2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы


1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы
дамыту үрдістері ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Әлеуметтік.экономикалық дамудың өзекті қырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Үкіметтің стратегиялық мақсаты ... ... 8
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 . 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым бағыттары.8
5.1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру...10
5.1.1. Мемлекеттік жоспарлау ... ... ... 10
5.1.2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру ... ... ... ... ..11
5.1.3. Фискалдық саясат ... ... ... ... ...12
5.1.4. Ақша.кредит саясаты және қаржы секторын дамыту ... ... ..12
5.1.5. Бәсекені дамыту ... ... ... 14
5.1.6. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу ... ... ... 15
5.1.7. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау ... ... ... ... ... ... ... ...16
5.1.8. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу ... ... ... ..16
5.2. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру
және адами капиталды дамыту ... 17
5.2.1. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту ... .19
5.2.2. Ғылымды дамыту ... ... ... ..21
5.2.3. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету ... ... ... ...23
5.2.4. Халықты әлеуметтік қолдау, көші.қон және еңбек қатынастары ... ... ... 25
5.2.5. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту ... ... ... ... ... ... ...28
5.2.6. Мемлекеттік тілді және мәдениетті дамыту ... ... ... ... 28
5.2.7. Туризм мен спортты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ...29
5.3. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту ... ... ... ... ... ... ... .30
5.4. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
5.4.1. Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын іске асыру ... ... ... ... .34
5.4.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
5.4.3. Минералдық шикізат кешенін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
5.5. Инфрақұрылымды дамыту ... ... ...38
5.6. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
аумақтық даму ... ... ... ... ... ... ... ...41
5.7. Әлемдік экономикаға табысты кірігуді қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... 43
5.8. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ...44
6. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... .47
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы баяндаманың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы
10 қазандағы – «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасының
2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы дамыту үрдістері
2006 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы.
Алдын ала бағалау бойынша 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде – 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға –
4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі
2006 жылы 88,4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды – 8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 56 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




№361 (24934) 21 ҚАРАША СӘРСЕНБІ 2007 ЖЫЛ

2007-05-30:
Электр энергетикасы( бүгіні мен болашағы
Елбасы өзінің жаңа Жолдауында еліміздің электр энергетикасын
дамытуды ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды отыз
бағытының бірі ретінде атады. “Бүгінгі таңда Оңтүстік
Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы
қаласын электр қуатымен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе
болып отыр. Біріншіден, көршілес елдердің қуаттарын тарту
арқылы өзіміздің энергиясы мол және энергиясы тапшы
өңірлеріміздің арасында электр қуатын бөлу мәселесін
теңдестіре шешіп, энергия үнемдейтін технологияларға
көшуіміз қажет. Екіншіден, электр энергетикасы саласын
дәйекті түрде жаңарту, қуаттардың тозуы мен жетімсіздігі
проблемасын шешу, жаңа өндірістерді дамыту, жұмыс істеп
тұрған жабдықтар мен электр энергиясын беретін желілерді
кеңейту мен қайта жаңғырту үшін жағдай туғызу қажет...” деп
Үкімет алдына міндеттер қойды.

Иә, бүгінгі өмірді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес.
Қала көшелерінде жарқырап жанып тұрған аспалы шамдар,
пәтерлердегі тоңазытқыш, теледидар, үтік, электр плитасы мен
пеші секілді кеңінен қолданысқа ие тұрмыстық заттар, ой
еңбегі иесінің басты жұмыс құралына айналған компьютер мен
түрлі есептеу мәшинелері – міне, осылардың барлығы электр
қуатымен жұмыс істейді. Ал зауыттар мен фабрикаларда электр
қуатының бірер сағатқа үзілуінің өзі үлкен дүрбелең тудырып
жатады. Өйткені, олардағы кез келген өнімдер мен тауарлар
электрдің қатысуымен әзірленеді.
Сөйтіп, электрдің адамның ең жақсы досына әрі ерекше
қызметшісіне айналуының өзі бір кездегі адам қиялының нақты
шындыққа айналуының айқын көрінісі. Демек, адамзат
ақыл-ойының ғажайыбы мен оның жер бетіндегі жасампаздық
қызметі әлі талай кереметтерді тудыра бермек.
Ал енді тұрмысқа сән беріп, өмірді жаңғыртушы мәнге ие
болған осы бір қуат көзі адамдардың ырқына қалайша бағынып
еді. Енді осыған келейік.

Ғажайып Эльма оттары
Ғылымға “электр” терминін алғаш рет 1600 жылы У.Гильберт
енгізген екен. Грек тілінде янтарь деген ұғымды білдіретін
бұл терминнің мазмұны физика мен техниканың даму барысында
өзгеріп, толықтырылып отырды. Ал бастапқыда, яғни ерте
замандардағы таза табиғи түрдегі көрінісінде оны “Эльма
оттары” деп те атаған. Өйткені, Италиядағы Эльма шіркеуі
орналасқан таулы өңірде осы көгілдір оттар жиі байқалған.
Янтарьдың дән сабағын өзіне тартатын қасиетін адамдар тым
ерте замандарда байқағанымен мұның астарында қандай сыр бар
екендігінің байыбына ғасырлар бойы бара алмай келді. Ал
аспандағы найзағайдың жарқылы олардың көңіліне қорқыныш
сезімін ұялатты. “Найзағай ойнап, күн күркіреген кезде
жұлдыздар аспаннан түсіп кемелердің мачталарына қонады”, деп
жазып кеткен еді осыдан мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген Рим
философы әрі жазушысы Луций Сенека. Бұл сөз шындықтан оншама
алшақ болмай шықты.
1902 жылы Жасыл бұғаз аралдарында жүзіп келе жатқан
“Моравия” кемесінің матростары есте қаларлық ғажайып
көріністің куәсі болады. Оны капитан Симпсон кеме журналына
былайша бейнелепті: “Теңізде бір сағат бойы найзағай
шатырлады. Болат қанаттар, мачтаның жоғарғы жағы нок-рей,
жүк коктары – бәрі жарық сәуле шашты. Олардың барлығына
әрбір төрт фут сайын жанған шам іліп қойғандай. Ал мачтаның
ұшында от жарқырап тұрды. Осы жарқ-жұрқ еткен оттар құрғақ
шөп жанып жатқандай сатырлаған үнге ұласты...”
Міне, осындай байқаулар және жүргізілген тәжірибелер
нәтижесі ғалымдарды үлкен қорытындыға әкелді. Таулар мен
кеме мачталарында, яғни белгілі бір биіктікте жарқырайтын
оттар – атмосферадағы бейтарап электр зарядтары. Олар бұршақ
жауғанда, қарлы боранда, дүлей дауыл соққан кезде жиі
байқалады. Демек, біздің планетамыз электр өрісімен
қоршалған. Көптеген жағдайда ауа оң зарядты, ал жер теріс
зарядты болып келетіндігі белгілі болды.
Ғалымдар тәжірибе арқылы зарядтарды қолдан туындатудың
жолдарын қарастырды. Осы тұста электр өрісі мен
магниттіліктің бір-бірімен тығыз байланысы анықталды.
Зерттеулер бірінен кейін бірі жалғасты. Осынау табиғаттың
өзінде бар дүниені адамзаттың еркіне бағындыруға деген
құштарлық ғалымдарға үлкен жігер берді. Электр туралы ілім
міне, осылайша қалыптасып, жетілді.
Г.Кавендиш, Ш.Кулон, Л.Гальвани, В.В.Петров, Дж. Джоуль,
Х.Эрстед, А.Ампер, М.Фарадей, Дж. Максвелл, Г.Герц, Н.А.Умов
секілді ғалымдар электр саласында бірінің ашқан жаңалықтарын
екіншілері одан әрі жалғастырып, жетілдіре түсті. Электр
тогын туындату, оны қуат ретінде өндіру мен іс жүзінде
қолданудың ғылыми негіздемелері жасалынып, жүзеге асты.
Жаңалықтар практикалық қолданысқа енгізіліп, адамзат өз
дамуының үлкен бір белесіне көтерілді.
Әрине, электр энергетикасының техникалық тұрғыдан дамуы
қазіргімен де шектеліп қалмайтын болар. Өйткені, келесі
ұрпақтарға азық бола аларлықтай небір жарқын идеялар өмір
сүруде. Мәселен, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен
жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген атақты
өнертапқыш Никола Тесла электр энергиясы мен ақпараттарды
сымсыз тасымалдау жөнінде эксперименттер жасап көрген. Оның
ойынша, электр қуатын жер мен атмосфераның жоғарғы қабаты
арқылы құрлықтың кез келген нүктесіне қарай бағыттауға
болады. Ол үшін осы қуат түрін жөнелту мен қабылдауға
арналған арнаулы қондырғылар болуы қажет. Осы қондырғыларды
ойлап тауып, іске қосқан жағдайда энергия мен ақпараттардың
сымсыз жүйесі арқылы жөнелтілген қуатты кез келген
қашықтықтағы барлық кемелер мен ұшақтар, зауыттар мен
фабрикалар қабылдай алар еді. Яғни, бүкіләлемдік кеңістікте
электр қуатын жеткізудің біртұтас жүйесі қалыптасып, оны
тасымалдау мәселесі анағұрлым жеңілдемек. Тесла өзінің осы
ойын дәлелдеу үшін сымсыз лампаны жағып көрсеткен. “Бұл
токты қайдан алып тұр?” деп сұраушыларға ғалым “Жерден алып
тұр” деп жауап берген.
Дегенмен, Тесланың Лонг-Айглендте салынған энергия жөнелтуші
стансасында жүргізген алғашқы эксперименттері сәтсіздікке
ұшырады. Бір есептен алғанда бұған басталып кеткен
дүниежүзілік соғыс бөгет жасады. Америкалық әскерилер Тесла
немістерге құпия ақпараттар жөнелтуі мүмкін деген күдікпен
стансаны жапқызып тастады. 1943 жылдың басында Тесланың өзі
қайтыс болды. Кейбір ғалымдар Тесланы ақылынан алжасқан
немесе сиқыршы деп есептегенімен оның осы бір жарқын идеясы
әйтеуір бір кездері жүзеге асуы мүмкін екендігін қазіргі
кездің өзінде ақпараттардың ноутбуктар мен ұялы байланыс
телефондары арқылы сымсыз жөнелтіліп жатуы аңғартады.

Қазақстандағы электр және жылу энергетикасының даму
кезеңдері
Он тоғызыншы ғасырдың екінші ширегінде электр техникаға
кеңінен ене бастады. Сол ғасырдың 20-жылдары алғашқы
электромагнит, 30-жылдары телеграфтаудың жетілген схемалары,
алғашқы электр двигателі мен генераторы, 40-жылдары алғашқы
электрлік жарықтандыру приборлары пайда болды.
Алғашқы электр стансасы 1882 жылы Нью-Йоркте салынды. Бұл
стансаға орнатылған 6 динамо мәшинесі бу арқылы қозғалысқа
келтірілді.
Дегенмен қуатты электр стансасын салу, өндірілген энергияны
алыс жерлерге жеткізу үш фазалы ток жүйесінің ашылуына
байланысты шешілді. Осы жүйеге негізделген алғашқы электр
стансасы Ресейде 1893 жылы салынды.
Қазақстанда электр қуаты өткен ғасырдың басында аздап
қолданыла бастады. Алғашқы электр стансалары Успен
кенішінде, Қарағанды қазбаларында, Сарысу байыту
фабрикасында, Қарсақпай, Спасск зауыттары мен Жезқазған
кенішінде жұмыс істеді. Олардың жиынтық қуаты 2500 кВт-тан
аспады, ал жылдық электр өндіруі 1,3 миллион кВт. сағат
болды.
Қазақстан энергетикасындағы білікті маман әрі ғалым
Кенжемұрат Дүкенбаев тәуелсіздікке дейінгі еліміздегі осы
саланың қалыптасып дамуын 6 кезеңге бөліп қарастырады. Оның
айтуынша, бірінші, екінші кезеңдерде электр стансалары
негізінен кәсіпорындар үшін салынса, үшінші кезеңнен бастап
Қарағанды МАЭС-1 секілді неғұрлым қуатты стансалар жұмыс
істей бастаған. Ал 1946-1960 жылдар аралығын қамтыған
төртінші кезеңде электр стансаларының қуаты 6,5 есе өскен.
Бесінші кезеңде Петропавл, Алматы, Жамбыл, Павлодар
қалаларында жылу энергия орталықтары салынды. Алтыншы кезең
– бірегей электр стансалары мен дүниежүзінде баламасы жоқ
аса жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін іске қосумен
ерекшеленді. Осы тұста Қазақстан энергетикасының алыбы қуаты
4000 МВт Екібастұз МАЭС-1, қуаты 1000 МВт Екібастұз МАЭС-2
салынған еді. Солтүстік өңірдің электр энергетикасындағы
проблемаларын шешіп, басқа өңірлермен салыстырғанда
басымдығын қамтамасыз еткен осы стансаларда өндірілетін
қуатты тұтынушыларға жеткізу үшін кернеуі 1,15 миллион кВт
айналмалы токты құрайтын дүниеде теңдесі жоқ
Барнауыл-Екібастұз-Қостанай-Көкшет ау-Челябі электр жеткізу
желісі тартылды. Кернеуі 1500 тұрақты ток желісі салына
бастады.
Дегенмен, осы кезеңде жоспарланғанның біразы орындалмады.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан МАЭС-і салынбады. Әйтпеген
жағдайда осы өңірдегі электр тапшылығы қазіргідей сезілмес
еді.

Нарықтық кезең қырлары
Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздегі электр
энергетикасының дамуы оны нарық қатынастарына бейімдеу
мәселесімен тығыз байланысты болғаны белгілі. Алғашқы
реформалық шаралар 1995 жылдың соңында Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар “Электр энергетикасы
туралы” Жарлығы жарияланғаннан кейін нақты қолға алынды. Осы
саладағы жекешелендіру мен қайта құрылымдауды, электр
энергетикасы нарығын одан әрі дамытуды жүзеге асыру үшін
Үкімет арнайы бағдарламалар қабылдады.
Қабылданған шешімдерге сәйкес қуат өндіретін ірі электр
стансалары стратегиялық инвесторларға сатылса, өнеркәсіптік
мақсаттағы жылу энергия орталықтары ірі кәсіпорындарға
берілді. Ал жалпы мақсаттағы жылу энергия орталықтары жеке
компанияларға сатылды немесе коммуналдық меншікке
тапсырылды.
Осы тұста Үкіметтің өңірлерге электр қуатын тасымалдайтын
ірі электр желілерін ұлттық жүйе ретінде өз қолында ұстап
қалуы өте дұрыс шешім болды. Осының негізінде электр
желілерін басқарудың қазақстандық компаниясы (“КЕГОК” АҚ)
құрылды. Ал облыстар ішіндегі электр қуатын тарату
желілерінің негізінде өңірлік электр компаниялары (РЭК-тер)
пайда болды.
Осымен қатар электр энергетикасының субъектілері өздерінің
қызмет ерекшеліктеріне орай бағаны дербес белгілейтін
бәсекелестік орта субъектілері және баға белгілеу ісі
мемлекет бақылауында болатын монополистік кәсіпорындар болып
екіге бөлінді. Бәсекелестік орта субъектілеріне электр
өндірушілер, ал монополистік кәсіпорындар қатарына электрді
тасымалдаушылар мен таратушылар жатқызылды. Бүгінгі күндері
соңғыларының қызмет көрсету жөніндегі баға тарифтері
мемлекеттік органдар бақылауында.
2004 жылы ақпанда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Электр
энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру
жөнінде тұжырымдама әзірленсе, осы жылдың шілде айында
“Электр энергетикасы туралы” Заң қабылданды. Бұл құжаттарды
әзірлемес бұрын батыс елдерінің іс-тәжірибесі зерттелген
еді. Норвегиядан, Финляндиядан, Ұлыбританиядан, басқа да
халықаралық ұйымдардан консультанттар шақырылды. Сөйтіп,
батыстық модель мен ішкі ерекшеліктерді ескеру нәтижесінде
қалыптасып отырған еліміздің қазіргі электр энергетикалық
рыногының негізін электр қуатын сатып алу-сатудың екіжақты
келісім шарттары құрайды. Бұл келісім шарттарды рынок
субъектілері өз еріктерімен биржаларда немесе алдын ала
келісімге сәйкес жасасады. “Тәулігіне алдын ала” режімінде
электр энергиясы көлемін сағат бойынша саудалаудың
орталықтандырылған рыногы жұмыс істесе, жүйелік және қосымша
қызмет көрсету рыногы да даму үстінде. Электр қуатының
параллельді рыноктарының жүйесі қалыптасу сатысында болса,
КЕГОК мамандарының сөзіне қарағанда, 2008 жылдың 1
қаңтарынан бастап электр қуатының теңгермелі рыногын іске
қосуға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Бұлардың барлығы
мақаланың басында айтылғандай Елбасы белгілеп берген
стратегияға сәйкес жүзеге асырылу үстіндегі шаралар.
Айта кететін бір мәселе, Қазақстанда электр және жылу
энергетикасын нарыққа бейімдеу шаралары ТМД көлемінде
басқалардан ертерек қолға алынып, бұрынырақ жүргізіліп
келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқы жарықтың
сөндірілуі, қыс кезінде жылудың болмай қалуы секілді
проблемалардан тез шықты. Басқа елдерде әлі күнге дейін жиі
көрініс беріп жататын көрсетілген коммуналдық қызмет үшін
халықтың төлем қабілетсіздік проблемалары да бізде ертерек
еңсерілді.
Қазақстан энергетикасының нарыққа өтудегі осы тәжірибесінен
қазір бірқатар елдер үлгі алуда. Соның ішінде ежелгі
көршіміз Ресей де бар.

Мамыражай шақ
Міне, осындай жетістіктермен қатар, уақыт біздің алдымызға
жаңа проблемаларын да қойып отырғандығын жасыруға болмайды.
Ол проблемалар электрді өндіруші стансалар мен қуатты
жеткізуші желілердегі құрал-жабдықтардың тозуынан,
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты
электр қуатына деген сұраныстың артуынан туындап отыр. Яғни,
өскен сайын бала үстіндегі көйлектің тарылып қала беретіні
секілді даму үстіндегі экономикаға тән проблема. Мәселе
түсінікті болуы үшін осы жағдайға біршама тоқтала кетейік.
1980 жылы елімізде 70,4 миллиард киловатт-сағат электр қуаты
өндірілсе, оны өндіру мен тұтыну көлемі 1990 жылы өз шыңына
жетіп, 104 миллиард киловатт-сағатты құраған екен. Мұнан
кейін өндіріс орындарының тоқырауына байланысты аталған қуат
түріне деген қажеттілік күрт төмендей берді де, 1995 жылы 70
миллиард киловатт-сағат деңгейінде қалыптасты. Яғни, 1980
жылғы деңгейге қайта түсті. Соның ішінде өндірілген электр
қуатының 75 пайызын пайдаланатын өнеркәсіптік тұтыну көлемі
6,3 миллиард киловаттан 3,4 миллиард киловатт-сағатқа дейін
құлдырады. Сөйтіп экономика саласындағы дағдарысты кезең
аяқталған 2000 жылы Қазақстанда бар-жоғы 54 миллиард
киловатт-сағат электр энергиясы өндіріліп, тұтынылды. Бұл
электр өндіру мен тұтыну өз шыңына жеткен 1990 жыл
көрсеткіштің жартысына ғана тең шама.
Міне, осы орасан зор көлемде босап қалған артық электр қуаты
осы уақытқа дейін экономикалық субъектілердің де,
энергетикалық кәсіпорындардың да алаңсыз жұмыс істеуіне
мүмкіндік беріп келді. Олар қолдағы қуат жеткілікті болған
соң орасан зор қаржыны қажет ететін жаңа қуат көздерін
салуды немесе оларды жаңартуды ойлап та жатпады. Яғни, артық
шығын шығармады. Рынокта сұранысқа қарағанда ұсыныстың
артуы, яғни артық қуаттардың болуы тұтынушылар үшін де
пайдалы болды. Тариф пен келісім бағалары олар үшін
жеңілірек тиді.
Енді екі жаққа да бірдей жайлы тиген осы бір мамыражай кезең
де артта қалмақ. Кейбір дерек көздерінен алынған мәліметтер
бойынша өткен жылы Қазақстанда 11,2 мың мегаватт электр
қуаты өндірілген. Ал биылғы жылы жалпы қажеттілік 12,6 мың
мегаватты құрайды деп болжануда. Өсіп келе жатқан
өнеркәсіптік өндіріс көлемін былай қойғанда, Астана мен
Алматы қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында жылына
қаншама тұрғын үйлердің салынып, пайдалануға беріліп
жатқандығын көзіміз көріп отыр. Мұның өзі алдағы уақытта
электр қуатын өндіруші кәсіпорындарға түсетін жүктеме
салмағы барған сайын ауырлай беретіндігін аңғартады.
Енді, КЕГОК мамандарының мына бір болжамдарына да назар
аудара кетейік. Қазақстандағы өндіріс көлемінің әр жыл сайын
9-10 пайызға өсуі, дейді олар, электрді тұтыну көлемін жылма
жыл 5-6 пайызға арттырып отыратын болады. Осындай негізге
сүйене отырып жасалынған есеп Қазақстанда электр қуатын
пайдалану деңгейі 2008 жылы 80,8 миллиард киловатт-сағатты,
2010 жылы – 91,5 миллиард, 2015 жылы 113 миллиард
киловатт-сағатты құрайтындығын көрсетеді. Мұндай жағдайда
электр өндіруге түсетін жылдық жүктеме салмағы 18 мың
мегаваттқа дейін өседі. Ал осы қажеттілікті қазіргі қолдағы
бар электр қуатын өндіруші стансалар өтей алмайды. Себебі,
1990 жылы 100 миллиард киловатт-сағат электр қуатын бере
алған еліміздің электр энергетикасы кәсіпорындарының
көпшілігіне ағымдағы жөндеулер болмаса, жаңарту жұмыстары
жүргізілген жоқ. Олардың негізгі қорлары мен
құрал-жабдықтары тозуға ұшырай бастады. Көпшілігінің
ауыстыру мерзімдері баяғыда өтіп кеткен. Сондықтан еліміздің
электр өндіретін кәсіпорындары өз тұтынушыларын ең ары
кеткенде 80 миллиард киловатт-сағат электр қуатымен ғана
қамти алады.

Даму талаптары
Демек, 2008 жылдан бастап елімізде электр қуатының
жетіспеушілігі сезілген сайын оның бағасы да көтеріле беруі
мүмкін. Еліміздің оңтүстігі мен батыс өңірлерінде бұл
проблема қазірдің өзінде байқалып отыр. Электр мен жылу
тарифтерін реттеу мәселесіне қатысты жуықта өткізілген
Үкіметтегі селекторлық кеңесте электр қызметінің бағасы ең
қымбат өңір ретінде Ақтөбе облысы аталды. Бұл облыс
жетіспейтін қосымша қуатты көрші елден алуға мәжбүр
болғандықтан осы жағдай оның бағасына да әсер етуде. Алдағы
уақытта бұл жағдайдың тереңдеп кетуіне жол бермеу және
солтүстік өңірдегі артық қуатты тиімді пайдалану үшін Үкімет
еліміздегі электр қуатының теңдестірмелі рыногын ұйымдастыру
мәселесін қолға алуда.
2004 жылдан бастап “КЕГОК” АҚ еліміздің солтүстігінен
оңтүстік өңірге электр қуаттарын жеткізу үшін
“Солтүстік-Оңтүстік” жобасын жүзеге асыруға кірісті. Сонымен
қатар “Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы” бағытындағы электр
желісін салу” жобасына қатысу үстінде. Ұзындығы 500 шақырым,
электр өткізу қабілеті 700 МВт құрайтын бұл құрылыс 2008
жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сол кезде Ақтөбе
облысындағы қуат тапшылығы жойылып, шарықтап бара жатқан
бағаны тежеудің, тіпті төмендетудің нақты мүмкіндігі пайда
болмақ.
Елімізде электр тапшылығын болдырмау мақсатында жүргізіліп
жатқан басқа да шаралар бар. Мәселен, Алматы облысындағы
Шарын өзенінен “Мойнақ” ГЭС-інің құрылысын жүргізу қолға
алынса, Іле өзенінен “Кербұлақ”, Ертістен “Бұлақ” су электр
стансаларын салу, Ақсу, Екібастұз, Қарағанды қалаларындағы
ұлттық маңызы бар ірі жылу электр стансаларының, сондай-ақ
Алматы, Өскемен, Астана, Атырау, Рудный ЖЭС-терінің
қуаттарын арттыру, Балқаш, Семей, Қарағанды, Астана
қалаларынан, Батыс Қазақстан облысынан жаңа электр
стансаларын жобалау ойластырылып отырған мәселелер. Алайда,
осының барлығы орасан зор қаржыны қажет етеді. Мәселен,
құрылысы жүргізілу үстіндегі бір ғана “Мойнақ” ГЭС-ін іске
қосу үшін 251,7 миллион доллардың инвестициясы қажет болса,
қолданыстағы стансалардың құралдарын жаңартып, қуаттарын
арттыру, сондай-ақ біразы жоғарыда аталып кеткен жаңа
стансаларды салу арқылы қуат тапшылығын болдырмау үшін
елімізге 2015 жылға дейін 5,6 миллиард доллардың
инвестициясы қажет болады екен. Бұл орасан зор қаржы.
Үкіметте мұндай басы артық қаржы жоқ және ол бұған төтелей
қаржы салуға міндетті де емес. Алайда, проблеманы қалайда
шешу қажет. Сондықтан электр энергетикасына қуатты
инвесторлар тарту таяу уақыттағы өте маңызды мәселелердің
бірі болып тұр. Осы саясатты жүзеге асыру мақсатында
“Мойнақ” су электр стансасын салу үшін Қытай инвестициясы
тартылса, “Солтүстік-Оңтүстік” желісі үшін Еуропа Қайта құру
және даму банкі мен халықаралық қаржы институттарының
қаржысы пайдаланылуда.
Біздің ойымызша, электр және жылу стансаларын салу мен
жаңартуға қаржы тартудың елі ішінде қосымша мүмкіндіктері
бар. Мәселен, мақаламыздың басында айтылып кеткеніндей,
еліміздегі қуат өндіретін ірі электр стансалары стратегиялық
инвесторларға сатылған тұстары кейбір стансалар ірі
кәсіпорындардың басқаруына берілген болатын. Енді Үкімет
жаңа қуаттарды салу, ескілерін жаңғырту мақсатында
жан-жақтан инвестициялар қарастырып жатқан тұста сол
кәсіпорындар электр стансаларының қызметін тегін пайдаланып,
Үкіметтің мақсатты инвестициялық бағдарламаларына өз
үлестерін қоспай тыныш отыра бермек пе? Демек, осы
кәсіпорындарды Үкіметтің электр энергетикасы саласындағы
инвестициялық бағдарламаларына қатыстыру керек немесе
олардың басқаруына тапсырылған электр стансаларын қайта
қайырып алып, оларды жеке инвесторларға сатудан түскен
қаржыны жаңа стансаларды салуға жұмсау керек. Міне, осындай
пікірді біз бірқатар мамандардың аузынан естіген едік.
Сондай-ақ Қазақстанның электр энергетикасы саласында әлі
игілікке айналмай келе жатқан ресурс көздері баршылық. Соның
бірі босқа ағып жатқан өзендеріміз. Мамандардың айтысына
қарағанда, осы өзендер сағасынан 120 су электр стансасын
салуға болады. Ал олар арқылы өндірілген электр қуаты
қазіргі қажеттіліктің тең жартысын өтей алады. Әрі су электр
стансалары экологиялық таза өндіріс түріне жатады.
Турбиналар ағып жатқан судың күшімен тоқтаусыз әрі тегін
айналатындықтан онда өндірілген қуат көзі де арзанға түседі.
Жел, күн, тезек секілді қайта жаңғыртуға болатын қуат
көздері арқылы жұмыс істейтін шағын электр стансаларын
жобалау жөнінде де әңгімелер қозғалып жүр. Мамандардың
айтысына қарағанда, мұндай стансаларды бір жарым жылдың
ішінде салуға болады.

Атом қуатын игеру
Соңғы кездері мамандар еліміздегі электр тапшылығын жоюдың,
энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлкен бір жолы
ретінде атом энегетикасын дамыту, соның ішінде шағын және
орта қуаттағы (300-700 мегеваттық) атом электр стансаларын
салу мәселесін алға тартып жүр. Мұның басты себебі – атом
энергиясын өндірудің арзандығы. Әралуан қуат көздерінен
алынған энергияның бағаларына жасалған талдау атом
стансасында өндірілген электр қуатының өзіндік құны көмір
немесе газ стансаларында өндірілген қуатқа қарағанда төмен
екендігін көрсетеді. Әрі атом экологиялық таза энергия көзі
болып табылады. Мысалы, қуаттылығы 1 ГВт көмір стансасы жыл
сайын ауаға 50 мың тонна күкірт тотықтарын, 25 мың тонна
азот тотықтарын және 400 тонна улы металдар шығаратын болса,
осындай қуаттағы ЖЭС жылына 1500 эшелон көмір пайдаланады.
Ал АЭС ауаға зиянды заттар шығармайды. Оның тағы бір
артықшылығы, қуаттылығы 1 ГВт болатын АЭС үшін жылына
бар-жоғы бірнеше вагон ғана отын қажет екен.
Атом энергетикасының дамуына әсерін тигізетін тағы бір өте
маңызды фактор – ядролық реакторлардың қауіпсіздігі.
АЭС-тарды пайдалану тәжірибесіндегі осыған дейінгі барлық
келеңсіз жәйттерді есепке алған мамандар бүгінгі таңда АЭС
қауіпсіздігі атом энергетикасын өркендетудің басты шарты
болып табылатындығын атап көрсете келе қазіргі замандық
ядролық блоктардың қауіпсіздігі жоғары екендігін жұртшылыққа
түсіндіруде. Олардың айтуынша, жаңадан жасалынған реакторлар
“пассивтік” қауіпсіздіктің озық жүйелерімен
жарақталғандықтан апатты жағдай орын алды дегеннің өзінде
операторға ешқандай шара қолданудың қажеті жоқ.
Реакторлардың қауіпсіз өшіру жүйесі автоматты түрде іске
қосылатындай етіліп жобаланғандықтан барлық қауіпсіздік
шаралары өздігінен әрекет етеді, яғни реактор жұмысы бірден
тоқтайды.
Сондықтан қазіргі күні атомды бейбіт мақсатта бірлесіп
пайдалану Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздердің
маңызды тақырыбына айналуда. Егер Қазақстанда атом электр
стансасы салынатын болса, Ресей жағы оның құрылысын
қаржыландыруға да бейіл болып отыр.
Бұл жобаның Қазақстан үшін бір тиімді жағы – елімізде уран
шикізатының бай қорының болуы және АЭС-тің тамағы саналатын
уран таблеткаларының Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында
әзірленуі. Демек, АЭС отыны арзанға түсетіндіктен онда
өндірілген электр қуаты қазақстандықтар үшін арзан болуы
тиіс.

Үнемдеу – байлық көзі
Сонымен қатар “бір жол бар – алыс, алыс болса да жақын”
дегендей, еліміздегі алда болуы мүмкін электр қуатының
тапшылығын түбегейлі жоюдың ең бір тиімді де сенімді жолы
сол қуат көзін үнемдеуге жету болып табылады. Дамыған
елдердің барлығы міне, осындай жолмен жүріп келеді. Мәселен,
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8
киловатт-сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия,
Италия, Жапония секілді елдерде бұл көрсеткіш 0,22,-0,3;
АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда–0,4-0,6; Канада мен Қытайда–
0,8-1,2 киловатт-сағатты құрайды. Сөйтіп, біз ІЖӨ-нің 1
долларына электр қуатының жұмсалу деңгейі бойынша кейбір
индустриялы дамыған елдерден 7-10 еседен астам артық шығын
жұмсап отырмыз.
Мұның себебі, дамыған елдерде ресурс үнемдегіш технологиялар
пайдаланылатын және олар заман ағымына сай жаңартылып
отыратын болса, біз көп жағдайда кезіндегі Кеңес одағынан
қалған құрал-жабдықтарды әлі күнге пайдаланып келеміз. Соның
салдарынан бірқатар салаларда негізгі құралдардың тозуы 50
пайызға жетіп отыр. Соның ішінде мәшинелер мен жабдықтар,
өндіріс құралдары саласында тозу көп. Міне, осылардың
барлығы электр энергетикасы кәсіпорындарына түсетін жүктеме
салмағын ауырлата беретіні анық.
Әрине, тұтас өндірістік салалардағы технологиялық үрдістерді
жаңарту дегеніміз оңай міндет емес. Оған бір ғана электр
және жылу энергетикасы таяудағы уақыттары қажет етіп отырған
жоғарыдағы 6 миллиард доллардан әлдеқайда көп қаржы қажет.
Демек, электр энергетикасын тиімді дамытудың перспективалы
жолы дегеніміз, ол біздің тұтас экономикамызды жаңаша даму
үрдістеріне түсіру деген сөз. Өйткені, жоғарыда айтып
кеткеніміздей, электр қуатын пайдаланбайтын сала жоқ.
Елімізде электр қуатын үнемдегіш технологияларды енгізуде
табысқа жетіп отырған салалар да бар. Олар – мұнай мен газ
секторы. Осы салаға құйылған батыстық мемлекеттердің
инвестицияларымен бірге олардың ресурс үнемдегіш
технологиялары да келді. Соның нәтижесінде еліміздегі
негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті 1999 жылы – 8
пайызды, 2000 жылы 13,8 пайызды құраған болатын. Осы үрдіс
жылдан жылға жалғаса түсуде. Енді осыны басқа салаларға да
жұғысты ету қажет.

Түйін
Елбасымыз алдағы он жылда алға жылжудың басты-басты отыз
бағытын белгілей отырып, ендігі кезекте “Қазақстанды
жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы” таңдап
алынғандығын атап көрсетті. “Біз алдымызға қойып отырған
биік мақсаттарға жету биліктің барлық органдары мен
институттары, іскер, ғылыми және сарапшы топтар тарапынан
көп жігер-қайрат жұмылдыруды, керек десеңіз, көп ретте іске
жаңаша қарауды, мүлдем тосын тұрғыдан келуді талап етеді. Ең
бастысы, кешенді жаңарту үдерісі еліміздің күллі халқының,
қоғамының барлық институттарының мүддесі үшін, әрі солардың
тікелей қатысуымен жүргізіледі”, деді.
Бүгінгі күні осы отыз бағыт бойынша алға жылжудың тактикалық
қырлары да айқындалу үстінде. Мәселен, жуырда Елбасының
Үкімет мүшелері және ұлттық компаниялар, холдингтер
басшыларымен өткізген кеңесінде бұл отыз бағытты жүзеге
асыру үшін алдағы уақытта әр сала бойынша отыз көшбасшы
компанияны іріктеп шығарудың, олардың тартымдылығын арттыра
отырып, жаңа инвестицияларға жол ашудың перспективасы туралы
сөз болды. Бұл саясат еліміздің электр энергетикалық
ресурстарын нығайту және оларды үнемдеп жұмсау мәселесіне де
үлкен ықпал етеді, саланың болашағын нығайтады деп ойлаймыз.
Авторы: Сұңғат ӘЛІПБАЙ.  
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
баяндама
 
  Мазмұны
 
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... .4
2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы
дамыту
үрдістері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті
қырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
4. Үкіметтің стратегиялық
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .8
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға
арналған
бағдарламасының басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..8
5.1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін
арттыру...10
5.1.1. Мемлекеттік
жоспарлау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
5.1.2. Бюджеттік жоспарлауды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
5.1.3. Фискалдық
саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. .12
5.1.4. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ...12
5.1.5. Бәсекені
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 14
5.1.6. Табиғи монополиялардың қызметін
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
5.1.7. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті
қолдау ... ... ... ... ... ... ... ...16
5.1.8. Корпоративтік басқару қағидаттарын
енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5.2. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру

және адами капиталды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
5.2.1. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау
жүйесін дамыту ... .19
5.2.2. Ғылымды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. .21
5.2.3. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз
ету ... ... ... ...23
5.2.4. Халықты әлеуметтік қолдау, көші-қон және еңбек
қатынастары ... ... ... 25
5.2.5. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен
дамыту ... ... ... ... ... ... ...2 8
5.2.6. Мемлекеттік тілді және мәдениетті
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
5.2.7. Туризм мен спортты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
5.3. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін
нығайту ... ... ... ... ... ... ... ..30
5.4. Экономиканы жаңғырту және
әртараптандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
5.4.1. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыру ... ... ... ... .34
5.4.2. Агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 36
5.4.3. Минералдық шикізат кешенін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.37
5.5. Инфрақұрылымды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .38
5.6. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз
ететін
аумақтық
даму ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 41
5.7. Әлемдік экономикаға табысты кірігуді қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... 43
5.8. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік
аппаратты
қалыптастыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 44
6. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... .47
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін
нәтижелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...49
 
1. Кіріспе
Осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының
67-бабының 2) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы
баяндаманың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы
10 қазандағы – Қазақстан – 2030 атты Қазақстан халқына
Жолдауында баяндалған Қазақстан Республикасының Даму
стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан
халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасының
2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу
тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
 2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы
дамыту үрдістері
2006 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен
дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін
арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, еліміздің
әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған
экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика
секторларының серпінді дамуы шынайы.
Алдын ала бағалау бойынша 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі
болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы
деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан
басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша
5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%,
тау-кен өндіруде – 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды
құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20,4%-ға
ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға
ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде
экспорттың көлемі 37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты
ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан
салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша
экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 82,7%-ға –
4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі
депозиттердің көлемі
2006 жылы 88,4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд.
теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,

2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде
сақталды – 8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының
ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және
халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының
едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық Банк инфляциялық әлеуетті ұлғайтуды болдырмау және
экономиканың қызып кету қаупін төмендету үшін ақша-кредит
саясатын қатаңдаттырды. Өткен жылдың басынан бастап кері
қаржылдандырудың ресми ставкасы екі рет арттырылды: 1
сәуірден бастап – 8,0%-дан 8,5%-ға дейін, ал
1 шілдеден бастап 9,0%-ға дейін. Екінші деңгейдегі
банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3,5 %-дан
4,5 %-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайды, қысқа мерзімді
ноталар бойынша кірістілік 4,95 %-ға дейін (тиімді
кірістілік) өсті.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал
нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, еліміздің
экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін
ретейтін Агенттік құрылды.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд.
АҚШ долларынан асты.
2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің
жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды.
Көлік стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру басталды,
Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құру
тұжырымдамасы, Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару
тұжырымдамасы әзірленді, салық заңнамасы жетілдірілді,
Концессиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды.
Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының едәуір
жақсарғанына қарамастан, тұтастай алғанда, экономикалық
тұрақтылыққа әсер етуге, экономиканың қызып кету қаупін
күшейтуге қабілетті белгілі бір факторлардың бар екендігін
атап өткен жөн, бұл өз кезегінде, Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігінен көрініс табады.
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қырлары
Қазақстанның экономикасы шетелдік валютаның үлкен ағыны,
нақты және банк секторларының сырттан қарыз алу көлемінің,
сондай-ақ шетелдік инвестициялардың өсуі жағдайында дамуда.
Мұның барлығы экономикаға және теңгенің айырбас бағамына
нығаю жағына қарай инфляциялық қысым көрсетеді. Экономиканың
қаржылық тұрақтылығы үшін қатер туады. Кредиттік қоржынның
шетелдік капиталдың есебінен кеңеюі экономиканың өсуі
баяулаған және әлемдік нарық конъюнктурасы әлсіреген
жағдайда банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер
активтерінің сапасына кері әсер етуі мүмкін.
Кредит беруді салалар бойынша шоғырландыру проблемасы орын
алып отыр, себебі берілген кредиттердің негізгі үлесі
саудаға, құрылысқа, өндірістік емес салаға және жеке
кәсіпкерлікке тиеді, бұл экономиканың жекелеген салаларының
қызып кетуіне ықпал етуі мүмкін.
Экономиканың шикізатқа бағытталуы әлі күнге дейін үстем
болып отыр. Инвестициялардың ең көп ағыны өндіруші секторға
бағытталуда. Шикізатқа қатысты емес экспорт төмен деңгейде
қалып отыр. Экономиканы әртараптандыру мен жаңғырту әлеуеті
іске асырылмаған.
Ғылымды дамытудың басымдықтары анықталмаған. Ұлттық
инновациялық жүйені қалыптастыру аяқталмаған. Еліміздің
экономикасын әртараптандыруға бағытталған жүйе құрайтын ірі
инвестициялық жобалар бойынша нақты нәтижелер жоқ.
Отандық ірі бизнес экономиканы әртараптандыру үдерісіне
толық шамада тартылмаған. Екінші деңгейдегі банктер өңдеуші
өнеркәсіптің жобаларын қаржыландыруға ұмтылмайды.
Инфрақұрылым мен қызметтер көрсету сапасы елдің экономикалық
даму деңгейіне сәйкес келмейді. Бұл көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің, оның ішінде медициналық және білім беру
қызметтерінің сапасына да қатысты.
Орташа өмір сүру ұзақтығы төмен күйінде қалуда. Ана мен бала
өлімінің жоғары көрсеткіші сақталуда.
Еліміздің халқының өмір сүру сапасының жеткіліксіз жоғары
деңгейіне, демографияға, экономиканың жоғары ресурс және
энергия сыйымдылығы мен қоршаған ортаның ластануына
байланысты проблемалар сақталуда.
Мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік реформа жүргізу
жөніндегі жұмыс созылып кетті.
Бұлардың барлығы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық
факторлардың теңгерімін қамтамасыз ету негізінде еліміздің
тұрақты дамуы жөніндегі нақты шараларды талап етеді.
Қазақстан экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тиімділігін
күшейткен кезде ғана бәсекеге нақты қабілетті болады.
 4. Үкіметтің стратегиялық мақсаты
Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық
мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге
қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру
сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және
экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл
Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық
міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым
бағыттары белгіленген.
 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға
арналған бағдарламасының басым бағыттары
5.1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін
арттыру
Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру
бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін, бюджет-салық және
ақша-кредит саясатын реформалау, қаржы секторын дамыту,
табиғи монополиялар қызметін реттеу, бәсекелестікті және
кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ корпоративтік басқару
қағидаттарын енгізу жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда
тұр.
Экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру нәтижелерге
бағдарланған басқару жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылатын
болады.
Үкімет мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және
бюджеттік бағдарламалардың, сондай-ақ әрбір мемлекеттік
органның нәтижелілігі мен тиімділігінің мақсатты
индикаторларын әзірлейді және енгізеді. Осыған жоспарлау,
үйлестіру және бақылау жүйесі бағытталатын болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне, мемлекеттік қызметтердің
сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметін
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағдарлауға мүмкіндік
беретін нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.
Үкімет қолайлы салық және инвестициялық ахуал жасау,
бизнесті дамыту жағдайын қамтамасыз етеді, әкімшілік
кедергілерді жою, экономиканың өнімділігін арттыру жөніндегі
жұмысты жандандырады.
Бизнесті дамыту мәселелеріне төрешілдік араласуды азайтуға
ден қоя отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
жетілдірілетін болады. Кәсіпкерлікпен қарым-қатынастар
әріптестік, шындық және айқындылық қағидаттарында құрылатын
болады. Осымен қатар азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары кепілдіктерінің негізі ретінде жеке меншік
институтын нығайту жөніндегі шараларды қабылдау
жоспарлануда.
5.1.1. Мемлекеттік жоспарлау
Мемлекеттік жоспарлау елдің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін
қамтамасыз ету жөніндегі үдерістерді сүйемелдеуге және
басқаруға бағытталатын болады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілеттілігін орнықты өсіру стратегиясы, сондай-ақ
стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау, барлық
жоспарлау субъектілерінің мониторингі, оларды бақылау мен
олардың жауапкершілігі, мемлекеттік басқару органдарының
қызметін түпкі нәтижелерге бағыттау мәселелерін
регламенттейтін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі бірқатар
нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік
бағдарламалардың мазмұнына, оларды әзірлеу және бекіту, іске
асыру рәсімдеріне қойылатын талаптар өзгертіледі.
Мыналар жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қабылданатын
болады:
мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды енгізу;
мемлекеттік органдардың қызметін түпкі нәтижелерге қол
жеткізу мәніне бағалау;
мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік, бюджеттік
бағдарламаларды орындау тиімділігінің және мемлекеттің
стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі прогрестің
мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік
статистика жүйесін жетілдіру, мемлекеттік статистикалық есеп
беруді қайталауды болдырмау.
Экономикалық болжамдарды әзірлеу әдіснамасы жетілдірілетін
болады.
Мемлекеттік органдар ұсынатын шешімдердің экономиканың
бәсекеге қабілеттілігінің деңгейіне әсер етуін бағалаудың
арнайы тетігін әзірлеу алда тұр.
5.1.2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
Үкімет бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөніндегі жұмысты
жалғастыратын болады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты нәтижелерге бағдарланған
бюджеттік жоспарлау жүйесін енгізу болады.
Мұндай жүйе мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын,
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесін
бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар
жұмысының өнімділігін арттыру құралы ретінде пайдаланылатын
болады.
Бұл нәтижелерге бағдарланған бюджетке кезең-кезеңмен көшуді,
сондай-ақ тапсырыс беруші-орындаушы моделі бойынша,
бірінші кезекте, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен
келісім-шарттық міндеттемелерді енгізуді болжайды. Бюджеттік
бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын пайдалануда
көбірек дербестік беру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қоғам үшін ашық есеп беру жүйесі енгізіледі, сондай-ақ ішкі
және сырттан бақылау жүйесі жолға қойылады.
Бюджет қаражатын жұмсау бағыттары елдің стратегиялық
(бағдарламалық) құжаттарымен өзара байланыста болады және
экономиканы әртараптандыру әрі оның бәсекеге қабілеттілігін
арттыру бойынша айқын басымдықтарға ие болады. Тиімсіз
шығыстар қысқартылады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық
жобаларды бағалау және мониторингтеу әдістемесі енгізіледі,
оларды дайындауға қойылатын талаптар күшейтіледі.
Салмақты фискалдық және ақша-кредит саясатын жүргізу үшін
мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу
қарқынымен өзара байланыста болады.
Экономиканың шикізат секторына тәуелділігін төмендету және
бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын қысқарту
мақсатында Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану
тетігін жетілдіру алда тұр.
Жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін
айқындау кезінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу
деңгейі және бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі
ескерілетін болады.
Сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге де көңіл
бөлінеді.
Орта мерзімді кезеңдегі жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесі
жобасының негізгі ережелері бүкіл ел бойынша бірдей
қызметтер көлемін көрсетуді және олардың сапасын ескере
отырып, өңірлердің қаржыландыруға объективті қажеттіліктерін
есептеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айқындау болады.
5.1.3. Фискалдық саясат
Фискалдық саясат ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жағдайында салық-бюджет құралдарын, ең алдымен,
әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін
тиімді қолдануды көздейді.
Үкімет салықтық әкімшілік етуді жетілдіру жөніндегі жұмысты
жалғастырады.
Салық саясаты елдің индустриялық-инновациялық дамуын
ынталандыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, көлеңкелі
экономика үлесін қысқартуға және экономикадағы салықтық
жүктеменің ұтымды теңгерімін құруға бағытталатын болады.
Салықтық жеңілдіктер бойынша терең талдау жүргізу, олардың
экономиканың тиімділігіне әсер ету дәрежесін бағалау міндеті
алда тұр.
Салықтық ауыртпалықтарды заңды тұлғалардың кірістерінен жеке
тұлғалардың кірістеріне қайта бөлу міндеті кезең-кезеңмен
шешілетін болады, сондай-ақ халықтың кірісі мен шығысын
жалпы декларациялауды енгізу мәселесі зерделенеді.
Тұтастай алғанда, жүргізіліп отырған салмақты фискалдық
саясат бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің
қаржылық міндеттемелерін тиімді орындауға және шығыстарды
мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына бағдарлауға
бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекет пен бизнестің
мүдделерін ескеретін және ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
ҚР-дағы 2007 – 2009 жылдарға арналған саяси жүйе
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасы жайлы
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь