Қышқылдық жауынның пайда болу механизмі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР:
1. Қышқылдық жауынның пайда болу механизмі
2. Қышқыл жауын-шашынның зиянды әсері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Қышқылдық жауынның пайда болу механизмі
Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді.
Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70℅. Қышқыл жауынның жаууына көмірқышықыл газы да үлесін қосады. Оның үнемі болуына байланысты жауын-шашынның атмосферадағы рН 5, 6тең болады. Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін рН 2, 2-2, 3 болатын жауын-шашындар тіркелген.
Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, түман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар.
Теріс температура кезеңінің ұзақтығы қышқылдық жауын-шашынның әсер ету ұзақтығын арттырады. Соңғылар біршама дәрежеде аммиакпен нейтралданады. Ал, қоспа топырақтан органикалық заттар, мен басқа да қосылыстардан аммонификатор-микроорганизмдердің көмегімен бөлініп шығуы кемиді.
Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, ФРГ, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән.
Қышқыл жауын-шашын топыраққа, су экожұйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға және т. б. зиянды әсер етеді.
Қышқыл жауын-шашынның зиянды әсері
Қышқыл жауын-шашынның зиянды әсері әсіресе солтүстік және тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда онсыз да қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады. Бұл топырақтарда қышқылдылықты нейтралдайтын (кальции корбанаты, доломит және т. б. ) табиғи қосылыстар болмайды.
Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі болғанымен, онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын-шашындар катионтардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады, редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да, олардан бос күйде улы болыптабылатын, аллюминий бөлініп шығады. Қышқыл жауын-шашын ауыр металдардың (кадмий, қорғасын, сынап) да қозғалғыштығы арттырады. Кейбір жерлерде қышықыл жауын-шашын мен олардың әсер ету өнімдері грунт суларына, одан су қоймаларына және суң құбырына түсіп, ұқбырлардан аллюминий мен басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі. Бұл құбылыстың нәтижесінде ауыз судың сапасы төмендейді.
Су қоймаларына түскен қышқыл жауын-шашын судың қышқылдығы мен кермектігі арттырады. Көпетген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал болады. Су ортасының рН 6-дан төмен болғанда ағзаның өсуі мен дамуыүшін маңызды ферменттер, гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттардаң қызметі тежеледі. рН-тың зиянды әсері негізінен жұмыртқа жасушалары мен жас далаларда байқалады.
Бұл жағдайда өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес, көбеюге мүмкіндік бермеуі арқылы әсер етеді.
Қорытынды
Қышқыл жауын-шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді. Қышқыл жауын-шашын өсімдіктерден биогенді (әсіресе кальций, магний, калий), қанттар, ақуыздар, амин-қышқылдарын ығыстырып, зақымдайды. Олар қорғансыз ұлпаларды зақымдап, ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады. Мұндай әсердің нәтижесінде фитосеноздардың өнімділігі төмендеп, кейде толық жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады. Бұл әсер аллюминий мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады. Бос аллюминий жас тамырларды зақымдайды. Оларға инфекциялардың ену ошақтарынтүзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартаюына әкеледі.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады. Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6жыл) өмір сүруіне, ондағы улы заттардың жиналуына байланысты.
Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады. Олар әдетте ең бірінші болып, экожүйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.
Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары (SO2. NO2) мен озонның бірлескен әсерінен зақымдануына кем көңіл бөлінуде.
Озон негізінен фотохимиялық смогтың өнімі болып табылады. Оның әсерінен хлорофилл тікелей және хлорофилді тотығудан қорғайтын маңызды агент С витаминінің шектен тыс жұмсалуы арқылы бұзылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz