Ежелгі Қытай мәдениеті туралы ақпарат


Ғаламда мәдениеттер көп болса, соның ең ежелгісі әрі терең білімділік пен мәдени өмірдің үлгісін көрсеткен ертедегі Қытай мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеолгиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерватролық (не кертертпа) және прогресшілдік, бірі - мистикалық, екіншісі - атеистік бағыттар. Алғашқы мареиалистер пікірінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, керісінше, идеалистер пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты. Ертедегі Қытай мәдениетінде конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций біздің заманымыздан бұрын 551-479 жылдар аралығы өмір сүрген. Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір-тіршілігінде конфуций төрт принципті қатаң ұстады: 1) бос қиялға салынбау; 2) «мен білемін» дегендіктен аулақ болу; 3) қасарыстық көрсетпеу; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау. Конфуцийдің 3000 шәкірті болды, олардың 72-сі ерекше жақын, ал 12-сі мәңгі қасында жүрді. Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлеңдер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, «Сұхбат және пікір айту», т. б. ) . Конфуцийдің «Ұлы ұғыну кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған .
Ол үш түрлі байланыстылықты жақтап көрсетеді: а) бастық пен бағынышты; б) әке мен бала; в) ері мен әйелі. Осы үш салада үстемдік ететін - біріншілер. Мақсат - императодың билігін заңдастыру еді. Оның ұстанған жолы: 1) әділеттілік; 2) табиғатты сүю; 3) әдет-ғұрыпты сақтап, сыйлау. Бұл кітаптарда Қытай мәдениеті жинақталған. Мәселен, ол: «Барлық адамдар өздерінің табиғаты жағынан бір-біріне жақын, ал айырмашылықтары тәрбие барысынан туындайды», - дейді. «Жаңаны білу үшін ескіні зерттеу», «Ойлаусыз оқу - бекер іс, оқымай ойлану - бос әрекет» деген болатын. «Өзіңе қаламайтынды басқаға жасама. Сонда мемлекетте қастандық жоғалады, сондай-ақ ол отбасында да болмайды», - деді. Конфуций құрған мәдениетте ескі мен жаңа бірдей, аралса кездеседі. Мәселен, ескі әдет-ғұрыптарды сақтау, патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жастың үлкенді ұдайы тыңдауы, т. б. сияқты әдет-ғұрыптарды дәріптеді. «Мәселен, - дейді ол, - адам өмірі - тағдырдың, ал байлық пен танымды болуы - көк аспаннан». Бүкіл Шығыс мәдениетіне тән пікірді Конфуций де қайталап, «әлемді, адамдарды билеуші - Көк Аспан», - дейді. Конфуций пікірінше, Аспан мен Жер үйлесімде, ал адам осы екеуінің ортасынан шығады. Конфуций философиясында космология, онтология, гносеология, логика проблемелеры қарастырылмайды. Олардың орнына басты назар этикаға, адамгершілік мәселелеріне аударылады. Конфуций іліміне қарама-қарсы Мо-Цзы біздің заманымыздан бұрын 479-400 жылдарда өмір сүрген ұлы философ, ойшыл. Оның пайымдауынша күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс-әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді. Біздің барлық біліміз екі нәрсеге - сезімге (у-лу) және ойлауға (син) байланысты дейді. Таным да көп жағдай ат қоюдан туындайтынын айтады. Мәселен, олар жалпы атау, рулық атау, жеке тау бар дейді. Жеке атау нақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзы-лықтар пікір айту категориясын, былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады. Олар жаугершілік соғысты адам баласына жасалған ұлы қастандық деп қарады. Сонымен қатармузыкаға да «еңбектенуден алаңдатады» деп, қарсы болды.
Иделизм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао-Цзы (VI-Vғғ. ) ілімі дүниеге келді. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын - Көк Аспан емес, Дао. «Дао - заттардың табиғи өну, өсу, өшуі, ол Цзы сустанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, - деді. - Бүкіл әлем сол заңға бағынады». Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи процесіне араласпауы қажет. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзнің жеке басының пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды, - дейді. Лао-Цзының пікірінше, зиян мен сәтсіздік адамның заттардың табиғи тіршілігіне араласуынан. Өйткені олар Дао заңын бұзады деп түсінеді.
Лао-Цзы ілімі - қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол кертартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды, дамуды қолдайды. Ертедегі Қытай мәдениетіндегі тұрпайы материализм өкілі Сюнь-Цзы біздің заманымыздан бұрын 298-238 жылдар аралығы өмір кешкен. Конфуций ілімінің материалистік бағытын қолдады. Ол Көк Аспанды нақты заттар ретінде - жұлдыздар, Күн мен Ай, жыл мезгілдері, жарық пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі құбылыстар белгілі заңдылықпен жүреді, деді. Таным сезімнен басталады, ал сезімді тудыратын - табиғи заңдылықтар. Сана сезімді билейді. Адам табиғатында не жақсы, не жаман қасиеттер жоқ. Олар кейін пайда болады. Ал данышпан адам конфуций дағдысы бойынша жақсы қасиеттерді тәрбиелейді. Конфуций ілімін иделистік бағытта да, материалистік бағытта да дамытқан ойшылдар болды.
Тарихтан белгілі ежелгі Қытайда «Ата-бабаларға» табыну кеңінен орын алған. Осы бір ежеелден қалыптасқан дәстүрдің мзмұны мен түрін өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір Қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тіртіп нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяо» - яғни «Балалар құрметі» ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо» ережелері - ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. «Сяо» тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын «сяоның» ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді.
Қытайдағы түрлі мәдени дәтүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршендігін танытты. Бірақ, конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем болып, Қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай болатын себебі бұл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықты ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуніктер аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса, немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда экокнмикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөтіп өзінің сүреңсіз әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім Қытай қоғамының сан-саласын жан-жақты қамтып қана қоймай, бүкіл Қытай халқының ұлттық мәдениетінің қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар, бұл ілім дінге қарағанда мемлекеттік адамгершілік заңдар жүйесіне өте жақын екендігін ерекше атап көрсеткенді қажет етеді.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында болуы - қытай өнерінің негізгі арнасы болып табылады. Басқаны былай қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мәдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де Шығыс Азия мемлекеттерінде дәл сондай дәрежеге жетті, вьетнамдықтар мен корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иерглифтерін кеңінен пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып келеді. Қытайлықтар иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген. Шығыс мәдениетінде иероглифтер - көркемдік шығармалар моделінің идеалды түрі болып есептеледі. Иероглифтік жазудың ықпалын сәулет өнері, қолданбалы өнер туындыларынан айқын аңғаруға болады. Тіпті табиғаттағы ағаш бұтақтарының өзара орналасуы мен өсімдіктер дүниесінің өзі де қытай иероглифтерін еріксіз еске түсіреді.
Каллиграфиялық белгіні қабылдау - дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылды. қытайлықтар иероглиф белгілердің кллиграфиясына (қалай жазылуына қарай) қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде болғандығын, оның жазған адамның мінез-құлқын анықтайтын болған. Каллиграфияға осынша мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігі - оның пластикалық элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен теңестіру өнер адамдарының байқкмпаздығын, талғампаздығын байқататын сияқты. өйткені мұз айдынындағы билердің өзі де «мұз каллиграфиясына», яғни бишілердің мұз айдынындағы іздері арқылы бағаланады ғой. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты сияқты. Міне, сондықтан да болар еуропалық мәдениет бүгінгі таңда экологиялық апаттың алғашқы зардаптарын бастан кешіру жағдайында дүниені мәдениет пен өнер арқылы басқаша қабылдаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Осы орайда, әсем гүлдер мен құстарға, жұпар иісті шөптер мен жан-жануарлар дүниесіне толы табиғаттың «эстетикалық бағын» сақтап, оның қайталанбас табиғи сұлулығын, әсемдігін одан әрі арттыру, - яғни табиғатты аялау, мәдени дамудың асқаралы міндеті екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Оған дәлел - Қытай елі, Қытай мәдениеті. Қытай - әсем де, нәзік «гүлдер мен құстардың», «шөптер мен жәндіктердің» отаны. Осы бір табиғаттың құдіреті Қытай елінде өнер саласындағы «гүлдер мен құстар» жнрының туындауына қолайлы жағдайлар туғызды. IX ғасырда өмірге келген бұл жанрдың ьасты ерекшелігі - өмірге деген көзқарастың жан-жанқтылығында, табиғат пен өмірдің кез-келген құбылыстарына эстетикалық көзқараспен қарауда, табиғилық пен әсемдікті терең сезіне білуде. Осы аталған қасиеттерді өз бойына сіңірген әрбір адамның шығармашылық тойымсыздығының болуы да осы бір ерекшеліктерге тығыз байланысты болса керек.
Қытай эстетикасынада сурет өнерін бағалауда каллиграфиямен қатар философия ғылымы да ерекше рөл атқарды. «Өнер өнер үшін» деген қағидадан бас тартқан қытай суретшілері өздерінің табиғи дарындылықтарын адам бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді баса көрсетуге бағыттады. Сондықтан да болар, колнфуцийлік-даосистік мәдениеттің ғасырлар бойғы бай тәжірибесі, дәлірек айтқанда, өнердің сан саласы арқылы табиғат сұлулығын жан-жақты көрсетуі арқылы адамдардың бұл өмірге деген шынайы көзқарасын қалыптастыруда ерекше орын алып отыр.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлде басқаша болды. XX ғасырда Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарының рухани және интеллектуалдық жетістіктеріне немқұрайлы, менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Басқаны былай қойғанда, атақты Гегельдің өзі де қытай философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуций жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді». Бұл мәселе төңірегінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Каррьер былай деп жазады: «Әрине, қытайлықтардың еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғалым дәрежесіне көтеріле алмақ емес». Мұндай үзілді-кесілді айтылған пікірлер бізді мынадай ойға жетелейді: білім дегеніміздің өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса білімнің өзі қытай мәдениетінде қандай орын алған? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы тексерілген, ғасыралар ағымында ой елегінен өткізілген өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін «білім жүйесі» мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз байланысты болады. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек? Бұл жайында В. М. Алексеев былай деп жазды: «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой-пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz