Эксперименттік есептер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау.

1.1. Эксперименттік есептердің маңызы ... ... ... ..5
1.2.Есептердің классификациясы ... ... .8
1.3.Есептердің дұрыс шығарылуын тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4. Эксперименттік есептерді оқыту барысында қолдану ... ... ... ... ... ...12
1.5. Эксперименттік есептер шығару арқылы эксперименттік дағдыны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІ тарау.

2.1. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Эксперименттік зерттеу сипатындағы жеке тапсырмаларды орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3. Физикалық эксперименттік есептердің қойылуы ... ... ... 33
2.4.Физикадан эксперименттік есептер шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... 49
Физика – экспеименттік ғылым. Физиканың даму тарихына үңілсек, аса ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Эксперимент физика ғылымдарында негізгі таным әдістерінің бірі болып табылады. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов табиғат туралы ғылымдарда эксперименттің маңызы жөнінде былай деген: «Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын».
Физиканы оқыту процесінде эксперимент-оқыту әдісі және білім көзі бола алады. Мектептегі жасалатын эксперименттерді физика ғылымындағы іргелі тәжірибелердің қарапайым және көрнекті түрде қайталануы ретінде қабылдау керек. Оқу эксперименттерінің төмендегідей артықшылықтары бар:
- физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыға жеткіз;
- әртүрлі заңдарды және теорияларды тиімді түрде оқушыларға түсіндіру;
- оларға қоршаған орта жөнінде танымдық информация беру;
- оқушыларда терең және берік физикалық білім қалыптастыру;
- олардың шығармашылық қабілетін және физикалық ойлауын дамыту;
- физикалық шамаларды өлшеу білігі мен дағдысын қалыптастыру және т.б.
Дегенмен, оқу процесінде аталған дидактикалық мақсаттар толық орындалмай жатады. Оның себебі – демонстрациялық эксперименттерді және лабораториялық сабақтарды өткізуге бөлінген уақыттың аздығында және аталған оқыту әдістерінің мүмкіндіктерінің шектеулігінде. Сондықтан да, мектептегі физиканы оқыту барысында эксперименттік есептерді оқушыларға шығартып отырған жөн.
1. Внеурочная работа по физике. Под редакцией. О.Ф.Кабардина. Москва, «Просвещение», 1993г.
2. Физический практикум для классов с углугленным изучением физики. Дидактический материал 9-11 классов. Под редакцией Ю.И.Дина, О.Ф.Кабардина. Москва, «Просвещение», 1993г.
3. Усова А.В. Формирование у учащихся общих учебно-познавательных умений в процессе изучения предметов естественного цикла. – Челябинск, 1997.
4. Ковтунович М.Г. Домашний эксперимент. Физика. Логика. Психология. Рабочая тетрадь для сам. Работы уч-ся по спецкурсу в 9 классе. - Челябинск, 1999.
5. Ланге В.Н. Экспериментальные физические задачи на смекалку.
6. Физика в школе, № 4, 1991.
7. Методика преподавания физики в 6-7 классах средней школы. Под.редакцией В.П.Орехова и А.В. Усовой. Москва, 1972.
8. Математика и физика, № 1, 2002.
9. Развитие творческой активности школьников. Под. Редакцией А.М.Матюшкина.
10. В.А.Зибер. Задачи-опыты по физике, изд. 2. Л., Учпедгиз, 1995.
11. С.С.Мошков. Экспериментальные задачи по физике в средней школе. М., Учпедгиз, 1995.
12. С.Ф.Покровский. Наблюдай и исследуй сам. М., «Просвещение», 1996.
13. В.Г.Разумовский. Творческие задачи по физике для восьмилетней школы. М., «Просвещение», 1967.
14. И.М.Низамов. Задачи по физике с техническим содержанием. М., «Просвещение», 1967.
15. В.И.Лукашик. Сборник вопросов и задач по физике для 6-7 классов, изд.3. М., «Просвещение», 1970.
16. В.А.Золотов. Вопросы и задачи по физике, в 6-7 классах, изд. 3. М., «Просвещение», 1971.
17. М.Е.Тульчинский. Качественные задачи по физике в средней школе, изд. 4. М., «Просвещение», 1972.
18. С.Е.Каменецкий., В.П.Орехов. Методика решения задач по физике в средней школе. М., «Просвещение», 1971.
19. «Математика және физика», №3, 2003ж, 38-48 бет.
20. «Математика және физика», №3, 2004ж, 33 бет.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау.

1.1. Эксперименттік есептердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Есептердің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
1.3.Есептердің дұрыс шығарылуын
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4. Эксперименттік есептерді оқыту барысында
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5. Эксперименттік есептер шығару арқылы эксперименттік дағдыны
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ІІ тарау.

2.1. Эксперименттік есептерді шығару
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 19
2.2. Эксперименттік зерттеу сипатындағы жеке тапсырмаларды
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3. Физикалық эксперименттік есептердің
қойылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.4.Физикадан эксперименттік есептер
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Кіріспе
Физика – экспеименттік ғылым. Физиканың даму тарихына үңілсек, аса ірі
жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік.
Эксперимент физика ғылымдарында негізгі таным әдістерінің бірі болып
табылады. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов табиғат туралы ғылымдарда эксперименттің
маңызы жөнінде былай деген: Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі
бір тәжірибені жоғары қоямын.
Физиканы оқыту процесінде эксперимент-оқыту әдісі және білім көзі
бола алады. Мектептегі жасалатын эксперименттерді физика ғылымындағы іргелі
тәжірибелердің қарапайым және көрнекті түрде қайталануы ретінде қабылдау
керек. Оқу эксперименттерінің төмендегідей артықшылықтары бар:
- физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыға жеткіз;
- әртүрлі заңдарды және теорияларды тиімді түрде оқушыларға түсіндіру;
- оларға қоршаған орта жөнінде танымдық информация беру;
- оқушыларда терең және берік физикалық білім қалыптастыру;
- олардың шығармашылық қабілетін және физикалық ойлауын дамыту;
- физикалық шамаларды өлшеу білігі мен дағдысын қалыптастыру және т.б.
Дегенмен, оқу процесінде аталған дидактикалық мақсаттар толық
орындалмай жатады. Оның себебі – демонстрациялық эксперименттерді және
лабораториялық сабақтарды өткізуге бөлінген уақыттың аздығында және аталған
оқыту әдістерінің мүмкіндіктерінің шектеулігінде. Сондықтан да, мектептегі
физиканы оқыту барысында эксперименттік есептерді оқушыларға шығартып
отырған жөн. Айта кететін бір жайт, мектептегі физика оқулығында және
есептер жинағында мұндай есептер өте сирек кездеседі.
Жалпы айтқанда, эксперименттік есептер деп шығару барысында бірден-
бір әдіс ретінде физикалық эксперимент ғана қолданылатын есеп түрін айтады.
Мұндай есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді; физикалық
құбылыстың жүру процесін зерттейді және заңдар мен заңдылықтарды
тағайындайды; әр түрлі құрылғыларды жинайды т.б.

Эксперименттік есептердің маңызы
Мәтіндік есептерге қарағанда, эксперименттік есептерді шешу үшін
уақыт көбірек жұмсалады, сондай-ақ тәжірибені жасауда оқытушыдан да,
оқушыдан да белгілі бір шеберлікті, біліктілікті талап етеді. Алайда
осындай есептерді шешудің арқасында физика пәнін оқыту мәселесіне оңды әсер
болары анық. Эксперименттік есептердің негізгі артықшылықтарының ішінен
мына төмендегілерді атап өтуге болады:

1. Эксперименттердің кез келгені сияқты, эксперименттік есеп те оқушылардың
сабақтағы белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін арттырады, түрлі
құбылыстарға сараптама жасауға үйретеді және баланың сабақтарда жинаған
теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін жұмылдыра отырып, терең ойлау
қабілетін арттырады.
Эксперименттік есептерді шешу мәселесі балаларды өз белсенді білімін
арттыруға және әлемді белсенді түрде білуге құштар болуға үйренеді.

2. Эксперименттік есептер балалар білімінің формалды болуымен күресте көмек
көрсетеді. Эксперименттік есептерді талқылау барысында балалар белгілі
мысалдың көмегімен өз білімдерінің өмірге әбден қажет екендігіне, сол
білімнің арқасында түрлі физикалық құбылыстарды алдын ала болжауға
болатындығына, олардың заңдылықтарына сүйене отырып, тіптен, кейбір
құбылыстарды басқаруға да болатындығына көз жеткізе алады. Сондықтан да
теориялық, кітаби түсініктер шынайы мағынаға ие болады.
Эксперименттік есептер шығару нәтижесінде оқушылар терең, көңілдеріне
тоқылған біліммен қатар, оны өмірде қолдана білу тәжірибесін де алып
шығады.

3. Эксперименттік есепті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде оқушыларда ғылыми
дұрыс дүниетаным қалыптасады.
Осындай есептерді шеше отырып, оны тәжірибелер арқылы тексере отырып,
оқушылар әрқашан өздерінің алып жүрген білімінің растығына, физика
заңдарының шынайылығына және теориялық білімнің көрсеткіші тәжірибе
екендігіне, адамзатқа тек тәжірибе арқылы тексерілген білім ғана қажет
екендігіне көз жеткізеді.
Әрбір эксперименттік есепті шығару барысында оқушылар құбылыстар
арасындағы нақты байланыстар мен физикалық өлшемдердің өзара тәуелділігін
көреді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіну үшін және кейбір мәселелерді
шешуде тәжірибелердің маңызы зор екендігін байқайды.

4. Эксперименттік есептерді өз бетімен шешу арқылы оқушылар білімін
белсенді түрде жетілдіре отырып, шығармашылық зерттей білу қабілетін
арттырады. Бұл жерде олар тек есеп шығару жоспарын жасап қана қоймайды,
сондай-ақ кейбір мәліметтерді алу жолдарын анықтаумен қатар, өз бетімен
қажетті жабдықтарды құрастыру, тіптен, кейбір жасауларына да тура келеді.

5. Эксперименттік есептерді талқылау кезінде оқушылар өлшемдер нәтижесіне
сын көзбен қарап, тәжірибенің жүргізілу жағдайларына мұқият назар аудара
білуді әдетке айналдырады. Тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар
өлшемдердің көрсеткіштері әрқашан салыстырмалы түрде, шамамен
алынатындығын, олардың туралығына түрлі себептер әсер ететіндігіне көзі
жетеді. Сондықтан да, эксперимент жасаған кезде барлық кері әсер ететін
жағдайлардан арылуға тырысу қажет.

6. Экспеименттік есеп шығару оқушылардан қажетті есептеулер жасау үшін, көп
жағдайда, есептің мәнін түсіндіріп жатпастан, формулалардың мәнін дұрыс қоя
білуді талап етеді.

Әдетте эксперименттік есептердің оны шығаруға қажетті мәндері түгел
бола бермейді. Сондықтан оқушы алдымен физикалық құбылыс немесе заңды
жақсылаптүсініп, оны шешу үшін қандай мәндерді анықтап алу керек екендігін
ажырата білуі қажет және тек барлық мәндері түгел болғанда ғана формулаға
салып, түгелдей түсінген жағдайда ғана шығара алады.

Эксперименттік есептердің классификациясы

Эксперименттік есептер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді.
Сапалық есептер шығаруда сандық және математикалық көрсеткіштер болмайды.
Мұндай есептерде оқушылардан тәжірибе нәтижесінде болуы керек құбылысты
алдын ала болжау немесе берілген құралдар көмегімен өзі сол құбылысты
жасауы талап етіледі.
Сандық есеп шығару кезінде алдымен қажетті өлшеулер жүргізіледі,
содан соң алынған мәндерді пайдалана отырып, математикалық формулалар
көмегімен есептің жауабын шығарады.
Эксперименттің жасалған жеріне қарай, берілген есепке қатысының
дәрежесіне қарай эксперименттік есепті бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Есепті шығару үшін физикалық мәндерді не өлшеуді, не (прибордың)
құралдың паспорттық белгілерін пайдалануды (реостаттардың, шамдардың,
электрплиталар т.б.с.с.), немесе сол көрсеткіштерді эксперимент жүзінде
анықтауды талап ететін есептер.

2. Физикалық мөлшерлер арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді
рқушылардың өз бетімен анықтауын талап ететін есептер .

3. Шартында тәжірибенің жүру жағдайы сипатталған, ал оқушылар нәтижесін
айтып беруі тиіс есептер. Мұндай есептер оқушылардың өз ой түйіндеуіне сын
көзбен қарай білуіне үйренеді.

4. Қалай жасауын түсіндірместен, берілген құрал-жабдықтар көмегімен белгілі
физикалық құбылыстарды жасауды немесе есептің шартында көрсетілген
құралдарды берілген деталдардан құрастыра білуді талап ететін есептер.
Мұндай есептерді шығару балалардан шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін
және тапқырлықты талап етеді.
5. Физикалық көлемін көзбен анықтап, соңынан оның дұрыстығын тәжірибе
жүзінде дәлелдеуге арналған есептер.
Мұндай есептер оқушыларды өлшеу нәтижесін дұрыс болжауға, соның
арқасында тәжірибеге қажетті құралдар мен жабдықтарды дұрыс таңдай білуге
үйретеді.

6. Нақтылы тәжірибелік мақсаттар қойылатын өндірістік мазмұндағы есептер.
Мұндай есептерді экскурсиялар кезінде, оқу шеберханаларында, сондай-ақ
сабақтарда, түрлі құрал-жабдықтар, техникалық модельдерді қолдана отырып
қарастыруға болады.

Мұндағы келтірілген талдауларды шартты деп қарастырғавн жөн, себебі
түрлі топтар арасындағы белгілі шекара жоқ. Алайда ол оқытушыға есептерді
мақсатты түрде таңдауға көмегін тигізері анық.

Эксперименттік есептердің дұрыс шығарылуын тексеру

Есептердің шығарылу дұрыстығын экспериментті түрде тексеру олардың
түрі мен мазмұнына қарай түрлі әдістермен іске асырылады.

1. Өлшеулердегі дәлдікті арттыру мақсатында өлшеу құралдарын дұрыс таңдау
қажет. Тура өлшеу құралы жоқ болған жағдайда қойылған мәселедегі өлшемдерді
анағұрлым үлкен өлшемдермен алмастырған жөн, немесе үлкен көлемді, үлкен
массалы, үлкен қуатты т.б.с.с., немесе сапалық жағынан басқа денелерді
қолдануға болады.
Мысалы: Таразы және ұсақ гирлерді қолдана отырып, берілген болат
болаттың көлемін анықта. Жауабын мензурка көмегімен тексеру қажет. осы
болат көлемі 20см3 болсын делік. Қолдағы бар 25см3 бөлшекті мензуркамен
мұндай көлемді өлшеу мүмкін емес. Міне осы жағдайда: Он біркелкі болат
болттардың көлемін анықта, жауабын мензурка көмегімен тексер, деп
өзгертуге болады.
Массасы 500 г шойын гирдің суға батқандағы кері итеру күшін анықта.
Бұл есептің шешу жауабын дөңгелек циферблатты көрсетуші динамометр
көмегімен тексеруге болады.

2. Кейбір сандық есептердің шығуы басқаша тексеру әдісімен, яғни
ізделіп отырған шамалар басқа әдіспен, басқа жабдықтар көмегімен өлшенеді.
Мысалы, есепте сымның бір кесінді бөлігінің көлеміне қарай өздік
кедергісіне қарай оның кедергісі анықталған. Алынған жауапты Ом заңына
сүйене отырып, сол сым кесіндісінің кедергісін амперметр және вольтметр
көмегімен анықтау арқылы тексеруге болады.

3. Сапалық есептердің кейбірі жабдықтарда көрсетілген кестелер мен
төлқұжаттық мәліметтер арқылы тексерілді. Алайда, көптеген таблицалық
көрсеткіштер кең шеңберде (мысалы, керісінше тығыздығы – 1,4-1,6 гсм3,
шыныныкі – 2,5-2,7 гсм3, ағаштыкі -0,4-0,7 гсм3) айнып тұратындығын
ескерген жөн және оның үстіне, зерттеліп отырған дене, аның, қандай
материалдан жасалғандығы ылғи белгілі бола бермейді (мысалы, өздік кедергі
металдардағы қоспаларға байланысты болады), ал жабдықтардағы көрсетілген
сандық дәл көрсетілген мәндер кейде тексеруге жеткіліксіз болып жатады
(мысалы ол реостаттар, резисторлар кедергісіне, кедергі магазиндеріне,
шамдар қуатына, жиынтықтардағы жүк массасына т.б.с.с. байланысты.
Сондықтан да эксперименттік есеп объектісі ретінде денені затты немесе
жабдықты пайдаланбас бұрын мұқият тексеріп алу қажет, тәжірибе кезінде
барлық қажетті көрсеткіштерді жабдықтың этикеткасына немесе қажетті
таблицаға енгізіп қою қажет.

4. Кейбір мектептегі тәжірибелер жағдайында тексеру мүмкін болмайтын
сандық есептер бар (мысалы, пайдалы әрекет коэффициентін, жылу жоғалтуын
т.б. анықтауға). Ондай есептерді шығару кезінде оқушылармен түрлі
жағдайлардың тәжірибе нәтижесіне тигізетін әсері туралы талқылаған жөн.

5. Сапалық есептер, әрине, бақылау тәжірибесі көмегімен тексеріледі.
Мысалы есепте тәжірибенің сыйпаты берілген, оның нәтижесін болжап айту
қажет. Оқушы орындайтын тәжірибе оның жауабын растайды, немесе теріске
шығарады. Тәжірибенің және логикалық тоқтамның жартылай сәйкес келуі дұрыс
емес, сондықтан да, тәжірибе нәтижесіне теріс әсерін тигізетін қосалқы
факторларды жоққа шығару қажет.
Бақылау тәжірибесіне керекті жабдықтарды алдын ала таратудың қажеті
жоқ, себебі, оқушы тәжірибені жасап көруі міндетті түрде болады да,
кейіннен оның нәтижесін сәйкестендіруге тырысады.

Эксперименттік есептерді оқыту барысында қолдану

Мұндай есептерді сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады.
алайда, қолдану мақсаты, әдісі және соған сәйкес мазмұны, әрине әр түрлі
болады.

1. Эксперименттік есеп мазмұны аталмыш сабақ тақырыбы болып табылады.
Оны шығару кезінде жаңа түсініктер, заңдылықтар және тәуелділіктер
игеріледі. Мысалы, тізбек бөлігі үшін Ом заңын мынадай екі есепті шығара
отырып түсіндіруге болады: Берілген спиральдағы токтың күші оның қуатқа
тәуелді бола ма, жоқ па екендігін тексеру (егер болса, онда қалай).
Берілген тізбектегі ток күші оның қуатының тұрақты кезінде, оған
қосылып қойған магазин кедергісінің өзгеруіне байланысты бола ма, жоқ па
(егер болса, онда қалай) екендігін тексеру.
Бұл жағдайда берілген сұрақ оқушылардың жаңа заңдарды білуге
құштарлығын арттыруы тиіс. жаңа материалдарды білуге ынталандыру әдісінің
бірі – ол берілген мәселеге сәйкес тәжірибе таңдау болып табылады.
Есептердің шарттары мына төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс: а) есепке
керекті құралдар, құбылыстар оқушыларға бұрыннан таныс болуы тиіс. Тек
есепті шығаруға бір ғана түсінік немесе құбылыс таныс емес, ал сабақтың
мақсаты – саны түсіндіру болып табылады; б) есептің мазмұны оқушылар сабақ
кезінде шығаруы тиіс мәселені білдірмеуі қажет; в)қойылған сұрақ оқушыларды
аздап таң тамаша қалдырып, есепті шығаруға деген ынтасын оятуы қажет.
мысалы, атмосфералық қысым түсінігіне кіріспеден бұрын мынадай мәселе
қоюға болады: Беті картонмен жабылған суы тола стакан берілген. Егер оны
шапшаң төңкеріп қойса, суы төгіле ме, жоқ па? Талқылаудан соң тәжірибе
көрсетіледі. Су төгілмейді. Қанша тырысқанымен, неліктен екендігін, себебі
көз алдарында өтті емеспе, оқушылар әзірге түсіндіре алмайды. Міне сол
кезде мұғалім әлгі құбылысты түсіндіретін ұғымды келтіреді.

2. Есептерді теория жүзінде жасалған қорытындыны дәлелдейтін мысал
ретінде қолдану. Мысалы, денелер молекулаларының қозғалу жылдамдығы мен
температураның байланысы туралы сұрақты анықтағаннан кейін, мынадай есеп
шығаруға болады: Ыстық және салқын суы бар стакандарға бірдей марганцовка
түйіршіктерін тастады. Осылардың қайсысының суы жылдамырақ тегіс боялады?
Оқушылар есепті шығару нәтижесінде теория жүзінде жасалған қорытындының
дұрыс екендігіне көздері жетеді.

3. Есепті оқушылардың өтілген сабақты пысықтап, түсіну дәрежесін
тексеру үшін қолдану. Бұл жағдайдағы есеп шығару жаңа материалдарды игере
отырып, тереңдете түсуге көмектеседі.

4. Сабақты сұрау барысында эксперименттік есепті қолдану, оқушының
бұрын өткен материалдарды қаншалықты терең түсінгендігін анықтауға
көмектеседі. Тақтаға шақырылған оқушыға есептің мәтіні мен қажетті
құралдардың барлығы беріледі. Кейде, (егер уақыт жеткілікті болса) оқушыға
керекті құралдарды түгел емес етіп, немесе артық етіп беру пайдалы. Сонда
көп құралдың жетпей тұрған құралды анықтауына немесе берілген көп құралдың
ішінен қажеттілерін таңдауына тура келеді.

5. Эксперименттік есептердің шығарылуы кезінде жіберілген қателерді
талқылауға 15-20 минуттық жаттығулар жасаудың мәні зор. Мұндай жаттығуларды
жаңа тақырып алдында да, сабақты пысықтау кезінде де қолдануға болады.

6. Жылына бір екі рет тәжірибелік есеп шығарудан бақылау жұмысын алуға
болады. олардың санын біркелкі есептер варианттарының түрін оқытушы
физикалық зертханалардағы құрал жабдықтар жағдайына қарай өзі таңдайды.
Жаттығуларға қарағанда, тәжірибелік есептер бойынша бақылау жұмысын
оқушылар толық өз беттерінше жасайды.

7. Тәжірибелік есептерді жеке және жалпы үй жұмысы ретінде беру
оқушылардың ерекше ынтасын тудырады. Қалай болғанда да, үйде жасайтын
тәжірибеге керекті заттар мен құралдарды оқушылардың таба алатындығына
мұғалім сенімді болуы тиіс.

8. Анағұрлым күрделі тәжірибелік есептерді (олар бұл жинақта рет
санының жанына қойылған дөңгелек белгімен көрсетілген) физика кружогында
және факультативтік сабақтарда кеңінен қолдануға болады.

9. Қызықты сипаттағы эксперименттік есептер физика кештерінде және
жиындарда қолданылуы мүмкін.

Эксперименттік есептер шығару арқылы эксперименттік дағдыны қалыптастыру

Физика табиғат тану ғылымдарының негізгі салаларының бірі.
Физика – эксперименттік ғылым, ал тәжірибе – физикалық зерттеулердің
негізгі түрі. Мақсатына қарай тәжірибелер негізгі үш топқа бөлінеді.

А) теориялық қорытындыны, не гипотезаны тексеру жүргізуге арналған
тәжірибелер;

В) жаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға,
немесе тағайындалған физикалық заңның қолданылу облысын кеңейтуге арналған
тәжірибелер;

Б) теориялық есептеулер арқылы тікелей тағайындауға болмайтын физикалық
тұрақтылардың немесе физикалық шамалардың сан мәндерін анықтауға арналған
тәжірибелер.

Жоғарыда аталған тәжірибелердің алдына қойған мақсатына сай жасалып,
өмірде нақты эксперимент ретінде талай физикалық заңдылықтардың
нақтылауына, ғылыми прогрестің дамуына өз үлесін қосты. Алдағы уақытта
ғылым дамуы үшін – эксперименттік тәжірибені ештеңемен алмастыруға
болмайды.
Бүгінгі физика пәнінің мұғалімдерінің алға қойған басты мақсаты оқушы
бойындағы эксперименттік дағдыны қалыптастыруға баулу керек. ол үшін
мынадай бағыттармен жұмыс істеу керек.

1. Физика пәнінен алған білімдерін өмірде, тұрмыста қолдана білуге баулы.
Ол үшін оқушыларға үнемі Физикасыз - өмір жоқ, өмірсіз – физика да бола
алмайды- деген қағиданы естен шығармауы керек екендігіне басты назар
бөлеміз.
Осы қағиданы есте сақтай отырып, эксперименттік дағдыны оқушы бойында
қалыптастыруы үшін.

А) кез келген заттан немесе құбылыстан физиканың заңдылықтары мен
құбылыстарын іздей білуге және оны өздерінің жағдайына жаратуға кеңес
беремін.

В) физикалық заңдылықтарды немесе формулаларды тұрмыстағы өз проблемаларын
шешуге: неге?, қайда?, не үшін?, неге олай?- деген сұрақтарға нақты
есептеулер арқылы жауап табуға баулу. Эксперименттік есептер шығарту.
Эксперименттік дағдыны күнделікті тұрмыста, өмірде қалыптастыруға
бірден-бір септігі тиетін мәселе – физиканың керек екенін сезіну.
Сыныпты оқыту барысында қолданылған эксперименттік дағдыны
қалыптастыру тәжірибесіне тоқталайық. Жоғарыда аталған 1-ші яғни, кез
келген заттан физиканы іздеуді былайша жүзеге асырауға болады.
Мысалы: - сіздің қолыңызда кез келген зат болсын; (кілт, желім, сабын
немесе айыр, күрек).
Сол әрбір заттың физикалық қасиетін бала – көзбен көріп - отырып
эксперименттік тұрғыда анықтау керек:
Мысалы: Сабын – қатты, белгілі формасы бар немесе желім – сұйық, оның
формасы жоқ. Желім – сұйық, оның формасы жоқ, көлемі – белгілі. Желімді
стаканға құйсақ стаканның формасын қабылдайды. Матаға, қағазға құйса ше?
Неге олай? – деген сұраққа оқушы жауап іздейді. Оқушы шай ішіп отырғанда
немесе анасы тамақ істеп отырғанда да эксперименттік дағдыны қалыптастыруға
болады. Қайнаудың, отынның жану жылуының, энергияның, диффузияның,
конвекцияның, буланудың одан артық тәжірибесі болуы мүмкін емес.
Мұғалімнің мақсаты – оқушыны физикалық құбылысты көре білуге,
мектептегі оқушының алған білімін өмірде тұрмыстағы проблемаларды шеше
білуге бағыт-бағдар беру.
Оқушы физикадан алған білімдерін күнделікті өмірде қолданса өз
пайдасына асырса, оның пәнге деген қызығушылығы сөзсіз артады. Осылайша
бағдар алған оқушылар физиканың келесі сабағында міндетті түрде қызық
сұрақтар дайындап келеді:
Мысалы: Өсімдіктерде физика жоқ қой?, Адам демалғанда ешқандай
физикалық құбылыстың қатысы жоқ?, мен сізбен сөйлесіп отырғанда физиканың
не қатысы бар? - деген сияқты. Осылардың бәрінен мұғалім физикаға қатысты
бір нәрсені тауып, оқушыға бағдар беріп көзін жеткізсе, оқушының сабаққа
қызығушылығы сөзсіз артады.
Ең бастысы – мұғалім терең білімді болуы керек те – оқушының көзін де
соған жеткізу керек. жас тәуелсіз еліміз Қазақстанның – болашағы бүгінгі
ұрпақ. Білімді мыңды жығатындай - болып өсуіне үлес қосуымыз керек. ал, 2-
ші мәселеде көбіне тұрмыста қолданылатын эксперименттік есептер шығартуға
болады.
Эксперименттік есептер – құрылысы жағынан мәселе есептерге ұқсас,
бірақ қажетті шамалар тәжірибеден алынады. Оқушылар мұндай есептерді шығару
үшін қойылған проблемаға байланысты қажетті заңдылықтарды анықтап, өз
күшімен тәжірибелер жүргізеді, өлшеулер жасайды. Қажетті шамалар алынғаннан
кейін, эксперименттік есеп мәселе есепке айналады. Физиканы оқып үйренуде
оның мағынасын терең түсінуде эксперименттік есептер орындаудың мәні
ерекше. Оқушылар құрал-жабдықтармен танысып, өлшеулер жасау құбылыстарын
қолдан жасап, көзімен көреді. Тіпті қарапайым тәжірибенің өзін оқушы
қызығып жасайтын болады.
Мысалы: 1. Бірдей ыдысқа екі түрлі сұйық құйып қайнат. Екеуінің де
массасын өлшеп, кеткен жылуды есепте.
2. Бірдей сұйықты екі ыдысқа бірін толтырып, 2-шісін жарты етіп
қайнат. Тағы да жылу мөлшерін есепте.
3. Температурасы әр түрлі екі сұйықтың массасын, температурасын өлшеп
алып, қайнат. Уақытын салыстыр. Жылу мөлшерін есептеп салыстыр.
Енді осы алынған нәтижелерден ғылыми қорытынды жаса. Жылу мөлшері –
сұйықтың тегіне, 2-ші сұйықтың массасына, 3-ші сұйықтың температурасына
тәуелді.
Электр тогы бөлімін өткенде де көптеген эксперименттік есептер
шығаруға болады. амперметрмен тізбектегі ток күшін өлшей отырып, реостат
арқылы ток күшін азайтып көбейтіп вольтметрдің көрсетуін бақылаған
оқушылар, тізбектегі ток күші мен кернеудің байланысын графикке түсіре
алады.
Электр тогының жұмысын есептегенде оқушы жұмыстың қуатқа байланысты
екенін; 60 Вт немесе 100 Вт лампаның қайсысы үй бюджетіне тиімді екенін
эксперимент жүзінде анықтауға болады.

Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі

Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесінде адамның әр түрлі сезім
мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет
келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Бұл жағдайда
физикалық эксперименттің маңызы зор.
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын,
шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан арттыруға болады.
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан, оның туа бітуі
мүмкін емес. Оқушы қабілеті дегеніміз, оның педагогикалық ықпал аясындағы
білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту әдістері шығармашылық
қабілетінің дамуына әсер етеді. Әрбір оқушы оқу материалын шығармашылық
деңгейде игере алады, яғни шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл үшін оның
шығармашылық ойын дамыту негізінде оқуға, яғни өздігінен білім алуға үйрету
қажет. Сондықтан, ең алдымен оқушы даяр білімді мұғалімнің түсіндіруімен
алатын дәстүрлі оқыту практикасынан бас тарту керек. Бізде әлі күнге
мектепте сабақтағы бірден бір белсенді тұлға – оқу материалын түсіндіруші
мұғалім, ал оқушының рөлі тыңдаумен, оқумен және оны білімді тексеру
кезінде қайта айтып берумен шектеледі. Шығармашылық үрдістегі басты мәселе
– есептің шартынан оның шешіміне барар жолдағы логикалық алшақтықты түйсік
арқылы жеңу. Толғандыратын мәселе (есеп, зертханалық жұмыс, эксперименттік
тапсырма, т.б) оны толық билеп, күші мен назары соған ауады. Адам басқа
жұмыстармен шұғылданса да, оның сана түкпірінде осы мәселенің шешімі
қарастырылып жатады. Оның ұзақтығы шығармашылық қызметтің тәжірибесіне
байланысты. Бастапқыда оқушы есепті бір апта немесе одан да көп уақытта
шығаруы мүмкін. Ол оның сана түкпірінде жүреді. Ол есепте міндетті түрде
шығарады, тек ешкімнен көмек сұрамауы маңызды. Шығармашылық қызметтен
тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады.
Шығармашылық қабілеттерін арттыруда эксперименттік тапсырмаларды үйге
берудің маңызы ерекше. Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы
төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды
зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер.
Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі сирек кездеседі.
Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы,
біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреді (кітапты оқу, есеп шығару),
екіншіден оқушының алдына тек қана өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау
арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.
Үй тапсырмасына эксперименттік тапсырмалар беру оқушының мынадай
қабілеттерін және шеберліктерін дамытады.
Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізін ажырата білу, зерттеу,
эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау).
Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық
білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен
құралдарының жұмыс істеу принципін түсіну).
Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін
анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі
мен пайдалану ережелерін сақтау).
Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық,
т.б.).
Физикадан эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше
қызығушылықты тудырады. Өйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық
(техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін эксперименттік
тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірөатар мәселелерді
шешуге бағытталған:
- тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
- физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы
функцияналдық тәуелділікті анықтау:
- физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін
түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс
реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы
міндетін анықтау);
- тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және
есептеулер жүргізу (электр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының
қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы
анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру;
егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
- техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май
қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибеде
тексеріп, құбылысты түсіндіру керек).
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру
процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулері тез
игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт
қажет. Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы
дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және
тереңдетуге көмектеседі.
Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің
шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына
арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы
мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге
үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және
реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және бақылауларды баяндау
оқушыға көргенін терң ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі
эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық
шамалар берілсе және жауабын тәжірибеде тексеру қажет болса, онда есептің
шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлкерінде есепті шешу және баяндау
қажет болады. егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Мысалмен көрсетейік.
Есептің қойылуы. Керекті құрал-жабдықтар: тік бұрышты қаңылтыр банка,
таразы, масштабты сызғыш, суы бар ыдыс, құм. Банканың вертикаль қалыпта
суда жүзуі үшін ішіне құм салады. Банканың суға батқандағы тереңдігін
анықтау керек.
Берілген есептің шартын сурет салып, астына сұрағын қою арқылы жазса
да болады. Сосын анализ жасайды, еспті шешу үшін қандай өлшеулер жүргізу
керектігін анықтайды.
Талдау. Банкаға әсер ететін ауырлық күші және астынан әсер ететін
кері итеруші күш теңескенше банка суға бата береді. Бұл жағдайда .
Бірақ Архимед күші денемен итерілген сұйықтың салмағына тең болғандықтан,
, мұндағы V- банканың батқан бөлігінің көлемі, ρ- судың тығыздығы.
Батқан бөлігінің көлемі табан ауданы мен бату тереңдігінің көбейтіндісіне
тең. сыдан (1). (1) формуладығы құмы бар банканың салмағын білуі
керек. Судың тығыздығы мен банканың табанының ауданын білу керек.
Өлшеулер. Динамометрмен салмағын, ұзындығы мен енін сызғышпен
өлшейміз. Ауданын анықтаймыз. .
Есептеулер. Тығыздықтың, салмақтың және ауданның мәндерін формулаға
қойып, бату тереңдігінің биіктігін (h) анықтайды.
Тәжірибелік тексеру. Банканың вертикаль қабырғасына түсті сызықпен
бату тереңдігін белгілейді. Тәжірибе көрсеткендей, табылған мәнімен
есептелген биіктіктің мәні сәйкес келеді.
Эксперименттік есептерде тәжірибені қажет болғанда ғана қояды, кейбір
есептерде фронтальды тәжірибе қойылуы мүмкін.
Мысалы:
Сызғыштың көмегімен судың стакан түбіне түсіретін қысымын өлшеу.
Электр лампасының тұтынған тогының қуатын анықтау.
Есептің қойылуы. Үстел үстінде тк бұрышты қаңылтыр қалбыр, таразы,
ұсақ гирлер, масштабтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
Эксперименттік есептерді шығару жолдары
Мектептегі экспериментті есептерді шығарудың ерекшеліктері
Физикалық есептерді шешу жолдары
Физиканың оқыту әдістемесі
Есепті шығару жолы
Ток күші
Алгебра және анализ бастамаларын оқыту барысында математикалық анализдiң негiзгi ұғымдарын есептердi пайдаланып қалыптастыру
Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы
Пәндер