Түрік тектес түргеш тайпалары



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Түргеш қағанаты
2. Қарлұқ қағанаты

ІІІ. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УП-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сүрген Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкок» жазуында айтылған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бәрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы:
Оқу құралы.- Алматы, 1997.

2. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта
ғасырдағы Қазақстан.- Алматы,
1995.

3. Қазақстан тарихы: көне заманнан
бүгінге дейін: Очерктер.- Алматы:
Дәуір, 1994.

4. Мусин Ч. Қазақстан тарихы: Оқу
құралы.- Алматы, 2005.

4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республика-
сының тарихы: Оқу құралы.-
Алматы, 1999.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Түргеш қағанаты
2. Қарлұқ қағанаты

ІІІ. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Түргеш қаганаты
Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын
мекендеген, ал УП-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар
өзінен бұрынғы өмір сүрген Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп
тайпалардың бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер
Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал
түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек Тоныкок жазуында
айтылған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара
түргеш тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу,
Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас
аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу
аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда
Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік
жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі
Бәрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін
орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші
орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа
бөлікке бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды
жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін
басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды
Согдиана еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді.
709 жылы Күтеиб Моуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана
патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді,
сөйтіп Бұхараны басып алады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-
қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі
және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін
сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста
түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен
оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп
төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде Белісу
жанында түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға
қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары
арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш Ташкент қаласы тұрғындары және
ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп
отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа
шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста
қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады.
Түргеш қағанаты Сұлу қағанның 715-738 жж.тұсында қайта күшейе бастады.
Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы
Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы
Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары
мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес
жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұктарымен және Шаш тұрғындарымен
бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз
әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды.
737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті,
бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы
Бағатархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және
"қара" түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті
өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан Қытай
империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748
жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш
қаласының билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751
жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб
әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге
созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар
көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды
ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап
кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш
қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756
жылы құлады.
Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары
сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады.
Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мұндай
ұзақ уақытқа созылған саяси күрес кағанаттың экономикалық және мәдени
жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш
қағанаты бұрынғы Батыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін,
әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы
құлағаннан кейін бұрынғы көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік
қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен
Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы
мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық
Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орталығы
болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.

Қарлұқ қаганаты
Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл
кезде қарлұқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын
қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік
және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-
бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының
билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының
құрамына енген қарлұқтар оның билеу-
шілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.
742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның -
қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді.
Қағанат билігі аз уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Қазақ этнонимінің синонимі
Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Алғашқы түркі мемлекеттері
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Түркі қағанаты
Пәндер