ЕЖЕЛГІ ТАШКЕНТ
1 Кеңес өкіметі кезінде ислам дінімен күресу
2 Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшыларының тарихы

Ислам Қазақ еліне Орта Азия арқылы келді. Әуелі ол Бұхара, Самарқанд, Насаф (Қаршы), Мары, Шаш (Ташкент), Хорезм қалаларына табан тіреп орнықты. Сонан соң бірте-бірте Мауаран¬наһр¬дың шеткі уәлаяты болған Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Жент, Сайрам — Исфиджаб, Тараз, Баласағұнға қадам басты.
Ислам — қала мә¬дениетіне жататындықтан да Бұхара мен Самар¬қанд, Шашта тез өркен жайды. Тамырын тереңге жіберді. Кеңес дәуіріндегі атеизм үстемдік еткен кезде де Ислам дәстүрлері бұл өлкеде онша әлсірей қойған жоқ. Сол себепті де Орта Азия және Қазақ¬стан мұсылмандары діни басқармасының орта¬лығы да тап осы Ташкентте құрылды. Кеңес Үкі¬меті тарқар алдында бірақ Орта Азиядағы түркі республикалары Ташкент қаласын, қаламасын одан енші “алып», бөлініп шықты. Содан бері әркім өз күйін өзі күйттейтін болды. Діни басшы¬лар арасында да қарым-қатынас бола қойған жоқ. Осы жәйт қазірге дейін сақталып келеді.
2000 жылы Діни басқармаға біз басшылыққа келгелі Өзбекстан мұсылмандары діни басқарма¬сы¬ның төрағасы, Бас мүфти Әбдірашид қари Баһрамов кездескен сайын ол Ташкентке келіп қайтуды, достық байланысты жалғастыруды, діни мәселелер жайлы ақылдасып тұруды еске салып жүруші еді. Соны қаперге ала келе, орайы келгенде діні мен діни жолы бір, тілі мен әдет-ғұрпы да жа¬қын, әрі миллионнан астам қандастарымыз тұратын тарихи тамыры ор¬тақ бауырлас елге барып, діні¬міздің кешегісі мен бүгі¬ні, хал-жағдайы, мұсылман бауырла¬рымыз¬дың тіршілік ты¬нысымен жақынырақ та¬нысу үшін наурыз мейрамы өте салы¬сымен жолға шық¬тық.
Алматыда қар енді кете бас¬таса, Ташкентте көктем шығып қалыпты. Тәуелсіз¬дік Өзбекстан астанасына да өзінің игі әсерін тигізген. Жа¬ңа мұражай, отельдер, әде¬мі ғимараттар бой түзей бастапты. Қала ортасында бұрын Ленин ескерткіші тұрушы еді, қазір ол Әмір Темірге орын босатыпты.
Әбдірашид бауырымыз бізді жылы қарсы алды. Діни басқармадағы ресми және өзге де діни орта-лықтардағы бейресми кездесулерде қонақжайлы¬лық көрсетіп бақты. Өзбекстан астанасындағы діни орындарды емін-еркін аралауға, дін қызметкерлері¬мен кездесіп сұхбаттасуға жағдай жасады. Әуелі Діни басқарманың тарихын, оның басында тұрып сонау тоталитарлық жүйе кезінде иманнан аттамай, ел мүддесі мен дін мүдделерін қатар ұстаған, бүгінде пәниден бақиға көшкен асыл азаматтар құрметпен еске алынды.

Ежелгі Ташкентте
Ислам Қазақ еліне Орта Азия арқылы келді. Әуелі ол Бұхара, Самарқанд, Насаф
(Қаршы), Мары, Шаш (Ташкент), Хорезм қалаларына табан тіреп орнықты. Сонан
соң бірте-бірте Мауараннаһрдың шеткі уәлаяты болған Отырар, Түркістан,
Сауран, Сығанақ, Жент, Сайрам — Исфиджаб, Тараз, Баласағұнға қадам басты.
Ислам — қала мәдениетіне жататындықтан да Бұхара мен Самарқанд, Шашта тез
өркен жайды. Тамырын тереңге жіберді. Кеңес дәуіріндегі атеизм үстемдік
еткен кезде де Ислам дәстүрлері бұл өлкеде онша әлсірей қойған жоқ. Сол
себепті де Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
орталығы да тап осы Ташкентте құрылды. Кеңес Үкіметі тарқар алдында бірақ
Орта Азиядағы түркі республикалары Ташкент қаласын, қаламасын одан енші
“алып, бөлініп шықты. Содан бері әркім өз күйін өзі күйттейтін болды. Діни
басшылар арасында да қарым-қатынас бола қойған жоқ. Осы жәйт қазірге дейін
сақталып келеді.
2000 жылы Діни басқармаға біз басшылыққа келгелі Өзбекстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбдірашид қари Баһрамов кездескен
сайын ол Ташкентке келіп қайтуды, достық байланысты жалғастыруды, діни
мәселелер жайлы ақылдасып тұруды еске салып жүруші еді. Соны қаперге ала
келе, орайы келгенде діні мен діни жолы бір, тілі мен әдет-ғұрпы да жақын,
әрі миллионнан астам қандастарымыз тұратын тарихи тамыры ортақ бауырлас
елге барып, дініміздің кешегісі мен бүгіні, хал-жағдайы, мұсылман
бауырларымыздың тіршілік тынысымен жақынырақ танысу үшін наурыз мейрамы өте
салысымен жолға шықтық.
Алматыда қар енді кете бастаса, Ташкентте көктем шығып қалыпты. Тәуелсіздік
Өзбекстан астанасына да өзінің игі әсерін тигізген. Жаңа мұражай, отельдер,
әдемі ғимараттар бой түзей бастапты. Қала ортасында бұрын Ленин ескерткіші
тұрушы еді, қазір ол Әмір Темірге орын босатыпты.
Әбдірашид бауырымыз бізді жылы қарсы алды. Діни басқармадағы ресми және
өзге де діни орталықтардағы бейресми кездесулерде қонақжайлылық көрсетіп
бақты. Өзбекстан астанасындағы діни орындарды емін-еркін аралауға, дін
қызметкерлерімен кездесіп сұхбаттасуға жағдай жасады. Әуелі Діни
басқарманың тарихын, оның басында тұрып сонау тоталитарлық жүйе кезінде
иманнан аттамай, ел мүддесі мен дін мүдделерін қатар ұстаған, бүгінде
пәниден бақиға көшкен асыл азаматтар құрметпен еске алынды.
Кеңес өкіметі кезінде ислам дінімен күресу атеизмнің ең маңызды
міндеттерінің бірі еді. Олар ислам діні мен оның ғұламаларын жалған
идеология мен отарлау саясатын жүргізуде бөгет болатын басты кедергі деп
білді. Сол себепті қолда бар барлық айла-тәсілдерді пайдалана отырып,
мүмкіндігінше ислам діні мен оның қызметкерлеріне жала жауып қара күйе
жағуға, жұртты ата дінінен бездіруге тырысты.
1924 жылы барлық мешіттер мен медреселер жабылды. Қолдан ұйымдастырылған
жалған жаламен ислам қайраткерлері, дін ғұламалары абақтыларға қамалды, жер
аударылды. Жан сауғалаған кейбіреулер шетелдерге кетуге мәжбүр болды.
Жүздеген жылдар бойы жиналған қолжазбалар мен діни кітаптар өртелді, суға
тасталды, жерге көмілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда діни кітаптар
Өзбекстандағы Ұратөбе кірпіш зауыты отынының қызметін бір ай бойы атқарған.
Құранды оқу ғана емес, оны үйде сақтаудың өзі де қылмысқа баланды. 30 жылға
созылған сталиндік жеке басқа табыну мұсылмандар үшін нағыз қасірет болды.
Атеистік насихат өзге де мұсылмандар сияқты біздің халықты да тек
экономикалық қана емес, сондай-ақ рухани да күйзеліске ұшыратты. Халықтың
моральдық-психологиялық рухы барынша тапталды. Елді осындай рухани аштық
жайлаған кезде екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Кеңес өкіметі амалсыз
өзге де діндерге секілді мұсылмандарға да аз да болса діни бостандық беруге
мәжбүр болды.
Сталин егер жау Еділден өтіп кетсе, өзі қасіретке ұшыратқан Орта Азия халқы
немістерді қолдап кете ме деп сескенгендіктен де дінге еркіндік беріп, діни
басқарма құруға келісті. Бұлай етуге тағы бір себеп — соғыс кезінде КСРО
одақтастарынан екінші майдан ашуды жеделдетуді өтініп жатты. АҚШ бірақ
кешеуілдете берді. Екінші майдан ашу үшін елге діни сенім-наным бостандығын
беруді талап етті деген де деректер жоқ емес.
Сонымен 1943 жылы Ташкентте Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының
құрылтайы ұйымдастырылып, Діни басқарма құрылды. Оған бес республикадан
мұсылмандардың 160 өкілі қатысты.
Құрылтайда 11 адамнан тұратын төралқа және 5 кісілік ревизиялық комиссия
сайланды. Оның жұмысына елімізден Қазақстан делегациясын Алматы қаласының
имамы Абд әл-афур Шамсутдинов бастап барған.
Құрылтай Орта Азиядағы әрбір республикада қазият құрды. Қази Діни
басқарманың жергілікті жердегі өкілі саналды. Қазақстанның қазиі әрі өкілі
болып Абд әл-аффар Шамсутдинов сайланды. Осы ретте бұл адам туралы да айта
кетейік. Абд әл-аффар туралы мәліметтер жоқтың қасы. Ұрпақтары да белгісіз.
Сол себепті ол кісі туралы деректерді Қазақстан Республикасының мұрағатынан
іздеуге тура келді.
Ол 1884 жылы Өскеменде туған екен. Қазан медресесінде оқып, діни білім
алған. Абд әл-аффар Құран Кәрімді жатқа білген, көзі ашық, көкірегі ояу
азамат еді. Атеизм үстемдік еткен қоғамда өмір сүрсе де ислам дінінің асыл
құндылықтарын насихаттап, халық жүрегінде имандылықтың орнығуына үлес
қосты. Республиканың түрлі облыстарын аралап, мешіттер ахуалымен танысып,
имам, молдаларға ақыл-кеңес беріп, жұмысын қадағалап отырды. Қатты науқасқа
шалдыққан ол 1952 жылы өз орнына Сәдуақас ылманиді қази етіп бекіттірді де,
1953 жылы маусым айында Алматыда қайтыс болды.
Ташкент құрылтайы сонымен Бас мүфти етіп белгілі ислам ғұламаларының бірі
83 жасар Ишан Бабахан Абд әл-Мажидханұлын сайлады. Діни басқарма Ташкенттің
ескі шаһар махаллаларының біріндегі ХҮ-ХҮІ ғасырда салынған Барақхан
медресесін өзіне кеңсе етті.
Ишан Бабахан 1976 жылы қайтыс болған соң мүфти болып оның ісін 1908 жылы
Ташкентте туған баласы Зияуддин Бабаханов жалғастырды. Ол да үлкен
ғұламалар қатарына жататын. 12 жасында қасиетті Құранды жаттап алған
Зияуддиннің де ел ішінде беделі жоғары-ды. Содан ол 1982 жылы қайтыс
болғанға дейін осы қызметті абыроймен атқарды.
Осы бір тарихи кісімен кездескенім есімнен кетпейді. Ұмытпасам 1982 жылдың
жазы болатын. Телефон безектеп қоя берді. Шамсутдин Зияуддинұлы Бабаханов
екен.
— Иә, тыңдап тұрмын, Шамсутдин. Амандық па? Ташкенттен бе? — деймін.
— Жоқ, Алматыдамын.
— Қош келіпсің.
— Әкем Зияуддин науқас. Алматыда көз аурулары институтында лазермен
емдейтін профессор бар деп есіттім. Соған жолықтыра аласың ба?
Ол атақты бір профессордың атын атады.
— Әрине.
Шамсутдин әкесі екеуі “Отырар мейманханасына тоқтаған екен. Бардым.
— Жүр, әкеме айтып қойып ем. Таныстырайын, — деді ол.
Зияуддин қари төсекте жатыр екен. Көзі жұмулы. Біз барған соң басын
көтерді.
— Әке, мына алматылық жігіт — досым. Шығыстанушы ғалым. Мәскеуде бірге
оқыдық. Сізге сәлем берейін де келіп тұр, — деді ол. Мен ақсақалмен
сәлемдестім. Қолы жұп-жұмсақ, алақаны жып-жылы екен.
— Досым дейсің бе? — деп ол қайта сұрады.
— Иә, әке, досым!
— Онда қолыңды жай, балам. Бата берейін, — деді Зияуддин қари.
Екеуміз де қолымызды жайдық. Ол кісі жүректен шыққан сөзін айтып бата
берді.
Содан қариды өздері сұраған дәрігерге апардым. Ол қарап шығып: “Өте кеш
келіпсіздер, — деді. Содан олар бірер күннен соң Ташкентке қайтып кетті.
Арада 3 айдай өткен соң Зияуддин қари қайтыс болды.
Әкесінің орнына содан үшінші мүфти болып 1937 жылы туған, баласы аталмыш
Шамсутдин Бабаханов сайланды. Ол 1959 жылы Ташкент шет тілдер институтын
бітірген-ді. 1962-1966 жылдары Каирдегі Әл-Азһар университетінде дәріс
алды. Мен 1969 жылдың аяғында Мәскеуге Шығыстану институтына оқуға
барғанда, ол осы институтта тіл білімі бөлімінде профессор Ю. Н.
Завадовскийдің біліккері еді. 1973 жылы кандидаттық диссертация қорғаған
соң Шамсутдин Ташкентке қайтып кетті.
Мәскеуде жүргенде онымен достық қатынаста болып, аралас-құралас тұрдық. Өте
парасатты, ақылды, сабырлы жігіт-тін. Шамсутдин содан 1976-1982 жылдары
Имам әл-Бұхари атындағы Ташкент Ислам институтының ректоры болды. Жоғарыда
айтылғандай 1982 жылы мүфти болып сайланған соң, осы қызметті ол 7 жыл
атқарды. 1989 жылы оны дін басшысына лайық болмады деген себеппен Діни
басқармадан кетірді. Содан ол 1994 жылға дейін Ташкент Шығыстану
институтында аға ғылыми қызметкер боп істеді. 1994 жылдан 2001 жылға дейін
Египет Араб Республикасында, 2001-2003 жылдары Өзбекстанның Сауд Арабиясы
Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Риядта дипломатиялық
қызметте жүргенде онымен бірнеше рет кездестім. Онда да сыйлас болдық.
Шамсутдиннің денсаулығына байланысты еліне қайтып оралған соң 2003 жылы
Ташкентте қайтыс болғанын осы сапарда естідім.
Төртінші мүфти 1952 жылы Әндіжан уәлаятында туылған Мұхаммед Садық Мұхаммед
Юсуф еді. Ол Бұхарада Мир Араб медресесін, Ташкенттегі Имам әл-Бұхари
атындағы Ислам институтын бітірген. “Совет шарқи мусулманлари журналында
қызмет істеген, Либиядағы университетте оқыған. Сонан соң Діни басқарманың
халықаралық қатынас бөлімін басқарған-ды. Шамсутдин қызметтен кетірілген
соң кезекті құрылтайда Бас мүфти болып осы кісі сайланды. Оны ол 1993 жылға
дейін атқарды. Ол да бірақ бұл қызметтен дау-дамаймен кетті.
Бесінші мүфти 1928 жылы Қоқанда туған Мухтаржан Абдулла Бухари еді. Ол
Бұхарадағы Мир Араб, Ташкенттегі Баракхан медресесін, Дамаск
университетінің шариғат факультетін бітірген екен. 1958-1991 жылдары Мир
Араб медресесінде ұстаз, 1984-1988 жылдары Ташкенттің Имам әл-Бұхари
институтында шетелдік студенттерге дәріс берген. 1991-1993 жылдары Бұхара
уәлаятындағы хазіреті Баһа ад-Дин Нақшбанди мешітінің Бас имамы, 1993
жылдан 1997 жылға дейін Бас мүфти болды.
1997 жылы Діни басқарма тізгіні 1953 жылы Әндіжан шаһарында туған, қазіргі
Бас мүфти Әбдірашид Бахрамовқа тиді. Ол 1975-1979 жылдары Бұхарадағы Мир
Араб медресесін тәмамдаған соң, Ташкенттегі Имам әл-Бұхари Ислам
институтына түсіп, бітіргеннен кейін сонда ұстаз, Ташкенттегі Тилла шейх
мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.
Міне Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшыларының
тарихы осындай. Осы мәселелерді еске алдық. Құрылтайдан соң Кеңес өкіметі
әрбір республиканың ірі қалаларында бір-бір мешіттен ашуға рұқсат етті.
Бірақ онда жұмыс істей алатын имамдар жоқтың қасы еді. Сол себепті көптеген
өтініштерге орай 1945 жылы Бұхарадағы Мир Араб медресесін қайта ашуға
рұқсат етілді. Ол мемлекеттің қатаң қадағалауымен жұмыс істеді. Тіпті мешіт
жанынан дәрісхана ашу үшін де Мәскеудің рұқсаты керек болатын.
Әбдірашид қари Діни басқарманың атқарып жатқан қызметі туралы әңгімеледі.
Шығарып жатқан кітаптары, журналдарын көрсетті. Діни басқарма құрылымымен
таныстырды Мүфтият төралқа, ғұламалар кеңесі, мүфти және оның орынбасары,
кеңесші, жауапты хатшы, бас есепші, заңгер, шаруашылық бөлімінен тұрады.
Оның құрамында сондай-ақ халықаралық бөлім, білім және кадрлар даярлау,
мұхтасиб (ревизия), мешіттер мен пәтуа бөлімі, кітапхана, “Мауараннаһр
баспасы, “Һидая журналы мен “Ислам нұры газетінің редакциясы секілді
бөлімдер де бар.
— Кешіріңіздер, жылт еткен жетістіктер, ғибрат алар тұстар мен кемшіліктер
бар деп тапсаңыздар айтыңыздар. Тәжірибе бөлісейік. Ташкент қана емес,
сіздер үшін еліміздің Самарқанд, Бұхарадағы діни, тарихи жерлерін де
көрсетуге әзірміз, — дейді Діни басқарма басшылығы.
Осы уақытқа дейін Самарқанд пен Бұхараны көрудің бір реті келмей жүр еді,
дұрыс болды деймін іштей қуанып. Әрине, бізді қызықтырған осы аталмыш
шаһарлардағы тарихи жәдігерліктер мен іргетасы ежелден қалыптасып, күні
бүгінге дейін мұсылмандарға игі қызмет етіп келе жатқан діни оқу орындары
еді. Оларда кезінде Қазақстан азаматтары да оқығаны жадымызда.
Әуелі біз Ташкенттегі Имам әл-Бұхари атындағы Ислам институтына бардық. Ол
Діни басқарма жанында, яғни ескі қалада екен. Институт 1971 жылы ашылған.
Ол сол кездегі Кеңес Одағындағы жалғыз діни оқу орны болатын. Мақсат —
Ислам діні кадрларын даярлау-ды. Онда тек Орта Азия республикалары ғана
емес, Әзірбайжан, Кавказ, Татарстан, Ауғанстан, Йемен, Вьетнам, Болгариядан
да талабалар діни білім алыпты. Оқу орнына әр жылдары Асрарқұл Мәуленқұлов,
Шамсутдин Бабаханов, Исмаил Махдум Соттиев, Шоикром Шоисмаилов, Әбутураб
Юнусов, Юсуфхан Шакиров, Әбдуғани Абдуллаев, Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф,
Латмор Жұман, Баһадир Муртаза, ұламқадир Мырза Якубов секілді ұстаздар
басшылық жасап, сабақ берген.
Институт 1998 жылы қайта тіркеліп, Үкімет жанындағы Дін істері комитетінен
арнайы лицензия алған. Оқу орнының бірінші ректоры Асрарқұл Мәуленқұлов
институттың аяғынан тұрып кетуіне үлкен қызмет атқарыпты. Институтта
студенттер 10-15-тен бөлімдерге бөлініп, дәріс алуда. Оқу орнының дін
негізі және Ислам құқықтануы һәм тарих секілді екі факультет бар. Оған:
діни пәндер, әлеуметтік-гуманитарлық, шет тілдер кафедралары қызмет етеді.
Әуелгі жылдары мұнда 20-ақ студент оқыған. Қазір 200-ден астам талабалар
тағлым алуда. Студенттермен әңгімелестік. Бәрі өз қалауларымен дін
мамандығын таңдағандықтарын айтады. Бұрын мұнда қазақстандықтар да болған.
Діни басқарма бөлініп кеткелі келмейтін болды дейді институт ұстаздары. Оқу
орнының жақсы жабдықталған бай кітапханасы бар екен.
Мұндағы көз қарашығындай сақталып келе жатқан дүние — Усман халифа заманына
жататын қасиетті Құран қолжазбасының бір нұсқасы. Оны келіп көрушілер өте
көп көрінеді. Өйткені оның өзіндік тарихы бар. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен
(с.ғ.с.) кейінгі халифа рашиддиндердің бірі Усман халифа заманында Құран
Кәрімнің алты нұсқасы жазылып, алты қалаға жіберілген. Біреуі Басраға,
екіншісі Куфаға, үшіншісі Шамға, төртіншісі Мекке мүкаррамаға, бесіншісі
Медине халқына жіберіліп, алтыншысы Осман халифа хазреттің өз құзырында
қалады. Хазреті Осман Құранның осы алтыншы нұсқасы үстіне шейіт болып,
мүбәрәк қандары: “Ал сені олардан құтқаруға Құдайдың құдіреті жетеді. Ол
бәрін естіп, біліп тұр (“Бақара сүресі, 137-аят) деген аят үстіне
төгілген деген риуаят мәлім.
Құранды өз заманында Қожа Убайдулла Ахрар (1404-1490) Румнан (Түркия) алып
келген көрінеді. Ол 353 парақтың екі бетіне, яғни 706 бетке жазылған.
Парақтардың биіктігі 68 см, ені 53 см. Жоғалған, шіріген парақтар орнына
жай қағаздан жасалған 69 бет қосылған.
Киік терісіне жазылған бұл мұсхаф содан Нәдір Дуанбегі Тоғо медресесінің
арнайы бір хұжрасында ұзақ уақыт сақталыпты. Медресе Қожа Ахрар мешіті
жанында еді. Ол сопы ілімінің ғалымы, ұлы шейхтардың бірі, әрі Нақышбанди
тариқаты хәлпелерінен-тін. Бұл нұсқа адамдарға тек мерекелерде ғана
көрсетілетін.
Мұсхаф Шейх Убайдулла Ахрар және ол кісінің ұрпақтары мен сол замандағы
әміршілер қарауында болды. Бұл жағдай Ресей Самарқандты басып алғанға, яғни
1868 жылға дейін жалғасты. Отаршылар Қасиетті Құран нұсқасы жайлы
естігеннен соң Ислам әлемінде бұл жәдігердің үлкен орны бар екендігін
түсініп, оны Петербургқа алып кету жолын қарастырады. 1869 жылы Зарафшан
аймағының әкімі генерал Абрамов Ташкенттегі Түркістан генерал-губернаторы
Фон Кауфманға хат жолдап: “Самарқанд мешіттерінің бірінде куфилік әріпте
жазылған, әрі мұсылмандар арасында ұлық дәрежелі ескі Құран Кәрім бар.
Жергілікті ғұламалар оны Бұхараға алып кетуге әзірлік жасауда, — деп
жазады. Істің алдын алу мақсатын көздеген ол подполковник Серовқа Құранды
тез арада Қожа Ахрар мешітіне қайтаруды бұйырады. Құран Кәрімнің негізгі
нұсқасын қолға түсірмек болған бұл тапсырма төңірегінде орыс шенеуніктері
мұсылмандарға: “Бұл сирек кездесетін кітаптың мән-маңызы өте үлкен.
Естуімізше, мұсхаф — қымбат жәдігер. Бұл жерде оны ешкім оқи алмаса,
қадіріне жетпесе, онда оның жоғалып кетуі әбден мүмкін. Ал егер ол Ресей
астанасы Петербургтегі императордың кітапханасына өткізілсе, ол жерде
сақтап қалу жолдары қарастырылған, — деп түсіндіреді. Кейін Самарқанд
ғұламаларынан шейх Абдужалил және молда Яхия Қожа мүфти бұл істің дұрыс
екендігі жайлы пәтуә дайындайды. Подполковник Серов генерал Абрамовқа
жазған баяндауында: “Құран мешітте тұрғанмен мешіттің мүлкі емес,
әмірлердің қазынасынан алынған. Егерде сіздерге керек болса, біз оны өз
еркімізбен тапсырамыз, — дейді. Сонан соң генерал Абрамов Серовқа тапсырма
беріп, мұсхафты Ташкентке, генерал-губернаторға алдырады. Генерал Абрамов
Самарқанд мешітіндегі шейхтарға 100 орыс рублі шамасында ақша берген деген
де деректер жоқ емес. Генерал Фон Кауфман Құранды мешіт шейхтарының өз
еркімен бергендіктері жайлы тағы да қолхат жаздырып, мұсхафтың император
кітапханасына өткізілгендігін куәландыратын қолхат жазуға бұйырады. Сөйтіп,
құжатқа төрт кісі қол қойған. Бұл жәйт 1868 жылы 24 қазанда болған екен.
Құран содан Петербург кітапханасында 1917 жылға дейін сақталған. 1917 жылы
ақпан төңкерісінен кейін император кітапханасындағы Құранды зорлықпен болса
да алу үшін Преобреженский полкіндегі бір топ мұсылмандар әрекет етеді.
Бірақ мұнан хабар алған үкімет орындары бұл шараны болдырмай тастайды. 1917
жылдың қазан төңкерісінен кейін Петербургта құрылған жергілікті Ислам
шурасы мұсхаф мәселесін қайта көтеріп Ленин атына талап хат жолдайды. Ленин
Құранды мұсылмандарға қайтару туралы қол қойып қаулы шығартады. Содан Құран
Кәрім Петербургтен арнайы пойызбен және әскери күзетпен Уфадағы Ресей
мұсылмандарының орталық басқармасына өткізіледі. Мұсхаф Уфа Діни
басқармасында 1924 жылға дейін сақталған. Сол кездегі Өзбекстандағы дін
жетекшілерінен Шейхул Ислам Төрехан Махдум Қоқандий және басқалар Уфа Діни
басқармасына Осман мұсхафын Өзбекстанға қайтару жайлы хаттар жолдайды. Ал
Уфа Діни басқармасы ондай ниетін білдірмегеннен кейін Төрехан Махдум
Мәскеу, Ленинград қалаларына барып, екі ай дегенде Ленинмен кездесіп,
мұсхафты Өзбекстанға алып кету қажеттігін айтып түсіндіреді. Сөйтіп
жүргенде Уфа қаласында құрылтай өтеді. Түркістандағы тарихи мұражайлар және
ескі жәдігерлер ісі бойынша құрылған комитет 1922 жылы 18 ақпандағы
қарарына сәйкес сол жылдың 15 наурызында Кеңес өкіметіне мұсхафты Түркістан
өлкесіне қайтару жайлы талап етеді. Сондай-ақ Осман мұсхафын Түркістанға
қайтару жайлы 1923 жылы 25 маусымда Жоғарғы Кеңестің шешімі шығады. Уфа
Діни басқармасы оған өз разылығын білдіреді. 1924 жылы тамыз айында Ислам
жамағатының жетекшісі Шейх Мұхаммед Қожа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz