«Абай мирасының шығысқа қатысының зерттелуі»



1КІРІСПЕ ... ... ... ..4.8

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Абай мұрасының шығысқа қарым.қатынасының зерттелу жолы ... ..9.28

2.2 Абайдың исламиятқа қатысы ... ... ... ... ..29.71

2.3 Қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиеті арасындағы үндестік ... .72.88

3 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... 89.90

4 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...91.92
Қазақ әдебиеті көршілес, туысқан шығыс халықтарының мәдениеті және әдебиетінің даму процесімен ежелден тығыз байланысты. Қазақ әдебиеті мен қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, азербайжан, татар халықтары әдебиетінің арасында ерте заманнан үзілмей келе жатқан жақындық бар. Әдеби процестегі ұқсастық, бірлестіктер де, ауыз әдебиетіндегі өлеңді термелеп не жырлап айту салтындағы ұқсастық сияқты, ақындық өнердің ортақ ерекшеліктері де, қазақ пен қырғыз арасында кең өріс алған айтыс және бұл халықтардың поэзиясына тән кейбір лирикалық жанрлар да осы әдебиеттердің ежелгі жақындығын байқатады. Бұған қоса Қорқыт туралы аңыз, «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді ертегі, аңыз бен эпикалық жырлардың бірнеше халыққа ертеден ортақ шығарма болуы осы көршілес, туыстас халықтардың әдебиеті тарихи тамырлас екендігін айқын көрсетеді. Сюжеттік, мазмұндық негізі бірлес, біркелкі болғанымен, бұл шығармалардың бірнеше халыққа ортақ нұсқалары бір-бірінің құр қайталамасы ғана емес. Мысалы, қазақ, өзбек, қарақалпақ, тағы басқа халықтарға ертеден белгілі «Алпамыс батыр» жырын алсақ, оның әр тілдегі нұсқасының өзіндік ұлттық сипаты, қасиет-ерекшеліктері бар екенін көреміз. Сан жылдар бойы халық арасына кең тарап, халықпен бірге жасасып келген «Алпамыс» сияқты эпикалық шығармалардың уақыт озған сайын шыңдалып отыруы, әдебиетте халықтық, ұлттық сипаттар дараланып, дамыған сайын халықтық әдебиетке тән дәстүр-ерекшекліктерімен біте қайнасып өңделе түсуі әбден заңды. Сондықтан, осындай бірнеше халыққа ортақ шығармалдардың әр ұлттық нұсқасының өзіндік, дербес құндылығы бар екендігін, басқа бір нұсқаның құр қайталамасы, көлеңкесі ғана еместігін де ескеру керек.[1,65б]
1. А.Көбесов. Сөнбес жұлдыздар. А., 1973ж.
2. Ғ.Ахунов. Қазына. А., 1986ж.
3. Ш.Сұлтанов. Омар Хаям. Москва., 1987ж.
4. Абай Құнанбаев. 1т., Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, 1977ж.
5. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том. А., 1961ж.
6. Абай және шығыс. Мекемтас Мырзахметұлы. Алматы, 1994ж.
7. Мырзахметов М. Абай мұрасының шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуінде./ М.Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы, 1982ж.
8. Мырзахметов М. Абай және Ғүламаһи Дауани. Жалын, 1974ж.
9. М.Мырзахметов. Абайтану тарихы. Алматы, 1994ж.
10. Мырзахметов М. Абайдың исламиятқа қатысы туралы., М.Әуезов және абайтану проблемасы. Алматы, 1981ж.
11. Әуезов М. Шығармалар, 6т.
12. Кабус-Нома. Тошкент, 1968ж.
13. Абай Құнанбаев. 2т., Аудармалар мен қарасөздер. Алматы, 1977ж.
14. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Алматы, 1964ж.
15. Ал-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата, 1970г.
16. Кабус- Наме (пер.Е.Э.Бертельса. М., 1958г.)
17. Хикаят Уарақа - Күлше. Ташкент, 1917ж.
18. Мәһди ибн-Меркіш Майликент. Туһфа ва жумхурият. Ташкент, 1917ж.
19. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ- том. Алматы, 1961.
20. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфистская литература. М., 1965г.
21. Абай Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, «Қазақ елі» журналының баспасы. Алматы, 1951ж. Төте жолмен жазылған.
22. Абай энциклопедия. Алматы, «Атамұра» 1995ж.
23. И. Жеменей. Хафиз және қазақ әдебиеті. Алматы, 2000.
24. И.Жеменей. Тараз-парсы ақындарының жыр шумақтарында. А., 2002
25. Қ.Жұмағалиев. Шығыс жұлдыздары. А., 1973ж.
26. И.Сапарбаев. Шираз бұлбұлы. А., 1986ж.
27. М.Базарбаев. Әдебиет және дәуір. Алматы,1966
28. А. Сейдімбек . Қазақ әлемі. А,. 1998, 464 –б.
29. А. Сейдімбек. Қазақ әлемі. А., 1997
30. С.М. Исматова. Шығыс халықтарының әдебиеті. Тараз, 2003.
31. Жинақ. Сағди Жәннат. А., 1981ж.
32. С. Оразалинов. Мәдениет машақатсыз болмайды. //Қазақ әдебиеті, 1991, 1-мамыр.
33. Ж. Ерманов. Айтыстың алдаспаны жарқылдасын // Қазақ әдебиеті 1997, 7 қазан.
34. К.Ісләмжанұлы. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы, 2007ж.
35. К.Әбілқасымова; А.Тамаев қазақ фольклористикасы. Алматы, 2007

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-8

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Абай мұрасының шығысқа қарым-қатынасының зерттелу жолы ... ..9-28

2.2 Абайдың исламиятқа
қатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .29 -71

2.3 Қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиеті арасындағы
үндестік ... ... ... ...72-88

3
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .89-90

4 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..91-92

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті көршілес, туысқан шығыс
халықтарының мәдениеті және әдебиетінің даму процесімен ежелден тығыз
байланысты. Қазақ әдебиеті мен қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, азербайжан,
татар халықтары әдебиетінің арасында ерте заманнан үзілмей келе жатқан
жақындық бар. Әдеби процестегі ұқсастық, бірлестіктер де, ауыз
әдебиетіндегі өлеңді термелеп не жырлап айту салтындағы ұқсастық сияқты,
ақындық өнердің ортақ ерекшеліктері де, қазақ пен қырғыз арасында кең өріс
алған айтыс және бұл халықтардың поэзиясына тән кейбір лирикалық жанрлар да
осы әдебиеттердің ежелгі жақындығын байқатады. Бұған қоса Қорқыт туралы
аңыз, Алпамыс батыр, Қозы Көрпеш-Баян сұлу секілді ертегі, аңыз бен
эпикалық жырлардың бірнеше халыққа ертеден ортақ шығарма болуы осы
көршілес, туыстас халықтардың әдебиеті тарихи тамырлас екендігін айқын
көрсетеді. Сюжеттік, мазмұндық негізі бірлес, біркелкі болғанымен, бұл
шығармалардың бірнеше халыққа ортақ нұсқалары бір-бірінің құр қайталамасы
ғана емес. Мысалы, қазақ, өзбек, қарақалпақ, тағы басқа халықтарға ертеден
белгілі Алпамыс батыр жырын алсақ, оның әр тілдегі нұсқасының өзіндік
ұлттық сипаты, қасиет-ерекшеліктері бар екенін көреміз. Сан жылдар бойы
халық арасына кең тарап, халықпен бірге жасасып келген Алпамыс сияқты
эпикалық шығармалардың уақыт озған сайын шыңдалып отыруы, әдебиетте
халықтық, ұлттық сипаттар дараланып, дамыған сайын халықтық әдебиетке тән
дәстүр-ерекшекліктерімен біте қайнасып өңделе түсуі әбден заңды. Сондықтан,
осындай бірнеше халыққа ортақ шығармалдардың әр ұлттық нұсқасының өзіндік,
дербес құндылығы бар екендігін, басқа бір нұсқаның құр қайталамасы,
көлеңкесі ғана еместігін де ескеру керек.[1,65б]
Қазақ әдебиетінің көршілес шығыс халықтары әдебиетімен байланысын,
жақындығын көрсететін басқа да жәйттер, фактілер көп. Қырғыз халқының
орасан зор бітімді эпикалық жыры Манастың ішінде қазақ эпосында белгілі
Ер Көкше батырды кездестіреміз. Қырғыз, қазақ, өзбек, түркмен халықтарына
ортақ ертегілік сюжеттер мен образдар да мол. Түркмен және азербайжан
халықтарының ең бір таңдаулы эпикалық жыры Көрұғлы қазақ арасында да көп
тараған, халық үлкен ықыласпен ұйып тыңдайтын шығарманың бірі болған.
Сонымен бірге қазақ ішінде қытай, моңғол, үнді, араб, парсы сияқты
шығыс елдерінің ертедегі аңыздары, әңгімелері кең тарады. Бұлардың
қатарында араб халқының белгілі Мың бір түн, үнді елінің Тоты-намасы
сияқты дүние жүзіне белгілі әдебиет үлгілері, өте-мөте мол жайылған
нұсқалары қазақ арасына бір жағынан Орта Азия әдебиеті арқылы, Фирдоуси,
Навои, Низами және басқа ақындардың шығыстық сюжетке поэма, дастан етіп
жазған шығармалары арқылы кең жайылғанын айта кету керек.[2,156б]
Қазақ ішінде осы жолмен келіп тараған поэма-дастандардың қатарында Шах-
нама, Ләйлі-Мәжнүн, Таһир-Зуһра сияқты көптеген шығармалар бар.
Қазақ әдебиеті мен Орта Азия, татар мен азербайжан халықтарының және
басқа шығыс елдерінің әдебиетімен байланысы ХІХ ғасырдың екінші жартысында
өте-мөте кең өріс алды. Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Абай,
Ыбырай, Шоқан Орта Азия халаықтарының, сондай-ақ қытай, араб, үнді
халықтарының таңдаулы әдеби нұсқаларын халық арасына тарату, оларды қазақ
әдебиетінің қорына қосу ісіне үлкен мән берді. Шоқанның Манасты орыс
тіліне аудару ісін тұңғыш рет қолға алғаны, Абайдың шығыс тақырыптарына
Масғұт, Әзім, Ескендір сияқты әңгіме-өлең, поэмаларын шығаруы,
Ыбырайдың қытай, үнді, араб, парсы халықтары ертегі-әңгімелерінің сюжетіне
бірнеше әңгіме жазғаны- осылардың өзі-ақ қазақ ағартушыларының шығыс
әдебиетінің шынайы халықтық үлгілерін жоғары бағалағандығына айғақ бола
алады. Абай шығыс халықтарының ертегі-аңыздары, әңгімелері, халықтық
дастандары мен поэмаларын қазақ арасына мол таратумен бірге Орта Азияның
классикалық әдебиеті нұсқаларын, Фирдоуси, Навои, Низами шығармаларын
насихаттауға да ерекше зер салды. Шығыстық сюжетке шығармалар нысанасын
өзінше түсініп, ғибрат үшін айтуға жарарлық нәр іздеді. Олардың өзінің
творчестволық көрігінен өткізіп, ағартушылық, демократтық ой-пікірлерімен
ұштастырады. Сондықтан олар бастапқы түп нұсқасын өзгертіп басқаша бір реңк
алып та кетеді, өйткені ақынды шығарманың тек шығыс сарындас желісі
қанағаттандыра бермейді. Қисса, хикая жазған ақындардың кейбіреулері
фантастикаға толы аңыздарды әсірелей баяндап, ертегілік қиялды үстелеп,
қосарлап, адам нанғысыз етіп жіберетін де кездері болған.
Абайдың бұл сүрлеумен жүрмей, тың, жаңа бағыт ұстанғандығын Ескендір,
Әзім, Масғұт секілді поэмаларынан аңғаруға болады. Ескендір жайында
қазақ арасына да тараған түрлі аңыздар болғаны белгілі. Оны Ай мүйізді
Ескендір Зұлқарнайын деп қасиетті адамдар санатына қосушылық та болған.
Ескендірдің арнаулы шаштаразы болыпты-мыс, шаштаразы Ескендірдің мүйізі бар
екенін айтып қойып, жазаға кіріптар болып өліпті-міс дескен.[3,141б] Абай
өзінің шығармасында Ескендірді бір алуан жан, ерекше қасиет иесі есебінде
көрсетіп, пір тұтып жатпайды. Оның шығармасындағы Ескендір ашуы бар,
өкініші бар, жаза басуы, күдігі бар адам. Оның жауынгершілікке, атақ-
құмарлыққа салынып, көппен есептеспей, алдына жан шықпай кетуі ақынға
ұнамайды. Ол көп елдерді жаулап, өзіне бағындырып талан-таражға ұшыратқан
қаһарлы хан ретінде сипатталады, ол көпке дейін жаугершіліктен тиылмаған,
қашан кереметті іс көргенше, ақылға мойындамаған, найзаның ұшы, қылыштың
қырын жұмсап, жұрт билемек болған адам болып көрінеді.
Ескендір мен Аристотельдің тарихта болған адамдар екені мәлім. Абай сол
тарихи адамдардың іс-әрекетін өзінше бағалайды. Аристотель зор ақын иесі,
жаугершіліктен береке күтпеген адам болса, Ескендір адам қанны судай
ағызып, бейбіт елдерге күш көрсетіп, озбыршылықты қостаған:

Жазықсыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өктемдікпен қолына тартып апты.[4,54б]

Абай Ескендірді сөз ету арқылы өктемдерге, ел жаулауды құмартып, жаулық
сағынып тұратындарға деген ойын ашық айтқан, күш көрсетуді мадақ
көретіндердің адам баласына келтірер жақсылығы аз, олар өздерінің
бүліншілік ісіне мәз, сондықтан ондайлардың қауіпті ісінен сақ болу жөн
демек.
Масғұт поэмасында әйелдің қоғам өміріндегі орны ерекше зор бағаланып,
онда әйелді ардақтау, қасиеттеу идеясы уағыздалады.
Сөйтіп аңыз-әңгімелердегі баяндалған оқиғаға өз заманының тілек-талабы
тұрғысынан баға береді:

Сол заманда-ақ надандар шырыш бұзған,
Жалғанның дәмін бұзып қауіп қылғызған,
Ақыл мен мал екеуін асырай алмай,
Арашашы іздепті қатын, қыздан.
Ендігіге не сұрау бұл заманды?
Ақыл-ой ар-намыс жоқ еш адамда.
Өлген, мола, туған жер жібермейді,
Әйтпесе тұрмас едім осы маңда.[4,75б]

Ертегілік сюжетті Абай өзінің ғылым-білімге, еңбекке шақырған
ағартушылық ой-пікірлеріне жанастыра бағалап, өз заманының кертартпа
күштерін, жаңалыққа жол бермей отырған адамдарды сынау мақсатына сай
қолданады.
Абайдың ертегі, аңыздарды жаңғырта өңдей айтуды құнттағандығын
Әзімнен де байқаймыз. Шығарманың сюжетін қайдан алғандығы туралы Абай:

Бір сөзім Мың бір түннен оқып көрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген, - [4,57б]

Әзімнің сақталған желісіне қарағанда, бір сұмның Әзім сияқтылардың
талайын алдап, отқа итеріп, зұлымдылық істеп, пиғыл бұзғандығы, оның
өмірден жазасын тартқандығы көрсетілмек болған сияқты. Абай ертегіге өзінше
пікір қосып, оқиғаға қатысқан адамдардың ғибратты, ғибратсыз істерін
баяндамақ. Абай ертегіні тіпті өзгертіп жібермеген, өз тарапынан кейбір
қосымшалар енгізе отырған.

Бір іс қой әуелден-ақ ел салтында,
Орыс, неміс болса да, қай халқында.
Пайда деп тән саулыққа ішетұғын
Миуадан тартқан қамыр ас алдында,- [4,61б]

деген сөздер Мың бір түн ертегісінің нұсқасына тән емес. Бұл сөздер
ертегіні жаңғырта айтпақ болған Абай талабынан туған сияқты.
Бұл кезде шығыс әдебиетінің үлгілерін ел арасында тарату ісімен қисса
жазған кітаби ақындардың бір тобы да көп шұғылданды. Кітаби ақындар деп
аталып жүргендер – мұсылманша оқып, хат танып, шығармаларын кітаби тілмен
жазып, діни араб, парсы сөздерін орынсыз қолданған, сол сияқты татар
тілінің элементтерін сөзге көп кіргізген ақындар. Бұлардың ішінен шығыс
әдебиетінің нұсқаларын әңгіме-өлең, поэма-дастан етіп жазған, ел арасында
айтылып жүргендерін өзінше өңдеп, жинап бастырған Шәді Жәңгіров, Ақылбек
бин Сабал, Мәулекей, Жүсіпбек Шайхұлисламов сияқты бірнеше ақынды атауға
болады. Бұл ақындардың еңбегінің сөзсіз құндылығы – олар қазақ әдебиетінің
тақырыптық, сюжеттік арнасын кеңейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен
молықтыру ісіне себін тигізді. Алайда, олар шығыс әдебиетінің ең халықтық,
асыл нұсқаларын сұрыптап, талдап алу жағынан қарағанда, үнемі ойлаған
жерден шығып отырмайды. Мұның себебі – олар өздері дінге сенді, діни
қағидаларды уағыздауды міндет етті. Мысалы, Жүсіпбек секілді ақындар діни
сарындағы шығармаларды нәсихаттап таратуға күш салды. Дүние тануының
тараңдығы, көзқарастарында елеулі қайшылық барлығы олардың ақындық
қызметіне әсерін тигізбей қойған жоқ.[5,171б]
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Абай мұрасының шығысқа
қатысты зерттелу белгілерін танып білу әрекетін білімгерлерге Абайдың
шығысқа қатысы жайлы оның орны мен мағынасын түсіндіру, тереңірек
зерттелінген жәйіттерін ой-санасына жеткізу. Диссертациялық жұмысымның
екінші мақсаты - білімгерлердің ойлау қабілетін, адамгершілігін және жан-
жақтылығын жетілдіру.
Диссертациялық жұмысым Абайдың Шығыс пен Исламға қатысы жайында
танытқан профессор Мекемтас Мырзахметұлы ағайдың еңбектеріндегі Абайдың
Исламиятқа байланысты сөздерінің мағынасы мен мәні оның адам өміріне деген
қажеттілігі жөнінде.
Осы талаптың тұрғысынан қарағанда, қазақ халқының мәдениеті, тарихынан
елеулі орын алатыны және XIX ғасырдың ішінде, Шығыс пен Батыстың мәдени
өмірімен араласуы, өз мәдениетіміздің тарихындағы орнын белгілейтін оның
Ислам әлемінің және адамгершілік талғамының биіктігі, жан-жақты
ауқымдылығы, ол жұртымызға деген жемісті еңбегі.
Бұл мәселеде Абайдың шығысқа қарым-қатынасы жайында қалған мұралар -
салмағы, қадір-қасиеттері, шынайы мәнінде ғажайып туындыларында ол өзінің
Ислам дінінің сопылық жолын таныта алса керек. Тіпті, осы күнге дейін
Абайдың өзінің шығармаларында атап көрсеткен шығыстың ұлы классиктерінің
өнер иелері дәуірі ұсынған, өнердің барлық түрлерін игеріп, соның әрбір
салаларынан өздерінің талант күштерін көрсете білген табиғи талантты шығыс
ойшылдарына ақынның өзі де елеулі мән беріп отырғанында сөз жоқ.
М.Әуезов Абайдың шығыс классиктеріне қарым-қатынасын анықтағанда,
Абайдың Науаи, Низами, Фзулилер мен Қожа Ахмет Иассауидің Хикметі, Сопы
Аллаяр тәрізді ірі ақындардың суфизм әдебиетіне қатынасын өте терең
ажыратуы. Яғни суфизм поэзиясы өмірде тумай қойылмайтын адам бойындағы ең
қастерлі абзал қасиет - бақытқа жетудің жолы деген көзқарас тұрғысынан
жырлайды.
Сонымен, бұл тақырыпты нақты және анық мынадай әдебиеттерде
мәлімдеген: Абай және Шығыс, Абайтану тарихы М. Мырзахметұлы.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
негізгі бөлімнен, ал негізгі бөлім үш бөлімнен тұрады: Абай мұрасының
шығысқа қатынасының зерттелу жолы; Абайдың Исламиятқа қатысы; Қазақ
әдебиеті мен шығыс әдебиеті арасындағы үндестік. Сонан соң қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Абай мұрасының шығысқа қарым-қатынасының зерттелу жолы

Абай мұрасының рухани нәр алған қазыналы көздері жөнінде алғаш рет
ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, өз танымын батыл түрде ұсынып
дәлелдеген жазушы Мұхтар Әуезов болатын.
Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған үш бұлағы жайлы тұңғыш рет
тың пікірді М.Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянына арналған еңбегінің алғашқы
нұсқасында айтса, кейіннен 1934 жылы көп даярлықпен келіп жазған Абай
ақындығының айналасы деген ғылыми-теориялық мақаласында бұл ой-толғамдарын
нақтылы әрі кең тұрғыдан тұжырымдаған еді. Ал, бұл танымын одан әрі
тереңдете отырып, М.Әуезов ұлы ақынның жүз жылдық мерей тойына арналған
салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында Абай мұрасының рухани нәр алған
қазына көздерін ресми түрде түпкілікті таным ретінде баяндағанды. Жалпы
Абай мұрасының рухани көздері, әсіресе оның шығыстың рухани қазыналарымен
дәстүрлі байланысы туралы мақала-зерттеулердің ерекше көбірек жарық көрген
тұсы да осы кезең. Бірақ бұл кезеңде нақтылай ғылыми тұрғыдан зерттеп барып
пікір айтудан гөрі жалпылай дақпыртпен жазу, немесе насихаттық сипатта ой
айту басымдау түсіп жатты, өйткені оның да себептері бар еді.
1988 жылы жарық көрген Абайтану, Библиографиялық көрсеткіш атты
кітаптың Абай мұрасының шығыспен байланысы туралы бөліміне енген
материалдарынан Әуезовтың ақын мұрасының шығыстың рухани қазына көздерімен
қарым-қатынасын ашуға бірнеше мақала-зерттеулер жазуға қызу ат салысқанын
көруге болады. Бұл еңбектердің көпшілігі Абайдың шығыс классиктерімен әдеби-
шығармашылық байланысына арналса, санаулы зерттеушілер ғана Абайдың
философиялық дүние танымы мен исламиятқа қарым - қатынасын қамтыған.
Әрине Абай мұрасын зерттеуші әдебиетші қаламгерлер арасында абайтану
тарихында беталысы, бағыт-бағдары дұрыс көшелі ой танымдар айта білгендер
де, сондай-ақ тұрпайы социологиялық, компаративистік танымдағы ой-
пікірлерге ұрынғандары да болды, саясат шылауына шатысқандар Абайтану
бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі жасай бастады. Ал мұның өзі
Абайдың шығармашылығын қызу ат салыса зерттеуге ұмтылған ғалымдардың бет
алысын, бағыт-бағдарын тежей бастағаны, сөйтіп бұл игілікті, тарихи маңызы
зор істі бірнеше жылға кешеуілдеткені белгілі.
Сөйтіп, бұл кезеңде Абай мұрасының шығыстың рухани қазына көздеріне
әдеби-шығармашылық қарым-қатынасын жете танып білуге, тереңдей меңгеруге
қарсы елеулі кедергілер де орын ала бастады. Бір жағынан, зерттеушілердің
Абайдың ақындық кітапханасында қамтылған дерек-мағлұматтарды анықтап,
нақтылай оқып білуге араб, парсы, шағатай тілдерін жете білмеуінің үстіне
қазақ жазуының аз жылдар аралығында үш рет алмасып кетуі де, жас ұрпақтың
ертеде араб жазуымен басылым көрген деректер көзін оқып тану мүмкіндігінен
айырылуы көптеген қиындықтар туғызды. Екінші жағынан, алып қарағанда,
кедергінің ең басты себебі БКП(б)ОК-нің 1949 жылы арнайы саяси-идеологиялық
мақсат көздей отырып қабылдаған космополитизм туралы қаулысында жатты. Бұл
қаулы сырттай қарағанда отаншылдық, интернационалистік қалып танытатын, ал
ішкі мән-мағынасы жағынан алып қарағанда, онда ұсақ ұлттардың
тарихизердесін шайып, өткенінен қол үздіріп, бір ғана халықты мадақтап
дәріптеуге құрылған империялық зұлымдық ой бүркемеленіп жатты. Өйткені осы
аталмыш қаулы қабылданған күннен бастап-ақ шығыс мәдениетінің рухани
қазыналары жайлы азын-аулақ пікір білдірген, немесе азды-көпті мақала-
зерттеулер жазған қалам қайраткерлері қуғын-сүргінге түсіп, оларға орынсыз
саяси айып тағыла бастады. Тағылған кінәнің үлкені қалам қайраткерлерінің
ғылыми-шығармашылық іздену жолындағы ой толғаныстарында орын алған шығысқа
бас июшілік, яғни космополиттік идеяларда жатыр деген, тарихи шындықтан
алыс, жасанды саяси-идеялық айыптарда жатқан еді. Ал, Абайтану тарихында
ұлы ақын мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінің бірі ретінде шығыс
мәдениетімен, оның ұлы ой алыптарымен қарым- қатынасын зерттеп танып білу
процесі енді ғана әуже алып, нәрленіп келе жатқан кезде зерттеулік ойлар
бірден саябырлап, мәселеге бойлай еніп тереңдемей, үстүртік қалыпқа түсті.
Ал бұл аталмыш мәселеге ғылыми тұрғыдан назар аударып, тереңдей танып білу
бағытында ой-пікір айтуға талпыныс жасаған зерттеушілер қатаң айыпталып,
сынға ұшырай бастады. Мысалға алар болсақ, тіпті ертеде, 1934 жылы жазылған
Абай ақындығының айналасы деп аталатын мақаласында айтылған аталы пікірі
үшін М.Әуезов тағы да айыпталып қатты сынға ұшырады. Қапияда жол тауып
тығырықтан сырт айналып шығуға мәжбүр болған М.Әуезов менің айтып жүрген
шығысым советтік шығыс республикаларының классиктері болатынды деген сылтау
табуы да сол қаулыдан сескенгендіктен айтылған еді. Осы себепті, әсіресе,
Абайдың исламиятқа қатысын сөз еткенде өз сырын аша бермей ой-пікірінің
төркінін тезис түрінде ғана беріп, онда да Абайтану жөнінде жарияланбай
қалған қолжазбаларында қалдырып отырған.
Ал Абай дүниетанымының қалыптасу жолындағы рухани қайнарлары жайында
пікір айтқан тарихшы, философтар мен кейбір әдебиетшілер орыс, Европа
мәдениетінің Абай мұрасына әсері мен шығармашылық қарым-қатынасын жөнсіз
асыра көпіртіп көрсетіп, Абайдың шығыс мәдениетіне қатысы жөнінде мүлдем
сөз қозғамау себебі де космополитизм туралы қаулының саяси ызғарынан сырт
айналғандық болатын-ды.
...1960 жылдың көктемінде Ташкент қаласында Душанбеден келе жатқан
Мұхтар Әуезовті күтіп алғанымызда ұлы жазушымен оңаша әңгімелесу сәті
түскен еді. Әңгіме үстінде кандидаттық диссертация қорғау үшін Абай және
шығыс тақырыбына қызығып жүргенімді айтқанымда Мұқаң бұл тақырыпқа іш
тартпай әңгімені басқа арнаға бұрып жібергені бар еді. Мен пікірімді қайта
айтып, шығыспен қатты қызығатынымды қиыла сөз еткенімде:
- Пәлі, өзі қиын, өзі ауыр бұл тақырыпта сенің жолың бола қояр ма
екен... деп іште жатқан сырын ашпай, не құптау белгісін білдірмеген еді. Ол
кезде космополитизм туралы қаулының бүркемелі саяси астары жайында менің
ешқандай түсінігім жоқ болатын. Өмір сапырылысында не бір аумалы-төкпелі
саяси-әлеуметтік өзгерістерді бастан өткерген Мұқаң ол қаулының астарын
жақсы танып білсе де, ол танымын ашық айтуға болмайтынын менің
замандастарым сезіне бермепті.
Енді уақыт өтіп, қоғамдық санадағы көп ойлардың шындығы ашылып таныла
бастаған кезде ол қаулының алдамшы империялық шовинистік жасырын мақсат
көздеген қаулы екенін ұғына бастағандаймыз. Бір кездері мақтан көріп,
имандай ұйып сенген космополитизм туралы қаулының басты мақсатының бірі -
әсіресе түркі тілді халықтардың ғасырлар бойы шығыстың рухани қазыналарымен
тікелей қарым-қатынаста болып қалыптасқан тарихи жадынан қол үздіру, екі
аралықтағы рухани байланыстың көпірін бұзып, оның орнына тек қана орыстық
қылптағы рухани дүниені күштеп ендіруде жатыр екен. Осыдан келіп мектеп пен
жоғары оқу орындарында орыс мәдениеті мен ғылымы аспанға көтеріле
мадақталып, соған ғана табындыру жайлы дерек-мағлұматтардың басым болып
кету сыры да сол қаулыда жатыр. Тіпті шет ел әдебиеті тарихын оқығанда тек
Европа, Америка халықтарының әдебиеті тұтас әрі толық өтіліп, шығыс
халықтары әдебиеті туралы бір де дерек ендірмей, оқулық пен
бағдарламалардың үнсіз қалу сыры да осы құбылыспен ұштасып жатқан
евроцентристік танымның әсері екен. [6,24б]
Міне, аталмыш қаулының осындай астарлы әрі бүркемелі саяси мәнін
сезінген сергек ойлы зерттеушілер мен оған сын көзімен қарай алмай, алдамшы
саясаттың санасыз тұтқыны болған қоғамдық ғылымның көптеген өкілдері Абай
мұрасының шығыстың рухани қазына көздерімен байланысынан бой тартып, ол
құбылысты білмегендей қалып танытып, сырт айналып кетуінің бүдан өзге
себебі де жоқ еді.
Осыдан кейін-ақ Абай мұрасының шығысқа қатынасы жайлы зерттеулердің
кібіртіктеп, мақала-зерттеулердегі пікірлердің тереңге бой ұрмай, өкпедей
су бетінде қалқып, нақтылы ғылыми тұрғыдан сұғына зерттеуге астыртын
тосқауыл қоюдың сырлары да ашыла бастады.
Ата мұрамыз ойма жазуды арабшаға, араб жазуын латыншаға, латынша
жазуды кириллицаға алмастырудың саяси астарлы сырын танып білуді өте құпия
ұстап келді. Өйткені ойма жазуды арабтардың жазуымен алмастыру - исламиятты
орнықтырудың кілті болатынды. Түркі халықтарының тарихи жадын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізудің рухани көпірі ойма жазудың көзін жоймай халық санасында
исламияттың тұрақтанып орнығуы мүмкін емес еді. Бұл саяси құбылыстың мақсат
сырын ашар болсақ, түркі халқы он ғасырдан астам қолданып келген араб
жазуын кириллицаға алмастырудың саяси астарлы сыры әшкереленер еді. Яғни
мұндағы саяси- идеологиялық мақсат та ұрпақ пен ұрпақты ғасырлар бойы туған
халқының тарихи жадымен жалғастырып келе жатқан рухани көпірді үзуде
жататынды. Осы құпия сырды сездірмей, халық санасын тұмшалап ұстаудың
мақсатынан келіп, жалпы шығыстың рухани әлемінен, нақтылай айтсақ, шығыстың
рухани қазына көздеріне жалғастыратын ұлы бабаларымыз Әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұни, Махмұт Қашқари, Иассауи сынды ой алыптарының мұраларынан
біздерді шет ұстауды да мақсат тұтты.
Ал бұлардың мұраларын танып білмей Абай мұрасының шығыс мәдениетіне қатысын
жеке танып меңгерудің өзі қиынның қиыны болмақ.
Қызыл империяның ыдырауы ол ұстанған идеологиялық құрсанған мұзды
сеңнің бұзылуына алып келді. Яғни енді Абай мұрасының шығыс әлемімен қарым-
қатынасын жаңа таным тұрғысынан қайта қарап танып білу кезеңі туды.
Көпшілік оқырман назарына ұсынылып отырған Абай және Шығыс деп
аталатын бұл зерттеу еңбегімізде біз Абайдың шығыс әлеміне қарым-қатынасын
белгілі бір ғылыми жүйеге түсіре отырып өз ой танымымызды баяндадық.
Болашақта біз көтеріп отырған мәселе көптеген салаларга бөлініп, ғылыми
зерттеу нысанасына айналары анық, бүл іргелі де күрделі тақырып жан-жақты
дайындығы бар жаңа зерттеушілерді күтуде дегіміз келеді.
М.Әуезовтың Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы ғылыми зерттеулері
мен көркем шығармаларында жай қарағанда оншалықты аңдала бермейтін, бірақ
жітірек қарастырсақ. Атақты шығыс классиктері, ғұлама хакимдер мен
тарихшылар, көптеген шығыстық қисса-дастандар, тіпті мектеп-медіреседе
оқытылатын оқулықтар жайдан-жай атала бермегенін, оларда белгілі мығыналы
салмақ барын көреміз.
Абайдың медіреседе оқуы мен шығыс классиктері шығармаларымен танысуына
байланысты аталатын әр түрлі сарындағы көркем туындылардың бәрі де Абайдың
ақындық кітапханасының шығысқа қатынасының шама шарқын, көлемін біршама
анықтауға, ұлы ақын ізденістері мен рухани нәр тартқан шығыстық
қазыналардың шет-шегін айқындай түсуге қарай сұрыпталып отырады.
Абай шығармаларында елеулі дәрежеде орын алған шығыс пен шығармашылық
қарым-қатынас жөніндегі күрделі проблеманы , ғылыми тұрғыдан, толығырақ,
нақтырақ аша түсуде М.Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен
жайын анықтай түсудің жолдарын, берілу тәсілдерін қарастырған. Бұл жолда
зерттеуші, негізінен, Абай шығармаларында тікелей аталатын, немесе ; сөз
арасында жанама түрде болса да нақтылы деректер көзін сілтей кететін
кісілер мен бірлі - жарымды кітап аттары, немесе ақын ойының табиғатын
танытатын терминдік мәні бар сөздерге де тікелей сүйенген.
Шығыс мәдениетін тереңдеп оқып үйренуден, әрі оны шығармашылық жолмен
меңгеруден М.Әуезов шығыстық әр түрлі тілдерде жазылған түпнұсқаларды
Абайдың тіл жағынан дендей білу шамасын шындыққа сай көрсетеді. Себебі
тілді білу процесі тез арада бола қоятын оңай нәрсе емес. Шығыстық араб,
парсы, шағатай (ескі түркі) тілдерінде жазылған шығармаларды Абайдың оқып
үйрену, меңгеру жолын М.Әуезов: Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі
кітаптарымен қатар тілін қиналып түсінетін араб, парсы және олардан гөрі де
ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар, - деп жіктей көрсетеді. Бұл кезең
- Абайдың отыздан асып, жігіт ағасы болған шағы. Абай ақындық өнер жолына
шындап құлай берілгенге дейін оның рухани нәр алып сусындар бұлақтары,
негізінен, өзі туған халқы мен шығыс әлемінде жатқаны байқалады. Қазақ
қауымы орыс - европа мәдениетіне қолартқанға дейін қазақ ақындары жайлап
төстеген рухани өрісі, ең мықтағанда осы аталмыш екі рухани қазынамен
шектелетін.
а) Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы медіреседе
басталған. Шәкірт ақын ұлы классиктерге еліктеп, алғашқы өлеңдерін жазу
үстінде Фзули, Шамси, Сайхали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Хафиз аттарын тілге
алып, жеті ақын классиктен медет тілейді. Соңыра балаң еліктеу, өнер
салыстыру кезеңіне өткен соң да, шығыс поэзиясының жеті алыбын тереңдей
оқып, сынмен қарап шығармашылық тұрғыдан меңгеру үстінде толыға берген.
М.Әуезов Абай шығармаларындағы шығыстық белгілерді іздегенде осы
классиктерге мол аялдап, Абай және шығыс классиктері деген салада құнарлы
пікірлер айтып отырады. Соңыра олар жайлы арнаулы мақала немесе жоғары оқу
орындарында оқыған дәрістерінде осы мәселе төңірегінде пікірлер қозғап, тың
ойлар айтқан.
М. Әуезов шығыс классиктерімен қатар Абай заманында, мектеп-
медіреселерде қолданылған оқулықтар мен суфизм поэзиясының ірі өкілдері
Қожа Ахмет Иассауи, Сопы Аллаяр, Сүлеймен Бақырғани сияқты сопы ақындарды
да Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы мәселеге ендіріп, ғылыми
еңбектері мен Абай жолы эпопеясында қатар сөз етіп, пікір қозғап отырады.
Абайдың өзі 38-сөзінде Аллаяр сопының бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай, -
деген сөзін келтірсе, оның мән-мағынасын өлеңінде өзінше өзгертіп, жаңа
мағынада:

Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды , -

деп өлең жолына айналдырып та жібереді емес пе?
ә) Абай дәуіріндегі саяси-әлеуметтік, тарихи өзгерістерді терең барлап
зерттеген М.Әуезов сол дәуірде қазақ халқының рухани болмысында елеулі орын
алған Шығыс тарапынан ауысып-түйісіп келген әдеби шығармаларға, өзіндік
жанрлық сипат алған қисса-дастандарға да мейлінше мол назар аударған.
Абайдағы ақындық өнер жолының өсу, қалыптасу жолында шығыстық қисса-
дастандардың қазақ арасына жайылу, таралу процесімен байланыстыра қараған.
Өз білуі әрі Абай заманынан қалған саңлаулы қарттардың, ақынды қоршаған
әдеби ортаның білікті өкілдерімен әңгімелесу арқылы Абайдың ақындық
кітапханасының көлемі мен жайы жөніндегі шындықты мүмкіндігінше дәл беруге
ұмтылған. Бұл мәселені, әсіресе, Абай жолы эпопеясының ұзына бойында жиі
тілге алып, олардың Абай қолына қандай жолдар арқылы жеткенін, оларға
қатынасын сенімді де нақтылы деректермен аша түскен. Эпопеядағы Абай
маңындағы өнер иелері, әдеби орта өкілдері Көкбай және Мұқалар қазақ өлеңі,
әні шежіресімен айналысса, Баймағамбет европалық роман-әңгімелерді
насихаттауға бейім. Ақылбай, Мағауиялар дастан жанрына бет алса, Ысқақ бір
жағы Абай арқылы удайы араб, парсы хикаяларын жадына жиған жан, - ретінде
мол суреттелуі де жай нәрсе емес-ті. Себебі Шығыстық қисса- дастандардың
көбі, Абайдың айтуы бойынша, сол ортада молтаралып, өріс жайған. Осы
жөнінде М.Әуезов Абай мұрасының шығысқа қатысы жайлы зерттеулері мен
эпопеясында ерекше тоқталып, арнайы сөз ететін жерлері де жиі ұшырасады.

Кісі айтпаған сөз бар ма,

Тегіс ұғар қай құлақ?

Сөккенің оны ұнар ма,

Үйренген сөзге менде ортақ , -

деген ақынның ұрпақтан ұрпақ қуалап келе жатқан, ертеде ақын қиялынан
қайта туып қанат қаққан сезімшіл мөлдір махаббат, жомарт адамшылық, ерен
ерлік жайлы халықтың асыл мұрат-мақсаттары жырланған қисса-дастандарға
мейлінше қанығып өскен, тұлғасын көргендей боламыз. Тіпті, Мың бір түн
сюжетіне негізделген шығыстың нәзирагөйлік дәстүрімен дастан жазудың
классикалық үлгісі Абайда көрініс берді емес пе?
Бүкіл адамзат тарихының өткен-кеткен дәуіріне ой көзімен барлай
қарасақ, әр халықтың өз рухани қазынасын қорландыру, қалыптастыру жолында
ерекше орын алған көркем ой туындылары қарым-қатынассыз, алыс-беріссіз
томаға тұйық даму жолы болған емес. Жай мысал ретінде тілге алсақ, түркі
тілдес халықтардың батыс пен шығысты жалғастырып, қоян-қолтық қарым-
қатынасқа түсірудегі қозғаушы әрекеті сонау гундер заманында-ақ елеулі
қызмет атқарғаны ғылым тарихынан әйгілі нәрсе. Есте жоқ ескі дәуірде-ақ
бабаларымыз көне шығыстың көп халқымен әр қилы әлеуметтік тарихи жолдар
арқылы бірде жанама, бірде тікелей өзара рухани байланысын үзбей келген.
Шығыс әлемінде орын алған тарихи оқиғалар мен бірегей көркем ой
туындыларының қоғамдық санадан ғасырлар бойы орын алған іздері бүгінге
дейін белгі беруде. [7,183б]
XIX ғасырда Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент, Орынбор қалаларында түркі
тілді баспалардың жандануына байланысты қазақ әдебиеті тарихында Кітаби
ақындар деп аталып кеткен шайырлар тобы қисса-дастан жанрында өндіре
еңбектеніп жатты. Бұл қисса- дастандарда дүниетаным, ерлік пен ездік,
адамшылық, махаббат, сезім теңдігі сияқты қоғам өмірі қажетсінген ой-
пікірлер де мол көрініс тапты. Олар үнді, араб. Парсы, түркі халықтары
әдебиетіндегі аңыз, ертегі, хикая, қисса желісіне сай еркін аударма жасау,
нәзирагөйлік дәстүрімен жазу, сарын қосу, ақындық шабыт жарыстыру жолдары
арқылы қазақ топырағында туындай бастаған қисса-дастандар үлгісімен рухани
қазыналар қорын молықтыра түсті. Осы құбылысты жіті бақылаған М.Әуезов
шығыстық қисса-дастандар жазған ақындардың қазір 140 ақынның аты
анықталды, - деп көрсетуі жай айтыла салған сөз емес.
Шығыс классиктерінде, тіпті, суфизм поэзиясының өзінде махаббат,
сүйіспеншілік сезім жайлы астарында шартты ұғым басым эротикалық лирика деп
аталатын жырлары да алтын өзектей желі тартып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып,
таралып жатты.
б) М.Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы күрделі
мәселені анықтай түсу жолында кейде жанама түрде қатысы бар деректер көзін
де атап кетіп отырады. Ол Абай мұрасы жайлы ғылыми зерттеулері мен Абай
жолында ақын ойының рухани өрісіндегі іштей түлеп өсуді суреттеуде кейбір
жанама түрдегі деректерді арнайы атап көрсетіп отырады. 1945 жылдары
осындай жанама деректерге тікелей көңіл бөлінсе, соңғы жылдарындағы
зерттеулерінде де осы әрекеті өрістеп, оларды жаңадан талғап алып
қолданғаны жиі байқалады. Бұл, әсіресе, Абай өмірбаянын қайта жазып, өңдеу
үстінде, ақын мұрасы жайлы жасаған баяндамалары мен кейбір пікір таласы
кезінде сөйлеген сөздерінде ерекше сезіледі. Осы ойларының желісі дәл сол
қалпында қайталанбаса да, Абайдың Сабырбай ақынмен, Сүйіндікпен және Семей
руханиларымен пікір таластарын берген тұста көп деректер көзін өте сәтті
түрде аңғартып өткен.
1945 ж. М.Әуезов: Араб-Иран мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген
Абай: Рашид-ад-Дин, Мұхаммед Ғайдар, Бабыр, Әбілғази Баһадур хандай арғы-
бергі тарихшылар еңбегін де жақсы білген, - деп нақтылы түрдегі деректер
көзін атап көрсетсе, - Ертеден бергі Шығыс ғұламаларының көп еңбектерін
бертін уақыттарда да үнемі зерттеп отырған, - деп, жалпы тарих, философия
және мораль (ахлақ) философиясы саласындағы Абай ойының өріс қойнауларын
жалпылай атағанда да, Абай шығармалары нәр тартқан шығыстық белгілерді
іздей қалған кісіге адастырмас дәйекті де сенімді жолды нұсқап отыр.
[7,61б]
Абай өлеңдері мен қарасөздерінде өзекті желіге арналып, жүйелі түрде
таратылатын мораль философиясы жайлы ойларының төркіні шығыс ғұламалары
еңбектерін сынмен қарап, шығармашылықпен меңгерген өзіндік танымға, бүкіл
күресі мен арман-мүддесінің тетігіне айналдырған нравственная личность
(толық адам, камили инсани) жайлы көзқарасында жатыр. М.Әуезов тарапынан
берілген сілтеме деректерді еске алсақ, Абай шығармаларында белгілі
дәрежеде орын тепкен шығыстық арналы белгілерді тануға елеулі мәні бар. Бұл
сала әлі де зерттеуші назары түспеген, ешкім арнап қалам тартпаған, бірақ
ерекше даярлығы бар зерттеушіні күтіп отырған аса күрделі де соны тақырып.
Тек қана Абай мұрасының шығыстық белгілері ғана емес, жалпы ақынның нәр
алған рухани үш қайнар бұлағы терең зерттеліп, өз дәрежесінде жан - жақты
мол ашылмағаны көпке мәлім нәрсе.
Абай поэзиясындағы шығыстық белгілер жайындағы ауыр тақырыпқа
зерттеуші, әсіресе, 1934 жылдан бастап ерекше ден қоя бастады. Соңғы
жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектерінде бұл мәселеге қайта соғып, арнайы
айтылған пікірлері көптеп ұшырасады.
Бірінші кезең жас ақынның жиырма жасқа (яғни 1865 жылға) дейінгі өмір
кезеңін қамтиды. Мұны М.Әуезов шығыс классиктеріне таза еліктеу дәуірі деп
таныған. Бұл іспеттес пікір проф. Қ.Жұбанов тарапынан да осы жылдары
айтылған да еді. Бірақ Қ.Жұбанов Абайдың шағатай әдебиеті классиктерімен
арақатынасын, творчестволық әдеби байланысын 1865 жылдан ары қарай созудың,
яғни ақын поэзиясындағы шығыстық белгілерді қарастырудың қажеті жоқ деген
пікір білдіреді. Әрине, бұл арада мұны Абай поэзиясында шағатай
әдебиетіндегі суфизм поэзиясының мистикалық сарыны жоқтығын ескеріп барып
айтылған пікір екенін есте ұстау қажет.
М.Әуезов Абайдың жастық шағындағы үш өлеңін Иузи раушан, көзі
гауһар, Фзули, Шәмси, Сайхали, Әлифби өлеңін таза еліктеу, бірақ
шағатай әдебиетіндегі сопылық сарындағы эротикалық лирикадан мүлде бөлек
шығыстық белгілер деп таниды. Осы танымды соңыра С.Нұрышев Абай
ақындығының алғашқы кезеңі туралы мақаласында күдік тудырып, Абайдың
аталмыш үш өлеңін ғана емес, оның 1882 жылға дейінгі ақындық дәуірін, осы
жылдарда жазылған өлеңдерін бүтіндей тарихтан сызып тастауға дейін барды.
Ал М.Әуезов мұндай ғылымға жат қияс пікірге толы теріс көзқарасты қатты
сынап, ғылыми пікір таласын ортаға тастады, Абай мұрасының Шығысқа қатысы
жайлы өзіндік дербес танымын, ұстанған көзқарасын тағы да тереңдете түсіп,
осы жөнінде ойланып жүрген ой толғаныстарының төркінін кеңірек ашады.
Шығыс классиктеріне қарым-қатынасының алғашқы кезеңінде- ақ Абай
медіреседе шағатай әдебиетін оқып жүргеніне қарамай, осы жылдар аралығында
жазған өлеңдерінде сопылық поэзия сарынына бой алдырмайды. Суфизм
поэзиясында ғашықтық сезім-тәңіріге қосылудың жолы, пенделіктің
кәмалаттығына жетудің жолы деп жырланатын дәстүрлі сопылық пәлсапаға
соқпайды. Бірақ тіл шұбарлығы атой салып тұрса да:

Сүлейман, Ямшид, Искандәр
Ала алмас барша мүлкигә, -

деп, ғашықтық сезімді байлық пен биліктен де жоғары тұратын қастерлі сезім
деп танитын бала ақын, Науаи, Фзули, Сағди, Жами, Низами поэзиясындағы шын
өмірді жырлап, махаббат сезімін ардақтайтын саланы сағалайды. Абай
заманындағы мектеп- медіреселерде Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани,
Сопы Аллаяр шығармалары оқылатынын еске алсақ, сол оқу ордасынан шыға
отырып, өз поэзиясының өмірлік негізін адамшылықтан, махаббат сезімін
жырлаудан алатын ұлы классиктерді жағалауында белгілі бір себеп те жатса
керек.
Абайдың кейбір өлеңдерінде ұлы Науаи шығармаларының әсері айқынырақ
сезіледі. Тіпті Әлифби өлеңінде Абай ұстазы Әлішер Науаимен ақындық өнер
жарыстырғандай мінез де танытады. Науаи кейбір араб әрпін сұлу әйелге балай
суреттесе, Абай араб әрпін түгел қамтып, қыз бойындағы әсемдік көркіне
түгел жетіп, өзінше ақындық өнер, соны тапқырлық көрсеткендей шеберлік те
танытады.
М.Әуезов Абай шығармаларындағы шығыстық белгілердің ақынның бала
кезінен өмірінің соңына дейін желідей созылып арқау болғанын баса айтады.
Абайдың олармен қарым-қатынасына тоқтала келіп: Алдағы уақытта Абайдың
Науаи, Низами, Фзулилерге қарым- қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра
отырып, бұл қатынастардағы екі түрлі кезеңнің яғни: шығыс классиктеріне
еліктеген жастық шағы (1860-1865) мен Абай творчествосының марқайған
тұсындағы (1886-1890) негізгі айырмашылықты анықтау керек , - деп екі
дәуірге бөле қарайды. Екінші кезеңін 1886-1890 жылмен доғарады да, ары
қарай таратпайтыны бар. Бұлайша келте қалдырудың да белгілі бір себептері
болса керек. Бұл ойлануды, әрі қарай арнайы зерттелуді қажет ететін
тақырыптардың бірі.
Осы екі кезең аралығында (1860-1865, 1886-1890) Абайда өнер- ғылым мен
ақындық жолдағы шығыстық арна белгілердің өсу, толысу жолдары жатыр. Бірақ
ұзақ жылдарға созылған шығармашылық ой-пікірдегі кемелденудің ізін көруге
ақынның осы жылдар аралығында дүниеге келген шығармалары тұтас күйінде
бізге жетпей отыр. Бұл аралықта ақындық өнер жолындағы, дүниетанымындағы
рухани іштей дамып түлеу процесінің орын алмауы да мүмкін емес. Осы екі
кезең аралығы ақынның бір көз жазып қалған шығармашылық лабораториясы, яғни
өнер-білім мен шығармашылық жолдағы ой-өрісі, ақындық өнер жолындағы дамуы
Абай жолының алғашқы екі кітабында біршама берілген.
Бұл тұста Абай мектеп-медіреселерде үстем болған Қожа Ахмет Иассауи,
Сүлеймен Бақырғани, Сопы Аллаяр тәрізді суфизм сарынындағы ірі ақындармен
қатар, шығыс поэзиясының ұлы классиктері Низами, Науаи, Фзули, Сағди,
Хафиз, Фирдауси, Шамсилерді, шығыс қисса-дастандары мен ғұлама ғалымдарды
тесіле оқып, іштей түлеп, толысып келе жатқан ойшыл ақын тұлғасын көреміз.
Абай өз халқының мәдени мұрасын меңгеру жолында шығыс классиктері мен
суфизм поэзиясындағы ірі ақындарды оқығанда да сын көзімен екшей қарап,
шығармашылық тұрғыдан талғай білген.
Бірінші кезеңдегі Абайдың шығыс поэзиясынан іздену жолдары М.Әуезовтың
ғылыми еңбектерінде ғана арнайы сөз етіліп қоймай Абай жолында да: Ғашық
оты мағшұққа деген сарындар жетектей береді... Бабыр, Науаи, Аллаяр
сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, соларша бірдемелер
жазып кетеді , - деп Абай бойындағы ақындық шабыттың от алып, тұтанып
жатқан процесі тектен-тек суреттеліп отырған жоқ. Осы үзінді де М.Әуезов
арнайы назар аударып отырған Ғашық оты мағшұққа сарыны шығыс классиктері
мен сопылық поэзияда мол жырланған символикалы шарттылық рухы басым
эротикалық лирика деп аталатын махаббат сезімін тәңіріден келген құбылыс
ретінде мадақтай жырлайтын қос қыртысты сарынға негізделетін. Ғашық оты
мағшұққа сарыны, яғни сүйіспеншілік сезімі суфизм поэзиясының ірі
ақындарында тазарған жанмен иеңді танисың деген сопылық махаббат
пәлсапасын да тарататын. Яғни суфизм поэзиясы өмірде тумай қойылмайтын адам
бойындағы ең қастерлі абзал қасиет - махаббат сезімін өз танымдарының
негізі болған тәңіріге қосылу - бақытқа жетудің жолы деп білетін көзқарас
тұрғысынан жырлайды. Бұдан адамдағы махаббат, ғашықтық сезімдерін алланы
сүю сезіміне (бірінші сүю) айналдырылған сарын анық байқалады. Ол ғашық
сезімді перделі, тұманды, шартты түрде болса да өмірден туындайтын махаббат
сезімі ретінде жырлау шығыс классиктеріне тән құбылыс. Олар махаббат
сезімін бар билік, байлық атаулыдан жоғары қоя жырлайтын.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып М.Әуезов Абайдың шығыс классиктеріне
қарым-қатынасын анықтағанда: ... Абайдың Науаи, Низами, Фзулилермен Қожа
Ахмет Иассауидің Хикметі типтес мистикалық суфизм әдебиетіне қатынасын
өте қатаң түрде ажырату қажет, - деп Абайдың шығыс классиктері мен суфизм
әдебиетіне қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді терең зерттеп, жете ажырату
керектігін абайтанудағы елеулі міндеттердің бірі ретінде көтерді. [7,81б]
Шығыс классиктерінің бәрі де қоғамдық санадан өріс алып үстемдік еткен
суфизммен, суфизм әдебиетімен әр түрлі дәрежеде тікелей, жанама түрде болса
да байланысты болып келгені мәлім нәрсе. Бүл іспеттес рухани қарым-қатынас
шығыстың әрі ойшыл ақындарына тән құбылыс болуы себепті профессор Е.Э.
Бертельс: Өте сирек жағдайда болмаса, мұсылмандық шығыстың ірі
авторларының бәрі де дерліктей суфизммен қалайда байланысты бодған. Осы
әдебиеттермен таныспайынша, оларды түсінудің өзі қиын, - деп, көп жылғы
бақылаулары мен зерттеулеріне сүйене отырып, осы саладағы зерттеу ісімен
шұғылданатындар үшін табан тірер тірек беретіндей түбірлі пікір толғайды.
[7,64б]Осы тұрғыдан қарағанда Абай оқып, жастай танысқан, соңыра
творчестволық сыншыл талғаммен меңгере бастаған шағатай әдебиеті мен шығыс
классиктері түгелге жуық өз заманындағы суфизм ағымымен белгілі дәрежеде
қарым-қатынаста, әдеби шығармашылық байланыста болмағаны некен саяқ. Мысал
ретінде алар болсақ, Абай тонның ішкі бауындай жақын тартып, ұстаз тұтынған
Әлішер Науи шығармалары да ұлы классик пен суфизм әдебиеті арасында аса
күрделі байланыстың болғанын академик В.Захидов өз еңбегінің Науаи және
суфизм деген тарауында арнайы талдап өтеді.
Абай мен шығыс классиктері арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты
арнайы сөз еткенде, М.Әуезов жоғарыда көңіл бөлінген ерекшеліктерді ерте
көріп таныды. Абай шығармаларының табиғатын терең білуге даярлығы
жетерліктей болған М.Әуезов САГУ-дің аспирантурасында жүрген кезінде ғылыми
жетекшісі М.Ф.Гавриловтың арнайы тапсыруымен және нақтылы бақылауымен Қожа
Ахмет Иассауи, Науаи шығармаларын түпнұсқадан оқып танысты. Аналитикалық
тұрғыдан оқып үйренген шағында Абай шығармаларындағы шығыстық белгілермен
салыстыра отыруы талассыз нәрсе. Шағатай әдебиетімен жете танысып, оқып
үйренуі зерттеушіні өзі көптен бері шұғылданып жүрген Абай шығармаларымен
салыстыра оқу әрекетіне әкелген. Өйткені М.Әуезовтің Абай ақындығының
айналасы деген терең ғылыми танымы бар зерттеу мақаласында айтылған кесек
ойлар желісі жоғарыдағыдай зор даярлығы бар зерттеушінің ғана қаламынан
тумақ. Шағатай әдебитімен танысу арқылы М.Әуезовтің бай шығармаларындағы
шығыстық белгілердің бастау алар төркіндерін дәл атап, ондағы эротикалық
лирика табиғаты мен қарым-қатынасын саралап, абайтану саласында жаңа соны
пікірлер айта алды. Абай шығармаларындағы шығыстық белгілер табиғатын аша
түсуді мақсат еткенде, М.Әуезов өзі терең барлап оқыған шығыс классиктері
арқылы шағатай әдебиетіне мол орын алған суфизм сарынындағы поэзия
өкілдерімен 30 жылдар басындағы зерттеу еңбектерінде жанастыра қарауға
ұмтылуы негізсіз әрекет емес-ті.
Абай шығырмаларындағы шығыстық белгілерді шығыс классиктерінен
іздестіре бастағанда, оларды негізінен: а) Абайдың махаббат лирикасынан;
ә)дидактикалық өлеңдерінен; б) өсиет-үлгі сарындас өлеңдері мен, әсіресе,
қарасөздерінде жүйелі түрде өз танымын желілеп таратып отыратын толық адам
(нарвственная личность) жөніндегі ой-толғаныстарынан да жиі ұшыратамыз. Осы
шығыстық белгілерді өз алдына шартты түрде жіктей отырып, әр саланы өз
алдына сөз етер болсақ, тағы да М.Әуезов сілтеген сенімді бағыт-бағдар
жайлы өз оралымдарын еске алмай ізденудің өзі қиын.
а) Абайдың махаббат лирикасындағы шығыстық сарындар. Абай қаламынан
туған махаббат лирикасы XIX ғасырдағы жалпы шығыста теңдесі жоқ, шын
мәніндегі, европалық лирикалар деңгейіне көтерілген бірегей дүниелер.
Абайдағы Желсіз түнде жарық ай, Қызарып, сұрланып т.б. өлеңдері қандай
елдің мақтаулы, маңдай алды лирикасымен тең түспесе, кем түспес көркемдік
құдіретке ие.
Абайдың махаббат лирикасы түрінде жазылған өлеңдерінде шығыс
классиктерінің әсер, лебі барлығын, бірақ оларды ұлы ақын өзіндік төл
дүниеге айналдырып, өз демі, өз тәні етіп жіберген ақындық құдіретті
өнердің алдына жан салмас қуатын да сезінеміз. Көзімнің қарасы, Қор
болды жаным, Сен мені не етесің өлеңдерінде шығыс классиктері Науаи,
Сағди, Фзули, Хафиз поэзиясында, әсіресе шағатай ақындарында молырақ
дендеген, махаббат лирикалары көбірек толғанған Ғашық оты мағшұққа
сарынындағы өлеңдеріндегі ішкі мазмұнымен тоқайласатын ортақ белгілер де
көрініс береді. Мағшұқ сарыны эротикалық лирикада молырақ байқалса, шығыс
классиктері газелдерінде де орын алған-ды. Абайдың Қор болды жаным
өлеңіндегі таным, жырлау стилі де осылармен іліктесе жатқан дүние. Мұны
Абайдағы махаббат лирикаларының стильдік ізденістерінен де аңғара аламыз.
Жоғарыда аталған өлеңдердің бәрі де бір тақырыпта бас қосып, өздерінің шығу
төркінін көрсетіп, мен мұндалап тұрғандай. Тіпті, Абайдағы шығыстық белгі,
ондағы ішкі мазмұндағы шығыстық белгі, ондағы ішкі мазмұндағы ортақ таным
Көзімнің қарасы өлеңінде айрықша бой көрсетіп, дараланады да. Осы өлеңге
Абай ыстық сезіммен арнайы ән шығарып, бүкіл қазақ даласын әнмен тербеп,
мөлдір махаббат сезімін оята жыр төгуі де елеусіз қалдырар нәрсе емес.
Себебі Абай өз өлеңіне ән шығарғанда ол өлеңінің тың үлгі өрнегі бар,
тыңдаушы жанын толқытып көкірек көзіне құяр асыл нәрі бар деген бірегей
туындыларына ғана арнайтыны есте болар жағдайдың бірі.
Суфизм поэзиясында ежелден орын алып келе жатқан символикалық
шарттылық рухындағы эротикалық лириканы уақыт, замана жағдайына байланысты
өз пікірін өткізудегі жамылғы ретінде шығыс классиктері де пайдаланған.
Олар кейбір ғашықтық сезімді жырлаған газелдерінде екі тұрғыдан пайдалануға
жол берді: бірі өмірден туындайтын табиғи сүйіспеншілік сезімі де бірі -
теологиялық әдебиеттер мен санашыл философияда бірінші сүю деп аталатын
тәңірге ғашықтық. Абайдың 1902 жылы жазылған Алланың өз де рас, сөзі де
рас өлеңінде тілге алынатын осы күрделі үш сүю (имани гүл) жайлы ойларына
байланысты айтылатын Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті - дейтіні осы
бірінші сүюді айтуы. Осы бірінші сүю мәселесі Абайдың 27-сөзі мен Алла
деген сөз жеңіл өлеңінде де таратылған. Мұндай қос қыртысты, шартты
ұғымдағы эротикалық лирика - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Психикалық даму негіздері
Абай және орыс әдеебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері
СӨЙЛЕСІМ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК СӨЙЛЕСІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Шылау сөз
Пәндер