Сәкеннің сыршыл әлемі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.
1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.
1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б) П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді. «Домбра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.
С. Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С. Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімсі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С. Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.
1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.
1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С. Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ. Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды.

2006-10-20:

СәКЕННің СЫРШЫЛ әЛЕМі

Астанада дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин күндері өтті

Сәкен Сейфуллиннің ақиық ақындығы өз алдына, ол кісінің әңгіме, хикаяттар, “Тар жол, тайғақ кешу” атты тарихи мемуарлық роман жазып, әдебиеттің бар саласына атсалысып, сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ зиялыларының көш басында болғаны көзі ашық көпшілікке белгілі.

Ағартушы, әдебиеттің үлкен өкілі бола жүріп Сәкен Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірден тыс қала алмады. Ол 1920 жылы Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің І құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етіп, 1922 жылы “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды. Ал осы жылы Қазақ АССР Кеңесінің ІІІ съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Еңбек жолын Омбы қаласында бастап, кешікпей Ақмола қаласына ауысып, үлкен істерге араласқанша осы Ақмолада атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. Яғни, Сәкен Сейфуллиннің бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанада жыл сайын дәстүрлі әдеби күнінің аталып өтуі орынды десек, бүгінде елордада Сәкен Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді. Қаладағы іргелі орындардың бірі де ақын есімімен аталады. Міне, осы Сәкен Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университеттің ұйытқы болуымен дәстүрлі Сейфуллин күндері болып өтті. Алдымен университет іргесіндегі, содан соң С. Сейфуллин мұражайы алдындағы ақын ескерткішіне көпшілік тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан әрі көпшілік әдеби кешке қатысты. Кешті Сәкеннің інісі Мәжиттің қызы Рымжан Сейфуллина әсерлі әңгімемен бастаса, қалалық тіл басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы өрелі әңгіменің өрісін кеңейтіп, ақындар өлеңдер оқып, жыр кешін жандандырды.

Келесі күні Сәкен Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университетте ғалым Марат Әбсеметовтың “Сәкен Сейфуллин Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы” атты орысша кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Кітап авторы мұрағат құжаттарындағы жаңа деректерге сүйене отырып, С. Сейфуллиннің 1922-1924 жылдардағы Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіндегі атқарған аумақты іс-шараларын атап көрсеткен. Оның ұйымдастырушылық қабілетін, халық шаруашылығын басқару әдісі мен өзіндік ерекшелігін көрсете отырып, ірі мемлекет қайраткері ретіндегі тұлғасын аша түседі. Сол кездегі аштық пен індеттің зардаптарын жою, сауатсыздықты қолға алу, өндірісті, ауыл шаруашылығын, білім беру мен мәдениет, денсаулық сақтау жүйелерін қалпына келтіру және дамыту шараларындағы С. Сейфуллиннің жетекшілігі, атқарған іс-шаралары нақты баяндалған. Ел өміріндегі - халық санының алғашқы есебі, банк пен салық жүйесінің, мемлекеттік статистика, сақтандыру органдарының, архив пен мұрағат ісінің жасалуы және дамуы, Жер туралы заңның жасалынып-қабылдануы, шаруаларға ауылшаруашылық несиелерін беру, авиация, спорттық қоғамдар мен экология-жануарлар әлемін қорғау комитеттерінің құрылуы сияқты елеулі оқиғалардағы Сәкен Сейфуллиннің рөлі кітапта нақты деректермен көрсетілген.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде әдебиетші-тарихшылар Нұрғожа Оразов, Серік Тұрғынбекұлы, Хангелді Әбжанов, Владимир Петров, Амантай Кәкен, Асылгүл Рақымжанқызы сөз алып, жиналған көпшілік алдында кітап туралы пікірлерін білдіріп, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы, қоғамдық қызметі туралы ой-тұжырымдарын ортаға салды.

Ақиық ақынға арналған әдеби кештердің соңғы күні зиялы қауым өкілдері ақын атындағы университетте “Халқымыздың біртуар ұлы Сәкен” атты тақырыпта қорытынды кеш өткізді.

Берік САДЫР.

Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1939) .

С. Сейфуллин бұрынғы Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылы) өмірге келген. Әкесі Сейфолланың үй шаруашылығы жүдеу-жадаулы, бірде аш, бірде тоқ отыратын халде болған. Сәкен әуелі ауылда Ағаш аяқ атты молдадан хат танып, 1905 жылы Нілді (Успенский) мыс қорыту зауытындағы орыс-қазақ мектебіне түседі. Мұнан кейін Ақмоладағы приходская мектебінде екі жыл, қалалық училищеде үш жыл оқиды.

1913-1916 жылдары Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіріп, Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы ауылдық мектебіне мұғалім болып орналасады. Арада бір жыл өткен соң Ақмола қаласына келіп, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 1917 жылы қазақ комитеті құрылғанда Сәкен әуелі орынбасар, біраздан кейін оның бастығы болып сайланады. “Жас қазақ” ұйымын құрып, “Тіршілік” атты газет шығарады.

1917-1918 жылдар Сәкеннің саяси-қоғамдық істерге жігерлі араласуымен бірге, шығармашылық жұмыстарының да өрлей бастаған тұсы. Ақмола қаласында Кеңес үкіметі уақытша құлаған кезде Сәкен Совдептің бір топ басшыларымен бірге тұтқынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында, Омбының тұтқын лагерінде болады. 1919 жылы жолдастарының көмегімен тұтқыннан қашып шығып, ел арасында әртүрлі қызмет атқарады. 1920 жылы Қазақ автономиялы республикасын құру туралы тұңғыш Құрылтай съезіне дайындық қарсаңында Сәкен Қазақ өлкесін басқаратын ревком құрамына кіргізіледі. 1920 жылғы 4 қазанда өткен Қазақстанның Советтер съезінде Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланады.

1922 жылдың көктемінде Сәкен қасына бір топ серіктестерін алып, Бетпақдала арқылы Түркістан еліне өтіп, Ташкентке барады. Орынборға қайтып келісімен “Еңбекші қазақ” газетінің редакторлығы мен Оқу халық комиссариатының орынбасарлығына тағайындалады. Сол жылы күзде Қазақстан Халық комиссарлар советінің төрағалығына және Бүкілодақтық атқару комитетінің мүшелігіне сайланады. “Сәкеннің Орынбор дәуіріндегі творчестволық өміріндегі елеулі жұмысы Совет бағытындағы жас талапты ақын-жазушыларды, журналистерді өзі басқарып отырған “Еңбекші қазақ” газетінің айналасына топтастыра білуі, - деп жазады ғалым Есмағамбет Ысмайылов өзінің “Революционер ақын” деген еңбегінде. - Бұл ретте ол жас Сәбит Мұқановтың әрі оқып білім алуына және қаламы төселмеген кездегі алғашқы шығармаларын газет бетіне жариялап, қамқорлық көрсетуі қазақ совет әдебиетінің таңы атып келе жатқан дәуірдегі ең ізгі үлгі дәстүр еді. Сәкеннің қолдауымен Шолпан Иманбаева, Жақан Сыздықов, Мәжит Дәулетбаев, Сабыр Шарипов, Рахымжан Малабаев, Қайып Айнабеков, Аманғали Сегізбаев, Таутан Арыстанбеков және басқалары ең алғаш әдеби творчестволық жұмысқа араласады. Бейімбет Майлин, Кенжеғали Абдуллин, Молдағали Жолдыбаев, Нәзипа Құлжанова сияқты бұрын қаламы төселген жазушы, журналистерді газет жұмысына тартып, революциялық бағыттағы шығармаларын үздіксіз басып, советтік ақын-жазушылардың тобын көбейтіп, позициясын нығайтуға мүмкіндік тудырып отырды”.

1925 жылы Сәкен жауапты қызметтерден босанып, бірыңғай жазу жұмысымен айналыса бастайды. Арагідік жоғары оқу орындарында сабақ та береді. 1930-1937 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтта қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқиды. Әдеби шығармалары орыс тіліне аударылып, кітап болып шығып жатады. Қазақ әдебиетін өркендетудегі еңбегі бағаланып, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.

Кезінде “Қызыл сұңқар” атанып, Кеңес үкіметін орнатуға белсене атсалысқан Сәкен Сейфуллин де қызыл қуғын-сүргіннен қашып құтыла алмады: ақын жазықсыз тұтқындалып, 1939 жылғы 9 қазанда ату жазасына кесілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер
Күйші Сәкен Тұрысбеков
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) туралы ақпарат
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы. Тарих және тұлға
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz