Инфляцияның көрініс табу формалары және мәні


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

2. 2Инфляцияның түрлері және оның экономикалық әлеуметтік салдары.

Дүниежүзілік тәжірибеде инфляцияны мына шартты түрге бөледі:

Экономикадағы қамтитын аумағына байланысты-жергілікті және әлемдік инфляция;

Жүру қарқынына байланысты-біркелкі, үздіксіз және сатылы инфляция;

Даму қарқынына байланысты-жылжымалы инфляция-онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция -онда бағаның өсуі жылына орташа10 проценттен 50 процентке дейін жетеді; ұшқыр инфляция -онда бағаның өсуі жылына 100проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауы мен ұштасса оны стагфляция деп аталады;

Әсер ететін факторлар бойынша-сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтеріліп, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға

жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.

Ақша массасының көтерілуі себептерінің ең негізгісі-әскери шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік займдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысында тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.

Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныс пен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.

Шығын инфляциясы- өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды.

Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағвсын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады:бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаны"инфляциялық серіппе"теориясы деп аталады.

Шығын инфляцмясы өнімнің әрбір өлшемінің шығыны көтеріліп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердің тек біреуі ғана. Сонымен қатар, тауар өндірісі шикізат, энергия көздерін алу, транспорт қызметін төлеу щығындары көтерілуінебайланысты да қымбаттайды. Шикізат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығындардың өсуі-бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор-өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын төмендететін жаңа технологияны пайдалану.

Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз байланысты және біріне-бірі себепші, оларды анық ажырату мүмкін емес. Қазіргі кез келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын-немесе сұраныс инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.

Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздауы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогі мен үнемі индекстеу механизмнің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990ж. Ақшаның құнсыздауы 8500 процентке, Перуде -8291, 5 процентке жетті.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер -Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн -жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар елдер. Оларда жылжымалы инфляция сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді. Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттің бюджеттің бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі; үшіншіден, "баға қайшысы "деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.

Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел зайымдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлакеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады. Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны-ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысының ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың әкетілуіне соқтырады.

2. 3 Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан:тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының; шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан және с. с көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі әдістері-ақша реформасын жүргізу және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүргізу.

Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

Бірінші, жаңа ақша жүйесін құру-ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;

екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын ақша түрлерін және т. с. с. өзгерту.

Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тқрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.

Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 ж. Енгізілген жаңа 1:1 трлн. Ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация - ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы кезінде фунт стерлингтің алтын құрамы срғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация- ревальвация ретінде доллар мен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР үш ревальвация өткізді, яғни марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.

Девальвация- ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми курсын да, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын құрамы 1971 ж. Желтоқсанында 7, 89%-ке, ал 1973 ж. "өзгермелі"валюта курсын енгізген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде-реттелетін валюта курсы топтастығында жүргізілді .

Деноминация- ол нольдерді сызу әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 1961ж. шыққан жаңа 1 рубль ескі 10рублге тең алмастырылды. 1988 ж. Бразилияда енгізілген жаңа ақша өлшемі-нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквиваленті болды. 1998 ж. Ресейде де рубльге деноминацмя 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргізілді.

Қорыта айтқанда, инфляциямен күрес әдістері-мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің

жиынтығы.

2. 4 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгнрістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы-шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:

Ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;

Құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

Мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;

Несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

Қазіргі инфляцияың бір көрінісі-тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:

Біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдары жоя бастауы;

Екіншіден, бүрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жай дамыды. Ол салалар ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж -39, 5%, 1940 ж-61%, 1960 ж -72, 5%;

Үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол-15-25 процент болды;

Төртіншіден, бұрыңғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің 25-30 проценті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни сол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

Сөйтіп, біздің елде инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты.

Бірақ жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында да директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгнрістерді есептемей тқрақты қалыпта немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыну қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.

Сөйтіп тауардың көтнрме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация беріліп отырды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулердің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырады.

Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмады. Нәтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауарлар кем бағамен сатылып, немесе шығынға жазылып отырды. Осының бәрі жабық инфляцияның айғақ белгілері.

Қазақстанда 1992 ж бастап нарықтық өзгерістер айсында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 ж айналымдағы ақша массасы 6, 3 есе, ал баға 21, 7 есе өсті; 1994 ж ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өсті; осы көрсеткіштер 1995 ж 216 және 160 процент болды. Ал 1996ж ақша масасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі көрсетеді. Ол үй шаруашылығының тұтыну қоржының үлес салмағын есептеу негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991ж белгіленді. Тұтыну қоржынына біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да әлсін-әлі қайта қаралады. 1995жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996жылғы шілдеден бастап тұтыну қоржының төмендегідей құрамы бекітілді:азық-түлік-62, 6 процент, азық-түлік емес тауарлар-23, 2 процент, көрсетілетін ақылы қызмет 14, 2 процент құрайды.

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өніміне және транспорт қызметтеріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.

2. 5 Инфляция көрінісінің түрлері мен формалары

Инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары бөліп көрсетілді:

1. Бағаның өсу қарқынына қарай:

-баяу инфляция-бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын инфляция. Осындайда ақшаның құны тәжірибеде жүзінде сақталады, номиналды бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады. Қазақстандағы қазіргі уақытта жыл сйынғы инфляция 5-8 пайыздың шеңберінде ғана.

-орташа инфляция-баға өсунің орташа жылдық қарқыны10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция; оның кезінде өзара шарттар бағаның өсуіне байланады, ақша тез материалданады. Инфляцияның осындай түрі қауіпті саналып, бұған қарсы шаралар қолдануды талап етеді.

-Қарқынды инфляция-бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы, бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады. Ол шаруашылық механизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994-1996 жж. Инфляция деңгейі 2000 пайызға деген жетті.

2. Пайда болу сипатына қарай:

-әкімшілік инфляция-әкімшілікке бағынатын бағалардан туындаған бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;

-шығын инфляциясы-ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығындар және тауарлардың бағалары өседі. Ресурстарға бағаның өсу себептері-ресурстарға әлем бағаларының өзгеруі мен ұлттық валюта курсының төмендеуі, жұмыстың өнімділік деңгейі төмендеп, өндірістің құлдырауы энергетикалық дағдарыс және т. б;

-сұраным инфляциясы-ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.

-ұсыным инфляциясы-өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.

-импортталған инфляция-сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.

-несиелік инфляция-шамадан тыс несиелік экспансиядан туындаған инфляция.

3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша:

-ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция;

-жасырын-мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция. Осындай жағдайда тауарлар көлеңкелі, ұйымдастырылмаған, бағалары сөзсіз өсетін нарықтарға өтеді.

2. 1Инфляцияның мәні және оның себептері

Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздауы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция-қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, комерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

Инфляция-қабару, көтерілу, ісу днген мағынаны білдіретін -латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттікшығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 ж. ж соғысы және 1861-1865 ж. ж Азамат соғысы ; XIX ғ. бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 ж. ж Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 ж. Күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтилион рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі трилион есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін дәлелдейді.

Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшкліктері бар. Олар:

-егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиді;

-егеп бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;

-егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т. б факторларға байланысты болады.

Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.

Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар- ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпта ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т. б факторлар.

Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес факторлар жатады. Олар:қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с. с факторлар.

Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және онымен күрес
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
Экономика негіздері қызметтері
Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
Инфляция туралы ақпарат
Инфляция жайлы
Өндіріс саласындағы жеке меншік
Ақшаның айналысы және ақша жүйесі
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz