Коммерциялық банктердің теориялық аспектілері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .

  1. Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы . . .
  2. Коммерциялық банктердің дәстүрлі және дәстүрлі емес қызмет көрсетулері . . .

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ

БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРІН ТАЛДАУ . . .

2. 1 Жезқазған аймақтық филиалы ААҚ «Халық Банк» қызмет көрсетулерін талдау . . . . . .

2. 2 Жезқазған аймақтық филиалы ААҚ «Халық Банк» қаржылық жағдайын талдау . . .

2. 3 Жезқазған аймақтық филиалы ААҚ «Халық Банкінің» банктік қызметтерінің даму болашағы . . .

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕМЕН САЛЫСТЫРУ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі»ретінде қызмет атқарады. Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру Ресей банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.

Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді.

Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді.

Осыдан келе дипломдық жұмыстың тақырыбы мәселелі және жан-жақты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, коммерциялық банктердің қызметтерін дамыту жөніндегі сұрақтар және Қазақстанм эканомикасында оның алатын рөлі.

Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер қойылды:

Біріншіден, коммерциялық банктердің заңдық, құрылымдық ұйымдасуы, екіншіден, коммерциялық банктердің дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерін әзірлеу, үшіншіден, Қазақстан Республиккасындағы коммерциялық банктердің қызметіне талдау беру, төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін бағалау, бесіншіден, комерциялық банктердің қызмет етуінде шетел тәжірибесін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк нұсқамалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, ААҚ “Халық банк” мағлұматтары баспасөз баптары, ситатистикалық берілгендер алынды.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы

Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес, олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.

Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек». Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді.

Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж. ) және Гамбургте (1618ж. ) ұйымдасты

рылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерлік

тің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі». Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:

Эмиссиялық банк-ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.

Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Алғашқы банктер XVIII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болды, XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемесінен құрылды: мемлекеттік банк (1860ж. құрылған), қоғамдық қалалық (252 банк) және жер белгілері; көп буынды жеке банктер: акциоенерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), екінші денгейлі банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) . Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауыпты операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.

1917жылы қазаң төнкерісінен кейін банк ісін ұиымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке екінші денгейлі бактер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктерімізідің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерция

лық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тағы басқалары. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.

Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттілігін ашуға құқық береді.

Кесте 1.

ҚР-дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы *

кезеңнің басына

Банк түрлері

01.

01.

96.

01.

01.

97.

01.

01

98.

01.

01.

99.

01.

01.

20.

01.

01.

01.

01.

01.

02.

01.

01.

03.

01.

01.

04.

01.

01.

05.

Банк түрлері:

Екінші деңгейлі

Банктердің барлығы:

соның ішінде:

01.01.96.: 130
01.01.97.: 101
01.0198.: 82
01.01.99.: 71
01.01.20.: 55
01.01.01.: 47
01.01.02.: 44
01.01.03.: 38
01.01.04.: 33
01.01.05.: 35
Банк түрлері: Мемлекеттік
01.01.96.: 4
01.01.97.: 4
01.0198.: 6
01.01.99.: 1
01.01.20.: 1
01.01.01.: 1
01.01.02.: 2
01.01.03.: 2
01.01.04.: 2
01.01.05.: 2
Банк түрлері: Мем-аралық
01.01.96.: 1
01.01.97.: 1
01.0198.: 1
01.01.99.: 1
01.01.20.: 1
01.01.01.: 1
01.01.02.: 1
01.01.03.: -
01.01.04.: 1
01.01.05.: 1
Банк түрлері: Шетел капиталының қатысуымен
01.01.96.: 8
01.01.97.: 9
01.0198.: 22
01.01.99.: 23
01.01.20.: 22
01.01.01.: 16
01.01.02.: 16
01.01.03.: 17
01.01.04.: 16
01.01.05.: 17
Банк түрлері: Еншілес банктер
01.01.96.: 5
01.01.97.: 5
01.0198.: 7
01.01.99.: 11
01.01.20.: 12
01.01.01.: 12
01.01.02.: 11
01.01.03.: 11
01.01.04.: 14
01.01.05.: 16

* Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің № 1 2000-2005 жж. Статистикалық бюллетенінен алынған.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту

3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Лицензия алу үшін мемелекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

Біріншіден, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау; Екіншіден, жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа эканомиканың институционалдық, құқықтық және нормативтік негіздері қалыптасқан, ұлттық қаржылық институттар мен тұрақты екі деңгейлі банк жүйесі құрылған. Мемлекет басшымыздың айтуы бойынша біздің мемлекетіміздегі бизнесмендердің жинаған қаражаттарын басқа шетел банктерінде сақтауын доғарып, қаражаттарын біздің мемлекеттегі банктерге сақтап, өз эканомикамыздың қажеттіліктеріне жұмсау керек дейді.

Бұл мәселе бір жағынан, ТМД елдерінің арасында Қазақстан көлеңкелі эканомика деңгейі бойынша алдыңғы қатарда болып келеді, екінші жағынан, халықты өз мемлекетіміздегі банктік жүйеге сендіріп және сенімдерін ақтау. ТМД-ның соңғы мемлекетаралық статстикалық мәліметтері бойынша Қазақстанның көлеңкелі эканомикасының үлесі 30%-ке жетеді, Арменияда-29%, Ресейде-22%, Украйнада-20%, Белоруссияда-9%, Молдавияда-15%, Киргизияда-9, 5%, Азербайджанда-20%, Грузияда-26%, Туркменияда-16%, Өзбекстанда-28%.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқының банктік жүйеге сенімі артуда, мұндай өзгеріс банктік жүйеге ақшаның түсуіне әкеледі. Сондықтан да, қазіргі жағдайды 5-6 жыл бұрынғы бантердің жағдайымен салыстыруға болмайды. Қазақстандық банктер көп кезеңдерден өтіп, тек қана саны жағынан ғана емес, сапасы жағынан да көптеген өзгерістерін байқатты.

Қаржылық нарықта екінші деңгейлі банктерден басқа республиканың Ұлттық банкісі қызмет етеді. Ұлттық банк жыл сайын әрбір жеке екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағынан нашарлауын болдырмау үшін олардың қызметтерін терең тексеріп, талдау жасап отырады. Қаржылық-несиелік жүйенің қызметін жақсарту үшін Ұлттық банк көптеген шаралар қолданып, дұрыс оперативтік шешімдер қабылдайды. 2001-2005жылдарға арналған индикативтік жоспар бойынша инфляция 4-5%-тен аспауы керек, мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер-25%, бюджет тапшылығы 1, 5%-тен аспауы керек, нақты еңбек ақы көлемі 25-30%болуы керек.

Банктік жүйенің даму жылдары кезінде мемлекеттік банктердің саны көбейе түсті. Қазіргі кезде Ұлттық банкпен басқа келесі мемлекеттік банктер қызмет етуде: Эксимбанк, Туранәлембанк, Құрылыс банкі, Халық банкі.

Екінші деңгейлі банктердің тиімді қызмет етуі тек қана оларға ғана байланысты емес, сонымен қатар олар қызмет ететін микро және макроэканомикалық салаға да баланысты. . Сондықтан да бұл жерде ұлттық эканомиканың мәселелері мен нарықтық эканомикаға көшу барысындағы мемлекеттің дағдарыстық жағдайда болуы да банктік жүйеге әсер етпеуі де мүмкін емес еді. Банктердегі төмен несие қабілеттілігінің негізгі мәселелері болып, нарықтық тәуекелдердің жоғарғы деңгейі мен төмен деңгейлі төлеу қабілеттілігі.

Қазіргі Қазақстандық нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысна сипаттама берейік.

Мемлекеттік банк-үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылқ қорының иеленушісі үкімет.

Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50%-нің астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк- халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі-Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттің үкіметі.

Банк емес несие-қаржы мекемелері-Ұлттық банк лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқысы бар банк емес заңды тұлғалар.

Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізуге немесе банк ісіне аудит қолдануға тиым салынады. Бұл тиым Ұлттық Банкке, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халық аралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық Банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банктік операциялар жарамсыз деп табылады.

Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банкпен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің міндеттемелеріне жауапты емес.

Ұлттық Банк рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерінде банктерін аша алады, ал өздірінің өкілеттілігін ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен аша алады.

Банк филиалы-бұл бас банктің берген құқықтары негізінде банктік операцияларды жүзеге асратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілділігі-депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операция

ларды орындайтын және өз атынан банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк- жарғылық қордың 50%-нен астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

1. жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттары, құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктердің бекіткен хабарламасы;

2. құрылтайшылар туралы мағлұматтар (Ұлттық Банктердің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;

3. егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау қызметінің Қазақстан Республикасының резидент-банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты.

Ұлттық Банк-банк ашуға рұқсат беру үшін қажетті басқа да қосымша құжаттарды сұрап алуы мүмкін.

Банк құрылтайшылар шарты негізінде құрылып, өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

1. құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгендігі туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін-аты, азаматтығы, туған жері және жеке басын куәләндыратын құжаттағы белгілер;

2. акцияның мөлшері, санаты және көрсетілген құны туралы мәліметтер.

Банктің жарғысында шаруашылық серіктестері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

1. банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;

2. банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы мен меншік формасы туралы белгілер;

3. банктің қорларын құру және пайдалану қағидалары;

4. банктердің басқару мекемелерінің қаулы қабылдау тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтарының тізімі.

Біріккен, шетел және еншілес банкті ашу үшін рұқсатты жоғарыда келтірілген құжаттармен қоса құрылтайшылары заңды тұлға табылатын болса, келесі құжаттар тапсырылуы керек:

1. Заңды статусты куәләндыратын құжат және алғашқы екі жылда бекітілген бухгалтерлік баланс;

2. Республика территориясында шетел банкі немесе еншілес банкіні құру туралы шешімі, шетел құрылтайшыларының сәйкес орнымен беріледі;

Қазақстан территориясында біріккен банкке шетел құрылтайшыларының келуі туралы бақылау мекемесінің жазбаша куәлігі немесе орындаушы қызметтің заң бойынша құрылтайшының орналасу орны туралы құжат керек емес туралы өтініш.

Егерде, құрылтайшы заңды тұлға болатын болса, онда қосымша осы тұлғаның төлем қабілеттілігі туралы құжат керек болады. Шетел банктердің минималды жарғылық қоры Республиканың Ұлттық банкісімен орнатылады.

Банкті ашу туралы шешімді беру банк өтімділігі ретінде жүзеге асады. Банкті ашуға рұқсат беру жағдайында Ұлттық банк банкке шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Банкті ашуға рұқсат банктің оперативтік басқарылуы Ұлттық Банкпен белгіленген администраторларға беріледі.

Елдегі банктік жүйеде іске асырылып жатқан интеграциялық процесстері баға бермес бұрын, ең алдымен банктік жүйенің қалыптасу кезеңдеріне кішігірім шолу жасап өтейік, себебі дүниежүзілік нарыққа ену нарық көлемін, құрылымын, оның сандық және сапалық даму жағын салыстырумен сипатталынады.

Банк қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан Республикасының жасалған халықаралық келісім шарттарымен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Лизинг операциясы техникасы
Төлем жүйелері ұғымы
Банк өтімділігі
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу
Мерзімді салымдар банкі
Төлем жүйесінің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz