысты . Әсіресе, жетекші түрткі болып жарық
мезгілі , судың тасуымен қайтуы әсер етеді. Ал адамдарда басты орынды
әлеуметтік жағдайлар, мәселен еңбекпен тынығу режимдері алады. Олар
шамалы кешігіп барып, жаңа жиілікке немесе кезге ауысады. Мұны ұзаққа
созылу мерзімі деп атайды. Ал енді лайықтаушы әсер басқа
лайықтаушыға алмаспаған күнде әрбір организмде жеке, еркін ағымды
ырғақ пайда болады.
Тәуліктік ырғақтар. Адамның дене температурасы, қан қысымы мен
гормондар мөлшері көтерілгенде жұмыскелік қабілеті жоғарлайды.Алайда
олрдың әрбір адамның өзіне тән мезгілі байқалады. Әр адамның өзіне
тән мезгілдері байқалады таңертеңгілік,күндізгілік және кешкілік деп
үш топқа бөлінеді.
Кешкілік, кесінше кеш жатып, кеш оянады,іске баяу қосылады,жұмыскелігі
кешке қарай, көбінесе түнде көтеріледі.Бұлардың температуралық ырғағының
ең жоғарғы шамасы кешкі сағаттарда ығысады.Ал таңертенгілік әдетте ерте
оянады, белсенді іс әрекетке тез қосылады.Олардың ауқымды
жұмыскерлік қабілеті түске дейін байқалады, тәуліктік ырғақтарының
әсіресе дене температурасының акрофазасы алғашқы сағаттарда
ауысады.
Күндізгілік аралық типке жатады, оларда таңертенгілік пен кешкіліктің
қасиеттері болады. Күндізгілік жұмысқа қабілеттілігінің екі шыңы:10-12
және 15-18 сағаттарда байқалады.Мұндай типті адамдар 7-8 сағат
ұйықтағанды,қалыпты тун рижимін сақтағанды ұнатады. Мәселен жүрек
тамыр жүйесі тұрақты тәулікті ырғақпен жұмыс істейді.Жүректің жиырылу
жиілігі ересектерде сағат 16 мезгілінде ең жоғары шамасына жетеді, ал 4-
6 сағат кезінде төмендейді, орташа тәуліктік тербеліс айырмашылығы
минутына 18-19 рет.
Қан қысымының жоғары көрсеткіші 14 тен 20 сағатқа дейін, ал ең аз
мөлшері 2-ден 12сағатқа дейін болады. Мұнда қан қысымының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі
Биологиялық ырғақтылық және денсаулық
Дәрілік заттардың әсеріне биологиялық ырғақтың ықпалы. Хронофармакология туралы түсінік
Биологиялық ырғақтар. ұйқы
Дәстүрлі емес криминалистикалық техниканың бағыттары
Биологиялық ырғақтар мен ұйқы
Биологиялық ырғақ
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ
Маусымдық циклдар
Пәндер