Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Сөйлеудегі «жанды тілдің» өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған, қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере алатын тіл болып табылады. «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» [1, 10 б.]. Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында жинақталған. Мәтін – сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты зерттеу аса қажет. Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени, мәтінді оқытуға қатысты зерттеулерге тірек болатыны анық.
1 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208-б.
2 Тураева З.Я. Лингвистика текста. – Москва: Просвещение, 1986. –
107 с.
3 Болотнова Н.С. Основы теории текста. – Томск: Издательство Томского университета, 1999. – 205 с.
4 Бабенко Л.Г., Васильева И.Е., Казарин Ю.В. Лингвистический анализ художественного текста. – Екатеринбург: Деловая книга, 2000. – 345 с.
5 Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 613-б.
6 Мұстафина С.С. Текстообразующие средства казахского языка. Автореф. канд. филол. наук. – Алматы: Институт Языкознания имени
А. Байтурсынова, 1986. – 24 с.
7 Құнанбаева С.С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореф. дисс. докт. фил. наук. – Алматы: Институт Языкознания имени А. Байтурсынова, 1991. – 43 с.
8 Шалабай Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім, 1994. – 124-б.
9 Лосева Л.М. Как строится текст. – Москва: Просвещение, 1980. – 94 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122’38
Қолжазба құқығында

МАРЕТБАЕВА МАРИНА ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ

Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты

10.02.02 – Қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының
докторы,
профессор Б. Шалабай

Ресми оппоненттері: филология ғылымдарының

докторы,
доцент Г.М.Әжімжанова

филология
ғылымдарының
кандидаты
Б. Қапалбеков

Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия
ұлттық
университеті

Диссертация 2008 жылы 20 қазан күні сағат 14 -де Абай
атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде филология,
педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру
жөніндегі
Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 215a-кабинет.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2008 жылы 19 қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Г. Қосымова

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөйлеудегі жанды тілдің өзіне тән
болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап артып
келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене
араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған,
қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып
табылады. Шынайы тіл тілдік қарым-қатынастың барлық түрлері арқылы жүзеге
аса алатын, эмоциялық көңіл-күй сезімдер, ақиқат өмір туралы ақпарат бере
алатын тіл болып табылады. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша,
қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау [1,
10 б.]. Тілдің мұндай қызметтері туралы ақпараттың барлығы мәтін бойында
жинақталған. Мәтін – сөйлеу барысында қалыптасып, сұрыпталған, тұрақталған
айрықша типтік сигналдардың жиынтығы болып табылады. Оған айрықша форма мен
композиция, құрылым тән болып келеді. Адамзат баласы мәтіннің өзіне тән
болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері ұмтылып келе жатса да, оның
бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан тұстары әлі де көп. Бұл
бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мәтіні лингвистикасы жас болса да
біраз тәжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде соңғы он жылдағы
зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа салаларының пайда
болып жатқан кезеңінде қазақ мәтіні лингвистикасы мәселелерін жан-жақты
зерттеу аса қажет. Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық,
когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық,
тілдік-мәдени, мәтінді оқытуға қатысты зерттеулерге тірек болатыны анық.
Мәтін лингвистикасында зерттеуді аса қажет ететін маңызды мәселелердің
бірі – әңгімелеу мәтінінің тілдік және стилистикалық ерекшелігін таныту.
Әңгімелеу – тұтасым, байласым және мағыналық аяқталғандық, ақпарат беру
категорияларына ие композициялық-сөйлеу формаларының бірі. Шығарма мазмұнын
құраушы бірлік ретінде әңгімелеу мәтіні өз бойына қатысымдық, логика-
семантикалық, психолингвистикалық, құрылымдық-композициялық қасиет-
сапаларды жинақтаған категория. Әңгімелеу мәтінінің өзіне тән табиғаты
жалпы мәтін мәселелері аясында айтылып жүргенмен, арнайы зерттеу нысанына
айнала қойған жоқ. Осы орайда зерттеу жұмысының қажеттілігі және
өзектілігі көрінеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, сонымен қатар,
әңгімелеу мәтінінің көркем прозалық шығармалардағы қолданысын,
стилистикасын зерттеуге бағытталуымен ерекшеленеді. Әңгімелеу мәтінінің
сөйлеу композициясы тұтастығындағы қызметі мен жүзеге асу тетіктерін
анықтауымен өзекті болып табылады. Аталған мәселелер қазақ мәтін
теориясының толыға түсуіне үлес қосады.
Зерттеудің мақсаты көркем мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің бірі
ретінде әңгімелеу мәтінінің құрылымдық-стилистикалық ерекшелігін анықтау
болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысы өз алдына мынадай
міндеттерді шешуді көздеді:
- әңгімелеу мәтінін зерттеуге тірек болатын теориялық тұғырларды
анықтау;
- мәтіннің коммуникативтік, тілдік және көркемдік ерекшеліктерін негізге
ала отырып, әңгімелеу мәтінінің тұтас мәтін жүйесіндегі орнын және
қызметін, мәтін түрлерімен арақатынасын белгілеу;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ақпараттық-мазмұндық,
композициялық және стилистикалық тұрғыдан ұйымдасу ерекшелігін анықтау;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы мағыналық-тақырыптық
түрлерін анықтап, олардың лексика-семантикалық сипатын айқындау;
- әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің нысанына қазақ көркем прозасындағы әңгімелеу мәтіні және
оның құрылымдық-стилистикалық ерекшелігі алынды.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста мәтін лингвистикасына арналған
зерттеулердегі ой-пікірлерді түсіндіру, жинақтау, салыстыру, талдау,
топтастыру, жүйелеу, сипаттау, эксперимент, модельдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу материалдары ретінде 3000-ға жуық монологтық сөйлеу түріндегі
мәтіндері таза және өзге мәтінтүзуші мүшелермен аралас қолданылған
түрде көркем шығармалардан алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде ХХ ғасыр қазақ көркем
прозасының көрнекті өкілдерінің шығармалары алынды.
Зерттеудің теориялық-әдістанымдық негізін мәтін лингвистикасы, мәтін
стилистикасы мен прагмастилистикасы, психолингвистика, тіл білімінің
жекелеген мәселелерін зерттеуші А.Байтұрсынұлы, В.В.Виноградов,
В.В.Одинцов, И.Р.Гальперин, Г.Я.Солганик, О.А.Нечаева, И.О.Москальская,
Г.А.Золотова, Л.С.Выготский, М.М.Мұқанов, М.Жинкин, А.Р.Лурия,
Е.А.Реферовская, И.Я.Чернухина, М.П.Брандес, О.Н.Гришина, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Е.Н.Жанпейісов,
С.С.Құнанбаева, Б.Шалабай, Ж.А.Жақыпов, С.С.Мұстафина, З.Ш.Ерназарова,
Г.М.Әзімжанова, Ж.Т.Қайшығұлова сынды қазақ және шетел тіл білімі
ғалымдарының мәтін теориясына, мәтіннің психологиясына, сөйлеу әрекеті
теориясына, көркем проза тілі, көркемдік даралық мәселелеріне қатысты
айтқан ой-пікірлері құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған көркем әдебиет
стиліндегі әңгімелеу мәтіні мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылды;
- әңгімелеудің көркем шығарма мәтінін құраушы бірлік
болып
саналатыны әрі аяқталған мағыналық тұтастық екендігі дәлелденді;
-әңгімелеу мәтіні ақпараттық-мазмұндық жағынан белгілі бір қатысымдық
бағыт-бағдары бар, соған сәкес құрылымдық және композициялық ерекшелігі,
өзге мәтін түрлеріне ұқсамайтын мәтін түрі екендігі ғылыми-теориялық
тұрғыда негізделді;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық ерекшелігі және олардың қызметі
анықталды;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы қолданысы, көркем шығарманың
стилистикалық композициясын, эстетикалық тұтастығын жасауға қатысы
талданды;
- әңгімелеу мәтінінің субъективтік және объективтік уақытқа қатысты
тақырыптық-мағыналық түрлері анықталды.
Зерттеудің теориялық мәні. Мәтіннің бір түрі әңгімелеуді зерттеу
барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар көркем мәтіннің құрылымдық және
стилистикалық ерекшелігін тануда, оның өзге мәтін түрлерінен (ойталқы,
суреттеу) тілдік-стилистикалық айырмашылық-белгілерін айқындауда және жалпы
мәтін лингвистикасы мәселелерінің толығуына үлес қосады. Сонымен бірге
қазақ мәтінін оқытудың лингвистикалық-теориялық негіздерін анықтауға үлес
қосады.
Зерттеудің практикалық мәні. Жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімінің салаларын
(фонетика, лексика, грамматика) оқытуда, көркем әдебиет стилистикасы,
прагмастилистика, функционалды грамматика, тіл мәдениеті, көркем мәтінді
лингвистикалық талдау бойынша оқылатын дәрістерде және арнайы курстарда
қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- КСФ – әңгімелеу мәтіні – оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін,
мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі;
- әңгімелеу мәтіні құрамындағы сөйлем-айтылымдар негізінен тізбектік,
сонымен қатар, параллельдік синтаксистік байланысқа құрылып,
Бастауыш→Бастауыштық, Баяндауыш→Бастауыштық, Бастауыш→ Толықтауыштық,
Бастауыш→Анықтауыштық синтаксистік байланысу тәсілдері негізінде жасалады;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы өзіне тән грамматикалық
құрылымдармен ерекшеленетін аңдату, мазмұндау, қорыту бөліктерінен тұрып,
аңдату бөлігінің қимыл мәнді, мезгіл мәнді, мекен мәнді мағыналық түрлері
ажыратылады; әңгімелеу мәтінінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігінің
арасында қарама-қарсылық, анықтап-нақтылау, салыстыру, шарттылық, себеп-
салдарлық логика-семантикалық қатынас түрлері болады;
- әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік
уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері
болады;
- әңгімелеу мәтіні мәтінтүзуші бірлік ретінде көркем шығарманың
эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық композициясын жасауға қатысып,
стилистикалық қызмет атқарады;
- әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының
өзгешелігіне, композициялық ұйымдасу ерекшелігіне қарай әр көркем
шығарманың стилистикалық сипаты анықталады.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері 2 халықаралық
ғылыми-теориялық конференцияда, 2 республикалық ғылыми-практикалық
конференцияда баяндалды. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша
республикалық басылымдарда 3 ғылыми мақала жарияланды. Барлығы ғылыми жұмыс
бойынша 7 материал баспадан шықты. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі
кафедрасында және біріктірілген лингвистикалық семинар мәжілісінде
талқыланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
көркем шығарма тізімі берілді.

Негізгі бөлім
Диссертацияның кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу
нысаны, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми және практикалық
жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар туралы мәлімет берілді.

Диссертацияның бірінші тарауы Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық
мәселелері деп аталып, мәтін лингвистикасындағы мәтін теориясына қатысты
негізгі теориялық тұжырымдар мен көзқарастар, мәтінді зерттеудің
психолингвистикалық мәні, мәтіннің сөйлеу бірлігі ретіндегі ақпараттық
мазмұн ерекшелігі, әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық сипаты,
композициялық сөйлеу бірліктері, әңгімелеу мәтінінің олармен арақатынасы
жан-жақты сөз болды. Қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттелмеген
әңгімелеу мәтінінің ақпараттық, әлеуметтік, психологиялық жүк арқалап,
белгілі бір тілдік өрнекке ие болатын сөйлеу бірлігі екендігі мәтін
теориясына сүйене отырып, нақты мысалдармен талданды.
1.1 Мәтінді зерттеудің жалпы теориялық мәселелері деп аталатын
қысқаша шолу бөлімі мәтіннің қазіргі зерттелу жай-күйі және әңгімелеу
мәтінін талдаудың теориялық негіздерін айқындауға арналды.
Мәтін лингвистикасы мәселелері қазақ тілі білімінде соңғы жылдары
кеңінен қарастырыла бастады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Р.Сыздық,
Х.Нұрмұқанов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, Н.Уәлиев,
С.Құнанбаева, З.Ерназарова, С.Мұстафина, Г.Әзімжанова, Ж.Қайшығұлова,
А.Әділова, Г.Смағұлова, М.Ахметова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде сөз
болып, көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланды. Қазіргі қазақ
тіл білімінде көркем мәтіннің танымдық қырлары
Қ.Ә. Жаманбаева, Г. Қосымова, Ш.М. Елемесова, Ж.Б.
Саткенова,
Ә.Ж. Айтпаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде кең түрде зерттеле бастады. Тіл
зерттеушілерінің мәтін мәселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана
мәселесіне деген ықыласын аңдатады.
Қазіргі таңда мәтін лингвистикасына қатысты қалыптасқан
зерттеулердің мынадай бағыт-бағдарларын көрсетуге болады: негізгі
қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе
ретіндегі мәтіндік зерттеулер; мәтін типологиясын коммуникативтік
көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге
қарастыру; мәтінді құрайтын бірліктерді, ерекше мәтіндік категорияларды
анықтау; мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің
жүзеге асырылуының әртүрлі деңгейлерін айқындау; фразааралық байланыстар
мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі
аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. З.Я.Тураева оның қазірде белгілі
болған онтологиялық, гносеологиялық аспект, жеке лингвистикалық,
психологиялық, прагматикалық аспектілерін көрсетеді [2, 8 б.]. Көркем
мәтінді зерттеудің алғышарттарына, ұстанымдарына мыналар жатады: көркем
шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) бірлікте алып зерттеу; көркем
шығарма тілінің басқа компоненттерімен байланыс, қарым-қатынасын ескеру;
бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық
ерекшеліктерін ескеру; ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйену т.б.
Мәтінтанушы ғалымдардың зерттеулерінде мәтінге тән белгілерге
тұтастық және байланыстылық (И.Р.Гальперин); аяқталғандық (Г.В.Колшанский,
Н.А. Купина, И.Р.Гальперин); бөлшектену (Т.В.Трошина); прагматикалылық
(И.Р.Гальперин) жатқызылады. Көркем прозалық шығармалардағы әңгімелеу
мәтінінің өзіндік сипаты поэтикалық мәтіндермен салыстырғанда ашыла
түседі. Бұл орайда А.Н. Веселовский, А.А.Потебня, Б.В. Томашевский, Ю.М.
Лотманның пайымдаулары өте маңызды. Поэзия мен проза эстетикалық қызметті
атқару ерекшеліктеріне қарай ажыратылады және осы тұста өзіндік
ұқсастықтары да жоқ емес. Көркем прозалық шығармалардағы әңгімелеу мәтіні
категориялық белгілерге ие болып келеді. Мәтіннің мұндай категориялық
белгілеріне Н.С.Болотнова коммуникативтілік, концептуалдылық,
прагматикалылық, ақпараттылық, құрылымдық, интегративтілік, регулятивтілік,
мағыналық аяқталғандық, бөлшектік, тұтастық, мүшелену, когезия,
модальдылық, экспрессивтілік, эмотивтілік, проспективтілік,
ретроспективтілікті жатқызады [3, 31 б.]. Л.Г.Бабенко мәтіннің универсалды
категорияларының негізіне тұтастық (мазмұн межесі) және байланыстылық
(тұрпат межесі) алынады, олар бірін-бірі толықтырады, иерархиялық қатынаста
болады, –дей келіп [4, 56 б.], мынадай категориялардың маңыздылығын атап
көрсетеді: тұтастық, ол мәтін мағынасының концептуалдылығымен байланысты
болады; байланыстылық, ол ақпараттық, интегративтілік, аяқталғандық,
хронотопа т.б. категориялар арқылы қамтамасыз етіледі; аяқталғандық
(контекстік-мағыналық); көркем мәтіннің антропоцентристік сипаты, диалогтық
сипаты; көркем мәтіннің ішкі және сыртқы формаларының бірлігі; мазмұн
толықтығы және бірізділігі (немесе логикалылығы), күрделілігі (эстетикалық
қасиетіне қарай прагматикалылығы, концептуалды болуы, бейнелілігі);
түсіндірілуі [4, 57 б.].
А.Байтұрсынұлы көркем мәтіннің өзіне тән ерекшеліктерін басты назарға
ала отырып, ақын тілі мен әншейін тілдің айырмашылығын, сөздің ажарлы,
келісті де қисынды болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің
функционалдық, қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге
мәтіндерден ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық критерийді алады.
Ғалымның әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық-құрылымдық емес, жанрлық
ұстанымды басшылыққа алатыны байқалады. Ол осы ұстанымға сүйене
отырып, әуезенің шежіре, заман
хат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме деген түрлерін
көрсетеді
[1, 208 б.].
Әңгімелеу өзге мәтін түрлері сияқты мынадай бірліктерден тұрады:
сөйленім (сөйлем деңгейіндегі) – фразалар тұтастығы немесе күрделі
синтаксистік бірлік – үзінді-блоктар. Ғылыми зерттеулерде мәтін бірліктері
шығарманың өсіңкілік қасиетіне сүйене отырып, бірнеше деңгейлерге бөлініп
көрсетіледі: Сөйлем – КСТ – Үзінді – Тарау – Бөлім – Шығарма (аяқталған
тұтас шығарма) [5]. Қазақ тілінің мәтін құраушы құралдарын зерттеген
С.С.Мұстафинаның ойынша, фразадан жоғары тұтастыққа – әрі синтагматикалық,
әрі функционалды ұғым, оған байланыстылық, тұтастық тән. Оның құрылымдық
тұтастығы анафоралық қайталаулардан және есімдіктерден, етістіктердің
шақтық тұлғаларынан, жалғаулықтардан т.б. көрінеді. Ал байланыстылығы
мазмұнның мағыналық бір тұйық тұтастыққа бірігуінен көрінетінін айтады [6,
24 б.]. С.С.Құнанбаева қазақ көркем мәтініне тән темпоралдық қатынастар
туралы зерттеуінде әңгімелеу мәтінінде кездесетін темпоралдық жағдайлардың
негізгі 6 типін және 10 түрін көрсетеді. З.Ш.Ерназарова, Г.Әзімжанова
мәтіннің, мәтін құраушы бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін
басшылыққа алу қажеттілігін негіздеп берді. Әңгімелеу мәтінінің табиғатын
жан-жақты тану үшін де ең алдымен, оның тілдік-құрылымдық және
стилистикалық табиғатын анықтау қажет, ол келешекте үлкен, кең көлемді
зерттеулерге тірек болатыны анық [7, 43 б.].
1.2 Мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні атты бөлімшесі
әңгімелеу мәтінін зерттеуде басшылыққа алынатын психолингвистикалық
мәселелерді айқындауды, мәтіннің антропоцентристік мән-маңызын
психолингвистикалық қыры тұрғысынан анықтауды міндет етіп қойды.
Мәтін сөйлеудің сыртқа шыққан, материалданған көрінісі. Ал сөйлеу
психологиялық әрекет нәтижесі болып табылатын жоғары психикалық қызметтің
күрделі түрі. Сөйлеу әрекетіне көп деңгейлі, көп қырлы құрылым мен өзге де
психикалық қызметпен тікелей байланыстағы күрделі жүйе тән. Осымен
байланысты мәтінге тән күрделі психикалық құрылым оның мағыналық,
құрылымдық және композициялық тұтастығынан, грамматикалық ерекшелігінен
көрінеді.
А.Н.Леонтьевтің айтуынша, сөйлеуді психолингвистикалық тұрғыдан
талдауда адамның сөйлеуден тыс болатын түсінісу механизмдері басты нысанға
айналады. Мәтіннің жасалуынан сөйлеу әрекетінің үш фазалы құрылымнан
тұратын психологиялық моделін байқауға болады. Олар: әрекеттің бағыттылығы,
орындаушылық сипат алуы, бақылануы (В.И.Галунов, Т.М.Дридзе,
А.Н.Леонтьев). Мәтіндегі сөйлеуші әрекетінің бағыттылығы дегеніміз – оның
не мақсатта сөйлеп жатқанын көрсететін коммуникативтік ойы мен ниеті.
Сөйлеушінің бұл коммуникативтік ниеті мәтіннің жасалуына түрткі болады да,
мәтіннің мазмұны мен құрылымының коммуникативтік-танымдық бағдарламасын
айқындайды (Л.И.Доблаев,
В.П.Белянин, И.А.Зимняя ). Мәтін авторының сөйлеуге, қарым-қатынасқа
тікелей қатыстылығы және сөйлеу пәнін жеткілікті білуі оның авторлық
позициясын танытады. Мәтінде суреттеліп отырған құбылысқа немесе оқиғаға
деген автордың интеллектуалдық, эмоционалдық бағасы – шығармада әрдайым
беріліп отыратын құбылыс. Мәтіннің жасалуының бұл 1-фазасында автордың
негізгі ойын нақты әрі түсінікті жеткізуі үшін маңызды мынадай мәселелерді
ескеру керек: сөйлеуге негіз болған қарым-қатынас жағдайы; мәтіннің
семантикалық жақтан айтылатын ойға байланысты толыққанды болуы, бірақ
ондағы берілген ақпараттың шектен тыс көп немесе артық болмауы
(В.П.Белянин, А.И.Новиков). Мәтіннің жасалуының 2-фазасында автордың
негізгі ойының тілдік материалдануы жүзеге асырылады. Негізгі ой санада
қалыптасқанмен, оның тілдік қабық жамылуы, сонымен бірге қалыптасып,
аяқталған сипат алуы сөйлеу барысында ғана мүмкін болады. Ғалымдардың
пікірінше, осыған байланысты санадағы ой әуел бастан өзінің семантикасы
жағынан оның сөйлеудегі сипатына сәйкес келе бермейді. Сөйлеу әрекеті
құрылымының 3-фазасында сөйлеушінің айтайын деген негізгі ойы мағыналық
жағынан өңделіп қана қоймайды, оның вербалдануы да сұрыпталады. Осы тұста
мәтіннің тақырыптық және мағыналық тұтастығының болуы өте маңызды, себебі
санадағы ойлардың ассоциациялығы тіл арқылы берілген ойдың семантикалық
тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Шынайы аяқталған мәтін, яғни сөйлеу
бірлігі тақырыптық, мағыналық және құрылымдық тұтастыққа, композициялық
тәртіптілікке, грамматикалық байланыстылыққа ие болуы керек. Сонда ғана
сөйлеу әрекеті толыққанды жүзеге асады. Айтылған қасиет-сапалардың тілдік
қана емес, психологиялық та маңыздылығы бар:

1-кесте – Мәтіннің тілдік және психологиялық құрылымы
Аяқталған сөйлеу бірлігіне тән Олардың психологиялық мәні
қасиет-сапалар
1 2
Сөйлеудің логикасына нұқсанын
Тақырыптық тұтастық келтірмейді, реципиенттің мәтінді
қабылдауына оңтайлы жағдай туғызады.
Сөйлеудің негізгі (орталық)
Мағыналық тұтастық және қосалқы (перифериялық)
компоненттерін және мәтіннің, сөздің
маңызды бөліктерін ажыратуға
мүмкіндік береді.

2-кестенің жалғасы
1 2
Мәтінді түсінуді, қабылдауды
жеңілдетеді, мәтіннен тыс, мәтіндегі
Композициялық тұтастық және мәтінде астарлы берілген
мән-мағыналарды жалпы композициялық
тұтастықта алып түсінуге мүмкіндік
береді.
Мәтін мазмұны мен құрылымын
Грамматикалық байланыстылық тұтастықта ұғынықты және жеңіл
қабылдауға әсер етеді.

Берілген кестеден мәтінге қатысты маңызды екі процестің жүзеге
асатынын көреміз. Бірінші – мәтіннің жасалуы (кодталу), екіншісі –
қабылдануы және түсінілуі (декодталу). Алғашқысы сөйлеуші немесе жазушы
автор арқылы қалыптасса, соңғысы айтылған мәтінді қабылдаушы тарапынан
жүзеге асырылатын процесс болып табылады. Біріншісі психолингвистиканың
сөйлеудегі сөзөндіру үдерісі туралы мәселелердің негізін құраса, екіншісі
сөзқабылдау және түсіну туралы мәселелерге тірек болады. Аталған
психологиялық үдерістердің нысанын сөйлеу әрекетінің негізгі бірлігі
ретінде мәтін құрайды. Әңгімелеу мәтіндерін талдауда сөйлеу әрекетінің
аталған аспектілерінің алғашқысы – мәтін талдаудың өлшемдері мен талаптары
ретінде негізге алынса, соңғысы – оның эстетикалық және коммуникативтік,
прагматикалық табиғаты мен болмысын, сипатын тануда басшылыққа алынады.
Мәтін талдауда басты назарға алынуы тиіс тағы бір мәселе – мәтіннен
тыс – мәтінде – мәтін астары арқылы көрінетін психолингвистикалық модель
(В.П.Белянин, Н.И.Жинкин, А.И.Новиков). Сөйлеу бірлігінде ақиқат өмір
туралы обьективтік ақпараттар орын алады да, ол мәтіннен тыс қалыптасатын
объективтік құбылыстарға жатады. Әрине, көркем мәтіндерде көп жағдайда
қоршаған ортадағы өмір сол қалпында берілмейді, ол мәтіннен тыс мәліметтер
автордың көзқарасы тұрғысынан, оның дүниетаным ракурсы шеңбері аясында
суреттеледі. Мәтіннен тыс модельге ақиқат өмірдегі оқиғалар жатады. Көркем
мәтінде оның жасалуына автордың қиялы өзіндік ықпалын тигізетіні белгілі.
Мәтін астары жасырын берілген ақпарат болып табылады да, ол рецепиенттің
қабылдау-түсінуі арқылы белгілі болады. Оны түсіну мәтін бірліктерінің
арасындағы ассоциациялық байланыстың, олардың аккумулятивтік
қасиеттерінің нәтижесінде іске асады.
Мәтіннің сөйлеудегі нейропсихологиялық аспектісінің маңызды тұсы –
оның мидағы көрінісі болып табылады, себебі сөйлеу әрекеті мида жүзеге
асады. Қазіргі психология сөйлеуді қарым-қатынас жасаудың аса маңызды
құралы, саналы әрекеттің күрделі және арнайы ұйымдасқан түрі ретінде
қарастырады. Сөйлеуге тән басты ерекшелік – экспрессивтілік. Оған мотив
түрткі болып, ішкі сөйлеу алқабы арқылы сөйлеу схемаларында кодталатын
ойдан тұрады. Ол генеративті грамматика арқылы толық сөйлеуге айналады.
Сонымен қатар, импрессивті сөйлеу бөгде адамның сөзін қабылдау және оны
талдап түсіну арқылы декодталуы, мәнді-маңызды жақтарын аршып алу және оны
ішкі сөйлеу алқабы арқылы астарлы мән қоса отырып сөйлесімге айналдырудан
тұрады. Сөйлеудің бұл жүзеге асу тетігі сөйлесім арқылы мотивтің
декодталуымен аяқталады. Сөз және сөйлемде берілген ақпаратты талдау және
топтастыру арқылы нақты пайымдаулар мен шешімдер қалыптасады. Сондықтан
сөйлеу қатынас жасау құралы бола тұра, бір мезгілде дерексіздендіру және
топтастыру операцияларын жасауға тірек болатын әрі ақыл-ой қызметін жүзеге
асырушы тетік, әрі категориялық ойлаудың негізін қалайды. Демек, кез келген
аяқталған мәтін сөйлеу бірлігі ретінде тек қана тілдің материалданған
көрінісі ғана болып қоймайды, ол сонымен бірге, сөйлеушінің ойлау, ойлауды
жүзеге асыру құралы болып табылады. Мәтіннің жазба тілде таңбаланғанға
дейінгі оның санада ұйымдасу процесі мен механизмдерін, оның тілде көрініс
табуын, тіл арқылы сана болмысын тану, жеке санада (гендерлік және
индивидуалды тұрғыда) дүниенің тіл арқылы таңбалануын, сөйлеуші сөзінің
санадағы уақыт пен кеңістікке қатысын психолигвистикалық,
нейролингвистикалық тұрғыдан кең түрде зерттеу қазақ тіл білімінің, соның
ішінде, мәтін лингвистикасының күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелері
болып табылады.
Жұмыстың 1.3 Мәтіннің ақпараттық мазмұны. Әңгімелеу мәтінінің
ақпараттық-мазмұндық ерекшелігі атты бөлімшесінде КСФ-ның қатысымдық
қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері талданып, әңгімелеу мәтінінің ақпаратты
жеткізудегі өзіндік сипаты сөз болды.
Мәтінде берілетін ақпарат иә эмпирикалық сипатта, деректік мәнде
келуі мүмкін, иә теориялық сипатта концептуалды-болжамдық мәнде болуы
мүмкін; ақпаратты қабылдау тәсілдері мен жолдарын түсіндіруге құрылған
әдістемелік сипатта, моральдық-этикалық, эмоционалдық, бағалауыштық
категориялармен байланысты эстетикалық сипатта; белгілі бір әрекетке
жетелейтін нұсқаулық сипатта келуі мүмкін. Ақпаратты жеткізуде мәтіндер
құбылыстың сапа-белгісін, қасиетін, оқиғаның өту сипатын анықтайды, оқиға
мен оның өту процесін динамикалы түрде әңгімелейді. Мұндай мәтіндерде ой
себеп-салдарлық және шартты-мерзімдік қатынасқа негізделеді. Мәтіндердің
осы ерекшеліктеріне орай М.П.Брандес, Н.С.Валгина композициялық-сөйлеу
формаларын қарым-қатынас жасаудың модельдері дейді. Мәтінде ақпараттың
берілу сипатына қарай сөйлеушінің ойлау өрнегі де көрініс табады. Э.Верлих
оның нақты сөйлеу формаларына сәйкес түрлерін қатысым категориясымен
бірлікте көрсетеді.
Мәтіннің логикалық және қатысымдық категорияларының тілдік көрінісі әр
мәтінде әртүрлі. Ол, әсіресе, сөйлемдердің ремалық бөлігінде айқын
байқалады. В.В.Виноградовтың айтуы бойынша, сол контекске немесе жағдайға
сәйкес белгілі бір сөйлемнің нақты мазмұнын анықтауда сөйлемнің темасы мен
ремасының ақпараттық жүгін білу өте маңызды. Сөйлемнің темалық және ремалық
бөліктері арқылы сөйлемдердің ақпараттық қайнар көзі, сөйлеу кезіндегі екі
адамға да белгілі мәселелер мен айтылымның ядросы, ақпараттық негізі
анықталады. Мәтіннің семантикалық ұйымдасуында ремалық бөлік ерекше маңызды
рөл атқарады, бір сөйлемнен екінші сөйлемге өткен сайын ремалық бөлік
негізгі ақпаратқа қатысты жаңа ақпараттарды үстемелеп отырады. Әңгімелеу
мәтіндерінің тақырыптық ұйымдасуы әрекет иесінің сипатына байланысты
болады. Әрекет иесі біреу болған жағдайда мәтінге бірізді баяндау мәнері
тән болады да, ремалық бөліктегі субъектінің әрекетіне қатысты объектілер,
мақсат пен адресат келесі сөйлемдердің темасына айналады. Әрекет иесі екеу
немесе одан да көп болған жағдайда олар сөйлемнің тематикалық бөлігін
параллельді ауыстырып отырады. Мысалы: Осымен жұрттың бәрі кеттіге есептеп
қойып еді, үш күн өткенде бір күні таңертең ойда жоқта Көксерек өзінен-өзі
сап ете түсті. Құрмаш пен әжесі қасқырдың бұл мінезіне сүйсініп, қуана
қарсы алды (М.Әуезов). Мұндағы қимыл-әрекет иесі бірнешеу – жұрт, Көксерек,
Құрмаш пен әжесі.
Мәтінге қатысты жаңа ақпараттың қосылып отыруы ашық немесе жасырын
түрде жүзеге асырылады. Ақпараттың шектен тыс артық, не шектен тыс аз
берілуі оны қабылдауды қиындатады. Мысалы: Су жағалап жиырма-отыз қадамдай
жүріп екінші тастамаға келді. Салбырап тұр. Едіге жинай бастаған. Шынында
бос екен (М.Мағауин). Бұл контексте сөйлемдерде имплицитті түрде түсіріліп
қалған ақпараттардың әсерінен тема-ремалық тізбектілікті бірден байқау
мүмкін емес. Мәтін мазмұнындағы белгілі бір ақпараттың жасырын берілуі,
автордың айтайын деген ойының маңыздылығын арттыра түседі. 1-сөйлемнен
кейін қосылған жаңа ақпараттың 3-сөйлемде анық танылуы тақырыптың
маңыздылығын көрсетіп тұр: Қарсы алдынан ескен самалға кеудесін тосып,
сипай қамшылап келе жатқан. Ойламаған жерден, жол үстінен, ытқи жөнелді.
Бір-ақ тұтам оқ жылан (М.Мағауин). Ақпараттың авторлық мақсатқа қарай
әдейі түсіріліп берілуі қазақ жазушыларының шығармаларында стильдік
тәсілі ретінде қолданылатынын байқауға болады. Бұл тәсіл әңгімелеу
мәтіндерінің жасалуында да белсенді түрде қолданылатынын көреміз.
Көркем мәтіндегі ақпараттың берілу ерекшелігіне қарай оның құрылымы да
күрделене түседі. Мысалы, төменде мәтінге жаңа қосылған ақпарат мәтін
тақырыбына орай қатыстырылып, оның ақпараттық мазмұнын күрделендіріп тұр
және ол мәселенің маңыздылығы бірден көрінбейді: ...Сондай ұлыған қарлы
дауыл астында, елсіз меңіреу дала, Абайдың өзі туып-өскен сахарасы болса
да, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей анадай. Кеше ғана балалығымен,
жігіттік жастығының, жасыл шөбі сарғаймас алтын бесігіндей болса, сол
қызықты қан жайлау қазір суық қабыр ызғарындай, аяздап, қырауытып тұрған
тас табытындай (М.Әуезов). 1-сөйлемнің темасы – сондай ұлыған қарлы дауыл
астындағы елсіз меңіреу дала болса, 2-сөйлемнің темасы – сол ойдың жалғасы
– қызықты қан жайлаудың куәсі болған дала бейнесіне ұласқан. Мәтіннің
темасына қарай жаңа қосылған Абайдың ішкі жан дүниесі туралы ремалық
бөліктегі ақпарат бірден көзге түсе қоймайды. Негізгі ақпарат – дала
туралы болып отыр. Мәтін астары осындай күрделі ойдан туған күрделі
құрылымдар арқылы жасалады. Бұл жердегі мәтін астары автордың көркемдік
мақсатына орай психологиялық параллелизм тәсілімен ұтымды шыққан.
Кейде бір сөйлем ішінде көп ақпараттың берілуі ойды да, құрылымды да
күрделендіреді, кейіпкердің әрекетіне, оқиғаның өтуі барысына ерекше мән
беріледі: Ерлі-зайыпты екеуі бір-бірінің бетіне қарап, бір-біріне жауапсыз
сұрақ қойып, бір-біріне мағынасыз тесірейе қарап, күрсініп отырып кешті
батырды, жалғыз сиыр сауусыз қалды, жалғыз ат тұсаулы қалды, ер-тоқымы да
сыпырылмады, түн ортасы ауған кезде екеуі шешініп жатқан болды, бірақ көз
ілу қайда, бір-біріне жауапсыз сұрақ қойып кезек-кезек күрсініп, аударылып,
төңкеріліп жатып әппақ таңды кірпік ілмей атырды, жатын бөлменің бұрыш-
бұрышындағы алакеуім көлеңкелерді күн нұры анық аластаған кезде екеуі де
бір мезгілде, бір шешімге бекінді... (Ә.Тарази). Бір абзац көлемін алған
бұл сөйлемнің ұзақтығын автордың өзіне тән көркемдік баяндау тәсілі ретінде
түсіндіруге болады. Сөйлемдегі айтылған әр етістікті жеке-жеке сөйлем
ретінде айтуға да болады. Егер дәл мұндай тәсілді көркем емес мәтіндерде
қолдансақ, онда қажетсіз, бір сөйлем көлеміне сай келетін ақпараттарды тым
ұсақтаған болар едік және оның мәні де жоғалады. Ал көркем мәтіндерде ол
арнайы көркемдік баяндау тәсілі ретінде орынды жұмсалған. КСБ-ларда ақпарат
эксплицитті ғана емес, имплицитті жолмен де беріліп отырады. Қарама-қарсы
қою, себеп-салдарлық, мерзімдік-шартты байланыстар мен ақпараттар
бірліктердің позициялық орналасуы арқылы беріліп отырады. Мысалы: Сол түні
Наймантай көпке дейін ұйықтай алмады. Аз уақыт бірге болса да қиялдай тәтті
елес боп көңілін баурап алған Аққыздың әрбір қылық-қимылы көз алдында тұрып
алды (А.Сейдімбеков). Мұнда себеп-салдарлық байланыс жасырын түрде
(имплицитті) берілген. Жан-жағына қызықтап келе жатқан шал, бүйірдегі топ
шіліктің қалқасынан шыға келген Бексұлтанды көргенде, оған тосырқай қарап
қалды. Шалдың жүрегіне діріл де ұяламапты, қаперсіз, ешбір таңданусыз,
Бексұлтанның қимылын ғана бағып тұра берді (Р.Сейсенбаев). Мұнда
сөйлемдердің қарама-қарсылық мәнде байланысқаны жасырын түрде берілген. Шал
таңертең разъезден түсіп қалды. Разъездің оқшау үйіне бұрылмастан, адымдай
басып жүріп кетті. Төрт бес жалаңбұт бала бұған состия қарап қалыпты. Сары
күшік абалап үріп, соңына түсті де, шал еш әрекет көрсетпеген соң өз
жөнімен кетті (Р.Сейсенбаев). Берілген мысалда мезгілі жағынан ыңғайлас
жүзеге асқан әрекеттер жасырын түрде берілген.
Әңгімелеу мәтіндерінде ақпаратты жинақы беру үшін субъектінің нақты
қалыптасқан жағдайға қатысты сезіп-білуге, көріп-қабылдауға қатысты
әрекеттері (етістіктер) түсіріліп, тек айналада болып жатқан өзгерістер
мен құбылыстар баяндалады. Тіпті кейбір жазушылардың тілінде бұл арнайы
көркемдік тәсіл ретінде жұмсалады.
Мәтіннің ақпараттық мазмұнын кеңейтудің екі жолы бар: интенсивті және
экстенсивті. Интенсивті жолмен мәтіннің ақпараттық мазмұнын арттыруда мәтін
көлемі азайтылады, бірақ аз көлемге көп мағына-мазмұн беріледі. Алайда
мәтін көлемінің азаюы әрдайым оның ақпараттық мазмұнының кеңеюін
көрсетпейді. Мәтіннің ақпараттық мазмұнын экстенсивті жолмен кеңейтуде
ақпарат молынан беріледі. Осының нәтижесінде мәтіндегі сурет нақты әрі
бөлшек-бөлшегімен (детализация) суреттеледі. Бұл суреттелініп отырған
құбылысты терең тануға, оның сыртқы өмірмен қатынасы мен байланысын
бақылауға әкеледі. Мәтін мазмұнын экстенсивті жолмен кеңейту мәтінге
баяндалып отырған құбылыс, оқиғаны анықтайтын, нақтылайтын, түсіндіретін,
бейнелейтін қосымша ақпараттар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
1.4 Композициялық-сөйлеу формалары. Әңгімелеудің өзге мәтін
түрлерімен арақатынасы деп аталатын бөлімшеде КСФ-лардың түрлері мен
олардың ара жігі, көркем шығармадағы қолданысы туралы талданды.
Суреттеу – бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу –
мезгілдік дамуы, ал, ойталқы – логикалық дамуы... Шығарманың композициялық
құрылымы осы айтылған сөйлеу формаларының түрліше байланысып қиысқан
өрмегінен тұрады. Бір-біріне байланыса, кіріге отырып, сөйлеу формалары
көркем шығарманың одан да ірі композициялық құрылымдарына бірігеді [8].
Әңгімелеу, суреттеу, ойталқы нақты шығармада бірнеше сөйлемнен құрылған
тұтас мәтіннің үзінділерін құрайды.
КСФ-лар мынадай белгілерге ие болып келеді: олар айрықша мағыналық
категория болып табылады; идеалдық мағынаға ие және материалды таңбалардан
тыс өмір сүре алмайды. Мәтіннің материалды таңбалық сипаты оның сыртқы
қабығы болып саналады; КСФ – бұл тілдің емес, ойлаудың логикалық формасы.
Бұл қандай да бір берілген мазмұнның, шындық өмір туралы берілген
ақпараттың формасы, ал оны біз тілдік таңбалар арқылы тани аламыз; КСФ –
қалыптасқан типтік формалық сипатқа ие. Нақты сөйлеуден тыс барлығына
бірдей, жалпыланған, тілдік тұрғыдан сұрыпталған жүйе, сөйлеу
композициясының біртектес қалыптасқан формасы болып табылады. Күнделікті
сөйлеу барысындағы сөздеріміз осындай КСФ-лардың идеялық формаларының нақты
көрінісі болып есептеледі.
КСФ – ойлау үдерісінің құрылымын, типін және ойлау бөлшектерін өзара
және бір-бірімен байланыстырудың тәсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма
болып табылады. Ойлауды құрайтын маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік
және себеп-салдар жатады. Материяның формасы және оның жасалуы әр түрлі
болғаны сияқты оның ұйымдасуының да түрлі жолдары бар. Алайда оларды екі
құрылымға бөліп қарастыру қалыптасқан: уақыт құрылымы және кеңістік
құрылымы, экстенсивті және интенсивті құрылымдар. Экстенсивті құрылым
кеңістікте өмір сүрсе, интенсивті құрылым уақытқа байланысты өмір сүреді.
Экстенсивті құрылымға бірыңғай заттарды байланыстырудың қалыптасқан түрлері
тән болса, интенсивті құрылымға себеп-салдарлық сипат тән. Осыған сүйене
келіп құрылымдық байланыстың екі түрін ажыратуға болады: әңгімелеу
(интенсивті құрылым) және суреттеу (экстенсивті құрылым).
Егер де оқиғаның, іс-әрекеттің уақыт ішіндегі өрбуі тұрғысынан
интенсивті құрылымды әңгімелеуге тән құрылым десек, ойталқыға логикалық
құрылым тән болып келеді. Кеңістік – қатарлас нәрселердің орналасу
тәртібін көрсетсе, уақыт – қатарлас нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын,
себеп-салдар – бірінен екіншісінің пайда болуына әкелетін құбылыстардың
байланысын көрсетеді. КСФ-ның бұл типтік түрлерінің модификациясы әрқалай.
Құрылымы жағынан олар классикалық үлгіде немесе күрделі, аралас,
өзгермелі құрылымды болып келуі мүмкін. Алайда, мәтіннің қандай да бір
модификациясы (қалып алуы, формалануы) сөйлеушінің субъективтік ұстанымына
тығыз байланысты болады. КСФ – табиғатынан екі жақты құрылым. Ол – ойлаудың
бір түрі, яғни сөйлеу әрекетін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің бір
түрі, яғни қатысым түріне жатады. Описательные ССЦ предназначены для
характеристики явлений природы, предметов, лиц и т.д. путем перечисления их
признаков. В зависимости от предмета, который характеризуется, они делятся
на пейзажные, на ССЦ портретной характеристики и др... В повествовательных
ССЦ дается представление о развитии описываемых событий, об их
последовательности. На первый план выдвигается порядок протекания действия.
В каждом ССЦ типа рассуждения четко вычленяются три части: а) тезис, б)
доказательство (аргументация) и в) вывод [9, 71 б.]. Берілген анықтаманың
өзінен КСФ-ға тән құрылымдық, мағыналық ерекшеліктер мен композициялық
ұқсастықтарды анық байқаймыз.
КСФ-лар мәтіннің контекстік-вариативтік бөлшектерін құрайды. Бұлар –
мәтін құрылымының негізін құраушы тұрақты элементтер. Сондықтан көркем
мәтіннің мазмұны да КСФ-лардың кезектесіп, араласып келіп, өзара тұлғалық,
мағыналық байланысуы арқылы беріледі. Көркем мәтіннің біртұтастығы осы
сөйлеу формаларының ұласымы нәтижесінде ұғынылады. Кейбір көлемі шағын
шығармалар тек бір сөйлеу формасы арқылы құрылуы әбден мүмкін, не болмаса
мәтіннің негізгі баяндау қабаты бір сөйлеу формасы арқылы ұйымдасады.
Мәселен, М.Әуезовтің Қыр суреттері әңгімесі негізінен суреттеу арқылы
баяндалса, Р.Сейсенбаевтың Үкім әңгімесінде негізгі баяндау тәсілі
ретінде әңгімелеу қолданылады. Сол сияқты Ш. Айтматовтың Кассандро
таңбасы шығармасында ойталқы мәтіні басым екені байқалады. КСФ-лардың әр
мәтіндегі басымдылығы авторлық стильдік мақсаттағы қолданысын танытады.
Көркем шығармада әңгімелеу, суреттеу, ойталқы мәтіндері аралас
жұмсалады. Көркем шығармада әңгімелеу мәтіні көп жағдайда суреттеумен қатар
жұмсалады. Сонымен қатар ойталқы мәтіні мен суреттеу және әңгімелеу
мүшелерінің бір мәтін ішінде араласып келуі де көркем шығармада кездесіп
отырады. Жүргізілген талдаулар әр мәтіннің өзіндік артықшылықтары мен
баяндаудағы тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Ал олардың көркем
шығармадағы қолданысы туралы мынадай тұжырым жасауға болады: көркем
шығармада суреттеу мәтіндері қоршаған ортадағы заттарды, кейіпкердің
бейнесін, портретін, мінезі, құбылыстың сырт пішінін, табиғатты, мекенді
суреттеу үшін; әңгімелеу мәтіндері оқиғаға негіз болған белгілі бір уақыт
шеңберінде бірінен кейін бірі жүзеге асқан әрекетті бірізді бейнелеп
көрсету үшін; ойталқы мәтіні авторлық ой-толғанысты, кейіпкердің іс-
әрекетіне қатысты авторлық көзқарасты білдіруде, адамгершілікті дерексіз
категориялық мәселелер туралы баяндауда жұмсалады.
Екінші тарау Әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ұйымдасу
ерекшелігі деп аталып, мұнда әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық сипаты,
тақырыптық-мағыналық түрлері мен композициясы және стилистикалық ұйымдасу
ерекшелігі көркем прозалық мәтіндер негізінде талданды.
2.1 Әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық ерекшелігі бөлімшесінде
әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық сипаты мен құрылымы сөз болды.
Қазақ ұғымындағы Сөз жібек жіп, жыр кесте сөзінің метафораланған баламасы
мәтін деуге болады. Кесте тігу өнері мен мәтін құрау өнерінің жасалу
тетіктері де бір-біріне өте жақын. Мәтіннің жасалуы оның бөлшектерінің
өзара байланысы мен қатынасынан, байланысу тәсілінен көрінеді. Синтаксистік
байланыс дегеніміз – сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы болып табылады.
Ол жекелеген сөйлемдердің арасындағы байланыс түрлері мен тәсіліне және
құралдарына қарай ажыратылады. Жекелеген сөйлемдердің синтаксистік
байланысы параллельдік және тізбектік болады. Параллельдік байланыс
дегеніміз қатар тұрған көршілес сөйлемдердің бірдей, ұқсас синтаксистік
құрылымдарға ие болып келуі (Әзімбай да кешкі салқын түсе, үлкен үйдің
көлеңкесінен тұрды. Жіңішке қайың құрық сыпталып, жонылып болған-ды
(М.Әуезов). Тізбектік байланыс сөйлемдердің синтаксистік тоғысуынан
көрінеді (Жылтыр қара мұртының астынан қып-қызыл еріндері күле түсіп, аппақ
тістерін ақситып, Мәнікенің қасына ерді. Оны Ысқақ ауылына қарай жаяу ертті
де, үй ішінде өткен кеңесті тыңдаумен болды (М.Әуезов). Тізбектік
байланыста сөйлемдер құрамына қарай әртектес, параллельдік байланыста
біртектес болып келеді. Егер тізбектік байланыстың формуласы А→В, В→С
болса, параллельдік байланысқа мынадай формала тән болып келеді: А→ В, С→ Д
(В.В.Одинцов). Синтаксистік байланыс бастауыш-толықтауыштық (Үйге кірген
Асан ақсақал екен. Оны Мәніке бірден таныды), бастауыш-анықтауыштық Оның
артынан біздің Далабай төтенше үйден шықты. Оның да босап шыққанын сезіп,
мен қасына да бармадым (Ғ.Мүсірепов). баяндауыш-бастауыштық Кенжекей
маздатып от жақты. Жалпылдақ отын лезде тұтады... Қызыл ұшқыны сіркіреп,
сытыр-сытыр жанып кетті (Ә.Нұрпейісов). анықтауыш-анықтауыштық Қала
тұрғындарының көбінің жеке меншігінде қайығы бар... Солардың біреуінің
қайығын сұрап ап, шофер әкелген тамақ пен оқ дәріні, мылтықтарды артып,
Мәлік пен Нұрлан көлдің арғы қамысты қабағына есіп барды... т.б. тәсілдер
арқылы тұтас мәтін құруға қатысады. Мәтін құрамындағы сөйлемдердің мұндай
байланысы арасында белгілі бір синтаксистік қатынастар орын алады.
Синтаксистік қатынас деп жеке дара сөйлемдер, КСБ-лар арасындағы
семантикалық-синтаксистік қатынастар айтылады. Әңгімелеу мәтіндеріне қарама-
қарсы қою, шартты, анықтап-нақтылау, себеп-салдарлық, жалпыдан жекеге
ассоциациялық логика-семантикалық қатынас түрлері тән болып келеді.
Әңгімелеу мәтіндерінде тізбектік байланыстың тікелей және жанама
(қашық) байланыс түрлері қолданылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
Мәтіннің функционалдық-семантикалық түрлері
Әннің аудармасының ерекшеліктері
Пайымдаудың коммуникативтік- мағыналық статусы
Оқушылардың тілін дамыту үшін бір тақырыпқа бірнеше мәтін алған дұрыс
Ауызша мәтін артикуляциясы
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Тіларалық коммуникация
Пәндер