Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация



1 Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация
2 Әлеуметтік жіктелу
3 Жіктелудің аса мәлім функционалды теориясы
4 Меритократтық қоғам
5 Меншікке белгілі бір көзқарас
Белгілі социолог Р.В. Рывкина: "Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация (бөлшектеу) теориясының алар орны ерекше. Біз үшін әлеуметтік топтардың, олардың меншікті иелену жүйесінде, билік, табыс және бедел мәселесінде іс-әрекет ету методикасын анықтау өте қажет," – деп әділ атап көрсетеді. Шындығында әлеуметтік стратификация әлем университеттерінің көпшілігінде танып білудің басты тақырыптарының бірі, ал, социологтардың зерттеу саласында талдаудың бстау алар нүктесі іспеттес. Оған қоса тараудың аталуындағы оқырмандарға кең көлемде таныс әрі үйреншікті болған әлеуметтік құрылым терминін пайдаланып отырмыз. Әрине, бұл социологтардың, сонымен бірге тарихшылардың, этнографтар мен экономистердің арасында да әлеуметтік стратификацияның әр түрлі теориялары - әлеуметтік құрылым жөнінде қалыптасқан пікірлердің орталық буыны екенін жоққа шығармайды.
Әлеуметтік құрылым айқындамасының жете қарастырылғаны оның функционализм ауқымында зерттелуі болып табылады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, функционалистердің әлеуметтік құрылымға қатысы ортақ көзқарасы функционалистік теорияның жалпы шарттарына сай түсінікті болуы ықтимал.
Кез-келген функционалист үшін қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның әлеуметтік дифференциялау түсініктемесі мынандай бір жорамалдан басталады. Аксиома орнына кез келген қағамға сай кейбір базалық қажеттіліктерді Т. Парсонс функционалды пререквизит деп атаған. Егер осы базалық қажеттіліктер өтелмесе, онда мұндай қоғам құруы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік стртификацияны әлеуметтік жіктелу деп дәл аударып, ол да базалық қажеттілікті өтеуі тиіс. Функцоналистер кез келген қоғам белгілі дәрежеде интеграциялануы, яғни жүйенің әр түрлі бөлімдері бір – бірімен байланысты болуы тиіс дейді. Дәл осы әлеуметтік жіктелу олардың ойынша, қоғамның интеграциялану қызметін іске асырады. Ал, бір жағынан кез келген қоғамда тәртіп пен қалыпты жағдайдың белгілі бір деңгейде болуы қажеттіақ. Әлеуметтік жіктелу де осы тәртіпті ұстап тұруға жағдай тудырады.
Функционализм ауқымында әлеуметтік жіктелу теориясы Т.Парсонс, К.Дэвис, У.Мура, М.Гумина және М.Юнгтың есімдерімен байланысты.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Белгілі социолог Р.В. Рывкина: "Талдау құралдарының әдістемелік және
теориялық құрамында әлеуметтік стратификация (бөлшектеу) теориясының алар
орны ерекше. Біз үшін әлеуметтік топтардың, олардың меншікті иелену
жүйесінде, билік, табыс және бедел мәселесінде іс-әрекет ету методикасын
анықтау өте қажет," – деп әділ атап көрсетеді. Шындығында әлеуметтік
стратификация әлем университеттерінің көпшілігінде танып білудің басты
тақырыптарының бірі, ал, социологтардың зерттеу саласында талдаудың бстау
алар нүктесі іспеттес. Оған қоса тараудың аталуындағы оқырмандарға кең
көлемде таныс әрі үйреншікті болған әлеуметтік құрылым терминін пайдаланып
отырмыз. Әрине, бұл социологтардың, сонымен бірге тарихшылардың,
этнографтар мен экономистердің арасында да әлеуметтік стратификацияның әр
түрлі теориялары - әлеуметтік құрылым жөнінде қалыптасқан пікірлердің
орталық буыны екенін жоққа шығармайды.
Әлеуметтік құрылым айқындамасының жете қарастырылғаны оның функционализм
ауқымында зерттелуі болып табылады. Жоғарыда атап көрсетілгендей,
функционалистердің әлеуметтік құрылымға қатысы ортақ көзқарасы
функционалистік теорияның жалпы шарттарына сай түсінікті болуы ықтимал.
