Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері



Кіріспе
1 . Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
1.1 Алтай тауының физикалық . географиялық орны, зерттелу тарихы ...
1.2 Алтайдың геотектоникалық құрылысы.
1.3 Алтай таулы аймағының жер бедерінің негізгі типтері.
2.4 Алтайдың климатының ерекшеліктері.

2. Алтай дың қазіргі мұзбасуларына әсер ететін табиғи факторлар
2.1 Алтайдың биік таулы бөліктерінің қазіргі мұздықтардың түзілуіндегі алатын орыны..
2. 2 Алтай тауындағы мұздықтардың Фирин аймағының құрылысы ... ...
2.3 Алтай тауының қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан аудандары..

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.
1. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
2. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
3. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
a. 1969. - С. 100-115.
4. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
5. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
6. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
a. М: Высшая школа, 1986. – С. 250-255.
7. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
8. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. - С. 100-115.
9. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.115-130.
10. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
11. В.М.Чупхин от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.
12. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
13. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.120 – 132.
14. . Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1976. – С. 153-191.
15. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.148 – 161
16. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
17. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.135-140
18. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
a. 1969. - С. 120-27.
19. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 97-105 б.
20. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
a. М: Высшая школа, 1986. – С. 126-130.
21. Климат Казакстана / под. ред. Утешева А.С. – М: Наука, 1975. -
С. 110-115.
22. Физическая география республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой. Алматы: Қазақ университеті 1998.С. 105-110.
23. А.С.Утешев Климат Казахстана.-Л.: Гидрометеоиздат.,1959. С. 51- 79.
24. Справочник по климату СССР.Выпуск18.Часть 5(Ветры)]
25. Справочник по климату СССР.Выпуск 18. Часть 5(Атмосферное давление)
26. Л.П.Чубков,Ю.Н.Шварева. Основные черты климата в погодах//Климат Казахстана.-Л.:Гидрометеоиздат.,1969, С. 135-141.
27. Климат Казахстана /под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975.С 130-145.
28. Флиьнец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного, Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1981, 75-94 с.
29. Голубев Г.Н. Гидрология ледников.- Л.: Гидрометеоиздат, 1976.
С.132- 148.
30. Ревянин В.С. Природные льды Алтая-Саянской горной области. – Л.:
Гидрометеоиздат. 1981. С. 54 - 67.
31. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1979. с. 16-20.
32. Филонец К.К. Очерки по географии внутренних вод центрального, южного, восточного Казахстана. – Алма – Ата: Наука, 1981. -С. 75-94.
33. Гляцциологический словарь / Под ред.В.М. Котлякова. –Л.: Гидрометеоиздат, 1984. С. 4-6.
34. Л.А. Шумский. Динамическая гляцилогия. – М.: Наука, 1969.С.56-85.
35. Л.Д.Долгушин, Г.Б. Осипова. Ледники.-М.: Мысль,1989.С.8-35.
36. М.В.Тронов. Ледники и климат.-Л.: Гидрометеоиздат, 1966. С.11-18.
37. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1989.С.
38. Максимов Е.В., Бажева В.Я. Каталог ледников СССР. Т.14.-Л.: Гидрометеоиздат, 1973, С-17-24.
39. Л.Д.Долгушин, Г.Б. Осипова. Ледники.-М.: Мысль,1989.С.51-58.
40. Колесник С.В. Очерки гляциологии. – Л.: 1963. с. 98-110].
41. Л.Д. Долгунин, Г.Б. Осипова. Ледники. – М.: Мысль, 1989. с. 74-76.
42. Котляков В.М. Снежны покров Земли и ледники. Л.: Гидрометеоиздат, 1973, С-21-37.
43. Калесник С.В. Очерки гляциологии.-М.: Географгиз,1963. С.35-43.

Мазмұны

Кіріспе
1 . Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
1.1 Алтай тауының физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы ...
1.2 Алтайдың геотектоникалық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Алтай таулы аймағының жер бедерінің негізгі
типтері ... ... ... ... ... ...
2.4 Алтайдың климатының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Алтай дың қазіргі мұзбасуларына әсер ететін табиғи факторлар
2.1 Алтайдың биік таулы бөліктерінің қазіргі мұздықтардың
түзілуіндегі алатын
орыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. 2 Алтай тауындағы мұздықтардың Фирин аймағының құрылысы ... ...
2.3 Алтай тауының қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан аудандары ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия
және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын
Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке
табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз
болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы
аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік
қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа
тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы
құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа
массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл
континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың
батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті
Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің
айқындауы.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан
қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым
болуы.
Табиғатта мұздың бірнеше түрі бар. Соның бірі қатты күйінде түскен
жауын-шашынның, температураның тәуліктік және жылдық ауытқуының әсерінен
тығыздалуынан түзілетін мұздықтар. Олар жердің тартылыс күшінің әсерінен
деформацияланып жер бедерін түзуде, өзендерді көректендіруде маңызды орын
алатын табиғи масса болып табылады.Мұздықтарды зерттеп, пайда болу
зыңдылықтарын зерттеп, көректену режимдерін, динамикасын анықтау ғаламдық
жылыну үрдісі жүріп жатқан азіргі кезеңде тұшы суды үнемдеп пайдалануға,
оларды қорғаудың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын ашып көрсетуге
мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстан, Ресей мен Моңғолия аумағындағы
мұздықтар кең таралған.Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын Об өзенінің
жоғарғы ағысындағы салаларын көректендіруге жетекші орын алатын аймақтың
бірі. Алтай тау жүйесі болып табылады.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алтай тауындағы мұздықтардың
түзілуіне әсер ететін факторларды анықтап, оның негізгі бөліктері мен
қоректену режиміне талдау жасап, маңызды мұзбасу аудандарына сипаттама
беруімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты: Алтай тауы аймағының мұздықтарының түзілу
жолдарын, қоректену және абляция аймағын, негізгі морфологиялық типтерін
және табиғат пен адам өміріндегі маңызын ашып көрсетіп, маңызды мұзбасу
аудандарына шолу жасау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
• Алтай тауының мұздықтарының негізгі бөліктері мен мұз түзілу
аймақтарын;
• Фирин аймағының құрылысы мен көректену режимінің ерекшеліктерін;
• Мұздықтардың морфологиялық типтерін;
• Орталық Алтайдың қазіргі мұздықтарының морфологиялық типтерін;
• Оңтүстік және Шығыс Алтайдағы тау мұздықтарының көректену режимімен
таралуын;
• Мұздықтардың шегінуіне байланысты туындаған түйінді мәселелерді ашып
көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру жұмысын жазу
барысында Л.Д. Долгунин мен Г.Б. Осипованың Ледники, В.Л.
Благовещинскийдің Температурный режим высокогорных районов Средней Азии и
Казахстана, С.В. Колесниктің Очерки гляциологии, Н.Н. Пальговтың
Ледники Казахстана и основные черты режима атты еңбектеріндегі
ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық
өңдеу әдістері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, кестелер,
сызба нұсқа мен карталар берілген.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы.Бітіру жұмысындағы деректер мен
ғалымдардың тұжырымдарын география, экология мамандықтары бойынша білім
алатын студенттермен мектеп мұғалімдері, тау туризмі мен айналысатын
туристер маңызды ақпарат көзі ретінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының мерзімдік шегі. Бітіру жұмысын жазу 2005 жылдың мамыры мен
2007 жылдың сәуір айларының аралығын қамтиды.Бітіру жұмысын жазу барысында
Алтай тауындағы мұздықтардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың соңына дейін жүргізілген гляциологиялық бақылаулардың қортындылары
басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде бітіру жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері
анықталған. Бірінші тарауда Алтай тауының физикалық-географиялық орыны,
зерттеу тарихы, жер бедерінің ерекшелігіне физикалық-географиялық талдау
жасалған. Екінші тарауда Алтай тауның климатының мұздықтардың
қалыптасуына тигізетін әсері, мұздықтардың көректену режимі мен
морфологиялық типтері қазіргі мұзбасулардың таралған аудандары
анықталған.

1. Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері.
1. Алтайдың физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы.

Алтай таулы аймағы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Алтай Саян
таулы аймағының құрамына кіреді. Қазақстан аумағына Алтайдың батыс бөлігі
кіреді. Таудың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай артады. Ең биік
нүктесі Батыс және Оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі Қатын жотасындағы
Мұзтау шыңы (4506м).
Батысында біртіндеп аласарып, Сарыарқаға ұласады. Геолдогиялық
құрылысының ерекшеліктеріне сай шекарасы бірнеше рет қайталанған
тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген жарықтар арқылы бөлініп
жатқан екі бөліктен тұрады. Олар: Батыс және Кенді Алтай.1
Алтайдың Қазақстандық бөлігінің солтүстік шекарасы Құлынды даласы,
Кузнецк Алатауы; Оңтүстік шекарасы Зайсан қазаншұңқыры, Монғол Алтайы;
батыс шекарасы Ертіс өзенінің аңғары; шығыс шекарасы Қатын тауының биіктік
жоталары арқылы өтіп, Ресейдің аумағында ұласады. Алтайды жеке физикалық –
географиялық аймақ ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері
мүмкіндік береді:
1. Бір–бірінен тауаралық ойыстар мен аңғарлар бөлініп жатқан орташа биік
және биік қатпарлы–жақпарлы тау жоталары. Жер бедерінің қазіргі
келбеті палеозой эрасындағы каледон, герцин қатпарлы құрылымдарының
неоген–төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен
тауаралық ойыстарда 500–1000 метрге, тау жоталарында 3000 метрге
дейін көтерілуінен қалыптасқан.
2. Еуразияның орталық бөлігіндегі физикалық–географиялық орнының
ерекшелігімен таулы аңғарлары жер бедеріне сәйкес климаты шұғыл
континентті болуымен ерекшеленеді. Батыс циркуляциясының Алтай
тауының жел өтіндегі батыс беткейінде 2000 м биіктікте айқын
байқалатындықтан Қазақстандағы жауын – шашын ең мол түсетін аймақ
болып табылады. (1600 мм)
Жауын–шашынның мол түсуі аймақтың табиғат кешендері
мен биіктік
белдеулердің қылқан жапырақты ормандардың таралуына әсер етеді.
3. Биіктік белдеулерінің біртұтас құрылымын орманды- шалғынды,
субальпілік және альпілік шалғындар мен биік таулы нивальды–
гляциальды белдеулер құрайды. Орман белдеуін негізінен қылқан
жапырақты (тайга) ағаштардың бірлестіктерінен тұрады. Ормансыз
алқаптарда дала, альпілік, субальпілік шалғындар мен таулы тундра
таралған.
Батыс Алтай немесе Кенді Алтай Ертістің оң жақ жағалауымен Оба –
Нарын өзендерінің алаптарының аралығын алып жатыр. Оның орталық және
шығыс бөлігін биік және орташа биіктіктегі Холзун және Листивияга (2578
м), Көксу (2600 м), Теректі (2300 м), Иванов (2776 м), Оба және Үлбі
(1900 м), Қатын жотасы (4506 м). Жоталардың басым бөлігі солтүстік
батыстан оңтүстік – шығыс бағытқа созылып жатыр. Кенді Алтайдың ең аласа
бөлігі солтүстік-батыс бөлігімен Ертістің жағалауына тән, оның орташа
биіктігі 500 – 1000 метрден аспайды. Оңтүстік Алтайды Кенді Алтайдан
ендік бағытта 150–170 шақырымға созылып жатқан ені 5–15 шақырымнан
аспайтын Нарым–Бұқтырма ойысы бөліп жатыр. Аумағы 28000 шаршы шақырымға
жететін оңтүстік Алтай бір–бірінің аралығын тектоникалық жарықтар бөліп
жатқан субендік бағытқа созылып жатқан солтүстік және оңтүстік жоталар
тізбегінің жүйесінен тұрады. Солтүстік жоталар тізбегінің құрамына Нарым-
Тарбағатай (2500 м), Сарымсақты (3373 м), оңтүстік жоталар тізбегіне
Азутау (2385 м), Күршім (2644 м), Оңтүстік Алтай (3400 м).2
Ертіс өзенінің аңғары бөліп жатқан Қалба жотасы да (1449 м) Алтай тауының
Сарыарқаға ұласатын сілемі болып табылады.
Алтайдың физикалық – географиялық тұрғыдан зерттелуі. XIII–ғасырдың бірінші
жартысында патшалық Ресей Алтайды үш түрлі мақсатпен зерттеді. Олар:
біріншіден әскери барлау жұмыстары; екіншіден бекіністерді салу арқылы
қазақ жерін біртіндеп отарлау арқылы орыс үкіметінің билігін орнату;
үшіншіден басып алған жерлерді шаруашылықтық мақсатта игеру.
Қолайлы географиялық жағдайы аталған бекіністердің Қытаймен, Қазақстан,
Орта Азия елдерімен сауда–экономикалық байланыста ерекше орын алып тез
өркендеді. Жоғарыда аталған үш мақсатты жүзеге асыру үшін I Петр 1714 жылы
А.Бекович – Черкасский мен И.Д. Бухгольцтің әскери барлау экспедициясын
ұйымдастырды. И.Д. Бухгольц экспедициясы Ертіс өзенін, Зайсан көлі мен оған
жапсарлас жатқан Алтай Тарбағатай тауларын зерттеді. 3
Жоңғарлардың тұтқынында болып қайтқан экспедиция мүшелерінің бірі Швед
И.Ринато Алтай Тарбағатай таулы аймағының картасын жасады. 1919–20 жылдар
аралығында И.Д. Бухгольц экспедициясын Лейб–гвардия майоры Иванохоров
жалғастырды. 1722–24 жылдар аралығында И.Ушинский Жоңғарияға елшілікке
барған сапарында Ертіс бойы мен Зайсан қазаншұңқырын, Алтай Тарбағатай
тауларының табиғатының ерекшелігін сипаттап берді. Сапар қорытындысы
бойынша жазбаша есебінде ететін жерлер картасында Шығыс Қазақстан мен Ыстық
көлдің аралығы кескінделді.
Алтай Тарбағатай тау жүйелерін зерттеуде Орынбор экспедициясы үлкен
қызмет атқарды. Сенаттың Обер–хатшысы И.К.Кириловтың жобасы бойынша 1734
жылы құрылған бұл экспедицияның негізгі міндеті башқұрт, қазақ, қарақалпақ
халықтарының арасында орыс билігін нығайту орта Азиямен сауда байланыстарын
нығайту шараларын жүзеге асыруға болады.
И.К.Кирилов Орынбор экспедициясына басшылық жасаған кезде оның қазақ
жері туралы жинаған мәліметтері Ресей империясының шолу карталарына да
енді. 1734 жылы И.К.Кирилов жасаған бас картада Қазақстан аумағы 42 - 55º
с.е. пен 47 - 87º ш.б. аралығында деп көрсетілді. Оған Каспий мен Аралға
іргелес аудандар мен Алтай, Ертіс аралығы толық қамтылды. 1760 – 62 жылғы
патшалық Ресей сенатының жарлығымен Кенді Алтайды игеру мақсатында орыс
шаруаларын қоныстандыру басталды.
Академик Паллас пен оның көмекшілері Н.Л.Соколов Ертіс пен Өскемен
төңірегін, Х.Барданец Ертісті бойлай Семейге одан әрі Тарбағатайға дейін
барып, географиялық зерттеулер жүргізілді. Академиялық экспедицияның
қорытындысының нәтижесінде 1786 жылы Риддер, 1791 жылы Зырян, сонымен қатар
Белоусов, Крюков, Талов, Глубокое басқа да полиметалды кен орындары
игеріліп, Алтай папшалық Ресейдің күміс қндіретін басты ауданына айналып,
түсті металлургия дами бастады. 1768–74 жылдар аралығында Қазақстанның
табиғат жағдайлары мен байлықтарын жан–жақты зерттеп, болашақта
шаруашылықтық мақсатта игеру үшін академиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Мазмұны жағынан жалпы ғылыми сипатқа ие болып, бүкіл табиғат элементтерін,
сонымен қатар археология, тарих, этнографияны қамтыды. XVIII ғасырдың соңы
мен XIX ғасырдың басында елшілік пен әскери экспедициялар басым болғанымен
жаңадан қосып алынған жерлерде орыс билігін нығайту болды. Нығайтуды
шаруашылық мақсатта игеру үшін арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла
бастады. 4
1800 жылы П.Бурнашев пен Поспелов Алтай мен Ертіс маңынан бастап Сарыарқа
Бетпақдала арқылы Ташкентке саяхат жасады. Саяхат барысында олар бұрынғы
зерттеулерде назардан тыс қалған пайдалы қазбалар туралы деректер жинады.
XIX ғасырдың II жартысында белгілі орыс ғалымдары П.С.Паллас,
П.А.Курапаткин, И.Д.Черский геологиялық, физикалық–географиялық зерттеулер
жүргізіп, Алтай тауының табиғатының жалпы ерекшеліктеріне, геологиялық
құрылысына сипаттама берді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде полиметалл,
алтын, күміс кен орындары ашылды. Олар тұрақты гидро – метеорологиялық
зерттеулер жүргізді.
1840–1850 жылдар аралығында А.И.Щнерк Шығыс Қазақстандағы Алтай
Тарбағатай таулары мен Сарыарқаны аралап, өзі болған аумақтардың жер
бедерінің ерекшеліктерін геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін зерттейді. 1886–93 жылдар аралығында Р.Закржевский мен Богданов
Алтай мен Тарбағатайдың табиғатын зерттеп, барлық жотасында көз мөлшері
кескіндеу жұмыстарын жүргізді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында
Томск университетінің профессорлары Н.П.Крылов пен В.В.Сапожников
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жүйелі зерттеулер жүргізді. Олар Қатын
тауының ең биік бөлігі Мұзтау шыңына көтеріліп, Алтай тауындағы биіктік
белдеуліктің таралу заңдылықтарына толық сипаттама берді 5
1914 жылы Томск университетінің студенттері ағайынды Борис пен Михайл
Троновтар Қатын тауындағы Мұзтау (Белуха) шыңына көтерілді. Олар ұзақ
жылдар бойы Алтай мен Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы
белдеулердегі мұздықтарда гляциалогиялық зерттеулер жүргізді. Бұрынғы
КСРО–ның ірі гляциолог ғалымы М.В.Тронов 1949 жылы Алтайдағы мұзбасулардың
очерктері атты монографиясын басып шығарды. 1920 жылдары ағайынды Н.В. және
В.В.Ламаниктер Алтай мен Саян тауларын картаға түсіріп, кешенді
физикалық–географиялық зерттеулер жүргізді. Кеңестік кезеңде Алтайда
кешенді физикалық–географиялық зерттеулер геологиялық, геоморфологиялық,
гляциологиялық, топырақтанулық тұрғыдан жүргізіліп, органикалық дүниесін
қорғау, табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты туындаған экологиялық
зерттеулер жүргізді. 1930–1970 жылдар аралығында Қ.И.Сәтпаев, М.П.Русанов,
Н.Г.Насин, Е.Д.Шолигин, Н.С.Шатский, Г.Ц.Медоев арнаулы геологиялық
зерттеулер жүргізді. 1: 250000 геологиялық карталары жасалды.
1940-1970 жылдар аралығында И.П.Геросимов, Б.А.Федерович, Л.Г.Гаен,
З.А.Савричевский (1940-1961) Е.Е. Милановский (1961-1967), К.В. Никлорова
(1960), В.И.Бабана (1961-1968) зор үлест қосты. 1950 жылдардан бастап
Алтайда В.А.Буков, А.С.Утешев климаттық зерттеулер жүргізді. 1939 жылдан
бастап КСРО ғылым академиясының қазаұ бөлімшесі Алтайда тұрақты
гляциялогиялық зерттеулер жүргізіп, оны география ғылымының ірі өкілдері
С.В. Каясник, К.К. Макаров, география секторының гляциолог ғалымдары Н.Н.
Лалогов, С.А. Тоқмағанбетов, К.Г. Манаревичтер жүргізді.

1.2 Алтайдың геотектоникалық құрылысы

Алтай таулы аймағы Кембрийге дейін Шығыс Европа, Сібір, Тарим, Қытай,
Корея платформаларының аралығында бөліп тұрған Орал-Монғол (Орал–Тянь-Шянь)
қатпарлы белдеуінің құрамына кіреді.
Кембрийге дейінгі архей протерозой эрасында қазіргі Алтай тауының
орнында ежелгі платформаларды бір–бірінен бөліп жатқан геосинклинальды
белдеу болған. Палеозой эрасының бірінші жартысындағы Силур девон
дәуірлеріндегі каледон қатпарлығының оңтүстік Алтай түзілді. Кембрийде
Алтай таулы аймағының аумағында теңіз суы алып жатты.
Теңіз табанында эвгеосинклинальды типтегі кремний сазды тақта таста,
тиллит тәрізді конглемераттар (ежелгі мұз басулар нәтижесінде түзілген) мен
хемогенді эффузивті шөгінділер жинақталды. Теңіздерден кембирийге дейінгі
қатпарлықта түзілген жанартаулық аралдар көтеріліп тұрды. Кембирий
дәуірінің палеоклиматы құрғақ әрі ыстық болуымен ерекшеленді. Кембрий
дәуірімен салыстырғанда ордовикте аймақтағы геологиялық режимде айтарлықтай
күрделі өзгерістер болған жоқ. Теңізден аралдар тізбегі көтеріліп тұрды.
6
Тау жыныстарының шайылуы нәтижесінде теңіз табанына кембридің сазды
шөгінділер жинақталады. Ордовиктің бірінші жартысы мен соңында магмалық
әрекет қарқынды жүрді. Терең тектоникалық жарықтарда жүрген интрузивтік
әрекеттің нәтижесінде ультра негізгі және негізгі тау жыныстары түзілді.
Ордовиктің басында климат кембридегідей құрғақ, ыстық болғанымен
трансгрецияның артуы нәтижесінде теңіздердің аумағының артуына сай климат
біршама жылы әрі ылғалды болады.
Төменгі силурдың соңында қуатты қатпарлану үрдісінің жүруіне
байланысты Оңтүстік Алтайдың негізгі жоталар тізбегі Нарым, Сарымсақты,
Азутау, Сарытау, Күршім, Тарбағатай жоталары мен олардың аралықтарын бөліп
тұрған тектоникалық иіндер түзілді. Силурдың соңында құрлықтың біршама
көтерілуіне байланысты оңтүстік Алтайдың қиыр шеті мен батыс Алтайда
сақталды. Каледон қатпарлығының нәтижесінде түзілген тау жоталар орасан зор
кесек шөгінді жыныстардың жинақталуына мүмкіндік берді. Олардың қатарына
Силурдың жоғарғы қабатында жинақталған кремнилі және сазды тақта тастар,
кремнилі құм тастар, жанартаулық күлдермен спилиттер жатады.
Оңтүстік Алтайдын қиыр оңтүстігінде теңіз маржандарының фациялары мен
қызыл түсті сазды жыныстарды кездесуі Силурда жылы субтропиктік климаттың
басым болғанын көрсетеді 7
Құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты Силурдың соңыда біршама құрғақ
әрі жылы субтропиктік климат қалыптасты. Магмалық үрдістер біршама қарқынды
жүрді. Девонның басында ежелгі саяз теңіздер қазіргі батыс Алтайда ғана
сақталды. Оңтүстік Алтай каледон қатпарлығында түзілген биік тау
жүйелерінің біріне айналды. Төменгі девонда экзогендік (сыртқы) күштердің
әсерінен денудация үрдісі артып, пенепленде аласарды.
Орта және жоғарғы девонда жүрген трнсгрессия нәтижесінде батыс Алтайды
су басты. Теңіз табанына кесек тау жыныстарымен қатар хемогенді әктасты
шөгінділер жинақталды. Девон дәуірінде күшті тау түзілу үрдістері болған
жоқ. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бұрыштардың аздап
үйлеспеуі мен су массаларының ығысуының байқалуы тектоникалық
қозғалыстардың болғанын көрсетеді.
Девонның қызыл түсті құмтастар мен эффузивті жыныстары Алтайда кең
таралған. Девон қабатарында қызыл түсті шөгінділермен теңіз маржандарының
кездесуі құрлықтық жағдайдың сақталуына сай төменгі девонда палеоклиматының
жылы әрі құрғақ субтропиктік болғанын айғақтайды. Орта және төменгі
девонда теңіздің аумағының артуына байланысты орта девонда ылғалды
субтропиктік климат қалыптасты. Девон дәуірінде Алтай тауында магмалық
әрекеттер біршама қарқынды жүрді. Нәтижесінде қышқылды және негіздік
лавалар түзілді. Тас көмір дәуәрәнде қазіргі Алтайдың аумағында қарқынды
тектоникалық қозғалыстардың жүруі Қазақстанның шығыс бөлігін тұрақсыз
қозғалмалы облыстарға айналдырды. Нәтижесінде қазіргі Батыс Алтайдың
аумағындағы Холзун, Листивяга, Көксу, Үлбі, Иванов, Қатын жоталарының
тізбегі түзілді. Ерте тас көмірде батыс Алтайдың орнындағы теңіз табанына
Эвгеосинклинальды шөгінді қабаттар жиналып, орта және жоғарғы тас көмірде
құрлық бетінде эффузивтік шөгінділер жинақтала бастады. Қазіргі пішініне
ұқсас болды.
Орта және төменгі тас көмірдің шөгінділері негізінен құрлықтың
конгомераттардан, құмтастардан, әктастардан, жанартаулық күлдерден тұратын
эффузифті–шөгінді кешендерден құралған. Тас көмір дәуірінің уақыт пен
кеңістік ішіндегі палеоклиматтық жағдайлары алуан түрлі болды. Жоғарғы тас
көмірде құрлықтың көлемінің біртіндеп ұлғаюына байланысты төменгі тас
көмірде палеоклимат құрғақ болып, соңында біртіндеп ылғалданды. Орта және
жоғарғы тас көмірде климат тағы да құрғай бастады. Тас көмір дәуірінде
герцин қатпарлы облысында интрузивті әрекеттер қарқынды жүрді.
Пермь дәуірінде тектоникалық қозғалыс тіктеліп, Алтай таулы аймағының
аумағы платформалық режимге көше бастады. Герцин қатпарлығы нәтижесінде
түзілген кесек тау жыныстарының қалың қабаты Нарым, Бұқтырма, Бобров,
Жоғарғы Қарақобы, Өспен, Марқакөл, Жайсаң сияқты тауаралық тектоникалық
ойыстарға шөкті. Алтайдағы пермь дәуірінің шөгінділері негізінен
құмтастардан, алевролиттер мен әктастардан, құрлықтық эффузивті–кесек тау
жыныстарының қалың қабаттарынан тұрады. Пермде Алтай тауында гумитті
ылғалды климат қалыптасты 8
Пермде аймақта интрузивті әрекеттер біршама қарқынды жүрді. Герцин
тектогенезі аймақтың ежелгі құрылымдарын күрделендірді. Мезозой эрасында
аймақта толығымен құрылықтық жағдай сақталып, денудация үрдісінің
нәтижесінде біртіндеп аласарып тегістеле бастады. Палеогенде ұсақ шоқылы
асала таулы аймаққа айналды. Мезозой эрасының триас дәуірінде Алтай
таулы аймағында толығымен құрлықтық жағдай сақталды. Климаты ыстық
континентті құрғақ болуы тау жыныстарының химиялық үгілуін күшейтті.
Триастың соңында тауаралық иіндер мен тау беткейлеріне шөкті. Тектоникалық
әрекеттер жарылуға дейін барғанмен, Кендірлік, Нарым, Бұқтырма сияқты
иіндердің ірге тасының біртіндеп мантияға батуы байқалды. Палеографиялық
зерттеулердің деректеріне қарағанда триас дәуірінің соңы мен юра дәуірінде
Алтайдың климаты біртіндеп ылғалдана бастады.
Ылғалды климат жағдайларында ағаш тәрізді папоротниктерден,
қырықбуыннан, плаундар мен қылқан жапырақты ағаштардан тұратын орман
флоралары тауаралық тектоникалық ойыстарда кендірлік тас көмір кен орнының
түзілуіне қолайлы жағдай тудырды. Ылғалды климат жағдайында үгілу қабатында
сілтісізденген коалинді шөгінділер түзілді. Алтайдағы төменгі бор
шөгінділері негізінен тауаралық тектоникалық ойыстарға жинақталған
құрлықтық жағдайда түзілген. Қызыл түстік саздар мен қиғаш қабатты құмдар
мен конгломераттардан тұрады.
Бор дәуірінде құрғақ және аридті климат бірін–бірі алмастырып отырды.
Палеогенің соңы мен неогеннің басында Альпі қатпарлығының нәтижесінде Алтай
тауының қайта жаңғырып біртіндеп көтерілу үрдісі болды. Тау жоталарын
бір–бірінен бөліп тұрған тауаралық аңғарлар мен Зайсан қазаншұңқырына кесек
конгломератты шөгінділер жинақтала басталды. Неогеннің соңы мен төрттік
дәуірдің басында қазіргі Нарым, Берел, Бұқтырма, Оба, Үлбі өзендерінің
аңғарлары пай да болды. Ерте және орта плиоценде Памир, Капетдаг, Кавказ
тауларының қатпарлануына байланысты Алтай тауында қарқынды қозғалыстар
жүріп, тәрттік дәуірінде (төменгі және жоғарғы плейстоценде) 2000-3000 м
дейін көтеріліп, қатпарлы – жақпарлы жаңғырған биік тау жүйесіне айналды.
Құрлықтың көлемінің ұлғайып, ежелгі теңіздердің тартылуына байланысты
шамамен 600 мың жыл бұрын Алтайда ежелгі плейстоцен мұз басуы басталды. Ол
шамамен 10 –12 мың жыл бұрын аяқтады. Белгілі гляциолог ғалым П.А.
Шеркаосовтың пікіріне сүйенсек Алтайда үш мұз басу жүрген (Рисс Минадаль
Вюрм) олардың алғашқысы жабын болса, соңғысы жабын сипатында болды. 9
Климаттағы күрт суынудан жүрген ежелгі төрттік мұз басулары мұз басу
аралық кезендермен алмасып отырды. Мұзбасулар мен мұзбасу аралық
кезендердің алмасуы нәтижесінде қазіргі терең сайлы тауаралық аңғарлар мен
қар аңғарлары түзіліп қазіргі жер бедері қалыптасты.
Алтайдың пайдалы қазбалары. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай Алтай
таулы аймағында алуан түрлі пайдалы қазбалар кешені таралған. Пайдалы
қазбалардың басым бөлігін темір, мыс, полиметалл сирек және шашыранды
қымбат бағалы метеллдар, калий тұздары, құрылыс материалдары құрайды.
Олардың түзілуімен әркелкі таралуына аумақтық геологиялық даму тарихының
техтоникалық құрылымының ерекшеліктері әсер етеді. Геологиялық тұрғыдан
алғанда пайдалы қазбалардың негізгі бөлігі кембриге дейінгі, каледон,
герцин және альпілік қатпарлы құрылымда таралуы табиғатының даму тарихымен
түсіндіріледі. Алтай таулы аймағындағы металлогенездің сипаты мен
қарқындылығына байланысты аймақ екі белдеуге бөлінеді. Олар: Кенді Алтай,
Кенді белдеулері және Қалба –Нарым. Жайсаң, Герциндік геоцинклинальды
жүйесінің солтүстік – шығысында полиметалл, сирек және шашыранды металдарға
бай Кенді Алтай, Кенді белдеу орналасқан. Шөгінді жолмен түзілген
Сажаев,Қазақстан, Предгорное әктас кен орындары цемент шикізаты, түсті
металлургияға әктас пен мәрмәр ұнтағын алуға қажетті шикізат ретінде
пайдаланылады.
Гидротермальды – шөгінді жолмен түзілген темір кеңі Зырян ауданындағы
Пригородный, Талов, Чесноков (Риддер ауданы) және Холзун марганец –
магнетит кен орындарында өндіріледі 10
Оңтүстік Алтайдағы магнетит кен орнындағы темірдің мөлшері 50-70 %-
ке жетеді. Кеңді Алтай кеңді белдеуінде мырыштың, қорғасынмен мыстың,
мыңнан асатм кеңорындары бар. Солардың ішіндегі ең ірілері Никельск
кольчадан, Риддер, Соколов, Тимин, Жаңа Лениногор және Шалқар кең орындары.
Кен құрамында қорғасын мен мырыштан басқа алтын, күміс басқада сирек
кездесетің шашыранды металлдармен кенсіз пайдалы қазбалар кездеседі. Оларды
кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Кеңді Алтайдың кені белдеуінің батыс
қанатында Зырян, Грехов, Малеев полиметалл кен орындары бар.
Солтүстік- батыс қанатында Николаев және Березов – Белоусов мысты –
мырышты, орташа колчеды (күкіртті) бридті полиметалл және мыс кенорындары
орналасқан. Кеңді белдеудің қиыр оңтүстік-атыс бөлігінде мысты, мысты-
перидті кең орны бар. Кең құрамында алтын, тальк, фунист бар. Қалба-Нарым
кні беллдеуіндегі граниттерде сирек кездесетің шашыранды металлдар мен
керамика, хрусталль өндіруде маңызды шикізат болып табылатын пегматит
кеңдері түзілген.
Маңызды қалайы - вльфрам кеңдерінің қатарына Палацы, Колькомоль,
Шердіаяқ, Теректі кенорындары жатады. Семей қаласының маңындағы батыс Қалба
– Кенді аймағында өндірілетін әктас цемент шикізаты, қиыршық тас және
әрлеуші материалдар ретінде қолданылады. Олигоценді (палеогенде) неоген
және төрттік дәуірлерінде аьпілік эпиплатформалы орогенді белдеуі
қалыптасады. Николаев полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген
минералды бояулар кеніштері бар.
Неоген, төрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстар
нәтижесінде тау етегінің тауаралық ойыстарындағы ысырылу конустарында,
Ертіс өзенінің аңғарында шөккен моренналы – алювиальды шөгінділерде құрылыс
индустриясында кеңінен қолданылатын малта тас, қиыршық тас, құм кен
орындары түзілді. Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасының
етегіндегі эолдық жолмен түзілген лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде
кеңінен қолданылады.11
Өскемен, Семей, Риддер, Зырян сияқты ірі өнеркәсіп орталықтарын сумен
қамтамасыз етуде альпілік эпиплатформалық орогенді белдеуінің шөгінді
қабаттарындағы жер асты еспе сулардың кен орындарының маңызы зор. Алтай
таулы аймағындағы тауаралық ойыстардағы тектоникалық жарықтарда термальды
кремнилі емдік минералды ыстық бұлақтар бар. Олардың ең маңыздысы Рахман
бұлақтары. Онда қазір өзі аттас курорт бар.
1.3 Алтай таулы аймағының жер бедерінің ерекшелігі

Батыс Алтайдың жер бедерінің ерекшелігі. Оңтүстік Сібір тауларынан Ертіс
өзенінің аңғарына деиін созылып жатқан Алтай таулы аймағы
морфоқұрылымдық тұрғыдан үш бөлікке бөлінетіні белгілі. Батыс Алтайды
оңтүстік Алтайдан бөлінетін шекара Орталық Алтайдың құрамына кіретін Укөк
таулы алқабының Табын-Богдаула тауына ұласатын жердегі Хантас асуы арқылы
өтеді.
Укөк таулы алқабының батыс бөлігіндегі Берел өзені бастау алатын Қатын
жотасындағы Мұзтау (4506 м) Алтайдың ең биік бөлігі болып табылады. Ақ
Берел өзенінің аңғарының батысында төбесі текшелі шоқылы болып келетің
Қатын жотасы биіктігі 2200 метрден аспайтын Листвяга және Холзун жотасына
ұласады. Холзун жотасы өте қатты тілімделуімен үшкір шыңды шоқылы болып
келуімен ерекшеленеді. Алтайдағы өсімдік өспеген жалаңаш болып келетің
үшкір шыңды болып келетін орқаштаулы биік шоқылар Ақтау деп аталады.
Холзунның ең биік нүктесі абсальют биіктігі 2600 метрге жететің Линейный
белок тауы.
Холзуннан Батыс Алтайдың абсалют биіктігі 2674 метрге жететің Иванов,
Үлбі, Оба жоталар тармақталады. Батыс Алтайдың жер бедерінің негізгі
ерекшелігі әр түрлі гипсометриялық деңгейде кең таралған реликтілігі ежелгі
пенеплендердің кездесуі болып табылады. Ежелгі пенеплендер төбесі
тегістелген текшелі болып келеді. Батыс және орталық Алтайдағы тау
жоталарының аралығын табаны тегіс болып келетің 800-1000 метр абсольют
биіктікте орналасқан Абай–Бұқтырма–Нарын–Оба- Үлбі тауаралық ойыстары
бөліп жатыр. 12
Батыс Алтайдың жер бедері геоморфологиялық тұрғыдан төрт топқа
бөлінеді. Олар: Абсольюттік биіктігі 300-400, 600-700 метрден аспайтың
тауаралық ойыстармен тауалды жазықтары;
-1200-1500 метр биіктік аралығын қамтитың аласа таулы жер бедері;
-1500-2000 метр аралығын қамтитың орта биіктіктегі таулы белдеудің жер
бедері;
-2000-4500 метр аралығын қамтитың биік таулы белдеудің жер бедері;
Алтай тауының Ертіске ұласатын бөлігі мен тауаралық тектоникалық
иіндерде ірге тасы палеозойдың қатпарланған жыныстарынан тұратын және оның
бетін палеоген мен төртік дәуірлерінің сазды, малта тасты сазды, сазды
құмды жыныстар жауып жатқан орташа және биік белесті тұғырлы жазықтары алып
жазықтар алып жатыр. Тау етегінде ежелгі төрттік мұз басуларымен қазіргі
өзендердің ысырылу конусының шлейфтері түзілген. Ені 5-8 шақырымнан
аспайтың делювиальды-пролювиальды нашар тілімделген моренналы төбелі
жазықтар таралған.
Тауаралық ойыстар мен тауалды төбелі жазықтары негізінен ежелгі
төрттік мұз басуы кезеніңде Миндаль жабын мұздықтарымен жартылай жабын
болған Рисс, Вюрм мұзбасуларының тілдері тоқтаған абляция аймағына
жиналған соңғы моренналардың жиналуынан түзілген ысырынды-моренналы
жыныстардың бетің жел әрекетінен шөкен лессті жыныстар жауып жатыр.
Батыс Алтайдың қабатты тұғырлы денудациялық және проловиялды-
делювиальды жазықтары кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлерінде жүрген
неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен түзілген тік беткейлі кемерлер
аласа таулы балдеуден бөліп жатыр. Тауалды белесті-төбелі жазықтары теңіз
деңгейінен 300-400 метрден 600-700 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтып,
шығысқа қарай біртіндеп артады. Салыстырмалы биіктіктері 50-100 метр
аралығында ауытқиды.13
Тік беткейлі кемерлер арқылы бөлініп жатқан аласа таулы белдеудің
беткейлері біршама жатық болып келуімен ерекшеленетіңдіктен көлбеулігі 15-
250 м. аспайды. Батыс Алтайдың аласа таулы бөлігінің жер бедері ұсақ
шоқылардан орташа биіктіктегі таулы белдеуге өтпелі сипатта болады. Олар
Үлбі мен Оба Ертіс епн Бұқтырма, Бұқтырма мен Нарын өзендерінің
аралықтарындағы кең көлемді кеңістікті алып жатыр.
Аласа таулы белдеу 600-700 метрмен 1500 метр аралығындағы биіктік
белгілерінің аралығын қамтиды. Салыстырмалы биіктігі 100-200 метр
аралығында ауытқитың аласа таулар шығысқа қарай біртіндеп биіктейді.
Тауалды жазықтарынан айырмашылығы біршама тегіс болып келетің жер бедері
қатты тиімделген тік беткейлі шоқтармен кезектесіп келуімен ерекшеленеді.
Суайрықтары альпілік жер бедеріне тән жалды болады. Кенді Алтай
геоморфологиялық тұрғыдан эрозиялық-техтоникалық жер бедерінің қатарына
жатады. Шығысында аласа таулы жер бедері 1500–2000 метр абсолют биктік
белгілерінің аралығын қамтитын орташа биіктіктегі таулы белдеуге ұласады.
Орташа биіктіктегі жер бедері Оба мен Бұқтырма өзендерінің жоғарғы және
орта ағыстарының аралығын қамтығын.
Неоген–төрттік дәуірлерде жүрген неотехтоникалық қозғалыстардың
әсерінен қайта жаңғырған тау болғандықтан төбесі текшелі болып
келетіңдіктен біртіңдеп биіктеуімен ерекшеленеді. Сондықтан тау беткейінің
көлбеулігі 22-250, 30-350 аралығында ауытқиды. Салытырмалы өз ара биіктік
400-500 метрді құрайды. Төбесі текшелі тегіс болып келетін жер бедерінің
сипатың неотектоникалық қозғалыстардың ісерінен көтерілген қатты
тілімделген Орқаш таулы аймақтағы альпілік типті үшкір шыңды тік беткейлі
жолдардың беткейлерін сыртқы экзогенді кұштердің әсерінен түзлген қорымдар
кең таралған.14
Алтайдың орта биіктегі таулы белдеде орналасқан Оба, Үлбі, Холзунг,
Листвияга, Иванов жоталарының аралығын ежелгі төрттік мұз басулардың
экзорациялық әрекетімен мұз басу аралық кезеңдегі ағын сулардың бұзушы
әрекетімен түзілген терендігі 1000-1350 метрге дейін жететін тауарлық
тектоникалық жазықтардағы аңғарлар бөліп жатыр. Батыс (кеңді) Алтайдың
орташа биіктіктегі таулы бөлігінде қазіргі және ежелгі төрттік мұз
басулардың іздері анық байқалатың экзорациялық – денудациялық жер бедерінің
қатарына жатады.
Тау беткейінде ежелгі және қазіргі мұз басулардың экзорациялық
(бұзушы) әрекетінен түзілген циркті ойыстар,трогалар мен кар аңғарлары кең
таралған. Ежелгі мұздықтардың тілі тоқтаған абляция аймағындағы моренналы
жалдар мен төбелердің аралығындағы циркті ойыстарда шағын циркті көлдер кең
тараған. Олардың қатарына бөгелмелі Рахман бұлағы сияқты көрікті көлдер
жатады. Климаты қатаң әрі тәуліктік температура айырмасы жоғары
болғандықтан аяздың әсерінен жүретін үгілу үрдісінен түзілген қорым
тастар, солифмокциялық текшелер термонарстылы шұңқырлар мен төмпешіктер кең
таралған. 15
Тауаралық аңғарлардың пішіні тік беткейлі болып келетіңдіктен қар
көшкінінің қаупі өте жоғары. 2000- 3100 метр биіктік аралығын қамтитың
Иванов, Листвяга, Тигрец, Холзун жоталары мен Табын-Богдаула тауына
ұласатын орталық. Орталық Алтайдын Қазақстандық бөлігі болып табылатын
Қатын жотасы мен Укөк таулы алқабында салыстырмалы өзара биіктік
айырмасы 500-700 метрден асатын биік таулы жер бедері дамыған.
Су айрықтарымен тау беткейлерінде тік беткейлі қатты тілімделген
альплік жер бедері дамыған. Батыс (Кеңді) Алтайдын биік таулы альплік жер
бедері найза тәрізді үшкір шыңдарымен, қатты тілімделген жар шатқалды
аңғарларымен,қорымды тік жартастарымен ерекшеленеді. Таудың бұл бөлігінде
қазіргі мұз басулардың экзорациялық әрекеті күшті жүріп жатқандықтан
мұздықтардың бұзушы әрекетінен түзілген циркті ойыстар, мореналы жалдар
мен төбелер, трогалар мен қар аңғарлары күшті дамыған.
Жер бедерінің негізгі пішіндері қазіргі мұз басулардың әсерінен
түзілген тектоникалық-денудациялық, эрозиялық-денудациялық жер бедеріне
жатады.Үшкір шыңды тау беткейлеріндегі қар аңғарлары мен трогалар да,циркті
ойыстарда қазіргі мұз басуларымен қатар төрттік дәуірдегі ежелгі Рисс-
Вюрм мұз басуларының ізі айқын байқалады. Листвяга Тигрец, Холзун, Иванов,
Қатын жоталарының қазіргі мұздықтар жауып жатқан бөлігінің абляция
аймағындағы (мұздықтар еріп жойылатын) диаметрі 0,7,10 метрге дейін жететін
малта тастардан қиыршық тастармен құмтастармен тұратын. Соңғы моренналардың
аралығында циркті бөгелмелі шағын көлдер кең таралған.
Қатын жотасының биік таулы бөлігімен Иванов, Тұрғысын, Хамира және
Мұзтау (Белуха) таулы алқабында 2600-4500 метр биіктік аралығындағы
суайырық жоталардың тік беткейл үшкір шыңды жоталарына альплік жер бедері
тән.
Батыс Алтайдың басқа бөлігінен альплік жер бедерінің айырмашылығы
беткейі өтетін болады жекелеген беткейлердің көлбеулігі 40-70° аралығында
ауытқиды. Жалдардың беткейлерінде қазіргі және езелгі төрттік мұз
басулардың әсерінен түзілген шағын қар аңғарлары мен эрозиялық ойыстар кең
таралған. Тянь-Шянь, Жетісу, Алатауларына қарағанда қар сызығы төмен
орналасқандықтан Алтайдын биік таулы альплік жер бедерінің басым бөлігін
қазргі тау мұздықтары басым жатыр 16
Оңтүстік Алтайдың жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. Оңтүстік Алтай
палеоген дәуірінен бастап көтерілулер қарқынды жүріп жатқан, текноникалық
жарықтар кең таралған таулы алқаптың қатарына жатады. Сондықтан қатты
тілімделген тік беткейлі жоталар мен олардың аралығын бөліп жатқан тауарлық
аңғарлардың таралуымен ерекшеленеді.
Неоген–төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен
қайта жаңғырған таулы алқапқа жататындықтан төбесі текшелі баспалдақтанып,
біртіндеп биіктейтін үстірт тәрізді оңтүстік Алтайдың суайрықтарының
аралығын тектоникалық жарықтарда қалыптасқан тік беткейлі Бұқтырма–Нарын,
Күршім–Қалжыр тауаралық аңғарларымен рифтогендік аймақ болып табылатын
Марқакөл қазаншұңқырлары бөліп жатыр. 16
Оңтүстік Алтай ендік, субендік бағытта созылған бірнеше жоталар
тізбегінен тұрады. Олар: Нарым, Сарытау, Күршім, Сарымсақты, Керей, Өтен,
Асу, Тарлаулы жоталар тізбегінен тұрады. Оңтүстік Алтайдың литогендік
негізі сазды және кремнилі тақтатастардан, құмтастан, жанартаулық күлден
тұрады.
Герциннің гранитті интрузиясында полиметалл кендері бар.
Таудың оңтүстік батысы мен батысынан шығысы мен оңтүстік шығысына
қарай 500-600 метрден 2800–3600 метрге дейін артады. Салыстырмалы өзара
биіктік батысында 100–300 метрден, шығысында 1000-1500 метрге дейін артады.
Оңтүстік Алтайдың жер бедеріне екі ерекшелік тән. Олардың біріншісі –
жер бедерінің батыстан шығысқа қарай біртіндеп биіктеу үрдісінің байқалуы;
Екіншісі – солтүстік беткейінің көлбеу және оңтүстік беткейінің тік
беткейлі болуына байланысты екі беткейінің бір – біріне асимметриялы болып
келуі.
Суайрықтарына тән элементтердің бірі беті тегістелген ежелгі реликтлі
пенеплендер мен тік беткейлі альплік жер бедерінің кезектесіп келуі.
Жер бедерінің сипатына тән ерекшеліктердің бірі субендік бағытта
созылған жоталардың аралықтарын оңтүстік батыс бағытқа қарай еңіс болып
келетін тауаралық аңғарлар мен тауаралық ойыстардың бөліп жатуы болып
табылады. 500-700 метрге дейінгі биіктік аралығын тауаралық аңғарлардағы
тұғырлы денудациялық және қабатты жазықтар мен тауалды моренналы төбелі.
Ол тік беткейлі кемерлер арқылы 700-1500 метр биіктік белгілерінің аралығын
қамтитын аласа таулы белдеуге ұласады. 17
Аласа таулы белдеу Оңтүстік Алтайдың оңтүстік бөлігінде біршама ірі
ауданды қамтиды. Абсалют биіктігі шамалы болғанына қарамастан салыстырмалы
биіктігі 400-600 метр аралығында ауытқиды. Сондықтан тау беткейлері тік,
көбінесе құз жартасты, шыңдары қатты тілімделген, уақытша ағын судың
әсерінен эрозия үрдісі күшті жүруімен ерекшеленеді. Эрозияның қарқынды
жүруіне байланысты тік беткейлерде борпылдақ бос жыныстар өте жұқа немесе
мүлдем жоқ. Оңтүстік Алтайдың жер бедері біршама тегіс, кей жерлері
қатты тілімделгендіктен көлбеулігі 25-30º аралығында ауытқиды.
Аласа таулы белдеудің ең жоғарғы бөлігі найза тәрізді үшкір шыңды ұсақ
шоқылы болып келеді.
1500-2000 метр аралығын оңтүстік Алтайдың орташа биік таулы белдеуі
қамтиды. Олар жеке тау жоталарын түзеді немесе биік

таулы белдеудің шеткі бөлігі болып табылады.
Орташа биіктіктегі таулы белдеуге оңтүстік Алтайдың негізгі жоталар
тізбектері Күршім, Нарым, Сарымсақты ,Тарбағатай, Оңтістік Алтай, Асу
жоталары жатады.
Ежелгі төрттік мұз басулар мен қазіргі жер бедерін түзуші сыртқы
күштердің әсерінен бетінің тегістелуі жүріп жатқандықтан тау жоталарының
төбесі текшелі нашар тілімделуімен ерекшеленеді. Тауарлық тектоникалық
жарықтар мен өзен аңғарларында беткейлері қатты тілімделіп, жер бедерін
күрделендіреді. Тар шатқалды өзен аңғарлары мен терең сайларда беткейлердің
көлбеулігі 30-35º асады. Орта биіктігі таулы белдеудегі бос жыныстарда
жылдам шайылатын бос жыныстар сақталған аймақтарда қарқынды сел әрекетінен
түзілген терең жыралар мен ысырылу конустары айқын байқалады. Оңтүстік
Алтайдың үстірт тәрізді төбесі текшелі суайрықтары тар әрі терең
шатқалдармен бірге кезектесіп келуімен ерекшеленеді.
Оңтүстік Алтайдағы альпілік жер бедері 2100-3400 метр аралықтарын
қамтиды. Төбесі текшелі тегіс суайрықтан көтеріліп тұрған тік беткейлі
шоқылар мен жоталардың беткейлері қатты тілімденген. Салыстырмалы биіктік
500-700 м аралығында ауытқиды.
Нарым, Сарымсақты, Ашубас, Күршім таулары батыстан шығысқа қарай
біртіндеп артады. Сарымсақты тауының ең биік нүктесі Керей шыңының биіктігі
4000 метрге таяу. Ашубас тауының биіктігі 3200 метрге жетеді. Сарымсақты
тауының солтүстік беткейі мен Оңтүстік Алтайда қазіргі мұз басулар
сақталған. Оңтүстік Алтайдың орта тармағын Күршім, Сарытау, Жетікезең таулы
алқаптары құрайды.18
Үшінші тізбектегі тау жоталарын Марқакөлді оңтүстік-шығысынан шектейтін
Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегі құрайды. 2300-3000 метр биіктік
аралығында қазіргі мұз басулар жүріп жатыр. Оңтүстік Алтайдағы мұздықтардың
ауданы 10 шаршы шақырымды құрайды. 2300м биіктіктен гляциальды – нивальды
белдеу басталатындықтан қазіргі мұздықтар мен температураның, жауын –
шашынның әсерінен жүретін экзорациялық – денудациялық үрдістер басым болып
келеді.
Қорыта айтқанда Алтай таулы аймағында жер бедерінің бірнеше
морфоқұрылымдық типтері таралған.
1.Қазіргі мұз басулар жүріп жатқан экзорациялық – денудациялық биік
таулы белдеу.
Онда жыл бойы қатаң климат жағдайында нивальды- гияциальды экзорациялық
денудациялық үдістер жүріп жатады. Бұл белдеуде мұздықтардың экзорациялық
әрекетінен түзелген моренналы төбелер, циркті ойыстар, кар аңғарлары,
аккумуляциялық шлейфтер басым 19
2.200-3000 метр биіктік аралығын қамтитын гравитациялық
солифюкциялық белдеу. Бұл белдеуде ежелгі плйстоцен мұз басуларының
әсерінен түзелген моренналы төбелер, сулы және гравитациялық
солифмокциялардың әсерінен түзелген текшелер, тау беткейлерінде қорым
тастардың ағыны басым. Біршама нашар ылғалданған тегіс беткейлеріне,
уақытша ағын сулардың әсерінен түзілген жылғалар мен аккумуляция конустары
тән. Жақсы ылғалданған беткейлері тік болып келуімен ерекшеленеді.
3. Мұздықтардан тыс эрозиялық – аккумулятивтік орташа биік таулы белдеу
1600-2300 метр биіктік аралықтарын қамтиды. Бұл белдеудің жер бедерінің
морфомүсіндік пішіндерін қалыптастыруда флювиальды үрдістер маңызды роль
атқарады. Уақытша және тұрақты ағын судың әрекеттерінен жүретін бүйір және
табан эрозиясының әсері басым болып келеді.
4. 1200-1600 метрден 2400 метр биіктік аралықтарын қамтитын эрозиялық
-денудациялық жер бедері. Бұл белдеуде судың температураның бұзушы
әрекетінен жүретін шайылулар басым.
5. Тауаралық ысырынды қабатты және тұғырлы денудациялық қабатты
жазықтар. Олардың тұғырлы сазды құмды малта тасты жыныстардан тұрады.
Негізінің тау беткейлерінен төккен тау жыныстарынан тұрады.
2.4 Алтайдың климатының ерекшеліктері

Алтайдың климатын түзуші факторлар. Құрылықтың орталық бөлігінде
орналасуын, мұхит, теңіздердн шалғайлығы мен Орта Азияның шөлейтті
аудандары мен көршілес жатуына байланысты. Алтайдың климаты шұғыл
континентті. Сібір антициклонның біршама трансформацияланған арктикалық
ауа массаларының ықпалының басым болуына, жер бедерінің ерекшеліктерімен,
жан-жағын тау жоталары қоршап тұрған Зайсан қазаншұңқырындасуынып,
ауырлаған ауа массаларының әсерінен жоғарғы қысымды аймақтың қалыптасуына
байланысты қысы суық, аязды, жазы салқын, жауын–шашынды болып келуімен
ерекшеленеді.
Ендік және субендік бағытта созылған тау жоталары мен олардың
аралықтарын бөліп тұрған тау аралық ойыстарға енген ауа тез суынып, ашық
аязды күндердің көп болуына әсер етеді. Қыста жылы ауаның биікке
көтерілуінен температура инверсиясы байқалады. Осыған орай қыста таудың
етегіндегі тауаралық ойыстарға қарағанда 1500–2000 метр биіктіктегі тау
жоталарындағы температура жоғары болады. Температура инверциясы Алтай
тауының беткейлерінде өзіне тән өсімдік, топырақ жамылғысының қалыптасуына
ықпалын тигізеді.
Оңтүстік Сібір таулы белдеуінің батыс бөлігін алып жатуына, жер
бедерінің ерекшеліктеріне сай Батыс және Оңтүстік Алтайда Сібір
антициклонының әсері әлсіздеу болғандықтан қыста циклон әрекеті біршама
айқын байқалды. 20
Батыс Алтайдың климатының қалыптасуында биікті белдеуліктің қалыптасып,
жылу мен ылғалдың таралуына температура инверсиясына, таулы аңғарлы желдер
Феннің дамуына орографиялық жағдайы өте зор әсер етеді. Климаттың шұғыл
континенттігі жан-жағын Батыс, Оңтүстік Алтай, Қалба, Маңырақ, Сауыр
жоталары қоршап жатқан Зайсан қазаншұнқырында, Бұқтырма–Нарым, Үлбі, Оба,
тауаралық иіндерінде айқын байқалады.
Алтай таулы аймағындағы температураның қысқы режимін Азия максимумы
айқындайды. Қыркүйекте дами бастайтын антициклондық әрекеттің әсерінен
қазаншұнқырлар мен тауарлық ойыстарда температураны қатты төмендетіп,
инверсияның күшеюінен тау беткейлерінде температура көтеріледі.
Күшті трансформацияланған Арктикалық ауа массаларын Үлбі, Оба, Иванов
жоталарының солтүстік беткейлері ұстап қалады. Жауын –шашынның 80%-н батыс
циркуляциясының әсерінен Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әкеледі.
Жауын–шашынның мол түсуі теңіз деңгейінен 1000–1200 метр биіктіктен
бастап айқын байқала бастады. Қазақстандағы жауын– шашын ең мол түсетін
аймақ Алтай тауының батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Алтай таулы аймағының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі
Қазақстандық Алтай өлкесі
Алтай таулы аймағына сипаттама
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Төменгі ағынның қалыптасу факторлары
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер