Қазақ халқының салт дәстүрі



1 Ай санау.
2 Артынан топырақ шашу
3 Ат майы
4 Ат тергеу
5 Деңгене
«Жылым - қой, жұлдызым - июль» (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де оны «ай санау» - деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр. Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген.
Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол «Жұлдыз, ай» деп аталады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен өзгерістері де жиі болады. Халық оны «ай амалдары» немесе «амал» деп атап, желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап отырған.
Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтар қыркүйек, тамыз, желтоқсан, мамыр т.б. ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным сенімдер, мақал мәтелдер қалдырған. Мысалы « сәуір болмай - тәуір болмас», «қараша - қауыс, кәрі құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», « сүмбіле туса - су суыр».

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ай санау.

Жылым - қой, жұлдызым - июль (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де
оны ай санау - деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр. Әр айдың
атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт
санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық
жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген.
Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол
Жұлдыз, ай деп аталады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі
айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен
өзгерістері де жиі болады. Халық оны ай амалдары немесе амал деп атап,
желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін
халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап
отырған.
Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтар қыркүйек, тамыз,
желтоқсан, мамыр т.б. ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай
келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным сенімдер, мақал мәтелдер
қалдырған. Мысалы сәуір болмай - тәуір болмас, қараша - қауыс, кәрі
құртаңды тауыс, күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады,
сүмбіле туса - су суыр.

Артынан топырақ шашу

Артынан топырақ шашу (дәстүр). Кесепатты адамның артынан бір уыс топырақ
шашу – пәле-жаланы аластау (Ана тілі газетінен). Халықта ел қатты жек
көрген қылмыскерлер мен опасыздарға, қарғыс алғандарға немесе өзі кінәлі
бола тұра ел-жұртын кінәлап ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқандарға әбден
көңілі қалып, қаны қарайған кездерде көпшілік олардың артынан топырақ
шашатын әдеті бар. Бұл - әрі жаза, әрі қараң батсын деген қарғыстың,
енді көзге көрінбе деген аса қатты айыптаудың ауыр сабағы. Мұндай
адамдардың елі атын атамаған, есімін еске алмаған.

Ат майы

Ат майы (дәстүр). Ат майы қайтты. Тигені ала бие (І.Жансүгіров). Халық
дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның
мұң мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы,
тұрмысы нашар, жоқ жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып
отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен
ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп ат майын
сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды
деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат
сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін
қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.

Ат тергеу

Ат тергеу (дәстүр) – Тентегім, сен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
Ағылшындар мен қазақ халқының мерекелері
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Абай жолы романындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
Қазақ баспасөзіндегі рухани құндылықтар мәселесі
Менің елім – Қазақтан
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Пәндер