Кез-келген функционалист үшін қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның
әлеуметтік дифференциялау түсініктемесі мынандай бір жорамалдан басталады.
Аксиома орнына кез келген қағамға сай кейбір базалық қажеттіліктерді Т.
Парсонс функционалды пререквизит деп атаған. Егер осы базалық қажеттіліктер
өтелмесе, онда мұндай қоғам құруы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік
стртификацияны әлеуметтік жіктелу деп дәл аударып, ол да базалық
қажеттілікті өтеуі тиіс. Функцоналистер кез келген қоғам белгілі дәрежеде
интеграциялануы, яғни жүйенің әр түрлі бөлімдері бір – бірімен байланысты
болуы тиіс дейді. Дәл осы әлеуметтік жіктелу олардың ойынша, қоғамның
интеграциялану қызметін іске асырады. Ал, бір жағынан кез келген қоғамда
тәртіп пен қалыпты жағдайдың белгілі бір деңгейде болуы қажеттіақ.
Әлеуметтік жіктелу де осы тәртіпті ұстап тұруға жағдай тудырады.
Функционализм ауқымында әлеуметтік жіктелу теориясы Т.Парсонс, К.Дэвис,
У.Мура, М.Гумина және М.Юнгтың есімдерімен байланысты.
Т.Парсонс әлеуметтік жүйедей тәртіп пен қалыпты жағдай моральдық татулық
немесе мәмілеге келушілік шартымен байланысты болады деген пікір айтып
өткен. Басқаша айтқанда, қоғам мүшелерінің арасында негізгі құндылықтарға
орай келісім бар. Парсонс әлеуметтік стратификация құндылықтар жүйесінен
туындап отырады дейді.
Әлеуметтік жіктелу жалпы құндылықтар жүйесіне сай болатын әлеуметтік
жүйенің бірліктерін ретке келтіру тұрғысында көзделеді. Кімде-кім осы
қоғамда үстем болып отырған құндылықтар тұрғысында сәтті әрекет етсе, ол
соған сай беделге ие болады. Мысалы, егер қоғамда интеллектуалдық санадағы
еңбек жоғары бағаланса, онда ғалымдар мәртебесінің жоғары боларына кепілдік
бар. Егер қоғамда экономикалық қызметке көп көңіл бөлінсе онда мекеме
басшылары жоғары мәртебеге ие болары анық. Осы пікірге орай, әлеуметтік
жіктелу барлық қоғамға тән қасиет. Егер белгілі бір моральдық мәміле кез
келген қоғамға шартты қажеттілік тудырса, онда белгілі стратификация әр
кез индивидтерді жалпы құндылықтарға сай реттеу салдары тұрғысында пайда
болмақ. Оның есесіне әлеуметтік жіктелу жалпы құндылықтардың көрінісі,
сондықтан қоғамның көптеген мүшелері әлеуметтік жіктелу дұрыс және әділ
екендігіне сенімді.
Парсонс қоғамдағы әлеуметтік топтардың өзара байланысын ынтымақтасу және
озар тәуелділік ретінде қарастырады. Әсіресе, қазіргі дамыған
қоғамдастықтарда әр түрлі топтар белгілі бір қызметтің түріне
мамандандырылған. Қазіргі қоғамның бірде бір тобы өзін-өзі толықтыра
алмайды, яғни өз мүшелерінің қажеттіліктерін дербес өтей алмайды. Демек,
әлеуметтік топтар арасында өзара қызмет алмасуы объективті түрде пайда
болады. Сондықтан қоғамда атқарушы және ұйымдастырушы қызмет, топтар
арасында иерархия орнайды. Парсонс өсіп өніп отырған ұйым қазіргі қоғамның
принципті сипаты деп атап көрсеткен.
Ол ұйым әрқашан білікті орталықтандыру және диференциациялаумен
байланысты болады. Демек, басқа топтардың қызметін ұйымдастыруға жауапты
болатын топтар жоғары мәртебеге ие болады.
Мұнда Парсонстың мәдени мәміледен теңсіздік шығарып отырған сыңайы бар.
Билік заңдастырылған бедел ретінде, яғни негізінен қабылданады. Парсонстың
пікіріне орай, билік басында тұрған топтар жалпы мүддеге жету үшін оны
пайдаланады. Парсонс жіктелуді қайталанбас құбылыс ретінде қарастырады.
Өйткені, ол құндылықтар ауқымында туындаған. Алайда ол тек қана қажеттілік
емес, сонымен бірге пайдалы да. Әлеуметтік жіктелудің пайдалылығы немесе
функционалдылығы оның қоғамның әр түрлі бөлігін интеграцияландыруында,
біріктіруінде. Белгілі бір әлеуметтік саты, әлеуметтік теңсіздік болмаса
қоғам мүшелерінің тиімді түрде ынтымақтасуын ұйымдастыру мүмкін емес.
Бұл әлеуметтік жіктелудің функционализм ауқымында зерттелген бірден-бір
айқындмаларының бірі ретінде әр жылдарда жіберген кемшіліктері өткір
сыналған болатын. Бірақ, ол ғылымға жақынырақ айқындамаларды зерттеу үшін
негіз болғанын мойындау керек.
Жіктелудің аса мәлім функционалды теориясы ең алғаш рет екінші дүние
жүзілік соғыс біткен жылы Америка социологтары Кингсли Дэвис пен Уилберт
Мурдың "Некоторые принципы стратификации" деген мақаласында жарияланған
еді. Олар кез – келген әлеуметтік жүйенің базалық қажеттілікке иек
артатынын негізге алады. Осындай базалық қажеттіліктердің бірі - әлеуметтік
рольдерді тиімді түрде бөліп беру деп аталады. Америка социологтары бұнымен
не айтқысы келді? Олардың көзқарасын төрт тезис арқылы көрсетуге болады:
1. Барлық әлеуметтік позициялар осы бір қоғамда толықтырылуы тиіс.
2. Олар оны бәрінен де өте жақсы іске асыра алатындармен қамтамасыз
етілуі керек.
3. Кез келген әлеуметтік рольді сапалы түрде іске асыру үшін арнайы
дайындық қажет етіледі.
4. Әлеуметтік рольдерді осы қоғамның адамдары саналы түрде орындауы
қажет.
Дэвис пен Мур өздерінің көзқарастарын дамыта отырып барлық қоғамдар
әлеуметтік рольдерді тиімді бөліп беретін және оны жүзеге асыратын
механизмді қажет ететіндігін атап көрсеткен. Нақ осы механизм әлеуметтік
жіктелудің өзі болып табылады, яғни қоғамдағы тепе-тең әлеуметтік
жағдайда, басым сый-сияпатты бекіте түсетін, яғни әлеуметтік әркелкілік
жүйесі.
Американ зерттеушілерінің дәйектемелерін логикадағы қарсылықтылық
дәлелі әдісімен көрсетіп беруге болады. Егер адамдар мен әлеуметтік
бейнелердің көзқарастарында кейбір нақтылы жағдайда әркелкілік болмаса
қоғамда да ешқандай әлеуметтік бейнелердің де бір – біріне мүлде
ұқсамайтындығында. Адамдар, біріншіден табиғи қабілеті жағынан, екіншіден,
қоғамда алатын орны жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Кейбір әлеуметтік бағыттар функционалды жағынан қоғам үшін өте маңызды.
Оны тиімді жұмсау үшін кәсіби біліктілік қажет. Әлеуметтік жіктелудің аса
маңызды қызметі - қызметі жағынан маңызды бағыттарға сай келетін
адамдарды таңдау. Оған сол бағытты ұстап тұрғандарға мейлінше көп сый –
сияпат көрсету арқылы жетуге болады. Осы мақсатқа жету жолында адамдар
арасында жүретін күрес әлеуметтік орындарды тиімді түрде бөліп беруге
себепкер болуы тиіс.
Функционалды жағынан аса маңызды бағыттарды иемденген топтардың өз
міндеттерін аса зор жауапкершілікпен орындауы қажеттігін айта кету керек.
Дэвис пен Мурдың пікірінше, аса маңызды әлеуметтік көзқарастар қоғамда
дайындығы өте жоғары адамдармен толықтырылып отырады. Бұл әлеуметтік
жіктелудің мәні.
Осы зерттеушілер өздерінің айқындамасындағы қиындық пен ең әлсіз буын
қоғам үшін әлеуметтік бағыттың иерархиясының маңыздылығын айқындайтын
қолайлы дәйектеме табу екендігін саналы түрде түсінді. Аса бағалы
бағыттардың көптеген жағдайда қызмет қырынан қарағанда маңызды болуы
міндетті емес екендігі шынай факт. Әр түрлі қоғамдастықтардың тарихи
дарынсыз адамдар иеленген синекуралдардың болғандығын көрсетеді. Әрине,
бұл ден қоятын проблема. Дэвис пен Мур оны әлеуметтік бағыттың
функционалды маңызын өлшеудің екі тәсілін ұсыну арқылы шешуге талпынды.
Өлшеудің бірінші тәсілі қандай да бір бағыттың функционалдық ғажаптағы
деңгейімен байланысты. Ол бағыттардың ғажаптығы сонда, олардың қызметін
басқа әлеуметтік бағыттар орындай алмайды. Кез келген қоғамда осындай
ғажап бағыттардың орын алуы ешкімді таңқалдырмас. Мұндай топтардың
қатарына дін қызметкерлерге немесе академиялық элита сияқты ең жоғарғы
топтағылар жатады. Өлшеудің екінші тәсілі басқа әлеуметтік бағыттардың
осы әлеуметтік бағытқа қаншалықты тәуелді болуына байланысты. Басқару және
атқару қызметінің ара қатынасы туралы сөз ете келе басқару қызметінің
функционалды мәні зор екендігі талас тудырмайтынын айта кету керек.
Иә, Дэвис пен мурдың көзқарасын осынау келте айтылған бірнеше пікірмен
шектей салуға болмайды. Алайда, ол біздің пікірімізше, жіктелудің осы
үлгісінің аса қажетті тұсы. Бұл көзқарас марксистер және интеракционистер
және де фукционализм ауқымының өзінде өткір сынға алынды. Мұнда М.Гомин
тарапынан болған сын сөз етіліп отыр. Ол осы айқындамада ең бастысы - әр
түрлі әлеуметтік бағыттардың функционалды маңыздылығын өлшейтін обьективті
құралдардың бар екендігі дәлелденбеген деп санайды. Ең басты кемшілік
биліктің іргелі факторын жоққа шығару. Әр түрлі әлеуметтік топтарда еңбек
көлемі мен олардың мәртебесінің әркелкі болуына олар иемденген бағыттардың
функционалдық мңызындағы айырмашылықтармен емес, саяси және экономикалық
шешімдерді қабылдау процестеріне әсер ете алу айырмашылықтарымен көрініс
табуда.
Оның есесіне қоғамның әлеуметтік құрылымы дайындығы жоғарырақ жеке
адамдардың өсіп шығуына кедергі бола, жолды бөгейді. Әр түрлі кәсіби
топтар осы кәсіпкерлер қатарына енуіне деген талпынысты тежейтін әр түрлі
амал – айлалар қолданатын болады. Асылы, мұндай жағдай сол топқа ерекше
орынға ие болуға мүмкіндіктер ашады. Әрине, қоғамда аса маңызды бағыттады
иемденіп отырған кәсіпкер топтарға айрықша сүзгілер мен қатал кедергілер
тән. Көптеген капиталистік елдерде юристік және кейбір медициналық
мамандықтар жоғары бағаланады. Бұл топтар аса күрделі әрекеттерді іске
асырады, оған ілесу қиынға соғады. Біздің елімізде ғылыми кадрларды
іріктеудегі өте иерархиялық жүйенің пайда болуы қоғамдағы жоғары
орындарға, элитарлық топтарға қосылуды қиындататын әдіс деп айтудың жөні
бар.
Әлеуметтік жіктелу әлеуметтік жүйелерді интеграциялауға қатысады
дегеннің өзін әлеуметтік аңызға жатқызуға болады. Керісінше, әлеуметтік
әркелкілік, әлеуметтік теңсіздік, әлеуметтік жанжалдық жүйенің ыдырауына
әкеліп тірейді. Оның үстіне ыдырау бағытының етек алуына тек қана
әлеуметтік теңсіздіктің объективті көрсеткіштері емес, сонымен бірге
субъективті факторлар да әсер етеді. Төменгі топтың қанағаттанбауы
әлеуметтік жүйеде барлық топтар үшін зиян тигізетін иррационалдық
әрекеттердің көрініс алуына әкеліп соқтырады.
Британ социологі М.Юнг өз еңбегінде функциональды келешектің ішкі
әлсіздігін танытып, оны түбіне жеткізе сынайды. Жіктелудің функционалды
теориясының идеалы ретінде толық меритократтық қоғам қарастырылады.
Меритократтық қоғам дегеніміз барлық әлеуметтік бағыттар, дәулет, мәртебе
жеке адамдардың сіңірген еңбегіне сай бөлініп берілетін қоғам.
Меритократтық идеал әр түрлі формада социологиялық теорияларда, оның
ішінде мрксизмде де кездеседі. Алайда, функционалистер үшін
меритократиялық үлгі қоғамның әлеуметтік құрылымына сай етіп құрастырғанда
өте мәнді болып келеді. Бірақ толық меритократтық қоғам қоғамдағы
әлеуметтік интеграцияның болуына кепілдік бере алмайды. Бұл төменгі
әлеуметтік топ мүшелерінің азғындауымен байланысты болады. Егер жіктелудің
бұрынғы жүйелерінде олар бағыттардың әділ бөлінбеуіне орай шағымдана
алатын болса, енді меритократтық қоғамда олар мұндай мүмкіндіктен
айырылады, өйткені қоғам жеке адамдар мен әлеуметтік топтар тұрмыс
проблемаларында өздері кінәлі деп үйретеді. Сондықтан да олардың
бұрынғысынан да азғындай түсу проблемасы туындайтын болады. Бір жағынан
кез келген меритократтық қоғамда жоғары топтар қалыптасқан әлеуметтік
құрылымдардың сақталып қалуын қатаң қадағалайды. Өйткені, сол қалыптасқан
әлеуметтік тәртіпке орай келісім бар.
Міне, нәтижесінде жоғары және төменгі әлеуметтік топтар арсында өткір
шиеленістер пайда болады. Соның салдарынан меритократтық принциптерге
құрылған қоғам нашар интеграциялануы ықтимал. Сондықтан мұндай қоғамда
қалыпты жағдай мен тәртіптің орнауын күту ағаттық болар еді.
Егер функционализм ауқымында әлеуметтік жіктелу функционалдық
пайдалылық, әлеуметтік интеграция, мәдени бірлік секілді терминдерде
талданатын болса, онда әлеуметтік құрылымды зерттейтін неміс социологы
Мокс Вебердің есімімен аталатын веберналдық мектебі мүлде басқа тәсілді
және басқа өлшемді ұсынады.
М.Вебер әлеуметтік құрылымды билікті бөліп беру тұрғысынан қарастырады.
Ол көп жағдайда К.Маркстің тап жөніндегі айқындамасымен келісетін болған.
Вебер де Маркс секілді жұмысшы табы капитал арсындағы қарама-қайшылық
қоғамның ішкі қасиетінен туындайтындығына, яғни капитализмнің өзінен
бастау алатындығына сендірді.
Алайда, Маркске қарағанда Вебер ресурстарды бөліп беруден туындаған
жанжал – кез келген қоғамға тән қасиет деп санады. Мәселе басқада.
Әлеуметтік құрылымға жіктелудің меншіктен басқа да критерийлері бар.
Мысалы, бюрократия шын мәнінде өндіріс жабдықтарына иелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат философиясы
Әлеуметтану
Әлеуметтік философия
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы
Тарихи әлеуметтану
Әлеуметтанудың даму тарихы
XIX –XX ғасырлардағы әлеуметтанушылардың көзқарастары
Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер