Сабақтың тәрбиелік потенциалы


Сабақтың тәрбиелік потенциалы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
ТАРАУ І. МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы . . . 6-19
- Сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктері . . . 20-21
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Мұғалімнің сабақтың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудағы ролі . . . 22-24
2. 2. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі сабақтың тәрбиелік потенциалын жезеге асырудың жолдары . . . 24-26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
ҚОСЫМША . . . 30
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елiмiздiң үкiметi соңғы жылдары қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлқы қалыптастыру тұжырымдамасы, Жалпы бiлiм беретiн мектептер тұжырамдамасы, Этникалық мәдени бiлiм беру тұжырымдамасы сияқты тарихи құжаттарда қандай азамат тәрбиелеу керек, жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек деген мәселе күн тәртiбiне қойылып, оған ғылыми дәйектi жауап iздестiрiлген. Қазiргi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп оқушыларын тәрбеилеудiң үлгi бағдарламасында жоғарыда көрсетiлген тарихи тұжырымдамалар мен ел басшысы Н. Назарбаевтың ғасырлар тоғысында ғылыми - теориялық еңбегiне негiздей отырып, тәрбиенiң түпкi мақсаты-қоғамның нарықтық қарым -қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рүхани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын, iзгiленген ХХІ ғасырды құрушы iскер, өмiрге икемделгiш, жан-жақты мәдениеттi жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасалған. Соған орай тәрбие бағдарламасының жаңа жобасында көзделген басты принциптер: бiрiншiден-қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты тәрбиенi таптық тұрғыдан қарастырып әсiресе саясаттандыруға негiздемей, жалпы адамзаттық мәдениетпен ұлттық мәдениеттiң озық үлгiлерiн кiрiктiре пайдалану, мәдени байлық барлық қоғам мүшелерiне бiрдей ортақ деп санау, тәрбие мәселесiне культурологиялық тұрғыда қарау, үшiншiден-жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiру iсi қоршаған орта арқылы iске асырылатындықтан оқушының дүниеге көзқарасын қарым-қатынаспен тәрбиелеп қалыптастырудың жолын қарастыру болып отыр. Төртiншiден-бұрын баланы тек тәрбиеленушi объек деп қарап тәрбиешi-ұстаздар қауымы өз беделдерiмен ықпал етiп келсе, ендi оларды тәрбие iсiне белсене қатыстыра отырып, әрi тәрбиенiң объектiсi, әрi өзiн-өзi тәрбиелеушi саналы субъект деп қарау, баланың жеке басын бағалау, онымен санасу, сенiм бiлдiру, ынтымақтаса iс- әрекет ету, бесiншiден-адам тәрбиесi әрi биологиялық, әрi психологиялық процесс болғандықтан тәрбие iсiн баланың жас және жеке басына тән даралық ерекшклiктерiн ескере жургiзу, алтыншыдан-оқу-тәрбие iсiн iзгiлендiру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыта тәрбиелеу, жетiншiден- тәрбиенiң түрлерi өтпелi кезең талаптарына сай қайта қаралып, оның мiндетi, мақсаттарын нақтылау мәселесi ойластырылды. Сегiзiншiден-әр сыныпта, оқу-тәрбие жүйесiнде берiлетiн бiлiм, бiлiк, дағдылар көлемi ескерiлiп, сыныптан тыс тәрбие жұмысында мумкiндiгiнше кеңейтiлiп жалғасын тапты. Тоғызын- жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiрудiң нәтижесiн, тәрбиелiк деңгейiн анықтаудың iшкi механизмiн ашуға зер салынды.
Сабақ-күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сондай-ақ сабақ-оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде америка философи-идеалист, АҚШ педагогикасына зор ықпал жасаған Джон Дьюн (1859-1952) келешекте мектеп болмайды деген болжау айтқан. Олай болса мектептерде оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақта жойылады. Бірақ оның жорамал ойы орындалмады, керісінше сабақ бүкіл дүние жүзі елдеріндегі мектептерде бірте-бірте дамуда және заман тілектеріне сәйкес өзгеруде.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан; жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсетстін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрстетін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірдс Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдсрін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке, дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зеріханалык әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырма-ларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты -тұлғаның оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Сабақты оқушылар үшін тиімді және қызықты өткізе отырып, тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір ғалымдар, жаңашыл мұғалімдер (М. Н. Скаткин, М. И. Махмутов, В. Ф. Шаталов, Е. И. Ильин т. б. ) белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық жағдай, бұл мұғалімнің шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемімен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық жұмысы, білімнің белгілі көлемі мен сапасының шындығы, ынтымақтастық, яғни мұғалім мен оқушылардың бірлескен шығармашылық еңбегі, лабораториялар мен кабинеттердің қазіргі заманға лайық жабдықталуы. Екіншіден, дидактикалық жағдай-бұл оқыту процесінің принциптерінің және әдістерінің заңдылықтарын сақтау және тиімді етіп пайдалануды қамтамасыз ету, сонымен бірге жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін терең зерттеп, пайдалана білу, өйткені, олар оқыту әдісіне бірсыпыра жаңалықтар енгізілді.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілетті барлығын жұмысқа трата және қызықтыра білетін педагогикалық құралы-балалар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, оларды атап айтқанда, оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі. Оқытудың ұжымдық мәні әрбір баланы оқытады, тәрбие ісіне мұғалімнің тікелей басшылығымен белсене қатысады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйретуші, кейде үйренуші болып барлық балаларды, ал олар әрбір баланы оқытады және тәрбиелейді.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
«Сабақ», «сабақтың тәрбиелік мәні», «сабақ формалары мен түрлері» мәселелері көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен зерттелген. Зерттеушілердің ішіндегі орыс зерттеушілерінің еңбектерінде сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктері көптеп зерттелген (И. Н. Казанцев, С. В. Иванов пен А. Даниловтардың еңбектері) . Ал, қазақстандық зерттеушілерден Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, К. Сейталиев атап өтсек болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктерін теориялық негіздеу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
-Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасының мәнін ашу;
-Сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктері мәніне сипаттама беру;
- Мұғалімнің сабақтың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудағы ролін ашып көрсету;
-Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі сабақтың тәрбиелік потенциалын жезеге асырудың жолдарын зерттеу.
Зерттеу әдістері-мектеп құжаттары, әңгіме, бақылау, сұхбат, озат пед-лық бөліміне зерттеу.
ТАРАУ І. МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқытуды ұйымдастыру формасы-оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
- Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
- Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма-кезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
- Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
- Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқаңда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып-сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумсн қатар олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Оқу процесі әрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары сан түрлі: сабақ (дәстүрлі түсінімде), дәрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дәріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дппломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пән үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс және т. б .
Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келесі тәлім-тәрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ -оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дәл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шәкірттерге игерілуі тиіс пән негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен әдістерін қолданып, танымдық және басқа да іс-әрекеттерді ұиымдастырады, онымен бірге оқушыларды тәрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар-жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың әрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-әрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан және сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы -бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық мақсатқа оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылық-тары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады. Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі-сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықылас іс-әрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
-дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері;
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік және дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дәрістерін өткізу тәсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары және т. б.
Дәріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
-білімді бақылау, тексеру.
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың әр-түрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні-дәрісбаян (лекция) .
Дәрісбаян оқу процесінің өзіндік арнайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие формасы. Дәрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дәріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілік баға беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді. Сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау ағымдық қорытындылау және шолу түрлерімен ажыралады.
Оқу дәрістерін өткізу әдіс-тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері төмендегідей:
- ақпараттық дәрісбаян - түсіндірме-көрнекілік әдіспен өткізілетін дәстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі:
- проблемді дәрісбаян-оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мәселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процессі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, әрқилы көзқарастарды салыстыру және т. б. жолдармен орындалатын оқу шарты;
- көрнекілі (визуалды) дәрісбаяноқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;
- бинарлы дәрісбаян(диалогты дәрісбаян) оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;
-шатастыру дәрісбаяны (лекция провокация) -мұндай дәрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсаты оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға және көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дәрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;
- Дәрісбаян-конференция-ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сәйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады әрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
- Кеңес дәрісбаяндар«сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
- Екеу дәрісбаяны(лекции вдвоем) -бір пән не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дәріс жүргізеді. Оқушылар қатысына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:
- жалпы мақсаттарына байланыстыоқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тәрбиелік, дамытушылық дәрісбаяндары ажыралады;
- ықпал-әсеріне орай:көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дәрісбаяндар қолданылуда.
Құрылымдық жағынан, әдетте, дәрісбаян үш, кіріспе, негізгі және қоры-тынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады жоспармен міндеттер таныстырылады, негізгі және қосымша әдебиеттер көрегіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі.
Семинар -меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешей оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізіне ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен құжаттардан, қосымша әдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі.
Жүргізу тәсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны- семинар-сұхбат: оқытушының қысқа кіріс сөзі және қорытындылауымен жоспарға сәйкес кең әрі ашық сұхбат-әңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың әр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады әрі толықтырылады.
Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара болып алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар ссминар сабағында тыңдалады және талқыланады.
Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлеріп қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу-конференциясы -білім арттыру, бекіту және жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Әдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар , практикумдар -оқушылардың мұғалім-дер тапсырмалары және басшылығында зертханалық тәжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пән кабинет-терінде, зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тәжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарын-да өткізіледі.
Факультатив сабақтар- оқу пәндерін оқушылардың өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шәкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сәйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пәндерін тереңдете игеру;
- қосымша пәндерді (логика, риторика, шет тілдері және т. б. ) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пәндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тәжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары -әрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау және зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көр-ме, табиғат аясы жағдайларынла жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.
Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік табиғаттану, өлкетану, әдеби, жағрапиялық және т. б. болып ажыралады.
Білімдену мақсаттарына тәуелді тақырыптық және шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пәндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика және химия, биология және география) . Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады [2] .
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде пайдаланылғаны жөн.
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі-бұл экспедиция-экологиялық жағдайлармен тануға, тарихи деректер және ауызекі әдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс- оқу ұйымдастыру формасы ретіндс жоғары мектеп жүйесінде оқу пәнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-әрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет мәселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім орындарының оқушылары курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай жұмыс жалпығылымдық, математикалық не арнайы пәндер бойынша дайындалалы. Оларды орындау барысында студенттер техникалық, технологиялық және математикалық проблемаларды шешеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz