«Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері»



КІРІСПЕ ... ... ...1

1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫ . ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Қазақстан Республикасының мұнай газ секторының даму ерекшеліктері ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстан Республикасының территориясындағы шетелдік және отандық жұмыс істейтін компаниялар: шығындарды қалыптастыру ... ... ... ... ... .15
1.3 Инвестициялық жоба көлеміндегі баға қалыптасуының теоретикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... 26


2. КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕ БАҒА ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ..36

2.1 Шағын және орта бизнестегі баға құру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.2 Мұнай бағаларының қалыптасу динамикасы ... ... ... ... ... ... .45
2.3 Мұнайға ішкі және әлемдік бағалар, мұнай экспорты ... ... ... ... ... ... ... ... .57


3. МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫНДА БАҒА ҚҰРУҒА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІ ... ..66

3.1 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
3.2 Ұңғы сағасынан түпкі тұтынушыға дейінгі бағаның қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
3.3 Әлемдік және ішкі нарықта бағаның құрылуына экономикалық және геосаяси факторларды бағалау ... ... ... ...89


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .93

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ..96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ..97
Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы «Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері». Осыған орай қазіргі таңда біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай жылдар бойына басым бағыт болып қала береді.
Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалады. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Алдағы мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген, кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған мемлекеттік саясат қажет.
1 Алшанова Р.А. «Казахстан на мировом и минеральро-сырьевом рынке». –Алматы, 2004


2 Бердалиев К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». –Алматы, Экономика, 2004

3 Даниэл Джонстан «Международный нефтяной бизнес». ЗАО «Олимп-Бизнес». Москва 2000

4 Дунаев В.Ф., Епихова Н.П., «Экономика преприятии нефтяной газовой промышленности». ЦентрЛидНефтиГаз, Москва 2004

5 Джиембаева Қ.І., Насибуллин Б.М. мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау Алматы 2005

6 Махмутова С.Б. «Ценообразование». Алматы 2006

7 Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы, Экономика 2003

8 «Ммұнай және мұнай өнімдерінің нарығы». (дәріс жинақтары), ААлматы 2005

9 « Маңғыстау энциклопедиясы». 2000

10 Николас К.Сирополис «Управление малым бизнесом». Москва Дело 2003

11 «КазТрансОйл» журналы 2004

12 ҚР салық кодексі. Алматы:Юрист, 2006

13 Перзинь И.Э., Пукинова С.А., Совчанко Н.Н, Фалько С.Г. «Экономика предприятий» Дрофа, Москва 2003

14 Тайкулакова Г.С., Ускенбаева А.М., «Инвестициялық жобаларды басқару» А.М. Алматы 2006

15 Тайкулакова Г.С., Алшембаева Л.Т. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы 2006

16 Трацевский И.П., Грекова И.М. «Ценообразование». Минск ООО «Новое знание» 2000

17 Черника Д.Г. «Налоги». Москва 2003

18 Орысша қазақша сөздік. Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы 1998

19 Сырьямытников Е.С, Победоносцева Н.Н, Зубарева В.Д, Шпанов В.А. «Организация планирования и управление нефтегазового добывающими предприятиями».
Москва Недро 1997
20 Сүлеймен Р.Т. «Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік». Алматы 1999
21 Сиго И.И. «Основы экономики и управления». Издательство Экономика Москва 1993
22 www.googel.ru
23 www.rambler.ru
24 о земле, о недрах и недропользовании. Алматы «Жеті жарғы» 1999
25 Черника Д.Г.Налоги, Москва 2006

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы
Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері. Осыған орай қазіргі таңда
біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және
мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел
инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс
істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің
әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі
өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай,
сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға
болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы –
мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас
қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін
кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр
болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен
көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық -
әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының
бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай
жылдар бойына басым бағыт болып қала береді.
Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының
2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық
саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан
кетіп, одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып
айқындалады. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық
жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік
субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Алдағы
мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда,
экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі
құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген,
кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған
мемлекеттік саясат қажет.
Мұнай – газ секторында компания мынадай қызметтер көрсетеді:
Отандық мұнай – газ рыногының бәсекелік артықшылықтарын бағалау, мұнай-
газ секторы дамуының стратегиясын қалыптастыру саласында және жергілікті
нарыққа кірудің оңтайлы жолдары туралы мәліметтер беру, қазақстанда мұнай
қызметін бастағысы келетін компаниялардың мүдделерін білдіру, мұнай мен газ
саласында инвесторлармен жасалатын келісімдердің техникалық, экологиялық,
экономикалық және өзге аспектілерін сараптамалық бағалауды
ұйымдастыруды жүзеге асыру. Сондай ақ кенорындарын әзірлеудің
технологиялық тәсілін құрастыру, мұнай өндіру, жинау, тасымалдау және
дайындау, газды тазалау, кептіру және өңдеу, мұнай мен газдың
технологиялық шығындарын анықтау және нормалау саласындағы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған
мақсаты болады ол табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып,
тиімді жолмен пайда түсіру болып табылады.
Зерттеу заты. Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне
бағаның құрылуы. Баға оның құрамындағы элементтерімен өте тығыз
байланыса отырып құрылады. Өндірілетін мұнайда парафиннің жоғары
құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл белгілі бір қиындықтарға
әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының қатаң жағдайларына
байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының артуымен
байқалады. 2001 жыл мен 2002 жылдың басында орын алған мұнай мен
мұнай өнімдеріне ішкі бағаның төмендеу кезеңінен кейін соңғы айларда
өндірістің күннен күнге өсіп отыратын шығындары және әлемдік
бағалардың артуы әсерінен ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне баға
динамикасының өзгерісі орнады. Қазақстандық экономиканың шикізаттық
емес секторы әлсіз дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық тұрақтылық
жағдайын бере алмайтындықтан экономикаға мұнай табыстарының осындай
әсері оның мұнайға деген әлемдік бағаладың ауытқуына күшті тәуелді
етеді. Мұнайға бағаны болжауда мұнайға деген сұраныстың әсері есепке
алынады. Ол өз кезегінде әлемдік экономиканы дамытумен, жаңа технологиялар
мен энергия көздерін енгізумен анықталады. Сонымен қатар, әлемдік
нарықтардағы мұнай ұсынысы және оны тасымалдау мүмкіндіктері де есепке
алынды.
Зерттеу объектісі. Жасалынған жұмыстың басты объектісі
болып мұнайгаз өндіретін компаниялар болып табылады. Қазір мұнай және
газ өндіретін компаниялар жылдан жылға өсіп келуде. Олар өндіретін
мұнайының сапасы, көлемі, түрі, барлануы, өңделуі, жеткізілуі сияқты тағы
басқа көптеген қызмет көрсетулерімен ерекшеленеді. Қазақстан әлемдік
бірлестікте мұнайлы держава ретінде танымал. Қара алтынның өңделуі мен
экспорты үлкен көлемдегі бюджеттік табыс болып табылады. Компанияларға
берілетін жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге
жетелейді. Бүгін Қазақстанның ең ірі компаниялары мұнай өнімдерін
тасымалдаудың балама бағыттарын іздестіруде және қазіргі бар мұнай
тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. өткен жолымыз
бізге болашаққа сенімді үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҰНАЙГАЗ СЕКТОРЫ – ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.
1.1. Қазақстан Республикасы мұнайгаз секторының даму ерекшеліктері.

2000 жылдан бастап Қазақстан экономикалық өсу үстінде.
Энергетикалық сектордағы шоғырланудың көп бөлігін құрайтын
энергетикалық реформалар мен шетел инвестициясы мұндай өсудің ең басты
катализаторы болып табылады. Бұрынғы Совет Одағы республикаларының
ішіндегі шикі мұнайды сыртқа шығару (экспорттау) жөнінен Қазақстан
Ресейден кейінгі екінші орында. Каспий аймағында Қазақстан шикі
мұнайдың ірі қорларына ие. Құрлықтағы, сол сияқты шельфтегі
көмірсутегінің анықталған қоры 1,2 – 1,4 млрд теңге шамасында
бағаланады.
Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олар:
солтүстік аймақты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін Павлодар зауыты,
батыс аймақта – Атырау мұнай өңдеу зауыты, оңтүстік аймақта Шымкент мұнай
өңдеу зауыты, олардың өңдеу қуаттылығы жылына 21,0 млн теңгені құрайды
(күніне шамамен 427 мың баррель мұнай). 2005 жылы бұл 3 мұнай өңдеу
зауыттарының барлығы шамамен 11,2 млн тонна (күніне шамамен 224 мың
баррель мұнай) шикі мұнай өңдеді. Павлодардағы МӨЗ ішкі мұнайды батыс
Сібірден алады, Атырау МӨЗ Қазақстанның батыс аймағындағы отандық
мұнайды өңдеумен айналысады, ал Шымкент МӨЗ қазіргі уақытта Қазақстанның
оңтүстік аймақтарының мұнайын пайдаланады. АМӨЗ жылу бойынша
европалық стандарттарды қанағаттандыратын қосымша қуатты іске қосу
үшін жетілдіру кезеңінде. Қазақстан – газдың нетто экспортшысы. Қазақстан
га қорының көп бөлігі Каспий теңізі маңындағы батыс аймақта. Дәлелденген
газ қорының 25% Қарашығанақ кенорнында орналасқан. Мұнай құбырларының
инфрақұрылымы көрші елдерден өтетін болғандықтан көмірсутегі қорын
пайдалануда. Қазақстанның географиялық орналасуы да басты роль атқаратын,
халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Кесте 1 – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу
қуаттылықтары


Мұнай өңдеу зауыттары Қуаты жылына млн.т.
Павлодарлық зауыт 7,5
Атыраулық зауыт 4,5
Petrol Kazakhstan ON Products 6,5

Сурет 1 – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу
қуаттылықтары
2001 жылдан бері жұмыс жасап тұрған КТК мұнай құбыры басты
экспорттық артерия болып табылады. Оның ұзындығы 1500 км. Ол теңіз
кенорнынан басталып, Ресей территориясынан өтіп, Қара теңіздегі
Новороссийск Ресей порты жанындағы КТК теңіз терминалында аяқталады. УАС
мұнай құбыры Атырау, Маңғыстау кенорнындарынан Ресейге мұнай тасымалдау
үшін қызмет етеді. Мұнай құбыры жүйесінің ұзындығы Қазақстанның оңтүстік
батысындағы Өзеннен Атырау теңіз портына дейін 1232 км құрайды. Одан
кейін мұнай құбыры Ресей территориясымен өтіп, Самарада Транснефть
ресейлік жүйесімен бірігеді. 2002 жылы маусымда Қазақстан Ресеймен мұнай
транзиті жөнінде 15 жылға келісім шартқа қол қойды. Осы келісім шартқа
сәйкес Қазақстан Ресейлік мұнай құбырлар жүйесі арқылы жылына аз дегенде
17,4 млн тонна (күніне шамамен 350 мың баррель мұнай) мұнайды сыртқа
шығарады. 2005 жылы шамамен 30,5 млн тонна шикі мұнай (күніне шамамен 610
мың баррель мұнай) УАС мұнай құбыры арқылы өткен. Жалпы экспортқа
шығару жылына шамамен 52,4 млн тонна (күніне шамамен 1 100 000 баррель
мұнай) құраған.
Ұзындығы 1767 км құрайтын Баку – Тбилиси – Джейхан
мұнай құбыры шикі мұнайды Бакуден Жерорта теңізі жағасындағы Джейхан
түрік портындағы жаңа теңіз терминалына мүмкіндік беріп, Каспий және
Жерорта теңіздері арасындағы бірінші тіке құбыр болып табылады. 2001
жылға қарай Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбырымен 50 млн тонна мұнай
(күніне шамамен 1 млн баррель мұнай) тасымалданбақ. Мұнай құбырының
құрылысы 2005 жылдың мамыр айында аяқталып, 2006 жылы шілдеде іске қосылды.
Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры Каспий маңы Азербайжан секторындағы
Азери – Чираг – Гюнашли кенорны өнімін айдау үшін пайдаланылады деп
жоспарлануда. Бірақ мұнай құбырының пайдаланылмаған өткізу қабілеті
болуы себепті ол Каспий теңізімен Қазақстан Азербайжанмен өткізу
мүмкіндігін ашуға келіссөздер жүргізуде.
2005 жылы желтоқсанда Қытай мен Қазақстан Атырау –
Дущанцы мұнай құбырының бір бөлігі болып табылатын 614 мильге созылған
Атасу – Алашонькоу мұнай құбырының телімін пайдалануға берді. Атасу –
Алашонькоу мұнай құбырының алғашқы өткізу қабілеттілігі жылына 100 млн
тонна (күніне шамамен 200 000 баррель мұнай) құраса, жылына 20 млн
тоннаға (күніне шамамен 400 000 баррель мұнай жоспарлы түрде ұлғайту
көзделіп отыр. Қазақстанда мұнай мен кондесат өндіру 2005 жылы қаңтарда
12,3 % өсіп 26,129 млн тонна құрады. Газ – 45,5 % өсіп, 11,344 млрд
текше метр табиғи газ (2004 жылы 155,9%) өндірілді.
Қазақстан көмірсутек ресурстары. Мұнайгаз өндіру ҚР
негізгі және тұрақты дамып келе жатқан экономика саласы болып табылады.
Ұлттық жалпы өнімнің, бюджеттік табыстың, елге құйылатын валюталық
түсімнің басым бөлігін мұнайшылар қамтамасыз етеді. Барланған мұнай мен
конденсат қоры бойынша әлемде 12 – орын алады, алдыңғы қатарлы мұнай
өндіретін елдердің арасында қазақстан 23 орында. Қазақстандағы қуат
көздерінің жалпы көлемінің 30% мұнай құраса, газ – 13 - 15% құрайды.
Қазақстан жер қойнауындағы әлемдегі көмірсутек қорының 2% ие.
Дәлелденген көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кенорнын қамтиды,
87 мұнай, 17 газ, 30 мұнайгаз, 25 мұнай мен газ конденсаты, 20 мұнай
конденсаты кенорындарына ие. Мұнайгазды аудандар Республиканың 1,7 млн
кв. км жерін алып жатыр (Қазақстан территориясының 62%). Қазақстанда
дәлелденген мұнай қоры 2,8 млрд. Тонна және газ 1,8 трлн. куб метр, ал
жоспардағы - шамамен 12 млрд. тонна мұнай және конденсат және шамамен 3
трлн. метр куб газ.
Елдегі көмірсутек қорының 23 бөлігі 5 кенорнының үлесіне
тиеді. Жартысынан көбі Теңіз кенорны қоры, қалған бөлігі 4 кенорны
үлесіне тиеді. Олар Өзен мен Қарашығанақ, Жаңажол мен Құмкөл. Каспий
теңізі шельфі мен оның жағалық зоналарының болашағы зор. Геофизикалық
зерттеулер нәтижесінде 100 мың кв. метр шамасындағы алаңда 12 млрд. Тонна
мұнай қоры көзделген 96 құрылым оқшауланған. Басқа да аймақтар одан кем
түспейді. Сонымен, Ақтөбелік топтар және Орталық - Шығыс Прорва
кенорнының батыс алаңы кенорнындарында алынатын мұнай қоры 115 млн.
тоннаға сәйкес 7,4 млн. Тонна көзделуде. Теңіз және Қарашығанақ
кенорнындарында 40 млн. тоннадан аса мұнай мен 30 млрд. текше метр газ жыл
сайын өндірілмек. Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстанның басқа да
аудандарында 1 млрд. тонна мұнай қоры ашылатын аудандар бар. Қорлардың
мұндай тез өсуі Қазақстан үшін көмірсутек шикізатының ірі қоры бар
алғашқы он елдің ішіне еніп, Персия шығанағы елдеріне бәсекелес болуға
мүмкіндік береді.
Мұнайгаз секторындағы шетел инвестициясы. 6 жыл бұрын
шетел инвестициясын тарту саясаты өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі күні
мұнайгаз саласында приватизациялық жобаларды қоспағанда қол қойылған
келісімдердің жалпы құны 40 млрд. долларды құрайды. Каспий теңізі
кенорындарын игерумен байланысты ашылып жатқан мүмкіндіктер өте көп
инвестиция талап етеді. Қазақстан және шетел сарапшыларының бағалауы
бойынша капиталды шығын 160 млрд. доллар құрайды. Оның ішінде 10 млрд.
доллар шамасында кенорындарын барлау мен бағалаудың бастапқы кезеңіне
жұмсалады. Бірақ бұл каспий айсбергінің тек ғана бастапқы бөлігі.
Қазақстанның континенталды бөлігі мен Каспий теңізі шельфіндегі орасан
зор көмірсутек қорлары мұнай машина жасау, қызмет көрсету компанияларын
дамытуға, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар, мұнай өңдеу және
мұнайхимия базаларын құруға жол ашады. Жыл сайын жаңа кенорындар
өнеркәсіптік өңдеуге енгізіліп, мұнай өндіруші компаниялардың тізімі
өсуде. Республикалық мұнай өндіруде қазақстандық мұнайдың 86%
өндіретін 7 компания басты роль атқарады. Олардың ішіндегі көшбасшысы
Теңізшевройл компаниясы. Өндіру көлемі қарсылас үш компанияның
(Маңғыстаумұнайгаз ААҚ, Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау, Karachaganak
Petroleum Operating B.V.) көрсеткіштеріне тең. Бұдан басқа 1 млн.
Көмірсутек қорын жылына Торғай Петролиум ЖАҚ және Қаражанбасмұнай АҚ
өндіреді. Мұнай өндіретін компаниялардың алғашқы ондығын БМ
аяқтайды.
Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылауды қоспағанда Қазақстанда барлық
негізгі мұнай өндіретін компаниялар шетел инвестициясына ие. Мұндай
жағдай үкіметтің саланы дамыту үшін шетел капиталын барынша кеңірек
тартқандығын және жер қойнауындағы әлі де игерілмеген ресурстарын
пайдалануды оңтайландыру үшін мұнай өндіретін компаниялардың тәжірибесін
кеңірек пайдаланылғанын көрсетеді. Теңізшевройл ЖШС БМ Қазақстандағы ең
ірі мұнай өндіретін мекеме болып табылады. Теңізшевройл БМ (ТШО) 2004
жылы мұнай өндіруді 6,7% өсіріп, 13 млн. 600 мың тоннаға жеткізді. Газ –
4,7 млрд. текше метр. Теңіздегі өндірілетін мұнайдың бәрін ТШО КТК
құбырымен шетелге шығарады. ТШО – ның үлесінде елдегі мұнайдың төртінші
бөлігі тиеді. Қазіргі уақытта теңізде ТШО екі ірі жобаны іске асыруда.
Олар – газды пластқа айдау (ПЗГ) және екінші ұрпақ жобасы (РВГ). ПЗГ
нысандарының құрылысын аяқтау 2005ж. 2 – кварталына жоспарланған. Бұл
жобаларды іске асыру Теңіз кенорнында мұнай өндіруді жылына 20 млн.
Тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. 1993 жылы, БМ құрылған кезде мұнай
өндіру 1 млн 300 мың тоннаға жетті. Одан бері мекеме жылына жобамен 1-
2 млн. тоннаға өндіріс көлемін арттырып отырды. 2006 ж. кейін екінші
ұрпақ зауыты іске қосылып, газды пластқа айдау жобасы іске асқан кезде
мұнай өндірісі бүгінгі көрсеткіштен екі есе ұлғаюы тиіс. Бұл жобаларға
инвестиция 4 млрд. 400 млн. долларды құрайды. Жалпы Теңіз кенорнын игеру
жобасының инвестициясы 40 жылға есептеліп, 20 млрд. долларды құрайды.
1979 жылы ашылған ірі кенорнының мұнай қоры 750 млн. тоннадан 1,125 млрд.
тоннаға жетеді деп көзделуде. Қазіргі уақытта америкалық Chevron Texaco
және Exxon Mobil ТШО дағы үлесі 50 %және 25 %, Lukarko 5%, Қазмұнайгаз
ұлттық мұнайгаз компаниясы - 20%.
Қазмұнайгаз мұнайгаз компаниясы 2005 жылы 1-тоқсанында
мұнай мен газ конденсатын өндіруді 9,7% 2,241 млн. Тоннаға жеткізді.
2005ж. Қаңтар – мамыр аралығында мұнай мен газ конденсатын өндіру 8,9% 3
млн. 799 мың тоннаға өсті. Мұнай өндірудің өсуін жаңа интенсивті
технологияларды енгізу қамтамасыз етті. Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау
біріккен компаниясы 2004 жылы 1 сәуірде 2 ірі мұнай өндіретін мекемені
біріктіруден құрылды (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз). Өзенмұнайгаз ӨФ
Өзен кенорнын игеруде. 1997 жылы Қазақстан бойынша мұнай өндіру дәрежесі
жылына 23,3 млн. тоннаға жетті. оның 16 млн. тоннасын Өзен беріп тұрды.
Ембімұнайгаз ӨФ 1999 жылы 1 шілдеде Ембімұнайгаз және Теңізмұнайгаз
ААҚ біріктірумен құрылды. ӨФ құрамына 10 филиал кіреді. Олардың 6
мұнайгаз өндіруші басқармалар: Жайықмұнай, Доссормұнай, Мақатмұнай,
Қайнармұнайгаз, Прорвамұнай, Құлсарымұнай және 3 негізгі өндіріске
қызмет көрсетуші мекеме. Қызметкерлердің жалпы саны 6605 адам.
Ембімұнайгазда 39 игеріліп жатқан кенорны бар. Қазіргі уақытта өндіру
34 кенорнында жүріп жатыр. 2003 жылы 1 қаңтарда іске қосу қоры 1937
ұңғыны құрайды, соның 1889 жасап тұр. Өнеркәсіптік категориядағы
бастапқы мұнай қоры төмендегідей: балансты – 522,7 млн. тонна, алынуда
-215,9 млн. тонна.
Agip KCO консорциумы – Қашаған кенорны жобасының операторы.
Қазіргі уақытта Каспий теңізі Қазақстан шельфіндегі Қашаған кенорнын
әзірлеу үшін құрылған Agip KCO консорциумы қатысушыларының құрамы
төмендегідей: Солтүстік Каспий жобасының бірыңғай операторы ЕNI,
әрқайсысы 18,52% үлесі бар Total, ExxonMobil, Royal Dutch Sheii.
ConocoPhillips – 92,6%, Inpex және Қазмұнайгаз - 8,33% үлес. Қашаған
кенорнында алғашқы мұнай 2000 жылы жазда Восток - 1 ұңғысында
өндірілді. Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде өнеркәсіптік дамытуға
2007 – 2008 жж. кірісу көзделуде. Қашаған мұнайының алынған қоры
7-9 млрд. баррельге бағалануда. Мұнайдың жалпы геологиялық қоры – 38
млрд. баррель. Қашағанның және Қазақстанның басқа да каспийлік блоктарын
игеру есебінен мұнай өндіретін ірі 10 елдің қатарына кіре отырып, жыл
сайын мұнай өндіруді 150 млн. тоннаға (күніне 3,5 млн баррель) жеткізу
есептеліп отыр. Республиканың батысындағы Ақтөбе облысында көмірсутек
шикізаты кенорнын әзірлейтін Қазақстан – Қытай біріккен СNPC –
Ақтөбемұнайгаз АҚ мекемесі Қазақстандағы ірі мұнай компанияларына
кіреді. 2004 жылы СNPC – Ақтөбемұнайгаз мұнай өндіруді 14,4% 5 млн. 320
мың тоннаға арттырды, газ 2249 млн. текше метр. Мұнай өндіруден табыс 1
млрд. долларды құрады. 2005 жылы компания газ өндіруді 34% 2,994 млрд.
текше метрге жеткізді. 2005 жылы СNPC – Ақтөбемұнайгаз Жаңажол газ өңдеу
кенорнының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. СNPC – Ақтөбемұнайгаз
мұнайын тұтынушы PetroKazakstan OH Products және Павлодар МӨЗ.
Өндірілген мұнайдың 1 бөлігі теміржолмен Қытайға жөнелтіледі.
Қытайлық CNPC 1997ж Ақтөбемұнайгаз АҚ 60,3 акциясын алды.
2003 ж. мамырда Қазақстан Қытай жағына 25,12% көлеміндегі акциялар
мемлекеттік пакетін 150 млн. долларға сатты. СNPC – Ақтөбемұнайгаз
Ақтөбе облысындағы ірі мұнай өндіретін компания. Өткен жылдың аяғы
бойынша әзірленіп жатқан Жаңажол кенорнынан алынып жатқан мұнай
78 млн. тоннадан аса болды. Одан басқа компанияның әзірлеп жатқан үсті
тұзды Кеңқияқ және асты тұзды Кеңқияқ кенорындары 17 млн. 200 мың
тонна және 300 мың тонна көмірсутек шикізатын өндіреді.
Канадалық PetroKazakstan Қазақстандағы вертикальды
шоғырланған алғашқы компания. Мекеме Қазақстандағы 5 ірі мұнай
компанияларының ішіне кіреді. 2004 жылы 4-тоқсан бойынша өндіру көлемін
152 мың 510 баррельге арттырды. Өндірудің орташа жылдық нормасы күніне
151 мың 103 баррельге өсті. 2003 жылы күніне 151 мың 349 баррель
болған. 2005 жылы 1 тоқсан ішінде Оңтүстік Құмкөлде кенорнын жұмысын
жақсарту мақсатында ұңғыларды тереңдету мен су айдайтын ұңғыларды
колонна өлшемдерін ұлғайту үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуіне
байланысты мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге 2005ж.
наурыздың соңында барлық кенорнындағы күндік өндіріс 158,2 баррельге
жетті. Қазіргі уақытта PetroKazakstan мұнай өндіруді Арысқұм, Қызылқия,
Ақшабұлақ, Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Солтүстік Құмкөл, Майбұлақ, Нұралы,
Ақсай кенорындарында жүргізуде. McDaniel’s and Associates Consultant Ltd
аудиторлық компаниясы Қазақстандағы канадалық PetroKazakstan мұнай
қорын 2004 жылы мұнай эквивалентіне сәйкес 549,8 млн. баррельге арттыруды
бекітті. 2003 жылға дейін PetroKazakstan компаниясы Hurricane
Hydrocarbons Ltd (HHL) болып аталды. Қазіргі уақытта PetroKazakstan
Қазақстанда PetroKazakstan KumkolResources еншілес компаниясы және
PetroKazakstan Oil Products мұнай өңдеу зауыты бар. Экспорт темір жолмен
Ақтау, Федосия, Новороссийск, Батуми порттарына дейін жасалып, одан
танкерлермен алыс шетелдерге жіберіледі.
Саланың транзиттік мүмкіндігі. Қазақстанның географиялық
ерекшелігі әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізатын жеткізуге тиімді
құбыраралық жүйе құру бойынша тиімді қызметін ашады. Қазақстан нарығы
шектеулі, бүгінгі таңда 10 млн. тонна мұнай экспортқа шығарылады.
Өңделіп және өндіріліп жатқан кенорындардағы өндірудің арты экспорттық
мұнай құбырларының қуатын жылына 50 млн. тоннаға жеткізуді талап етеді.
Ал шельфтегі жобаның дамуы экспорттық жүйенің жалпы қуатын жылына 70-120
млн. тоннаға жеткізуді көздейді.
Казтрансойл АҚ ірі мұнай тасымалдау мекемесі. Қазіргі
уақытта Қазтрансойл АҚ Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%
тасымалдауды қамтамасыз ететін қуаты күшті тармақталған магистральды
мұнай құбырларына ие: Өзен – Атырау – Самара, Қаламқас – Қаражамбас-Ақтау,
Жаңажол – Кеңқияқ – Орск, Омск – Павлодар- Шымкент – Чаурджоу, Құмкөл –
Қарақойын. Қазтрансойл АҚ жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2004
жылы 38 390 мың тоннаны құрады. 2003 жылы көрсеткіштен 2% артық (34 192
мың тонна). Жүк айналымы 25 135 млн. тоннакм құрады. 2003 жылмен
салыстырғанда (24 604 млн тоннакм) 2% артық. Мұнай тасымалдау көлемінің
артуы және магистральды мұнай құбырлар жүйесін интеграциялау саясаты
жүргізілуі нәтижесінде жүк айналымы артты. Магистралды мұнай құбырлар
жүйесі бойынша Қазтрансойл АҚ мұнайды экспортқа шығаруды арттырды. 2004
жылы Атырау – Самара мұнай құбырымен мұнай тасымалдаудың рекорды болды –
15 млн. тоннадан аса (2003 жылмен салыстырғанда 6% ке) артқан. Атырау порты
арқылы танкерлерге 7,2 млн. тонна (2003ж. 20%) жөнелтілді. Атасу теміржол
мұнай құю эстакадаларында айдау көлемі (2003 жылмен салыстырғанда 1,352 млн
тонна, 58% артық) және Шағырда - 1,505 млн. тонна, 31% артты. Мұнай
тасымалдау бойынша көрсетілген қызметке және су өткізу 2004 жылы алдын ала
алынған деректер бойынша 60 414 млн. теңге құрады. 2003 жылы өтеудің өсуі
3% немесе 1991 млн. теңгеге артты.
Көмірсутек экспортының бағыттары. Қазақстан экспорттық
бағыттың көптармалылығы және құбыр желісі жүйелерін пайдалану тиімділігі
саясатына сүйенеді. Жобалардың дамуы және қазіргі уақытта Қазмұнайгаз
компаниясы мұнай өндіруді дамытумен бірге мұнай мен газды тасымалдау
мәселелерін де шешті: КТК мұнай құбыры пайдалануға берілді, қазіргі
бар экспорттық маршруттармен қатар жаңалары да даярлануда. Компания
Қазақстандық мұнайдың Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы
жеткізілуіне барлық жағдай жасауда. БТД мұнай құбырының ұзындығы 1767
км, оның ішінде Азербайджанда – 443 км, Грузияда 248 км, Турцияда
-1076км. Құбырдың өткізу қабілеттілігі жылына 50 млн. тонна мұнай.
Құбыр 2005 жылы 25 мамырда іске қосылған болатын. Қазақстан 2005 жылы
өзінің мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өндіруді 4,1% 9,8 млн. тоннаға
арттырды. Бұл көрсеткіштер еліміздің мұнай өнімдері саласының
қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін және маусымдық ауыл шаруашылық
жұмыстарын жүргізуге қажет 2005ж. 2 млн. тонна 126,6 мың тонна бензин,
немесе 110,5% 2004 жылға, 3 млн 8,6 мың тонна дизельдік отын немесе 108%
2004 жылы алынған болатын.
Болашақ, Қазақстанда 2005 жылы мұнай өндіру күніне 160 мың
тоннаға артты, ал 2015 жылы күніне 430 мың тоннаға артады. Қазіргі
уақытта соңғы өнім бойынша төмендегідей негізгі мұнайгаз өндіріс
процесінің процестерін атауға болады:
- мұнай және газ кенорындарын іздеу және барлау;
- мұнай мен газды өндіру;
- мұнай мен газды өңдеу;
- мұнай мен газ өнімдерін тасымалдау және сақтау.
Мұнай мен газ өнеркәсібінің даму негізгі геологиялық іздеу
және барлау жүргізу нәтижесі бойынша мұнай – газ қорын дайындау болып
табылады. Геологиялық іздеу жұмыстарына мыналар жатады: ғылыми зерттеулер
геофизикалық және геохимиялық іздестірулер, параметрлік, құрылымдық, терең
іздеу және ұңғымаларды барлау мен бұрғылау. Мұнай мен газ кенорындарын
іздеу мен барлау мамандандырылған мекемелермен жүзеге асырылады. Мұнай
мен газды тасымалдау арнайы құбыр пайдаланумен байланысты. Магистральды
құбырлар тек ғана мұнай – газ өнеркәсібі үшін қызмет ететін болғандықтан
олардың құрылымы – осы саланың өндірістік қызметінің негізгі бөліктерінің
бірі.

1.2. Қазақстан Республикасының территориясындағы шетелдік және отандық
жұмыс істейтін компаниялар: шығындарды қалыптастыру

Қазақстан - бұрынғы Совет Одағынан кейінгі ең үлкен мемлекет – ең
үлкен пайдалы отын және минералды ресурстармен және басқа да минералды
ресурстарын иемденеді. Қазақстан сонымен қатар ауыл шаруашылығымен
айналысатын ірі өндіріс болып табылады. Қазақстанның өндіріс негізіне
табыс және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу және машина құрылыстарды дамыту,
құрылыс құралдарын шығару, тракторлар, ауылшаруашылық көліктері, қорғау
техникалары жатады. 2000 – 2001 жылдары Қазақстан екі есе экономикалық
табыстарға жетті. 2002 жылы энергетикалық сектордың, энергетикалық
реформалардың, жақсы егістікпен және шетел инвестицияларының арқасында
9,5% өсті. Каспий консорциумы енгізілген Теңіз кенорнынан басталатын
құбыр өткізгіш қара теңізге дейін Қазақстанның экспорттық
мүмкіншілігін көбейтті. Мемлекет мұнай саласына тәуелділікті азайту
үшін экономикалық диверсификация саясатын жүргізуде және жеңіл
өнеркәсібін жетілдіруде.
Қазмұнайгаз (КМГ) МК мемлекеттік бағдарлама бойынша
құрылыс жобасы жүргізілуде, сонымен қатар Баку – Тбилиси – Джейхан
жобасына Қазақстан қосылуда. 2010 -2015 жж. Қазақстан 20 млн. тонна
мұнайды Құрық порты арқылы аударуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта КМГ
жалпы көлемі 795 га болашақ порт территориясында үш белсенді саланы
енгізуде. Қазақстанның мұнай держава мәртебесіне көтерілуі бұдан 100 жыл
бұрын дамыды. Бүгінгі таңда мұнайгаз комплексінің саясаттық және
экономикалық белгілері мемлекет үшін бағалау өте қиын. 250 шамасындай
кенорындардың көмірсутек қорлары миллиард тонна көлемінде анықталады, ҚР –
да 4 млн. тонна мұнай, жылына 9 млрд. м3 газ өндіруде. Өндірудің өсуі жаңа
бұрғылау және жөндеу ұңғыларының қозғалысы арқылы, қазіргі таңдағы
технологияларды қолдану арқылы, жаңа мұнайлы газды кенорындарын өңдеумен
байланысты. Қазақстандық мұнайды экспортқа шығару өңдеуге қарағанда өте
тез өседі.Бұрын Республикада жылына екі ондық миллион тонна мұнай және газ
конденсаты өндірілсе,ол таза экспорттық мән берген болатын,ал бүгінгі таңда
осындай көлемдегі мұнай экспортқа шығарылса, онда көмірсутек шикізат
қорларының түрлері алынып,ол миллиардтаған тоннаға есептеліп,саясат жағынан
өте маңызды болып табылады.
Көптеген әлемдік мұнай өндіруші мемлекеттерде мұнай өндіруден алатын
табыс өте жоғары. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Кесте 2-Компаниялардың мұнай өндіру көрсеткіштері
Компаниялар % бойынша
Эни (Аджип)
14,29
Бритиш Потролеум Амоко Қазақстан 9,5
Лтд.
Бритиш Газ Интернэшнл
14,29
Инспект Норт Каспиан Си,Лтд. 7,14
Эксон Мобил Қазақстан
14,29
Филипс Потролеум Қазақстан, Лтд. 7,14
Шелл Қазақстан Эксплорейшн БВ
14,29
Статойл 4,8
ТотальФинаЭльф
14,29

Сурет – 2 Компаниялардың мұнай өндіру көрсеткіштері

Теңізшевройл. Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушыларының бірі
болып Теңізшевройл БК табылады. Теңіз кенорнының ашылуы – бұл 1979 жылы
орын алған дәуірлік оқиға. Теңіз кенорнының ашылуына дейін КСРО да мұндай
бірде бір кенорын болмаған, тек Мексикада көрсеткіштері сәйкес бір ғана
кенорын болды. Теңіз бен оған жататын Королевское кенорнына қазақстандық
барланған мұнай қорының жалпы көлемінің 30% тиесілі. Кенорынды игеру
туралы келіссөздер 1980 жылдардың соңынан бастап кеңестік өкімет пен
американдық Шеврон мұнай компаниясы арасында жасалды. Газ өндірісінің
өспелі көлемін 100% жою арқылы жыл сайынғы өртелетін газ көлемі 500-550
млн. м3 мөлшерінде жоспарланып отыр, сондықтан ТШО өзінің жою бойынша
шараларын газды өртеуді толығымен тоқтату жағына қарай қайта қарауы қажет.
Алдағы бес жыл ішінде Теңіз кенорнында өндірісті кеңейту
жобасына қосымша 2 млрд. доллардан астам қаржы құю жоспарланып отыр. ТШО
жоспарлары өзіне қосымша барлау және бағалау ұңғыларын бұрғылауды, жаңа
объектілер құрылысы мен қолда бар объектілерді қалпына келтіруді, ілеспе
инфрақұрылымды жасауды қосады. Көмірсутекті шикізатты өндірудің күтіліп
отырған деңгейі 2005 жылы шамамен 19 млн. тонна мұнайды құрады. Осылайша,
жыл сайын Теңізшевройл компаниясы Каспий аймағында ірі мұнай өндіруші
ретіндегі өзінің позициясын нығайтып отыр.
Қашаған. Қашаған кенорны Каспий теңізінің солтүстік – шығыс
бөлігінде орналасқан, Атырау облысы территориясына жатады, Атырау
қаласынан оңтүстікке қарай 75 км орналасқан. Республика үкіметінің
Декретімен 1974 жылы Мемлекеттік қорық аумағы деп жарияланған Каспий
теңізінің солтүстік аумағы 1991 жылдан бастап мұнай барлау жұмыстары үшін
ашылған.
Қашаған шельфтік гигант кенорнында көмірсутектік ресурстардың
бастапқы қоры 3,4 – 6,8 млрд. тонна шартты отын немесе шамамен 40 млрд.
баррель мұнайға бағаланып отыр. 1993 жылы Қазақстан Каспий теңізінің
қазақстандық секторында мұнай мен газды барлау, игеру және өндіруге
өзінің ойын жариялады. Ол үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторын
игерудің Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Кенорын ауданында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге лицензияны
арнайы құрылған ОКИОК (Халықаралық қазақстандық теңіз операциялық
компаниясы) консорциумы алды. Консорциум Солтүстік Каспий акваториясының
қазақстандық учаскесіндегі барлау жұмыстарының алты жылдық бағдарламасын
жүргізу мақсатымен Нидерланды Корольдігінде тіркелді. 2001 жылдың ақпан
айында ОКИОК акционерлері барлау жұмыстарының ортақ операторы ретінде
италияндық Зни компаниясы таңдалды, ал консорциумы өзі Аджип ККО деп
өзгертілді.
Шығыс Қашаған кенорны – консорциумының зерттеулерінің басты
объектісі – Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 километрде
орналасқан. Батыс Қашаған кенорны Шығыс Қашағаннан 40 километр қашықтықта
орналасқан. Алғашқы ұңғылар Каспий теңізінің жағдайлары үшін арнайы
құрылған бұрғылау баржасының көмегімен бұрғыланған. Оның ерекшелігі ауа
райының қатаң жағдайларында оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол
кішігірім су асты аралына (берма) орын ауыстыруында жатыр.
ОКИОК Шығыс Қашағанда алғашқы барлау ұңғысын бұрғылауға 1999
жылдың 12 тамызында кірісті. 2000 жылдың шілдесінде ОКИОК Шығыс
Қашаған – 1 ұңғысында мұнай табылғандығы туралы хабар берді. Бұл Каспий
шельфінің қазақстандық бөлігіндегі алғашқы ашу болды. 2000 жылдың 15
қыркүйегінде бұрғылау баржасы екінші ұңғыны бұрғылау үшін Батыс Қашаған
кенорнына көшірілді. 7 қазанда бұрғылау басталды.
Қазіргі уақытта Қашаған құрылымында екі барлау және бір
тұтыну ұңғыларының бұрғылануы аяқталды. Аджип ККО компаниясы, жоба
операторы Қашаған кенорнында ерте өндіру жобасын жасап шығарды. Оған сәйкес
алғашқы мұнай 2005 жылы түсті. Маңғыстау мұнайы халыққа ертеден белгілі
және зерттеушілер көңілін тартты. Ел үшін маңызды оқиға болып 1961 жылғы 5
шілдеде Жетібай кенорнындағы NQ 6 ұңғыдан және 1961 жылғы 5 қаңтарда
Өзен кенорнындағы NQ 8 ұңғысынан мұнайдың қуатты фонтандап атқылауы
табылды. Республика үкіметі әрқашан Маңғыстаудың табиғи байлықтарын
тездетіп игеру, аймақтың инфрақұрылымын дамыту мен халық игілігін арттыру
үшін іскерлік шаралар қабылдап отырды.
Қуат Амлон Мұнай БК. Қуат Амлон Мұнай БК 1994 жылы
қазақстандық Қуат холдингтік компаниясы мен британдық Amlon Trading
Ltd компаниясымен Қызылорда облысындағы Оңтүстік Торғай мұнайгаз
бассейнінде орналасқан Қоныс және Бектас кенорындарын өнеркәсіптік игеру
үшін құрылған. Қоныс кенорнының дәлелденген мұнай қоры 10,5 млн. тоннаны
құрайды, ал Бектас кенорнының қоры – 590 мың тонна. 1997 жылдың
шілдесінде ҚАМ Қоныс кенорнында алғашқы тұтыну ұңғысын бұрғылады. 2001
жылы компания Қызылордада өткізу қабілеті 1 млн. тнг. болатын мұнай
терминалын салды. Терминалды тұтыну өткізу нарығын диверсификациялауға
мүмкіндік берді. 2004 жылы ҚАМ 420 мың тонна мұнай өндірген. Осы жылы
Қуат Амлон Мұнай Қоныс пен Бектаста 3 зерттеуді аяқтауды, сондай-ақ 20-
дан астам ұңғыны бұрғылауды көздеп отыр. Қоныс пен Бектас кенорындары
кенорындардың Құмкөлдік тобына жататындықтары белгілі. Олар өндірілетін
мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл
белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының
қатаң жағдайларына байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының
артуымен байқалады. Бүгінгі таңда компания өзінің мұнай тасымалдаушы
көліктер паркіне ие. Олар мұнайдың қажет температурасын сақтап тұруға
мүмкіндік береді. Мұнайды терминалға дейін тасымалдау кезінде қатудан
сақтайды.
Қазақстан әлемдік бірлестікте мұнайлы держава ретінде танымал.
Қара алтынның өңделуі мен экспорты үлкен көлемдегі бюджеттік табыс.
Барланып алынып жатқан мұнай қоры бойынша Қазақстан 13 орында. Барланып
алынып жатқан мұнай және газ конденсаты 4,6 млрд тонна, соның ішінде газ
конденсаты 331,5 млн. тонна. Каспий шельфіндегі мұнай қоры 1,6 млрд
тоннаға бағаланады, ол қара алтынның 38% құрайды. Табиғи газ қоры 3
трлн.м3 құрайды. Болашақта алынып жатқан мұнай және газ конденсат
қорларының өсімі негізінен теңіз қоры есебінен болады деп жоспарлануда.
2010 жылы қордың өсуі 2,5 млрд. тонна көлемінде, ал 2015 жылы 3,8 млрд.
тоннадан аса, 2020 жылы 5,2 млрд. тоннаға өседі деп жоспарлануда. Қазіргі
уақытта мұнай секторының бөлігі 140,0 ЖІӨ - нің тәртібіне кіреді. Соңғы 5
жылда ЖІӨ - нің ЖІӨ-дегі мұнайгаз секторының бөлігі 2,1 есеге өсті. 1996
жылдан бастап Қазақстанда мұнайгаз конденсаты қарқынды өсуде. Бірақ 90
жылдардың жартысында, әсіресе 1994-1995 жылдары 1985 -1990 жылдармен
салыстырғанда Ресейде мұнай өндіру өте төмен болады.
Қазақстан әлемдегі 60 мұнай өндіретін мемлекеттің арасында
көмірсутекті өндіру көлемі бойынша 18-орында. Европа мен Евразия елдерінің
арасында мұнайды өндіру Қазақстан Ресей, Великобритания, Норвегиядан
кейінгі Қазақстан 4 орында. 1985 жылы Европа мен Евразия мемлекетіндегі
Қазақстанның бөлігі 2,8%, ал 2002 жылы – 6,5% (салыстыру үшін: Ресейде
67,2% және 52,2%, Норвегияда 4,9% және 19,1%, Великобритания – 15,8% және
14,1%). 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда мұнайды өңдеу Қазақстанда
8,3% өсті. Қазақстандық мұнайының көлемінің өсуі 2 факторға байланысты.
Біріншіден мұнай өндіру саласындағы тіке шетел инвестициясының
көтерілуімен байланысты. Екіншіден, экономиканың мұнай секторындағы
көмірсутек шикізатының әлемдік нарықтағы рөлі Қазақстанның мұнайгаз
секторына ықпалын тигізуде. Осы факторлардың біріншісін қарастырсақ,
экономикалық реформалардың маңызды процесі Қазақстанда отандық және
шетел инвестициялары үшін қолайлы климат жасалған. Инвестициялық климат
тек ғана ТМД мемлекеттеріне ғана танымал емес, сонымен қатар орталық және
оңтүстік Европа және Балти мемлекеттеріне де танымал. Потенциалдық
инвесторлар үшін Қазақстан басқа ТМД елдер арасында да экономика жағынан
және саясаттық жүйе мен қаржы ресурстарына жетуімен танымал. Бұл
Республиканың бірінші мемлекеттік Достастық арасында инвестициялық
рейтинг алды.
2004 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан экономикасына ТШИ – дің
жалпы ағымы 27 103 млн долларды құрады. Соңғы 10 жылдықтағы мемлекеттен
экономикаға түскен ТШИ – дің біріккен көлемінің 58% тауар өндіру саласына
бағытталған. Шикі мұнайға және табиғи газға осы кезеңдегі мерзіміне ТШИ
–дің барлық сомасының 52% салынған. Шикізат саласы, әсіресе мұнайгаз
секторы және металлургиялық өндіріс шетел инвестициясы үшін өте маңызды
болып табылады. Мұнай өндіру динамикасына және мұнайгаз саласындағы
өндірістің өсуі әлемдік тауарларды – шикізат нарығындағы қолайлы жағдай
болып табылады, соның ішінде әсіресе мұнай. Бұл мұнай өндіруші
компанияның өндіріс көлемін үлкейтуіне және мұнайды экспортқа шығаруына
жетелейді.
Қазақстан Ресей, Азербайжан, Түрікменстан сияқты
энергетикалық ресурстардың экспортына тәуелді. Қазақстанда көмірсутегі
шикізатының экспорты 1995 жылдан бері қарқынды өсуде. 1995 – 200 жылдары
мұнай өндіру көлемі 2,5 есеге, ал экспорт – 4 есеге өсті. Сондықтан
Республикадан мұнайды және газ конденсатын экспортқа шығару 1995 жылы 15% -
дан 2003 жылы 54,4 % өсті. 2003 жылы ТМД мемлекеттерінде көмірсутек
шикізатының экспорттағы жалпы көлемінен тек 16% ғана болатын. Ал қалғаны
алыс шетел мемлекеттеріне ауқымды аймақтарға ағып кетуде. Ауқымды
аймақтарда экспортты қайта орнықтыру республиканың мұнай секторының
дамуымен ерекшеленеді. Мұнда баға құру тәжірибесінде көмірсутек
шикізаттарының Қазақстанның жан-жағындағы елдерге жеткізу туралы айтылуда.
ТМД мемлекеттері сияқты Қазақстанда да баға құрудың трансферттік
механизмі, капиталды мемлекеттен шығару үшін ірі трансұлттық
корпорацияларды қолдануда, ол күрделі формаларды қабылдайды. Республиканың
стратегиялық ресурстарының экспорт бөлімі төменгі баға бойынша
бағаланады. Қазақстан жыл сайын көміртекті шикізаттарды өндіруді
ұлғайтады. 2010 жыл күніне 2 млн. баррельді сыртқа шығара алады. Осы
уақытта қазақстандық көміртектерді сыртқа шығарудың жылдық құны 40 млрд.
долларға жететін болады. Салыстыру үшін: республикалық 2002 жылдың ішінде
жалпы құны 5 млрд. доллар тұратын 40 млн тонна мұнайды сыртқа шығарды.
Қазір өндірістің шығындары бүгінгі таңда жеткілікті түрде
байыпты және актуалды мәселе болып табылады, өйткені нарықтық қатынастар
жағдайында экономикалық іс-әрекеттер орталығы бүкіл экономиканың негізгі
буыны – кәсіпорынға ауысып отыр. Нақ осы деңгейде қоғамға қажетті өнім
жасалып, қажетті қызмет көрсетушілер болады.
Шығындар ұғымы. Әрбір кәсіпорын, фирма, компания өнім
өндіруді бастамас бұрын қандай табыс, кіріс, ала алатынын анықтайды.
Кәсіпорынның, фирманың табысы екі көрсеткішке тәуелді болады, яғни өнім
бағасы және оны өндіру шығыны. Нарықтағы өнімдер бағасы ұсыныс пен
сұраныстың әрекеттестік салдары. Еркін бәсеке жағдайындағы нарықтық
бағаның құрылу заңдарының әсерімен өнімдердің бағасы өндірушінің немесе
сатып алушының қалауы бойынша жоғары немесе төмен болуы мүмкін емес, ол
автоматты түрде теңеледі. Өндірістік және сату іс әрекеттері үшін
пайдаланылатын өндірістік факторлар шығындары өндірістік шығындар деп
аталады. Олар тұтылынатын еңбек және материалдық ресурстардың көлеміне,
техникалар деңгейіне, өндірісті ұйымдастыру және басқа факторларға
байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Демек, өндіруші шебер басшылық ету
жағдайында әрекетке әкелуі мүмкін шығындарды азайтудың көптеген
тетіктерін қолдана алады. Өндірістік шығындар мен өнімдерді сатуға
өндірісті ұйымдастыру және олардың технологиясы себепші болған өнімді
тікелей өндірумен, табиғи шикізаттарды пайдаланумен; өндірісті даярлау және
игерумен; өндірісті ұйымдастыру және оның технологиясын жетілдірумен,
сондай ақ өнім сапасын жақсартумен, оның сенімділігін, ұзақ мерзімділігін
және басқа пайдалану қасиеттерін жоғарлатумен (капитальдық емес сипаттағы
шығындар), өнертапқыштық және ұтымды етумен, тәжірибе сынақ жұмыстарын
жүргізумен, үлгілер мен сұлбаларды жасап, сынаумен авторлық сыйақыларды
төлеумен; өндіріс процесіне қызмет көрсетумен: өндірісті шикізатпен,
материалдармен, отынмен, энергиямен, құралдармен және басқа еңбек
құралдарымен қамтамасыз етумен жұмыс күйіндегі негізгі өндірістік
қорларды қолдаумен, санитарлық гигиеналық талаптарды орындаумен;
қалыпты еңбек жағдайы және қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз
етумен; өндірісті басқарумен, яғни кәсіпорын, фирма және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің басқару аппаратын, жұмыскерлерді
іссапарлармен қамтамасыз етумен, басқарманың техникалық құралдарын күтіп
ұстау және қызмет көрсетумен, кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық
қызмет көрсетуді төлеумен, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық іс-
әрекеттерімен байланысты шығындарды көрсетумен; кадрлар дайындау және
қайта даярлаумен; тұрғын халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қорына
зейнетақымен қамтамасыз ету, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік
сақтандыруға, ақша аударумен; міндетті медициналық сақтандыру бойынша
бөліп шығарумен байланысты шығындар қосылады. Өндірістік шығындарға
жатқызылатын шығындардың нақты құрамы іс жүзінде барлық елдерге заңды
түрде реттеледі. Бұл салық жүйесінің ерекшеліктерімен және олардың орнын
толытру көздері бойынша фирманың шығындарын айыра білу қажеттілігімен
байланысты. Ресейде өнімдері (жұмыс, қызмет көрсету)өндіру және жүзеге
асыру бойынша шығын құралы туралы, табысқа салық салу жағдайында есепке
алынатын қаражат қорытындыларын қалыптастыру тәртібі туралы қаулы әрекет
етеді. Шығынды бағалаудың екі тәсілі қолданылады:
- бухгалтерлік
- экономикалық
Бухгалтерлер де экономистер де кез келген кезеңде фирмалардың
шығындары өндіріс үшін пайдаланылған осы кезең ішінде жүзеге асырылған
қызмет көрсету және тауарлар ресурстар құны тең болатынымен келіскен.
Фирманың қаражат есептерінде іс жүзіндегі (айқын) шығындар белгіленген,
яғни олар пайдаланылған өндірістік ресурстарды (шикізат, материалдар,
амортизация, еңбек және т.б) төлеуге ақшалай шығындарды көрсетеді. Алайда
экономистер айқыннан басқа айқын емес шығындарды да есепке алады.
Кесте 3 – Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындар бойынша мұнай
өндіру саласындағы шетелдік тікелей инвестициялар
№ атаулары Инвестицияның нақты түсімдері, млн.долл.

Іргелі талдау Техникалық талдау
Салалық Эмитенттің Бағалы қағаздар Бағалы қағаздардың Қор нарығы
талдау қаржылық шығару және оның курстық серпінін индексінің
күйін талдаукірістілік графикалық зерттеу нарығы
тиімділігін
бағалау
Төлем Қаражат Жалпы экономикалық
қабілеттігінорнықтылығын талдау
бағалау бағалау

Іргелі талдау эмитент – кәсіпорын (эмитент - лат.emittere - шығару,
эммисия шығаратын мекеме немесе кәсіпорын) іс-әрекеттерінің қаражат
қорытындыларын (бухгалтерлік талдау, қаражат қорытындылары туралы есептер),
сонымен қатар эмитент өнімдерінің қазіргі күйін анықтау мақсатымен эмитент
жататын салалардың даму беталыстарын зерттеуге негізделеді. Іргелі
талдаудың негізі эмитент – кәсіпорынның қаражат күйін талдау.
Техникалық талдау бағалы қағаздардың нарықтық көрсеткіштеріне, соның
ішінде бағалы қағаздардың сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштерінің санына,
курстық құн серпінін, бағалы қағаздар курстары, қозғалысының жалпы нарықтық
беталыстарын зерттеуге негізделеді.
Бизнес-жоспар- фирмалардың, кәсіпорындардың кәсіпкерлік іс-
әрекеттерінің жоспары нарықтық экономика жағдайында істерді ұйымдастыру
және технико-экономикалық негіздеу инструменті қажет. Банктермен және
инвестициялық, өтім ұйымдарымен, делдалдармен, тұтынушылармен өзара қарым-
қатыныстарды бірге қоса алады. Технико-экономикалық зерттеулер мен
инвестициялық жобаларды негіздеудің негізгі міндеттері: инвестициялық
талдау қабаттылығы, инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіруді ұйымдастыру,
жобаны алдын ала даярлау. Жобаның түпкілікті тұжырымдамасы және оның
технико-экономикалық, қаражат жарамдылығын бағалау. Қолдағы мүмкіндіктерді
зерттеудің бастапқы сатыларындағы инвестициялық талдаудың ерекшеліктері
және қолайлы баламаларды іздестіру (opportunity study) көптеген баламаларды
қалыптастыру және талдау міндеттері, толық емес және ірілендірілген
бастапқы мәлімттер бойынша оларды алдын ала іріктеу.
Қажетті алғышарттар мен бастапқы мәліметтер. Бизнесте табысқа жетуді
камтамасыз етуге ұсыныстар және принциптер, бизнес жоспарлау кезінде оларды
есептеу. Бизнес-жоспарлаудың негізгі бөлімерінің құрамы мен мазмұны және
олардың өзара байланысы (өнімдерді (қызмет көрсетуді), оның ерекшеліктері
мен артықшылықтарын сипаттау, маркетинг стратегиясы мсн нарықты талдау
өндірістік стратегиялар мен жоспарлар, менеджмент және жеке меншік, қаражат
жоспарлары, тәуекелді талдау).
Бизнестің даму стратегиясы мен салаларындағы бұрыннан бар
баламаларды таңдау бойынша бизнес-жоспарлау жағдайындағы шешімдерді
негіздеу, бизнес дамуының кезеңділігі мен көлемділігінің, өнімдердің фирма
кооперациялары мен маманданудың, ұйымдастыру-құқықтық формаларының,
қолданылатын оргқұрылымдар, технологилық прогрестер, жабдықтар бойынша
принципті X - шешімдердің номенклатуралары.
Инновациямен, нарыққа жаңа тауарлар мен қызмет көрсетуді шығарумен,
зерттеулер мен зерттеулер жүргізумен байланысты инвестициялық жобалардың
ерекшеліктері кәсіпорындардың дамуына, қайта құрылуына,техникалық қайта
жарақтануына жаңа өнімдерді, жаңа технологиялар мен жабдықтарды игерумен
байланысты инновациядағы инвестициялар, олардың іс-әрекет нәтижелеріне
ықпалы.
Инвестициялық шығындарды жоспарлау және бағалау әдістері мен
сүлбелері. Ганттың желілік графигі мен тораптық графигінің құрылысы мен
талдауы. Жұмыс ұзақтығын, еңбек сыйымдылығын және құнын бағалау
жағдайындағы нормативтерді, статистикалық әдістерді пайдалану.
Инвестициялық сатылардағы жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі бәсекелердің
рөлі. Бәсеке негізінде орындаушылар мен жеткізушілерді таңдап алу. Жаңа
өндірістің орналасатын жерін таңдап алу құрылысын жоспарлау.
Өнеркәсіп фирмалары жұмысының шығындары мен нәтижелерін
сипаттаушы негізгі көрсеткіштер. Негізгі көрсеткіштердің өзара
байланыстарының сұлбасы және олардың сыртқы жағдайларға (өндірістік іс-
әрекеттер мысалында) тәуелділігі. Өндіріс бағдарламасы және қуаты.
Өндірістің және өтімнің өзіндік құны, тұрақты және өзгермелі шығындары,
олардың өндіріс көлемі мен сатуға тәуелділігі. Өндірісті игеру шамасы
бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Құқықтық негіз
Қазақстан Республикасының мұнай газ секторы
Кәсіпорындарда инвестицияны тиімді пайдалану саясаты
Мұнайгаз саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер
Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі
Инвестициялық саясат пен басқару
Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі
Пәндер