М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Мазмұны
1. Кіріспе
І Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.
1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
1.2. Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.
ІІ Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі фразеологиялық анафора мен эпифора.
2.1. Поэтикалық мәтінде антонимдік анафора мен эпифораның
қолданылуы.
2.2. Фразеологиялық анафора мен эпифораның қайталама түрде жасалуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
М.Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды.
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы — оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.
З.Ахметов сөзімен айтқанда: "Поэзия — сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана." [1,5-9]
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
М.Мақатаевтың көркемдегіш құралдардың ішінде жиі қолданғаны — айшықтаудың бірі - қайталама. Бұл жайында академик Р.Сыздық: "Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады. Қайталама дегеніміз - бір сөздің (не текстің, сөйлемнің) бір сәйлемде, не абзац, шумақ сияқты микромәтінде қайталанып келтіру тәсілі", - деген еді. [2,87]
Мұқағали поэзиясының тілі қандай? Оның көркемдік
сипаты, жүректі тебірентер әсерлілігі неде деген мәселені сөз
қолдануындағы көркем тәсілдерінің қайталамаларына байланыстырып айтқан болар едік.
Ендеше, осы қайталама көркем шығармада қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жай қайталама, еспе қайталама, әдепкі қайталама /анафора/, кезекті қайталама /эпифора/. Мұқағали лирикасында осы қайталамалардың барлық түрі де кездеседі. Оны ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Біз жұмыста М.Мақатаевтың поэзиясындағы анафора мен эпифора деген қайталаманың түрлеріне тоқталамыз. Ең алдымен ескертуге тоқталайық:
Әдепкі қайталама, яки анафора (грекше апарһога — биікке шығару) - өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымының бір сөзден басталуы. [19, 235]
Кезекті қайталама, яки эпифора (грекше ерірһога — соңынан алып жүру) - өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөздің бірнеше мәрте қайталануы. [3,236]
Ғалым Қ.Жұмалиев анафора мен эпифора жайында: "Анафора - сөйлем басында бір сөздің немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі. Өлеңді шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі, жол, тармақ аяғында қайталанады да, эпифора деген атау алады", - деп жазған.[4,135]
Анафоралық және эпифоралық " қайталамаларды сөз колданудың оңтайлы тәсілі ретінде қарастырған академик М.Серғалиев болды. Ол жазушы Ғ.Мүсіреповтің шағын прозасы -әңгімелеріндегі қолданылған қайталамаларды "өзіндік дәстүрі бар тәсіл" деп бағалайды. "Сөйлем басында бір сөздің немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі кездейсоқ құбылыс емес. Олар неше рет қайталанып келсе де, тиісті стилистикалық қызмет атқарады. Осындай анафоралық қайталамадагы сөздердің әрқайсысының стилистикалық "жүгінің" салмағы біркелкі болып келе бермейді; әрқайсысының өзіндік қолданылу ерекшеліктері танылып отырады." [5,137] М.Серғалиев анафора мен эпифора поэтикалық шығармаларда ғана емес, прозалық көркем шығармаларда да кездесіп отырады деген пікір берген. Ол осы жайында: "Тегінде, қандай сөйлем болса да — мейлі, өленді сөйлем болсын, мейлі, қара сөзбен келген сөйлем болсын — анафора болуының басты шарты — сол сөйлемнің бірнешеуінің бірдей жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен басталуы болуы керек", - деп жазған.[5,138]
М.Серғалиевтің пікірінше, көркем шығармалардағы анафоралық құбылыстар сөйлем мүшелерінің барлық түрі ретінде келсе, эпифоралық құбылыстарда сөйлем соңындағы сөздердің басым көпшілігі баяндауыш болып келеді. Сондықтан эпифора деп сөйлемнің баяндауышының колданылуын ұғамыз. Өлеңді шығармаларда анафоралық және эпифоралық қайталамаларды сөйлем мүшелері де, сөйлем мүшесі болмайтын жеке сөздер мен сөз тіркестері де тұрғысынан қарастыру жеткілікті болып табылады. [5,141]
Қайталама мәселесі Б.Шалабайдың да еңбектерінде қамтылады. Ол "Көркем проза тілі" атты кітабында: "Шығармада белгілі мақсат көздеп, орынды қолданылған лексикалық қайталамалар көп. Солардың бірі анафоралық және эпифоралық қайталамалар шығарманың көркемдігіне нұқсан келтірмейді, керісінше, текстің көркемдігін арттырып, жазушының дара стилін айқындауға көмектеседі", - дейді. [6,52] Оның пікірінше, анафора мен эпифора жалпы мәтіннің ырғақтық-интонациялық, көркемдік, стильдік бітім-болмысын айқындап тұрады. Ғалым анафоралық және эпифоралық қайталаманың Ғ.Мүсіреповтің шығарма-ларындағы қолданысына талдау жасай келіп, олар шығарма құрылысының ырғақтылығына, әуенділігіне ықпал жасайтындығына назар аударады. "Ырғақтылық - сыртқы әдемілік емес, күшті көркемдегіш әрі мазмұнының оңай ұғынылуына жәрдемші құрал. Өлең құрылысы өзіндік ырғақты, сазды айтылу әуенімен де ерекшеленеді. Ғ.Мүсірепов стиліне тән айрықша ырғақтылық мынадай құралдар арқылы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Ахметов 3. - Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973.
212 6.
2. Сыздық Р. Сөз қүдіретті. Алматы: Санат, 1997.-224 б.
141
3. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.- 360 б.
4. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969. —221 б.
5. Серғалиев М. Сөз сарасы. АлматыгЖазушы, 1989. — 138.
6. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы:Білім, 1994.—130.
7. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ тілінің
стилистикасы. Алматы, 1974. — 199 б.
8. Негимов С. Өлең өрімі. Алматы, 1980. — 136.
9. Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы: Төрт
томдық. Қүраст. Орақазын Асқар. — Алматы: Жалын
баспасы, 2001.- 448 б. Мысалдар ақьш шығармаларының
осы басылымы бойынпіа беріліп аталды.
10.Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1998.
- 544 б.
11. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: мектеп. – 1995.
12. Белинский В.Г. Собр. Соч. В трех томах. Москва: ОТИЗ, 1948 ж. (Қазақшасын ауд.
Ә.Тәжібаев. Өмір және поэзия). Алматы, 1969.
13. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994. 224 б.
14. Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 3-басылуы. Алматы: Санат, 2003. – 416 б.
15. Үркімбаева Н. Ақындық әлем. \\ «Лениншіл жас» газеті. 1987.-11 маусым.
16. Утанова А.Қ. Қазіргі қазақ көркем прозасындағы қайталамалар. Автореферат дисс.
Канд. Филолг. наук. – Алма-ата. 1992.-22 б.
17. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы: Ғылым, 1970.-336 б.
18. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Алматы: Санат, 1997.-256 б.
19. Жұмабеков С. Адамға және адамзатқа немесе (ақын М.Мақатаевтың «Соғады жүрек»
атты екі томдық шығармалар жинағы тыралы), \\ Қазақ әдебиеті, 1983. – 7 қазан.
20. Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. Алматы: Қазақ университеті.
19917 – 80 б.
21. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер. Алматы. 1957.
22. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1973, 496.
23. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А. Мектеп, 1988. – 170 б.
24. Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы. (Сын) \\ Жұлдыз, №7, 1972.- 204 б.
25. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. 1987.
26. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы: Санат, 1996. – 128 б.
27. Қожахметова Х.Қ, Жайсақова Р.Е.., Қожахметова Ш.О. Қазақша –орысша
фразеологиялық сөздік. Алматы: Мектеп, 1988. – 224 б.
1. Ахметов 3. - Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973.
212 6.
2. Сыздық Р. Сөз қүдіретті. Алматы: Санат, 1997.-224 б.
141
3. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.- 360 б.
4. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969. —221 б.
5. Серғалиев М. Сөз сарасы. АлматыгЖазушы, 1989. — 138.
6. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы:Білім, 1994.—130.
7. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ тілінің
стилистикасы. Алматы, 1974. — 199 б.
8. Негимов С. Өлең өрімі. Алматы, 1980. — 136.
9. Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы: Төрт
томдық. Қүраст. Орақазын Асқар. — Алматы: Жалын
баспасы, 2001.- 448 б. Мысалдар ақьш шығармаларының
осы басылымы бойынпіа беріліп аталды.
10.Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1998.
- 544 б.
11. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: мектеп. – 1995.
12. Белинский В.Г. Собр. Соч. В трех томах. Москва: ОТИЗ, 1948 ж. (Қазақшасын ауд.
Ә.Тәжібаев. Өмір және поэзия). Алматы, 1969.
13. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994. 224 б.
14. Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы), 3-басылуы. Алматы: Санат, 2003. – 416 б.
15. Үркімбаева Н. Ақындық әлем. \\ «Лениншіл жас» газеті. 1987.-11 маусым.
16. Утанова А.Қ. Қазіргі қазақ көркем прозасындағы қайталамалар. Автореферат дисс.
Канд. Филолг. наук. – Алма-ата. 1992.-22 б.
17. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы: Ғылым, 1970.-336 б.
18. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Алматы: Санат, 1997.-256 б.
19. Жұмабеков С. Адамға және адамзатқа немесе (ақын М.Мақатаевтың «Соғады жүрек»
атты екі томдық шығармалар жинағы тыралы), \\ Қазақ әдебиеті, 1983. – 7 қазан.
20. Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. Алматы: Қазақ университеті.
19917 – 80 б.
21. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер. Алматы. 1957.
22. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1973, 496.
23. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А. Мектеп, 1988. – 170 б.
24. Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы. (Сын) \\ Жұлдыз, №7, 1972.- 204 б.
25. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. 1987.
26. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы: Санат, 1996. – 128 б.
27. Қожахметова Х.Қ, Жайсақова Р.Е.., Қожахметова Ш.О. Қазақша –орысша
фразеологиялық сөздік. Алматы: Мектеп, 1988. – 224 б.
Мазмұны
1. Кіріспе
І Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.
1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
1.2. Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.
ІІ Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі фразеологиялық анафора мен эпифора.
2.1. Поэтикалық мәтінде антонимдік анафора мен эпифораның
қолданылуы.
2.2. Фразеологиялық анафора мен эпифораның қайталама түрде жасалуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
М.Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен,
жырларымен қазақ халқына танымал болды.
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы — оның лирикасында. Ақынның
терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен
жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және
сүйеді.
З.Ахметов сөзімен айтқанда: "Поэзия — сөз өнері, көркемдік
шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем
емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат
беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір
шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп
суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің
құралы ғана." [1,5-9]
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді
білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу,
метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі.
Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары,
жүрек лүпілдері айтылады.
М.Мақатаевтың көркемдегіш құралдардың ішінде жиі қолданғаны —
айшықтаудың бірі - қайталама. Бұл жайында академик Р.Сыздық: "Шығарма тілін
көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады.
Ол стильдік категорияға жатады. Қайталама дегеніміз - бір сөздің (не
текстің, сөйлемнің) бір сәйлемде, не абзац, шумақ сияқты микромәтінде
қайталанып келтіру тәсілі", - деген еді. [2,87]
Мұқағали поэзиясының тілі қандай? Оның көркемдік
сипаты, жүректі тебірентер әсерлілігі неде деген мәселені сөз
қолдануындағы көркем тәсілдерінің қайталамаларына
байланыстырып айтқан болар едік.
Ендеше, осы қайталама көркем шығармада қолданылуына қарай бірнеше түрге
бөлінеді: жай қайталама, еспе қайталама, әдепкі қайталама анафора,
кезекті қайталама эпифора. Мұқағали лирикасында осы қайталамалардың
барлық түрі де кездеседі. Оны ақын қолданарында талғампаздық көрсете
отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Біз жұмыста
М.Мақатаевтың поэзиясындағы анафора мен эпифора деген қайталаманың
түрлеріне тоқталамыз. Ең алдымен ескертуге тоқталайық:
Әдепкі қайталама, яки анафора (грекше апарһога — биікке шығару) -
өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымының бір сөзден басталуы. [19, 235]
Кезекті қайталама, яки эпифора (грекше ерірһога — соңынан алып жүру) -
өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір
сөздің бірнеше мәрте қайталануы. [3,236]
Ғалым Қ.Жұмалиев анафора мен эпифора жайында: "Анафора - сөйлем басында
бір сөздің немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі. Өлеңді шығармаларда
сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі, жол,
тармақ аяғында қайталанады да, эпифора деген атау алады", - деп
жазған.[4,135]
Анафоралық және эпифоралық " қайталамаларды сөз колданудың оңтайлы
тәсілі ретінде қарастырған академик М.Серғалиев болды. Ол жазушы
Ғ.Мүсіреповтің шағын прозасы -әңгімелеріндегі қолданылған қайталамаларды
"өзіндік дәстүрі бар тәсіл" деп бағалайды. "Сөйлем басында бір сөздің
немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі кездейсоқ құбылыс емес. Олар неше
рет қайталанып келсе де, тиісті стилистикалық қызмет атқарады. Осындай
анафоралық қайталамадагы сөздердің әрқайсысының стилистикалық "жүгінің"
салмағы біркелкі болып келе бермейді; әрқайсысының өзіндік қолданылу
ерекшеліктері танылып отырады." [5,137] М.Серғалиев анафора мен эпифора
поэтикалық шығармаларда ғана емес, прозалық көркем шығармаларда да кездесіп
отырады деген пікір берген. Ол осы жайында: "Тегінде, қандай сөйлем болса
да — мейлі, өленді сөйлем болсын, мейлі, қара сөзбен келген сөйлем болсын —
анафора болуының басты шарты — сол сөйлемнің бірнешеуінің бірдей жеке
сөздерден немесе сөз тіркестерінен басталуы болуы керек", - деп
жазған.[5,138]
М.Серғалиевтің пікірінше, көркем шығармалардағы анафоралық құбылыстар
сөйлем мүшелерінің барлық түрі ретінде келсе, эпифоралық құбылыстарда
сөйлем соңындағы сөздердің басым көпшілігі баяндауыш болып келеді.
Сондықтан эпифора деп сөйлемнің баяндауышының колданылуын ұғамыз. Өлеңді
шығармаларда анафоралық және эпифоралық қайталамаларды сөйлем мүшелері де,
сөйлем мүшесі болмайтын жеке сөздер мен сөз тіркестері де тұрғысынан
қарастыру жеткілікті болып табылады. [5,141]
Қайталама мәселесі Б.Шалабайдың да еңбектерінде қамтылады. Ол "Көркем
проза тілі" атты кітабында: "Шығармада белгілі мақсат көздеп, орынды
қолданылған лексикалық қайталамалар көп. Солардың бірі анафоралық және
эпифоралық қайталамалар шығарманың көркемдігіне нұқсан келтірмейді,
керісінше, текстің көркемдігін арттырып, жазушының дара стилін айқындауға
көмектеседі", - дейді. [6,52] Оның пікірінше, анафора мен эпифора жалпы
мәтіннің ырғақтық-интонациялық, көркемдік, стильдік бітім-болмысын айқындап
тұрады. Ғалым анафоралық және эпифоралық қайталаманың Ғ.Мүсіреповтің
шығарма-ларындағы қолданысына талдау жасай келіп, олар шығарма құрылысының
ырғақтылығына, әуенділігіне ықпал жасайтындығына назар аударады.
"Ырғақтылық - сыртқы әдемілік емес, күшті көркемдегіш әрі мазмұнының оңай
ұғынылуына жәрдемші құрал. Өлең құрылысы өзіндік ырғақты, сазды айтылу
әуенімен де ерекшеленеді. Ғ.Мүсірепов стиліне тән айрықша ырғақтылық
мынадай құралдар арқылы жасалады: авторлық баяндаудағы синтаксистік
бірліктердің құрылысы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, лексикалық және
синтаксистік қайталамалар. Көркем шығармадағы лексикалык, қаталамаларды
(анафора, эпифора) қолданып, сөйлемнің ырғақтылық әуені бұрынғыдан да
күшейе түседі, айрықша екпінді, әуезді болып келеді. Мысалы: "Жылатқан ел,
жәбірлеген ел, уатқан ел, еркелеткен ел, сенен ыстық не бар десеңші".
Осындағы "жылатқан — уатқан", "жәбірлеген — еркелеткен" деген ұйқасқа
құрылған төрт етістікке ел жалпы есімі жеке-жеке тіркесіп, эпифоралық
қайталама жасап тұр." [6,66-67]
М.Балақаев пен Е. Жанпейісов "Қазақ тілінің стилистикасы" атты
еңбегінде анафоралық және эпифоралық қайталамалар, әсіресе, шешендік
өнердің, көркем әдебиеттің өте ұтымды, әрі
әсерлі тәсілінің бірі болады, қайталамалар екі түрлі орайда
эмоционалдық-экспрессивтік қызмет атқарады деп санайды. "Анафора қазақ
тілінде өленді сөйлемдерде көбірек кездеседі. Мұнда қатар айтылған бірнеше
сөйлем, кейде өлең шумағының бірнеше жолы бір сөзден басталады. Сөзді солай
қат-қабаттап жұмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге болады. Эпифоралық
қайталамада қатар айтылған сөйлемдердің, өлең жолдарының аяқталуы бірдей
болады."[7,178]
М.Балақаев пен Е.Жанпейісов белгілі мақсатпен лайық қайталау бар да,
мақсатсыз қайталау бар деп белгілейді. "Мақсатсыз айтылған басы артық сөз
көзге шыққан сүйелдей жазу стилін ауырлатып тұрады. Ондайдан безу үшін сөз
бен сөзді, жалғау мен сөзді, жалғау мен жалғауды топтастырып, ықшамдау
керек, сонда сөзге орын тар болсын, айтқан ойың кең болсын деген мақсат
қойылады."[7,179]
Поэтикалық мәтіндегі анафора мен эпифоралардың атқаратын қызмет ауқымы
өте кең. Олар бір өлең жолының аясында немесе тұтас бір микромәтінде
қайталанып келіп, ойды барынша дәл сол нәрсеге, белгілі затқа аударуды
мақсат етеді. Әсіресе, бір өлеңнің аясында бір сөздің бірнеше қайталануы
оқырманға заттың, оқиғаның негізгі ұйтқысы болып тұрған сөзді терең жеткізу
амалынан туындайды.
Қайталама — мәтін құрылымымен тығыз байланыста болатын құбылыс. Мәтін
бар жерде оның құрылымын жетілдіретін қайталамалардың қолданылып отыруы —
табиғи нәрсе. Мәтін -мазмұн мен құрылым жағынан аяқталған категория.
Мәтіннің мазмұнын мәтін семантикасы десе, оның құрылымын мәтін композициясы
деп атайды. Олардың бөлшектенуі — мәтін архитектоникасы деп аталады.
Анафоралық және эпифоралық қайталамалардың мәтін композициясы мен
архитектоникасына да қатысы бар. Олар поэтикалық шығарманың біртүтастығын
қамтамасыз етіп, ойды дамыту, белгілі бір микромәтіндерді өрнектеу, оқырман
назарын бір нәрсеге аңдату сияқты қызметгер атқарады.
1980 жылдардан бастап анафоралық және эпифоралық қайталамалар,
лексикалық, дыбыстық, синтаксистік қайталамалар тақырыбына бірнеше
диссертациялар жазылды. Олардың қатарына бүкіл қайталама түрлерінің,
солардың ішіндегі анафора мен эпифоралардың лингвостилистикалық табиғатын
қарастырған О.Бүркітовтің докторлық диссертациясы, қос сөздердің қайталануы
мен морфологиялық қайталамалардың лексика-грамматикалық құрылымын
қарастырған Т.Б.Қалабаеваның, зат есім, сын есім, етістіктерден жасалған
грамматикалық қайталамалардың қазақ ертегілеріндегі қолданылу
ерекшелікгерін сипаттаған З.Керімбаеваның дыбыстық, лексикалық,
синтаксистік қайталамалардың көркем прозасындағы қызметін тануға
арналған А.Қ.Утанованың, Ж.Аймауытов шығармаларындағы
лексикалық, синтаксистік қайталамалар, анафоралық және эпифоралық
қайталамалардың стильдік қызметін сипаттайтын Р.А.Досжанованың кандидаттық
диссертациялары кіреді. Қайталама құбылысы туралы мәлімет І.Кеңесбаев пен
Т.Жанұзақовтың "Тіл білімінің орысша-қазақша сөздігіне" де енгізілген.
Сөздікте қайталама "сөздің қайталақтауы" деген терминмен белгіленіп, оған
"сөйлемдегі сөз мағынасын күшейту немесе стилистикалық мән беру үшін
қолданылатын тәсіл. Үнді-европа тілдерінде оны редупликация деп атайды"
деген түсінік беріледі. Э.Д.Сүлейменованың "Тіл білімі сөздігінде" анафора
мен эпифоралар былай анықталған: "Анафора — мәтінде әр жол немесе әр тармақ
ылғи бір тілдік элементтерінен (дыбыс, сөз, морфема) басталып, қайталау
арқылы жасалатын стилистикалық сөйлеу айшығы. Эпифора — мәтіннің әр жолының
соңындағы бір тілдік элементтің бірнеше мәрте қайталануы.
М.Мақатаев поэзиясында анафора мен эпифораның түрлері
елеулі орын алады. Кейбір сәттерде Мұқағали өлеңдерінде бүтіндей сөз,
сөз тіркестері, тармақ пен өлең жолдары бірнеше мәрте қайталанып
отырады. Сөйтіп өлең мәнерлілігі, ой өрнегі ажарлана түседі.
М.Мақатаев поэзиясындағы қайталамалар өлеңнің көркемдігін, эмоциялық-
эстетикалық әсерлілігін арттыруға ықпал ету, лирикалық туындының
әдемілігін, мазмұндылығын күшейте түсу мақсатында жұмсалады.
Қайталамалардың түрлері Мұқағали поэзиясында көптеп кездеседі.
Қайталамалардың дыбыстық тілде үлкен көркемдегіш қызмет атқара
алатындығын ескере отырып, оларды тілдік және стилъдік деп бөлуге болады.
Тілдің ішкі салалары бірліктерінің қайталану мүмкіншіліктеріне орай
дыбыстық қайталамалар, лексикалық қайталамалар, фразеологиялық анафора мен
эпифоралар, грамматикалық анафора мен эпифоралар сияқты түрлері болады. Бұл
қайталамалардың әрқайсысы өз ішінен шағын түрлерге бөлінеді. Мысалы,
дыбыстық қайталаманың ішінде ассонанс, аллитерация, паронимиялық аттракция,
консонанс, ішкі ұйқас. Лексикалық қайталамалар редупликант (негізгі сөз)
пен редупликатордың (қайталанатын сөз) орналасу ерекшеліктеріне орай
контактілі және дистантты болып екі түрге ажыратылады. Семантикалық,
сатылы, сақина қайталамалары бар, плеоназм сөздерінің қайталануы кездеседі.
Ғалым С.Негимов "Өлең өрімдері" кітабында әуендік анафора мен эпифора,
әуендік-лексикалық анафора мен эпифоралардың түрлерін белгілейді.[8,11О]
Фразеологиялық анафора мен эпифора түрлеріне фразеологизмдердің қайталануы
жатады. Грамматикалық анафора мен эпифораның түріне сөз таптарының
қайталамалары кіреді.
Шығарма тілінің көркемдігі суреткердің әр сөздің орнын тауып көркем
жұмсай білуінде, сөздердің қайталануында. Ақын сөзді қиыстырып, қайталап,
тиісті жерінде ұтымды қолданып, ойдың түсініктілігін, дәлдігін айқындайды.
Мысалы:
Бақыт деген — сенің бала қүндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытым да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім:
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол — тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.
[9,3 т.,31]
Өлеңде "бақыт" сөзі 21 рет қайталанады, осы сөздің екі шумақтың басында
қайталануы анафора жасап тұр. Шындығында да, Мұқағали өлеңдерінің
әсерлілігі — мағынасы тереңде жатқан сөздің қайталанып контекстік қызмет
атқара алуында.
Мұқағали өлендерінде анафора мен эпифора тәсілдерінің шеберлікпен
пайдаланылуы өлеңге ерекше көркемдік сипат береді, ақынның айтар ойын
жинақтап, күшейтеді.
Ақын өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы алуан түрлі көріністерді
лирикалық шығармасы арқылы оқырманына жеткізеді. Яғни, адамның бойында,
мінез-құлқында, іс-әрекетінде, тағдырында араласып жүретін пендешілік,
арамдық, қараниеттілік, жауыздық, екіжүзділік сияқты толып жатқан түрлі
зымияндықты білдіретін ұғымдарды ақын өткір де уытты жырларымен жоғалтуға
ұмтылады. Сонымен қатар өмірдегі жақсылық пен жамандық, ізгілік пен
зұлымдық, адалдық пен арамдық, өмір мен өлім сияқты кереғар ұғымдарды
көркем тілімен айшықтап, оларды бірнеше рет қайталап, суреттеп береді. Осы
ойларымыздың дәлелі жұмысымыздың негізгі тарауларында айтылады.
Мұқағали Мақатаев таланты қазақ поэзиясында қашан да биіктен көрінеді,
ол қазақ лирикасының кең төрінде өзінің "менін" танытты.
Ақын өзінің 14 ақпан 1976 жылы жазған күнделігінде: "...Поэзия - ғылым.
Зерттеу керек. Менің қымбатты достарым! Егер шынымен менің өмірбаянымды,
творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел
оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлендерімнен бөліп қарамауларыңызды
өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.
Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Сонымен, достар,
бүкіл менің жазғаным бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен
өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасандар, барлық өлеңімді
жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім
өз орнында тұрсын. Яғни, жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай
оқындар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен
архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені сонан таппасаңдар, онда ақын
болмағаным!" [9,3т.,394] — деп жазған болатын. Акын поэзияны зерттеу
керектігін баса айтып, өзіне де өзінің өлеңіне де аса жауаптылықпен
қарайды. Жырларының басқа жүректерге сәуле түсіретінін және осылардың бәрі
адам өмірі туралы тұтас поэма екенін оқырманына ескертіп отырады. Ақын
өзінің жырына әділ баға бере отырып, ертеңгі күні менің өмірімді,
творчествосымды зерттемек болсаңдар, мынаған көңіл аударыңдар деп өзі айтып
кетті. Олай болса, оның өз айтқандарын басшылыққа ала отырып, тек
Мұқағалиға ғана тән тіл ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажеттігі
туындайды.
Негізінен, М.Мақатаевтың ақындық шеберлігіне байланысты жазылған әдеби-
сын мақалаларды көптеп кездестіруге болады. Мерзімді баспасөз беттерінде
1960-2004 жылдар аралығында әр түрлі тақырыптағы 200-ге жуық мақала
жазылған екен. 1991 жылы К.Сейітова "Мұқағалидың ақындық мұрасы" деген
кандидаттық диссертация қорғайды. Еңбекке Мұқағалидың өмір жолын,
поэтикалық шеберлігін ғана айтады. Ал Мұқағали шығармашылығына арналған
Күрленбай Хамидуллаевтың "Мұқағали Мақатаевтың ақындық шеберлігі" (1993 ж,)
деген зерттеу жұмысында М.Мақатаевтың тілі, сөзді әрлендіріп қолданудағы
шеберлігі, тілдік элементтерді таңдауы, жаңа мағына туғызуы сияқты
мәселелер қарастырылған. А.З.Қазанбаева өзінің "Мұқағали Мақатаев
лирикасының лексика-грамматикалық ерекшеліктері" атты диссертациялық
жұмысында М.Мақатаев поэзиясында кездесетін сөздердің топтарын, құрылымдық
ерекшеліктерін, лексика-грамматикалық сипатын, стильдік қызметін, айшықтау
және көркемдеу құралдарының қолдану мүмкіншілігін және авторлық
қолданыстағы сөздердің құпиясын ашады. Диссертациялық жұмыста ақын лирикасы
тіліндегі соны, тосын сөз тіркестері, жаңа мағынаның пайда болуы, сан алуан
лексикалық қабаттары лингвистикалық тұрғыдан қарастырылған. Бірақ
еңбектердің бәрінде де Мұқағалидың өлендеріндегі анафора және эпифора
түрлеріне, яғни қайталама құбылысына көп көңіл аударылмаған, себебі аз
зерттелген.
Анафоралық және эпифоралық қайталама түрлері тілдегі көркемдегіш тәсіл
ретінде лингвистикада көптен бері танымал болса да, осы мәселенің
төңірегінде анықталмаған сұрақтар аз емес. Академик Р.Сыздық осы мәселе
жайында былай деген еді: "Көркем текстегі қайталаманың типтерін іздестірген
зерттеуші болса, қайталама элементтердің орны, морфологиялык, тұлғасы
жағынан топтап қарастырса, бұл құбылыстың стильдік статусы айқындалары
сөзсіз." [2,89] Шынында да, анафоралық және эпифоралық қайталамалардың
тілдік сипаты, стильдік қызметі, поэтикалық мәтіндегі алатын орны сияқты
мәселелер қазақ тіл білімі ғалымдарының еңбектерінде тұтас, жүйелі
қарастырылмаған.
Халықтың құрметіне ие болған сүйікті ақыны Мұқағали Мақатаев
лирикасындағы анафора және эпифоралардың қолданылуы тілшілер тарапынан
арнаулы зерттеу нысанына ілінген жоқ. Сондықтан ақынның жырларындағы
сөздердің қайталану шеберлігін лингвостилистикалық тұрғыдан қарастыру
бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекгі мәселелерінің бірі деп білеміз.
Жүмыстың нысаны. Ғылыми зерттеу жұмысының нысаны ретінде қазақ
тіліндегі анафоралық және эпифоралық қайталамалардың лингвостилистикалық
жүйесі алынды. Ақын жырларында кездесетін лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық анафора мен эпифоралардың қолданылу
ерекшелікгерін, лексика-грамматикалық сипатын, стилистикалық қызметін
ашып дәлелдеу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты — Мұқағали
Мақатаев поэзиясында анафора мен эпифора қайталамалары түрлерінің
ерекшеліктерін таныту, қолданылу мақсаттарын айқындау, анафора мен
эпифораларды көркемдегіш-грамматикалық тәсіл ретінде қарастырып, олардың
ақын қолданысындағы стильдік қызметін анықтау, эмоционалдық-экспрессивтік
мәнін ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттердің шешімін табу
көзделді:
- ақын лирикасындағы омонимдерде, көп мағыналы сөздерде көркем
бейне сырын ашу үшін қолданылған анафоралық және эпифоралық,
контактілі, дистантты, сатылы, саңылаулы, күшейткіштік
қайталама түрлерін сипаттап, талдау жасау;
- тілімізде әсерлі де мәнерлі, стильдік бояуы айқын синоним
сөздерге анафоралық және эпифоралық қайталамаларды енгізу
ерекшеліктерін ашып көрсету;
- поэтикалық мәтіндегі әртүрлі қарама-қарсы құбылыстарды
салыстыру, шендестіру мақсатында антонимдік анафора мен
эпифоралардың лингвостилистикалық табиғатын тану;
- ақын қолданысындағы сөзді жандандырып, ұлттық ажар,
эмоционалдық-экспрессивтік бояу беретін фразеологизмдердің
қайталану ерекшеліктерін белгілеу;
Жұмыстың жаңалығы. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы Мұқағали
Мақатаевтың лирикалық өлеңдеріндегі кездесетін анафоралық және эпифоралық
қайталамалардың ерекшелігінің лексика-грамматикалық бағытта жан-жақты
қарастырылуы деп айтуға болады.
Сөз-бейнелерінің көріктілігі, әсемдігі, әсерлілігі, мағыналылығы,
айқындылығы ақын қолданған қайталама тәсілдерінің негізінде жатыр. Мұқағали
анафоралық және эпифоралық өлеңдерінде контекстік антонимдер, көп
мағыналы сөздер, бір-бірінен асырмалатып берілген синонимдер арқылы адам
мен оның жеке басындағы сан-қилы өзгерістерді, қоғамдағы алуан түрлі
оқиғаларды, табиғат құбылысындағы құпияларды байланыстыра отырып ашып
береді. Сонымен бірге фразеологизмдердің авторлық жаңа құрылымдарын жасап,
оларды анафора немесе эпифора түрлеріне айналдырып, тұрақты сөз
тіркестерінің бейне жасаудағы және оны ашудағы қызметін айқындайды. Бұл
еңбек Мұқағали лирикасында қайталаманың анафора мен эпифора сияқты түрлерін
зерттеудегі алғашқы ізденістердің бірі болып отыр.
Жұмыстың зерттеу әдісі. Поэтикалық мәтіндегі сөздердің мәнерлілігін,
әсерлілігін, бейнелілігін ашатын анафоралық және эпифоралық қайталамалардың
маңыздылығын, қызметін көрсету үшін лингвистикалық талдау пайдаланылды.
Сонымен қатар зерттеу барысында сипаттама, салыстырмалы, контекстік талдау
сияқты әдіс-тәсілдері қолданылды.
Жумыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының теориялық
құндылығы лингвистикалық тұрғыда жеке ақын шығармашылығына қатысты тың
пікірлер мен тұжырымдар айта алғандығында жатыр. Зерттеу жұмысының
практикалық маңызы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде
"Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы", "Стилистика" "Тіл мәдениеті"
курстарын окытуда арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыруда, солардың оқу
бағдарламасында пайдалануға болатындығында.
Диплом жұмысының материалы. Қазақ тіл білімінің З.Ахметов, АЪІсқақов,
З.Қабдолов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов,
Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдардьщ ғьшыми қүнды түжырымдары
басшылыққа алынды. Сондай-ақ диплом жұмысына негіз етіп М.Мақатаевтың 2001
жылы "Жалын" баспасынан шыққан төрт томдық шығармалар толық жинағы
алынды.Дипломдық жұмыс.. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау. М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалык,
анафора мен эпифора
Лексикалық анафора мен эпифора М.Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын
алады. Лексикалық анафора мен эпифора - қайталама түрлерінің ішіндегі ең
толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль
түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін,
әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір
жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора
поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл
білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып
саналады.
Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде
үшке топтастырылады:
1. көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық
анафора мен эпифоралар;
2. көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік және мәтін түзушілік)
атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
3. көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін
дамыту) қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар.
Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан
түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы
(ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі),
тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік
(усилительный) қайталамалар болып келеді.
Жалпы айтқанда, "лексика — белгілі бір тілдегі сөздік құрамы, яғни
омоним, синоним, антоним, фразеологизм сөздерінің жиынтығы".[ 10,200]
Сондықтан біздің басты мақсатымыз — омонимдер, синонимдер, антонимдер,
фразеологизмдер арасындағы лексикалық анафора мен эпифораларды тауып,
талдау жасау, оларды қайталама түрі ретінде анықтау, омонимдік, синонимдік,
фразеологиялық, антонимдік анафора мен эпифоралардың қолданылу
ерекшеліктерін айқындау.
1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ,қолданылу ерекшелігі
Тіл — көркем шығарманың ең бірінші элементі. "Қалың көпшілік дұрыс
бағалап жүргендей, кез келген көркем шығарма өзінше бір өмір деп
қабылданатын болса, өмірде тіл арқылы қарым-қатынастың болмағы — табиғи
құбылыс".[11,5] Бұл рас. Кез келген халықтың байлығы — оның тілінде. "Сөз —
ойдың сәулесі" — деп жазған В.Г.Белинский. [12,1] Сөз затты немесе
құбылысты атайды, ұғымды білдіреді. Қандай да бір көркем шығарманың көркі,
шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Ақын қаламынан туған образды, соны тіркестерде сөз де тіптен тың,
мағыналық жаңа реңке ие болуы мүмкін. Яғни, сөздердің реңін кіргізіп,
ажарлап көркемдік жасап үйлесімге келтіретін тіл байлығының көріктеу
құралдары, тәсілдері бар. Омоним, көп мағыналы сөз, антоним, фразеологизм
сияқты экспрессивтік-эмоционалдық сөздер - М.Мақатаев шеберлігінің негізгі
арқауы, өлендерінің тілін танытудың ең бір өзекті тұсы болып саналады.
Көп мағыналы сөздер — тіліміздің байлығының көрсеткіші.
Көркем шығармада көп мағыналы сөз өте көп қолданыста жүреді.
Суреткер көркемдік үшін ойын айқын жеткізуде стильдік бояуы бар
көп мағыналы сөздерді қолданып, контекст ішінде бір сөздің
бірнеше мағынасын ашып береді. Ақын өлеңдерінен сөздің негізгі
мағынасынан басқа туынды мағынасында жұмсалған коннотативтік
қызметін қосымша мағыналық реңктердің айқын көруімізге
болады. Сонымен әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз
екені бізге мәлім. Полисемия — барлық тіддерде қолданылатын
құбылыс. Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер
ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік
құбылыс қана емес, көркем дүниедегі бейне сырын ашудың
көрсеткіші.
Омонимия мен полисемияны бір-бірінен ажырата білу керек. Омонимдердің
полисемиямен бір ұқсастығы бар: омонимдер де, полисемия да бірдей
дыбысталып, айтылады, жазылады. Омонимдердің полисемиядан басты бір
айырмашылығы: омонимдер бірдей дыбысталып, айтылып, бірдей жазылса да,
мағыналары әр түрлі болады да, мағыналар арасында байланыс болмайды. Ал
полисемия, яғни көп мағыналы сөз, бірдей дыбысталып, бірдей жазыла отырып,
мағыналары жағынан жақын, байланысты болып келеді. Мәселен, адамның басы,
таудың басы, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі көп
мағыналы сөз, өйткені бұлардың арасьшда мағыналық байланыс бар. Ал, аяғыңды
бас, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі омонимдер.
Бұлардың мағыналары арасында байланыс жоқ. Көп мағыналы сөзде мағыналық
бірлік болса, ал омоним сыртқы тұлғасымен ғана ұқсас болып келеді.
Ш.Бектұров пен М.Серғалиев "Қазақ тілі" еңбегінде омонимдер мен көп
мағыналы сөздерді былай ажыратады: "Сөздің көп мағыналығы мағыналары
жағынан бір-біріне жақын болса, сөздің көп мағыналығы, ал сөздер мағыналық
жағынан бір-бірінен қашық болса, онда оның омоним болғаны". [13,16]
Ә.Хасенов "Тіл білімі" атты еңбегінде: "Омонимдер мен полисемияның
ұқсастығы — екеуінің бірдей дыбысталатындығы, айырмашылығы — омонимдер
мағынасы жағынан басқа-басқа болады, полисемияға жататын сөздер мағыналары
жағынан жақын болып келеді," [14,160] - деп анықтама береді.
Т.Қордабаев, І. Кеңесбаев сияқты ғалымдардың еңбектері бойынша
омонимдерді мағыналары мен тұлғаларына қарай:
а) лексикалық (толық) омонимдер;
ә) лексика-грамматикалык, (жартылай) омонимдер;
б) аралас (көп компонентті) омонимдер деп үш топқа
бөлінеді.
Лексикалық омонимдер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық
жағдайда бірыңғай тұлғаға ие болып тұрады. Ал лексика-грамматикалық
омонимдер әр сөз табына қатысты болады, осыған орай, олар бір тұлғасында
бір-бірімен сәйкес келіп, басқа тұлғаларында ажырасып кетеді. Аралас
омонимдік қатар лексикалық омонимдерді де, лексика-грамматикалық
омонимдерді де қамтиды.
Сондай-ақ құрамына қарай түбір және туынды омонимдер болып келеді.
Біздің жұмысымыздың осы тарауға қойылған мақсаты -М.Мақатаевтың
өлеңдеріндегі жай омонимдерді тауып талдау жасау ғана емес, омонимдер мен
көп мағыналы сөздердің лексикалық анафора мен эпифора қайталамаларының
мәнін ашу, қолданылу міндеттерін анықтау, сонымен қатар, ақын тіліндегі көп
мағыналы сөз бен омонимдердің қайталануы өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына,
мәнеріне қандай әсер еткендігін айқындау.
Мұқағалидың өлеңдеріндегі өте жиі қолданылған, көп мағыналы сөздердің
бірі - ақ сөзі. Бұл сөзді автор әр түрлі мағынада жұмсайды, бір өлеңнің
немесе шумақтың ішінде бірнеше рет қайталап, жаңа бояу, жаңа реңктер
береді.
Ғ.Мұсабаев өзінің "Қазіргі қазақ тілі" еңбегінде кейбір сөздердің
метафоралық мағыналарының ауыспалы немесе тұрақты мағынаға айналатынын,
сөйтіп лексикалық омонимдік қатар құрайтынын айтқан болатын. Бұл ойды
төмендегі көрсетілген мысалдар арқылы дәлелдеуге болады.
"Ақ" атауының: "таза, пәк, кіршіксіз, адал, әділ, әдемі, сұлу, айқын,
асыл, ардақты" т.б. осы сияқты өзара сәйкес, мәндес ұғымдарды білдіруінен
де анық көруге болады.
Мұқағали жырларында "ақ" сөзі мынадай тура және ауыспалы мағынада сөз
тіркестерінде кездеседі: ақ бастау, ақ жан, ақ жалын, ақ кимешек, ақ қар,
ақ бала, ақ улпа, аққа оранган
көшелер, ақ мамық, ақ туман, ақ тау, ақ сәуле, ақ таң, ақ
шымылдық, ақ нөсер, ақ бұлт, ақ тас, ақ аспан, ақ үміт, ақ қайын, ақ көңіл,
ақ жүз, ақ гүл, ақ түтек, ақ сай, ақ қырау, ақ тозаң т.б.
Ақынның "Естелік" деген өлеңінде "ақ" сөзі тура мағынада, сындық
қызметте жүмсалған.
Ауылдың жаны - ақ бастау,
Ақ бастау бар да, жу бетің.
Ақ бастау түбі — ақ таста, Айнымас сенен суретің.
Мұнда автор "ақ" сөзін бір шумақта бірнеше рет қайталайды, кейіпкер өз
бетін ақ бастауда жуғанда өзінің өтіп кеткен жастық шағын еске алады. Бұл
жерде "ақ" сөзі таза, күнәсіз, тамаша, керемет балалық шақтың күндерін,
зымырап ұшып кететін қарқынды сәттерін, бақытты кездерін сипаттауда
қолданылған. Нәресте кез өтсе де, бірақ кез келген адамның есінде ол туралы
естелік қалады. "Ақ бастау" сөз тіркесі лексикалық анафора жасайды. Сондай-
ақ "бастау" деген сөз омоним болады. "Бастау" сөзінің бірнеше мағынасы бар.
Мысалы, "бір істің бастауы", "кірісу", "сөз бастауы", "жалыға бастау" т.б.
Ал мына өлеңде "бастау" сөзі "бұлақ, қайнар" мағынасында берілген.
Ал "Арманың бар ма?" деген өлеңінде ақын "ақ тауларды, ақ бұлттарды, ақ
нөсерлерді" тірі жанмен салыстырып, олардан арманын сұрады.
Армандап Адам сұрады.
Ақ таулар — іштен тынады,
Азан сап тұрып ақ бұлттар,
Ағылда — тегіл жылады.
Ақ нөсер, бар ма арманың?...
Акынның сұрағына "ақ таулар" үндемеді, "ақ бұлттар" "ақ нөсермен"
жылады. Мұнда "ақ" сөзінің тура мағынасы берілгенмен, ауыспалы мағынасын
айқындауға болады. "Ақ нөсер" сөз тіркесі бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа
созылған, ұдайы қайталанып тұратын құбылыс сипаты ретінде пайдаланылған.
"Ақ тау" сөз тіркесі "кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз" мағынасында жұмсалған. Ал
"ақ бұлт" "аппақ, қардай ақ, таза" мәнін береді. Өлеңде автор ақ" сөзін
қайталап, ардақты, таза, асыл арманды суреттеу үшін шебер қолданды.
М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі түсті білдіретін көп мағыналы сөздердің
қайталануы өте маңызды бейнелі компонент. Лексикалык бірліктердің
қайталануы мәтіндегі эмоционалдық айшықты сөздердің тойымдылығын, бейнелі
айбындылығын көтереді. Мысалы, "Жаздың таңы" өлеңінде "ақ" сөзінің
анафоралық қайталануы басты рөл атқарады, автор осы түсті аяулы және нәзік
таңның түсімен байланыстырып отырады.
Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,
Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік.
Ақ сәуле үяма кеп үйығанда,
Ақ таңға қанатымды қаққам келіп.
Бұл өлеңде автор "ақ" көп мағыналы сөзін 8 рет қайталайды. Осы бір-ақ
омоним сөзі арқылы Мұқағали жаздың таңының сұлулығын, қайталанбас көрінісін
сипаттайды. Келесі үш жолда: "Ақ таудың бөлеп мен бесігіне, ақ таңның
сүтіменен асыраған, Күн — менің асыл анам, асыл анам", - деп, автор "ақ
таң" сөз тіркесін, "күн" сөзін асыл ана бейнесімен салыстырып отырады, "ақ
тау" оны бесігіне бөлеп, "ақ таңның сүтіменен" асырайды.
Анафора қолданылуымен бірге өленде тұйықты қайталама кездесіп отырады.
Бұл жердегі "ақ таң" сөзі қайталанып отыратын сөздердің қатарында
бастамасы және аяқталуы ретінде беріледі. "Ақ таң" сөзінің мағынасы өлеңнің
негізгі тақырыбы, автор ақ таңның келгендігін сипаттайды.
Өлеңнің бірыңғай дауысты "А" дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Бұл
ассонанс қайталаманың түрі стилистикалық тәсіл ретінде өлеңге ерекше
экспрессивтік-эмоционалдық әсер береді.
Лексикалық анафора мен эпифораны белгілі бір өлеңде
анықтау, айқындау ретінде пайдалануға болады, ол арқылы автор
поэтикалық мәтіндегі авторлық ойды сергіте алады, баяндау
жүйелілігін жүзеге асырады. Сондықтан өлеңде түстің реңін,
қоршаған ортадағы кездесетін құбылыстардың қыр-сырларын бір
тұтастыққа біріктіреді және бір табиғат суретінің сипаттамасын
көрсетеді. Мысалы, автор "Қар жауып тұр" өлеңінде "ақ аспан",
"ақ мамық", "аққа оранған көшелер, ағаштар", "ақ тұманға оранған
қала", "ақ қыс" деген сөз тіркестерінде "ақ" сөзін қайталап, мәтінде
автордың сөздеріне бейнелілік, әсерлілік енгізіп, қар басқынын
нақты, көлемді, толық суреттейді.
Заңды ғой,
Заңды бәрі, талас барма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.
Қала жатыр оранып ақ тұманға,
(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да).
Мұнда ақ сөзі "таза, кіршіксіз, жаңа, аппақ, ашық" деген мағынада
қолданылып тұр.
Мұқағали поэтикасында түс — заттардың, нәрселердің шынайы өңдерін
суреттеумен қатар, ақынның сол нәрселерге көңіл-күйін, ойын, яғни эмоциялық
бағасын білдіру үшін құрал ретінде қолданылады, белгілі бір нәрсе жайындағы
жеке пікірді, субъективтік пайымдауды білдіреді. Мысалы, "Сағындым ғой
дедімау, жаным" жырының "Сол менің ақ, жанымның ақ жалыны" деген өлең
жолында ақ сөзі — адал, күнәсіз, әділетті, арамдығы жоқ мағынасында
жұмсалып тұр.
Анафоралық және эпифоралық қайталамалар лирикалық кейіпкердің көңілі
мен ой дүниесінің диалектикасын сипаттайтын поэтикалық әңгімелеуді ашу,
айқындау үшін мүмкіндік туғызады. Мысалы, Мұқағалидың төмендегі өлеңінде
"ақ кимешек" қайталанылатын анафоралық сөз тіркесі символға айналдырылған.
Автор "ақ кимешекті" көргенде, өзінің ардақты, сүйікті әжесінің бейнесін
көреді, таныс дауыс, таныс сөз есіне түседі. Мұнда "ақ" -қасиетті
аналарымыз бен аруларымыздың басына салатын жаулығының түсі екені айтылған.
Әже, сен бірге жүрсің менімен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кишешек киген бір кемпір көрсем,
Ак кимешек астынан сені көрем.
... Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса,...
Нені көрем???
Сөйтіп ақын өлендерінде ақ сөзінің мағынасы әр алуан екендігін және өте
көп ұшырасатындығын айқын көреміз. Қайталанатын көп мағыналы сөз де түрлі
реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Ақ сөзі -
адалдықты, тазалықты, әділеттілікті, күнәсіздікті суреттеудегі
пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақ сөзі табиғат, құбылыс атауларының бәрімен
тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта
жырланғандықтан, сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлық десек те
болады. Ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ тас, ақ
нөсер, ақ тұман және т.б. тіркестер бірнеше рет қайталанады.
Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығаны қазақ тілінде
"ақ" сөзінің антонимі - қара сөзі. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең
түрде қабылдануына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе
қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты
болса, екіншіден, оның табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың
көбісінің түр-түс, бейне, қайғы-қасірет, қаралы сәт, көңілсіздік т.б. осы
сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ
тілінде: қара қазақ, қара су, қара ниет, қара қобыз, қара шаңырақ, қара
жұлдыз, қара орман, қара жорға, қара күз, қара бас, қара.жау, қара түнек,
қара қайғы, қара уайым, қара шалғын т.б. осы сияқты 30-дан астам туынды
мағыналардың қалыптасқандығын көреміз. Сонымен бірге қара өлең, қара шал,
қара шаңырақ, қара домбыра т.б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарды
біддіре алады.
Бұл сөз тіркестері — тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің
эмоционалдық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған мағыналы,
образды сөз тіркестер.
"Қара" сөзі көбінде сындық мағынада қолданылып, зат есімді анықтайды.
Мысалы:
Қап-қара ғажап сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Кап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә, мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпаңдар қара бояудан !
Аспанда қара жұлдыздар
Кап-қара түнде оянған.
Мына өлеңде автор қара сөзін 11 рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп,
стильдік бояуын нақтылайды. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң "қ" дыбысынан
басталуы, яғни аллитерация тәсілін қолданылуы ерекше эмоциялық әсерге ие
етеді. Шумақтың екеуінде "қап-қара" секілді күшейткіш шырайда түрған сөз
қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі. Бүл жерде "қашпандар қара
бояудан"өлең жолы, "қап-қара" сөзі лексикалық анафораға айналған.
Поэтикалық мәтіннің мазмұнына қара түстің реңктері әсер етіп, өлеңді қара
түске бояйды. Қара түс өлеңнің басынан аяғына дейін доминант түс ретінде
қолданылған. Өлең "қара" сөзімен басталып, "қара" сөзімен аяқталады. Қара
түс - әр түрлі киындықтардың түсі, адам өміріндегі бүкіл қарама-қайшылықтың
белгісі. Ақын осындай қайшылықты сөздерді қолдану арқылы өмірде кездесетін
келеңсіз жайттарды сипаттап жеткізуге тырысқан. Адамның рухани сезімдерін
осы сөздерді қолдану арқылы сездірген.
Бұл жерде автор анафорамен бірге сақина қайталаманың түрін қолданады.
"Қашпаңдар қара бояудан" деген қайталанып отыратын сөйлемнің мағынасы
поэтикалык мәтіннің ішінде ашыла түседі, дамытып отырғаннан кейін,
өлеңнің аяғында басқаша естіледі, жаңа мағыналық реңктерді
қабылдап, ұран, насихат сияқты айтылады.
Көп мағыналы сөздер, омонимдердің қайталамаларын ақын қолданарында
талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз.
Қара сөзінің қайталануына тағы бір мысал келтірейік:
Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы,
Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды,
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Бұл үзінді Мұқағалидың "Қара шалғы" дейтін өлеңінен, осы лирикаға
Н.Үркімбаева: "Әдетте, қара бояу хақында жағымсыздық ұғымы қалыптасқан. Ал
сол қара бояуға ерекше сәуле құйып, құбылтып әкеп, үлкен арнаға салып
жіберген де Мұқағали. Мысалы, жоғарғы шумақтағы қара шал - қарапайым еңбек
адамы көргенінен түйгені көп, бір өзі шежіре-дастан, әрі бір шаңырақтың
ұйтқысы, береке басы. Қара шалғын - кәдімгі түгін тартсаң май шығатын
құйқалы өріс, оты қалың өңір. Сол өңірде, шаруақор қара шалдың қолында
"қаншама аласұрған", "қаншама рет қапырық күн өткеріп, түн жамылып, қаншама
таң асырған" қара шалғы жай ғана еңбек құралы қалпында қалмай, "Сонау
жылдар қара шалды қара шалғын ішінде жетелеп" жүрген жырдың негізгі
лейтмотиві.
Қазақтың "қара шаңырақ", "қара қазан" сияқты берекелі ұғымдары
қатарында "қара шал", "қара шалғын", "қара шалғы" да оқырман танымына жаңа
ою-айшықтарымен ой қосатын жанды, қимыл, суреттерге айналған" [15,51] — деп
өте дұрыс құнды тұжырым жасаған. Бұдан да басқа Мұқағали шығармашылығы
жайында пікір айтқан белгілі ақын О.Асқарды оқиық: "Поэзия сәулесі
шарпығанда қандай сөз болса да құлпыра түседі".
Ақынның "Қара суық" өлеңінің атауында қара сөзі "күшті, екпінді,
тегеурінді, катты" суық, ызғар деген мағынада беріледі. Әдетте сондай
мағынада "қара боран, қара жел, қара жауын" туралы айтылады. Мұқағали
"жол", "су" сөздеріне "қара" деген эпитетті қойып, оларды лексикалық
анафораға айналдырып, өлеңге ерекше мағыналық реңк үстейді.
Анау үй мен мынау үй қатынаған,
Қара жолдың қақ төсі қақыраған.
Қара суға қақ тұрған майысқақ мұз,
Шертіп қалсаң, быт-шыт боп шатынаған.
.. Ақынның "Өміріме" өлеңінде мынадай жолдар бар: "Қара аспаннан жалт
еткен бір жасыным бар деуші едім. Қара көздің мөлт еткен бір жасымын ба
деуші едім. Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?". Мұнда суреткер "қара
аспан, қара көз, қара қарға ғұмыры" сөз тіркестерін қолданып, адам
өміріндегі көңілсіздікті, жабырқаулықты, жайсыздықты көрсетеді. "Қара
қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?" жолы арқылы ақын өз өмірін қарқылдап
ұшатын қара қарғаның түсімен салыстырып отырады. Ақын адамның
басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен
суреттейді.
Немесе, "Сезігу" өлеңінде "Қара түнек қайта тұр оралғалы, қапамен ой
жіберсем туған айға" деген екі жолда да, "қара" — адам жанының жабырқаған
сәтін, көңілінің жадаулығын көрсетеді. Келесі өлең жолдарында: "Қара баста
қайғының бұлты тұр, қабыл алсаң, қанеки жауайын", - деп, "қара" — басына
қайғы орнады деген мағынада жұмсалып тұрған тіркес.
Ал төмендегі берілген өлеңде қара сөзін омограф ретінде көруге болады.
Ғалым Ә.Хасенов мұндайды орфографиялық омоним деп атайды. "Омографтар —
біркелкі жазылып, екпіннің әр түрлі түсуіне байланысты түрліше айтылатын
сөздер. Мысалы: алма-зат есім, алма-болымсыз етістік." [14,169]
Тура қара көзіме, тура қара,
Тура қара көзіме, тура қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама
... Тура қара көзіме, тура қара,
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!
Мұнда қара сөзі — бұйрық райдың түрінде тұрған етістік, оны автор
бірнеше рет қайталап, контактілі түрде қолданып, контактілі қайталамаға
айналдырып тұрады. А.Қ.Утанова осы жайында:"Контактілі қайталамалар —
лексикалық қайталамалардың позициялық түрі. Мұнда редупликат пен
редупликатор тығыз байланыста орналасқан. Контактілі қайталамалардың
негізгі қолданылатын жері — сөйлем, әрі кеткенде қатарлас орналасқан
сөйлемдер жігі", - деп айтқан.[16,15]
Аулақ, аулақ,
Аулақ менің жанымнан!
Қара уайым қара шәлі жамылған.
"Қара" — бұл жерде мұң-зарды көрсету мағынасында жұмсалып тұр. Бұралаң-
бұралаң жолы бар өмір соқпағында адам басынан небір қиындықтар өтіп жатады.
Мұқағалидың жеке басында сондай сәттер басымдау болды, сондықтан өмір
шындығы өлеңде айқын суреттеледі.
Ақын "қара" сөзін қайталау арқылы поэтикалық мәтіннің реңдік бейнесін
толық ашады, автордың эмоционалдық-бағалық бағдарлауларын күшейтіп отырады.
Енжарлық, көңілсіздік езілемін,
Қалғандай қара жаяу сезінемін.
Түс
"Қара жаяу" — ақынның жалғыздығын, өмірден тарығуын, зарығуын, қиналған
бір сәтін көрсетеді.
Қазақтың ежелгі сөз ұйқасы, өлеңнің бастапқы қалпы, байырғы өлең -
қара өлең. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз
өлендерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Мұқағали осы ұйқас жайында былай
айтқан: "Қазақтың қара өлеңі - құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар
естімеген". "Қара" бұл жерде "жай, қарапайым" мағынасында жұмсалған. Қара
өлең ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы — халық. Сәбиді ана бесік
жырымен тербетеді. Бала халықтан "Қара өлеңді" тыңдай жүріп ержетеді. "Жат
жерді жастанғанда жазатайым, қанымен жазды, мүмкін, ағатайым... Қасиетіңнен
қара өлең, айналайын, қазақтың дәл өзіндей қарапайым". Иә, қарапайым қара
өлеңнің қүдіретті мағынасын, терең сырын білем деп ақын көп ізденді, көп
толғанды, қазақтың қара өлеңінің одан әрі мәңгі өмір сүруін армандады.
Жоғарыда келтірілген өлең үзінділерінде қара сөзі лексикалық анафора
мен эпифора және аллитерация тәсілінде қолданылған. Ойды өрбіту негізінде
үстемелетіп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Мәтін ішінде қара сөзін
құбылтып түрлендіре отырып, бір ойды әр түрлі мағынамен беріп, сырлы да
сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің қүдіретін биіктете
түседі.
М.Мақатаевтың тілінде көп мағыналы сөздердің бірі — күн сөзі көп
қолданылатынына көз жеткізуге болады. Түсіндірме сөздікте күн сөзінің
бірнеше мағынасы көрсетілген. Мысалы, күн -мезгіл, уақыт ретінде немесе күн
- өмір сүру мағынасында қолданылады. Мұқағали өлеңдеріндегі күн — символ
(астарлы) сөз. З.Ахметов "Символ дегеніміз - балама бейне. Оған негізгі
ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты, сол балама бейне, сурет арқылы
тұспалдап көрсету тән" [1,87] — дейді. Символ — идеяның заттық нысаны,
астарлы образы. Символ — поэтикалық образ. Мысалы, "Несіне асығады?!"
өлеңінде Мұқағали күн сөзін астарлап, бейнелеп суреттейді. Күн "өмір сүру,
тіршілік ету" мағынасында қолданылады, зымырап өтіп жатқан уақыттың
көрінісін көрсетеді. Уақыт объективті категория секілді және өмір ағымының
эмоциялық түйсігін беріп отыратын бейне сияқты көрсету үшін автор күн сөзін
қайталап, яғни күшейткіштік (усилительный) қайталама ретінде қолданды.
Соңғы шумақта "күнді" — тез өтетін уақыт бөлігі (жақсылық), ал "түнді" -
ұзақ созылатын, керегі жоқ уақыт бөлігі (жамандық) ретінде бейнелейді.
Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады,
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан дағы күнге айналып.
"Жарқырап шығып" өлеңінде мынадай жолдар бар: "Өмірім менің, Күнменен
бірге жылжыған! Өте бер жайлап, несіне саған қынжылам. Ашылып күнмен,
күнменен бірге тұнжырап, күнменен күліп, жыласа, бірге тұр жылап". Бұл
жерде "күн" — жарық, ашық, қуанышты, көңілді оқиғаларға толы өмірлік
болмыстың символын білдіреді, бұл оқиғалар өмір жолының межесін құрайды.
Мұқағали күн сөзін адамның өмірімен, уақыт барысымен, күндердің ағымымен
теңейді, ақынның өмірі "күнменен бірге жылжиды, күнменен бірге ашылады,
тұнжырайды, күледі, жылайды". Бұл өлеңде автор "күн" сөзін 9 рет қайталау
арқылы, уақыт пен өмір арасындағы байланысты күшейтеді, уақыт желісін
жеделдетіп, үдетіп отырады.
Ей, менің өмірімнің күншуағы!
Көлеңкесіз осылай тұршы кәні.
... Талма түсті тайдыра көрмегейсің,
Ей, жарық күншуағым,
Күншуағым!
Күншуағым
Күншуақ - өтіп кеткен жастық шақ, адам өмірінің қайтып келмейтін бір
кезеңі деген мағынада жұмсалған. Автор "күншуақ" сөзін лексикалық эпифораға
айналдырып, ашық күндер туралы, өткен жастық шақ жайында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz