Түркі халықтарының тарихы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Қалалық қоныстар
ә) Шаруашылық және қоғамдық құрылыс
б) Мәдениет ескерткіштері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Орыс және басқа тілдерде жазылған шығармалардың көбісінде түріктерді көшпелілер ретінде көрсетуге тырысу белең алған. Махмуд Қашқари жазып алған аңыздарда Ескендір заманында Мәуараннахрда, Талас пен Шу алқабында қала тұрмысының әлі жүзеге келмегендігін аңғартатын тұстар бар. Бірақ сол заманның өзінде-ақ көп қалалардың болғандығын тарихи және археологиялық деректерден біле аламыз.
Ош (3000 жыл), Самарқан (2500 жыл), Түркістан (2500 жыл), Бұхара, Рамитен, Байкент және Мерв сияқты қалалардың түркілер тарапынан салынғандығы жөнінде көне иран және еврей аңыздары хабар береді.
Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер негізінде б.з.б. VI-IV ғасырлардағы Орта Азияда қалалардың 3 типінің болғандығын атап өтпекшіміз:
1. Ішкі және сыртқы дуалдары мен ішкі бекінісі бар қалалар (Марақант). Олар егіншілік шаруашылығы дамыған оазистердің саяси және мәдени орталықтары ретінде көрінген.
2. Тұрғын үйлі дуалдары бар үлкен қалалар. Мұнда 3-4 қатар қалың дуалдар тартылған, үлкен алаңқайлары және бар. Бұл дуалдардың арасындағы жерлер халықтың негізгі тұрғын алаңы болып есептелінген. Қаланың ішкі жағында, әсіресе орта тұсында ешқандай құрылыстар жоқ және бұл жерлер қоғамдық мал тұрағына арналған болуы керек.
3. Қалың дуалдардан жасалған үлкен тұрғын массивтер, олардағы бекіністердің ішкі жағы тұрғын үйлер есебінде пайдаланылған.
ХХ ғасырдың ақырында орыс ғалымдары тарапынан Ыстықкөл (Қырғызстан) төңірегіндегі барысқандықтардың қала мен қалашықтарының орнында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғындардың шыны ыдыстары табылды.
Қазақстан мен Орта Азияның әр түрлі жерлерінен көптеген қорымдар, тұрақтар, қалалар орындары табылып, олардан тас, қола, темір, мыс, алтын және ағаш-сүйек бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандық ыдыстары, шырағдандар, еңбек құралдары, қару-жарақтар және ат әбзелдері – ер-тұрман заттары қазып алынды. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және бейнелерімен сәнделген.Сондай-ақ, қабірлер үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың жаңа үлгілері пайда болған. Бесшатыр обаларынан алынған материалдар Жетісудағы сақ тайпалапының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі.
1. А. Ювалы, Н. Имашова «Жалпы түрік тарихы» Түркістан, 2004 жыл.

2. Р. Артаоғлы, Б. Баймаханов «Қысқаша түркі тарихы» Шымкент, 2001 жыл.

3. А. Ювалы, С. Әбушәріп, С. Сыздықов «Түркі халықтарының тарихы» 2 бөлімдік. Бірінші бөлім: көне заманнан бүгінге дейін. Түркістан, 2004 жыл.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Қалалық қоныстар
ә) Шаруашылық және қоғамдық құрылыс
б) Мәдениет ескерткіштері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Орыс және басқа тілдерде жазылған шығармалардың көбісінде түріктерді
көшпелілер ретінде көрсетуге тырысу белең алған. Махмуд Қашқари жазып алған
аңыздарда Ескендір заманында Мәуараннахрда, Талас пен Шу алқабында қала
тұрмысының әлі жүзеге келмегендігін аңғартатын тұстар бар. Бірақ сол
заманның өзінде-ақ көп қалалардың болғандығын тарихи және археологиялық
деректерден біле аламыз.
Ош (3000 жыл), Самарқан (2500 жыл), Түркістан (2500 жыл), Бұхара,
Рамитен, Байкент және Мерв сияқты қалалардың түркілер тарапынан
салынғандығы жөнінде көне иран және еврей аңыздары хабар береді.
Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер негізінде б.з.б. VI-IV
ғасырлардағы Орта Азияда қалалардың 3 типінің болғандығын атап өтпекшіміз:
1. Ішкі және сыртқы дуалдары мен ішкі бекінісі бар қалалар (Марақант).
Олар егіншілік шаруашылығы дамыған оазистердің саяси және мәдени
орталықтары ретінде көрінген.
2. Тұрғын үйлі дуалдары бар үлкен қалалар. Мұнда 3-4 қатар қалың дуалдар
тартылған, үлкен алаңқайлары және бар. Бұл дуалдардың арасындағы
жерлер халықтың негізгі тұрғын алаңы болып есептелінген. Қаланың ішкі
жағында, әсіресе орта тұсында ешқандай құрылыстар жоқ және бұл жерлер
қоғамдық мал тұрағына арналған болуы керек.
3. Қалың дуалдардан жасалған үлкен тұрғын массивтер, олардағы
бекіністердің ішкі жағы тұрғын үйлер есебінде пайдаланылған.
ХХ ғасырдың ақырында орыс ғалымдары тарапынан Ыстықкөл (Қырғызстан)
төңірегіндегі барысқандықтардың қала мен қалашықтарының орнында жүргізілген
зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғындардың шыны ыдыстары
табылды.
Қазақстан мен Орта Азияның әр түрлі жерлерінен көптеген қорымдар,
тұрақтар, қалалар орындары табылып, олардан тас, қола, темір, мыс, алтын
және ағаш-сүйек бұйымдар көмбелері: қазандар, құрбандық ыдыстары,
шырағдандар, еңбек құралдары, қару-жарақтар және ат әбзелдері – ер-тұрман
заттары қазып алынды. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде
адамның бедерлі және бейнелерімен сәнделген.Сондай-ақ, қабірлер үстіне
орнатылған іргелі құрылымдардың жаңа үлгілері пайда болған. Бесшатыр
обаларынан алынған материалдар Жетісудағы сақ тайпалапының мәдениеті туралы
түсінікті байыта түседі. Олар осынау тұрғындардың көп жылдық тәжірибені,
қбірлерді салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлерді тұрғызу
кезінде де жинақтағанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары таза көшпелі
болмаған, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барып, қысқы тұрғын үйлерінде
қыстаған деген қорытынды шығады.
Б.з.б. мыңжылдықтың басында Түркістанның ертедегі тайпалары темірдің
тез балқитын түрлерімен таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын
орналасқан Суықбұлақ қоныс-жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған
темір кенінің үйіндісіне қарап білуге болады. Дегенмен, ежелгі Қазақстанда
мыс пен қалайы өндіру неғұрлым басым болды.
Қарақалпақстан территориясындағы Бұқан, Нұра тауларында, Құзбай құм
үңгірінде, Өзбекстанның басқа аймақтарының жер астындағы лабиринттерінде
мыс балқытатын пештер болған. Байсұнтау, Кухи-танге, Чатқал, Құрама
тауларында мыс, алтын, күміс өндірілген жерлер анықталды.
Массагеттердің өлкелерінде деп хабарлайды грек тарихшылары, алтын мен
қоладан көп көлемде жебе,найза, қылыш және соғыс балталары жасалынатын.
Алтыннан дулыға және белбеу (белдік) істелінетін. Олардың аттарының ауыздық-
жүгендерінің элементтері алтыннан жасалынған.
Демек, ежелгі сақ-массагеттердің еңбек құралдары, қару-жарақтары,
қазандары және т.б. тұрмыстық бұйымдары олардың метал құю техникасы мен
көркемдік мәдениетінің жоғары, Түркістанның ертедегі темір дәуірінде
металлургия өндірісінің ірі орталығы болғандығын дәлелдейді.
Алтын, күміс, мыс өндіру ісі Манғыстауда, Нұрата
тауларының Қызылқұмда, Заравшанда, Усрушанда қолға алынғантын. Заравшан
өзенінің суына қой терісін малып алып, оған жабысқан алты
түйіршіктерін жинап алып отырған. Әрине, алтын өндірудің орталығы. Алтай
болған. Мыс Қарақалпақстанда, Бұқан таудың оңтүстгінде Ферғананың Науқат
ауданында өндірілген. Темір Ангрен, Ходжен Алмалық өңірінен табылған
(Массон). Таза, мөлдір май түріндегі жанар май (мұнай) Әмудариядағы
А.Макдонский шатырының жанында, Тедженде, Ферғанада атқылап ағып
жатқан (Страбон, Ферғана, Қызылқұм, Нұрата таулары және Ақтау
(Самарқанның оңтүстігі) бирюзаға (көгілдір аспан түстес тас) өте
бай аймақтар саналған. Ал Ходжент тауларынан, Ферғана және Соғдиянадан
лазурит -(көк жылтыр тас) табылған. Ол, әсіресе, Бадахшаннан
алынған Сондай-ақ, Хорезмде ахшайна атгы бір әдемі тас өндірілген.
Геродот массагеттерді бір жағынан аттарының тұла бойы мыс қалқанмен
көмкерілген, екінші жағынан жеміс-жидектерді жеп көректенетін және шамандық
рәсімлерді ұстанған арал тұрғындары деп сипаттаған. Страбон оларды 4 топқа
бөледі. Жабайы жемістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Түркітану ғылымы және Түркітануға кіріспе
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Түркі халықтарының ортақ мәдениетіне назар аудару
Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Пәндер