Банк туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Банк туралы

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы активтерінің көлемі бойынша заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және басқа да қызметтер ұсынатын Қазақстандағы ірі жекеменшік банк болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша, аяқталған 2004 жылдың 31 желтоқсаны, Банктің таза пайдасы 8, 689 млн. теңгені (63, 9 млн. АҚШ доллары), активтері 704, 057 млн, теңгені (5, 416 млн. АҚШ доллары) және акционерлік капиталы 57, 307 млн. теңгені (440, 8 млн. АҚШ доллары) құрады.Банктің негізгі қызметі теңгеде және шетелдік валютада депозиттер қабылдау және несиелер мен кредиттер беру болып табылады. Сонымен бірге банк клиенттердің төлемдер, дебиттік және кредиттік карточкалары, инкассолау, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша өзінің бас офисінен басқа, Банк өзінің оңтайландыру бағдарламасына орай КЕБ (РКО) санын қысқартуды ойлап отырса да, Банктің Қазақстанда 22 әмбебап филиалы, 51 кассалық есеп айырысу бөлімшесі және 12 дербес қызмет көрсету орталығы бар. Сондай-ақ Банктің Лондонда шетелдік өкілдігі және Қырғызстанда шетелдік еншілес кәсіпорыны бар. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк клиенттерінің бөлшек депозиттер көлемі, Банктің бөлшек депозиттер көлемі 1999 жылдың аяғындағы 23 млн. АҚШ долларынан едәуір ұлғайып, 640 млн. АҚШ долларын құрады. Банктің ойынша, оның депозиттік базасы қазіргі уақытта қазақстандық банктердің арасында ең ірісі болып табылады. 1999 жылдың аяғында Банктің тұтынушылық несиелері 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шамамен 10 млн. АҚШ долларынан 469 млн. АҚШ долларына дейін өсті.Банк Cirrus/Maestro жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін VISA және Europay/MasterCard кредиттік және дебиттік карточкаларын шығарады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің 313, 965 карточкасы айналыста болды. Сонымен қатар Банк American Express және Diners Club карточкаларын тарататын уәкілетті агент және Қазақстанда бірінші болып 2001 жылы қауіпсіздік үшін чип пен магниттік лентаны құрамдастырған смарт карталар шығарған банк болып табылады.Бұдан басқа, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар, 2004 жылғы 31 желтоқсанда банкоматтардың саны 299-ды, пост-терминалдардың саны 1001-ді құрады. Сондай-ақ Банк өз клиенттеріне телефондық банкинг пен интернет банкинг қызметтерін ұсынған бірінші жергілікті банк болды.Коммерциялық банктік бизнес арқылы, Банк орташа және ірі қазақстандық және өз қызметтерін Қазақстанда жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың өнімдері мен қызметтерін, сауда және құрылымдық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, интернет банкинг және активтерді басқару қызметін, сонымен бірге қысқа мерзімді несиелеу және басқа жалпы банктік қызметтерді қосқанда, ұсынады. Жоғары өтімділік деңгейін ұстау жөніндегі Банк саясатына сәйкес, ол әдетте корпоративті клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімде несиелер береді, сондай-ақ қазіргі уақыттағы ресурстардың шамасына қарай ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк сонымен бірге Қазақстандағы өзінің негізгі корпоративті клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және көрші елдердегі, Ресей мен Қырғызстандағы, ірі корпоративті клиенттерін қаржыландырады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің жалпы несие (ссуда) қоржыны 524, 809 млн. теңгені (4, 0 млрд. АҚШ доллары) құрады. Банктік қызметтерден басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Ол Қазақстанның құнды қағаздар нарығы мен валюта нарығының негізгі қатысушысы болып табылады және жалақы қызметтерін қосқанда, компаниялардың ақша ресурстарын басқару қызметінің негізгі жеткізушісі болып табылады. Банктің Банктік лицензияға сәйкес, сату, сатып алуды қосқанда, мәміле жасауға және алтын мен күмісті қосқанда, бағалы металдарды сақтауға құқы бар. 2001 жылы Банк өзінің корпоративті және бөлшек садуа клиенттеріне сенімгерлік қызметін ұсына бастады, мұның басым бөлігі - ақша қаражаты мен активтерді сенімгерлік басқару.:

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк 2004 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы активтерінің көлемі бойынша заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және басқа да қызметтер ұсынатын Қазақстандағы ірі жекеменшік банк болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша, аяқталған 2004 жылдың 31 желтоқсаны, Банктің таза пайдасы 8, 689 млн. теңгені (63, 9 млн. АҚШ доллары), активтері 704, 057 млн, теңгені (5, 416 млн. АҚШ доллары) және акционерлік капиталы 57, 307 млн. теңгені (440, 8 млн. АҚШ доллары) құрады.

Банктің негізгі қызметі теңгеде және шетелдік валютада депозиттер қабылдау және несиелер мен кредиттер беру болып табылады. Сонымен бірге банк клиенттердің төлемдер, дебиттік және кредиттік карточкалары, инкассолау, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша өзінің бас офисінен басқа, Банк өзінің оңтайландыру бағдарламасына орай КЕБ (РКО) санын қысқартуды ойлап отырса да, Банктің Қазақстанда 22 әмбебап филиалы, 51 кассалық есеп айырысу бөлімшесі және 12 дербес қызмет көрсету орталығы бар. Сондай-ақ Банктің Лондонда шетелдік өкілдігі және Қырғызстанда шетелдік еншілес кәсіпорыны бар. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк клиенттерінің бөлшек депозиттер көлемі, Банктің бөлшек депозиттер көлемі 1999 жылдың аяғындағы 23 млн. АҚШ долларынан едәуір ұлғайып, 640 млн. АҚШ долларын құрады. Банктің ойынша, оның депозиттік базасы қазіргі уақытта қазақстандық банктердің арасында ең ірісі болып табылады. 1999 жылдың аяғында Банктің тұтынушылық несиелері 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша шамамен 10 млн. АҚШ долларынан 469 млн. АҚШ долларына дейін өсті.

Банк Cirrus/Maestro жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін VISA және Europay/MasterCard кредиттік және дебиттік карточкаларын шығарады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің 313, 965 карточкасы айналыста болды. Сонымен қатар Банк American Express және Diners Club карточкаларын тарататын уәкілетті агент және Қазақстанда бірінші болып 2001 жылы қауіпсіздік үшін чип пен магниттік лентаны құрамдастырған смарт карталар шығарған банк болып табылады.

Бұдан басқа, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар, 2004 жылғы 31 желтоқсанда банкоматтардың саны 299-ды, пост-терминалдардың саны 1001-ді құрады. Сондай-ақ Банк өз клиенттеріне телефондық банкинг пен интернет банкинг қызметтерін ұсынған бірінші жергілікті банк болды.

Коммерциялық банктік бизнес арқылы, Банк орташа және ірі қазақстандық және өз қызметтерін Қазақстанда жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың өнімдері мен қызметтерін, сауда және құрылымдық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, интернет банкинг және активтерді басқару қызметін, сонымен бірге қысқа мерзімді несиелеу және басқа жалпы банктік қызметтерді қосқанда, ұсынады. Жоғары өтімділік деңгейін ұстау жөніндегі Банк саясатына сәйкес, ол әдетте корпоративті клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімде несиелер береді, сондай-ақ қазіргі уақыттағы ресурстардың шамасына қарай ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк сонымен бірге Қазақстандағы өзінің негізгі корпоративті клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және көрші елдердегі, Ресей мен Қырғызстандағы, ірі корпоративті клиенттерін қаржыландырады. 2004 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банктің жалпы несие (ссуда) қоржыны 524, 809 млн. теңгені (4, 0 млрд. АҚШ доллары) құрады. Банктік қызметтерден басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Ол Қазақстанның құнды қағаздар нарығы мен валюта нарығының негізгі қатысушысы болып табылады және жалақы қызметтерін қосқанда, компаниялардың ақша ресурстарын басқару қызметінің негізгі жеткізушісі болып табылады. Банктің Банктік лицензияға сәйкес, сату, сатып алуды қосқанда, мәміле жасауға және алтын мен күмісті қосқанда, бағалы металдарды сақтауға құқы бар. 2001 жылы Банк өзінің корпоративті және бөлшек садуа клиенттеріне сенімгерлік қызметін ұсына бастады, мұның басым бөлігі - ақша қаражаты мен активтерді сенімгерлік басқару.

Тарихы

"Қазкоммерцбанк" АҚ тарихыБанк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде Медеу Банкі АҚ («Медеу банкі») деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - «Қазкоммерцбанк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге ҰБК-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар.Банк, сондай-ақ оның бас офисі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Гагарин д-лы, 135 ж., Алматы, 480060, Қазақстан, банктің телефон номері: + 7 3272 585-670 және 585-185, факс + 7 3272 585-229. Қазкоммерцбанктің Интернеттегі мекен-жайы: http://www. kkb. kz.1994 жылдың сәуірінде Банк, Қазақстанда тіркелген, Астана Холдинг («Астана Холдинг») банкімен-коммерциялық банкімен бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық торабы арқылы негізгі іскерлік және елді орталықтарға қатысады.1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі, Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру процесіне белсене қатысты.1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына - қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі болып табылады.1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕБРР қаржыландыратын және сол кезеңде CCF Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997 ж. осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс Мемлекеттік «Hermes» Экспорттық Сақтандыру компаниясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк тұтастай 14 халықаралық синдикатталған несиле ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында белсенді болып келеді.1998 жылдың мамыр айында Банк үш жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті эмитент еурооблигациясының бірінші шығарылымы болды. Кейінгі жылдары Банк барлығы 1, 5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және халықаралық еурооблигациялар шығарды.1997-2004 жылдар аралығында Қазкоммерцбанкке қатарынан «Euromoney», «Global Finance» және «The Banker» сияқты әлемнің жетекші қаржылық басылымдары «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.2002 жылы Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті. Сондай-ақ Қазкоммерцбанк Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен (Москоммерцбанк КБ), оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды.:

"Қазкоммерцбанк" АҚ тарихы

Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде Медеу Банкі АҚ («Медеу банкі») деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - «Қазкоммерцбанк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге ҰБК-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар.
Банк, сондай-ақ оның бас офисі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Гагарин д-лы, 135 ж., Алматы, 480060, Қазақстан, банктің телефон номері: + 7 3272 585-670 және 585-185, факс + 7 3272 585-229. Қазкоммерцбанктің Интернеттегі мекен-жайы: http://www. kkb. kz.

1994 жылдың сәуірінде Банк, Қазақстанда тіркелген, Астана Холдинг («Астана Холдинг») банкімен-коммерциялық банкімен бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық торабы арқылы негізгі іскерлік және елді орталықтарға қатысады.

1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі, Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру процесіне белсене қатысты.

1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына - қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі болып табылады.

1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕБРР қаржыландыратын және сол кезеңде CCF Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997 ж. осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс Мемлекеттік «Hermes» Экспорттық Сақтандыру компаниясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк тұтастай 14 халықаралық синдикатталған несиле ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында белсенді болып келеді.

1998 жылдың мамыр айында Банк үш жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті эмитент еурооблигациясының бірінші шығарылымы болды. Кейінгі жылдары Банк барлығы 1, 5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және халықаралық еурооблигациялар шығарды.

1997-2004 жылдар аралығында Қазкоммерцбанкке қатарынан «Euromoney», «Global Finance» және «The Banker» сияқты әлемнің жетекші қаржылық басылымдары «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.

2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.

2002 жылы Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті. Сондай-ақ Қазкоммерцбанк Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен (Москоммерцбанк КБ), оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды.

Халықаралық марапаттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банктік қадағалау және оның қызметіне әсері - Оқу тәжірибесін өту нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Екінші деңгейлі банк
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі жайлы ақпарат
Банктердің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі. Еншілес шетел капиталдарының қатысуымен банктерді құру
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарына шолу
Банк операцияларын лицензиялау
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz