Internet explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері

1 Интернеттің негізгі түсініктері
2 ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ
3 world wide web.тің негізгі түсініктері
4 Web. броузерлер
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы - желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір – біріне жалғануын айтады.
Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және тағы басқа жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл диск көлемі.
Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді.
Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес, ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті құрайды.
Интернетте жұмыс істеу дегеніміз – шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

 Интернет
Интернеттің негізгі түсініктері

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым – қатынаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы. Осы жұптың программасының біреуі сервер, екінші – клиент деп аталады.
Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлдарды жіберу үшін арнайы ҒТР қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу мынадай іс – әрекеттер жасау қажет :
- Компьютерде ҒТР клиенті болып табылатын программа орнату;
ҒТР қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.
- Тағы бір мысал, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.

ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ.
Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:
– Компьютерді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау.
– ІР- адресті алу.
– Таңдап алынған Интернет қызмет түрінің программа-клиентін орнату және баптау.
– Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар деп аталады.
– Интернетке қосылу екіге бөлінеді: ерекшеленген және коммунататорлық.Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
– Ал коммунитаторлық байланыс – уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммунитаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
– Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп торапқа түседі және керісінше.
– Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.
– Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу – Баптау – Басқару тақтасы – Жабдықтарды орнату - құралының көмегімен орнатады.
– интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу
– Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін Желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет Желіге қашықтан қатынау – Жаңа байланыс.
– Программаны баптау кезінде Интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:
– байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі.
– қолданушының аты.
– паролі.
– сервердің адресі.

world wide web-тің негізгі түсініктері
Бүгінгі таңда Интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады. Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімде дайындалған. Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын Интернеттің қызмет түрін
World Wide Web деп атайды. Бұл сөздің аудармасы Бүкіл дүние жүзілік өрмек дегенді білдіреді.World Wide Web - қазіргі интернеттің ең көп тараған қызметі түрі болып табылады. Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен Web-құжаттар жиынтығын атайды.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-сервер деп атайды. WWW-дің құжаттары Web-серверде
сақталады. WWW орта дегеніміз Web-серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік.Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды
Web-беттер дейді. Тақырып бойынша топтастырылған Web-беттерді Web-тораптар деп аталады. Дайын материалды Web-тораптарда орналастыру Web-басылым деп аталады.

World Wide Web – тағы жеке құжатты Web-бет дейді. Әдетте бұл әр түрлі объектілер жиынтығынан тұратын құжат. Оның құрамында мәтін де, графиктік бейнелер де, мультимедиялық және басқа енгізілетін объектілер болады.
Web-беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузерлер экранға құжатты шығарып береді. Осы командалар тегтер деп аталады. Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу тілі – НТМL ( Hyper Text Markup Language ).Сонымен Web-құжат
деп отырғанымыз НТМL тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен. Осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желілік технологиялар. Интернет
Әлемдік компьютерлік желі
Web браузерлер
Интернет
MS Office пакеті туралы түсінік
Іnternet желісі құрылымы
Microsoft Outlook программасында электрондық почтамен жұмыс істеу
Internet Explorer 5,0 программасымен жұмыс істеу негіздері туралы ақпарат
Электрондық почта туралы
Интернет желісі туралы
Пәндер