Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.

Өскемен 2007ж

а) Экономикалық саясаттағя өзгерістер

Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністер:

  • 307 кәсіпорынының 250-і жұмыс істемеді.
  • 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру - 4 есе, көмір өндіру- 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады.
  • Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
  • Өнеркәсіп өнімі 6, 3% болды.
  • Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.
  • Мал саны 29, 9 млн-нан - 16, 3 млн. -ға кеміді.

1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды:

- Азық-түлікті, отынды тегін босату;

- Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету.

- Ақысыз асханалар ашу туралы деректер қабылдау.

Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады:

  • Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
  • 1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.
  • 1921 жылғы науырыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді.
  • Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерлісшілер қолынан қаза тапты.

XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаю себептері :

  • Мемлекеттік еңбекші халыққа күш қолдану саясаты.
  • 1921-1922 ж. ж жаппай ашаршылдық.
  • Мал шаруашылығының ауыр жағдайы.
  • Егін алқаптарының күрт азаюы.

Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың

мүделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті.

  • 1921 жылғы наурыз -жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды( партияның X съезі)

ЖЭС-тің белгілері :

  • Азық- түлік салығы.
  • Сауда еркіндігі.
  • Жерді және ұсқ кәсіпорындарды жалға беру.
  • Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
  • Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
  • Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

ЖЭС-тің мәні- салғыртта салықпен ауыстыру.

  • 1921 жылғы наурыз-сәуір -өлкеде салғарт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.
  • 1921 жылғы маусым -Орынбордағы өткізілген 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС- ке көшу туралы айтылды.

Жаңа экономикалық саясатпен бірге тотаритарлық, авторитарлық башылыққа көшу басталды.

ә) 1921-1922 жылдардағы ашаршылық

Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді.

1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар саны 1/3 бөлігін қамтыды.

  • 1921 жылғы қараша - 1млн. 508 мың адам;
  • 1922 жылғы науырыз - 2 млн. 303200 адам.

Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей губернияларын аштық жайлады. Аштыққа індет қосылып, 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар менауру лар 82%-ға жетті.

Астық мол болған Семей, Ақмола тубернияларынан азық-түлік отрядтары ауыл шаруашылық өнімнің 80%-ын әкетті. Жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары - Мәскеу, Петроград, Самара, Казан, жіберді. Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.

Кеңес өкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді:

  • 1921 жылғы 14 маусым - «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
  • 1922 жыл - егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді.
  • 1922 жылғы 4 тамыз - ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн сом берілді.
  • 1922 жыл мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді.

Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті:

  • 2 млн пұт астық жіберілді.
  • Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.

Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үдеуіне байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.

1921-1922 жылғы аштықтың салдары:

  • Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе Орал губернияларында халық саны 1/3- не дейін азайды.
  • 700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп келді.

б ) Жер-су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

  • 1921 жылғы сәуір - патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:
  • Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
  • Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жыл -Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
  • Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
  • 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 ж. ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.

  • 1921 жыл -«Қосшы одағы»құрылды (1930ж- «Кедей одағы»

атанды) .

Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангельдин, С. Меңдешев, С. Сейфулин, А. Розыбақиев т. б. 1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.

Міндеттері:

  • Еңбек артельдерін құру.
  • Кедейлерге жер беру.
  • Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:

  • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол

атқарады.

  • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
  • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.
  • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.

в) Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.

Азық-түлік салығы еңгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде онды жағдай қалыптасты:

  • Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзетуге мүмкіндік алды.
  • 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды.
  • Бірыңғай заттай салық белгіленді.

Салықтан жиналған қаражаттар мына салаларға бөлінді:

  • Қорғаныс ісіне.
  • Халық ағарту ісіне.
  • Ағартушылығына.
  • Ірі өнеркәсіпке.

Ауыл шаруашылығындағы басты өзгерістер:

  • Егіс көлемі 1924 ж 2, 1 млн. га, 1928ж- 4млн. га өсті.
  • Мал шаруашылығы 1924 жылы -24, 8 млн, 1928ж - 41млн

көбейді.

  • Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың

ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одақтық маңызы бар трестер құрылды; «Эмбанефт», «Алтайқазполиметалл», «Атбассветмед», жалпы одақтық трестер республика бюжетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефт» мұнайынан алаынған табыстың 5%-ын Қазақ АКСР-ның өлкелік бюжетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монаполиялық өктемдігі қалыптасты.

Өлкедегі кең өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металургияның басты ауданы- кенді Алтай. 1922 жылы ағылшын кәсіпкері Л. Урквард Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап ол қабылданбады.

  • 1920 жыл -Шымкен сантонин зауыты салынды
  • 1923 жыл - Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40%-ын берді.
  • Атырауда Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын
  • Тар табанды жол салынды.
  • 1927-1928 жылдар республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды. ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты.
  • 1921 жылғы 24 мамыр- «Айырбас туралы» декрет жариаланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрменке саудасы күшейді.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері :

  • Өнеркәсіп қалпына келтірілді
  • Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

ЖЭС шаруашылықта өркендетугу мүмкіндік берген керемет ғажайып саясат болды.

г) Ел болашағын бағдарлау.

Ұлт мәселесін арнайы қараған РК(б) П-ның Х, Х11 сезъдері Шығыстың артта қалған халықтарының капиталистік даму жолына соқпай, бірден социолизмге өту бағдарламасын ұсынды. Қазақ халқының социолизмге өту кезеңі жаңа экономикалық саясатқа көшумен тұспа-тұс келді.

Болшевиктердің «Орыс емес халықтардың алға озып кеткен Орталық Ресейді қуып жетуі»жөніндегі ұзақ мерзімді болашаққа арналған бағдарламасы қиял блып шықты. Ұлт шет аймақтарының социолизмге «алып секіріс» жасайтын нақты экономикалық, мәдени-техникалық, психологиялық негіздері болмады. Атап айтсақ:

  • «Орташа әлсіз» өнеркәсіптік даму денгеиі экономикадағы секірісті қамтамассыз ете алмады.
  • Отаршылдық тонауға, мұқтаждыққа, геноцид саясатына ұшырап келген еңбекшілер бұқарасы социолистік түсініктегі тәжірбиелерге мүлде дайын емес еді.

Ұлт зиялылары ел басқарудың баламалық бағдарламасын жасады.

  • 1920 жылғы 17 сәуір - А. Байтұрсынов В. И. Ленинге хат жолдап Қазақ елін билеудің екі жолын ұсынды.
  • Күштеп билеу.
  • Өзін- өзі билеу құқығын беру.

д) Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.

Заман талабы қазақ халқының ұлттық кеңес мемлекеттігін құруын қажет етті.

Жүзеге асыруға тиісті шаралар :

  1. Халықтың бұрынғы териториялық тұтастығын қалпына келтіру.
  2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.

Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар қалыптасты:

  • Қазақ өлкесіне Ақмола, Смей, Орал обылысының қосылуына қарсылық.
  • Республика құрамына Омбы обылысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнауыл уезін, Алтай өлкесін қосу.
  • 1919 жылғы 19 қыркүйек - Орынбордын Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.
  • 1920 жылғы 7 шілде - Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-1924ж. ж. ) болды. 1924-1929 ж астана - Ақмешіт. 1929 жылдан астана - Алматы.

Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттілігін А. Байтұрсынов, пен М. Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей обылыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді.

  • 1921жыл - Ақмола және Семей обылыстары Сібір рефкомы қарамағынан ҚАКСР -нен берілді.
  • 1921 жыл - Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген он шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды.
  • 1921 жыл маусым - Орал губерниялық партия комитеті жайықтың сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірді қайтару туралы декретке наразылық білдіріп, Орал обылысының ҚАКСР-нен бөлу туралы өтініш берді алайда партияның Орталық комитеті өтінішті қабылдамады.

І ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

  • Семей обылысы- Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.
  • Ақмола обылысы- Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір бөлігі.
  • Торғай обылысы -Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.
  • Маңғыстау уезі.
  • Закаспий обылысы Красноводск уезінің4, 5- Адай болыстар
  • Астрахань губерниясыныңбір бөлігі.
  • Бөкей ордасыжәнеКаспи теңізі жағасындағыболыстар.

Орта Азияны ұлттық мемлекеттік жағына ежелеуді және онтүстік аймақты Республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары ұйымдастыру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде:

  • Кеңестік шығыста ұлт республикалаы құрылды.
  • Қазақ жерінің біртұтас қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

1924 жыл - Орта Азияна Ұлттық мемлекеттік жағынан межелеу.

Сырдария мен Жетісу облыстары ҚАКСР-і құрамына еңгізілді.

ІІ. ҚАКСР-құрамына еңгізілген аймақтар:

  • Сырдария облысы -Қазалы, Ақмашіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уездерінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі.
  • Самарқант облысы -Жизақ уезінің бірнеше бөлігі.
  • Жетісу облысы -Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері. Бішпек уезінің бір бөлігі.

ҚАКСР құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлінді.

Республика аумаға- 2, 7 млн шаршы шақырым. Халқы- 5млн. 230 мың адам. Қазақтар - 61, 3%.

  • 1925 жылғы 15-19 сәуір - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл Қазақстандық 5 съезінде «Қырғыз қазақ» атауы берілді.
  • 1936 жылғы 9 ақпан - ҚАКСР ОК қаулысымен «қазақтар» атауы берілді.

е) Қоғамдық - саяси өмір.

Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда кеңес қаулысында қиыншылықтар мен кемшіліктерде кездесті.

  • 1921 жылғы 4-10 қазан-қырғыз АКСР-інін 2-ші съезі.

Қаралған мәселелер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери коммунизм
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары
Инфляция дегеніміз не
Инфляцияның түрлері, себептері
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Кеңес дәуіріндегі қазақ құқығы
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz