ҚР-ң Ақмола облысы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ақмола облысы

Ақмола облысы ҚР-ң солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылған. Ақмола облысы солтүстігінде- Солтүстік Қазақстанмен, батыс және оңтүстік батыста- Қостанай обл/мен, оңтүстік және оңтүстік- батыста- Қарағанды обл, шығыста- Павлодар обл/мен шектеседі.

Ақмола облысының жалпы территориясы 01. 01. 2005ж мәлімет бойынша 146, 2 мың км 2 . Облыстың солтүстік тен оңтүстікке дейінгі ұзақтығы шамамен 350км, ал батыстан шығысқа дейін- 500 км-дей.

Ақмола облысының құрамына 17 аудан, 233 селолық және ауылдық округ, 674 жергілікті пунктер бар. Халық саны облыста 747, 2 мың адамды құрайды, оның ішінде қала халқы- 36, 9%, ал селолық- 63, 1%. Халық тығыздығы орта шамамен 1 км 2 жерге- 5, 1 адам.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2005ж халықтың денсаулық жағдайы қауіпті аурулар жалпы республиканың басқа облыстарысен салыстырғанда жоғары. Тыныс алу органдарының аурулары орта есеппен басқа республиканың облыстарымен салыстырғанда төменірек. 2005ж рнспубликаның СЭС мәліметі бойынша чума, қырымдық гемморрогиялық лихорадка және холера аурулары байқалмаған.

Атмосфералық ауаның ластануы. Ақмола облысының атмосфералық ауасының негізгі ластайтын алдыңғы өнеркәсіп көздері кенөндіру, кен- өңдеу, химиялық, жылуэнергетика, жеңіл және азық -түлік өнеркәсіптері. Негізгі ластаушы көздерге автокөлік, жылуэлектрорталықтары және котельныйлар, кәсіпорын обьектілері.

Ақмола облысының атмосфералық ауасының негізгі ластаушы көзі- кәсіпорын сандары. 2002ж 128-ден 2004ж 159-ға көбейген. 2005жыл 2004 жылмен салыстырғанда қалдықтар көлемі 19%-ға көбейген. Үлкен кәсіпорындарда шаң және газ тазалау құрылғыларының көмегімен кәсіпроындар саны көбейсе де, атмосфералық ауаның тұрақтылық тенденциясы сақталынады. 2005ж және оның алдыңғы жылдарында да атмосфераға түскен қалдықтар Астана, Көкшетау және Степногорск қалаларында байқалған. Степногорсктегі ТЭЦ, Астана қаласындағы көмір мен мазутты қоланатын котельныйлар атмосфералық ауаны ластаушы көздер. Ауаның қолайсыз ластанған қаларына Ақкөл, Ерейментау, Щучинск, Атбасар қалалар жатады (тасталған ластаушы заттар саны 1, 0- 1, 4 мың т/ж) .

Ақмола облысының атмосфералық ауасының ластануы атмосфераға түскен стационарлық және қозғалмалы көздерден түскен қалдықтарға байланысты.

Ауаны ластайтын заттардың 73% газ түрінде, соның ішінде маңыздылары көміртегі оксиді, азот оксиді, көмірсулар, органикалық және органикалық емес шаңдар және т. б. Ақмола облысының атмосферасының ең үлкен ластағыштары- Степногорск ХМЗ ЦГХК, Степногорск ТЭЦ-і (жыл сайынғы тастандылар көлемі 18, 8 мың) . Облыста 2005жылдан бері үлкен көлемдегі қатты ластаушы қалдықтар шығаратын кәсіпорындар көбеюде. Оларға ЖШС “Өркен- Атансор; Алексеев доломитті кені; АҚ “ССГОПО” филиалы; ЖШС “Нефрит- СВ”.

Атмосфералық ауаның ластануының рөлін автомобильді транспорттар атқарады. Ақмола облысының ауа бассейніне жыл сайын 90 мыңға жуық автокөліктен шығатын ластаушылар ластауда. Соның ішінде 80% көміртегі оксиді, 8% азот оксиді және басқа да ластаушы заттармен. Соңғы 4 жылда ауаны ластаушы заттар қозғалмалы көздерден 10-60%- ға өскен, олар Ақкөл, Макинск, Атбасар, ерейментау аудан орталықтарында.

Астана қаласының ауа бассейнінің санитарлы- экологиялық жағдайы соңғы уақытта тұрақты. Ауадағы азот диоксиді 2005ж қазіргі уақытқа дейін норма шегінде.

Соңғы уақытта Астанада ауаның шаңмен ластануы байқалуда. Оның себебі қаладағы құрылыс жұмыстары. Астана қаласы ауасының шаңмен ластануы орта кезеңі 2, 2 мг/м 3 , ШРК- ң 2, 2 есе өсуі байқалған. Жаздың айларында орта күндік шаң құрамында 1, 7 есе өседі.

Ақмола облысының атмосфералық ауасының қазіргі экологиялық жағдайын қанағаттанарлық деп санауға болады.

Экологиялық проблемаларды азайту үшін тазалау құрылғыларының аздығын шешу қажет.

Жер беті және жерасты суларының ластануы. Ақмола облысында су ресурстары жеткілікті. Барынша үлкен көлдері: Есіл (жалпы ұзындығы 2450 км, ҚР-ғы ұзындығы 1719 км), Нұра (978 км), Сілеті (407 км), Құланөтпес (364км), Өлеңті (273 км), Шағалалы (234 км) . Көп тұщы және тұзды өзендер бар. Ірі тұщы өзендері: Қорғалжын (330км 2 ), Қожакөл (60км 2 ), Итемген (57, 4 км 2 ) Майбалық (21, 1км 2 ), тұзды: Теніз (1162км 2 ), Қыпшақ (64, 7км 2 ), Керей(63 км 2 ), Қияқты (51, 6 км 2 ), Шортанды (18, 6км 2 ), Үлкен Шабақты (26км 2 ), Бурабай(10, 5 км 2 ), Зеренді (10, 7км 2 ) және т. б. Вячислав (көлемі 60, 7 км 2 ), Сілетенді (көлемі 36, 3км 2 ) су қоймалары салынған.

Негізгі су пайдаланушылар- Астана қаласы, Щучинск, Степногорск, Ақкөл, Атбасар, Макинск. Магистралды проводтардың қиын жағдайы тасымалдау арқасында судың азаюы байқалуда. Судың азаюы 2004ж 25, 9 млн м 3 , 2005ж- 19, 0 млн м 3 құрды.

Есіл, Нұра, Шағалалы көлдерінің негізгі ластаушылары жаңбыр суымен шайылған минералды және органикалық тыңайтқыштар. Олар судың құрамында азот құрамды заттар: аммиак, нитриттер, нитраттардың көбеюімен сипатталады. Ауылды аймақтарда су айдындары негізгі ауыл шаруашылық және қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануда. Өзендердің негізгі ластаушылары жергілікті жерлер және өнеркәсіп орындары, тыңайтқыштар мен химикатта, ластаушы органикалық заттар және тұрмыстық мусор. Қиын гидроэкологиялық жағдай Щучинск- Бурабайлы курортты зонасында байқалады. Казгидромет мәліметі бойынша Есіл, Нұра көлдері, Үлкен Чебачье және Щучье өзендерінің гидроэкологиялық жағдайы 2005жылы 2004 жылмен салыстырғанда едәуір жақсарды. Негізінен, Есіл көлі Вячеслав суқоймасы, сондай ақ Бурабай, Үлкен Чебачье және Щучье өзендері су сапалығының 2-ші “таза” класына жатады. Жабай, Сары Бұлақ, Ақ Бұлақ, Нұра көлдері және Қопа өзені қалыпты ластанғанға жатады. Берілген гидрообьектілерді сульфаттармен және мұнай өнімдерімен ШРК-ның өсуімен белгіленеді.

Жергілікті аймақтарда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының бұзылуы жер асты және жер беті су көздері есебінен ластануда. Ақмола облысында 38 тазалау құрылғыларының тек қана төрттен бір бөлігі жұмыс істейді.

Ақмола облысында тазалау құрылғылары бар бірнеше ірі кәсіпорындар бар (Степногорс қ., “Джет-7 ЖШС” және “Кродано” ЖШС және “Степногорск кенді- химиялық комбинаты”, “Каз-Сабтон” ЖАҚ, “Биопрепат” АҚ ), тазалау құрылғылары Көкшетау, Степногорск, Щучинск қаларында, Зеренді ауданының айдабұл ауылында бар. Атбасар, шортанды, Макинск, Ақкөл, Төңкеріс, Жамантұз, Научный жергілікті жерлерде тазалау құрылғылары жұмыс істемейді немесе толық көлемде істемейді.

Ақмола облысында шаруашылық ауыз судың 33 жер асты су орындары бар.

Топырақ жамылғысының ластануы Ақмола облысының техногендік ластануымен байланысты. Соңғы жылдары өнеркәсіптің және ауыл шаруашылық ондірісінің көбеюден. 2000ж бері кәсіпорындар, ауылшаруашылық және тұрмыстық қалдықтар саны топырақтың экологиялық жағдайына 21 есе көп әсер етеді. Топырақ жамылғысының ластануына Ақмола облысының территориясындағы Степняск ГУХК, Алексеев доломитті кені, Жолымбет кені, “Джет-7” ЖШС, “Степногорск кенді химиялық комбинаты” ЖШС, ААҚ “ГМК Қазахалтын фабрикасы”, “Каз-Сабтон” ЖАҚ, “Гербицид” ААҚ кәсіпорындар әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапханалары жаңа жағдайда: мәселелері, даму жолдары
Салық салу объектілері
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Мемлекеттік қаржыны қалыптастыруда салықтың рөлі
Ақмола облысының салық департаменті жұмысы негізінде салықтардын түсімін және салықтық бақылаудың ұйымдастыруын талдау
Орама материалдар тарихынан
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Тары бірнеше дақылдарға жақсы алғы дақыл
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz